Сөйлеу - акустикалық, жазбаша немесе пантомимикалық белгілер арқылы мәліметті жеткізудің жоғары деңгейлі тәсілі


Заманауи логопедияның маңызды міндеттерінің бірі- ол жалпы сөйлеу тілін жоюдың тиімді әдістерін құрастыру. Сөйлеу тілінің аталған патологиясы күрделі симптом кешені болып табылады. Онда сөйлеу тілінің фонетикалық-фонематикалық, лексикалық-грамматикалық жағы бұзылған болып келеді (Р. Е. Левина, Л. Ф. Спирова, Т. Б. Филичева, Т. Д. Барменкова, В. К. Воробьёва, В. П. Глухов, И. С. Кривовяз т. б. ) . Патогенезі әр түрлі ЖСТД балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағының қалыптаспауы проблемасы көптеген авторлардың еңбектерінде қарастырылған (В. К. Воробьёва, Б. М. Гриншпун, Н. С. Жукова, В. А. Ковшиков, В. К. Орфинская, Е. Ф. Соботович, Т. Б. Филичева, С. Н. Шаховская, т. б. ) .
Ересектермен қарым-қатынас жасау барысында, заттық және танымдық ісәрекеттерінің дамуы негізінде, бала тілдің негізгі заңдылықтарын меңгереді, сөйлеуді құрастырудың негізгі ережелерін игереді. [1 б. 7] . Дәл осы уақытта бала сөйлемді меңгерумен қатар, ересектермен қарым-қатынасының және әлеуметтік қарымқатынастың маңызды құралына ие болады.
Қарым-қатынас әрекетін қамтамасыз ету үшін балаға тіл құралдарының (фонологиялық, морфологиялық, семантикалық, синтаксистік) мол қоры қажет. Олардың негізінде бала қоршаған адамдардың сөзін түсініп, өзінің сөйлеуін өңдейді. ЖСТД балалардың синтаксистік операцияларының бұзылуын олардың қолданатын сөйлеу тілдерінің типтерінің аса шектелгенінен және синтаксистік құрылымдарының қалыптасу үрдісінің ауытқуынан, синтаксистік байланыстардың бұзылуынан байқауға болады. [2. б. 92] . Осындай бұзылыстар сөйлеу тілі арқылы қарым-қатынасқа түсу процесін қиындатып, таным әрекетінің қалыптасуына кері әсер етіп, мектеп бағдарламасын меңгеруді қиындатады. Сонымен, қазіргі арнайы педагогикада, логопедияда, сөйлеу тілінің бұзылысы (соның ішінде ЖСТД) бар балалар интеграция мәселесіне аса көңіл бөледі. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың әлеуметтену процессін жеңілдету жолдарының бірі ересек тобындағы мектепке дейінгі жастағы балалардың қарым-қатынастағы сөйлеу мәнерін түзету болып табылады.
Логопедияда есту қабілеті қалыптасқан және интеллектісіне байланысты сөйлеу тілінің кеш дамуы, жалпы сөйлеу тілінің дамымауы - күрделі тіл кемістігі болып табылады. Бұл сөйлеу тілінің барлық компоненттер жүйесінің бұзылысын көрсетеді (Р. Е. Левина) . Сөйлеу тілі қарым-қатынас құралы ретінде қарым-қатынасқа түсу кезінде пайда болады және дамиды. Балаларда сөйлеу тілі функциясының бұзылысы қарымқатынасқа түсу процессінің дамуында үлкен рөл атқарады. Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы қарым-қатынас деңгейін төмендетеді, психологиялық ерекшеліктердің (тұйықтық, ұялшақтық) пайда болуына, қарым-қатынасқа түсу белсенділігінің төмендеуіне әкеп соғады. Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы әр түрлі деңгейлермен белгіленуі мүмкін: қарым-қатынас әректінің толық қалыптаспауынан бастап сөйлеу тілінің фонетикалық және лексика-грамматикалық элементтерінің бұзылуына дейін. Жалпы сөйлеу тілі дамымауы алалия, афазия, ринолалия, дизартрия сияқты күрделі сөйлеу патологияларының түрлерінде байқалуы мүмкін. Р. Е. Левина жалпы сөйлеу тілі дамымауының үш деңгейін қарастырған. Одан кейін Т. Б. Филичева зерттеу жұмыстарында ЖСТД төртінші деңгейін сипаттаған. Әр деңгей өзінің біріншілік және екіншілік кемістігінің белгілі сипаттамасы болады. Бір деңгейден екінші деңгейге өтуі жаңа сөйлеу тілі кемістіктерінің қосылуымен сипатталады.
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалар берілген шарттарды сөйлеу тілінде қолданылмайды. Біріншіден, баланың сөйлеу тілі бұзылысы және де психологиялық дамуы танымдық іс-әрекетінің ерекшелігі тығыз байланысып шартталған. Олардың жастарына сай қолжетімді барлық ойлау операцияларын меңгеру алғышарттары бола тұрып, баланың сөздік-логикалық ойлауы артта қалады, арнайы оқытусыз талдау, жинақтау, салыстыруды жалпылауды қиындықпен меңгереді. Барлық жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларға ойлау ригидтілігі тән (Ю. Ф. Гаркуша, О. Н. Усанова, Э. Л. Фигередо) .
Екіншіден, жалпы сөйлеу тілі дамымаған мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қоры шектеулі және сөздерді қолдану мағынасыздығымен ерекшеленеді. Т. Б. Филичева, Г. В. Чиркина, жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларда бір түрлі сөздерді анықсыз қолдануы, жалпылауы, белгілердің сипатын, табиғат құбылыс атауларын сонымен қатар абстрактті түсініктердің бүртүрлігі ғана байқалады. Сөздік қорының аздығымен сипатталады, көп сөздердің орнына бір сөзді қолданады. Түбірлес сөздерді, синонимдерді іріктегенде балалар көп қиындыққа кездеседі. Ауыспалы мағынадағы сөздерді түсінуі қиын.
Үшіншіден, барлық жоғарғы психикалық функциялары ерекшеліктері (жеткіліксіз тұрақсыздығы және назар салу мүмкіндіктерінің таралу шектеулігі вербальді есте сақтау мен есте сақтаудың нәтижелігінің төмендігі көріп қабылдауының дамуының артта қалуы), сонымен қатар қозғалыс сфераларының ұсақ моторикасының дамымауы, эмоционалды-ерік сферасының бұзылуының жеке тұлғаның сферасының және басқа да сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға кері әсерін тигізеді, осымен сөйлеу тілін анық айтуға қиналады.
Бұл сапалар сөйлеу тілінің ерекше қасиетімен басқарылады-сөйлеу тілінің қарым-қатынас мақсатымен міндеттерін жауап беретін тілдік құралдарының астарында жататын сыйымдылықсыз түсіндіріледі. Стильдік және ситуативті тұлғапсихологиялық сыйымдылығымен ажыратылады.
Сөйлеу тілінің қарым-қатынастың сапасын білу және оны меңгеру (сөйлеуші функциясы) -қарым-қатынас қабілетінің негізгі құраушыларының бірі. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілі сапасының қалыптаспағандығы арнайы әдебиеттерде көрсетілген.
Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың қарымқатынасқа түсуінде, зейін ерекшеліктерінің қиындықтары кездеседі. (тұрақсыздығы, еріктің төменгі дәрежесі, ойын жинақтаудағы қиындықтар) .
Еркін іс-әрекеттің бір түрі болып қарым-қатынас қарастырылады. О. Е. Грибова көрсеткендей сөйлеу тілі вербальді қарым-қатынас сәттілігі тұлғаның жеке ұйымдастырушылығы белгілі жоғарғы деңгейде, қарым-қатынас бірнеше тұлғаның белсенді бағдарлаудың ерекше түрі болып табылады. Сөйлеу тілінде ауытқуы бар балалардың грамматикалық құрылым мен сөздер жиынының шектеулігі, өз ойын білдіруде, бүтін жүйені бөлшектеп немесе керісінше сөздік құралды таңдауда қиындық туады.
Ес-психологиялық танымдық процестердің бірі болып табылады. Ес процесі адам өмірінде өте маңызды орын алатын процес. Ол арқылы адам қарым-қатынасқа түседі, ақпараттар қабылдайды, жинақтайды және өз тәжірибесіне қолданады. Психологиялық ғылымның алдында ес процестерін зерттеумен байланысты бірнеше күрделі міндеттер тұр: мәліметтер қалай сақталады, бұл процестің физиологиялық механизмдері қандай, есте сақтаудың шарттары қандай, оның шеңбері қандай, сақталған мәліметтердің көлемін кеңейтуге мүмкіндік беретін тәсілдердің қолданылуы. Осы мәселелермен қатар басқа да сұрақтар бар: есте сақтау іздері қалай сақталады, бұл іздердің қысқа және ұзақ мерзімге сақталу механизмдері қандай, бұл механизмдер қандай өзгерістерге ұшырайды және де осы өзгерістердің адамның танымдық процестерінің дамуына әсері. Жалпы тіл кемістігі бар балалардың бұл процестің жүру дағдысы қандай?
П. П. Блонскийдің дәлелдемесі бойынша, бала даму процесінде бірін-бірі толықтыратын ес процесінің төрт кезеңін меңгереді: моторлық, аффективтік, бейнелі және вербалды. Сонымен қатар П. П. Блонский ес процесінің генетикалық деңгейлі негізгі түрлерін бөліп қарастырған: алғашқы айларда шартты қозғалыс рефлекстер түрлерімен сипатталатын моторлы ес; алты ай шеңберінде аффективті ес пайда болады; бала өмірінің екінші жылында бейнелі ес және кешірек (3-4 жаста) логикалық ес қалыптаса бастайды және де оның дамуы ұзаққа созылады. Бірінен соң бірі дамитын ес процесінің түрлері сананың түрлі даму кезеңдеріне жатады деген ой да бар және де ес, сананың жоғары даму кезеңіне көтеріле тұрып, сөйлеу процестеріне негізделе отырып ойлау процесіне жақындай түседі. Мағыналық есте сақтау балаларда сйлеу тілі пайда болуымен анықталады және де сөйлеу тілінің әрі қарай дамуы мен өмірлік тәжірибе жинақталуымен шартталады, яғни сөйлеу тілінің кемістіктері естің дамуына тікелей ісер етеді. Таза, дұрыс сөйлеу - адамның қалыпты психикалық дамуының маңызды шарттарының бірі.
Сөйлеу - акустикалық, жазбаша немесе пантомимикалық белгілер арқылы мәліметті жеткізудің жоғары деңгейлі тәсілі. Оның әлеуметтік функциясы - қарым-қатынасты іске асыру. Интеллектуалдық аспектте - ойлау категорияларының негізін құрайтын абстрактілеу мен жалпылау механизмі.
Жалпы тіл бұзылыстары бар балалардың есте сақтау бұзылыстары бар. Нейропсихологияда есті күрделі функционалдық жүйе ретінде қарастырады, оның ұйымдастырылуында тұтастай бірігіп жұмыс жасайтын ми қыртыстарының аппараттары мен ұсақ жүйелері қатысады.
Жалпы тіл кемістіктері бар балалардың есте сақтауының барлық түрлері қалай дамиды? Бұл мәселенің маңыздылығы қазіргі таңда жеткілікті зерттелмегенімен, осы бағытта жұмыс жүргізу үшін ғылыми әдістерді қолдану, теориялық және практикалық ұсыныстарды нақтылаумен анықталады. Л. С. Волкова мен С. Н. Шаховскаялардың ойынша, «сөйлеу тілін меңгеру мәліметтерді өңдей алу қабілеттіліктерімен, қысқа мерзімді естің көлемімен байланысты. Сондықтан бала тілдік мәліметті өңдеу, жобалау және кодтау стратегиясын меңгеруі тиіс. Алғашқыда бала қарапайым тілді үйренеді, уақыт өте келе оның тілі біртіндеп күрделене түседі. Осы кезеңдерде ес процесінің түрлері қажетті сапалық деңгейде дамуы өте маңызды болып табылады. Мағыналық есте сақтау балаларда сөйлеу тілі дами бастау процесімен қатар жүреді, сонымен қатар өмірлік тәжірибенің жинақталуымен байланысты. Жалпы тіл кемістіктері бар балалардың барлық ес процестерінің түрлерін зерттеу (көру, есту, мағыналық, бейнелі, механикалық, мағыналық) арқылы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік аламыз. Әдетте жалпы тіл кемістіктері бар балалардың, қалыпты деңгейде дамып келе жатқан балалармен салыстырғанда көру есі бірдей дамуы мүмкін.
Ес процесі мәселесі көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып табылғанымен, олар оның құрылымын, басқа психикалық функциялармен байланысуын түрлі бағыттардан түсіндірген П. Жане, З. М. Истомина, О. С. Лебедева, А. Р. Лурия, П. П. Блонский, Л. С. Выготский бірақ жалпы тіл кемістіктері бар мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің даму мәселесі жеткілікті зерттелмеген. Сонымен, жалпы тіл кемістігі бар мектепке дейінгі жастағы балалардың ес процесі мәселесінің өзектілігі мен маңыздылығы, оның теориялық және тәжірибелік өңделуінің жеткіліксіздігі дипломдық жұмысымның тақырыбын «Жалпы тіл кемістігі бар балалардың танымдық процестерінің дамуын зерттеу» - деп алуға түрткі болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz