Персоналды басқару бөлімі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика, есеп және аудит КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМ АЛДЫНДАҒЫ ПРАКТИКА ЕСЕБІ

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің Аппараты
(практикА ОРНЫ)

Студент

Баянбаева Ақбота Айбековна

___________________

(АТЫ-ЖӨНІ)
(ҚОЛЫ)
Топ
МжЖБ-161
___________________

(КҮНІ)
Жетекшінің рұқсаттаммасы

___________________

(кәсіпорыннан)
(қолы)

Асаинов А.Ж
___________________

(кафедрадан)
(қолы)
Комиссия мүшелері
____________________
___________________

(Аты-жөні)
(қолы)

____________________
___________________

(Аты-жөні)
(қолы))

____________________
___________________

(Аты-жөні)
(қолы))

______________

(Баға)

Нұр-Султан 2020ж

Жоспар:
Кіріспе
1. Ұйымның қызметімен, басқару құрылымымен және шаруашылық байланысымен танысу
2. Қала әкімі Аппаратының Аумақтық даму жоспарын талдау
3. Ұйымда персоналды басқару жүйесін және кадрлық әлеуетті талдау
4. Еңбек мотивациясын зерттеу және оның нәтижелері
5. Ұйымның тиімділігін бағалау көрсеткіштері
6. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы
7. ҚР жергілікті мемлекеттік басқару
8. Қазақстан Республикасының Өңірлік саясаты
9. Мемлекеттік қызметтің имиджі
10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: тиімділік өлшемдері мен көрсеткіштері
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Мен, Баянбаева Акбота Айбековна, Қазақ Технология және Бизнес Университетінің 4-курс студенті Дипломалды тәжірибемді, Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданы әкімінің Аппаратында өттім. Дипломалды тәжірибе барысында Есіл ауданы әкімі Аппараты бөлімдерімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын сақтау жөніндегі қызметін үйлестіру, әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу конкурсын өткізу, Аппарат қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтегі, және басқа да кадр мәселелері құжаттамаларын жүргізу жолымен таныстым.
Мемлекеттік қызметкерлердің тағылымдамасын, оқуын, қайта даярлығын (қайта мамандануын) және біліктілігін арттыруы жөніндегі құжаттамамен жәнеде аппарат қызметкерлерінің жеке істерін және еңбек кітапшаларын жүргізу бойынша, бөлімше көмекшісі ретінде айналыстым.
Тәжірибе кезінде Есіл ауданы әкімі аппаратының, персоналды басқару бөліміндегі қызметкерлердің жұмысымен, сонымен қатар болашақ мемлекеттік қызметкер ретінде алынуға тиісті жалпылама білімді игердім.

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының аумағы мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекетік органы болып табылады.
Аппарат қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметтің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің құрылымы 10 бөлімнен тұрады:
1.Ұйымдастыру - басқару бөлімі
2.Қаржы шаруашылық бөлімі
3.Персоналды басқару бөлімі
4.Әлеуметтік сала және кәсіпкерлікті қолдау бөлімі
5.Саясат бөлімі
6.Тыныс - тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі
7.Инфрақұрылым бөлімі
8.Өндірістік - техникалық бөлім
9.Аббатандыру бөлімі
10.АХАТ бөлімі
Аппараттың миссиясы- Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданы аумағында қоғам мүдделерімен, даму қажеттіліктерімен үйлестіру, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу.

1.Ұйымның қызметімен, басқару құрылымымен және шаруашылық байланысымен танысу.

Аудан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2008 жылғы 5 тамызда құрылды Аудан аумағы - 39 004 гектар.
Жалпы капиталға инвестиция игеру көлемі 157 млрд. теңге. Жалпықалалық тауар, жұмыс және қызмет өндіруде аудандық потенциал 40% (құрылыс есебінен) құрайды. Есіл ауданында механизациаланған және қолмен тазалау жұмыстарына төмендегі коммуналды мекемелер тартылған: Астана Тазалық ЖШС және Астана Зеленстрой АҚ.
Кварталішілік тазалық қызметін Ишимавтотранс ЖШС (ірі қоқыстарды шығару) көрсетеді.
Тыйым салынған жерлерге бей-берекет қоқыс төгуді қадағалайтын кәсіпорын - АНК ЖШС.
Қала шетіндегі жасыл белдеуді күту қызметін көрсетуші - Астана Орманы КК, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен Астана-Горкоммунхоз АҚ айналысады.
Аудан Әкімінің аппараты қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан былай ҚТҚ) шығарудың саяжай алаптарын қоса алғандағы маршрутын жасады.
2009 жылы бюджеттік қаражатты дұрыс жұмсау мақсатында Есіл ауданының аумағы 3 микроучастокке бөлінді: 1 участок - Ақ-Орда, Орынбор көшесі (Сарайшық көшесінен 23 көшеге дейінгі) , Тұран көшесі ( Сарайшықтан Сығанаққа дейінгі аралық (Алтын квадрат); 2 участок - Шұбар кенті, Тұрандағы көпірден Сарайшыққа дейін, Қорғалжың шоссесі, Ильинка, Қараөткел, Комсомольский кенттері, газ аппаратурасы зауытының аймағы; 3 участок - 23 көшеден Әуежайға дейін, саяжай алаптары (4-8 ш.), Пригородный, Заречный, Тельман, Сельхозхимия кенттері.

2.Қала әкімі Аппаратының Аумақтық даму жоспарын талдау.

Аппарат бөлімдерімен, мемлекеттік органдар басшыларымен және өзге де ұйымдармен өзара әрекет жасайды. Аппарат қызметкерлерімен жұмыс уақыт тәртібінің сақталуын және Елбасы, Үкімет актілерінің орындалуын, қала және аудан әкімінің тапсырмалары мен өкімдерінің орындалуын бақылау. Өкілдік және атқарушы өкіметтің барлық деңгейіндегі органдармен аудан әкімінің өзара әрекет жасауын ұйымдастыру және ақпаратты қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісіне сайлауды өткізуді дайындауды және ұйымдастыруды жүзеге асырады. Бөлім мамандарымен бірлесіп жедел кеңестерді, есептік кездесулер мен дөңгелек үстелдерді дайындау. Іс-қағаздарды жүргізуді бақылауды қамтамасыз ету, хаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өзге де өтініштерін уақытылы қарау.
Білім, денсаулық, халықты әлеуметтік қорғау, кәсіпкерлік саласында бағдарлық құжаттардың орындалуына мағлұматтар дайындау, өз құзыретіне сәйкес олардың орындалуын бақылау. Нұр-Сұлтан қаласының білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, сәулет және қала құрылысы басқармаларымен, Тұтынушылар құқығын қорғау Департаменті, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы РММ, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық РМКК қалалық филиалымен өзара қарым-қатынасты орнатады. Әлеуметтік сала, кәсіпкерлік субъектілер ұйымдармен, Есіл ауданының Ардагерлер кеңесі, Астана қаласы әкімі жанындағы комиссиялармен қарым-қатынас орнатады. Семей ядролық сынақ полигонында жарылыстан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу мәселелерін қарайтын және халыққа әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия жұмысын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Жарнама туралы заңның орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. Стихиялық сауда орындарын анықтау бойынша жұмысты ұйымдастыру, алғашқы кезеңде қажетті азық-түліктің бағаларына бақылау жүргізу. Сала бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер мен хаттарды қарау, бөлім қызметінің бағыттарының мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау. Атқарылған жұмыстар жайлы апталық есеп, жоспарлы отырысқа ақпарат, жұмыс жоспарын дайындау. Еңбек және орындаушылық тәртіпке, тапсырмалар мен міндеттердің қызметкерлермен уақтылы орындалуын қадағалау.

3.Ұйымда персоналды басқару жүйесін және кадрлық әлеуетті талдау.

Есіл ауданы әкімі Аппаратында, персоналды басқару жұмысы қарқынды жұмыс жасайды. Бөлім қызметіне жалпы басшылық ету. Аудан әкімінің тапсырмалары мен шешімдерін уақтылы және сапалы орындалуын бақылау, сонымен қатар кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды рәсімдеу.Мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету. Қызметкерлердің еңбек тәртібін сақтауын бақылау. Айлық, тоқсандық, жылдық және ағымдағы есептерді және ақпараттарды қала әкімі аппаратына, Астана қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері басқармасына дайындау. Аудан әкімінің кадр мәселелері бойынша өкімдерін дайындау және тіркеу бойынша жұмысты жүргізу. Атқарылған жұмыс бойынша тоқсандық кіріс есебін дайындау. Бөлім қызметіне жалпы басшылық ету.
Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті - мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.
Функциялары:
1) мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
2) мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;
3) мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;
4) мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде) арқылы жүргізу.
5)кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру.
Нарықтық экономика жағдайында елімізде кез келген өндірістің әлеуметтік экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін персоналды басқарудың қазіргі кездегі түрлері мен әдістердің тәжірибеде пайдалану мәселелері ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі кезде меншік түрі әр түрлі кәсіпорындарда нарықтық қатынастардың дамуы мен кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған ұйымдық құрылымдарды басқару әдістері мен түрлерін қайта өзгерту көбінесе тиімсіз және қойылған мақсаттарға жеткізеді.
Персонал - бұл адамдардың жеке сапаларының күрделі жиынтығы, оның ішінде әлеуметтік психологиялық қасиеттеі басты рөл атқарады, персонал кәсіпорынның экономикалық және инновациялық кеңістігінің маңызды бөлігі. Алдыңғы қатарлы кәсіпорындар жұмыс кезінде адам ресурстарының басқа ресурстар түріне қарағанда артықшылығын дәлелдейтін философиясымен басшылық ету кезінде шаруашылық субьектілерінің табысты іс-әрекетінің негізгі әлеуеті кәсіп орын персоналында, олардың біліктілігі мен кәсіпорын мүдделерін берілгенінде екенін жақсы түсінеді. Персонал ұйымдағы барлық адамдар ресурстарының жиынтығы.
Персонал-бұл ұйымның болашағын анықтайтын стратегиялық фактор, себебі, тек адамдар ғана жұмысы орындайды, идеяларды ұсынады және кәсіпорынның әрі қарай дамуына мүмкіншілік береді.
Персоналды басқару іс әрекеттің функционалды ортасы, оның мәселесі кәсіпорынды керек уақытта, қажетті мөлшерде және талап етілетін сапада кадрлармен қамтамасыз ету, оларды дұрыс орналастыру және ынталандыру.
Персоналды басқару мақсаты жалпы ұйымның игілігі мен жұмыскерлердің жеке мүдделерін ескере отырып, әрекет ететін еңбекке қабілетті ұжымды қалыптастыру болып табылады.
Персоналды басқару жүйесі персоналдарды басқару мақсаттарының, функцияларының жүзеге асыратын жүйе ұйымның персоналын басқару жүйесі деп аталады.

4.Еңбек мотивациясын зерттеу және оның нәтижелері.

Қазіргі уақытта нарықтық қарым-қатынасқа өткеннен кейін жұмыскерлердің негізгі мотивациялық факторы бұл кепілді жалақы алу болып табылады. Адамдардың еңбекке құлшынуы тек қана жеке мүддеден тумайды, сонымен қатар қоғам мүддесін ойлаудан туады. Сонымен қатар адамның жұмысқа ынтасы оның жаңа еңбекке араласуындағы бейімделуі, кәсіби адаптация болып табылады.
Қазақстан Республикасын бүгiнгi таңда әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикадағы мемлекет ретiнде мойындап отырғанын атап өту керек, ол ТМД елдерiнiң iшiнде бiрiншi болып инвестициялық ел рейтингiне ие болды.
Еліміздегі еңбек қатынастарының арасында туындайтын мәселелер өзекті мәселелер қатарына жатады десек те болады. Жетілдірудің негізгі бағыттары: еңбек қатынастарының икемділігін арттыру, жеке еңбек шарттарының рөлін арттыру, мерзімді еңбек шарттарын қолдануға шектеулерді орынды жұмсарту, еңбек қауіпсіздігін күшейту және әлеуметтік сұхбатты дамыту. Республикамыздың экономикасының өңдеуші салаларындағы экономикалық тиімділіктің төмен болуы бізді елең еткізбей қоймайды. Бұл мәселені шешу барысында түрлі амал-тәсілдерді қолдануға болады. Соның бірі - еңбекті мотивациялау шаралары. Экономикалық тиімділікті жұмыстың жоғары нәтижелілігіне қызыққан жұмысшының өзін немесе өзгелерді қызметке тартуы арқылы көтеруге болары сөзсіз. Олардың істелген еңбектері сәйкесінше бағалануы да тиіс қой. Мәселен, қосымша төлемдер, сый ақылар және өзге де марапаттау шаралары жұмысшылардың көңілін жай қалдырмайтыны даусыз. Басқаша айтқанда, еңбек мотивациясының жеткілікті деңгейде жүзеге асырылуы, дербес алғанда - кәсіпорынның қызметіне, ал жалпы алғанда - ел экономикасына оңтайлы ықпал етеді. Сайып келгенде, бұл еңбек мотивациясы тақырыбының өзектілігін дәлелдейді. Кәсіпорындағы еңбек мотивациясын жетілдіруді ғылыми зерттеу жұмысымның тақырыбы ретінде алғанымның себебі де сол, яғни еңбек мотивациясының маңыздылығына, оның кәсіпорынның экономикалық тиімділігін арттыруға қосатын үлесінің зор екендігіне көз жеткізу.

5.Ұйымның тиімділігін бағалау көрсеткіші.

Жоспарлау, болжау тиімділік көрсеткіштерінің модельдерін дайындау;
Есіл ауданы әкімі Аппаратының даму болашағы туралы өзекті ақпарат ұсынылатын есептіліктің ашық жүйесін дайындау;
Егжей-тегжейлі сараптауды ұсынатын тиімділікті басқарудың бірыңғай жүйесін дайындау;
Жұмсалған еңбек пен шаруашылық істің нәтижесінің арасындағы қатынаспен бағаланатын өндірістің нәтижелігі. Техникалық тиімділік халық шаруашылық нәтижелерді сипаттайтын жаңа құрал-жабдықтарды, құрылғыларды қолданудың абсолюттік немесе салыстырмалы экономикалық тиімділік болып табылады. Ресурстарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштерін,энергетика
бөлім қызметіне жалпы басшылық ету, жер қатынастары, көлік, байланыс, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың қалалық қызметтерімен, өнеркәсіп мекемелерімен, құрылыс ұйымдарымен және аудан инфрақұрылымының өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілерімен өзара әрекет ету. Уәкілеттік қызметтерге отын-энергетикалық қорларды және суды тиімді пайдалануда көмек көрсету. Инженерлік желілердің және өзге де жұмыстардың өткізілуі бойынша жер жұмыстарының өндірісіне бақылау жүргізу. Жұмыс тобымен бірлесіп жер телімдерінің мақсатсыз пайдалануына және заңсыз құрылысқа жол бермеу, анықтау бойынша жұмыс істеу арқылы тұжырымдауға болады.

6.Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы.

2020 жылдың қаңтар-ақпан айлары бойынша Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы:
Қаланың ауданы: 797,3 мың. ш.м, оның ішінде:
Алматы ауданы - 154,7 мың. мың. ш.м, Сарыарқа ауданы - 67,7 мың. ш.м,
Есіл ауданы - 393,5 мың. ш.м,
Байқоңыр ауданы - 181,2 мың. ш.м. Халықтың саны: 2020 жылдың 1 қаңтарына - 1136,0 мың адам.
2020 жылдың 1 ақпанына - 1 140,6 мың адам.

Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мемлекеттік бағдарламасын жылдар бойынша қаржыландыруға 34,4 млрд. теңге сомасында 2006 жылғы республикалық және жергілікті бюджеттердің нақтылануы қосылды, оның ішінде: республикалық бюджетке - 29,7 млрд. теңге; жергілікті бюджетке - 4,7 млрд. теңге.
Жалпы елорданы көшіргеннен бері тартылған инвестицияның көлемі 6 триллион теңгеден асты. Соның 2 триллион теңгесі мемлекеттік бюджеттен бөлінді. Бұл ретте қазынаға түскен салық түсімдері қазірдің өзінде 4 триллион теңгеден асты. Бұл - мемлекет жүзеге асырған ең тиімді жоба. Көріп отырғандарыңыздай, мемлекеттің Нұр-Сұлтан құрылысына салған шығыстары ақталды. Бұған қоса, Нұр-Сұлтан былтыр бірінші рет бюджетіміздің донорына айналып, 900 миллиард теңгеден астам қаражат аударды. Барлық түсімдердің 75 пайызы қаладағы барлық жұмыс орнының жартысын қамтамасыз етіп отырған шағын және орта бизнестен түсіп жатыр.

7.ҚР жергілікті мемлекетті басқару.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiн, қызметiнiң ұйымдастырылуын, тәртiбiн, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.
Жалпы ережелер:
1)Әкім- жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттігі және өзін-өзі басқару функциялары берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі;
2) Әкім аппараты - жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда), әкімнің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме;
3) Әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасы - тиісті аумақта орналасқан, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар жүйесі;
4) Әлеуметтік инфрақұрылым - елді мекеннің қалыпты тыныс-тіршілігін функционалдық қамтамасыз ететін заңды тұлғалардың жиынтығы, оларға: әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру, мектепке дейінгі тәрбиелеу жүйелерінің ұйымдары; демалуға және бос уақытты өткізуге байланысты ұйымдар; бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану, қызметтер көрсету саласы, спорттық-сауықтыру мекемелері; халыққа коммуналдық қызметтерді өндіретін және ұсынатын ұйымдар жатады;
5) Жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
6) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган - жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме;
7) Жергілікті мемлекеттік басқару - осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ олардың тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі;
8) Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

8.Қазақстан Республикасының Өңірлік саясаты.

Өңірлік саясат - мемлекеттiң елдi тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамытудың стратегиялық мақсаттары мен мiндеттерiне жету үшiн тiршiлiк әрекетi мен шаруашылық жүргiзудiң аймақтық факторларын тиiмдi пайдалануға бағытталған жалпы саясатының құрамдас бөлiгi болып табылады. Қазақстан Республикасы өңірлік саясатының мақсаты халықтың тiршiлiк әрекетi үшiн салыстырмалы бiрдей мүмкiндiктер құру мен еңбектi аймақтық ұтымды бөлудiң және аймақтық өзiн-өзi басқаруды дамыту принциптерiн қалыптастырудың негiзiнде әрбiр аймақтың ресурстық-өндiрiстiк мүмкiндiгiн тиiмдi пайдаланудан тұрады. Аймақтық саясаттың мақсаттарына жету бiрқатар мiндеттердi кезең-кезеңмен шешудi қажет етедi. Бiрiншi кезеңде (1996-1997 жылдар) өңірлік саясатты жасау және оны жүзеге асыру үшiн алғышарт құру болжамдалады. Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында экономикалық белсендiлiктi мемлекеттiк ынталандыру арқылы жекелеген аудандарды сұрыпталған мемлекеттiк қолдауды үйлестiру жатады. Өңірлердің әлеуметтiк-экономикалық дамуына мемлекеттiң реттеушiлiк ықпалы халықтың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң тыныс-тiршiлiгiн құқықтық регламенттеу жүйесi және жалпы макроэкономикалық (бюджеттiк, салықтық, ақша-несиелiк), әлеуметтiк, экологиялық, құрылымдық-инвестициялық, сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру институттық қайта құрулар жүргiзу арқылы жүзеге асырылады. Оларды әзiрлеу және практикалық жүзеге асыру кезiнде белгiленген (жүзеге асырылатын) шаралардың шоғырландырушы аумақтық әсерi және олардың мүдделерiне сәйкес аумақтық әлеуметтiк-экономикалық кешендi дамуы ескерiлуi керек. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
төмендегі салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады:
* аймақтық даму;
* жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;
* сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық, елді мекендер шекарасы аясындағы (шегіндегі) сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау, жылумен және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеу;
* жер ресурстарын басқару, геодезиялық және картографиялық қызмет.
* Өңірлерді дамыту бағдарламасы;
* 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы;
* Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы;
* Қолжетімді тұрғын үй 2020 бағдарламасы;
* ҚР ТКШ жетілдірудің 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы;
* 2011-2020 жылдарға арналған Ақ бұлақ бағдарламасы;
* Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы.

Өңірлік саясат жөніндегі кеңес туралы ереже.
1. Жалпы ережелер
1. Өңірлік саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
4. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 11.04.2019 № 57- өкімімен.
Кеңестің міндеттері
5. Кеңестің негізгі міндеттері:
1) өңірлік даму және елдің әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мәселелері;
2) өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін және өңіраралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар және ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

9.Мемлекеттік қызметтің имиджі.
Мемлекеттік қызмет - бұл мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы лауазымдық өкілеттіктерін іске асыруға бағытталған мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын. Мемлекеттік қызмет үшін имидждің функционалдық және мәртебелік маңызы бар. Ол болып табылады оған деген сенім деңгейінің көрсеткіші және халықтың критерийі қоғамның басқару қызметінің тиімділігін бағалау, мемлекет жүргізіп отырған қайта құрулар. Ол белгілейді сәйкестік дәрежесі іс-қимылдар мемлекеттік органдардың талаптарына және үміттеріне нақты әлеуметтік топтар және тұтастай алғанда қоғамның. Осының салдарынан, имиджі мінезінің болашағын айтарлықтай шамада төмендетеді қатысты азаматтардың мемлекеттік билік органдарына, қоғамдық қолдау дәрежесін анықтайды, мемлекеттік қызметті және оны қалыптастыру бағдарламасын. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің қажетті шарты болып табылады тиімді жұмыс істеуін және дамуын осы әлеуметтік институттың, сондай-ақ шарт қызметінің тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызмет жүйесін.
Имидж (ағылшын сөзі " image) - бұл мақсатты түрде қалыптастыратын бейнесі (тұлға, ұйым, құбылыс), көрсетуге бағытталған белгілі бір эмоционалды-психологиялық әсер етеді белгілі бір тобына.
мемлекеттік қызметшінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Қазпочта” АҚ-ның Алматы филиалының персоналды бақарудағы қызметін талдау
Басқарудағы персонал еңбегі туралы
Персоналды басқару және жұмысқа тарту
Ұйымның персоналды басқару жүйесіндегі контроллингті жоспарлау
Персоналды пайдалануды жоспарлау
Кәсіпорында персоналды басқару жүйесі
Басқарудағы персонал еңбегі
Персоналдың еңбегін басқару
Мамандар бөлімінің басқару жұмыстарының қызметі
Кадрлық саясат
Пәндер