ӘДЕБИ ЖАНРЛАР АНЫҚТАМАСЫ


Әдебиет жанрлары, оларды оқыту жолдары мен әдістері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ӘДЕБИ ЖАНРЛАР АНЫҚТАМАСЫ
1. 1. Жанр формалары . . . 5
1. 2. М. М. Бахтиннің жанрлық тұжырымдамасы . . . 7
1. 3Шығарманың жанры және ішкі диалогтылығы . . . 10
2. ШЫҒАРМА ЖАНРЛАРЫН САБАҚТА ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУ БАРЫСЫ
2. 1. Шығарманың жанры мен құрылымы . . . 15
2. 2. Әдебиеттану ғылымының тарихындағы жанрлар . . . 20
2. 3. Қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанрларды оқыту әдістері . . . 25
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 35
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс өзектілігі: Әдебиеттану ғылымының тарихындағы жанрлар мәселесін қарастыру. Әдеби жанрлар (фр. genre - түр, тек, жанр) - ауызша және жазбаша шығармалардың көркем даму процесінде қалыптасады. Шығарма жанры дәстүрлі түрде мынадай негізгі белгісі бойынша анықталады - бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне қарай.
Көркем шығарманы кеңінен танып білу жанрлар сериясын тудырады. Атап айтар болсақ, тарихи, отбасылық-тұрмыстық, детективтік, ғылыми-фантастикалық және т. б. келтіруге болады. Мұның барлығы көркем шығарманы кеңінен таңып білудің жемісі. Шығарманың танымдық мазмұны көбінесе романның, повестің және әңгіменің немесе пьеса мен көріністің, өлеңнің жеке немесе топтық портреттің жанрлық ерекшеліктерін айқындайды. Суреткердің идеялық-психологиялық бағалау ұстанымы апологиялық және сырттай объективті, ирониялық болуы мүмкін болғандықтан, бірқатар жанр түрлері туындайды. Оларға тоқталар болсақ, әдебиеттегі ода - баллада - эпиграмма - памфлет осының нәтижесі. Сонымен қатар, олардың әрқайсысында өнердің басқа түрлеріне қарағанда жанрлық мүшелену қатынасында өзгешелік бар, яғни өнердің түрі (мысалы, фольклорлық поэзия және әдебиет, поэзия және проза) мен тегіне (мысалы, әдебиеттегі эпос, лирика, драма) қарай бөлінісінде. Көркем шығарма дифференциясындағы олардың қарым-қатынасын зерделеу тұйыққа тірелуде. Өйткені, «Жанр», «Түр», «Тек», «Әр түрлілік» терминдері осыған байланысты нақты анықтамасын тапқан жоқ. Осының салдарынан, оларды қолданыста бірінің орнына бірін пайдалану жалғасуда.
Қайта өрлеу дәуірі тұсындағы өнер жанрлар арасындағы нақты демаркациялық шекара жоқ; XVII - XVIII ғасырлардағы классицизм эстетикасы жалпы иерархиялық жанрлар жүйесіндегі әр жанрдың тазалығын қамтамасыз ететін қатаң тәртіп орнатты. Сол уақытта Францияда «жанр» ұғымы қолданысқа енді; XIX ғасырда жанрлардың өзара әрекеттестік процесі қайта оралды. Олардың қосылып кетуі, тоғысуы, қатаң белгіленген шекараның бұзылуы басталды. Кейбір қазіргі заманғы теоретиктер жанр дифференциясы тіптен ескірген деп жанр мәселесін алға қоюдың қажеті жоқ деп есептейді.
Курстық жұмыстын зерттеу базасы: Әдебиет теориясын және жанрларын оқытудын орта сыныптағы әдісі.
Курстық жұмыс мақсаты: Әдеби жанрлардың анықтамасын және қолдану жолдарын нақты зерттеу.
Курстық жұмыс міндеті: Шығарма жанрларын сабақта оқыту әдістері мен тәсілдерін қолдану барысы.
-Шығарманың жанры мен құрылымы;
-Әдебиеттану ғылымының тарихындағы жанрлар;
-Қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанрларды оқыту әдістері.
Шығарманы сипаттау үшін оның мазмұнының жанрлық ерекшеліктері маңызды. Бұған байланысты ұғымдар Г. Гегельдің «Эстетика» еңбегінде, А. Н. Веселовскидің «Исторической поэтике» шығармасында және басқа да ғалымдардың еңбектерінде қамтылды. Эпикалық, драматургиялық, лирикалық және лиро-эпикалық сияқты жанрлық топтар ерекшеленген. Осындай топтардың әрқайсысының шегінде шығарма әдеби тегі, өлеңдік және прозалық формасы және соңғысы, өзінің көлемі бойынша ажыратыла алады.
1. ӘДЕБИ ЖАНРЛАР АНЫҚТАМАСЫ
1. 1. Жанр формалары
Көне әдебиеттің жанрлық жүйесі күрделілігімен және көп тармақтылығымен ерекшеленеді. Жаңа заман әдебиетімен салыстырып қарар болсақ, тұрақтылығымен сипатталады. Кешірек, қоғамның дамуы, өзінің жанрларымен бірге әдебиеттің де дамуы жылдамырақ бола бастады. Әдеби бағыттың туындауымен бірге жанр жүйесі белсенді түрде теориялық мағына мен негіздеме берудің нысанасына айналды. Осылайша, классицизм поэтикасы болып жоғарғы, ортаңғы және төменгі жанрлар ерекшеленді. Жанр жазушылар немесе ақындар міндетті түрде сақтауы керек регламенттелген жалғыз норма сияқты ұғынылды. Бұдан әрі классицизм жанрларының рационалистік жүйесін сентименталистер мен романтиктер бұзды. Олар шығармашылық бостандығын «тәртіптерден» жоғары бағалап, қарсы шықты. Романтизм классицизмге керағар жанрлар тудырды. Ол адамның ішкі көңіл-күйін, сезімін тереңірек ашып алдыңғы қатарға шығарды. Классицизм дәуірінде орын алмаған адамның ішкі сыры, терең сезімі, жеке тұлғаның ішкі уайым-қайғысы, қуанышы, яки адами қасиеттер сентиментализм тұсында алдыңғы орынға шықты. Сентименталистер шығармалары классицистік мадақ жырын, батырлық поэмаларды, трагедия, поэмаларды ысырып, ішкі сырды бейнелейтін эллегия, баллада, лиро-эпикалық романтикалық поэмаларға жол ашты. Әр автор жанр түрлерін әр түрлі жүйелендірді.
Әдебиеттану ғылымында біз әдетте, әр автордың қаламының ұшқырлығы, жазу шеберлігі өзінше дара, өркештеніп тұрады, бір-біріне ұқсамайтын өзіндік жазу ерекшелігі болады дейміз. Өйткені, әдебиеттану сөз өнері болғандықтан «сөз - алтын жіп, жыр - кесте» демекші, сөздің құдыреттілігімен түрліше өріледі. Алайда, көп ғасырлық даму тарихы бар әдебиеттану ғылымы типологиялық ұқсастықтар бар. Осылайша, типологиялық ұқсастығы мен негізгі қырлары бойынша олар нақты бірнеше топтар мен тектерге бөлінеді. Бұл тектік бөлініс әдебиеттану ғылымы дүниееге келген кезден бастап туындады. Бұл көне гректер мен римдіктерге белгілі болды. Әдебиеттегі тек пен жанр түрлерінің теориясының негізін тұңғыш рет Аристотель қалады. Аристотель өзінің «Поэтика» еңбегінде әдебиетті «сөзбен өрілген өмір» дейді. Солай деп айта келе ұлы философ оның үш түріне тоқталады. «Оқиғаға автордың өзі қатыспай сырттай бейнелеуі» эпикалық тәсіл деп айта келе ол бұған мысал ретінде Гомер шығармаларын келтіреді. Екінші тәсіл - бұл әдеби тәсіл. Яғни, шығарманың негізі нысанасы - автордың жан толғанысы, ішкі сезімі, лирикалық көңіл-күйі. Енді ең соңғысына келер болсақ, ол - драмалық, ал тектің өзімі драма деп аталады. Драмада жазушының бейнелеген кейіпкерлері айтайын деген ойын өзінің іс қимылы, дауыс ырғағы, интонациясы арқылы сахнада береді.
Неміс философы Гегель әдебиеттің тегі туралы мәселемен ден қоя айналысқан. Бұл ретте ол өзі ғылымының негізі етіп философиялфқ ұғымдарды алады. Яғни, объект, субъект ұғымдарын пайдаланады. Әдебиеттің әдеби тектерінің негізін ол өзінің диалектикалық идеяларының негізінде қарастырды. Субъект дегеніміз ақынның өзі, эпос - баяндаушы жанр дей келе, лириканың түрлеріне мадақ жырын, элегияны, лирикалық жолдауды, өлеңді, эпиграмма мен сонетті жатқызады. Драмаға драма мен трагедияны жатқызады.
Сөйтіп, бір елде ерте, бір елде кеш тарап, жанр атаулары қанатын кеңінен жайды, сонымен қатар осы процесс істінде олар әртүрлі ассоциацияларға ие болып, басқа да мағыналарды жүктеді. Мысалы, Италияда «новелла» сөзі басында әртүрлі жанрдағы прозалық шығармаларды, рыцарлық романдарды, антикалық дәуірдің батырлық мифтерін, тарихи туындылар мен мысалдарды білдірумен қатар, тұрмыстық күлкілі әңгімелерді де білдірді. Ал Ресейде повестерді новелла деп атады. Жазушылар өздерінің шығармаларына қоғамның санасында қалыптасатын жанрлық атауын белгілейді. Авторлар кейде жанама ассоциациялардың жетегінде кетіп, қателесуі де мүмкін. Әдебиеттанушыларға автор пікіріне қарсы шығу қиындық тудырады.
Әртүрлі жанрдағы шығармалар кейде бір атаумен айтылса, енді бірде бір жанр әртүрлі елдерде түрлі атауға ие. Мысалы романдардың тарихи және қазіргі заманғы немесе, екінші жағынан, саяси және философиялық бөлінуін есепке алудың қажеті жоқ. Көркем шығармалардағы тарих пен қазіргі заман олардың тақырыбы саласына жатады. Ал автор мен кейіпкерлердің саяси және философиялық мүдделері оның проблематикасы саласына жатады. Шығарманың компазициялық мотивациясын оның жанрлық ерекшелігіне жатқызуға болмайды. Айталық, лирикадағы арнау жанрға жатпайды.
Жанр - бұл тарихи құбылыс емес, типологиялық құбылысқа жатады. Олардың құрылысы мүлдем басқаша болғанымен, нақты жанр туындысы болады. Роман, комедия, элегиялардың жанрлық ортақтығы неде? Оны шығарманың өң бойынан іздеген дұрыс болар деп ойлаймыз. Яғни, шығарма авторының өз ойын беру әдісі жанрлық тұтастықты құрайды. Жоғарыда айтқан Аристотель мен Гегель философиясы осының айқын дәлелі болып табылады. Көп құрылымды көркем шығарманың мазмұынынан оның жанрлық аспектісі болып табылатын, тарихи қайталанатын аспектісін, жанр және оның түрлілігінің негізі жататын қырын табу керек. Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы жанр мәселесі туралы
Р. Уэллек пен О. Уорреннің тұжырымдамаларында жанр мәселесі анағұрлым кеңірек зерттелген. Олар: әдеби жанр - бұл фикция емес дей келе, әдеби жанрға төмендегідей анықтама береді. Олардың тұжырымдамасы бойынша: «Бір мезетте жазушының жазу мәнері арқылы анықталатын белгіленген ереже» әдеби жанр. Уоррен мен Уэллектің пікірі бойынша жанр теориясы: әдеби процесті уақыт пен орын санатының көмегі (кезеңділігі мен тілі) арқылы емес, таза әдеби категориялардың көмегімен классификациялауға мүмкіндік беретін, тәртіпке келтірілген жүйе. Осындай таза әдеби категориялардың қатарына жанр да жатады. Зерттеушілердің идеясы бойынша, жанр әдеби құрылым ретінде көркем шығармағы сыни баға беруде де қолданылады. Уэллек пен Уорреннің ойы бойынша жанр мәңгілікке белгіленбейді. «Шығармағы жеке, сыни көзқарас жаңа тек түріне жол ашуға мүмкіндік береді. Уэллек пен Уоррен жанр деп шартты түрде жалпы «ішкі» (ішкі сезім, көңіл-күй, қарым-қатынас, ойлау, өзге сөзбен айтсақ- тақырып пен аудитория) және «сыртқы» (пішіні, құрылымы) теориялық белгісі көрінетін әдеби шығармалар тобын атайды.
Лирикалық формалардан өлеңді, өзара тақырыптық ерекшеліктері мен көтерген мпәселелері бойынша байланысты өлең циклдерін - лирикалық поэманы байқауға болады. Сонымен қатар, көптеген ұлттың төл әдебиеттерінде әртүрлі өлең үлгілері туындады. Айталық, өлеңдік-строфикалық формасы. Олардың кебіреулері ұлт әдебиетінің шегінен шығып, халықаралық дәрежеде мойындалды. Бұған мысалдар легін келтіруге болады: эллегия, сонет, ертегі, өлең, поэма, эпопея (бұған әрине мысал мен балладаны қосуға болады), повесть, әңгіме, пьесаның түрлері және ақ өлең үлгілері осының дәлелі. Бұл формалардың әр түрі әр дәуірде өмір сүрген әрі әр бағыттағы жазушылардың шығармаларында әртүрлі жанрлық мазмұнды білдіреді. Эпос, лирика, драманың тектері, атаулары әртүрлі болғанымен бір-біріне жақын болуы мүмкін.
Жауынгерлердің ұлтты азат ету мақсатындағы төңкеріс қозғалыстарын туындатуы түрлі жанрларда лирикалық шығармалардың кеңінен таралып, дамуына ықпал етті. Ұлтттық-тарихи лирика жетекші маңызға ие болды. Ол басқыншы жаулап алушылардың құрсауынан босануды аңсаған халықтың, бүтін бір ұлттың демократиялық ұмтылысын білдірді. Билік тізгінінен босануды аңсаған халықтың арман-мұратын көркем сөзбен өрді. Еуропа лирикасының «этологиялық» тенденциясы саяси сатирада ғана көрінген жоқ. Әлемнің көптеген елдерінде идиллиялық немесе элегиялық сарындағы «этологиялық» мотивтер туындады. Олар тәкаппар, рухани азғынданған, бұзылған қоғамның жоғарғы табының өкілдеріне табиғат аясындағы тыныш та бейқам, еркін де қарапайым өмірді қарсы қоя білді.
Еуропа халықтарының лирикалық шығармаларында суреттеу, бейнелеу, табиғат лирикасы алдыңғы орынға қойылған. Әдетте, табиғатты суреттейтін өлеңдер идеялық-эмоциалдық байытылған, лирикалық көңіл-күйде болды. Сонымен қатар, табиғат лирикасы ұлттық-тарихи және «этологиялық» өзінің мазмұнының жанрлық аспектісі бойынша романдық болуы да мүмкін. Әрине, бұнымен қоса эпос пен драматургиядағы сияқты лирикада жанрлық мазмұнның әртүрлі аспектілері өзара өткелсіз шекара арқылы бөлінбеген. Бір өлеңде олар ауыса алады. Демек, жанр тобына бөлу принципі әдебиеттің барлық үш тегіне де ортақ. Яғни, әдебиеттану ғылымының тектері - эпос, лирика драма өзара жанрлық принципке бөліне алады деген сөз. Осы тұста мынадай қорытындыға келуге болады: жанр - шығарма мазмұнының түрлі қыры болып табылады. Жанрлар (жанр мазмұнының ерекшелігі) - әр жеке тектің шегіндегі логикалық бөлінген түрлер емес, көркем шығарманы тек пен жанрға бөлу «бір логикалық кеңістікте» емес, әр «кеңістікте» түрліше себептерге байланысты туындайды.
Мазмұнның көркем қызметі - тотемдік, магиялық және мифологиялық болады. Бұлар басында айтарлықтай қысқа эмоциялық көңілді, тебіреністі сыртқа шығару құралы болды. Ең алғашында олардың құрамы екі тармақтан да тұрған болуы мүмкін. Кейіннен екі тармақтар ырғақты симметриямен тарихи процесс үстінде бірігіп төрт тармақты, яғни бір шумақты құраған. Кейіннен, лирикалық хордың осы көркем нысанасының негізінде, олардың компазициялық-лирикалық принциптері пайдаланыла отырып, бір дауысты, сольдық, азаматтық, жеке және тұрмыстық мазмұндағы лирикалық өлеңдер дүниеге келді. Ал, даму процесімен қандай да бір халықта жазба өнері пайда болғаннан кейін, мұндай өлеңдер әдеби лириканың туындауының бастапқы негізі, көзі болып қалды.
Ертегі - жанр формасы өзгере алады деп біз жоғарыда айтқанымыздай, жанрдың өзгеріске түскен формасы. Жанр формасы уақыт өте келе өзгергенімен оның мазмұнына айтарлықтай әсер етпеді десе де болады. Тарихи дәуірдің әр кезеңінде, халықта ауыз әдебиетінен кейін жазбаша өнер дүниеге келгеннен кейін халық ауыз әдебиеті, яғни фольклормен бірге, кейіннен одан да артық көркем әдебиет дами түсті. Ауыз әдебиетінің бай мұрасы өзінен кеінгі жазбаша әдебиеттің терең тамыр жаюына жол ашып берді. Қазіргі көркем, жазба әдебиеттің төл атасы, қайнар көзіне айналды. Осындай даму процесінің үстінде жанрлардың формасы мен атауларының өзгеруі таңқаларлық құбылыс емес, табиғи құбылыс. Осылайша, әртүрлі әдеби шығармалар (бұл жерде поэманы айтып отырмыз) жанрлық мазмұны тұрғысынан алғанда (батырлық, сатиралық, романдық) өзіндік ерекшеліктерге ие болды. Егер фольклорлы кезеңде жанр селитературдан тыс (діни) жағдайдан анықталса, онда әдебиетте жанр риторика кодификациялайтын өзінің әдеби нормаларынан өзінің мәнінің сипаттамасын алады. Осы бұрылысқа дейін қалыптасқан антикалық жанрлардың барлық номенклатурасы одан кейін оның ықпалымен жігерлі қайта ойластырылған [1] .
Өзінің "Поэтикасында" әдеби жанрларды бірінші жүйелеуді берген Аристотель заманынан бастап әдеби жанрлардың Заңды, бір рет және біржола бекітілген жүйе болып табылатыны туралы түсінік нығайтылды, ал автордың міндеті өз туындысының таңдап алынған жанрдың маңызды қасиеттеріне барынша толық сәйкестікке қол жеткізу болып табылады. Жанрды авторға жақын дайын құрылым ретінде түсіну авторлар үшін ода немесе трагедия қалай жазылуы керектігі туралы нұсқаулар бар бірқатар нормативтік поэтиканың пайда болуына әкелді. "Ақындық өнер" (1674) поэма-трактаты. Бұл, әрине, жанрлар жүйесі Жалпы және жекелеген жанрлардың ерекшеліктері шын мәнінде екі мың жыл бойы өзгеріссіз қалды, - алайда өзгерістер (және өте маңызды) немесе теоретиктер байқамады, немесе оларды бұзу, қажетті үлгілерден ауытқу ретінде ойлады. Тек XVIII ғасырдың соңына қарай әдеби эволюцияның жалпы принциптеріне сәйкес, ішкі әдеби процестермен, сондай-ақ мүлдем жаңа әлеуметтік және мәдени жағдайлардың әсерімен байланысты дәстүрлі жанрлық жүйенің ыдырауы нормативтік поэтиктер әдеби шындықты сипаттап, кешіре алмады.
Бұл жағдайда бір дәстүрлі жанрлар тез өледі немесе маргиналданады, басқалары керісінше әдеби перифериядан әдеби процестің ең орталығына ауыса бастады. Мысалы, XVIII-XIX ғасырлардың рубежасында Жуковский атымен Ресейде байланысты баллада көтерілгені өте қысқа мерзімді болды (орыс поэзиясында және содан кейін XX ғасырдың бірінші жартысында күтпеген жаңа всплеск берді - мысалы, Багрицкий мен Николай Тихоновта, ал содан кейін XXI ғасырдың басында Мария Степанова, Федор Сваровский және Андрей Родионовта[2] ), онда роман - жанр гегемониясы, ол нормативтік поэтиктер ғасырлар бойы аз және көп уақыт бойы байқамаған жоқ. азғана емес, - кем дегенде жүз жылдықта еуропалық әдебиеттерде созылды. Әсіресе, гибридті немесе белгісіз жанрлық табиғат туындылары белсенді дами бастады: комедия немесе трагедия деп айтуға қиын пьесалар, бұл лирикалық Өлеңнен басқа жанрлық анықтама беру мүмкін емес өлеңдер. Айқын жанрлық сәйкестендірудің құлауы жанрлық күтулерді жоюға бағытталған қасақана авторлық қимылдарда да көрініс тапты: роман Лоренс Стерннің жартысындағы "Тристр Шенди, джентльмен Тристерінің өмірі мен пікірі" өлі душқа " дейін Н. В. Бұл өлеңнің астын сызу мәтініне арналған парадоксалды оқырман плутовский романының үйреншікті жолынан оның ісі лирикалық (кейде эпикалық) шегіністермен қағылатын болады дегенге дайындау екіталай.
ХХ ғасырда әдеби жанрларға көркем ізденіске бағытталған әдебиеттен жаппай әдебиеттің оқшаулануы әсіресе күшті әсер етті. Көпшілік әдебиеттер нақты жанрлық нұсқамаларға аса мұқтаждық сезінді, оқырман үшін мәтіннің болжамдылығын айтарлықтай арттырады, онда оңай бағдарлануға мүмкіндік береді. Әрине, бұқаралық әдебиеттің бұрынғы жанрлары жарамсыз, және ол романның жанрлары өте пластикалық және көптеген түрлі тәжірибе жинақтаған жаңа жүйені тез қалыптастырды. XIX ғасырдың соңында және XX ғасырдың бірінші жартысында детектив және полицей роман, ғылыми фантастика және дамский ("қызғылт") роман рәсімделеді. Көркем ізденіске бағытталған өзекті әдебиет бұқаралық әдебиеттен барынша ауытқуға ұмтылды, сондықтан жанрлық анықтаудан әбден саналы түрде кетті. Бірақ шетіндіктен, жанрлық болжамнан алыс болуға ұмтылу жаңа жанр білім беруге алып келді: мәселен, француз антироманы роман болғысы келмеді, Мишель Бютор және Натали Саррот сияқты өзіндік авторлар ұсынған осы әдеби ағымның негізгі шығармаларында жаңа жанрдың белгілері анық байқалады. Осылайша, қазіргі әдеби жанрлар (және осындай жорамалдарды М. М. ойларында кездестіреміз. Бахтина) қандай да бір алдын ала берілген жүйенің элементтері болып табылмайды: керісінше, олар көркем міндеттерге сәйкес әдеби кеңістіктің сол немесе басқа жерінде шиеленісті қоюландыру нүктесі ретінде пайда болады, осы жерде және қазір авторлардың осы тобына айналған және "пікірдің тұрақты тақырыптық, композициялық және стилистикалық түрі" деп айқындалуы мүмкін. Мұндай жаңа жанрларды арнайы зерттеу ертеңгі күннің ісі болып қала береді
1. 2. М. М. Бахтиннің жанрлық тұжырымдамасы
Жанрлар теориясын әзірлеуге 30-40-шы жылдары өзінің тұжырымдамасын жасаған М. М. Бахтин үлкен үлес қосты. Бұл тұжырымдаманың конструктивтілігі және қарама-қайшылықтары отандық және Батыс әдебиеттануында да үлкен ғылыми резонанс алды. Жанрлық типологияны қарастырайық, өйткені жанр-бұл Бахтин зерттеулерінің өтпелі тақырыптарының бірі. Ғалымның теориялық ережелері тек кең танымал ғана емес, сонымен қатар оның жеке формулаларына сән туралы айтуға болады.
Бахтиннің жанрлық тұжырымдамасында үш мәселе - 1. Шығарманың жанрлары және ішкі диалогы; 2. Шығарманың жанрлары мен құрылымы; 3. Әдебиет тарихындағы жанрлар, олардың генезисі және дәстүрі.
Барлық осы мәселелер жанрдың типологиясымен байланысты.
Шығарманың жанрлары мен ішкі диалогы.
Бахтин әдебиетте тек "ұйымдастырылған идеологиялық материалды" ғана емес, сонымен қатар "әлеуметтік қарым-қатынас"нысанын де көрді. (XLV, 15) Бахтин бойынша, әлеуметтік қарым-қатынас процесі шығарманың мәтінінде бейнеленген. Автор-жаратушы және ол жасаған кейіпкер, сондай - ақ оқырман ("тыңдаушы") - мұның бәрі форма мен стильді анықтайтын тірі күштер. Шығарманың ішкі диалогы туралы тезисті зерттеуші әр түрлі бағытта дамыды, бірақ оның негізінде өзгеріссіз қалды. Шығармашылықтың диалогтық табиғаты әртүрлі туыстар мен жанрлардың туындыларын салыстыру кезінде жақшаның сыртынан көрінеді. Эстетикалық маңызы бар шығарма әрқашан "тірі пікір", ол "айтудың осы затының айналасында әлеуметтік-идеологиялық санамен тоқылған мыңдаған диалогтық жіптерді бере алмайды, әлеуметтік диалогтың белсенді қатысушысы бола алмайды. Ол осы диалогтан, оның жалғасы ретінде, реплика ретінде пайда болады, ал бір жерден пәнге жақындайды. ''(IX, 90) . Зерттеушінің міндеті - "дауыстарды және олардың арасындағы диалогтық қатынастарды тыңдау" (X, 372) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz