Банктік операцияларға лицензия алу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

«Қорғауға рұқсат етілді»

Академиялық құрылымдық бөлімше жетекшісі

«», э. ғ. д., профессор

Адамбекова А. А.

«__» 20___ж., Хаттама №

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы « Коммерциялық банктердегі электрондық байланысты дамыту(«Еуразиялық банк» АҚ мысалында) »

«5В050900 - Қаржы» мамандығы бойынша

Орындаған:

«5В050900 Қаржы» мамандығы бойынша

3 курс студенті

Н. Б. Омар
Орындаған:«5В050900 Қаржы» мамандығы бойынша3 курс студенті:

Ғылыми жетекші:

э. ғ. д., профессор

:
Н. Б. Омар: М. Т. Кульжабаева

Алматы қаласы, 2020

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫҢ ПАСПОРТЫ

  1. Тақырыбы:«Коммерциялық банктердегі электрондық байланысты дамыту(«Еуразиялық банк» АҚ мысалында) »
  2. Мақсаты. Дипломдық жобаның тапсырмалары:
  3. Жобаның сипаттамасы:
  4. Түйін сөздер:
  5. Дипломдық жобаның орындалу уақыты:
  6. Ғылыми жетекші:

Орындаған: «5В050900 Қаржы» мамандығы бойынша 3 курс студенті Омар Нарқыз Болатқызы

Мазмұны

КІРІСПЕ
4-5
КІРІСПЕ:
  1. Коммерциялық банкті басқару жүйесіндегі қаржылық менеджменттің теориялық негіздері
4-5: 6-14
КІРІСПЕ: 1. 1. Коммерциялық банктегі қаржы менеджменттің экономикалық маңызы және рөлі
4-5: 6-8
КІРІСПЕ: 1. 2. Қазақстандағы банк жүйесін реформалау ерекшеліктері
4-5: 9-11
КІРІСПЕ: 1. 3. ҚР-ғы банк қызметін ашу және ұйымдастыру
4-5: 12-14
КІРІСПЕ:
  1. ҚР екінші деңгейдегі банктердің нарық жағдайындағы қызметін талдау.
4-5: 15-29
КІРІСПЕ: 2. 1. Банктің дамуы және басқару құрылымы
4-5: 15-19
КІРІСПЕ: 2. 2. Банктің клиенттеріне көрсетілетін негізгі қызмет түрлеріне жалпы сипаттама
4-5: 20-24
КІРІСПЕ: 2. 3. Банктің активтік операцияларын бағалалау және жіктеу
4-5: 25-29
КІРІСПЕ:
  1. Коммерциялық банктер қызметінің нарық жағдайында даму болашағы
4-5: 30-35
КІРІСПЕ: 3. 1. Банк қызметін жиынтық қадағалау әдісін жетілдіру
4-5: 30-32
КІРІСПЕ: 3. 2. Банк қызметін рейтингтік бағалау жүйесі
4-5: 33-35
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
4-5: 36-37
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4-5: 38
КІРІСПЕ: ҚОСЫМША
4-5:

Кіріспе

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер экономикамыздың нарықтық қатынастарға шығуына байланысты 1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында ашыла бастаған. Екінші деңгейлі банктердің көптеп ашылуы алғашқыда объективті құбылысты көрсетті. Сол уақыттарда коммерциялық банктер аты айтып тұрғандай коммерцияға, яғни саудаға қызмет жасай бастаған. Оған басты себеп, экономикалық дағдарысқа байланысты өндірістің тоқтап қалуы еді. Сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерде шоғырланған ақша қаражаттары қысқа мерзімдік сипатта болғаны да жасырын емес. Аталған уақыттарда пайда табу мақсатында банктер көп ашыла бастаған.

Екінші деңгейлі банктер құрылымында атаулы өзгерістер 1995 жылы Қазақстан Ұлттық Банкі Базель келісіміне қол қойған күннен бастап орын ала бастады. Аталған өзгерістер Қазақстан Ұлттық банкінің банк жүйесін реформалауды жүргізу және жалғастыруынан туындады.

Бұл реформалау банктер санының қысқаруына алып келді. Көптеген банктер жабылып, не болмаса біріктіріліп, тек бәсекеге қабілетті банктер ғана қала бастады.

2000 жылдардан бергі уақыттарды Банк саласының тұрақты даму уақыты деп атауға болады.

Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер тек саудаға емес, өнеркәсіптің көптеген салаларына жұмыс жасайды.

Еліміздің бірегей, алдыңғы қатарлы екінші деңгейдегі банктері бәсекеге қабілеттілігі мен табыстылығын жоғарылату мақсатында өз клиенттеріне кең ауқымды қызмет түрлерін көрсетуге ұмтылатыны белгілі.

Бұл жердегі басты нәрсе, клиенттерге қолайлы жағдай жасау, банктің ең төменгі шығындармен клиенттерге банк қызметтерін көрсету, клиенттер талап еткен жұмыстарға қолайлы бағаларды қоя отырып, банк қызметін дамытуды білдіреді.

Банк операцияларының қолайлы, әрі тиімді жүйесі өз клиенттеріне ішкі жинақтарды шоғырландыруға жақсы жағдай жасау болып табылады. Сондықтан қазіргі уақыттағы енді қалыптасып келе жатқан құбылмалы экономиканың қажеттілігіне жауап бере алатын қолайлы банктік қызмет көрсету жүйесі мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.

Қазіргі экономика жағдайына қарай, ақпараттық технологиялардың үзіліссіз даму заманында өз кәсібін дамыту мақсатында, шаруашылық жүргізу үшін, сұранысқа ие болып, мол пайдаға қол жеткізу үшін кәсіпорындардың барлығы дерлік тауардың жаңашыл түрін шығаруға, жаңа қызмет түрлерін ұсынуға тырысады. Дәл сол секілді банк саласы да жаңа қызметтерді енгізуге және дамып, жетілуге баса назар аударып жатыр.

Қазіргі банк саласындағы қызметтерге дебеттік карточкалар, банк аралық электрондық есеп-айырысулар, несие, салымдар және әлемдік нарық жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы т. с. с. жатады.

Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстанның банктер жүйесінде елеулі өзгерістер жиі болып тұратындығы анық. Қазіргі уақытта нарықтық экономикада өз орнын таба білген дамыған елдер тәжірибесін назарға ала отырып, банк саласын халықаралық стандартқа өткізу еліміздің экономикасы үшін аса маңызды болып табылады.

Қазіргі таңда Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер өз жұмысын 1995 жылы 30 наурызда қабылданған "ҚР Ұлттық банкі" және 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған "ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы" ҚР заңдарын басшылыққа ала отырып жасайды.

Коммерциялық банк дегеніміз - банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді.

Сонымен, менің таңдаған дипломдық жұмысымның өзектілігі қазіргі екінші деңгейлі банктер жұмысынының құрылымы, екінші деңгейлі банктердің өнімі, корпоративтік басқару және капиталды арттыруға, жалпы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты проблемаларды зерттеумен және электрондық байланыстарды дамытумен сиппатталады.

Зерттеу объектісі ретінде еліміздегі екінші деңгелі банктердің нарық жағдайындағы даму процесін, олардың қызметі, олардың клиенттерге қызмет көрсету түрлері мен операцияларын және өнімдерін таңдадым. ҚР-дағы екінші деңгейлі банктер арасынан АҚ «Еуразиялық банкі» дипломдық жұмысымның басты объектісі болмақ.

Дипломдық жұмысымның басты мақсаты - нарық жағдайындағы екінші деңгейлі банктердің қызмет ету ерекшеліктерін, нақтырақ айтқанда «Еуразиялық банкі» АҚ-ның жұмыс істеу процессін теориялық және практикалық тұрғыдан оқып, қазіргі нарыққа сай оның қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жолдарын іздестіру.

Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:

  • Екінші деңгейлі банктердің мәнін зерттеп ашу;
  • ҚР-дағы банк реформаларына сипаттама жасау;
  • Банк ашу және банк жұмыстарын ұйымдастыру процесін қарастыру;
  • Еліміздегі екінші деңгейдегі банктердің қызметіне талдау жасау;
  • Банктің қаржылық-шаруашылық жағдайын және ресурстарының қалыптасу көздерін талдау
  • Банктік операциялар қызметін жіктеу мен дұрыс бағалау процесін қарастыру.

Дипломдық жұмыстың теориялық негізінде Қазақстан Республикасының заңдары, екінші деңгейлі банктердің қызметін ұйымдастыруға бағыттап жазылған отандық және шетел ғалым-экономистердің еңбектері, Қазақстан Ұлттық Банкі және "Еуразиялық банк" АҚ ресми сайттарының мәліметтері пайдаланылды.

Дипломдық жұмыс құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Бөлім. Коммерциялық банкті басқару жүйесіндегі қаржылық менеджменттің теориялық негіздері
1. 1. Коммерциялық банктегі қаржы менеджменттің экономикалық маңызы және ролі

Банктер нарықтық экономикада ең маңызды қаржы институттары болып табылады. Банктік жүйе уақытша бос ақша құралдарын жұмылдыра отырып, оларды еліміздің байлығын арттыратын тобы алып келетін капиталдың жұмыс жасауына айналдырады. Сондықтан, банк капиталының жұмыс жасау тиімділігі экономикалық өсу мен өмір сүру деңгейінде шешуші фактор болып табылады.

Қазіргі кездегі қазақстандық банк капиталы өзінің даму сатысына көтеріледі. Ақша-несие саясатының қатаңдығы, тұрғындардың нақты табыстарының даму деңгейі қарқындарының түсуі коммерциялық банктердің жұмыс жасауына жаңа орта құрды, бірақ көптеген банктер оған дайын емес еді. Сондықтан, қазіргі менеджменттің сапасы - фирманың, еліміздің, саланың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын басты фактор.

Басқарудың тиімділігі экономиканың кез келген субъектісі үшін фундаментальды маңызға ие, әсіресе оның рөлі коммерциялық банктердің жұмыс жасау механизмінде ерекше. Банк бизнесінің маңызды ерекшелігі мынада, бұл жерде тәуекелдің дәрежесі өте жоғары, сондықтан кез келген басқарушылық қате өтімділіктің жоғалуына, төлем қабілеттілікке және банкротқа ұшырауға алып келеді. Соңғы жылдары «басқару» деген түсінікпен салыстырғанда, «менеджмент» түсінігі сәнді болды.

Қазақстанның банктік энциклопедиясында бұл түсінікке мынадай түсіндірмелер келтірілді: менеджмент (басқару, ұйымдастыру, меңгеру) жоғары экономикалық нәтиже алудағы оптималды тәсілдерді таңдауға бағытталған нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынды (фирма) басқару арқылы анықталады. Осылайша, менеджмент мәнінің келесідей принциптері мен элементтері ұсынылады (кесте1)

Кесте 1

Менеджменттің қағидалары мен мәні

Менеджменттің қағидалары
Менеджменттің мәні
Менеджменттің қағидалары:
  1. Фирманың нақты және анық стратегиясымен оның шекарасында іздеу еркіндігі.
Менеджменттің мәні:
  1. Фирманың мақсаттары мен міндеттерін анықтау
Менеджменттің қағидалары:
  1. Мамандандырылған ақпарат жинау, сыртқы байланыстарды, персоналдармен алмасу жаңа идеяларды белсенді түрде іздеу жүйесін құру.
Менеджменттің мәні: 2. Осы мақсаттарға жетуде тиімді тәсілдерді шығару.
Менеджменттің қағидалары:
  1. Бағалау жүйесін құру мен жаңа идеяларды жүзеге асыру.
Менеджменттің мәні: 3. Практикада басқарушылық шешімдерді іске асыру.
Менеджменттің қағидалары:
  1. Жеке мүдделер мен іздеу мақсаттарының интеграциясы.
Менеджменттің мәні: 4. Алынған нәтижелерді талдау
Менеджменттің қағидалары:
Менеджменттің мәні:
  1. Алдын ала қабылданған шешімдерге өзгерістер енгізу және олардың оптимизациясы.
Менеджменттің қағидалары:
Менеджменттің мәні:
  1. Кадрларды оқыту мен дайындау.

Мұндай жағдайда банктер қызметіне келтірілген пункттердің жиынтығы мен олардың пайдаланушылығы маңызды емес, тек қана жоғарыда қойылған сұраққа жауап беруге көмектесетін менеджмент туралы нақты көрсетілім береді.

Банктік менеджмент - жалпы стратегиялық және тактикалық жоспарлаумен, реттеумен, банктік іс-әрекетті қадағалаумен, қызметкерлерді басқарумен байланысты қарым-қатынастарды басқару. Басқаша айтқанда, банктік менеджмент - бұл ақша ресурстарын пайдалану және құрумен байланысты қарым-қатынасты басқару, яғни банктік саладағы қаржы менеджменті және қызметшілерді басқару жиынтығы.

Банктік менеджментті қаржы менеджментіне және қызметкерлерді басқаруға бөлу коммерциялық банктегі объект құрылымына байланысты. Сондықтан оны банктің іс-әрекеті ретінде қарауға болады (2 кесте) .

Кесте 2

Банктік менеджменттің қызметі

Қаржы менеджменті
Қызметкерлерді басқару
Қаржы менеджменті:
  1. Активтерді және пассивтерді басқару
  2. Өтімділікті басқару
  3. Меншікті капиталды басқару
  4. Қарыз капиталын басқару
  5. Банктік тәуекелділікті басқару
  6. Несие қоржынын басқару
  7. Банк ішіндегі бақылауды ұйымдастыру
Қызметкерлерді басқару:
  1. Әкімшілік ұйымдастыру жүйесі және еңбек ақы
  2. Қызметшілерді таңдауды ұйымдастыру
  3. Қызметшілерді дайындауды ұйымдастыру

Банк - жеке және қарыз капиталдарын басқаратын ұйым. Бірақ, «капиталды» әлеуметтік-экономикалық процестердің дамуының негізі ретінде қарауға болады. Капиталға берілген осы түсініктеме адамдар арасындағы қарым-қатынастарды анықтайды. Сондықтан, адам капиталын басқару - бұл несиелік ұйымды басқару процесінде адамға деген қатынас. Банк үшін бұл пайда, өтімділік, тұрақтылық т. б. болуы мүмкін. Банктік менеджменттің үлгісі келесі кестеде көрсетілген (3 кесте) .

Қаржылық менеджменттің өзіндік ерекшелігі несие банктік жүйенің экономикалық процестердегі біркелкі технологияларды қамтымауында деп білуге болады. Коммерциялық банктегі қаржының, менеджменттің басты ерекшелігі де - нарықтық экономикасының алғашқы тобындағы барлық ақша функциясын жүйелі түрде басқару, яғни ерекше экономикалық субъект болуында. Қаржылық менеджменттің негізгі банктегі қаржылық операцияларды зерттеу және банк клиентінің ақшасын басқару процестері болып табылады.

Кесте 3

Банктік менеджменттің міндеті

Міндеті
Шешілетін міндеттердің мазмұны
Міндеті:

Банктік саясат

Банктік маркетинг

Банктік өнімдерді құру

Клиенттерге қызмет көрсету, қызметтерді сату, банктің клиенттік базасының құрылуы

Шешілетін міндеттердің мазмұны:
  1. Негізгі міндеттердің қойылымы.
  2. Кешенді бағдарламамен жобаны өңдеу.
  3. Банк іс-әрекетін басқару әдістемесін өңдеу.
  4. Банкті дамыту саясатын таңдаумен байланысты банктік ұйымдық құрылымын өңдеу.
  5. Банктің қызметшілерін басқару стратегиясы қызметші жұмысын ұйымдастыру;

Қызметшіні ынталандыру.

  1. Нақты нарықты таңдау.
  2. Банктік қызметті дамыту үшін ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттарды орнату.
  1. Клиенттерге қызмет көрсету үшін жаңа банктік технологияларды енгізу.
  2. Банк клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін банк іс-әрекеті процесінде ақша қорларының нысанын өңдеу.
  1. Банктік қызметтің жаңа нарығын жаулап алу. Бәсекелестікті нығайту, банктің ресурстық базасын кеңейту, қосымша пайда әкелетін ақша ағымдарын құру.
  2. Пайда табу
Міндеті:

Экономика және қаржы

Ақпараттық қамтамасыз ету

Әкімшілдік

Шешілетін міндеттердің мазмұны:
  1. Капитал өсімі.
  2. Өтімділікті және пайданы басқару.
  3. Банк дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
  4. Банк шығындарын басқару.
  1. Қаржы операциясын жоспарлау жүйесі.
  1. Банктің даму стратегиясын таңдаумен байланысты қызметшінің мамандығы.

1. 2 Қазақстандағы банк жүйесін реформалау ерекшеліктері

Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы процесінің тарихы тереңде жатыр. Жалпы Қазақстанның банк жүйесінің тарихы революцияға дейінгі Ресей және бұрынғы Кеңес үкіметінің тарихымен тығыз байланысты. Еліміздің банк саласының қалыптасып, дамуы бірнеше банктік реформаға байналысты өрбіген. Атап айтқанда

- 1987 - 1988 жылдар аралығындағы реформа;

- 1995 жылғы банктік реформа;

- 1996 - 1998 жылдар аралығындағы банктік реформа.

1987-1988 жылдар аралығында Кеңес үкіметі аумағында банк реформасы жүргізілген болатын, ол қазіргі күнгі Қазақстанның банк жүйесінің бастамасы болды. Банктік реформа нəтижесінде КСРО Мемлекеттік банкі мен КСРО Құрылыс банкінің мекемелері негізінде бірнеше банктер құрылды. Атап айтқанда Өндірістік құрылыс банкі, Агроөнеркəсіп банкі жəне Тұрғын үй əлеуметтік банкі құрылған болатын. Олардың әрбірінің өз атқаратын міндеттері болды. Мысалы: Өндірістік құрылыс банкі - өнеркəсіп жəне құрылысқа несие беру және есеп айырысу қызметін көрсетсе, Агроөнеркəсіп банкі - агроөнеркəсіп кешеніне несие, есеп айырысу қызметін қамтамасыз етіп оотырды, Тұрғын үй əлеуметтік банкң - əлеуметтік саладағы кəсіпорындарға кредит - есеп айырысу қызметін қамтамасыз етті. Сонымен қатар, Кеңес үкіметінің Мемлекеттік банкі құрамында болған жинақ кассалары негізінде - КСРО Жинақ банкі, Сыртқы сауда банкі негізінде- КСРО Сыртқы экономикалық банкі құрылды. Осыған орай, Мемлекеттік банктер кәсіпорындар мен мекемелерге касса және несие есеп айырысу қызметтерін көрсетуді біртіндеп тоқтатты. Солайнан, КСРО-ның Орталық банкіне айналды. Бұкіл Қазақстан бойынша жоғарыда көрсетілген банктердің бөлімшелері ашылып, клиенттерге қызмет көрсете бастады.

КСРО-ның Өнеркәсіп-құрылыс банкісіне несиелік саясатты жүргізу, негізгі қызметі ретінде несиелеу жүйесінің тиімділігін арттыру, капитал жұмсалымын қаржыландыру мен несиелеу, сондай-ақ өнеркәсіпте, құрылыста, көлік пен байланыста, мемлекеттік қамсыздандыру жүйесінде есеп айырысу жұмыстарын ұйымдастыру қызметтері бекітіліп берілді. Сонымен қатар, бұл банк осы шаруашылық салаларындағы кәсіпорындар мен бірлестіктердің есеп айырысу, ссудалық және басқа шоттарды жүргізді. Осындай несиелік есеп айырысу қызметтерінің түрлерін ауыл шаруашылық кешені кәсіпорындарында Агроөнеркәсіп банкі, әлеуметтік аумақтағы және сауда саласының кәсіпорындары мен ұйымдарында Тұрғын үй әлеуметтік банкі, халыққа қызмет көрсетуге бағытталған Жинақ банкі жүргізді.

Сыртқы экономикалық банк, экспорттық және импорттық операциялар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырды.

Мамандандырылған банктер құрылымы әкімшіл-аумақтық қағидаға сәйкес құрылды. Республикалық банктер одақтас республикаларда және банктің басқармалары саласында ұйымдастырылды. Аудан немесе қала деңгейінде бұл банктер өздерінің мекемелерін ашады. Әр мамандандырылған банктің бір мекемесі әр аудандағы өзіне тиісті клиенттерге ғана қызмет көрсеткен. Жинақ банкісінің мекемелері аудандармен қоса ұжымшар және кеңшарларда жұмыс жасады. Жинақ банкісінен басқа мамандандырылған банктердің төменгі буындары мамандандырылуына қарамай-ақ, сол аудандардың барлық клиенттеріне бірдей қызмет көрсетті. Шындап келгенде, мамандандыру тек банктің жоғарғы басқару деңгейінде ғана жүргізілді, ал төменгі деңгейдегі мекемелер әмбебап мекемелерге айналған болатын.

Мамандандырылған банктер санына байланысты оларда төрт несиелік жоспар болған. Бұл банк клиенттерінің әр түрлі болып келуі несиелік ресурстарды құрауға байланысты бірқатар мәселелерді тудырды. Банктен банкке өзара аймақаралық есеп айырысу жүйесі арқылы құйылатын қаражаттардың бақылаусыздығы арта түсті. Әр банк өз ресурстар көлемінде жұмыс жасауы үшін, оларға Мемлекеттік банкте ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша банкаралық есеп айырысуға өту қажет болды.

Мемлекеттің ықпалымен бөлінген коммерциялық банктердің де мамандандырылған банктер сияқты, әр банктің белгілі бір салаларында (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда) өзіндік монополиясы болды. Олар өз кәсіпорындарын өте төменгі пайызбен қаржыландырып және несиелеп отырды, яғни, мұнда, бұл кәсіпорындардың өміршеңдігі және пайдалылығы есепке алынбады. Мұндай банктердің активтерінде мемлекеттік зиян шегіп отырған кәсіпорындардың уақыты өткен, төленбеген, яғни, сапасыз ссудалар қатары арта түсті.

Жалпы банктерді мамандандыру идеясы банк жүйесінің жұмысын тығырыққа әкеліп, ол монополияландырудан құтылмады және несиелік механизмге түпкілікті өзгеріс енгізе алған жоқ. Сонымен қатар, КСРО Мемлекеттік банкінің ролі біршама төмендеп, ол мамандандырылған банктердің жұмысына ешқандай әсер ете алмады.

Мұндай жағдайда, банк реформасын батыс үлгілерінде қалыптасқан екі деңгейдегі банктік жүйеде жүзеге асыруға ғана қол жеткізілді.

1987 жылғы реформаға дейінгі банктік жүйенің мынадай кемшіліктері болды:

вексель айналысының болмауы;

кәсіпорындардың қарыздарын кешіруі, әсіресе ауыл шаруашылығына қатысты;

шаруашылықтың барлық аяларында артық несиелеу операцияларының байқалуы;

банк мамандандырылуының жойылуы;

кәсіпорындарындағы басқа да несие көздерінің болмауынан туындаған монополизмнің орын алуы;

пайыз мөлшерлемесінің төменгі деңгейде болуы;

экономиканың әр саласының қызметіне қойылатын (несие базасында) банк бақылауының әлсіздігі;

бақылауға жатпайтын несиелік және банктік ақшалардың басып шығарылуы.

1987 жылғы банктік жүйені қайта ұйымдастыру бұрынғыша әкімшілік сипатқа ие болып қала берді, тек қана бұл жерде үш банктің монополиясын бірнеше банктер монополиялары ауыстырды.

1987 жылғы банк жүйесін қайта ұйымдастырудың оң жағынан теріс жақтары басымырақ болды, атап айтсақ:

банктер бұрынғы меншік формасында, яғни мемлекеттік болып қала берді;

олардың монополизмі толық сақталып, монополистердің саны өсті;

реформа жаңа экономикалық механизмдердің жоқтығына қарамай-ақ жүргізілді;

кәсіпорындар белгілі бір банктерге бекітілгендіктен, олардың несие алу барысында банктерді таңдау мүмкіндігі болмады;

клиенттер арасында несиелік ресурстарды бөлу тігінен жалғаса берді;

ақша нарығы және несиелік ресурстар, саудаға түсетін орындар құрылмады;

банк аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындар артып кетті;

ағымдық және ссудалық шоттарды бөлу барысында “банктік соғыc” шыға бастады;

қайта ұйымдастыруда несиені қайтарудың басты көздері ретіндегі сақтандыру мекемелерінің қызметтері жайлы қозғалыс болмады.

Бұл реформаның оң жақтары ретінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды тәртіпке келтіруімен қатар, банк қызметінің мамандандыруын қысқартты десе болады.

Сонымен 70 жыл бойы КСРО-ның банк жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң түрде орталықтандыру мен шоғырландыру, әкімшілік әдістері кеңірек орын алады. Сол уақыттардан қалыптасып келген ақша-несие қатынастары жаңадан туындай бастаған нарықтық қатынастарға сәйкес келмеді.

Социалистік эксперимент жүргізу барысында ғасырлар бойы қалыптасып келген қаржы-несие институттары мен қаржы нарығының құралдары жойылып кеткен болатын. Сөйтіп, утопиялық, идеологиялық тұжырым негізінде монобанктік жүйе қалыптасып, мұнда мемлекеттік банк барлық несиелік жүйені өзіне бағындырып және бәсекелестік элементтерін өзі реттеп отырады.

1989 жылдан бастап, елімізде алғашқы коммерциялық банктер, кооперативтік және жеке банктер қатары жұмыс істеді. Сол жылы алғаш құрылған коммерциялық банктерге - Интеринвестбанк, Крамдсбанк, қазіргі Казкоммерц банк және т. б. жатады.

Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 жылға арналған “Қазақстандағы банктік жүйені реформалау” бағдарламасына сəйкес жүзеге асырылды.

  1. ҚР-ғы банк қызметін ашу және ұйымдастыру

Еліміздің коммерциялық банктері өз жұмысын еліміздің заңдарын басшылыққа ала отырып жүргізеді. Жалпы коммерциялық банк - банк жүйесінің екінші деңгейін немесе екінші деңгейдегі банктерді білдіреді. Банк жүйесі осыған дейін айтылғандай заңды және жеке тұлғаларға арналған сан түрлі банктік және қаржылық операцияларды жүзеге асырады.

Қазақстанның коммерциялық банктері Қазақстан ұлттық банкінің және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі ҚР агенттігінің лицензиясы негізінде әрекет етеді. Аталған лицензияның өз стандарттары бар, ол жерде Қазақстанның коммерциялық банктерінің атқаруы керек қызмет түрлері толық жазылған. Сонымен коммерциялық банк ашуға рұқсатты Қазақстанның Ұлттық банкі береді. Екінші деңгейдегі банктер банк операцияларын заңды түрде жүргізуге арналған лицензиямен қоса, валюталық операциялар жүргізуге және бағалы металдар операцияларына арнайы бөлек лицензиялар алады. Бұл лицензиялар банк жұмысын алға жүргізу барысында қажет деген операцияларды жүргізуде және шет мемлекеттерде банк филиалдарын ашуға құқық береді

Жалпы Қазақстан аумағында банк ашу "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет" туралы заңына сәйкес 3 кезеңнен тұрады:

1) Рұқсат алу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық операциялардың жіктелуі
Валюталық лицензиялар
Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар және олардың құқықтық қамтылуы
Валюталық нарық және валюта жүйесі туралы
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің жалпы мінездемесі, құқықтық негіздері, құрылу ерекшеліктері
Валюталық операциялардың экономикалық мазмұны
Ағымдағы шоттағы шетел валютадағы ақша қаражаттарының есебі
Ақша жүйесінің қалыптасу негіздері
Валюталық саясат
Валюталық шоттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz