Жеңіл өнеркәсіп туралы түсінік


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КЕАҚ «С. ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ»
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Қазақстандағы жеңілөнеркәсіптің дамуы»
Тексерген:Шайкенов Ж.
Орындаған:Заитов Р.
Тобы:НГД-17/1
2020 ж
Жоспар
Кіріспе
1 Жеңіл өнеркәсіп туралы түсінік
2 Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жеңіл өнеркәсіп - халық тұтынатын көпшілік қолды заттар, ең алдымен, мата, іш және сырт киімдік трикотаж, шұлық-үйық бұйымдарын, аяқ киім, тігін және галантерея бұйымдарын өндіретін салалар мен кәсіпорындар жиынтығы. Жеңіл өнеркәсіптің негізгі салалары - мақта-мата, зығыр, жүн, жібек, кендір-кенеп, аяқ киім, былғары жөне аң терісі бұйымдарын өндіретін салалар.
Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты- тұрғындардың әдемі, ең бастысы тиімді - жоғары сапалы киіммен қамтамасыз ету. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары тар: мақта, жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы "шешімін таппаған" сала болып есептеледі.
Жеңіл өнеркәсіп - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан таза және көбінесе әйелдер қызметінің саласы. Өнеркәсіптің өнімі және өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала- мата тоқү саласы Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, киіз шығарады. Оларды өсімдік (мақта зығыр) немесе жануарлар ( жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.
Халықтың әлеуметтік әлеуетін көтеруде жеңіл өнеркәсіптің игі ықпалы өлшеусіз. Жергілікті тұрғындардың, әсіресе, әйелдердің арасындағы жұмыссыздықты жоюдың бірден-бір тиімді жолы жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту болып табылады. Бұл саланың өнімдеріне деген сұраныс та жоғары - азық-түлік тауарларынан кейінгі екінші орынды иеленеді. Сондықтан, қарапайым жұрттың қамын ойлаған ел экономикалық даму стратегиясында бірінші кезекте жеңіл өнеркәсібі саласын дамытуға айрықша басымдық беруге тиіс.
Әлеуметтік-экономикалық маңызы зор бұл саланы дамытуға әлемнің көптеген елдері әлдеқашан түбегейлі бетбұрыс жасаған. Мәселен, жеңіл өнеркәсіптің үлесі АҚШ, Италия, Германия, Қытай, Португалия, Түркия сияқты дамыған елдерде 12-20 пайызды құрайды. Қытай, Үндістан, Түркия, тіпті іргедегі Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттері табысының қомақты бөлігін жеңіл өнеркәсіп тауарларының экспортынан түсіруде. Соңғы жылдары қырғыз елінің ішкі жалпы өніміндегі жеңіл өнеркәсіп үлесі 30 пайыздан асты. Ал қазіргі таңда Қазақстандағы қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы жеңіл өнеркәсіптің үлесі 1, 2 пайызды құрайды.
Өткенді дұрыс таразылап алмай, алдағы күнде жүйелі жетістікке жету қиын. Елдің ертеңгі экономикалық бағдарламаларын белгілейтін бүгінгі «топ менеджерлер» топырақ шашудан жалықпай келе жатқан кешегі кеңес дәуірінде Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі жарты әлемді аузына қаратқаны ақиқат. Сол уақытта Қазақ КСР жеңіл өнеркәсібінің тоқыма, тігін, аяқ киім, тері-ұлпан өнеркәсібі салаларында 1 мыңнан астам іргелі кәсіпорындар жұмыс істеді. Олардың ішінде мыңдаған қазақстандықтардың өмір мектебі - сүйікті еңбек ұжымына айналған Алматы мақта-мата комбинатын (АХБК), «Жетісу», Жамбыл аяқ киім кәсіпорындарын, «Большевичка» тігін комбинатын, М. Мәметова атындағы тігін фабрикасын, Қостанай, Семей мауыты-шұға комбинаттарын ерекше атауға болады. Тағы бір айрықша еске салатын бір мәселе, сол уақытта Қазақ КСР жеңіл өнеркәсібінің табысы ел бюджетінің 25 пайызын қамтамасыз етіп тұрған болатын.
Жеңіл өнеркәсіп туралы түсінік
Бұл саланың мақсаты - тұрғындарды әдемі, әр алуан, ең бастысы «тиімді - жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз ету. Ондай тауарлар өсімдік (мақта, жібек) және жануарлар (тері, былғары) өнімдерінен алынады. Біздің еліміз үшін бұның маңызы зор, өйткені, адамдар суық қыс пен ыстық жазда жасанды теріден гөрі мақтадан тігілген киімдер мен былғары аяқ киімдерін киюді артық көреді.
Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары бар: мақта, жүн, табиғи былғары мол. Дегенмен, ол экономикадағы ең бір «шешімін таппаған» сала болып есептеледі. Ел көбінесе Қазақстан шикізатынан жасалған шет елдің киімі мен аяқ киімін киеді.
Бұл сала жоспарлы экономикада негізгілердің қатарына жатқызылған жоқ. 1990 жылдардың басында оның құрал-жабдықтарының 70%-ы 10 жыл бұрынғы ескі болатын. Экономикалық дағдарыс жылдарында ол мүлдем іс-әрекетсіз жағдайда қалды. Арзан (көбінесе сапасыз) шет елдік тауарлар «толқыны» Қазакстанның жеңіл өнеркәсібін жайпап өтті. Жұмыскер саны мен өнім өндіру 10 есе, ал аяқ киім тігу 1000 есеге қысқарды. Қазіргі кездегі елдің өнеркәсібіндегі оның «үлесі» бар болғаны 1%-ды құрайды (1990ж - 15%) . Кәсіпорындардың бір бөлігі үкіметтің армия мен полицияға аяқ киім мен формаға тапсырыс беруі арқасында ғана «аман қалды».
Қазіргі кезде жеңіл өнеркөсіпте оң өзгерістер байқалады. Бірақ, оған Қазақстан индустриясындағы алдыңғы қатарлылардың бірі болуы үшін көп нәрсе жасау керек.
Жеңіл өнеркәсіптің 13 саласы бар. Оның негізгілері - тоқыма, тігін, мақта-мақга, былғары, тері илеу салалары. Ол басқа салалармен және салааралық кешендермен тығыз байланысқан.
Жеңіл енеркәсіп (кей жағдайда болмаса) - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан «таза» және көбінесе «әйелдер» қызметінің саласы. Өнеркәсіптің өнімі және өңделген шикізаты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Бұл оның салаларының таралып орналасу «бейнесін» көрсетеді. Оның дамуы ауыр өнеркәсіпті аудандарда еңбек қорларын толығырақ пайдалануға, айтарлықтай минералдық және басқа табиғи қорлары жоқ жерлерде кәсіпорындар ашуға мүмкіндік береді.
Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала - тоқыма өнеркәсібі. Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, ол мақта, жүн, зығыр, жібек маталары мен тоқыма өнімдерін, киіз шығарады. Оларды өсімдік (мақта, зығыр) немесе жануарлар (жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.
Мата шығару өңдеудің 4 сатысынан өтеді.
Бірінші сатысы - металлургиядағы кен байыту сияқты, мақтаны, жүнді өңдеу болып табылады. Ол мақта тазалайтын зауыттар мен жүн жуатын фабрикаларда атқарылады. Мақтаны дөнінен, қорапшасының қалдықтарынан, жапырағынан, сабағынан ал, жүнді кір мен майдан, басқа да лас заттардан тазартады. Тазаланған талшықтардан қатаң мата тоқылатын жіп иіріледі. Алынған қатаң матаны бояу, бетіне өрнек салады (әрлеу) .
1 т жуылған жүн алу үшін 2 т жуылмаған жүн, ал 1 т мақта талшығын алу үшін 3 т. астам мақта шикізаты қажет. Сондықтан, бастапқы өңдеу кәсіпорындары шикізат көздеріне жақын орналастырылады.
Әрбір келесі сатыны жекелеген жіп иіру, тоқыма немесе өрлеу фабрикаларында атқаруға болады. Бірақ ол көлік шығынын көбейтіп, дайын өнімнің бағасын қымбаттатып жібереді. Мақта-мата өндірісінің негізгі сатыларын бір комбинатта жинақтау тиімдірек болады.
Мақта-мата өнеркәсіптері Оңтүстікте шоғырланған. Барлық мақта тазалау зауытары (олар 30-дай) Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Жіпті Алматы мен Шымкентте иіреді. Матаны ең көп шығаратын - «Мата тоқу компаниясы» АҢ (бұрынғы Алматы мақта-мата комбинаты) . Ол негізінен қатаң мата түрін шығаруға маманданған. Мақта кешені (кластер) Оңтүстік Қазакстан облысында құрылуда.
Кластер орталығы Шымкент қаласында жіп иіру фабрикалары салынып, тесек-орын, түкті джинси маталарын шығаратын тоқыма өндірісі қайта жасақталған.
Жүн өнеркәсібі мардымсыз дамыған. Жүнді бастапқы өңдеу фабрикалары Оңтүстікте (Таразда, Шымкентте, Алматыда) және Шығыста (Семейде), ал мата тоқитын фабрикалар Фабричный кентінде (Алматы маңында), Қостанай мен Семейде орналаскан. Өскеменде жасанды талшықтардан мата тоқылады. Тоқыма өнеркәсібінде Алматы ерекше орын алады.
Былғары, аяқ киім және тері өңдеу өнеркәсіптері бір-бірімен тығыз байланысты. Тері өңдеу (табиғи былғары алу) шикізат көзіне, су мен электр энергиясына жақын орналасады. Еліміздегі тері өңдеу өнеркәсібінің 4 негізгі орталығы -Петропавл, Тараз, Рудный мен Семейдегі зауыттар. Қостанайда, Алматыда, Таразда, Ақтауда аяк киім фабрикалары жұмыс істейді.
Семейдің «Тері-былғары» комбинаты елімізде қой терісін өңдеу арқылы өнім шығаратын (тон, ішік, бас киім) ірі кәсіпорын болса, Шымкенттегі «Қазақиталкаракөл» - қаракөл терісін өңдейтін бірден-бір кәсіпорын болып табылады.
Киізден жасалатын аяқ киімнің (пима) 70%-дайы Қостанай облысында шығарылады.
Жеңіл өнеркәсіптің «кез келген жерде» орналаса беретін саласы - тігін өнеркәсібі. Ол көбінесе тұтынушыға таяу орналасады. Өнімнің негізгі бөлігін шағын тігін шеберханалары шығарады. Бірақ Шымкенттегі «Восход» сияқты ірі фабрикалар да бар.
Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің дамуы
Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің соңғы ширек ғасыр көлеміндегі тіршілігін саралайтын болсақ, республикамыздың өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі үлесі 1990 жылы 15, 8 пайызды құраса, 2000 жылы 2, 3 пайызға дейін қысқарып, 2011 жылы 0, 1 пайызға дейін құлдыраған. Қазақстан жеңіл өнеркәсібі саласында тек 2016 жылы ғана жұмыс істеп тұрған 79 кәсіпорынның 27 пайызы жұмысын тоқтатқан екен. Жыл ішінде еліміздің тоқыма өнеркәсібіндегі 12 кәсіпорын (33 пайыз), киім тігу өнеркәсібіндегі 8 кәсіпорын (22 пайыз), тері бұйымдарын шығаратын 1 кәсіпорын жабылған.
Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің осыншама тұралауының басты себебі не? Мамандардың да, дуалы ауыз сарапшылардың да бірауызды пікірі бойынша, еліміздің жеңіл өнеркәсібі саласын тұншықтырып отырған - импорт. Яғни отандық рыноктың шетелдік тауарларға, импортқа тәуелділігі. Арнайы жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша, еліміздегі жеңіл өнеркәсіп тауарларына деген жыл сайынғы сұраныс 5-6 миллиард АҚШ доллар көлемінде болады екен. Осы тауарлардың 97 пайызы импорт есебінен жабылады.
Кезінде жеңіл өнеркәсіп саласындағы ірі де іргелі кәсіпорындарды қасақана тұралатып, олардың жабдықтары мен ғимараттарын көлденең көк аттылардың қанжығасына байлап берген бір жауапты басшы «Осыншама мұнай тұрғанда, бізге киім тігу неменеге керек» деп «көрегенсіген» еді. «Жаманның айтқаны емес, сандырағы келедінің» кері келді. Мәселен, 2016 жылы еліміз бойынша тұтынылған сыртқы киімнің 97 пайызы, аяқ киімнің 96 пайызы, мата-мақта бұйымдарының 60 пайызы шетелдерден әкелінеді. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, елімізге жалпы көлемі 144, 3 миллион долларды құрайтын импорттық киім-кешек әкелінді. Олардың 80 пайызы Қытай, Түркия, Бангладеш, Италия және Өзбекстан елдерінен жеткізілген тауарлар көрінеді. Мәселен, осы мерзімде Қытайдан әкелінген киім-кешек өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 9 пайызға өсіп, Бангладештен жеткізілген тауарлар 45 пайызға өсіп, 22 миллион долларға жетіпті. Бір ғана Алматы қаласына жеткізілетін импорттық киім-кешектер жергілікті кәсіпорындар шығаратын өнімдерден 18 есе асып түсті. Халық тұтынатын қолғаптардың 93 пайызы, шұлық өнімдерінің 73 пайызы Қытайдан жеткізіліп тұр.
Дүркін-дүркін болса да, Қазақстан Үкіметі ел экономикасындағы жеңіл өнеркәсіптің үлесін арттыру қажеттігін тілге тиек етіп қояды. Өткен жылы бұл өзекті мәселені еліміздің Парламенті де қарады. Парламент Мәжілісінде «Өңдеу өнеркәсібін, экспортқа өнім шығару мүмкіндігі бар кәсіпорындарды дамыту. Ұлттық «Made in Kazakhstan» брендін дамыту» тақырыбында арнайы отырыс өткізіліп, қордаланған проблемаларды талқылады. Инвестициялар және даму министрлігі жеңіл өнеркәсіпті дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітіп, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің әлеуметтік тиімділігін арттыра отырып, олардың бәсекелестік қабілетін көтеру тетіктерін белгіледі. Өкінішке қарай, тұралаған жеңіл өнеркәсіп саласының бойына қан жүгіртіп, төрт аяғына тұрғызу мақсатындағы бұл қадамдардың бәрі қауқарсыз болды. «Баяғы жартас − сол жартас» күйінде қалып, жеңіл өнеркәсіп оңалар емес.
Қазіргі таңда еліміздің жеңіл өнеркәсібі саласында жұмыс істеп тұр деген саусақпен санарлық кәсіпорындардың басым көпшілігі бәсекелестікке қабілетсіз. Бұл реттегі басты мәселе - баға. Отандық кәсіпорындар шығарған өнімдердің бағасы айға секіретіндей, «аспандап» тұрады. Мәселен, Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша, елімізге Қытайдан әкелінген шұлықтың әр жұбы - 27 теңгеден болса, жергілікті өнеркәсіп тоқыған әрбір шұлықтың құны - 120 теңгеден, Қытайдан әкелінген әрбір костюм - 4, 5 мың теңгеден болса, өзіміздің кәсіпорындарда тігілген дәл осындай костюмдердің құны − 40 мың теңгеден асып түседі. Бұл жерде бәсекелестік туралы сөз қозғаудың өзі қисынсыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz