Батпақтың химиялық құрамы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ
БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік-технологиялық факультет
Химиялық технологиялар және экология кафедрасы
Алакөл емдік батпақ құрамын анықтау тақырыбында
Табиғи объектілер анализі пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Орындаған:
Тексерген:
ХМ-603 тобының студенті
Жетекші: х.ғ.к., доцент Мұсабаева Б.Х.
(жетекшінің Т.А.Ж.)
________ Оралқан М.Т.
(қолы) (студенттің аты-жөні)
(бағасы) (қолы) (күні)
Семей
2019
Жоспары:
Кіріспе
3
1 Теориялықбөлім
4
1.1 Емдікбатпақтыңжіктелуіжәнеқұрамы
4
1.2 Батпақтыңхимиялыққұрамы
6
1.3 Емдікбатпақтыанализдеуәдістері
7
2Тәжірибелікбөлім
10
2.1 Қолданылғанреактивтер, материалдар, аспаптар
10
2.2 Анализ нысаны
11
2.3 Анализ әдістемелері
11
2.4 Анализ нәтижелері
15
Қорытынды
16
Қолданылған әдебиеттер тізімі
18
КІРІСПЕ
Батпақ - су, минералды және органикалық заттардан тұратын табиғи жолмен пайда болатын зат. Емдік батпақтар әртүрлі табиғи жолмен пайда болады. Мысалы, тауда жанартаудың атқылауы кезінде жоғары температурадан тау жыныстары арқылы шығады, су қоймаларында және тұзды су қоймаларында пайда болады. Табиғи лай құрамындағы жоғарғы және аз деңгейдегі жылусыйымдылық дене температурасын көтереді. Нәтижесінде қан тамырларды кеңейтіп, оның жұмысын жақсартады, зат алмасу жағдайы түзеледі [1].
Қазіргі уақытта емдік батпақты косметикалық мақсатта кеңінен қолданады. Батпақ улы заттарды бойына жақсы сіңіретіндіктен, оны улану кезінде көп қолданады. Алайда барлық сазды емдік мақсатта пайдалануға болмайды. Себебі әрбір ауру үшін оның арнайы сұрыбы қолданылады[2].
Зерттеу нысаны - Алакөл емдік батпағы
Жұмыстың мақсаты - Алакөл емдік батпағының кейбір сипаттамаларын және химиялық құрамын анықтау
Қойылған мақсат келесі міндеттерді шешуді көздейді:
1 Емдік батпақтың жіктелуі және құрамыбойынша әдеби деректерді іздеу және талдау;
2 Батпақтың химиялық құрамыбойынша әдеби деректермен танысу;
3 Емдік батпақты анализдеу әдістерібойынша әдеби деректермен танысу;
4 Емдік батпақтың ылғалдылығын және күлділігін анықтау;
5 Емдік батпақтың сулы және тұзды сығындысының рН мәнін анықтау;
6 Емдік батпақ құрамындағы күкірт және темір мөлшерін анықтау;
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Емдік батпақтың жіктелуі және құрамы
Біздің ғаламшарымызда батпақ көптеп кездеседі. Батпақ улы заттарды сіңіретін жақсы сіңіргіш. Сондықтан оны улану кезінде қолдануға болады [3].
Олар өздерінің құрамы, қасиеттері және түсі жағынан бір-бірінен өзгешеленіп тұрады. Әдетте батпақ түсі оның химиялық құрамына байланысты болады. Сол себепті батпақ түрлі түстерге ие болады:
Ақ батпақ. Құрамында каолинит минералы бар.Оныңқұрамында кремнезем, цинк және магний көп. Жоғары сіңіргіштік қабілетке ие, сондықтан оның антисептикалық әсері бар.
Сары батпақ. Құрамында натрий, күкірт және үш валентті темір бар. Батпақтың сары түрі остеохондроз, асқазан-ішек жолдары аурулары мен инсульт, мигренді емдеуде қолданылады. Сары батпақ целлюлитпен күресуге көмектесетіндіктен, косметологияда да қолданылады. Сонымен қатар қабынуды басып, теріні сергітеді.
Қызыл батпақ. Батпақтың бұл түрінде мыс, калий және темірдің алюминий-кремний қосылыстары бар. Сондықтан батпақ қызыл түсті болады. Бұл емдік батпақтың сіңіргіш қасиеті төмен болғанымен, құрамында темірдің болуына байланысты темір жетіспеушілікке пайдалы. Сондай-ақ қызыл батпақты гипотония, жүрек-тамыр аурулары және тамырдың варикозды созылуында қолданылады.
Жасыл батпақ. Құрамындағы мыс пен темір оксиді батпаққа жасыл түс береді. Бұдан өзге, саздың құрамында мырыш, фосфор, кобальт, магний, кальций, алтын және күміс бар. Ол өте сирек кездеседі, бірақ батпақтың басқа түрлеріне қарағанда, әлдеқайда күшті болып саналады. Бұл батпақ жүрек жұмысын тұрақтандырып, ағзаның сыртқы әсерлерге қарсылығын күшейтеді. Жасыл батпақ ежелден бар ауруды емдеуші болып есептеледі. Бұл қазіргі кезге дейін расталып келеді.Көбінде бұл сазды косметологияда майлы теріні терең тазалау құралы ретінде пайдаланады. Сонымен қатар, ісікті жақсы кетіріп, май бөлінуді төмендетеді және терідегі ұсақ тесіктерді тарылтып, әжімдерді тегістейді. Терідегі қан айналым мен зат алмасуды жақсартады [4].
Көк батпақ. Батпақтың бұл түрінде кобальт пен кадмий тұздары көп. Біздің ағзамызға керекті микроэлементтер мен минералдық тұздардың бәрін дерлік көк батпақтан табуға болады. Ол әмбебап болып есептеледі әрі барлық батпақтардан артық бағаланады. Патшалық заманда көк батпақты тіпті алтынға сатқан, басқа елдерге апарған. Дәрігерлер мен емшілер бұл батпақпен қандай ауру-сырқат болса да емдеуге болады деп сендірген. Қазіргі заманғы дәрігерлер де бұны мақұлдайды, олар көк батпақты зат алмасу процесін қалыпқа келтіретін және емдеудің фитотерапия, гомеопатия, медикаменттермен және хирургиялық емдеу түрлерінің әсерін күшейтуге көмектесетін тиімділігі жоғары табиғи құрал деп атайды. Сондықтан емдік батпақты бұлшық ет әлсіздігін жеңілдетуге, буындардың қозғалғыштығын жақсартуға пайдаланады. Сонымен қатар ол семіздікті, гипотиреозді, қатерлі ісіктер мен радиацияның әсерінен пайда болған ауруларды кешенді емдеу үшін қолданылады. Ал, косметологияда ол терінің зат алмасуын, қан айналымын жақсартып, өлі жасушаларды майдан босатып, тазартады [5].
Қара батпақ. Құрамында көміртегі мен темірдің болуына байланысты бұл саздың түсі қара болады. Егер құрамында олардың мөлшері аз болса, түсі де соғұрлым ашық, яғни сұр түсті болады. Көбінде қара батпақты қабыну аурулары кезінде, дене температурасы көтерілгенде, тахикардия, дерматит кезінде қолданады. Ал косметологияда құрғақ теріні сергітіп, ылғалдандыратын құрал ретінде пайдаланады.
Қоңыр батпақ. Қара батпақ екеуінің құрамы бір болғандықтан, пайдалануға арналған нұсқаулары да бірдей. Табиғи батпақпен емдеу массаж, гидротерапия, ароматерапия, күн және әуе ванналары, сонымен қатар табанға рефлекторлық әсер етумен біріктіріледі.
Батпақ қоюлығына қарай да әр түрлі, ол майлы (темірлі) және жұтаң (құмы көп) болуы мүмкін. Құрамындағы құмның мөлшері 5% батпақ майлы, ал 30% құм бар батпақ жұтаң болып саналады. Орташа майлы батпақтың құрамында 15% құм болады [6].
1.2 Батпақтың химиялық құрамы
Батпақтың құрамында ағзаға қажетті, жақсы сіңірілетін микроэлементтер, минералдық тұздар бар. Бұл кремнезем, фосфат, темір, азот, кальций, магний және тағы басқалары. Химиялық түрде батпақ құрамында органикалық және органикалық емес (минералды) бөліктер, қатты, сұйық және газ тәрізді агрегаттық күйде кездеседі. Базалық компоненттер пелоидтардың органикалық заттары -гумин қышқылы 17-60%, битумдар 4-20%, гемицеллюлоза 6-36%, целлюлоза 1-9%, лигнин 9-31% [7].
Емдік батпақтың минералды (күл) бөлігі әр түрлі суда ерімейтін минералдар, қиын және тез еритін тұздар, сондай-ақбасқа да қосылыстардан тұрады.Минералды заттар батпақтаәр түрлі формада қатты бөлшектер, гельдер, суда еритін иондар жәнегаздар түрінде кездеседі [8].
Батпақтың минералды бөлігінде суда ерімейтін заттар, саз минералдары, кремний минералдары,әр түрлі әктер мен доломиттер басым болады. Темір рудалары да кездеседі 9.
Органикалық заттардың құрамы бойынша пелоидтарқұрамындағы органикалық (торфтар, сапропельдер) құрғақ заттар 10% - дан астам, және минералды (иловосульфидті) заттар 10%-нан аз [10].
Емдік батпақтардың құрамында гумин фракциясы жақсы сипатталған. Гуминді заттар-қышқыл заттардың қоспасы,бастапқы биомассаның биохимиялық түрленуі нәтижесінде пайда болады . Табиғи аморфты поликарбон тобықұрамында полифункционалды топтар бар қышқылдар (амин қышқылы),(амид, карбонильді, карбоксилді, фенолды гидроксилдер), еритіннегізінен сілтілі ерітінділерде және ерітіндіні қышқылдандыру кезіндетұнбадан түсетін минералды қышқылдармен (рН=1 дейін)әлсіз органикалық қышқылдардың диссоциациясы жүреді [11].
Гуминді заттар үшін пелоидтар әр түрлі функционалды көміртегі қаңқасының құрылымытоптары, олардың ішінде карбоксил, гидроксил, метокси және алкил молекулаларында болуымен сипатталады. Гуминді заттар гиматомелан және гумин қышқылдарының ерекше қасиеттері генетикалық қатарды қалыптастырады [12]. Салыстырғанда гематомелан қышқылыгуминді және фульвиді, ең қанықпаған бөлшек болып табылады,көп мөлшерде қанықпаған алифатты үзінділерден тұрадыжәне табиғатта хош иісті болады [13].
Емдік батпақта липидті фракциялар (майлы қышқылдар, стериндер, битумды заттар, каротиноидтар және т.б.) болуы қызығушылық тудырады. Липидті фракцияның бактериостатикалық және бактерицидтік белсенділігі бар, қабынуға қарсы әсер етеді[14].
Кейбір деректер бойынша лай сульфидті батпақтың липидті фракциясындағықұрамында гетероциклді битумдар барқосылыстар, оның ішінде күкіртті органикалық заттар, сондай-ақ қарапайым күкірт [15].Күкіртті органикалық пелоидтардың заттарындағы күкірт тиольді,сульфидті, сульфатты және тиосульфатты формалармен белгілі [16].
Емдік батпақтарда, шірінді аэробтары бар - 1 г-да 107 дейін, шіріген анаэробтар- 1 г-да 107 дейін, денитрификациялаушы бактериялар - 1 г-да 107-ге дейін, майлы қышқылды бактериялар - 1 г-да 106-ға дейін, сульфатредуциялаушы бактериялар - 1 г-да 105-ға дейін, нитрозды бактериялар - 1 г-да 103 -ға дейін, клетчатка бұрайтын аэробтар - 1 г-да 103 дейін, талшық бұзатын анаэробтар - 1 г-да 103 дейін және тағы басқалары,актиномицеттер мен микроскопиялық саңырауқұлақтардың да болуы мүмкін [17].
1.3 Емдік батпақты анализдеу әдістері
УФ-спектроскопия және жұқа қабаттық хроматография
Х.Г.Карагулов мақаласында [18]Тамбукан батпақтарын кешенді өңдеудің түпкілікті өнімі - мұнай сығындысы, спирттік және майлық экстракттары. (Олардың сипаттамалары 1-кестеде көрсетілген). Солардың химиялық құрамы сапалық реакциялыр көмегімен, УФ-спектроскопия және жұқа қабаттық хроматография әдістерімен анықталған. Құрамындагумин қышқылдары, хлорофилл, каратиноидтар бар екені сапалық анализбен табылған, мөлшерлері анықталмаған. Осы өнімдер дәрілік, парафармацевтикалық және косметикалық өнімдерді дайындау үшін шикізат ретінде ұсынылады. Технология әр түрлі сатыдағы биологиялық белсенді заттарды селективті алуды қарастырады, сондықтан Тамбукан батпақтарын кешенді өңдеудің барлық өнімдерінің құрамын зерттеу қызығушылық тудырады.
1 кесте- Тамбукан батпағын өңдеу өнімдерінің сипаттамасы
Өнім
Сипаттамасы
Сығынды
Ашық сары опалесцентті ерітінді
Спирт экстракты
Сары-қоңыр түсті, иісі бар
Май экстракты
Сары-қоңыр түсті майлы сұйықтық, әлсіз ерекше иісі бар
Спектрофотометриялық талдау СФ-2000 (ОКБ "Спектр", Санкт - Петербург) спектрофотометрінде 200 нм-ден 1000 нм-ге дейінгі диапазонда жүргізілді. Май сығындысы алдын ала ерітілген - ацетон. 2 кестеде Тамбукан батпағынан өңделген өнімдердің құрамын зерттеу нәтижелері келтірілген.
2 кесте -Тамбукан батпағы өнімдерінің сапалық құрамы
Зат атауы
Зерттеу нысандары
Сығынды
Спирт
Май
Сапалықреакциялар
Хлорофилл
-
+
+
Каротиноидтар
-
+
+
УФ спектр (максималды толқын ұзындығы)
Гумин қышқылдары
260+-5 нм
230+-5 нм
-
Каротиоидтар
-
405+-5нм
500+-5нм
530+-5нм
405+-5нм 500+-5нм 530+-5нм
Хлорофилл
-
600+-5нм
660+-5нм
600+-5нм 660+-5нм
ТСХ (петролейлі эфир жүйесі: диэтил эфир 10:3,5)
Фитостериндер
-
-
Rf ~0,10
Хлорофилл
-
Rf ~0,04
Rf ~0,08
Rf ~0,04
Rf ~0,08
Rf ~0,18
Каротиноидтар
-
Rf ~0,06
Rf ~0,86
Rf ~0,90
Rf ~0,06
Rf ~0,45
Rf ~0,86
Rf ~0,90
Электронды-сканерлеу микроскопиясы
Батпақтың құрылымын растау үшін электронды-сканерлеуші микроскопияәдісі қолданылды. ЭСМ бір уақытта заттардың өлшемдері мен пішінін, фазаның құрамын және химиялық элементтердің оның ауданы мен зерттелетін үлгінің ауданы бойынша таралуын анықтауға, сондай-ақ екінші және шағылысқан электрондарда ұлғаюдың кең ауқымында объектінің бейнесін алуға мүмкіндік береді.
2 ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
2.1 Қолданылған реактивтер, материалдар, аспаптар
Курстық жумысты орындауда келесі реактивтер қолданылды:
1н KCl (37,25 г кристалды калий хлоридін 500мл дистильденген суда ерітеді);
BaCl2тұзы;
Бор қышқылы 65% ерітіндісі;
NaOH10% ерітіндісі (10г NaOH-ты конустық колбаға салады және 90мл дистильденген сумен ерітеді);
Трилон Б (30г ТрилонБ-ға 0,5% 1000мл NaOHерітіндісін қосып ерітеді);
Na2SO4·10H2O тұзы;
HClO4концентрлі ерітінді;
HNO3концентрлі ерітінді;
HClконцентрлі ерітінді (р=1,19 гсм3);
H2SO4 концентрлі ерітінді (р=1,84 гсм3);
KCNS 10%ерітіндісі ( 50 г KCNS-дын 450 мл дистильденген сумен ерітеді);
KMnO40,3% ерітіндісі ( 1,5 г KMnO4 500 мл дистильденген сумен ерітеді);
Мор тұзы (NH4)2Fe(SO4)2·6H2O) 0,1 мгмл ерітіндісі (0,3511 г Мор тұзын 300 мл дистильденген сумен ерітеді. Содан 1 мл H2SO4 концентрлі ерітіндісін және ашық қызғылт болғанша KMnO40,3% ерітіндісін тамшылатады, белгісіне дейін дистильденген сумен ерітеді);
Мор тұзы 0,01 мгмл ерітіндісі (Мор тұзы 0,1 мгмл ерітіндісінен 50 мл алып, 500 мл өлшеуіш колбада дистильденген сумен белгісіне дейін жеткізеді).
Келесі материалдар пайдаланылды: бюкс, тигель, фильтр қағазы, көлемі 250-500мл өлшеуіш колбалар, воронка, пипетка.
Курстық жумысты орындауда келесі аспаптар қолданылды:
1-сурет - Аналитикалық таразы (AR5120)
2-сурет-Кептіргіш шкаф (SNOL58350LPF )
3-сурет-Муфель пеші (SNOL 8,21100 )
4-сурет-рН-метр(150МИ)
5-сурет-Электр плитка
6-сурет-Спектрофотометр (ПЭ-5400ВИ)
2.2 Анализ нысаны
Зерттеу объектісі ретінде Алакөл емдік батпағы қолданылды. Сынама 2019ж. шілде айында Үрджар ауданы, Қабанбай ауылындағы Алакөл көлінің маңынан ақ және қара батпақ алынды. Ақ батпақ иіссіз, қара батпақ шіріген жұмыртқа иісті.
а
б
7-сурет- а) ақ батпақ, б) қара батпақ
2.3 Анализ әдістемелері
2.3.1 Батпақтың ылғалдығын анықтау
Батпақты алдын - ала өлшенген бюкске салып,тұрақты массаға дейін 100-105°С температурада кептіру шкафында ұстайды. Шикізаттың ылғалдылығын (%) төмендегі формула бойынша есептейді:
Х= (М-М1)М*100%
мұнда М1 - құрғатқаннан кейінгі шикізат салмағы, г
М - шикізат салмағы, г.
2.3.2 Батпақтың күлділігін анықтау
Күлділік муфель пешінде 800°С - та 30 минут құрыштап, тұрақты массаға жеткізу арқылы анықталады.
Күлділікті анықтау формуласы:
Х=m2-m1*100%m0
Мұнда,m2-күлмен тигельдің салмағы, г;
m1 - бос тигельдің салмағы, г;
m0 - үлгі салмағы, г.
2.3.3 Батпақтың сулы сығындысы қатысында рН мәнін анықтау
10 г кептірілген батпақ үлгісін 100 мл конустық колбаға салады. 50 мл тазартылған су қайнатылған (қайнату30 мин.) қосады. Ротаторда 5 мин араластырады. 5 мин тұндырып қояды. Оны күлсіз фильтр қағазы арқылы конустық колбаға, мөлдірленгенше фильтрлейді. Кейін суспензияның рН мәнін рН-метр көмегімен анықтайды.
2.3.3.1 Батпақтың тұзды сығындысы қатысында рН мәнін анықтау
20 г кептірілген батпақ үлгісін 100 мл конустық колбаға салады. 50 мл 1н KCl құяды. 5мин ротаторда араластырып, колба бетін жауып 24 сағатқа қалдырады. Кейін ерітіндіні пипеткамен 50 мл химиялық стаканға алып, рН- метрмен рН мәнін өлшейді.
2.3.4 0,1 мгмл күкірті бар градуирлеу ерітіндісін дайындау
Құрамындағы 0,1 мгмл күкірті бар градуирлеу ерітіндісін дайындау. 0.443 г Na2SO4·10H2O 100 - 105°С - та тұрақты массаға дейін кептіреді. 1000мл өлшеуіш колбаға салып, белгісіне дейін дистильденген сумен жеткіземіз.
3 кесте- Градуирленетін үлгілердің құрамы мен саны
Ерітінді сипаттамасы
Градуирленетін ерітінді нөмірі
1
2
3
4
5
6
7
8
Дайындалған ерітінді көлемі
0
5
10
20
30
40
50
60
Градуирлеу ерітінділеріндегікүкіртконцентрация сы,мг дм3
0
1
2
4
6
8
10
12
Градуирлеуерітінділеріндегікүкіртті ңконцентрациясы 100 см3минерализатта, мг
0
0,1
0,2
0,4
0,6
0,8
1,0
1,2
2.3.4.1 Батпақ сынамасын күлдеу
0,2 г кептірілген батпақты күлдеу үшін 1мл хлор және азот қышқылдарын күлдеуге арналған металл шыныға саламыз. Оларды плиткаға қоямыз. Сонымен бірге, салыстыру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz