Коммерциялық заңды тұлға


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жобасын (жұмысын) орындауға арналған тапсырма

Н ТарМУ 11/1-1. 55-2019

1 баспа 05. 05. 2019

Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

факультеті

Азаматтық құқық кафедрасы

КУРСТЫҚ Жұмыс

«ҚР азаматтық құқығы ерекше бөлім» пәні бойынша

Тақырыбы: «Коммерциялық заңды тұлға. Оның түрлері»

Білімгер Жұмашов Бекзат Тобы: В18ЮПСО-3

/аты-жөні/ /қолы/

Жетекші Жадраев Ілияс

/қызметі/ /аты-жөні/

Қорғауға жіберілді «»20ж.

/қолы/

Жұмыс қорғалды «»20__ж. бағасы

/жазбаша/

Комиссия мүшелері:

/аты-жөні/ /қолы/

/аты-жөні/ /қолы/

Тараз 2020

Курстық жобасын (жұмысын) орындауға арналған тапсырма

Н ТарМУ 11/1-1. 55-2019

1 баспа 05. 05. 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

кафедрасы тобының білімгеріне курстық жоба (жұмыс)

/аты-жөні/

ТАПСЫРМА пән бойынша

1. Тақырыбы

2. Тапсырманың арнайы нұсқауы

3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары)
Орындау кестесі: Орындау кестесі
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): Көлемі, %
Орындау кестесі: Орындау уақыты
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 4. Графикалық материалдарының тізімі (сызулардың масштабы келтіріледі)
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 5. Жобаның (жұмысты) жинақтау мерзімі
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 6. Қорғау
Орындау кестесі:

Кафедра мәжілісінде бекітілген «»20___ ж. хаттама №

Жетекшісі:

/қызметі/ /қолы/ /аты-жөні/

Тапсырманы орындауға қабылдадым «»20___ж.

/білімгердің қолы/

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. ………3

1. АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ТҮСІНІГІ5

1. 1 Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі . . . 5

1. 2 Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі туралы пікірлер . . . 11

2. АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ТҮРЛЕРІ………. 15

2. 1 Азамматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрі жəне нысандары. . 15

2. 2 Жауапкершілік түрлері. . 20

2. 3 Құқық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік………. 26

ҚОРЫТЫНДЫ27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . ………30

КІРІСПЕ

Азаматтық құқық жеке құқық саласы болып табылады. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушалары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет. Құқықтар мен міндеттердің иесі болу білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес дербес субьектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән.

Заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.

Заңды тұлға дербес балансы немес сметасы болуға тиіс және заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.

Заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлінеді. Коммерциялық ұйым пайда табуды көздейді. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.

Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы мүмкін. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін - меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің (меншік иелерінің) заңды тұлға құру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қауымдастық (одақ) нысанындағы өзге де ұйымдық- құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін -- құрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай шарты; 3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін -- жарғы болып табылады.

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестігі болып танылады.

Тақырыптың өзектілігі. Коммерциялық заңды тұлғалар - азамттық құқық субьектілері ішінде ерекше орын алады. Яғни, олар Қазақстан экономикасының дамуына өте үлкен үлес қосады. Заңды тұлғалардың көптеп құрылуы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге көмегін тигізеді. Салық- мемлекеттің тіршілік ету көзі, ал заңды тұлға бірден -бір салық төлеуші субьект. .

Зерттеу мақсаты- Коммерциялық заңды тұлғалардың құрылуы, оның түрлерінің бір-бірінен ерекшелігі, олардың заң арқылы қорғалуы, ел экономикасының жоғары деңгейде дамуына әсер ететінін көрсету, және түрлеріне жеке-жеке тоқталу, олардың жарғылық капиталының құқықтық реттелуін, қаржыландырылуы, құрылтай құжаттары туралы түсінік беру.

Жоғарыда аталған мақсаттарға сай мынандай міндеттер қойылды:

- Шаруашылық серіктестік туралы ұғымның теориялық негізін зерттеу.

- Шаруашылық серіктестік түрлеріне байланысты мәселелерді ауқымды түрде көтере отырып, талдау және зерттеу жүргізу.

Диплом жұмысының зерттеу пәніне коммерциялық заңды тұлғалардың жарғылық капиталы жатады. Коммерциялық заңды тұлғаларды құру, қайта құру, тіркеу, тарату, құқықтық пайда болатын қоғамдық қатынастар танылады, бұл қатынастар өз кезегінде зерттеу пәні болып табылады.

Зерттеудің әдістемелік негізі болып түрлі таным тәсілдерін қолдану саласына, мәні мен құрылымына, ғылыми теорияларға негізгі талаптарды анықтайтын философиялық білімдер жүйесі табылады. Осы аталған жұмыста көзделген мақсаттарға жету үшін жалпы ғылыми және жеке ғылыми таным тәсілдері пайдаланылды. Жалпы ғылыми тәсілдер ретінде диалектикалық тәсіл, ұғымдардың бөліктерін, жекелеген белгілерін талдау мен жүйелеу тәсілдері қолданылды.

Зерттеу барысында сонымен қатар құқықтық зерттеудің арнаулы тәсілдері: салыстырмалы құқықтану, сот тәжірибесін талдау тәсілі, формальдық-логикалық тәсілдер және тағы басқалары қолданылды.

Диплом жұмысының тақырыбын зерттеу кезінде ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен қатар нормативтік құқықтық актілер де қолданылды.

Қазақстан Республикасының заңнамалар жүйесінде заңды тұлғалардың және оның түрлерінің жарғылық капиталын құқықтық реттеуге ерекше көңіл бөлінеді. Құқықтың негізгі қайнар көзі болып Қазақстан Республикасының Конституциясы табылады. Заңдық күші тұрғысынан алғандағы келесі бір акті - Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Ол жалпы сипатты иеленетін нормативтік актілер қатарына жатады. Егер қандай да бір мәселе арнаулы нормативтік актілер мен шаруашылық серіктестік заңдарымен реттелмесе, онда Азаматтық Кодекстің нормалары қолданылады. Қазіргі уақытта ҚР-да заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы келесідей арнайы құқықтық нормативтік актілермен реттеледі:

-«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы » Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы;

-«Шаруашылық серіктестік»туралы ҚР-сы Президентінің жарлығы;

-Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік туралы ҚР-ның серіктестігі;

-«Банкроттық туралы»Қазақстан Республикасының Заңы ;

-. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ;

Диплом жұмысқа жаңалық ретінде қосар ұсынысым былайша көрініс береді. Қазақстан Республикасындағы өндірістің дамуына орай коммерциялық заңды тұлғалар қоғамда ерекше орын алатындығы мәлім. Бұл қатынастарды құқықтық реттеудің күрделілігі осы саладағы нормативтік-құқықтық актілердің көптігімен сипатталады.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, 3-тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Ғылыми әдебиеттерде заңды тұлғаларға көп көңіл бөлінген. Атап айтқанда, аталған тақырыпты зерттеу барысында А. ГДиденко, Ю. Г. Басин, Д, А. Колбасин, Ғ. Тулеуғалиев, Ғ. А. Жайлин секілді ғалымдардың еңбектері қолданылды.

Коммерциялық заңды тұлғалар

Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.

Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.

Заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес болып екіге бөлінеді. Соның ішінде коммерциялық заңды тұлғаға тоқталайық.

Коммерциялық заңды тұлға - өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейді.

Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.

Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлға тiркелгеннен кейiн оның фирмалық атауы болып табылады. Заңды тұлға белгiлi бiр фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi.

Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзi пайдалануға құқығы бар. Бөтен бiр фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесiнiң талап етуi бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi.

Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары мен мiндеттерi заңдарда белгiленедi.

Акционерлік қоғам

Акционерлік қоғам құрылтайшылары қоғам құру туралы шешім қабылдаған жеке немесе заңды тұлғалар бола алады. Қоғам құрылтайшысы бір ғана адам бола алады. Қоғам оның құрылтайшыларының жиналысы шешімімен құрылады. Қоғам 2003 жылдың 13 мамырындағы «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңындағы тәртіппен бұрынғы заңды тұлғаның қайта ұйымдастыруымен құрылуы мүмкін.

Бірінші құрылтайшылар жиналысында құрылтайшылардың атқаратын жұмыстары мыналар:

Қоғам мекемесі туралы шешім қабылдап, қоғам құрудағы атқарылатын қызметтерді анықтайды;

Құрылтайшылық келісім-шарт жасайды;

Құрылтайшылардың беретін акциялардың алдын ала төлемін бекітеді;

Жарияланған акциялардың, оның ішінде құрылтайшылар төлеміне енетін акцияларды бекітеді;

Акциялар шығаруға мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдайды;

Қоғам тіркеушісін таңдайды;

Қоғам атынан мемлекеттік тіркеуге қол қою үшін өкілетті тұлғаны таңдайды;

ҚР заңнамасына сәйкес қоғам құрылтайшыларының жарғылық капитал төлемінің мүліктік бағасын анықтайтын тұлғаны таңдайды;

Қоғамның қаржылық-шаруашылығын жүргізетін және қызығушылығын үшінші тұлға алдында қоғам органдарын оқытуға дейін көрсететін тұлғаны таңдайды;

Қоғам жарғысын бекітеді.

Акцияны орналастырмас бұрын бірнеше құрылтайшылар жиналысы өткізу керек. Осыған орай шешімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін барлық жақ құрылтайшыларының қатысуымен жүзеге асырылады. Бірінші құрылтайшылар жиналысында әр құрылтайшы бір дауықа ие бола алады. Келесі құрылтайшылар жиналысында да егер ол туралы құрылтайшылар келісім-шартында көрсетілмесе, әр құрылтайшы бір ғана дауысқа ие. Құрылтайшылар жиналысының шешімі барлық құрылтайшылар қол қойған хаттамамен бекітіледі.

Құрылтайшылық келісім-шарт жазбаша түрде бекітіледі Құрылтайшылар мен оның өкілдіктерінің қолдары қойылады Нотариуспен куәландырылады.

Қоғам жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық статусын анықтайтын құжат болып табылады. Жарғы мазмұны мынадай болуы тиіс:

қоғамның толық және қысқартылған атауы;

қоғамның атқарушы органының орналасқан жері;

акционерлердің құқықтары туралы, қоғамның жоғары дәрежелі

акциясын куәландыратын хұқық көлемін қоса алғанда мәлімет;

қоғам органдарының компетенциясы мен білім тәртібі;

қоғам органдары қызметінің ұйымдасу тәртібі мыналармен қоса: жиналыс тәртібі, акционерлердің жалпы отырысының тәртібі және қоғамның әріптестік отырысы тәртібі;

қоғам органдарының шешімінің тәртібі, соның ішінде көпшілік дауыспен білікті болып қабылданатын шешім сұрақтары тәртібі;

қоғам қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілген ақпарат беру тәртібі;

акционерлер мен міндетті тұлғалардың қоғамның аффилиирленген тұлғалары туралы ақпарат тәртібі;

егер қоғам коммерциялық емес ұйым болса, қоғамның коммерциялық емес екенін көрсету, дивиденттердің төленбегені туралы, дауыс беру шарасы және басқа да ҚР Заңы мен заңнамалық актілермен бекітілген талаптар;

қоғам қызметін тоқтату шарасы;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен Заңына сәйкес басқа да жағдайлар.

Жарғылық капитал

Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың номиналды бағасымен төлеген акция қаражатымен қалыптасып және Қазақстан Республикасы валютасымен көрініс табады. Қоғамның жарғылық капиталы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңда бекітілген талаптармен жүзеге асады.

Акциялардың алдын ала төлемі олардың мемлекеттік тіркелуінен кейін отыз күн ішінде жарғылық капиталдың ең аз мөлшерімен құрылтайшылар арқылы төленеді. Қоғамның жарғылық капиталының өсуі қоғамның жарияланған акцияларының орналасуына байланысты. Қоғамның жарғылық капиталының ең аз мөлшері 50 000 еселік айлық есептік көрсеткішке тең. Бұл ҚР Сәйкес қаржы жылдағы республикалық бюджет туралы заңымен бекітілген.

Акциялар

Қоғам жай және ерекше акциялар шығаруға құқылы.

Есіңізде болсын!

Акция бөлінбейді. Егер акция бірнеше тұлға иелігіне жататын болса, олардың барлығы бір акционер болып акцияны қолдануға құқықты пайдалана алады.

Қазақстан Республикасы Заңнамалық актілермен мыналарға шектеу қойылуы мүмкін:

қоғам акцияларымен келісім жасау;

бір акционер иелегіндегі қоғамның акцияларының ең жоғары саны;

бір акционерге берілген қоғам акциясы бойынша ең жоғары дауыс саны.

Қоғам басқа да құнды қағаздар шығаруға құқылы. Оны шығарудың тәртібі мен талабы, ұсыну мен алып тастау ҚР заңнамасымен бекітіледі.

Мемлекеттік кәсіпорын

1. Мемлекеттiк кәсiпорындарға:

1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорындар;

2) жедел басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар жатады.

2. Мемлекеттiк меншiктiң түрлерiне қарай кәсiпорындар:

1) республика меншiгiндегi кәсiпорындар - республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар;

2) коммуналдық меншiктегi кәсiпорындар - коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар болып бөлiнедi.

3. Басқа мемлекеттiк кәсiпорын құрған мемлекеттiк кәсiпорын еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын болып табылады.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi құратын кәсiпорындар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi кәсiпорындарының қызметiн құру, реттеу және тоқтату тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген ерекшелiктерiн ескере отырып, осы Заңмен белгiленедi.

Мемлекеттiк кәсiпорындардың мiндет-мақсаты:

1. Мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мiндет-мақсаты қоғам мен мемлекеттiң қажетiне қарай айқындалатын мынадай әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу болып табылады:

1) мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесiн қорғау;

2) экономиканың жеке меншiк секторы қамтымаған немесе жеткiлiксiз қамтыған қоғамдық өндiрiстiң буындары мен салаларында бiрiншi қажеттiлiктегi тауарларды өндiру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету) ;

3) мемлекеттiк монополияға жатқызылған немесе бақылау және қадағалау функцияларын қоспағанда, мемлекеттiң функциясы болып табылатын салалардағы қызметтi жүзеге асыру.

2. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың атаулы тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың атаулы тiзбесiн тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi.

Мемлекеттiк кәсiпорынды құру

1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе Ұлттық Банктiң шешiмi бойынша, коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын - Қазақстан Республикасы Үкiмет белгiлеген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша құрылады.

2. Мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтайшысы уәкiлдi орган болады.

3. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорынды құруға, егер ол өзiнiң мiндет-мақсаты бойынша осы Заңның 18-бабында айтылған талаптарға сай келген жағдайда жол берiледi.

Қазыналық кәсiпорынды құруға, егер ол өзiнiң мiндет-мақсаты бойынша осы Заңның 32-бабында айтылған талаптарға сай келген жағдайда жол берiледi.

4. Қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құру монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмiмен жүзеге асырылады.

Шаруашылық серіктестік

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың)

салымдарына (үлесiне) бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты

пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiгi болып танылады.

2. Шаруашылық серiктестiктерi толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысанында құрылуы мүмкiн.

3. Қызметi серiктестiкке қатысушы болып табылмайтын тұлғалардың (банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, инвестициялық және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) ақшасы мен басқа мүлiктерiн тартуға негiзделген ұйымдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес шаруашылық серiктестiгi нысанында құрылады.

Шаруашылық серiктестiктерi туралы заңдар

1. Қазақстан Республикасының шаруашылық серіктестіктері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3. Шаруашылық серiктестiктерi нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдардың жекеленген түрлерiнiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi, оны құру мен пайдаланудың ерекшелiктерi, мүлкiнiң құқықтық режимi, шаруашылық қызметiн шектеу осы Заңмен қатар арнаулы заң актiлерiмен реттеледi немесе арнаулы заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен осы Заңда қамтылатын шаруашылық серіктестіктері туралы жалпы ережелер олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктері ескеріле отырып, шаруашылық серіктестіктердің жекелеген түрлеріне қолданылады.

Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар:

1. Азаматтар ғана толық серiктестiкке қатысушылар және сенiм серiктестiгiндегi толық серiктес бола алады.

2. Азамат бiр ғана толық серiктестiкке қатысушы немесе бiр ғана сенiм серiктестiгiндегi толық серiктес бола алады.

3. Толық серiктестiкте кемiнде екi қатысушы болуға тиiс.

4. Азаматтар мен өкiлдi, атқарушы және сот билiгi органдарынан басқа заңды тұлғалар жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiкке қатысушы және сенiм серiктестiгiне салымшылар бола алады.

Заң актiлерiнде осы мақсаттар үшiн арнайы құрылған атқарушы өкiмет органдары шаруашылық серiктестiгiне қатысушы бола алатын жағдайлар көзделуi мүмкiн.

5. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк бiр тұлға құруы немесе сол тұлға серiктестiктiң жарғылық капиталының барлық үлесiн сатып алған жағдайда бiр тұлғадан тұруы мүмкiн.

6. Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбеген болса, осы Заңға сәйкес құрылатын шаруашылық серiктестiктерiне жалпы негiзде қатысады.

Өндірістік кооператив

Өндірісті кооператив жеке тұлғалардың жалпы жиынтығынан пайда болады . Кооператив мүшесі екіден аз болмауы керек, және 16 жасқа толған, кооператив мүшесі болуға ерікті және оның қызметіне белсене ат салысатын кез келген жеке тұлға бол алады . Жасы кәмілетке толмаған азаматтың мүше болуына ата -анасының, не қамқоршысының келісімі керек .

Туынды кооператив жеке кәсіпкерліктің заңмен расталмаған түрінен басқа барлық кәсіпкерлікпен айналыса алады . Мемлекеттік лицензиялау жүргізілетін қызметтерге лицензия болса туынды кооперативке де рұқсат етіледі .

Құрылтайшылық келісім -шарт

Өндірісті кооперативтің құрылтайшылық келісім-шартына коммерциялық құпия жазылған құжаттар жатады, және мемлекеттік және басқа ресми органдарға көрсетіледі, сонымен қатар үшінші тұлғаға заңнама негізінде кооперативтік атқарушы органының шешімімен келісіледі . Жазбаша түрде бекітіледі. Барлық құрылтайшылар қол қояды. Нотариуспен куәландырылады

Жарғы

Өнідірісті кооператив жарғысы мынадай мәліметтермен толығады:

кооперативтің фирмалық атауы;

Басқару органдар компетенциялары мен жағдайын жасау және кооператив бақылауы мен олардың шешімінің тәртібі туралы, соның ішінде көп дауыспен қабылданған шешімге байланысты.

кооперативтің таза кірісі мен шығын бөлу тәртібі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР заңнамасы бойынша заңды тұлға
Заңды тұлғаның органдары
Заңды тұлғаның жарғысында
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Заңды тұлғалардың түрлері туралы
Заңды тұлғалардың таратылуы
Коммерциялық ұйымдардың сипаттамасы
Заңды тұлға туралы түсінік және оның түрлері
Коммерциялық заңды тұлғалардың түсінігі
Заңды тұлғалар азаматтық құқықтық қатынастың субъектісі ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz