Бәсекелестік қатынастардың негізгі түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТА ТҮСІНІГІ
0.1 Бәсекелестік ортаны қалыптастыру мәселелері
0.2 Бәсекелестіктің негізгі формалары
1 МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ РЕТТЕУ
0.1 Монополияға қарсы заңдар
0.2 Қазақстан Республикасындағы монополиялық жағдай
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТАНЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Саяси процестердегі экономиканың ролінің өсіп келе жатқандығын, XXI ғасырда геосаясаттың біртіндеп геоэкономикаға жол беретіндігін ел Президенті айтқан болатын. Алайда әлемдік жаһандану үрдістерінде геоэкономиканың басымдылығы геосаясатты ешуақытта жоққа шығара алмайды. Келешекте бүл екі әлемдік үрдіс бірін бірі толықтырып отыратын үрдіске айналатыны сөзсіз.
Нарықтық экономканың маңызды сипаттамасының бірі - бәсекелестік болып табылады. Рыноктің субъектілері арасында экономикалық жарысу нысаны ретінде ол қоғамдық өндірісті реттеудің маңызды механизмі болып табылады. Алайда өзінің дамуының белгілі бір сатысында бәсекелестік өзі монополияны тудырады, ол өз кезегінде бәсекелестікке, ресурстарды тиімді бөлу процесіне, экономиканың оптималды құрылымының қалыптасуына кедергі келтіреді. Монополияның пайда болуы бәсекелестік күрестің сипатын, әдістері мен нысандарын өзгертеді.
Экономикалық саясаттың маңызды бір саласы - монополияға қарсы саясат жүргізу. Монополияға қарсы саясат тек елдің ішкі экономикалық процестерін ғана емес, сыртқы байланыстарды жүйеге келтірудің бірден бір жолы. Әлемдік деңгейде бәсекелестікті арттырудың жолдарын көрсететін, нарық қатынастарын реттейтін шаралардың бір қатары осы монополияға қарсы саясат арқылы жүзеге асырылып отырады. Монополияға қарсы реттеу саясаты басқарушы билік институттарының экономиканы реттеушілік қызметін көрсететін маңызды сала.
Монополияға қарсы саясат нарықтағы субъектілердің шаруашылық әрекеттерін бәсекеге негіздей отырып, оларға біркелкі нарық жағдайларын тудыруға, сонымен қатар нарықтағы монополистердің үстемдік жағдайын асыра пайдалануға тосқауыл қоюға бағытталатын мемлекеттік шараларды іске асыруымен маңызды.
Монополияға қарсы күрес саясаты да экономика мен саясаттың өзара ықпалдасуының, өзара тәуелділігінің жалпы заңдылықтарына бағынады. Монополияға қарсы реттеу саясатын экономикалық саланың еншісіндегі құбылыс деп бір жақты қарау дұрыс емес. Монополияға қарсы саясат алдымен билік институттарының қызметі. Билік қызметі бұл салада экономикалық нарықтық қатынастарды мемлекет пен халық мүдделеріне сәйкес реттеуге бағытталған. Монополияға қарсы саясат билік қатынастары және билік субъектілерінің тікелей қызметі. Бұл саясаттан саяси процеске нақты тән саясаттың, биліктің, мемлекеттің бизнес пен қызметтерінің арқасында нарықтық модернизацияның іске асуының куәсі боламыз. Демек, монополияға қарсы саясат саясаттың субъектілері болып табылатын билік институттарының объективті экономикалық және қаржылық процестерді реттеу болып табылады. Монополияға қарсы саясатсыз экономиканы дамытушы факторлардың бірі бәсекелестік те іске қосылмайды. Монополияға қарсы саясаттан саясаттың нақты қолданбалы сипатын көре аламыз.
Нарықтық қатынастар қалыптасып, дамудың иңдустриялық кезеңіне түскен Қазақстан Республикасы үшін жан жақты қамтылған монополияға қарсы саясаттың саяси -- құқықтық негізін қалыптастыру маңызды мәселе. Монополияға қарсы реттеу пен бәсеке саясаты Қазақстан Республикасының экономикасын көтерудің нақты жолы болып саналады.
Монополия да, бәсеке де оң және теріс жақтарға ие. Экономика дамуында бұлардың оң жақтарын қолданып, теріс жақтарын шектеу, сыртқы және ішкі бәсеке арасындағы қатынасты таңдау, бәсекелестік күрестің жаңа нысандары мен әдістерін табу - күрделі мәселелер және өркениетті мемлекеттің маңызды функциялары болып табылады
Зерттеу мақсаты. Қазақстан Республикасының бәсекелестік ортаны қалыптастыру мен монополияға қарсы реттеу саясатын қалыптастыру ерекшеліктеріне саяси талдау жасау курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідеи міндеттерді анықтайды:
- Бәсекелестік ортаны қалыптастыру мәселелері;
- Қазақстан Республикасындағы монополиялық жағдай;
- Монополияға қарсы реттеудің жалпы теориялық негізін зерттеу.
Зерттеудің нысаны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы реттеу саясаты мен бәсеке саясаты;
Зерттеу пәні үкіметтің монополияға қарсы қызметі, монополияға қарсы саясатты жүзеге атқарушы мемлекеттік институттар мен нарық субъектілерінің монополияға қарсы саясатты жүзеге асырудағы іс - әрекеттері мен өзара байланысы.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері Қазақстан Республикасьшың монополияға қарсы саясатының қалыптасу ерекшеліктерін зерттеуде институционалдық, жүйелілік, құрылымдық-функционалдық, статистикалық және салыстырмалы сараптау әдістерін қолдандық.
Құрылымы. Кіріспеден, үш бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТА ТҮСІНІГІ

Қазақстан бүгінгі таңда әлемдегі мемлекет ретінде орны нарықтық қатынастағы дамушы мемлекет болып табылады. Нарықтық қатынастардың дамуы ұлттық экономикамыздың болашағы мен ертеңі болып табылады. Нарықтық қатынастардың тиімді қызмет етуі барлық қоғамдағы шаруашылық қызметтердің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етіп, елдің дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін бәсекелік жағдайды қамтамасыз етеді. Сондықтан да рыноктың тиімді қызмет етуі тікелей бәсекеге байланысты болып табылады.
Бәсеке шаруашылық өмірде басты рөлде ойнайды. Ол экономикалық еркіндікті қамтамасыз етіп, рыноктағы субъектілердің қарым-қатынасын тереңдету арқылы нарықтағы жағдайлар мен сұранысқа бейімді болып келеді. Адам Смиттің "көрінбейтін қол" мысалының негізінде бәсекелестік теориясы жатыр, яғни, әрбір жеке адам немесе кәсіпкер ең бірінші өз пайдасын ойлайды, сол пайдаға қол жеткізу үшін олар өз қызметтерінің бәсекелік қабілетін арттыруға ынталы болады. Бұл өз кезегінде жаңа ізденістерді, инновациялық жаңалықтарды ашуға жол ашып, жалпы экономика дамуына улес қосады
Бәсеке - қоғамға экономикалық еркіндікті, тиімділікті, дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауіпсіздікті ұсынады. Неміс экономикасының белгілі экономист Ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестіктің экономика үшін қажеттілігін келесі анықтамалармен айқындайды: "нарықтың шаруашылық және оның қызмет ету механизмі еркін бәсекелестіктен ажырап қызмет етуі мүмкін емес". Бәсекенің экономикалық табиғаты жеке меншіктік қатынастармен тығыз байланыста болады. Әлемдік тәжірибеге сәйкес жекешелендіру бәсекелік қатынастарды ынталандыру құралы ретінде тек жоспарлы -- әкімшілік жүйеден нарықтық қатынастарға өту ғана емес, сондай-ақ рыноктық экономикада да мемлекеттік меншік деңгейін төмендету үшін қолданылады. Жеке меншік шаруашылық жүргізуші субъектілерді ынталандырады. Шектеулі ресурстар жағдайында мақсатқа жету тек ресурстарды пайдалануға күрес арқылы ғана мүмкін, ал ол өз кезегінде бәсекенің дамуына негіз болады.
Нарықта бәсекелік орта экономикалық категория ретінде объективті және субъективті мағынада көрініс табады.
Объективті мағынада бәсеке нарықтағы ерекше жағдайларды белгілейді, яғни жекелеген субъектілер кәсіпкерлер жалпы рыноктағы тауарлардың айналысына және оның бағасына жеке өзі әсер ете алмау сипатымен көрінеді.
Субъективті тұрғыда бәсекелес шаруашылық субъектілері арасындағы экономикалық қатынастарды көрсетеді, яғни өндіріс пен материалды игіліктерді айырбастау негізінде туындап отырады.
Нарық механизмінің негізгі элементтеріне негізінен келесілер жатады: өндірушілер мен тұтынушылар, сураныс пен ұсыныстың ара қатынасы, нарықтық баға және осы элементтердің барлығын байланыстырып туратын бәсеке рыноктың негізгі элементтерінің бірі болып табылады.
Нарық механизмінің негізгі элементі - бәсеке, Нарықтық қатынастардың тиімді жүргізілуі үшін қызмет етеді, яғни нарықтық экономиканың өзегі болып табылады. Бәсеке пайданың жоғары әрі тиімді бөлінуін және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектілернің өзара әрекетінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. Экономиканың белгілі өкілі А.Смит бәсекені нарықтың "көрінбейтін қолы" деген. Бұл идеяның мәні адамдар өз мудделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жалпы жиынтығы қоғамның пайдасына шешіледі, олар осы бәсекелестікке бара отырып қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің - бағаның, пайданың нормассының, пайыздық және т.б. құралдардың мөлшерін анықтау болып табылады.
Нарықтық экономикада бәсеке дегеніміз іс-қимыл жасайтын салада жоғары нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыстардың жиынтығы, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу және пайданы максималдау үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі негізінде көрініс табады. Екінші жақтан, ол рынок субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастарын көрсетеді.
Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл түрінде жинақталады. Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады:
* өндіріс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру;
* өндірісті ұйымдастырум, оны шикізатпен, материалмен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі;
* бәсеке қабілеттілігі жоғары өнім өндіру;
* өнімді сату. Бұл үшін оның саны анықталады, өткізілетін орны мен уақыты белгіленеді;
* пайда есебінен инвестициялық қор жасау және оны өндірісті кеңейту үшін пайдалану.
Бәсекенің түрлері нарық құрылымының жағдайына байланысты болып келеді. Яғни, экономикада нарықты анықтайтын, оны зерттейтін, бағаны белгілейтін сұраныс пен ұсыныс қана емес, сондай-ақ рынок құрылымы болып табылады. өйткені, әр рынок құрылымында бәсеке түрлеріде әр түрлі, соған сәйкес баға құру тәсілі және кәсіпорынның қызмет етуі де өзгеше болып келеді.

Кесте 1. Бәсекелестік қатынастардың негізгі түрлері
Бәсекелік қатынастың толық қанды және тиімді дамуы экономика дамуына белгілі тиімділіктерді және қолайлы ортаны ұсынады. Оларға:
* Қоғамдағы шаруашылықтың өндірістік тиімділігін өсуі;
* Нарықтық механизмінің толық қанды қызмет етуі;
* Өндірісте өндіріс факторларының қолданысын жақсарту;
* Бизнестің тиімділігі, басқаша айтқанда ел ішіндегі кәсіпорындар іс-қимылының жаңашылдығы;
* Нарықта оптималды нарықтық бағаны құру;
* Инфрақұрылым немесе елдегі қолданып отырған технологиялардың, қатынас және байланыс жүйелерінің, Ғылыми орындардың, ел тұрғындарының білімі мен біліктілігі, жасампаздық қасиеттердің бизнестің жоғары талабына сәйкестігі;
* Тауарлардың және қызметтердің әлемдік стандарттарға өтуі;
* Ғылыми - техникалық жаңалық пен инновацияларды еңгізу.
Бәсеке жаратылысының негізі шектеулі ресурстарды неғұрлым тиімді қолданатын салаларға болу болып табылады. Бәсеке экономикада, сонымен қатар тауар өндіру және қызмет көрсетулердің өз өнімдеріне инновацияларды еңгізуіне ынтасын арттырады. Әлемдік тәжірибеге жүгінсек бәсекелестік инновациялық тауар пайданың жоғары деңгейін 5-10 жыл шамасында ұстап тұруға шамасы келеді.
1.1 Бәсекелестік ортаны қалыптастыру мәселелері
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі мемлекеттік құралдармен бәсекелестік ортаны қорғау қажет екендігін көрсетеді. Бұл құралдарды қолданудың негізгі мақсаты - әртүрлі бәсеке түрлерін ұтымды ұштастыруға қол жеткізу, олардың біреуінің басқасын басып озуын қамтамасыз ету және бәсекенің жиынтық оң нәтижесін әлсіретіп алмау.
Бәсеке - бұл нарықтық қоғамның қозғаушы күші. Бәсеке өндірісте өнім сапасын көтеруге ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдалануға, ұйымда жаңа техникалық прогрессивті әдістерді қолдануға ынталандырады. Бәсекелестік нарықтық ортаның қалыптасуы үшін сәйкес институционалдық орта, қаржылық-несиелік жүйенің тиімді жұмысы, ұлттық өндірушілерді қорғау қажет.
Отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмыс тәжірибесі соңғы жылдары көп кәсіпорындардың бәсекелестік күресті жүргізуге дайын еместігін көрсетеді. Оның негізгі себебі бәсеке артықшылығының мәні туралы жүйеленген түсініктің жоқтығы.
Бәсеке артықшылығы кәсіпкерлік экономиканы, маркетингті, менеджментті, микроэкономиканы қамтиды. Отандық тауар мен қызмет нарығында бәсеке артықшылығын қамтамасыз етуде технологиялық білімді қажет ететін күшті бәсеке орын алған.
Қазіргі кезде ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттілігі бірінші кезекте арзан жұмыс күші мен табиғи ресурстары есебінен жетістікке жетуде бәсеке артықшылығы жеңіл жойылатындығын көрсетеді. Жоғары деңгейлі артықшылық жаңа технологияға, қазіргі инфрақұрылымға, тауар мен қызметке, фирма беделіне, маркетингтік ноу-хауға негізделген. Оны қолдау және ресурс сыйымдылығының дамуы отандық кәсіпорындар үшін ауыр мәселе болып табылады және үнемі қаржыландырып отыруды талап етеді.
Қазіргі таңда бәсеке артықшылығына ие болудың негізгі көзі - білім. Мемлекетте білім мен ғылымның ролі бағаланбаған жағдайда ұлттық экономиканың болашақ бәсекеқабілеттілігі төмендеп, кәсіпорын деңгейіндегі өнімнің бәсекеқабілеттілігі бәсеңдейді. Қазақстан экономикасының бәсекелестік мүмкіндігін көтеру экспорттық саланың салыстырмалы артықшылығы негізінде шешіледі.
Ұлттық экономика дамуының болашақ баламаларын талдау кезінде бәсеке артықшылығына, яғни бай табиғат ресурстары, жоғары білікті жұмыс күші, мұнай-газ және тау-металлургия кешенінің жұмыс істеуіне сүйене отырып, жоғары деңгейдегі бәсеке артықшылығына қол жеткізуге болады. Нарықтық экономикада бәсекеқабілеттілікті қалыптастыруда әлемдік шаруашылықтағы Қазақстан ұлттық экономикасының бәсеке артықшылығын күшейту керек деген ғалымдардың пікірімен келісу қажет.
Қалыптасқан жағдайда дұрыс қабылданған, ақпаратқа негізделген шешім бәсекелес алдындағы сөзсіз артықшылық болып табылады. Бұл ереже - профессор П. Диксонның фирманың бәсеке артықшылығын көтеруге бағытталған бәсекелестік теориясының негізі болып саналады. Алға қойылған мақсатқа жету үшін бәсеке артықшылығының көзін тауып, оны талдау қажет.
Қазіргі қатаң бәсекелестік жағдайда бәсекелестікті жете түсіну стратегиялық маркетингтің маңызды элементі болып табылады. Зерттеудің қорытындысы бойынша байқағанымыз, отандық өндірістер өз бәсекелестерін үнемі бағалай бермейді. Олардың күшті және әлсіз жағын бағалай отырып, қызметі туралы мәліметтерді (баспасөз мәліметін, өнімнің үлесін, сонымен қатар жеткізушілерден, делдалдардан, тұтынушылардан сұрастыру жолымен) жинау қажет.
Шетелдік фирма тәжірибесі көрсеткендей, көп жағдайда компаниялар әлсіз бәсекелесті таңдайды, дегенмен, бәсекелесің күшті болса үлкен жетістіктерге жетуге болады. Фирманың бәсекеқабілеттілігін көтеруде маңызды рольді ізгілікті ғылым саласындағы ноу-хау - жоғары ізгілікті технология атқарады.
Қоғам дамуының негізі - жоғары ізгілікті технология, ал оның мақсаты - адамдарға материалдық емес игіліктерді құру. Қазіргі уақытта Қазақстанда шаруашылық жүргізудегі ең маңызды мақсаткәсіпорынның өміршеңдік стратегиясын қалыптастыру болып отыр. Отандық кәсіпорындардың (мемлекеттік және жекелеген) өміршеңдік стратегиясы - бұл шаруашылық жүргізудің бұрынғы әдісінен бас тартып, қалыптастырылған нарыққа бейімделу әрекеті.
Мемлекеттік кәсіпорын стратегиясы кеңестік кезеңге қарағанда күрделенді, яғни кешендік сипат алды. Өміршеңдік стратегиясына: жалпы нарықтық, қаржылық, өндірістік, кадрлық компоненттер жатады. Нарықтық немесе өткізу стратегиясы шеңберінде кәсіпорын бағытталу және тұтынушы сұранысына бейімделу, болашақ контрагенттердің сенімділігі мен перспективасын, нарықтағы жаңа коммерциялық құрылымдармен байланысуды жанжақты зеттеу саясатын жүзгізеді.
Қазіргі кезде кәсіпорындарда стратегияның бәсекелік аспектісі негізінен тауар сапасын көтерумен, яғни бағалық емес бәсекемен болжанады. Қаржылық стратегияда кәсіпорындар қаржылық ресурсты қалыптастыруда жеңілдік алу (мысалы, пайыздық жеңілдік қойылымына жету үшін) үкіметке ұсыныс жасаса, екіншіден өзінің қаржылық жағдайын ықшамдау үшін өз күшін жұмсайды.
Нарық жағдайында кәсіпорын басшылары негізгі қаржылық шешім қабылдау кезінде қатал қаржылық шектеу жасау үлкен ықпал ететіндігін байқады. Өндірістік стратегия тәжірибеде өндірістің техникалық деңгейін қолдануға бағытталған. Кадрлық стратегия өз кезегінде еңбек ұжымын сақтаумен түсіндіріледі. Бұл төмендегі жағдайлармен байланысты: - мамандар мен білікті жұмысшылар қатарын сақтау; - кәсіпорындардың тұрақтылық жағдайына ықпал ететін әлеуметтік толқулар мен жұмыстан жаппай босатудың алдын алу.
Бәсекелестік күресте жоғары сапамен өнім шығара отырып, төмен шығын жұмсайтын кәсіпорын жеңіске жетеді. Қазақстанда бәсекелестік орта толық қалыптаса қойған жоқ. Отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмыс тәжірибесі соңғы жылдары олардың көбі бәсекелестік күресті жүргізуге дайын еместігін көрсетеді.
Оның негізгі себебі бәсеке артықшылығы түсінігінің мәні туралы жүйеленген ұғымның жоқтығы. Отандық өндірісте бәсекелестік ортаны қалыптастыру үшін импортқа шектеу қою қажет. Егер сырттан келетін тауар немесе қызмет шектелсе, отандық өндірушілер ұтады. Сонымен қатар кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау, қаржылық көмек қажет.

1.2 Бәсекелестік ортаның артықшылықтары
Бәсекенің экономикалық басты артықшылықтары:
1.Қоғамдық тұрғыда бәсекелік күрес арқылы шектеулі ресурстардың аса тиімді бөлінуі жүзеге асады, өйткені сұранысы бар тауарлар ғана өндіріледі, яғни не, қанша өндіру мәселесі шешіледі. Бұл жағдай Парето бойынша тиімділік деп аталынады (италияндық экономист әрі әлеуметтанушы ВильФредо Паретоның атымен байланысты), өйткені ол ең алғаш жетілген бәсекенің ресурстарды тиімді бөлу жағдайын қалыптастырған болатын.
Егер кез-келген басқаның әл-ауқатын төмендетпейінше, ешкімнің әл-ауқатын жақсарту мүмкін емес болса, онда ресурстар Парето бойынша оңтайлы бөлінген деп есептеледі.
2. Бәсеке кәсіпкерді өз өндірісін үнемі жетілдіруге, өнім сапасына кері әсер етпейтіндей төмен баға қоя отырып, өнім бірлігіне жұмсалынатын шығындарды азайтуға мәжбүр етеді. Ал бұл төмен бағаға сұранысты өсіру арқылы жауап беретін тұтынушыларға қолайлы. Тұтынушылардың сұранысы үшін күресте кәсіпкер шығындарды төмендетудің жолдарын жиі-жиі іздестіруге, шектеулі ресурстарды қолайлы пайдаланудың жаңа комбинацияларын есептеуге мәжбүр.
Осыған қоса, өмір сүру үшін күресте ол тек сапалы өнім шығаруға, қоғамдағы барлық стандарттарды сақтауға, тұтынушылардың өзгеріп отыратын талаптары мен артықшылық беруіне сәйкес игіліктер мен қызметтердің сұрыпталымын жаңартумен айналысуға мәжбүр. Бұл, сөзсіз, жалпы өндірістің тиімділігін жоғарылатады.
3.Шығындарды төмендетудің жаңа тәсілдерін іздестіру ауқымын ұлғайта отырып, кәсіпкерлер жаңа, өнімділігі жоғары техника мен технологияларды, еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін пайдалануға және рыноктағы өз үлесін нығайтуға ұмтылады. Оған тек қана ғылыми-техникалық инновациялар арқылы жетуге болады. Бұл да, нақты кәсіпкерге ғана емес, қоғамға да тиімді.
4.Қоғам үшін бәсекенің елеулі маңызды нәтижесінің бірі- тұтынушылар үшін күресте өз фирмасының беделі және адал, әділетті бизнесмен абыройының кәсіпкерлерді толғандыруы. Ол үшін өз тауарлары мен қызметтерінің сапасына ғана емес, сервистік қызмет көрсетуге, сонымен қатар өз фирмасының имиджінің сыртқы көріну нысанына да көп көңіл бөлуге тура келеді. Өз пайдасын ойлап қана қоймай, сонымен бірге халықтың белгілі бір тобына бағаны төмендету, тұрақты сатып алушылары үшін сый-ақы және жеңілдіктер беру, қайырымдылықпен айналысу және т.б. арқылы тұтынушылар үшін белгілі бір шығын шегуге дайын болуы тиіс. Мұның барлығы қоғамда қолайлы жағдайларды, сауатты бизнесменді қалыптастырады, әлеуметтік шиеленісті төмендетеді.
Бәсекенің осындай экономикалық артықшылықтары қоғамдық экономикалық ұйымдастырудың басқа нысандарымен салыстырғанда рыноктық экономиканы аса тиімді етеді. Осымен бірге бәсеке объективті түрде қоғам үшін қажетсіз теріс салдар туындатады. Бәсеке Парето бойынша ресурстарды оңтайлы бөлгенмен, әлеуметтік әділеттікті мүлдем қамтамасыз ете алмайды екен. Ал қоғам тек озық деңгейлі бизнесмендерден ғана тұрмайды, онда өмір сүру деңгейі әртүрлі халық топтары, сырқат, қарт адамдар, балалар мен жұмыссыздар бар. Қоғамның бұл бөлігінің үлестік салмағы жоғары болған сайын, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету қажеттігімен салыстырғанда,
Парето бойынша тиімділіктің маңыздылығы төмен болады. Бұл жерде әлеуметтік шиеленісті төмендету үшін ресурстар мен табыстардың бөлінуіне түзетулердің қажеттігі туындайды, ал рынок бұл мәселені жеке өзі шешуге дәрменсіз.
Сонымен бірге бәсекенің нәтижесінде экономиканың тепе-теңдік жағдайы, белгілі бір үйлесімділіктер мен өндіріс және салалар арасындағы оңтайлы қарым-қатынастар орнағанға дейін, ішкі себептерге байланысты ресурстардың стихиялық, алдын-ала болжауға қиын рыноктық процестердің дамуы жүреді.
Яғни, бұл тепе-теңдік, оңтайлылық қоғамдық елеулі еңбек шығындарының, артық өндірудің, өндірушілердің жіктелуінің, біреулерінің зиян шегуі және екіншілерінің баюының нәтижесінде орнайды және аса ірі шаруашылық субъектілерінің пайда болуына жағдай жасайды. Бұл процестің жүйелі түрде жаңаруы монополияның пайда болуын объективті түрде қамтамасыз етеді және рыноктық жүйенің қозғаушы күші ретіндегі бәсекенің өзін жою қаупін өсіреді.
Бұл кемшіліктердің салдары өте жоғары болғандықтан, мемлекет бәсекелік ортаның жағдайын бақылайды және қажеттігіне орай монополиялық тенденциялардың дамуына тосқауыл болатын экономикалық іс-шараларды қолданады
Бәсекелестік күрестің түрлері мен нарықтағы моделінің сипаттамалық негіздері мына кестеде көрсетілген.
Нарық модельдері
Фирмалардың саны мен көлемі
Өнім түрі
Фирмалардың нарыққа кіру және шығу шарттары
Таза бәсеке
Көптеген ұсақ фирмалар
Бір тектес өнім
өте жеңіл кедергілер жоқ
Монополиялық бәсеке
Көптеген ұсақ фирмалар
әр тектес өнім
өте жеңіл
Олигополия
Фирма саны аз, ірі фирмалар да бар
әр түрлі немесе бір тектес өнім
Елеулі кедергілер бар
Таза Монополия
Бір ғана фирмалар
өте смрек кездесетін өнім
Бұзып кіруге болмайтын кедергілер

2 МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ РЕТТЕУ

Монополия терминi бiр немесе шектелген саны бар сатушылар нарығын сипаттау үшiн қолданылады. Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн қалдырмайды. Сонымен бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз ережелерiн қояды. Монополия еркiн бәсекелестiгi бар нарыққа қарама -- қарсы түрде жүргiзiледi. Артықшылық тұтынушыға емес, өндiрушiге берiледi, себебi ол өнiмге бағаларды белгiлейдi. Баға мен пайда бәсекелестерден жоғары болып, қоғам және жеке топтар үшiн өте ауыр жағдай тудырады. Сфера және аймақ, кәсiпорындар арасындағы ресурстарды қайта бөлу механизмнi тиiмдiлiгi бұзылады, экономикалық еркiндiк болмайды, тұтынушылар үшiн де. Тарихи кезеңде әр елдің экономикасына монополияның әр түрлері құрылды: Табиғи монополия және жасанды монополия. Қазақстан Республикасындағы табиғи монополияға жатады.
Монополияға қарсы саясат
Ірі монополдық бірлестіктердің рынокты түгелдей өздеріне бағындыру іс-әрекеттері шағын және орта кәсіпкерлердің, жалпы қарапайым адамдардың наразылықтарын туындырады. Бұл жағдай мемлекеттің экономикаға араласуын талап етті. АҚШ- та, Батыс мемлекеттері монополияға қарсы аңдарды қабылдап, оның рынокты монополияландыруына тоқтау қойыла бастады.
Америка Құрама Штатында экономиканы монополяландыруға қарсы бірінші заң - Акт Шермана , 1890 жылы қабылданған. Ол тресттер, бірлестіктер, егер штаттардың арасындағы саудаға кедергі келтірсе, оны заңсыз деп санады. Акт Клейтона (1914 жыл) арам, алдама саудаға тыйым салған.
Қазіргі уақытта барлық мемлекеттерде осындай монополияға қарсы заңдар қолданған. Сол арқылы олардың іс-әрекеттеріне шек қойылған. Мемлекет монополияның іс-әрекетіне мына бағыттарда араласады, бақылау жүргізеді:
а) Мемлекет жоғарғы деңгейде салық салу арқасында монополияның пайдасының көлемін азайтады. Соның нәтижесінде әлеуметтік жағдайға тигізетін тиімсіздігін әлсіретеді.
б) Инфляцияны басу және жоғарғы деңгейде шоғырланған салалардың бағаларына қысым жасау үшін бағаға бақылау қойылады.
в) Монополияның бірлестіктердің мемлекет меншігінде болуы. Мысалы, телефон байланысы. Сумен табиғи газбен, элетрокүшімен жабдықтау, темір жол монополдың кәсіпорындар болса, тиімділігі жоғары болады.
г) Мемлекеттік экономикалық реттеу бағаға, өндірістің көлеміне, фирмалардың реттелетін салаларға кіруін, одан шығуын бақылауға мүмкіндік тудырады. Бұл бақылау болады коммуналдық кәсіпорындарда, көлікте, қаржы рынокта. Бұл құрал-жабдық мемлекет меншігінде болса да, ол бақылау жүргізеді.
д) Монополияның іс-әрекетін мемлекет реттейді, монополияға қарсы саясат арқылы. Бұл саясат, әсіресе. Жоғары деңгейде шоғырланған салаларға қарсы қолданылады. Монополияға арнайы заң және ережелер шығарылады, мемлекеттік тапсырманың үлесін ұлғайтады. Эскпорттың және импорттың тауарлардың түріне, көлеміне бақылау, шек қояды. Ақша айналымы, несие, салық саясаты жүргізеді.

1.1 Монополияға қарсы заңдар
АҚШ - тың монополияға қарсы заңдары барынша жетілдірілген деп есептелінеді, оның бұрыннан келе жатқан тарихы бар. Ол үш китке, үш негізгі заңдар актілеріне бағындырылған:
1. Шерман заңы (1890 жыл). Бұл заң сауданы құпия монополияландыруға, бір салада жалғыз үстемдік етуге, баға жөнінде келісімге келуге тыйым салады.
2. Клейтон заңы (1914 ж) - өткізу саласындағы шектеу іс - әрекеттеріне, баға алалаушылығына ( барлық жағдайда емес, тек күнделікті бәсекенің ерекшелігіне байланысты), бірігудің кейбір түрлеріне тыйым салды.
3. Робинсон - Пэтмэн заңы (1936 ж) - баға алалаушылығы баға қайшысы тағы басқа сауда саласындағы істерді шектеуге тыйым салады.
1950 жылы Клейтон заңына Селлер- Кефовер түзетуші қабылданды, заңсыз бірігу ұғымы пысықталды. Активистерді сатып алу арқылы бірігуге тыйым салынды. Егер Клейтон заңымен ірі фирмалардың көнбеу бірігуіне кедергі қойылса, Селлер - Кефовер түзетуді тікелей бірігуді шектейді.
Монополияға қарсы заңдарды жүзеге асрушы мемлекеттік қызметтер екі принципті басшылыққа ала алады. Біріншіден, заңды қатал сақтап отыру, екіншіден парасаттылық принципін ұстау. Өйткені көп жағдайларды трестерге қарсы заңдардың (мысалы Шерман заңы) ресми жалпы түрде жазылғаны сонша, АҚШ федеральдық соты осы заңның қолдану сферасына іс істемекші болған қандай да болсын келісімге келуші екі жақты жатқыза алады. Сондықтан Парасаттылық принципі бойынша тек жөнсіз, ақылға сыймайтын сауданы шектеулер ғана Шерман заңының қолдану сферасына жатады. Мемлекет қиратушы монополизм қаупі мен бәсекені шектеу қаупінің ( мемлекеттің қандай да болсын араласуы, тіпті бәсекені қолдау мақсатымен, әрбір бәсекелестік мүмкіндіктерді шектеуге әкеліп соғады) арасындағы жіңішке соқпақ жолда өзін тең ұстауға тиісті. Монополияға қарсы істер өндірушілердің ( тұтынушылардың) бір тобына басқа топтардың есебінен барынша жеңілдік жасаудың орнына бәсекені қолдау керек.
Монополиялану фактісін анықтау үшін монополияға қарсы реттеу математикалық құралдарды және жалпы Э. Чемберлиннің. Дж.Робинсонның, В.Паретонның тағы басқа экономистердің жетілмеген бәсеке концепциясының барлық теориялық аппаратын кеңінен пайдалануды көздейді. Өкіметтің атқарушы ұйымдары монополистік шектеулерді болдырмау үшін тек қана жазалау емес, оның алдын алатын жұмыстарды да жүргізеді. Мысалы, Әділет министрлігі трестерге қарсы заңдар, компаниялардың бірін-бірі жұтып қоюы, қосылуы туралы келісімдердің параметрлері бар анықтама материалдар басып шығарады. Мысалы, бір немесе бірнеше кәсіпорындардың рыноктағы басымдылығы фактісі туралы қорытындыға негіз болатын белгілер мынандай: бір кәсіпорын үшін - 33%, үшеуі үшін - 50%, бесеуі үшін - 66,6%. Айта кететін жай, трестерге қарсы заңдар Үлкен бизнестің ірі корпорацияларына қарсы бағытталмаған, өйткені бір компанияның мөлшері оған монополия деп қарауға негіз бола алмайды. Монополияға қарсы заңдар тиімді бәсекені бұзатын шектелген іс тәжірибеге қарсы бағытталған. Егер рыноктық экономикада уағыздалатын қосымша шығындар мен қосымша пайданы салыстыру принципі қолданылса, онда мынаны айтуға: монополияға қарсы реттеуге байланысты болатын шығындар, қанша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Нарық, тауар құны туралы түсінік
КӘСІПКЕРЛІК БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДЕМЕУ
Кәсіпорынның бәсекелестік нарықтағы жағдайы
Аймақтық экономиканын бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау және бағалау
Кәсіпорынның бағалық саясатының маңызы
Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі - аралас экономика
Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық маңызы
Бәсекенің мәні мен маңызы, оның атқаратын қызметтері
Түраралық қарым - қатынастар
Пәндер