Аналитикалық тәсіл - сан есім сөзжасамының негізгі тәсілі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Филология және педагогика факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы

Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Сан есімдер сөзжасамы: оның лингвистикалық ерекшеліктерін танытудың жолдары

Мамандық шифры

Оқу бөлімі
5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті

Күндізгі

Орындаған: ________________Асан Д. Б.
Тексерген: ________________п.ғ.д., профессор Жахина Б.Б.
Бағасы: ___________

Көкшетау, 2020
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

І. САН ЕСІМДЕР СӨЗЖАСАМЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ

4
ІІ. САНДЫҚ ҰҒЫМ АТАУЫНЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫН ОҚЫТУДЫҢ АМАЛ-ТӘСІЛДЕРІ

16
ҚОРЫТЫНДЫ
22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
25

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі:
Сан есімдер сөзжасамы: оның лингвистикалық ерекшеліктерін танытудың жолдары тақырыптартын оқытуда тиянақты білім беру мақсатында анықталған әдіс-тәсілдердің оқушының алуға тиісті теориялық, білімділік дағдысын тереңдете, оқушының абстрактілі ойлауы мен шығармашылығын қалыптастыруда сабақтастықта оқытуда өзектілігі айқындалды.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Сан есім сөзжасамының ғылыми негізін анықтау;
Сандық ұғым атауының жасалу жолдарын талдау;
Сан есім сөзжасамын оқытудың амал тәсілдері көрсету;

Курстық жұмыстың міндеттері:
Сөзжасам өз алдына зерттеу объектісі бар тіл білімінің жеке саласы екендігін дәлелдеу;
Сан есім сөзжасамына қолданатын синтетикалық және аналитикалық тәсілдерді жүйелеу;
Сан есім сөзжасамы тақырыптарын оқытуда анализ-синтез, индукция-дедукция, салыстыру методтарын қолдану жолдарын талдау;

Курстық жұмыстың нәтижесі:
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері жүзеге асырылды; Сан есім сөзжасамы тақырыптарын оқытуда анализ-синтез, индукция-дедукция, салыстыру методтарын қолдану жолдары арқылы талданды; Сөзжасам өз алдына зерттеу объектісі бар тіл білімінің жеке саласы екендігін дәлелденді;

І. Сан есімдер сөзжасамының ғылыми негізі

Тіліміздің сөзжасам жүйесінің жеке бір мәселесіне сан есім сөзжасамы жатады. Сан есім сөзжасамының тілдің жалпы сөзжасам жүйесімен ортақ мәселелері, заңдылықтары болады. Алдымен, жалпы сөзжасам туралы қысқаша мәлімет беріп, содан соң сан есім сөзжасамына көшуді жөн көрдім.
Сөзжасам өз алдына зерттеу объектісі бар тіл білімінің жеке саласы. Сөзжасам объектісіне сөз жасаушы тәсілдер, сөз жасаушы тілдік элементтер, сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөзжасам үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, заңдылықтары мен мағыналары жатады. Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді.
Қазақ тілінің қазір қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінің негізі көне түркі тілінен басталып, дамып, толығып, күрделеніп, сұрыпталып, екшеле келіп жүйелі дәрежеге жеткен.
Қай тілде де сөзжасам ертеден келе жатқан тілдік құбылысқа жататыны белгілі. Түркі тілдерінің ең көне жазба ескерткіштерінің тілі бұл мәселеге толық куә бола алады. Көне жазба ескерткіштер тілінде негізгі түбір сөздермен қатар туынды сөздер болғаны белгілі. Олар: туынды түбір, күрделі сөз, бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы түрінде кездеседі. Басқаша айтқанда, көне жазба ескерткіштерінде де жаңа жұрнақтар арқылы сөздер тіркеседі.
Қазақ тілінде сөз жасауға қатысатын элементтерге түбір мен қосымша жатады. Түбір тілде түрлі аспектіде қаралып жүргенімен, дәл сөз жасаушы негізгі элементтердің бірі ретінде толық зерттелді деп айта алмаймыз. Ал түбірсіз ешбір сөз жасалмайды, сондықтан ол - сөзжасамдағы негізгі тұлға.
Сөздің сөзжасам жүйесінде өзіндік белгілі қызметі бар. Алдымен сөз жасаушы негізгі элементтің бірі ретінде танылуы оның жаңа сөздің мағынасын белгілеуде атқаратын қызметіне байланысты. Сөзжасам процесіндегі түбірдің негізгі тұлға болып саналатын себебі түбір сөздің лексикалық мағынасы жаңа сөздің лексикалық мағынасына арқау болады, өйткені тілде бір лексикалық мағына екінші лексикалық мағынаның негізінде жасалады. Туынды сөздің негізінде жаңа мағынасы жасалады. Мысалы: бала+лы, бала+лық, бала+ң, бала+жан, бала+пан т.б. Осы мысалдарда бес туынды сөздің мағыналарында жақындығы, ұқсастығы бар. Сөзжасамға түбір сөз ретінде қатысатын сөздердің бәрі лексикалық мағыналы сөздер болғандықтан, оларға тілде дербес сөз түрінде қолданылып жүрген сөздер жатады.
Сөз таптарының сөзжасамға қатысу қабілеті әр қилы. Актив түрінде қатысатын сөз таптары зат есім, сын есім, етістіктер. Бұл сөз таптары өз ішінде ғана емес, басқа сөз таптарының жасалуына негіз болады.
Тілдің сөзжасам жүйесінде түбір сөздер түрлі тұрғыда қызмет атқарады. Оның жасалуын жаңа аналитикалық тәсіл арқылы көруге болады. Аналитикалық тәсіл арқылы жаңа сөз кемінде екі түбір сөзден жасалады.Оның сөзжасамдық элементтері - түбір сөздер. Мысалы: он жеті, алып кел, келіп кет, үш бұрыш т.б.Сөзжасам жүйесінің өзінде түбір сөздердің атқаратын қызметі зор.
Сөзжасам жүйесінің негізгі элементіне сөз тудырушы жұрнақтарды жатқызуға болады. Тілді жаңа сөзбен байытуда сөз тудырушы жұрнақтардың атқаратын қызметі зор. Ол синтетикалық тәсілге жатады.Қазақ тілінде сөз тудырушы жұрнақтар өте көп.
Сөзжасам жүйесінде әр жұрнақтың өзіндік мағынасы бар. Оның мағынасы түбір сөзге жалғанғанда ғана белгілі болады. Мысалы: малшы, өнерпаз, қазақша т.б. Синтетикалық тәсіл жұрнақтың осы ерекшелігіне негізделеді.
Жұрнақтар өзі жалғанған түбірге сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа мағына жасайды. Мысалы: дәрі мен дәрігер, май мен майла, қазақ пен қазақша, орыс пен орысша, мал мен малшы, өлең мен өлеңші. Әр сөздің лексикалық мағынасының өзгешелігі жұрнақ арқылы жасалып отыр.
Сөзжасам жұрнақтарының ішінде жаңа мағына жасайтын жұрнақтармен қатар, сөзге үстеме беріп, түрлендіретін жұрнақтар да бар. Мысалы, сарғыш, кітапша, үйшік, т.б. Бұл жұрнақтар ғалымдар арасында талас туғызып отыр. Бірақ осындағы үй мен үйшік, кітап пен кітапша, сары мен сарғыш деген сөздердің әрқайсысы тілде өзінше лексикалық единица ретінде қолданылады. Олардың әрқайсысы тілдегі дайын тұрған қалпында сөйлемге енеді. Сондықтан оларды сөзжасам жүйесінің элементтері ретінде қаралады.
Сөзжасам жұрнақтарының өзіндік ерекшелігі-олар әр сөз табына телулі болады. Әр сөз табының жұрнақтары бар. Мысалы, үстеу, етістік, сын есім, зат есім жұрнақтары т.б. Кейбір жұрнақтар бірнеше сөз табына ортақ болып келеді. Тілімізде көп мағыналы жұрнақтар да көп кездеседі. Бұл процестің нәтижесінде бір сөз табының жұрнағы екінші сөз табының мағынасын қосып алады да, бұрынғы мағынасын сақтай отырып, екі сөз табында да қызмет атқарады. Осылай, бұл жұрнақтардың бірнеше сөз табына ортақтық қасиетін қалыптастыратын жолдың бірі болып саналады. Жұрнақтардың тілімізде атқаратын қызметі әртүрлі. Олар өте өнімді болып келеді. Мысалы: биші, әнші, хозшы, үгітші, өлеңші, етікші, жазушы, суретші, колхозшы т.б. Ал бірсыпыра жұрнақтар сөз талғап, белгілі сөздердің құрамында ғана кездеседі, сөз жасау жағынан өнімсіз болып келеді. Мысалға тілде мәсішең, бешпентшең, байпақшаң сияқты сөздердегі - шаң, -щең жұрнағы мәсі, бешпент, байпақ киген деген ұғымды білдіреді. Осы жұрнақ басқа киім аттарына жалғанбайды.
1920-1930 жылдар арасында - шыл, -паз, -ма, -лық, -ды, -ыс жұрнақтарының қызметі артты. Мұндағы - ды жұрнағы көне ескерткіштер тілінде өнімсіз жұрнақтарға жатқан. Ал совет дәуірінде - лық жұрнағы өте активтеніп, оның қызметі орасан артты. Сондықтан тілімізде қалалық, сенбілік, авторлық, бағалылық, жержүзілік, білімділік, бағалылық, қажеттілік, әлеуметтік, студенттік, социолистік, оқытушылық т.б.
Қазақ тілінің сөзжасамы жеке сала болғанымен, сөзжасамдық құбылыс әр сөз табымен байланысты, өйткені сөзжасамдық элементтер барлық сөз табына ортақ болмай, жеке сөз табына қатысты. Сөзжасамдық элементтер белгілі сөз таптарының мағынасын береді, сондықтан олар сол сөз табына қатысты ғана сөз жасайды. Осымен байланысты сөзжасамдық элементтердің белгілі сөз табына қатысы айқындалады да, олар белгілі сөз табының көрсеткіші саналады.
Сөзжасамның бұрынырақта әр сөз табының ішінде қаралып келгені де осымен байланысты. Қазір сөзжасам жеке қаралып жүргенімен, оның сөз табына қатысын жоққа шығаруға болмайды.
Қазақ тіліндегі барлық сөз табының сөзжасамдық мүмкіндігі бірдей емес. Зат есім, сын есім, етістік сияқты сөз таптарының сөзжасамдық қабілеті өте күшті. Олар сөзжасамдық элементтерге де өте бай, тілдің сөзжасамдық тәсілдерінің бәрі де бұл сөз таптарына қатысты. Сан есім, үстеу сияқты сөз таптарының жоғарыда аталған сөз таптарынан сөзжасамдық мүмкіндігі сәл төмен. Есімдік, одағай, еліктеуіш сөздер сияқты сөз таптары сөзжасам жағынан тым елеусіз, сөзжасамдық қабілеті жоқтың қасы. Ал шылау сияқты сөз табының сөзжасамдық элементтері де жоқ.
Сонымен бірге әр сөз табының сөзжасамдық өзінше ерекшелігі де болады. Бұл тұрғыда еліктеуіш сөздер мен сан есімді атауға тура келеді. Мысалға еліктеуіш сөздерде қосымша бірлі-жарым болып, қосақтау тәсілі негізгі орын алады. Сан есімде қосымшалар аз, негізінен аналитикалық тәсіл арқылы жасалады. Бұл ғана емес, сан есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуында да өзіндік ерекшелік бар, ол осы жұмыстан көрінеді.
Тіліміздегі сөз таптарының көбі өзінің құрамын сөзжасам процестері арқылы толықтырып, байытып отырады, олар үшін сөзжасам процесі-үздіксіз болып отыратын құбылыс. Бірақ сөзжасамдық процестін үздіксіз болып отыруы барлық сөз табына қатысты емес. Сөз таптарының сөзжасам жүйесіндегі осы ерекшелігіне қарап,үнемі дамудағы сөз таптары және белгілі деңгейдегі сөз таптары деп бөлуге де болады. Бірінші топқа зат есім, сын есім, етістік, үстеу жатады. Екінші топқа есімдік, сан есім, одағай, еліктеу сөздер, шылаулар жатады.

Сан атаулары-өте көне заманнан келе жатқан сөздер, оларды көне жазба ескерткіштерінен кездестіруге болады. Сан есімдердің көнелігіне байланысты, олардың қалай жасалғаны анық көріне бермейді. Марксизм-ленинизм қағидасы бойынша сан есімнің жасалуын өмірмен байланыстырылды. Ғалым В.В.Виноградов осы қағиданы негізге ала отырып, - орыс тіліндегі сан атаулары зат есім мен сын есімнен бөлініп шыққан, - дейді. Түрколог ғалымдарда да, осы пікір кездеседі. Ғалым Н.А.Баскаков: Сан есімдер - сын есім, үстеу сияқты белгі мағынасын білдіріп, есімдерден бөлініп шыққан сөз табы, - деген.
Қазақ тілінде сан есімді зерттеген Ә.Хасенов. Ғалым жоғарыда айтылған пікірді қолдай отырып: Түрік тілдеріндегі негізгі сөздік қорға жататын сан атаулары өмір шындығынан, конкретті заттан алынған, яғни зат есімдерден шыққан. Әрине, бұл жалпы сандық ұғымдардың дамуы математика ғылымының дамуымен байланысты, адамзат қажеттігінен туды деген пікірге ешбір қайшы келмейді, қайта оны толықтыра растай түседі. Екіншіден, белгілі бір құбылыстың өткен тарихын қазіргісімен салыстыра, оның қазіргі формаларын зерттей отырып ашуға, тануға болады дейтін марксистік қағиданы басшылыққа алсақ, қазіргі тілдік фактілер, мәселен жоғарыда келтірілген сандық семантикалы есімдер мен сөз тіркестері, түрік тілдеріндегі негізгі сан атаулары зат есімдерден бөлініп шықты деген жорамалымызды жоққа шығармайды, қайта растайды,-дейді. Бұл пікірлер-сан есімнің пайда болуы жайындағы жорамал. Бірақ бұл пікірлер нақты мағлұмат емес.
Сан есімдердің сөзжасамдық жүйесі өте ертеде қалыптасқан. Сан есімнің өзіндік сөзжасамдық элементтері, модельдері, типтері бар. Сан есім сөзжасамында сөзжасамдық тәсілдердің көбісі қолданылады. Бірақ барлық сөзжасамдық тәсілдер қолданылмайды. Мысалы, сан есім сөзжасамында аналитикалық тәсіл негізгі қызмет атқарса, семантикалық тәсіл қолданылмай, синтетикалық тәсіл өте өнімсіз келеді.
Сан есім сөзжасамдық элементтерінің қызметі белгілі заңдылықтарға негізделген. Сан есім-қосымшаға өте кедей сөз табы. Сан есімнің қосымшаларының қолданылуында өзіндік ерекшелік бар. Мысалы: сан есімнің жұрнақтары басқа сөз табына жалғанбайды, тек сан есімдерге ғана жалғанады. Басқа сөз таптарының қосымшалары өзге сөз таптарына жалғана алатын болса, сан есімде сөзжасамдық қосымшалары тек сан есімге жалғана алады. Сан есім қосымшалары жаңа мағына үстей алмайды, тек сандық атауларды түрлендіріп, оған мағына үстейді. Мысалы: Бірінші және екінші санаттағы елдерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру тоқтатылды (Е. Тоғжанов). Бұл сөйлемдегі бірінші, екінші деген сан есімдердің құрамындағы - інші жұрнағы реттік сан есімдер жасайды. Байқап отырғанымыздай, мұнда басқа сандық ұғым, атау жасалмаған. Сандық ұғымының үстіне реттік мағына қосылған.
Сан есімнің жасалу жолы аналитикалық тәсілмен байланысты. Жоғарыда айтып кеткендей, сан есім қосымшаларға кедей сөз табы болғандықтан, сан есімнің жасалуы таза аналитикалық тәсілге жатады. Сондықтан сан есім сөзжасамының аналитикалық тәсіл арқылы қатынасатын компоненттердің орын тәртібінің маңызы өте зор. Мысалы: қырық бес, сексен бір, алпыс алты, он тоғыз, он бес т.б. Осы сандық мағынаны білдіру үшін сандық компоненттерінің орны сақталу керек. Олардың орнын өзгертуге болмайды. Жоғарыда келтірілген мысалдардағы сандардың орнын өзгертіп бес қырық, бір сексен, алты алпыс, тоғыз он, бес он түрінде жазсақ, сандық ұғымның мағынасы өзгеріп кетіп, мүлдем басқа мағына туды. Бұдан шығатын қорытынды, сан есім аналитикалық тәсіл арқылы жасалғанда компоненттерінің орын тәртібі сақталып, тұрақты болуы керек. Оның ерекше мәні бар екенін мысалдардан анық көре алдық.
Сан есім құрамында кездесетін көне қосымшалар: -ыз-із (сегіз, тоғыз), -ты-ті (алты, жеті). Бірақ бұл морфемалардың этимологиясы белгісіз. Қосымша жиі кездеседі, бірақ басқа сандарда қайталанбайды. Ал сан есім сөздердің құрамында кездесетін басқа жымдасқан морфемалардың түп негізі белгілі сөзге барып тіреледі. Бұл заңды, себебі сан есім сөзжасамының негізі - аналитикалық тәсіл. Осыған дәлел ретінде жетпіс, сексен, тоқсан атауларын келтіруге болады. Ғалым Н.К.Дмитриев кейбір сан есімдердің этимологиясына тоқталып, алтмыш (алпыс), етмеш (алты), ете (жеті) сөздері - мыш, -меш жұрнақтары арқылы жасалса, алғашқы мағынасы он дегенді білдіру керек. Бұл сан есім формалары көптеген түркі тілдеріне қатысты дейді. Ғалым сексен, тоқсан сөздерін сегіз, тоғыз сөздерімен байланыстырып, бұл сан есімдердің құрамындағы екінші компоненті он сөзінің өзгерген түрі деп есептейді.
Ғалым Қ.Мұсаев осы пікірді қолдап, сан атаулары этимологиясы тұрғысынан: алты-мыш, йет (и) - миш, сексен (секиз он), тохсан (тоғуз-он) дейді.
Қазақ тілінің мамандарынан Ә.Хасенов былай дейді: -мыш, -міш формаларын айқындауда еске алынуы керек бір жайт, қазіргі чуваш тіліндегі реттік сан аффиксі - меш. Мысалы, чуваштарда бірінші, оныншы сияқты формалар перемеш, вунамеш түрінде қолданылады. Бұл форма түркі тілдерінде жоқ. - мыш аффиксі өте көне аффикс. Сондықтан - мыш он ұғымын білдірген деген пікірді түркологияда толық дәлелденген деуге тарихи дерек жоқ. Ғалымның бұл пікірімен қосылуға болады, себебі оған әлі ұтымды, әрі жаңа дерек қосылған жоқ.
С.Е.Малов ондық атауларының жиырма, отыз, алпыс, жетпіс сияқты түрлері екіон, үшон, алтыон, жетон атауларына қарағанда көне деп есептейді. Ғалымның айтуы бойынша, алғашқыларының этимологиясы белгісіз, соңғыларының этимологиясы анық екендігін негізге алады.
Ғалымдардың пікірін қорыта келгенде, сан есімдердің жасалуына қатысатын элементтер - тек қана сан есімдер. Сан есімнің семантикалық топтарының жасалуына сан есім мен басқа сөз таптары да қатыса алады. Әрина сан есімнің семантикалық топтарын жасауға кез келген қосымша қатыса бермейді. Қосымшалардың саны да түрлері да белгілі. Сан есім сөзжасамының өзіндік ерекшеліктерін айтатын болсақ, сан есімнің сөз тудырушы, сандық ұғым жасаушы жұрнақтары жоқ. Ешқандай сөз табы сан есім сөзжасамына негіз бола алмайды. Сан есім сөзжасамына тек сан атаулары ғана негіз бола алады. Басқаша айтқанда, сан есім сөзжасамы сан есімнің аясынан шықпайды.
Сан есімдер тек ішкі мүмкіндігі арқылы байып, толығып отырады. Басқа сөз таптарын қажет етпейді. Бұл ерекшелік басқа сөз таптарында кездеспейтін ерекшелік. Сондықтан бұл ерекшелікті сан есім сөзжасамының негізгі ерекшелігі деп санауға әбден болады.
Бірақ сан есімнің ешбір қосымшасы жоқ деп есептеуге болмайды, сан есімнің өзіне ғана тән аз да болса қосымшалары бар. Олар сан есімге қосымша мағына тудырмағанымен, сан есімді түрлендіріп, семантикалық топтарды жасайды. Сан есімнің қосымшалары басқа сөз таптарына қосылмай, тек сан есімге ғана жалғанады.
Сан есім сөзжасамының ендігі бір ерекшелігі - сан есім сөзжасамының модельдері мен тәсілдері. Олар бір кездері актив еді, қазір пассивті түрде қолданылады. Сан есім сөзжасамында актив қолданылатын тәсіл - аналитикалық тәсіл. Сан есімге жататын сөздер әлдеқайда көп. Сандық ұғымды білдіретін сөздер басқа ешбір халықтың тілінен кем емес. Аналитикалық тәсіл арқылы елу сегіз модель бойынша миллионға дейін 999980 күрделі сан атаулары жасалған. Сан есімді сөз табы дәрежесіне көтеретін осы күрделі сан атаулары. Бірақ олар сөздіктерде көрінбей жүр. Сөздікте жиырма шақты дара сандардың атаулары ғана берілген.
Сан есім сөзжасамына екі тәсіл қызмет етеді. Олар: синтетикалық және аналитикалық тәсілдер. Аналитикалық тәсіл-сан есім сөзжасамының негізгі тәсілі. Себебі, сан есімнің сандық атауларының бәрі аналитикалық тәсіл арқылы жасалады. Сан есімдегі есептік сан атаулары аналитикалық тәсілмен жасалған. Түбір сан есімдерге бірлік, ондық және жүз, мың деген сандар жатады. Бірақ барлығы емес. Ондық атауларының ішінде алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан сандары аналитикалық тәсіл арқылы жасалады. Бұл пікір түркологияға кең тараған және оны көпшілік түркологтар қолдайды. Мысалы, -пыс, -піс морфемасын қосымша десек, негізінде бұл морфемалар алғаш аналитикалық тәсіл арқылы бірлік пен ондық атауының тіркесінен жасалған. Бұл түркі тілдерінде бар құбылыс болып шықты. Оған хакас, алтай, якут тілдеріндегі ондық атаулары дәлел. Ондық атауларының бірлік-ондық моделімен жасалуы - түркі тілдерінде кең қанат жайған.
Бірлік, ондық, жүз, мың, миллион, миллиард деген сандық ұғымдармен сандар шектелмейді. Ең көп сандық ұғымдар, осы сандардың араласып келген түрлері. Күрделі сандық ұғымдарды білдіру үшін аналитикалық тәсілдің тіркестіру түрі қолданылған. Бұл тәсіл арқылы, бір сан екінші санмен тіркесіп, үшінші күрделі сандық ұғымды білдіреді. Мысалы: жүз елу, алпыс төрт, жиырма бес т.б. Бұл мысалдағы, жүз бен елу деген сандардан тұратын күрделі сандық ұғымды білдіру үшін жүз және елу саны тіркесіп, жүз елу деген күрделі есептік сан жасалған. Осы мысалға қарап, сан атауларының құрамы да, түрлері де күрделі сандар жасай алатындығы белгілі болды.Олар-аналитикалық тәсіл арқылы жасалған.
Осылай, аналитикалық тәсіл ондық атауларының жасалуынан басталып, қалған сан атауларын жасайды. Күрделі сан атаулары тек аналитикалық тәсіл арқылы жасалады. Мысалы, жүздік пен ондық (жүз он), ондық пен бірлік (он бір), жүздік, ондық, бірлік (жүз жиырма бір) деген күрделі сандарға тіліміз бай.
Сан есім сөзжасамы аналитикалық тәсіл арқылы жасалған кезде, екі я одан да көп сан атаулары бір-бірімен заңдылықтар, модельдер бойынша тіркеседі. Бірақ сандар қалай болса, солай тіркесе бермейді. Мысалы: он тоғыз, жиырма үш, қырық екі т.б.
Сан есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуындағы келесі заңдылық мағынаның жасалуына байланысты. Ол заңдылықтар арқылы сан атауын жасаушы компоненттер, есептік сандар белгілі қарым-қатынаста тұрады.
Сол қарым-қатынастың нәтижесінде ғана сандық атау туады. Олар екі түрлі заңдылыққа жинақталады:
1. Аналитикалық тәсіл арқылы сандық ұғым бір-біріне көбейтілуі арқылы жасалады: үш жүз, сегіз жүз, екі мың, жиырма екі мың, төрт жүз қырық төрт мың т.б. Кез келген есептік сан көбетілу тәсілі арқылы тіркесе алмайды. Күрделі компоненттерден құралған күрделі сандарға ғана кездеседі. Нақытырақ айтқанда, алдымен, жүздік сандар жасаушы компоненттер бір-бірімен көбейтіледі. Мысалы: төрт жүз, бес жүз, алты жүз т.б. Екіншіден, көбейтілу тәсілі мыңдық сандар атауының жасалуында қолданылады. Мысалы: төрт мың, бес мың, алты мың т.б.
2. Күрделі сандық ұғым компоненттерінің қосындысынан шығады. Мысалы: он+бес, жиырма+бір, жүз+сексен, жүз+бір т.б. Күрделі сандық ұғым компоненттерінен жасалған күрделі сан есімдер тілде өте көп кездеседі. Сол себепті, бұл тәсіл есептік сан есімнің жасалуындағы өте өнімді тәсіл болып есептеледі. Себебі, есептік сан есім компонент талғамайды, қолдану аясы кең, түрлі сан атауларының жасалуына қатыса береді. Мысалы: елу+бес, жүз+сексен тоғыз, тоғыз жүз+тоқсан тоғыз, жетпіс жеті мың+тоғыз жүз тоқсан тоғыз т.б.
Есептік сандар бір-бірімен жай ғана тіркесе бермейді, олардың бір-біріне көбейтілуі, қосылуы арқылы жаңа сандық мағына жасайды.
Аналитикалық тәсіл сан есімнің семантикалық топтарын жасай алады. Мысалы: екі жүзге тарта, үш мың шамалы, төрт-бес т.б. Бірақ бұл кезде аналитикалық тәсіл өнімді емес болып келеді. Ол тек кейбір семантикалық топтарда ғана қызмет атқарады.
Есептік сандар нақты сандық ұғымды білдіреді. Сан есім сөз табының көп бөлігін есептік сандар құрайды. Олар семантикалық топтар жасауға да негіз болады. Сол себепті де есептік сандардың атқаратын қызметі мен орны ерекше.
Тіліміздегі сан есімдер құрамын есептік сан есімдер толықтырып, байытқан, бірақ олар басқа тілден енген сөздермен байланысты емес. Орыс тілінен қазақ тіліне тек миллион, миллиард деген сөздер ғана енген болатын. Есептік сандардың қалғаны ішкі мүмкіндігі арқылы жасалған. Сан есім басқа сөз таптары арқылы өз құрамын байыта алмайды, ал есептік сандар арқылы жаңа ұғымдарды атауға негіз болады.
Тілімізде аналитикалық тәсіл арқылы сан есімнің жасалуы негізгі орын алады. Негізінен ол есептік сандарға қатысты болады.
Есептік сандар ішкі құрылысы жағынан алуан түрлі. Көзге түсетін ерекшелік олардағы сандық қатарлар. Мысалға бірлік, ондық, жүздік, мыңдық, миллион, миллиардтар секілді сандық қатарлар. Сандық қатарлардың аумағы өсіп отырады.
Есептік сандардың сөзжасамы күрделі сандар туғызады. Есептік санның сөзжасамында нақтылы сандар жасалады. Нақтылы санның аты жасалуы-тек есептік сандарға қатысты. Басқа семантикалық топтарда нақтылы сан атаулары жасалмайды. Семантикалық топтарда тек мағына түрленеді, яғни үстеме мағына қосылады.
Сан есім сөзжасамында аналитикалық тәсіл негізгі тәсіл болып есептелгендіктен, олар күрделі сан атауларына бай. Сан есімде дара сан атаулары өте аз, күрделі сан атауларына бай болып келеді. Сан есімде жиырма шақты ғана дара сөздер бар. Олар бірліктер мен сандық қатарлардың аты. Бірінші сандық қатарлар бірліктер болса, ал олар дара сандардан тұрады. Екінші сандық қатарлар ондықтар болса, олар да дара сандардан тұрады. Мысалы: он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан. Бірінші сандық қатар мен екінші сандық қатар араласып, үшінші сандық қатар пайда болады. Олар: ондықтар мен бірліктер. Ондықтар мен бірліктер араласып, күрделі сан құрайды. Мысалы: отыз алты, қырық тоғыз, жетпіс екі, сексен тоғыз, тоқсан сегіз т.б.
Тіліміздегі сандық қатарлар күрделі сандардан тұрады. Әр сандық қатарлардан соң күрделі сандар қосылады. Мұның бәрі тілімізде күрделі сан атауларының көп екендігіне дәлел. Сан есімдерде дара санға қарағанда, күрделі сан атаулары 999980 екен белгілі. Осыған қарағанда, дара санға қарағанда күрделі сандар өте көп. Сан есім-есімдік, шылау, үстеу, одағайларға қарағанда, сөзге бай сөз табы.
Екі немесе одан да көп сандардың бір-бірімен тіркесіп, құрамындағы сандардан басқа сандық ұғымды білдіретін түрі күрделі сан атаулары деп аталады. Мысалы: алпыс алты, жүз сексен жеті, бес жүз алпыс бес, төрт мың төрт жүз елу жеті т.б. Мысалда келтірілген төрт күрделі сан атауының бірігуі - екі, үш, төрт, алты сөзден тұрады. Осы төрт сан құрамдары төрт түрлі болғанымен, төртеуі де күрделі сан атауы болып есептеледі.
Күрделі сан есімдер жасалу тәсілі, модельдері ертеден келеді. Мысал ретінде, Орхон жазбаларын келтіруге болады. Ондықтар: екон,учон, йетміш, сегіз он; ондық пен бірлік аралас сандар: йеті йегірмі, секіз йегірмі, алты отуз, йеті отуз, екі отуз, уч отыз, біс йегірмі, алты йегірмі, бір отуз; жүздіктер: йеті йуз, беш йуз; мыңдықтар: йеті бің, екі-үч бің, алты бің;
Күрделі сандардың құрамына қарамастан, олар сөйлемде бір сөздің қызметің атқарады, бір сөйлем мүшесі болады.
Түркі тілдері де күрделі сөзге бай. Осының бәрі түркі тілдерінің сөзжасам ерекшеліктеріне байланысты. Күрделі сөзге ең бас сөз табы-сан есімдер.
Сан есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалады. Бұл синтетикалық тәсілге - ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағы жатады. Есептік сан есімнен бұл жұрнақ арқылы реттік сан есім жасалады.
Реттік сан есімнің - ншы, -ыншы жұрнағы көне замандардан келе жатыр. Ғалым А.Н.Кононов көне түркі жазба ескерткіштерінде реттік сан есім үш түрлі қосымша арқылы жасалатындыған айтты. Олар: 1) - НЧ (токуз-унч); 2) - нті (екінті-екінші); 3) - кі (ілкі-бірінші) - нті, -нч, -ынч, -інч аффикстері арқылы реттік сан есімнің жасалуын Ғ.Айдаров айтты. Ғалым А.К.Кононов көрсеткен аффикстердің соңғы екеуі қазақ тілінде сан есімнің қосымшасы ретінде танылмайды.
Реттік сан есімдер нақтылы сандық мөлшерді білдірмейді, заттың реттін, тәртібін білдіреді. Мысалы: Төртінші рет әкесі мүлдем алыс кетті (Х.Есенжанов).
Келтірілген мысалда төртінші реттік саны реттілік ұғымын білдіріп отыр.
Реттік сан есім заттың ретін білдіргендіктен, зат есіммен тіркесуін керек етеді. Бұл реттік сан есімді аздап, сын есімге ұқсатады. Себебі бұл қолданыста заттың белгісін білдіру ұғымы байқалады. Мысалы: Арайлым университеттегі бірінші студент дейтін болсақ, ол ең жақсы студент, алдыңғы студент, үлгілі студент деген сияқты мәнді білдіреді. Бірақ ол тек контексте ғана сондай ұғым бере алады.
Реттік сандар қолданылуына қарай тағы бір ерекшелік бар. Ол-реттік сан есімдердің субстантивтенуі. Субстантивтенген реттік сан есімдер есімдерше түрленіп, зат есімдердің атқаратын синтаксистік қызметте қолданылуы. Мысалы: Бұл-он бесіншісі (С.М.)
Реттік сан есімдер заттың саның ғана емес, жыл, ай, күн сияқты мезгілдің ретін білдіреді. Мысалы: Өнеркәсіптің жалпы өнімін 1965 жылы 1958 жылғыдан шамамен 80 процент, оның ішінде А тобы бойынша 85-88 процент, Б тобы бойынша 62-85 процент арттыру белгіленді (СҚ).
Қазақ тіл білімінде жинақтық сан есім жасаушы аффикс - ау, -еу. Жинақтық сан есім бірден жетіге дейін бірлік сан есімдерден тұрады. Жинақтық сан есім жасауда ол сандық ұғымды мүлдем өзгертпей, оған тек жинақтау мәнін қосады. Оның мәнін абстракцияландырып, заттық ұғым қосады. Мысалы: Үшеу де болса жетеді. Екеуі оңашада отыр (Ғ.М).
Қазіргі түркі тілдерінде жинақтық сан есімдердің - ау,-еу,-у дыбыстық варианттары қолданылып жүр. Мысалы: татар, қарақалпақ, башқұрт тілдерін келтіруге болады. Басқа түркі тілдерінің бұл қосымшалардың осындай - ав, -ов, -ев, -гу, -игу, -оо, -өө дыбыстық варианттары кездеседі. Жинақтық сан есімдер, көне түркі тілінен келе жатқан сан есімнің семантикалық тобы болып табылады. Оны біз ғалым А.Н. Кононовтың мына сөзінен көре аламыз: Жинақтық сан есім - есептік сандардан жинақтық-көптік көрсеткіштер арқылы жасалады: 1) - гун, -ғун-г-ғ+н қосымшалары тек бір мысалда ғана кездеседі: учагунүшеуі. Құдатқу білікте (ХІғ.) бұл мысалда анықтауыштық қызметте жұмсалады. Әрі қарай бұл фонетикалық жолмен өткен болатын: -ғун, -гу, -ві, -в, -у, -ү. 2) - н қосымшасы - ғун қосымшасымен тек жинақтық, көптік мағыналы көрсеткіш, ескерткіштерде жалғыз екін ара (екеуінің арасында) деген бір ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сан атаулары — өте көне заманнан келе жатқан сөздер
Сан есімнің мағыналық топтарының сөзжасамы
Зат есімнің сөзжасамы және оның қызметі
Үстеу сөзжасамының ерекшеліктері
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Мектепте киелі сан есімді оқытудың тиімді әдістері
Сын есім сөзжасамы
Мұнай және газ саласындағы терминологиялық өрістің ерекшелігі
Сөздің құрамы мен құрылымы
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰРАНДЫ ЕТІСТІКТЕР
Пәндер