БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ
0.1 Бірыңғай мүшелердің лексика - семантикалық тіркесімділігі
0.2 Бірыңғай мүшелердің морфологиялық тіркесімділігі
1 БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
0.1 Бірыңғай мүшелердің стильдік қолданысы
0.2 Бірыңғай мүшелердің арасындағы синтаксистік байланыс
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Тілдің ең басты ,бір тұтас ұйысқан бөлшегі - сөйлем. Сөйлем- тілдің қоғамдық қызметі. Пікір алысудың ойды білдірудің, негізгі тұлғасы. Ол қашанан бері синтаксистик зертеудің басты объектісі болып есептеледі. Сөйлем кісінің ойын айту мақсатына лайық құралатындықтан, сөз, сөз тіркестері ойдың бөлшекті элеметтері есебінде сөйлем құрамына енеді. Олар сөйлем құраудың синтаксистік материалы болатындықтан, синтаксис зерттеудің де басты объектісінің бірі болып табылады.
Сөйлемнің басты сипаттамалары мыналар: сөйлем біршама тиянақты ойды, предикаттық қатынасты біолдіреді.Сөйлемнің айтылу интонациясы болады, сөйлем жеке сөзден, сөз тіркестерінен құралады. Синтаксис жөніндегі ғылым бірнеше саладан құралады, оның сала-салаға бөлінуі тілдің синтаксистік құрылысының дара тетіктерінің, бөлшектерінің ыңғайына, оларды зерттеп тану мақсатына бағынышты .
Зерттеу өзектілігі. Бірыңғай мүшелі сөйлемдер мен олардың қызметі жай сөйлем синтаксисінің обьектісі болып табылады. Жұмысымызда бірыңғай мүшелер туралы түсінік, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің бірыңғай мүше болуындағы ерекшеліктері, мүмкіншіліктері, жай сөйлем құрамында бірыңғай мүшелердің байланысу түрлері мен оларды байланыстыратын жалғаулықтар, интонация, орын тәртібі және бірыңғай мүшелі сөйлемдерде қолданылатын жалпылауыш сөздер кеңінен қарастырылады.
Бірыңғай мүшелі сөйлемнің өзіне тән ерекшеліктері мен тілдегі қызметін айқындау жұмысымыздың өзектілігін танытады.
Зерттеу мақсаты. Бірыңғай мүшелердің зерттелуі мен жасалу жолына сипаттама беру.
Зерттеу міндеттері:
oo Бірыңғай мүшелердің лексика - семантикалық тіркесімділігін зерттеу;
oo Бірыңғай мүшелердің морфологиялық тіркесімділігін зерттеу;
oo Бірыңғай мүшелердің стильдік қолданысын сипаттау.
Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ

Бір сұраққа жауап беріп, бір ғана қызмет атқарып, бір ғана мүшемен байланысатын екі я одан көп мүшелерді бірыңгай мүшелер дейді. Бірыңгай мүшелер көбінесе тұлғалас болып келеді де, өзара салалас, бірде жалғаулықтар аркылы, бірде жалғаулықсыз дауыс ырғағымен байланысып, бір ғана мүшеге қатысты болады.
Сөйлемнің барлық мүшесі де: бастауыш та, баяндауыш та, толықтауыш та, анықтауыш та, пысықтауыш та бірыңғай мүше бола алады. Мысалы: Ел жата Есбол, Еламан, Рай келді. Шиделі күпілі, сенсең тымақты бұжыр қара кісі ат үріккен жаққа жылан көзін жылдам тастады да, тізгінін сәл тежеді. (Ә. Н.) Құланиек таңды, шашырап шыққан кунді оған биік таулар көрсетпеді (Ғ. Мұст.) Бет-аузына адам тұра карай алмайтын қара шұбар орта бойлы Есенейге аға сұлтан әрі таңдана, әрі қауіптене қарайтын еді. (Ғ. М.)
Бірыңғай мүшелер бір-бірімен ешбір жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады. Бірыңғай мүшелерді ыңғайлас жалғаулықтар (да, де, та, те, әрі, және, мен, бен, пен), талғаулы жалғаулықтар (я, не, немесе, әлде), қарсылықты жалғаулықтар (бірақ), кезектес жалғаулықтар (бірде, біресе, кей-де) байланыстырады.
Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз байланысса, олардың арасына үтір қойылады. Мысалы: Осының бәрін бір сұмдықпен, кулықпен істемейді (С. С). Сондай-ақ жалғаулық бірыңғай мүшенің әрқайсысымен қайталанып қолданылса да, арасына үтір қойылады. Мысалы, Атын да, кісісін де болжай алмады (М. Ә.) Бірақ деген шылау қарсы мәндес екі бірыңғай мүшені байланыстырады да, бірақ шылауының алдынан үтір қойылады. Мысалы: Ол -- батыр, бірақ қолбасы емес. (Ғ. М.)
Бірыңғай мүшелердің арасында қайталанбай келген мен, бен, пен, және жалғаулықтары болғанда және да, де, та, те, әрі, не, немесе, яки қайталанбай бір-ақ рет келгенде, үтір қойылмайды. Мысалы: Олжабек пен Жамал қоңыр шокыны бетке ұстап тарта берді. (Мүст.) Ашық та ақ жарқын сөйлейтін сырлас адамдар екен (Ғ. М.)
Бірыңгай мүшелер екеу болмай, одан көп болып, олар жалғаулықсыз байланысып, тек соңғы екеуі гана жалғаулык шылау арқылы байланысса, жалғаулықсыз жерде үтір қойылады да, жалғаулық арқылы байланысқан жерде үтір қойылмайды. Мысалы, Бухара, Ташкент, Түркістан және Жоңғар қалмақтары билеушісі Қалдан Шерінің күнгей шығыс маңын қоныстанады. (Ә. К.)
Сөйлемде бірыңғай мүшелермен қызметтес, тұлғалас болып, барлық бірыңғай мүшенің ортақ жинақтау аты есебінде айтылатын да сөздер болады.
Олар жалпылауыш сөз деп аталады.
Жалпылауыш сөз сілтеу (мыналар), жалпылау (бәрі, баршасы, барлығы) есімдіктері мен жинақтау сан есімі, зат есімдерінен болады. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден бұрын тұрса, одан кейін қос нүкте қойылады. Бұндай жағдайда егер бірыңғай мүшелерден кейін оған ұқсас сөздер тұрса, бірыңғай мүшелерді одан ажырату үшін, ол мүшенің алдынан сызықша қойылады. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден кейін келсе, оның алдынан с ы з ы к ш а қойылады.
АЙҚЫНДАУЫШ. Сөйлемде кейде бір сөзді я сөздер тізбегін басқа бір сөз я сөздер тізбегі айқындап, дәлдеп, түсіндіріп тұрады. Мысалы: Өзі әнші, өзі сұлу Байтасқа екеуі де -- бірі кәрі, бірі жас бала -- қызғана да, тамашалай да қараған еді. (М. Әуезов). Бұл сөйлемде екеуі деген сөзді (бастауышты) бірі кәрі, бірі жас бала деген сөздер тіркесі айқындап, нақтылап, яғни екеудің нақты кімдер екенін анықтап тұр. Сондықтан да бұл (екеуі) сөздің сөйлемде атқаратын қызметіне, грамматикалық байланысына айқындауыштың қатысы болып отырады: кім қараған еді? -- екеуі де ягни бірі кәрі, бірі жас бала -- бастауышты айқындап тұр және бастауыш мәнінде атау тұлғада қараған еді деген баяндауышпен байланысып тұр. Міне осындай белгілі бір мүшені (сөзді) заттық, мекендік, мезгілдік т. б. жағынан дәлдеп, айқындап, түсіндіріп тұратын сөз я сөздер тобы айқындауыш деп аталады. Кейде бұндай айқындауышты оңашаланған айқындауыш деп те атайды, өйткені ол өзі айқындайтын мүшені оңашалап, ерекшелеп тұрады және одан кейін тұрады.
Оңашаланған айқындауыш бастауышты ғана емес, басқа да мүшелерді: пысықтауышты, толықтауышты, тіпті кейде анықтауышты да айқындай береді. Мысалы: Абай былтыр боқырауда, күзем үстінде, қалаға оқуға кеткенде, дәл осы қоныстан, Есембайдан, кеткен болатын (М. Әуезов).
Біздерге, қарттарға, жастар сиякты өмір сүруге тура келеді. (Н. Островский).
Оңашаланган айқындауыш әдетте сөйлемде екі жағынан үтірмен ажыратылады. Кейде оңашаланған айқындауыштың өз ішінде немесе айқындалатын сөздер тізбегінде үтір болса, екі жағынан сызыкшамен де ажыратылады.
ҮЙІРЛІ МҮШЕ. Сөйлемде күрделі мүше тәрізді бір сөзге қатысты болып, бір сұраққа жауап беретін, бірак өз ішінде сөйлемдік қасиеті бар сөздердің синтаксистік тобы үйірлі мүше деп аталады. Мысалы, Қызылбалақтың машығына бойы үйренген жуас торы ат үріккен жоқ. (М. Әуезов). Бұл сөйлемде Қызыл-балақтың машығына бойы үйренген деген (қандай?) ат сөзін анықтап тұр. Бірақ әдеттегі күрделі анықтауыштан айырмашылығы сол -- бұнда өз ішінде бастауышы -- баяндауышы бар сияқты, сондықтан жеке сөйлем сияқты болып көрінеді: бойы (несі?) үйренген (қайткен?), бірақ сөйлемге тән интонациясы болмағандықтан, өзі қатысты (анықтайтын) сөзімен (ат) түйдектеліп, бір интонациямен айтылатындықтан, жеке сөйлем бола алмайды, сөйлем мүшесінің ерекше түрі, үйірлі мүше деп аталады.
Үйірлі мүше есімше я сын есімге аяқталып, үйірлі анықтауыш, іліктен басқа септік жалғаулы зат есімге я заттан басқа сөзге аяқталып, үйірлі толықтауыш, атау тұлғалы сөзге аяқталып, үйірлі бастауыш болады. Мысалы: Білімі күшті (кім?) мыңды жығады (Мақал).Құлақ естігенді (нені?) көз көреді. (Мақал). Сондай-ақ сөйлем ішіндегі таң ата, күн бата, жаз шыға сияқты мезгілдік тіркестер үйірлі пысықтауыш болады.

Бірыңғай бастауыш
Бірыңғай баяндауыш
Бірыңғай анықтауыш
Бірыңғай толықтауыш
Бірыңғай пысықтауыш
Бүріскен мал мен жүдеген жан Абайға ой салды.
Бір батальон артта, алыста.
Жүрісіміз - кейде бүлкіл, кейде бөкен жүріс.
Түн не қойынды, не өзінді жұтын қоятын сияқты.
Мәкіш Абайға кінәлай да, сынай да қарады.

Бірыңғай мүшелердің жалғаулық шылаулар арқылы байланысуы
ыңғайластық
қарсылықты
талғаулы
кезектестік
да, да, та, те, және, әрі, мен, бен, пен
бірақ, алайда, әйткенмен
я, не, немесе, әлде
бірде, біресе, кейде
Асан мен Үсен жұртта қалын қояды. Кеше де, бүгін де мазам болмады.
Тек жері биік болғандықтан жеміс өседі, бірақ піспейді.
Мұнда шөп немесе сабан әкеліңдер, - деді Дубровский.
Ақан біресе ұшаққа, біресе сағатына қарайды.
Источник: https:yznaika.comhints552-soyle mnin-biringay-musheleri

Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері
Үтір қойылады
Үтір қойылмайды
Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз байланысса
Жалғаулық шылаулар бірыңғай мүшелердің арасында қайталанып келсе
Бірыңғай мүшелер бірақ деген қарсылықты жалғаулық арқылы байланысса
Бірыңғай мүшелердің арасында мен, және, пен, бен жалғаулықтары бірақ рет келсе
да, әрі, не, немесе жалғаулықтары қайталанбай, бірақ рет келіп тұрса
Аспан айқын, анық.
Рахима - әрі әнші, әрі биші.
Ол орта бойлы, бірақ толықша келген сұр жігіт еді.
Ауыл мен қаданың арасы алшақ екен.
Төрт бөлмелі үй салқын да жайлы.
Источник: https:yznaika.comhints552-soyle mnin-biringay-musheleri

1.1 Бірыңғай мүшелердің лексика - семантикалық тіркесімділігі

Белгілі бір тілдегі әрбір сөз лексика - семантикалық жүйелердің бірлігі, яғни олар семантикалық топтарға қарама-қарсылық мәндегі (антонимдік қатар) немесе мағынасы жағынан ұқсас, бірдей ұғымдағы сөздермен (синонимдік қатар) топтасады. Сондықтан да салалас қатардағы сөздердің лексика-семантикалық тіркесімділігі туралы ерекше айтуға болады. Бірыңғайлар қатарындағы антонимдер мен синонимдердің бірыңғай мүшелер болып келу мүмкіндігі бірдей емес. Ғалым Н.Перетрухин былай түсіндіреді: Языковые антонимы свободно сочетаются в границах закрытых сочиненных рядов, как правило, союзных и морфологических однотипных .
Антонимдер бірыңғай қатарда еркін топтасады. Әсіресе, олардың жабық қатар шегінде, яғни жалғаулықты және морфологиялық біртекті қатар құруы еркін. Алайда оларды байланыстыруда қарсылықты жалғаулықтар қолданылмайды. Антонимдік қатар мен олардың арасындағы семантикалық синтаксистік байланыс әртүрлі: ыңғайластық, талғаулықты. Мысалы:
Ескілік пен жаңалық қан майданға шықты.
Қартайған дәуір мен жас дәуір белдесті.
Олай болса, өлудің де, тірі жүрудің де айырмасы жоқ.
Бізге өлген де, тірі жүрген де бәрібір.
Және, былтыр мен биыл менің Петербурда, Түркістанда қылып жүрген қызметтеріме де сырттан қанық еді.
Берілген контекстердегі антонимдік бірыңғай қатарларда (ескілік пен жаңалық), (қартайған дәуір мен жас дәуір), (өлген де, тірі жүрген де), (өлудің де тірі жүрудің де), (былтыр мен биыл) ыңғайлас жалғаулықтар қолданылған. Бұл жалғаулықтар арқылы салалас қатар шегіндегі антоним сөздердің қарама-қарсы сапасын, мезгілін білдіре отырып, оны бір заттың, бір істің бойында салыстырып тұрғанын байқаймыз. Сондай-ақ салаластырушы қатардағы антоним сөздердің жалғаулықсыз да байланысатынын байқауға болады. Бірақ олар өте сирек. Мысалы:
Талай кәрі, жас болыстар да бар.
Мылтық ұстаған сақалды, сақалсыз орыстар.
Сонымен салаластырушы қатардағы антонимдерге жалғаулықты да, жалғаулықсыз да байланыс тән. Олар салалас қатар тізбегінде еркін байланысқа түсіп бірыңғайлық қатар құрайды екен.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің синонимдік қатармен келуі де кең көрініс береді.
Болыстар, саудагерлер, молдалар әбден ұяттан, ардан кетіпті.
Сыпан болыс Ақмолада белгілі, атақты, мықты болыстың бірі.
Шынында бұлардың бірсыпырасы қуатты, қайратты екені де рас.
Үкіметтің сөзі қазіреттің алдында сыпайы, әдепті.
Ал ақ ауыз дегені - ол күнгі бейнетің ақысыз, пұлсыз далаға кетті деген сөз.
Бұл сөйлемдердегі салалас қатардағы синонимдер жалғаулықсыз тең дәрежеде байланысқан. Жалғаулықсыз құрылымдарда синонимдер семантикалық жағынан жақындасады. Салаластырушы жалғаулықтар бірыңғай қатарда синоним сөздерді салыстыруға, қатар қойып мағынасын ашуға, айырмашылығын анықтауға, оларды бір қатар шегінде салаластыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ бірыңғай мүшелердің қатарын қос сөздер де құрайды. Бірыңғай бастауыш, бірыңғай толықтауыш, бірыңғай анықтауыш, бірыңғай пысықтауыш қызметіндегі қос сөзді бірыңғайлар көп қолданылады. Мысалы:
Еркек-әйел, бала-шағалар қотанның шетінде жиналып отырды.
Лай су үсті-басыма, бет-аузыма сіңіп бақты.
Үкіжан бәйбіше ап -арық, нап- нашар әйел емес пе?
Ол Алматының түп -түзу, кеп- кең көшелеріне қарады.
Бірыңғайлық қатарда идиомаланған, фразеологиялық тіркес, мақал мәтелдермен күрделеніп келген тіркестер де кездеседі. Мысалы:
Бұл школ бітіріп шыққан Алашорданың тұңғыш офицерлерінің тұңғыш ауыздануы, тырнақ алдысы қазақтан басталды.
Сол үлкен сында, тар жол тайғақ кешуде шын қасиетті адамдардың жаратылыстары айқын көрінеді екен.
Не болса да тәуекел, Қазаттыққа шығамыз, Қазатта жүріп өлген кісі шейіт, Қазатыққа шыққан сауап деседі.
Қасқар да қас қылмайды жолдасына, Атаң да болса бір жолдас деген мақалдарды Әзімхан берік ұстаушы еді.
Ұйқы адамның дұшпаны, Ұйықтағанды ұйқы алады, ұйықтамағанды жылқы алады деген бар емес пе?
Осы контекстердегі фразеологизмдер (тұңғыш ауыздануы, тырнақ алдысы) бірыңғай бастауыш, (үлкен сында, тар жол тайғақ кешуде) бірыңғай толықтауыш, (Не де болса тәуекел, Қазаттыққа шығамыз, Қазатта жүріп өлген кісі шейіт, Қазатқа шыққан сауап) бірыңғай пысықтауыш, мақал- мәтел (қасқыр да қас қылмайды жолдасына, атаң да болса бір жолдас; Ұйқы адамның дұшпаны, Ұйықтағанды ұйқы алады, ұйықтамағанды жылқы алады ) бірыңғай анықтауыш қызметінде жұмсалып, сөйлемдегі ойды күрделендіріп тұр.

1.1 Бірыңғай мүшелердің морфологиялық тіркесімділігі
Ғалым Т.П.Ломтев бірыңғайлардың морфологиялық тұлғасын екіге бөліп көрсетеді:
1. Әр түрлі сөздердің бір типті формалары (одноименные формы разных слов)
2. Әр түрлі сөздердің әр түрлі формалары (разные формы разных слов).
Қазақ тіл білімінде бірыңғайлардың морфологиялық формалары туралы ғалым С.Аманжолов: Кейде сөйлем мүшелері әр түрлі сөз табымен айтыла беретін болғандықтан бірыңғай мүшелердің формасы да түрліше болып келуі мүмкін, бірақ мұндайда олардың сұрауы біреу-ақ болады,- дейді.Бұл пікірлерден сөйлемнің бірыңғай мүшелері әртүрлі сөз таптарынан әртүрлі тұлғада немесе бірдей сөз таптарынан әртүрлі морфологиялық тұлғада қолданылатынын байқауға болады. Мысалы:
1. Бірдей сөз таптарынан әртүрлі тұлғада жасалған бірыңғай мүшелер:
Әуе тұп-тұнық, таза, жібектей жұмсақ.
Көзі дөңгелек, қызыл шырайлы, қараторы, қара сақалды кісі көрінеді.
Екеуінің көйлектері кіршіксіз, ақ, қайырма жағалы еді.
Бірінші сөйлемдегі бірыңғай анықтауыштар әртүрлі шырай түрлерінен күшейтпелі шырай (тұп-тұнық), жай шырай (таза), салыстырмалы шырайдан (жібектей) жасалса, екінші сөйлемдегі бірыңғай анықтауыштар сын есімнің әр түрінен жасалып тұр. Үшінші контекстегі бірыңғай анықтауыштар қатары сын есімнің -сыз -сіз болымсыз түрінде, қатыстық күрделі сын есімнен (қайырма жағалы) жасалып бір баяндауышты анықтап тұр.
2. Әртүрлі сөз таптарынан, әртүрлі тұлғада жасалған бірыңғай мүшелер:
Бірақ самбырлаған сөз, шабу, шаң- шұң басылатын емес.
Адасқан, күллі дүниеде жалғыз қалған сияқты бір жанмын.
Сол екі арада қару-жарақты, едіреңдеген, суыт, бес-алты кісі қораға кіріп келді.
Жүгіріп, жын қуғандай, есінен айырылған адамша шахтыдан шықтым.
Неше түрлі құбылған, бұралған, кестелі, өрнекті, сұлу ән естіледі.
Осы сөйлемдердің алғашқысындағы бірыңғай бастауыштар есімше мен зат есімнің тіркесуінен (самбырлаған сөз), тұйық етістіктен (шабу), еліктеу сөзден (шаң-шұң) жасалып тұрса, екінші сөйлемдегі бірыңғай толықтауыштар есімшеден (адасқан) және есімдік пен зат есімнің тіркесуінен (күллі дүниеде), үшінші сөйлемдегі бірыңғай бастауыштар қос сөзді қатыстық сын есімнен (қару-жарақты), есімшеден (едіреңдеген), сапалық сын есімнен (суыт), зат есім мен сан есімнің тіркесуінен (бес-алты кісі) жасалған. Төртінші сөйлемнің бірыңғай қатарындағы пысықтауыштар көсемшеден (жүгіріп), есімшеге -дай -дей -тай -тей теңеу, салыстыру жұрнақтары жалғану арқылы (жын қуғандай, есінен айырылғандай) жасалып тұр.
Осы талданған тілдік деректерден байқағанымыз сөйлемнің бірыңғай мүшелері әртүрлі сөз таптарынан әртүрлі тұлғада немесе бірдей сөз таптарынан әртүрлі формада жасалып бірыңғайлық тізбек құрып, бірдей синтаксистік қызмет атқарады екен. Қазіргі қазақ тіліндегі сөйлемнің бірыңғай мүшелері көбінесе бірдей сөз таптарынан жасалады. Алайда олардың әртүрлі сөз таптарымен әртүрлі грамматикалық тұлғада жұмсалуы да қазіргі қазақ тілінде ұшырасады. Бірыңғайлық қатар құрудың негізі бірдей сұрақтарға жауап беріп, бірдей синтаксистік қызмет атқаруы болып табылады.

2 БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Бірыңғай мүшелі жай сөйлемдер мәселесі қазақ тіл білімі ғылымында қарастырылып, тілші ғалымдар пікір айтқан. Атап айтар болсақ, Қазақ тілінің граматикасы (Синтаксис) мен Қазақ тілі энцеклопедиясында, М. Балақаев, Т. Қордабаев, А. Әбілқаев, Р. Әмір т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінде кеңінен қарастырылып, сөз болған.
Бірыңғай мүшелі сөйлемдердің күрделенген сөйлемнің қатарында қаралуының өзіндік тарихы бар.Бұл тарих жалпы тіл білмінде осы конструкцияға байланысты орын алған жайлармен тығыз астарласып жатыр.
Солардың қайсы бірлеріне үңіліп қаралықшы.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері орыс тіл блімінің тарихында ең алғаш көп жылдарға дейін біріккен сөйлемдер (слитное предложения) деп қаралып келінді. Профессор А.Г.Рудневтің айтуы бойынша, бірыңғай мүшелерді осы ретте ең алғаш Н.И.Греч жазып еді. Бұл ғалым сөйлемнің бірыңғай мүшелерін екі не оданда көп сөздердің өзара бірге қосылуынан пайда болады деп түсінген - ді. Әрине, мұндай түсініктен бірыңғай мүшелі сөйлемдердің табиғатын дұрыс ашып бере алады деп айта алмаймыз. Қайта бірыңғай мүшелер екі не оданда көп сөйлемдердің бірігуінің нәтижесі деген ұғымнан оның құрмалас сһөйлемге жатқызылатыны аңғарылып тұрады.
Бірыңғай мүшелерді құрмалас сөйлемге жатқызушылық А.Х.Востоковтың еңбегінде ашық айтылған.
Профессор А.М.Пешковский өзінің Русскии синтоксис в научном освешении атты белгілі еңбегінде бірыңғай мүшелі сөйлемді құрмаласқа жатқызбағанмен де, олардың арасндағы өзара жақындықты теріске шығармайды. Тіпті кейде автор бірыңғай мүшелерді жай сөйлем мен құрмаластың екі аралығындағы сөйлем деп те қарайды.
Профессор А.М.Пешковский аталған еңбегінде брыңғай мүшелі сөйлемдерді біріккен сөйлем деп қарайды да оған арнаулы тарау бөлген.
Автордың осы жайлы баяндауларына мұқият назар аударып байқасақ, біріккен сөйлемнің өз екі жақты тексеріледі: бірі- біріккен сөйлемдер де , екіншісі - бірыңғай мүшлер. Алғашқысына сөйлем мүшлерінің жалғаулықсыз тек дауыс ырғағымен бірыңғай байланыса жұмсалған түрін жатқызады да, соңғысына бірыңғай мүшелердің жалғулықтар арқылы ыңғайласқан жолын жатқызады.
Бірыңғай мүшелі сөйлемдер профессор А.М.Пешковский тарапынан екі жақты қарала тұрса да, сайып келгенде, автор екеуінің бсын түйістріп, біріккен сөйлем деп атайды. Зерттеушінің ұғымында біріккен сөйлем үлкен де, бірыңғай мүшелер соның қарамағына кіреді. Сондай-ақ бір сөйлемнің ішінде әрі дауыс ырғағы арқылы тең байланысқан бірыңғай мүшлер, әрі жалғаулықпен келген бірыңғай мүшелер болса, барлығын жалпы түрде біріккен сөйлем деуді ұсынады.
Бірыңғай мүшелік конструкцияларды біріккен сөйлем деп қараушылық не болмаса құрмалас сөйлем дп танушылық соңғы кездердегі еңбектерден де кездесіп қалады.
Мәселен профессор Т.П.Лонтев синтаксиске арналған бір еңбегінде бірыңғай мүшелі сөйлемдерді бірікке сөйлем қтарында талдайды. Ал армян тілі синтаксисін арнайы зерттеген В.Д.Аракелян осы тілде бірыңғай бастауышты және бірыңғай баяндауышты сөйлемдердің құрмалас сөйлемнің бір түрінен саналатындығын айтады да, осы ретте бұрыңғы зерттеуші М.Абегяннің бірыңғай баяндауышты мүшелерді ғана құрмаласқа жатқызатындығын ескерте кетеді.
Сөйтіп, жалпы тіл білмінде бірыңғай мүшелі сөйлемдердің табиғаты жайында әр түрлі түсініктемелердің болғандығы осы бір шағын ғана шолудан байалып тұрғандай. Тіпті қазіргі кездің өзінде орыс тілінде поедшь не ты, а он тәріздс сөйлемдерді біреулері бірыңғай мүшелі сөйлем деп таныса, енді біреулері (көпшілік) құрмаласқа жатқызатындығын Е.В.Крупнова дұрыс көрсеткен.
Бір мүшелі сөйлемдерді тани білудегі осындай қиыншылық қазақ тіл білімінде де әсерін тигізбей қойған жоқ.
Міне, бұл айтылған жағдайлар бірыңғай мүшелі сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдердің ара қатынасында кездесіп қалатын осындай қиыншылық, ұқсастықтардың барлығын аңғартса керек. Үйге келсе Мұратын ермек етеді, оның тілін қызық көреді, ертегі айтып береді, ойнатады.
Астымдағы жас тағы қайтса де мені лақтырып тастамақ боп істемеген айла шарғысы, көрсетпеген мінезі қалмады: біресе тік шаншылып алға шапшиды, біресе артқы екі аяғын аспанға көтеріп басынан аунап түспек болады, біресе оқыс былай жалтарады, біресе күрт олай бұрылады; біресе ерін бауырына алып тулаған асау байталдай бар пәрменімен оқырақтап аспанға атылады.
Міне, осындай тиянақты тұлғадағы бірыңғай баяндауышты сөйлемдер сыртқы құрылысы жағынан салалас сөйлемдерге ұқсап жатады.
Бұл жайға ерте уақыттың өзінде - ақ тіл білімінде назар аударылған болатын. Мәселен , профессор Н.Ф.Яковлев чечен тілінің салалас сөйлемдерін талдауға келгенде, олардың бірыңғай мүшелі сөйлемдермен жақындасып жататындығын айтады.
Бірыңғай мүшелі сөйлемдер мен салалас құрмаластарды өзара ажыратып отырудың қажеттігін Н.З.Гаджиева да көрсетеді.
Бірыңғай мүшелі сөйлемдегі бірыңғай баяндауыштар тиянақсыз формада жұмсалғанда, олар сабақтас құрмаластың құрылысымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Тұрлаулы мүшелерді жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқыту жолдары
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелері
Анықтауыш оның жасалу жолдары
Абай қара сөздерінің сөйлем құрылымы
Жай сөйлемді оқыту
Тіл дыбыстарының түрлері. Дауысты, дауыссыз дыбыстар
Қазіргі қазақ тілінде үйірлі мүше
Қазақ және моңғол тілдеріндегі сөйлем құрылысының ұқсастығы мен ерекшеліктері
Пәндер