Сөйлеу тілін түйсіну жағдайы


Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
«Педагогика» факультеті
«Педагогикалық технологиялар» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы : « Есту қабілеті нашар балаларды арнайы мектептерде оқыту және тәрбиелеудің маңызы »
Пәні Инклюзивті білім беру
Мамандығы - 5В010300 - Педагогика және психологоия
Орындаған: Асылбек Ляззат студенті
оқу формасы: күндізгі
Жетекші: Ерубаева А. Р. ., аға оқытушы
Курстық жұмысты қорғау
уақыты ___ 2020 ж.
бағасы
Ақтау, 2020 ж
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
«Педагогика» факультеті
«Педагогикалық технологиялар» кафедрасы
Пәні Инклюзивті білім беру
Мамандығы 5В010300 - Педагогика және психологоия
ТАПСЫРМА
курстық жұмысты орындауға арналған
студент: Асылбек Ляззат
Тақырыбы :«Есту қабілеті нашар балаларды арнайы мектептерде оқыту және тәрбиелеудің маңызы»
тапсырманы орындауға (зерттеуге) қатысты негізгі сұрақтар:
1) Есту қабілеті нашар балаларды арнайы мектептерде оқыту және тәрбиелеудің маңызы
2) арнайы мектептерде оқыту және тәрбиелеудің маңызы»
3) Есту қабілеті бұзылған балалардың тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері
Негізгі әдебиеттер:
1) « История сурдопедагогики» А. Г. Басова, С. Ф. Егоров Москва Просвещение
2 Леднёв VS Білім берудің мазмұны. - Москва, 20079, б. 47.
3) Выготский LS Жұмыс істейді: 6 томдық - Москва, 1983, Т. 5, б. 223-2
4) « Специальная дошкольная педагогика» Н. И. Белова. Москва Просвещение
Курстық жұмыстың көлемі: 28 бет.
Курстық жұмысты тапсыру мерзімі 2020 ж. дейін
Курстық жұмыс жетекшісі Ерубаева А. Р
___ 2020 ж.
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен
инжиниринг университетінің Педагогика факультеті,
5B010300-Педагогика и психология мамандығының 2- курс студенті Асылбек Ляззат «Есту қабілеті нашар балаларды арнайы мектептерде оқыту және тәрбиелеудің маңызы» атты курстық жұмысқа
Рецензия
Студент, . Сонымен қатар, автор курстық жұмыста ғалымдардың зерттеу жұмыстарына тоқталып, есту қабілетінің төмендеуі салдарынан сөйлеу тілін қабылдау қиындатылып, экпрессивті сөйлеу тілі бұзылысына әкеліп соғатынын, эксперссивті сөйлеу тілі бұзылысының деңгейі әр жағдайда есту қабілетінің төмендеу деңгейіне, кереңдіктің пайда болу уақытына, баланың даму жағдайларына, түзету көмегінің жағдайына байланыстылығы жайлы өзекті мәселелерді қарастырған.
Есту қабілетінің бұзылысы бар оқушыларды тәрбиелеуде практикалық - әрекеттік қандай әдістер қолданылатынын, әсіресе оны сөйлеу тілі дамуының деңгейі жеткіліксіз және нақты түсінікті ойлауының аяқталмай қалыптасқан кіші мектеп жасындағы оқушыларға арналған әдіснамаларға тоқталған.
Автор, есту бұзылыстары бар балалар іс-әрекетінің ерекшелігі тақырыбының бірінші тарауында, есту қабілеті бұзылған тұлғаларға арнайы білім беру мазмұнының теориялық - әдіснамалық негіздері туралы айтылады. Екінші тарауда, есту қабілеті бұзылған тұлғаларға арнайы білім беру берудегі диагностикалық қызметтің түрлеріне сипаттама берген.
Студенттің курстық жұмысының мазмұны осы мәселелерді қарастырған 5B010300-Педагогика және психология мамандығының 2- курс студенті Асылбек Ляззат «Есту қабілеті нашар балаларды арнайы мектептерде оқыту және тәрбиелеудің маңызы» атты курстық жұмысы стандарттық талапқа сай тақырыбы өзекті, сапалы түрде жазылған жұмыс деп қарауға ұсынамын.
Рецензент: Ерубаева А. Р., аға оқытушы
Мазмұны.Кіріспе. . . 5
1. Естуі бұзылған балаларға арнайы білім беру. . . . 7
1. 1Есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы білім беру мазмұны . . . 7
1. 2Мектепке дейінгі есту қабілеті бұзылған балаларға педагогикалық - психологиялық сипаттама . . . 11
2 Есту қабілеті бұзылған балалардың тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері13
2. 1 Есту қабілеті нашар балаларды арнайы мектептерде оқыту және тәрбиелеудің маңыз . . . 13
2. 2 Есту қабілеті бұзылған тұлғаларға білім берудегі зерттеу жұмыстарының барысы . . . 25
2. 3 Есту қабілеті бұзылған тұлғаларға білім берудегі зерттеу жұмыстарының барысы . . . 27
Қорытынды. . . 29
Пайдаланған әдебиеттер: 30
КІРІСПЕКурстық жұмыстың өзектілігі: Осы курстық жұмыста балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың тәсілдері мен жолдары қаралады. Есте сақтау қабілеті - бір-бірімен байланысты бірнеше жеке үрдістен тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Есте сақтау қабілеті адамға қажет. Ол оған өмірлік тәжірибені жинақтауға, сақтауға және кейін де пайдалану мүмкіндігін береді. Білім мен дағдыларды бекітудің бәрі есте сақтау қабілетінің жұмысына жатады. Осыған сәйкес психологиялық ғылым алдында есте сақтау қабілеті үрдісін зерттеу бөліміне енетін бірқатар күрделі мәселелер тұр.
Бүгінгі күнде есте сақтау қабілетін зерттеумен түрлі: психология, биология, медицина, генетика және тағы басқа да ғылым өкілдері айналысады. Осы ғылымдардың әр қайсысында есте сақтау қабілетінің теориялары бар: психологиялық (Г. Эббингауз, К. Левин, П. Жане), биогенетикалық (И. П. Павлов, И. М. Сеченов), физиологиялық (Л. С. Выготский) . А. А. Смирнов пен П. И. Зинчеконың зерттеулері есте сақтау қабілетін үрдіс ретінде қарастырып, есте сақтау қабілеті баланың мағыналы қызметі ретіндегі жаңа және маңызды заңдарды ашты. Есте сақтау қабілеті қандай да бір жеке функциямен емес, ол тұлғамен, оның ішкі дүниесі, қызығушылықтары, ынтасымен тығыз байланысты. Сондықтан даму мен жетілу баланың дамуымен қатар жүреді.
Бүгінде есте сақтау қабілеті үрдістерін зерделеудің көптеген әдіс-тәсілдері бар, негізінен оларды түрлі деңгейлі деп есептеуге болады, өйткені психологиялық қызметтің осы күрделі жүйесін психологиялық, физиологиялық және нейрондық, сондай-ақ биохимиялық деңгейде зерттейтін есте сақтау қабілетінің теориялары бар. Көптеген теория бүгінде болжам түрінде қала береді.
Қазіргі уақытта көптеген елдер, оның ішінде АҚШ, Жапония, Англия,
Канада, Германия, Венесуэлла білім беру жүйесіне қомақты жаражат жұмсайды, тілдік теорияны үйрету үрдісінде есті дамыту деңгейін арттыруға арналған күрделі құрылғылар мен жүйелер ойлап табуда.
Есте сақтау қабілетін зерттеумен Г. Эббингауз, З. Фрейд, А. Бине, К. Бюлер, А. Н. Лентьев, А. Р. Лурия, С. Л. Рубинштейн, Б. В. Зейгарник, Л. С. Выготский және т. б. көптеген шетел және отандық ғалымдар айналысқан.
Бүгінгі күнде де есте сақтау қабілетін зерттеумен медицина, генетика, психологияы, кибернетика және басқа ғылымдар өкілдері айналысуда.
Біз зерттеу тақырыбын мәселенің актуалды болуына байланысты таңдадық. Психолого-педагогикалық әдебиетті зерттеуде біз мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту қажеттілігі және тілдік теорияны үйрету үрдісіндегі мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту бойынша әзірлемелер саны аз болуы арасында қарама-қайшылықты айқындадық.
Айқындалған қарама-қайшылық: тілдік теорияны үйрету үрдісінде мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайларын айқындау зерттеу мәселесін белгілеу мүмкіндігін берді.
Зерттеу пәні: оқыту үрдісінде балалардың есту қабілетін дамыту жағдайлары.
Зерттеу нысаны: Балалардың есту қабілетін дамыту үрдісі.
Зерттеу мақсаты: оқыту үрдісінде балалардың есту қабілетінің дамуы деңгейін теориялық айқындау және тәжірибе-эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеудің міндеттері:
Зерттеу мәселесі бойынша психология-педагогикалық әдебиетті үйрету.
Мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілеті дамуының ерекшеліктерін анықтау.
- ілдік теорияны үйрету үрдісінде мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайларын айқындау.
Зерттеудің болжамы: Зерттеу тақырыбы бойынша психолого-педагогикалық әдебиетті зерделеу мынадай болжам жасау мүмкіндігін берді. Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту табысты өтеді, егер тілдік теорияны үйрету үрдісінде көрнекілік пайдалану; мағыналы жаттаудың оңтайлы тәсілдеріне үйрету, есте сақтау өнімділігін арттыруға бағытталған жаттығулар, мектепке дейінгі жас балаларында жанама есте сақтауды қалыптастыру, яғни есте сақтау үшін қосымша құралдарды пайдалану, оның ішінде символ-белгілер сияқты жағдайлар жасалса.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша психология-педагогикалық әдебиетті теориялық талдау және жалпылау, оқу-тәрбие үрдісін бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық экспериментті талдау әдісі, мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдістері.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Балалардың есту қабілетін дамыту жүйесімен оқытудың әдістемелік тұғыр арқылы жасалған өзіндік құрылымдық -мазмұндық болмысы мен технологиясы туралы теориялық түйіндер мен дидактикалық ұстанымдар жүйесінің құрамдас бөлшегі ретінде ағылшын тілін жаңаша жаңғыртып оқытуға қосылған үлес ретінде таныла алады.
Зерттеудің практикалық құндылығы. Жұмыста қарастырылған нәтижелер арнайы мектептерде есте сақтау дағдысын қалыптастырудың тиімді жүйесі ретінде ақпараттық технологияны, компьютерді мультимедианы қолданудың артықшылығы тәжірибе жүзінде дәлелденіп, негізделді; зерттеу нәтижелерін мектепте ағылшын тілі сабағында қолдануға болады.
Құрылымы: курстық жұмыс кіріспе, қорытынды, екі тараудан турады. Жұмыс соңында әдебиет тізімі берілген.
1. ЕСТУІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ.
1. 1Есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы білім беру мазмұны
Кеңестер одағында және Ресейде көптеген жылдар бойы тек бір ғана дәстүрге айналған саңырауларға арналған педагогикалық оқыту жүйесі қалыптасқан - ол тілдік негіздегі сөздік сөйлеуі болып табылады. Саңыраулардың қазіргі сурдопедагогикасы жаңа оқыту парадигмасын іздеу үстінде болып табылады, себебі демократиялық және гуманистік тенденцияның тереңдігімен жалпылығы жағынан соңғы жылдары әлемдік байланыста нашар еститіндерге арналған жаңа білім тәжірибесі интеграцияны алып келді.
Сонымен қатар жесттік тілді лингвистикалық және психолингвистикалық жаңа ғылыми негізде зерттеу болып табылады. Ежелгі сурдопедагогикада нашар еститін балаларға арналған жаңа оқыту концепциясын ойлап табу көзделген, ол көптеген бағыттарға негізделеді. Педагогикалық оқыту жүйесінің 2 негізгі түрін қарастырайық, ол қазіргі кезде өзге елдерде де және Ресейде қолданылады.
Педагогикалық жүйесінің билингвистикалық ыңғайы-сурдопедегогиканың жаңа бағыты болып табылады, ол өмірде 80-жылдардың басынан бастап пайда болған. Латын тілінде «билингвистикалық», билингвизм қазақ тілінде аударғанда «екітілдік, екітілді»деп аударылады.
Билингвистикалық оқытудың методологиялық платформасының негізі болып әлеуметтік-политикалық және философиялық ойлар қосылысы болып табылады, цевилизациялық қоғам менталитетінің өзгерісі бейнесі және саңыраулардың шағын социумына және ымдау тіліне жаңа қарым-қатынасы.
Қазіргі ғылыми парадигма барлық білім процесінің байырғы құрылысы дәлелдігін қамтамасыз етеді.
Әлемде 5000-нан астам тілдермен 200-дей мемлекет бар деп есептеледі. Кейбір елдерде екі тілді қатар пайдалану заңда көрсетіліп бекітілген. Мыс:Европада мұндай елдер саны-6. Көптеген мем лекеттерде екі тілмен бірдей пайдаланылатын халықтарда бар.
Еститіндерге қатысты билингвистикалық оқыту идеясы жаңа болып есептелмейді:ортағасырда, мысалы:көптеген университеттерде сабақ латын тілінде өткен; қазіргі педагогикада 2 тілді қатарынан оңай меңгеру білімді алуда да және ары қарай карьераны жалғастыруда да өзінің зор үлесін көрсетеді.
Саңырауларға қатысты билингвизм термині 25 жыл бұрын қолданыла бастаған. Естімейтін адамдардың көпшілігі біруақытта жесттік және сөздік тілдеріне ие бола алады. Кейбіреулері өзінің негізгі тілін жесттік тіл деп ойласа, кейбіреулері сөздік тіл деп есептейді, бірақ саңыраулар қарым - қатынас жағдайында екеуін қатар пайдалана алады.
Саңырауларды оқытудағы билингвистикалық ыңғай білім процесінің екі тең құқылы және теңқұндылықты тәсілдерін қарастырады-олар орыс немесе өзге ұлттық тілінде аызша, жазбаша және тактильді формада және орысша немесе өзгеше жест тілі.
Еститін және естімейтін мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар арасында екі тілді бірдей қатарластырады. Саңырауларды Биленгвистикалық оқыту Батыс Европа пайда болған. Сурдопедагогикадағы осы бағыттың пайда болуына әсер еткен кейбір факторларды атап кеткен жөн.
1-ден, жетістік тілге деген қатынасының өзгеруі. Саңыраулар бір-бірімен қарым-қатынасы үшін жесттік тілді қолданған және де жетістік тілге алғаш рет 4 ғасырда сипаттама берген Августин еді. Франция Қаласында және Ресейде жесттік тілдің қолданылуы жайында оқулықтар енгізілді.
Жесттік тіл орыс, ағылшын, қытай тілдерінен ешқандай айырмашылығы жоқ. Жесттік тілді оқу процесінде кең қолдануға болады. Осы пікірді Л. С. Выготский 30-жылдардың басында атап кеткен.
2-ден, «Басқа адамдарға ұқсамайды» деген пікір өзгереді. «Басқалар» әлемін түсіну Қажеттілігі пайда балды. Саңырауларға «Мүгедек» ретінде қарау сияқты көзқарастар өзгерді. Оларға индивид, қалыптасқан жеке тұлға ретінде көңіл бөле бастайды.
3-ден, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін елдерде миграция көбейді. Мысалға АҚШ-пен Ұлыбританияда Азия және Африкадан келген имиграндтар көбейді. Осының иәтижесінде оқыту процесі өзінің туған тіліне сүйенгенде ғана тиімді балады.
4-ден, бұл ауызша оқыту және тотальды комуникативті әдістерінің жалпы талымсыздығы. Конрада 1979 жылғы зерттеулерінде Англия қаласында саңырауларға арналған мектептің түлектерінің оқу қабілеті қалыпты 9 жасар балаға тән.
5-ден, АҚШ-та жүргізілген зерттеулер бойынша саңырау ата-анадан туған саңырау балалар IQ тестісін жақсы меңгеріп жақсы нәтиже шығарады. Себебі: осындай жестік тілде олар туғаннан бастап қолданған.
Осылайша, прогрессивті ата-аналар балаларын бұрынғыша оқытқысы келмеді. Нәтижесінде саңырау балаларды оқытудың лингвистикалық ыңғайлы Скандинавиядағы мемлекеттік жүйе болып табылады. . Қазіргі уақытта Ұлыбританиада жарты мектеп билингвистикалық ыңғайды қолданып келеді және осы ыңғайды Австралия, Африка, Галландия Бельгия, Германия, Швецария, Эстония қолданып келеді.
Ал Ресей қаласында тек ғана бір билингвистикалық мектеп бар-ол Мәскеулік билингвистикалық гимназия, 1992жылы пайда болған (ғылыми жетекші профессор Г. Л. Зайцева)
Г. Л. Зайцеваның айтуынша(1988) оқу тәрбиелеу процесінде жест тілін кеңіненқолдану нәтижесінде ғана мұғаліммен оқушының арасындағы қарым-қатынас нығайтылынады. Осының нәтижесінде білім аумағы кеңейтіледі жене 10жыл ішінде білім алып шығады.
Саңырауларды оқытудың жаңа педагогикалық жүйесінде шешілмеген тапсырмалар қатары көп. Олар:оқыту процесінде жесттік және сөздік тілді дұрыс қолдану талабы, жесттік тіл негізінде дидактикалық оқыту процесін жасапм шығару арнайы сурдопедагог маманларын дайындау жүйесін құру.
Саңырауларды оқытудың екінші бағыты сөздік тілімен байланысты. Түрлі тарихи кезеңдерде бұл бағыт лингвистикалық білімге сүйенді. Оқытудың негізгі мақсаты саңырау, бірақ сөздік тілді меңгерген адам болып табылады. ХҮШ-ғасырдың екінші жартасында ХХ-ғасырдың басында сурдопедагогтардың зейіні саңыраулардың сөйлеу жағдайында болды. Оның негізгі тапсырмасы таза ауызша сөйлеу болып табылады.
ХХ-ғасырдың 50-жылдар ортасында дейін саңырау балалардың сөздік дамуын - олардың айтылуын, сөздік қорын, грамматикасын, синтаксисін зерттеп қарастырады. Бәріне танымал сурдопедагог, профессор С. А. Зыков және оның әріптестерінің айтуынша, саңырау балалардың сөздік тілдің коммуникативті функциясы және әлеуметтік есептеуі арқылы зерттеп білуге болады. Бұл жүйе коммуникациялы жүйе деп аталады. Саңырау балалар жүйені меңгеріп және әлеуметтік ортада қолданылуын үйрену керек. Коммуникациялы жүйенің аса маңызды жағдайы заттық - сарамандық іс-әрекет жағдайында саңырау балалардың тілдік дамуын қалыптастыру және дамыту;
Коммуникациялы жүйенің пайымдауынша, тілді зерттеп білудің жүйесі болып қарым-қатынас тілдік формасын сарамандау болып табылады. Балада тілдік қабілет тіл белсенділігінің негізгі түрі болып даму керек.
Коммуникациялық жүйелік тілдік оқытудың аса маңызды орны қарым-қатынас даму идеясындағы іс-әрекет сияқты орын алады.
Саңырау балалардың тілдік құрылым жүйесін меңгеруі басқаша жүреді. Саңырау балаларға арналған мектептерде сөйлеуді меңгеру құрылымды-самантикалық принцип негізінде жүреді. Бұл принципті Л. П. Носков жасап шығарды. Бұл принцип берілген материалды меңгеруге ықпалын тигізеді.
Генетикалық принципі арқылы саңырауларды онтогенез немесе филогенез кезеңдердже оқытады. Сурдопедагог саңырау баламен жұмыс кезінде балалық (шақтық) даму ерекшеліктері ескерілді.
Оқытудың тілдік іс-әрекет принципі негізінде сөздік тіл қажеттілік болған жағдайда ғана қолданылады. Мектептегі оқытудың заттық - сарамандық бағыты арнаулы сабақтарда қолданылады.
Саңырау балаларды тілге үйрету жаттығулары заттық - сарамандық оқытуда ғана жүргізілмейді, сондай-ақ айтылуының қалыптасуына және есту қабілетін дамытуда қолданылады. Заттық әрқайсысы тілдік іс-әрекет компоненттерін бекітеді.
Саңырау балаларды оқытудағы комуникативті жүйенің дамуы және қалыптасуы СССР-да есту-аймағындағы техниканың жетістігінің болмауы кезінде қолданылады. Дыбысты күшейтетін аппараттар 70-жылдардың аяғында ғана енгізілген. Сондықтанда комуникациялық жүйе кеңестік ғалымдармен жасалады. 1958 жылы Манчестерде саңырауларға арналған арнайы білімнің проблемалары туралы халықаралық конгресс өтті. Бұл конгрестің негізгі тақырыптары болып саңырау балаларға арналған педагогиканың көмегі және олардың ерте шақтағы дамуы қарастарылды.
Манчестердегі халықаралық форумның негізгі нәтижесі АҚШ-ғы диагностикалық және педагогикалық көмегі болып табылады, педоаудиолық кеңес беру (1959)
Осы бағыттң4 дамуы негізінен сөздік тілге негізделген, 50-жылдардың аяғы, 60-жылдардың бас кезінде дыбыс күшейтетін аппараттардың ұжымға қолдану түрі пайда болады.
50-60 жылдарда академик, доктор П. Губерина Загребе қаласында бұрынғы Югославия, қазіргі ХорватияҚ есту қабілеті бұзылған балаларды оқытудағы верботоналдық жүйені жасап шығарды, осы аппарат арқылы балаға оптимальды естуді таңдап алуға көмектеседі.
СССР-да пайда болған есту аппараттары ерте шақтағы оқытуға қолданылмайды. Негізінен бұл аппарат нашар еститін тұлғаларға және орта жастағы адамдарға негізделген. Сондықтанда мектептегі оқыту процесі 70-жылдардың аяғына дейін дыбыс күшейтетін аппаратсыз оқытылды.
70-жылдары АПН СССР типологиясын НИИ қызметкерлері есту қабілеті бұзылған оқушылардағы есту қабілетін дамытуда жаңа жүйе енгізді. Бұл жүйе саңырауларға арналған мектептерде кең қолданылып келеді. Дыбыс күшейтетін аппаратты жалпы білім беретін процесте қолдану негізінде түзету, дамыту жұмыстары жүргізіледі.
Есту қабілетін күшейтетін және дыбысты күшейтетін аппараттар арнайы білім беретін техникасының құралдары болып табылады. Олардың негізінде ақпараттар алмасады. Бұл динамикалық немесе статистикалық проекция құралдары, видеотехника, лазерлі дискілер, дыбыс сигналдары болып табылады. Қазіргі кезде саңырау балаларға арналған арнайы телекомуникативтік құрылғылар ерекше орын алады. Теледидаар бағдарламалары қазіргі кезде видеотекстермен немесе сурдоаударумен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар саңырау балалар видеотелефондармен, пейджинг байланысымен қолданылады.
Саңырау балалардың дамуында да компьютер ерекше орын алады. Жекелеген компьютер бағдарламалары арқылы саңырау балалар оқу аппараттарымен алмасып отырады. Дұрыс құрылған компьютерлер бағдарламалары арқылы сурдопедагог балалардың сөйлесу, есту сақтау, зейін сияқты құрылымдарын дамытады.
1. 2Мектепке дейінгі есту қабілеті бұзылған балаларға педагогикалық - психологиялық сипаттама.Есту қабілетінің бұзылысының түрлі деңгейлері ересек адамдармен қатар балаларда да көптеп кездеседі. Бұл бұзылыстармен қатар ортаңғы құлақтың ісігі, яғни отит; суық тию, сыртқы құлақтың құрылысымен қатар ортаңғы құлақтың қабынуы, оның ішінде құлақ қалқанының жетілмеуі; есту түтікшесінің жұқпалы ауруларға шалдығуы; дабыл жарғағымен есту сүйекшелерінің зақымдануы сияқты сипаттамалармен сипатталады. Бұл есту қабілетінің тумысынан бұзылысын кондуктивті деп атайды.
Қазіргі заман медицинасы түрлі операциялық жасау, емдеу әдістерінің көмегімен есту қабілетін тұрақтандыру жолдарын қарастыруда. Мұның кейбір қорытындысы ұзақ ем қабылдау арқылы есту қабілетін белгілі деңгейде жақсртып отыр. Есту қабілетінің басқада бұзылысы ішкі құлақ байланысының аурулары сенсоневролды мүкістік пен кіреді. Бұл мүкістік пен кереңдікке түрлі себептермен факторлар әсерін тигізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz