Өрт бөлімшелерінің өртті тоқтату жұмыстарын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Кафедра меңгерушісі
_______Сабитова А.Н.
қорғауға жіберілді
___________2020 г
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Алматы облысы, Сарқан ауданы, Черкасск орта мектебі КММ өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайы
мамандығы - 5В073100 - Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Орындаған: БЖ - 615 топ студенті ________ Даиржан Д.Ө
Жетекшісі: доктор сель.хоз.наук и.о.п _______Жанадилов А.Ю
Нормаконтролер _________ Мурзалимова А.К.
Семей
2020
МАЗМҰНЫ
№
Атауы
№ беті
Кіріспе
Бөлім 1. Нысанның инжерлік-техникалық сипаттамасы
1.1.
Нысан туралы жалпы мәліметтер
1.2.
Қабат жəне қазандық сипаттамасы
Бөлім 2. Эвакуация жұмыстарын жүргізу шаралары
2.1.
Жалпы ережелер
2.2.
Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейі
2.3.
Өрттің даму болжамы
2.4.
Нысандағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
2.5.
Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру шаралары
2.6.
Өрт сөндіруг жұмыстарына арналған құралдар жəне тəсілдер
2.7
Адамдар жаппай орын алатын ғимараттардағы өртті сөндіру
2.8.
Химия, информатика, физика оқу бөлмелеріндегі қауіпсіздік ережелері
Бөлім 3. Өрт бөлімшелерінің өртті тоқтату жұмыстарын ұйымдастыру
3.1
Нысанның қызмет көрсетуші персоналын өрт сөндіру бөлімшелесі өрт орнына келгенге дейін өртті сөндіруін ұймдастыру
3.2.
Шартты өрттің дамуы және оны сөндіруді ұйымдастыру туралы деректер
3.3.
Өрт сөндіру қызмет бөлімшелерінің нысанның жəне ауданның əкімшілік қызметтерімен өзара жұмыстарын ұйымдастыру
Бөлім 4. Жедел бөлім
4.1.
Жедел-тактикалық сипаттамасы
4.2.
Өрт туралы сигнал беру қондырғысының сипаттамасы
4.3.
Өрт хабарлау қондырғысының сызбасы
4.4.
Өрт бөлімшесі мен нысанның лауазымды тұлғаларына ұсыным
Бөлім 5. Еңбек қорғау жəне нысанның қоршаған ортаға антропогендік əсерін бағалау
5.1.
Еңбек қорғау
5.2.
Нысанның қоршаған ортаға антропогендік əсерін бағалау
5.3.
Адамдар мен материалдық құндылықтарды құтқару бойынша іс-қимылдарды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері
5.4.
Өрт сөндіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері
5.5.
Өрт кезіндегі арнайы жұмыстарды орындау қауіпсіздік ережелері
Қорытынды
Қолданылған əдебиеттер
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы аумағындағы оқу орындарындағы өртке байланысты және материалдық шығынға және ересектер мен балалардың қаза болуына әкеп соқтыратын жағдайлар болу қаупіне сүйене отырып, аталған әлеуметтік нысандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары бүгінгі күні өзекті мəселе болып табылады және ерекше мəн беруге лайық.
Адамдарды, мүлікті, қоғам мен мемлекетті төтенше жағдайдан қорғауға бағытталған ұйымдастыру іс - шараларының кешенін өрт қауіпсіздігі деп атаймыз.
Көптеген адамдар өрт қауіпсіздігі деген не жəне оның маңыздығын білмейді. Кейбіреулер өрт қауіпсіздікке немқұрайлы қарап, ережелерді бұзады немесе, салғырттықпен орындайды.
Өрт қауіпсіздігінің әлеуметтік мәні өртке қарсы жүйелерді жетілдіру және жақсарту арқылы өрттің пайда болуын болдырмау, өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау және өрт бөлімі қызметкерлеріне мекеме басшылары көмек көрсету болып саналады.
Өрт қауіпсіздігінің экономикалық мәні, еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін ұйымдастыру жөніндегі іс - шаралардың тиімділігімен көрінеді және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруі кезінде алынатын мəліметпен айқындалады.
Бұл дипломдық жұмыста Алматы облысы, Сарқан ауданы, Черкасск орта мектебі КММ өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайы қарастырылады.
Бұл нысанның ерекшелігі мектеп ғимаратының ішінде шағын орталық, яғни балабақша орналасқан (Қарлығаш балабақшасы). Осыған орай бұл ғимаратқа өрт қауіпсіздігі деңгейінің жоғары болуы талап етіледі.
Жұмыстың мақсаты:
Черкасск ауылындағы Орта Білім Беретін Мекемесі КММ қауіпсіздік кешенін қарастыру, нысанның өрт қауіпсіздік деңгейін анықтау. Сондай - ақ қызметкерлер мен оқушыларды өрттің қауіпті факторларынан сақтау үшін инженерлік - техникалық шешімді дайындау және мектеп ғимаратына қажетті өрт қауіпсіздік жағдайларын анықтау.
Жұмыстың міндеті:
Білім беру мекемесі үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін ережелерді дайындау;
Таңдаған ғимараттың жалпы анықтамасын беру;
Черкасск Орта Мектебі КММ нысанында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін дайындау;
Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына нысанның сәйкестігін анықтау;
Черкасск Орта Мектебі КММ өртке қарсы сақтандырғыш (қорғаныс) құралдарына талдау жүргізу;
Өрт кезінде немесе төтенше жағдай кезіндегі азаматтардың іс әрекетін анықтау, өрт сөндіру қызметкерлердің іс әрекетін талдау;
Алынған мəліметтер негізінде өрттің пайда болуына байланысты жазатайым оқиғалардың пайда болуын немесе олардың нысан аумағында өрт болмауын төмендетуге әкелетін техникалық шаралар мен ұсыныстар жасау.
Мекен-жайға жету бағыты
Сарқан ауданы Черкасск ауылы М.Тынышбаев көшесі №143 мекен-жайы бойынша орта білім беретін мектеп ғимараты
Өрт сөндіру бөлімінен қашықтық: 80 км
Ғимаратқа дейін қысқа жүру бағыты: Ауезов көшесімен Қонаев көшесіне дейін (оңға), Қонаев көшесімен тік Алматы-Өскемен тас жолына дейін, Алматы-Өскемен тас жолымен Қойлық ауылына дейін,Қойлық ауылының Макетов көшесімен Жансугуров көшесінен оңға Черкасск ауылына дейін,Черкасск ауылының М. Тынышбаев көшесімен мектеп ғимараты аумағына дейін
ӨБ-22 келу есептік уақыты: 96 мин
Шартты өрт сөндіру нұсқасы:
Нұсқа № 1 кітапхана
Нұсқа № 2 қойма
Телефон нөмірлері:
- жетекші29-5-29
- күзет 29-5-29
Бөлім 1. НЫСАННЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Нысан туралы жалпы мәліметтер
Кесте 1
Ұйымның мақсаты
Білім беру нысаны
Аумақ ауданы
27360 Га
Аумақтағы қоршау түрі, кіру жолдарының саны және орналасуы
Аумақ жартылай металл декоративті қоршаумен қоршалған, екі кіру есігі бар
Аумаққа тиісті ғимараттар мен құрылыстардың саны және анықтамасы
Мектеп ғимараты жанында 30м сұйық отынмен жұмыс істейтін жылыту қазандығы орналасқан
Негізгі нысаннан өртке қарсы су гидранттарына дейінгі қашықтық
ПГ-27 (К-110) М.Тынышбаев көшесі №143 - 50м.
ПГ-26 (К-110) М.Тынышбаев көшесі 59 - 8м.
ПГ-25 (К-110) М.Тынышбаев көшесі - 100м.
Электрмен желісінің жалпы өшіру құрылғысының орналасқан жері
Электр желісін өшіру : негізгі нысаннан 30м қашықтықта орналасқан. Электр кернеуі 220В
1.1.а. Негізгі нысанның сипаттамасы
Кесте 2
№ пп
Көрсеткіштер атауы
Көрсеткіштердің мәні
1
2
3
1.
Ғимараттағы адамдар саны:
1.1
- күндізгі уақытта
20-188
1.2
- түнгі уақытта
1
2.
Отқа төзімділік дәрежесі
II
3.
Нысанның құрылыс ерекшеліктері:
3.1
- қабат саны
3 қабатты
3.2
- нысанның биіктігі
10,5 метр
3.3
- геометриялық өлшемдері
2436,4 Га
3.4
- подвал
Бар
3.5
- шатыр бөлмесі, техникалық қабат
Шатыр бөлмесі жоқ
3.6
- терезелердегі металл торлары
Бірінші қабатта информатика кабинетінің терезелерінде
4.
Құрылыс конструкциялары:
4.1
- сыртқы қабырғалар
Кірпіш
4.2
- қалқалар
Кірпіш
4.3
- жабу
Темір бетонды плиталар
4.4
- шатыр
Екі қырлы
4.5
- шатыр қаптауы
Металл-шифер
4.6
- баспалдақ торлары
2
4.7
- өрт сатылары
Жоқ
4.8
- өртке қарсы тосқауылдар, олардың түрі мен отқа төзімділік шегі
Жоқ
5.
Шығу есігінің саны:
5
5.1
- сыртқа
5
5.2
- шатырға
Жоқ
5.3
- жертөледен
Жоқ
6.
Өрт қауіптілік дəрежесі:
6.1
Жоғарғы жүктемедегі бөлмелер
Химия, физика және информатика кабинеті
6.2
Технологиялық процестің ерекшеліктері
Жоқ
6.3
Қолданылатын қауіпті заттар
Жоқ
7.
Электр желісі, жылыту және желдету жүйелері:
7.1
Электр желісі, өшіру құрылғының орналасқан жері
Орталық кіру есігінің оң жағында электр энергиясының қалқанша өшіру құрылғысы орналасқан 220 В.
7.2
жылыту жүйесі
Жергілікті су, сұйық отындағы қазандық
7.3
желдету жүйесі
Техногенді
8.
Ғимаратты өрттен қорғау қондырғылары:
8.1
автоматты өрт дабылы, автоматты өрт сөндіру қондырғысы
Автоматты өрт дабылы
8.2
өрт су крандарының саны және орналасуы
Жоқ
8.3
өрт сөндіргіштердің, өрт қалақандарының болуы және оларды орналастыру
ОП-5 20 дана
9.
Қосымша мәліметтер
Жоқ
Қабат жəне қазандық сипаттамасы
Бірінші қабаттың сипаттамасы
Кесте 3
Кесте 4
Кесте 5
Кесте 6
Екінші қабаттың сипаттамасы
Кесте 7
Кесте 8
Кесте 9
Үшінші қабаттың сипаттамасы
Кесте 10
Кесте 11
Қазандық ғимаратының сипаттамсы
Кесте 12
№ пп
Көрсеткіштер атауы
Көрсеткіштердің мәні
1
2
3
1.
Ғимараттағы адамдар саны:
1.1
- күндізгі уақытта
1
1.2
- түнгі уақытта
1
2.
Отқа төзімділік дәрежесі
II
3.
Ғимараттың құрылыс және конструкциялық ерекшеліктері:
3.1
- қабат саны
1 қабат
3.2
- жалпы биіктігі
4 метр
3.3
- геометриялық өлшемдері
6Х6
3.4
- жертөле
Жоқ
3.5
- шатырдың, техникалық қабаттың болуы
Жоқ
3.6
- терезелерде металл торлар
Жоқ
4.
Құрылыс конструкциялары:
4.1
- сыртқы қабырғалар
Кірпіш, қаңылтыр
4.2
- қалқалар
Кірпіш
4.3
- жабу
тб плита
4.4
- шатыр
Бір қырлы
4.5
- шатыр (жабу)
Металл-Шифер ағаш торы бойынша

Шығу есіктерінің саны:
5.1
- сыртқа
1
5.2
- шатырдан
Жоқ
5.3
- жертөледен
Жоқ
6.
Өрт қауіптілігі:
6.1
ең жоғарғы өрт жүктемесі бар ғимарат
Қазандық
6.2
технологиялық процестің ерекшеліктері
Жоқ
6.3
Жұмыс кезінде пайдаланатын қауіпті және улы заттар мен материалдар
Жоқ
7.
Электр жүйесі, жылыту және желдету жүйелері:
7.1
электрмен жабдықтау, өшіру құрылғының орналасқан жері
Электрмен жабдықтаудың жалпы өшірілуі: негізгі ғимараттан сол жағынан 30 метр қашықтықта 380 В.
7.2
жылыту жүйесі
Жергілікті су, сұйық отынмен пеш
7.3
желдету жүйесі
Табиғи
8.
Ғимаратты өрттен қорғау:
8.1
автоматты өрт дабылы, автоматты өрт сөндіру құрылғысы болуы
Жоқ
8.2
өрт крандарының саны және орналасуы
Жоқ
8.3
өрт сөндіру құралдары
ОП-5 2 дана
9.
Қосымша мәліметтер
Жоқ
Бөлім 2. ЭВАКУАЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ШАРАЛАРЫ
2.1. Жалпы ержелер.
Азаматтар мен мүлікті өрттен қорғау үшін - конструкциялардың, бөлмелердің, ғимараттардың, құрылыстардың және нысандардың бөліктерін өрттен қорғау іс-шаралары атқарылады.
Нысанның анықтамасына мəн берсек, ескі нормалармен салынған ғимарат қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының көптеген құрылыс нормативтері мен ережелеріне сəйкес келмейді өйткені, заңнамада кейбір өзгерістер мен толықтырулар болған, сондықтан нысанның өртке қарсы нормативтері мен ережелеріне сәйкестігін анықтау керек.
Ғимараттың құрылыс ерекшеліктері, конструкциясы, ғимарат бөлмелеріндегі өрт жарылыс қауіпті заттардың болуын, Қазақстан Республикасының өртке қарсы ережелері мен нормаларын сақтауын, қызметкерлердің жұмыс істеу ережелерін сақтауын ғимараттың өрт қауіптілік дəрежесі анықтайды.
2.2. Ғимараттың отқа төзімділік дәрежесі.
Ғимараттар отқа төзімділігі бойынша бірнеше дəрежеге бөлінеді.
Ғимараттың отқа төзімділік дәрежесі құрылыс конструкцияларының отқа төзімділігінің ең аз шегімен, өрттің таралуының ең аз шегін аламыз:
Кесте 13
Ғимараттардың отқа төзімділік дәрежесі
Құрылыс конструкцияларының отқа төзімділігінің ең аз шектері, (сызықтың үстінде), оның астында оттың таралуының ең жоғары шектері, см (сызықтың астында)
Керегелер
Бағандар
Баспалдақ алаңдары, косоурлар, баспалдақтар, балкалар және баспалдақ торларының марштары
Плиталар, төсемдер және жабындардың басқа да көтергіш конструкциялары
Жабын элементтері
Баспалдақ торлары
Көтеру крегелері
Сыртқы ілмейтін (оның ішінде аспалы панельдерден)
Ішкі ілмейтін (қалқалар)
Плиталар, төсемдер және прогондар
Арқалықтар, фермалар, аркалар, рамалар
I
II
III
;
IIIа
IIIб
;
;
IV
IVа
V
Нормаланбайды
Ескертулер.
1. Жақшаларда конструкциядағы тік және көлбеу уцаскелер үшін оттың таралуы келтірілген.
2. "н.н." қысқаруы көрсеткіш нормаланбайды дегенді білдіреді.
Қоршау конструкцияларының функцияларын бір мезгілде орындайтын ғимараттың көтергіш элементтерінің отқа төзімділік шегі, мысалы, көтергіш қабырғаларға нормативтік құжаттарда ғимараттар мен бөлмелердің функционалдық өрт қауіптілігінің бөлімін ескере отырып, бүтіндігін және жылу оқшаулағыш қабілетін жоғалту бойынша қосымша талаптар қойылуы тиіс.
Ғимараттың көтергіш элементтеріне өрт кезінде оның жалпы орнықтылығын және көлемі өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін конструкциялар жатады, олар: қабырғалар, рамалар, колонналар, ригельдер, аркалар, фермалар мен бөлме арасы арқалықтары, байланыс, қаттылық диафрагмалары және басқалар.
Ойықтарды (есіктерді, қақпаларды, терезелер мен люктерді, сондай-ақ фонарларды, оның ішінде зенитті және басқа да жабын төсемдерінің жарық өткізгіш мөлдір ауданын) толтырудың отқа төзімділік шектері өртке қарсы кедергілерде арнайы айтылған жағдайларды және ойықтарды толтыруды қоспағанда есептелмейді.
Конструкцияның отқа төзімділігінің ең аз талап етілетін шегі 0,25 сағат көрсетілген жағдайларда, отқа төзімділіктің нақты шегіне қарамастан қорғалмаған болат конструкцияларды қолдануға рұқсат етіледі.
Ғимараттардың отқа төзімділік дәрежесіне байланысты конструкциялық сипаттамалары төменде келтірілген:
Кесте 14
Отқа төзімділік дәрежесі
Құрылымдық сипаттамалары
Отқа төзімділік дәрежесі
Құрылымдық сипаттамалары
I
II
III
IIIа
III б
- Жалпақ және плиталы жанбайтын материалдарды қолдана отырып, табиғи немесе жасанды тас материалдардың, бетонның немесе темір бетонның көтергіш және қоршау конструкциялары бар ғимарат
- Ғимараттардың жабындарында қорғалмаған болат конструкцияларды қолдануға рұқсат етіледі
- Табиғи немесе жасанды тас материалдардан, бетоннан немес темір бетоннан жасалған көтергіш және қоршау конструкциялары бар ғимарат. Жабу үшін сылақпен немес жанбайтын материалмен, сондай ақ плиталы материалдармен қорғалған ағаш конструкцияларды пайдалануға жол беріледі. Жабынды элементтерге отқа төзімділік шегі және оттың таралу шегі бойынша талаптар қойылмайды, бұл ретте ағаштан жасалған шатыр жабынның элементтері өрттен қорғаудан өтеді
- Қаңқалы конструктивтік сұлбасы бар ғимарат. Қаңқаның элементтері - қорғалмаған болат конструкциядан. Қоршау конструкциялары - болат пішінделген тақтайшадан немесе басқа жанбайтын тақтайшадан жасалған
- Қаңқалы құрылымдық сызбасы бар бір қабатты ғимарат. Қаңқаның элементтері - оттың таралуының талап етілетін шегін қамтамасыз ететін өрттен қорғау өңдеуіне ұшыраған тұтас немесе желімделген ағаштан жасалған.
IV
IVа
V
Қоршау конструкциялары - ағашты немесе оның негізіндегі материалдарды қолдана отырып орындалған панельдерден немес элементтік жағынан жинаудан жасалған.
Қоршау конструкцияларының ағаштары мен басқа да жанғыш материалдары өрттен қорғалып өңдеуге ұшырауы немесе оттың таралуының қажетті шегін қамтамасыз ететіндей от пен жоғары температураның әсерінен қорғалуы тиіс
- Тұтас немесе желімделген сүректен және жоғары температураның әсерінен сылақпен немесе жанбайтын плиталы материалдармен қорғалған бақа да жанғыш материалдардан жасалған көтергіш және қоршау конструкциялары бар ғимарат. Жабындар элементтеріне отқа төзімділік шегі және оттың таралу шегі бойынша талаптар қойылмайды, бұл ретте ағаштан жасалған шатыр жабынының элементтері өрттен қорғау өңделеді
- Қаңқалы құрылымдық схемасы бар бір қабатты ғимарат. Қаңқаның элементтері - қорғалмаған болат құрылымдары. Қоршау конструкциялары - болат пішінделген тақтайшалардан немесе жанғыш материалдардан жасалған
- Отқа төзімділік шегі және оттың таралу шегі бойынша талаптар қойылмайтын көтергіш және қоршау конструкциялары
2.3. Өрттің даму болжамы
Черкасск ауылының орта мектеп ғимаратында бірнеше себеппен және әр түрлі орындарда өрт болу қаупі бар. Сонымен қатар, өрт қауіптілігіне байланысты ең жоғары қауіпті бөлмесі ретінде кітапхананы алуға болады.
Осы бөлмедегі өрт салдарынан, өрт нысанның барлық ауданына тез таралу қаупі бар.
Отқа төзімділігі II дәрежелі ғимараттың кітапхана бөлмесінен өрт негізінен құрылыс конструкцияларының жанғыш материалдары (есік, қалқалар). Жиһаз, кітаптар және жабдықтар орналасқан бөлме бойынша өрт басында 0,5-1,5 ммин жылдамдықпен таралады, оттың қарқыны ұлғайғаннан кейін 2-3 ммин жылдамдыққа жетеді. Баспалдақ торлары арқылы дәліздерден таралған өрт əсерінен, жану өнімдері (түтін) мен өрт тез арада жоғары орналасқан қабаттарға таралып, адамдарды эвакуациялауға қиындық тудыруы мүмкін. Адамдар үшін негізгі қауіп ол - бөлмелер және қабаттарға тез тарайтын түтін. Ең жоғарғы температура өрт ошағында болады, оның мөлшері өрт ошағының алыс немесе жақын болуына байланысты болып келеді.
Нысандағы өрт салдарынан шатырдың құрылыс конструкциялары қирауы мүмкін.
Нұсқа №1
Екінші қабаттағы кітапхана бөлмесіндегі болған өртті сөндіру жұмыстары:
1. Бастапқы анықтама:
Анықтама деректері бойынша және өрттің қарқындылығы және ғимараттың сипаттамасы бойынша нысандағы өрттің орташа жылдамдығы 1,0 ммин ал, су беру қарқындылығы 0,10 лс (м2 ).
Нысанның ережесі бойынша өрттің пайда болғанын хабарлау уақыты 3 минут. Өрт бөлімшесінің қанат жаю уақыты 3-4 минут. Осыған байланысты екінші қабаттағы кітапхана бөлмесіндегі өрт пайда болуын қарастырайық. Өрттің шартты орны бөлменің бұрышы. Бөлменің көлемі 8,7м х 5,5 м.
Бөлменің көлемі: S= 47.85 шаршы метр (мөлшері 8,7м 5,5 х)
Өрттің таралуының орташа жылдамдығы Vс=1,0 ммин.
Өртті сөндіру кезіндегі су беру қарқындылығы Iтр=0,10 лс*ша.м.
Жалынның еркін жану уақытын анықтаймыз:
Т1св= Тобр.инф+Тсооб+Тобр.инф.+Тсб+Тсл+Тр сс=3 + 1 + 1+1 +106+ 4 =116 мин
tСЛ = L . 60VДВИЖ = 80 . 6045 = 106 мин.,
tРСС = 0,035 . Lр = 0,035 . 120 (20м 6 жең) = 4 мин
Жалынның өткен жолын анықтаймыз:
tсв10 мин Lо(R)=5*Vл+ Vл*t2=5*1,0+1,0*106 = 111 м
Мұнда: t1 = tсв t2 = tсв - 10 = 116 - 10 = 106 мин.
Кітапхана бөлмесінің ортасынан өрт тікбұрышты формада таралып, жақын орналасқан қоршау қабырғаларына таралады, одан кейін тікбұрышты формада таралады. Екінші қабаттағы кітапханада 111минут уақыт аралығында толық өрт таралады, өйткені кез келген қоршау қабырғасына дейінгі қашықтық от өткен жолдардан әлдеқайда аз R
Өрт ауданын анықтаймыз:
Егер есептік мән ретінде R - 111 м қабылданса, онда өрт ауданы екі бағытта таралса
Sп = n * а *R = 2 * 5,5 * 111 = 1221 м2.
Жалын қоршау конструкциялары болмаған кезде осындай ауданға жетуі мүмкін, сонымен Sп = A * B= 8,7 х 5,5 =47,85 шар.м.
Өрт сөндіру ауданын анықтаймыз:
Жертөле бөлмелерін сөндіру кезінде есік жағынанөрт сөндіру құралдарын беруге болады, осылайша өртті сөндірудің есептік ауданы
Sт= n*а*hт = 2*5,5*5= 55 м2.
Өрт сөндірудің есептік ауданы өрт ауданын қамтитынын есептейміз, өрт сөндіру ауданын қабылдаймыз Sт.=Sөрт.= 55 ша.м.
Өрт сөндіру жұмыстарына қажетті су мөлшерін анықтаймыз:
Qтр.т.=Sт*Jтр=55*0,10 =5,5 л сек
Қалған бөлмелерді қорғауға қажетті су мөлшерін анықтаймыз:
Қорғау жұмыстарын жүзеге асыру үшін бөлмелерді қорғау, қабаттарды жабу қажет, қорғауға жататын аудан 275 ша.м тең.
Qтр.з.=Sз*Jтр =275*0,104=6.87 лсек
Өрт сөндіруге жалпы талап етілетін су мөлшерін анықтаймыз:
Qтал.жал.= Qтр.т.+Qтр.з.=5,5+6.87=12.37 лсек
2.4. Нысандағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жалпы ережелер.
Нысандарда өрт болған жағдайда немесе басқа да төтенше жағдай кезінде конструкциялық, көлемдік-жоспарлау және инженерлік-техникалық шешімдер қамтамасыз етілуі тиіс шаралар:
Адамдарды тез жəне қауіпсіз эвакуациялау;
Өрттің қауіпті факторларының әсерінен зардап шеккен адамдарды дереу құтқару;
Эвакуация жолдарындағы орналасқан адамдарды өрттің қауіпті факторларынан қорғау.
Эвакуация жолдары арқылы өрт қауіпті факторларының әсер ету мүмкіндігі бар бөлмелерден сыртқа қарай адамдардың жаппай бір уақытта қозғалады. Эвакуация жұмыстары сондай ақ қызмет көрсетуші персонал жүзеге асыра алады жəне олар адамдардың əосіз тобына жататын адамдарды эвакуациялай алады. Белгілі бір шығу жолдары арқылы жүзеге асырылатын жұмысты - эвакуация жұмыстары деп атайды.
Белгілі бір қауіпті жағдайда немесе қауіп төнуі мүмкін кезде құтқару жұмыстары жүзеге асырылады. Құтқару жұмыстары өздігінен, өрт қызметкерлерінің жəне персонал көмегімен, оның ішінде құтқару жұмыстарына арналған арнайы құралдарын қолдана отырып, эвакуация жолдары және авариялық шығу жолдары көмегімен жүзеге асырылады.
Эвакуация жұмыстары жолдарында адамдарды қорғау іс-шаралары инженерлік-техникалық жəне т.б кешенді жұмыстармен қамтамасыз етіледі.
Бөлмеден адамдарды эвакуациялау кезінде, түнге қарсы немесе өртке қарсы қорғау құралдары болмаған жағдайда, эвакуация жолдары арқылы жүзеге асырылады.
Бөлмеден тыс жерлерде қауіпсіздікті ескере отырып эвакуация жолдарын дұрыс таңдай отырып, адамдарды қауіпсіз əрі дереу құтқару жұмыстарын атқару қажет.
Эвакуация жұмыстары кезінде нысанның конструкциялық ерекшеліктерін, эвакуация жолдарының санын, қауіптілігін, уақыт мөлшерін, инженерлік-техникалық мəселелерді қарастырып адамдарды бөлмелерден және бөлмелерден тыс жерлерден қауіпсіз əрі жылдам эвакуация шаралары қабылданады.
2.5.Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру шаралары
Черкасск ауылы орта білім беру мектебінің ғимараты күндізгі уақытта 20-188 адам, түнгі уақытта 1 қызметкер болады. Адамдар жаппай орын алатын негізгі орын кітапхана бөлмесі болып саналады. Нысанның қабаттары бойынша адамдардың орын алатын бөлмелері жалпы бірдей бөлінген.
Адамдарды жоғарғы қабаттардан құтқару үшін жалпы 2 баспалдақ торлары бар. Сонымен қатар, биік техника, терезе ойықтары, балкондар (өрт сөндіру бөлімшесінің автосатылары, крандар,құтқару құралдары (құрылғылар, жіп) жəне т.б. құралдар арқылы жоғарғы қабаттардан адамдарды құтқаруға болады.
Бірінші қабаттағы бөлмелерден 5 негізгі эвакуациялық құтқару жолдары бар.
Адамдарды ғимараттан эвакуациялау бойынша іс-қимылдар нысанның қызмет көрсету персоналымен (өртке қарсы бөлімшелері келгенге дейін) және қажет болған кезде, келген күштер мен құралдармен орындалады.
Құтқару және эвакуациялау жұмыстарын атқару кезінде:
- бірінші кезекте аса қауіпті аудандардан адамдарды құтқару;
- адамдардың жаппай орын алатын бөлмелерін мұқият тексеру;
- ғимараттан көшірілген адамдарды тізім арқы лы аты-жөнін атап тексеру жүргізу (нысан әкімшілігінің күшімен).
Зардап шеккен адамдарға медициналық көмекті нысанның медицина қызметкерлері және жедел жәрдем қызметкерлері көрсетеді. Дәрігерге дейінгі көмекті қажет болған жағдайда өртке қарсы бөлімше қызметкерлері көрсетеді.
2.5а. Балабақша бөлмесінен адамдарды құтқару уақытын есептеу және талдау
Адамдардың көп орын алатын жерін таңдаймыз және оларды құтқару жолдары санын анықтаймыз:
Мысалы, алыс аудан ретінде екінші қабаттағы акт залын аламыз, бөлмедегі адамдардың саны 15 адамды деп қабылдайық, осы бөлмеден құтқару жолы шартты түрде 3 ауданға бөлінеді:
бірінші аудан - дәліз бойынша бөлмеден кіруге дейін. Ауданның ұзындығы l1=10 метр, осы ауданның ең аз ені (есік ойығының ені) δ1=1,2м.;
екінші аудан - баспалдақ торының 2-ші қабат алаңынан төмен қарай 1-ші қабат деңгейіне дейін. Ауданның ұзындығы l2=20 метр, осы ауданның ең аз ені(баспалдақ торындағы есік ойығының ені) δ2=1,6м.;
үшінші аудан - баспалдақ торынан шығатын жерден ғимараттан шығатын жерге дейін. Аудан ұзындығы l3=5 метр, осы ауданныі ең аз ені (ғимараттан шығатын есік ойығының ені) δ3=1,6м.
Жолдың бөлігінде бірінші адам санының тығыздығын есептейміз (D1), жолдың осы ауданындағы қозғалыс жылдамдығы мен адам қарқындылығын анықтаймыз адамм2:
D1=N1 f l1 δ1 , мұнда N1 - бірінші аудандағыі адамдар саны, f - адамның көлденең алынған орташа ауданы, м2.
D1=10*0,110*1,2=0,08 адамм2
Анықтама кестесі бойынша, учаскедегі тығыздыққа байланысты адам қарқындылығының қозғалыс жылдамдығы ν1=80 ммин,адам ағыны қозғалысының қарқындылығы q1=8 ммин.
Жолдың екінші және үшінші аудандары үшін адам ағынының тығыздығы мен жылдамдығын есептейміз:
qi=qi-1*δi-1δi, мұнда δi, δi-1 - қаралатын және оған дейінгі жол ауданының ені, м; qi, qi-1 - қарастырылатын және алдыңғы жол ауданы бойынша адам ағыны қозғалысының тығыздығының мәні, ммин.
q2=q1*δ1δ2= 8*1.21.6=6
Анықтама кестесі бойынша жолдың екінші ауданында берілген қозғалыс жылдамдығы (баспалдақтан төмен қарай) ν2=8,5 ммин.
Жол аудандары бойынша адам тығыздығының қозғалыс уақытын есептейміз:
t1=l1 ν1=1080=0,125 мин.
t2=l2 ν2=308,5=3,52мин.
Адамдарды құтқарудың жалпы уақытын есептейміз:
tр = t1+ t2+ t3 = 0,15+3,75+0,45=4,23 мин
Құтқару жұмыстары кезінде өту жолдары кішірейген жерлерде адамдардың жиналуы байқалатынын ескере отырып, құтқарудың есептік уақытына 3 минут қосамыз.
tэвак.=4,35+3 = 7,23 мин
Қорытынды: өртке қарсы қызмет бөлімшелері келген кезде адамдарды ғимараттан құтқару аяқталған болады, есептік ақпарат бойынша құтқару эвакуациялық іс-шараларын жүргізу үшін күштер мен құралдарды бөлу қажеттілігі керек етілмейді.
2.6. Өрт сөндіру жұмыстарына арналған құралдар жəне тəсілдер.
Өрт бірінші дəрежелі қоймаларда, ғимараттарда өрт сөндіруге арналған əр түрлі заттар қолданылуы мүмкін (су, көбік, жанбайтын бу, газ жəне т.б.).
Бұл ғимараттардағы өртті өшіру үшін: бөлмелерді сумен, көбікпен жəне бумен толтыру шаралары қолданылады, яғни жанып жатқан жалынның бетін жауып оттектің баруын болдырмау (кесте. 8.2).
Екінші дəрежелі ғимараттардағы өртті сөндіру үшін көбінесе су жəне көбік қолданылады. Бұл ғимараттардың ауданы үлкен болғандықтан (500 м3) жанбайтын бу мен газдарды қолдануға болмайды.
Бұл құралдар мен əдістерді өртті сөндіруге қолайлы деп қана есептемей , экономикалық, физика-химиялық, инженерлік тактикалық жағынан да үлкен мəн берген жөн.
Бірінші жəне екінші дəрежелі ғимараттардағы өрттерді сөндіру үшін тактикалық , экономикалық, физикалық жағынан мəн бере отырып су мен бу қолайлы деп есептейміз..
Су мен көбікткі өрт орнына жеткізу үшін автоцистерна, автонасос қолданылады.
Өрт сөндірушілердің өрт кезіндегі ең маңызды жəне шешуші тактикасы ол өртке демалыссыз шабуыл жасап өртті бəсеңдету болып саналады. Көп жағдайда өрт сөндірушілер өртті сөндіруге күш жұмсамай жану қаупі бар құрылымдарды өрттен қорғауға күш жұмылдырулары мүмкін.
Өрт сөндіру жұмыстарының негізгі түрлері :
ғимараттағы өрт бойымен өрт сөндірушілерді қатар орналастырып ғимараттың ортасындағы өрттің күшін азайту;
ғимарттағы өрт бойымен өрт сөндірушілерді өрттің жан жағына орналастырып өрттің күшін азайту;
Ғимараттағы өртті сөндіруге арналған РСК-50, РС-50, РС-70 су шашатын құрылғылар қолданылады.
РСК-50 жəне РС-50 құрылғыларын екінші дəрежелі ғимарттарда қолдануға болатын биіктік 6 м (мысалы, көп қабатты ғимараттар). Өйткені ауданы кішкентай ғимараттарда басқа құрылғылармен жұмыс істеу өрт сөндірушілерге ынғайсыз болуы мүмкін. РС-50, РСК-50 құрылғылары, ауданы кішкентай ғимараттарда жұмыс істеуге ең қолайлы жəне ыңғайлы болып саналады.
Биіктігі 6 м жəне одан көп екінші жəне бірінші дəрежелі ғимараттарда РСК-70 құрылғыларын қолданады. Биіктігі 6 м-ден аз бірінші дəрежелі ғимараттарда РС-50, РСК-50 құрылғыларын қолдануға тиым салынады, өйткені бұл ғимараттардағы өрт өте ауқымды болуы мүмкін, сол себепті бірнеше өрт сөндіруге арналған қуатты құрылғылар қолданылады.
Биіктігі 6 м-ден жоғары бірінші дəрежелі ғимараттарда өрттің биік орналасауына байланысты РС-70 қолданылуы мүмкін. РС-50 құрылғыларын бірінші фазалы барлық дəржелеі ғимараттарда қолдануға болады.
Ғимараттардағы өрт сөндіру кезінде қорғау құралы ретінде РС-50 құрылғылары қолданылады.
Өрт сөндірушілер құрылғы түріне қарамай өртке қарсы су беруді тоқтатпау керек. Өрт сөндірушілер түтін кезде жұмыстарын тоқтату керек, өйткені түтін материалдық шығынды арттырып, жауынгерлердің өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Көп жағдайда өрт сөндірушілер дұрыс тəсілдер таңдайды бірақ өртті толығымен жоя алмайды (мысалы, үйінді астындағы өрт, құрылыс астындағы өрт). Сол себепті үйінділерді ашыу жəне өртті жою жұмыстары орындалады.
Өрт сөндірушілердің қимыл іс-əрекетін ұйымдастыруға тағы бір кедергі ретінде түтінді алуға болады. Яғни, түтін өрт сөндірушілерге өрт көзіне қажетті құралдарды ғимаратқа жеткізуге кедергі келтіреді. Сол себепті өрт сөндірушілерге жұмыс істеуге қолайлы орта жасау керек. Бұл қолайлы орта өрттен төмен болуы керек, өйткені таза ауа ыстық ауадан төмен болады. Бұл орта еденнен 1,5-2 м жерде орналасқан.
Қолайлы ортаны жасаудың екі түрі бар: табиғи жəне техногенді желдету. Көп жағдайда қолайлы орта табиғи жолмен жасалады, бұл түрін бөлмелердегі есік, терезе арқылы жүзеге асырады.
Табиғи желдету екі жолмен жасалады:
желдету жүйелерінің ауданын арттыру арқылы (жабындарды ашу). Кейбір жағдайларда кергелерді жару арқылы жүзеге асырылады мысалы, бұғатталған ғимараттарда;
ғимараттың астынғы қабатындағы желдетуді азайту арқылы (есіктерді жабу арқылы).
Бірінші əдіске байланысты үстінгі қабаттағы желдету, астынғы қабаттағы желдетуден 1,5-2 есе артық болуы тиіс, ал екінші əдісте - астынғы қабаттағы желдетуді, устінгі қабаттағы желдетуден 1,5-2 есе азайту керек.
Егер табиғи желдету жүйесін басқару мүмкіндігі болмаған жағдайда, түтін сорғыштар қолданылады. Көбінесе түтін сорғыштар бірінші дəрежелі ғимараттарда қолданылады, өйткені бұл ғимараттарда қосалқы желдету орнату қиынға соғады мысалы, жертөле, холодильник болған жағдайда.
Түтін сорғыштарды 6 м-ге дейінгі ғимаратта қолдану керек. Түтін сорғыштың жұмысы кезінде сорғыштар түтінді сыртқа сығып өрт сөндірушілерге қолайлы ауа ортасын жасайды.
Түтінді сору үшін түтін сорғыштарды желдету жүйелеріне орнатқан жөн. Бұл жағдайда таза ауа тетіктері азайтылады.
Түтін сорғыштарды таза ауа жіберу ретінде қолдануға тиым салынады, ол үшін газқағарлар қолданылуы керек.
Егер түтін сорғыштарды қолдануға мүмкіндігі болмаса, өрт сөндірушілер өртке кіргенде жеке қорғау құралдарын қолданады.
Түтін сорғыштардың жағымды факторы ол өрттегі температураны төмендету. Температураны төмендетудің тағы бір жолы ол ылғалды арттыру.
Өрт сөндіру кезінде көп жағдай өрт сөндіру құралдарына, тактикасына байланысты болады. Дұрыс қабылданған шешім-өрттің көзін жоюдың кепілі.
Өрт сөндірушілердің қимыл іс-əрекеті көбінесе өрттің даму жолдарына, өрттің пайда болған орнына байланысты таңдалады.
1 (сур. 8.2) сызбада өрт сөндірушілер ғимараттың ішіндегі өрт көзін жойып, жоғарыдағы көрші бөлмелерді жылудан қорғайды.
2 (сур. 8.2) сызбада өрт сөндірушілер жанып жатқан жоғары жəне төмен бөлмелерге кіреді.
3 (сур. 8.2) сызбада өрт сөндірушілер жоғарыда жанып жатқан бөлмелерге жəне төменде орналасқан жанып жатқан бөлмелерге кіреді.
Ғимараттағы өрт сөндіру жұмыстарына: өрт алаңын азайту, өрт сөндіру заттарының санын азайту, күштерді орналастыру мен қайта жинау, бұзу, құрылыстарды қайта ашу өрт көзін жою, су қалдықтарын жою жəне т.б. жұмыстар кіреді.
Бұзындыларды қайта ашу тек керек жағдайларда ғана орындалады.
Сур 1. Ғимарат қабаттарындағы өрт сөндіру сызбасы.
Өрт қайта басталмас үгін өрт сөндіру кезінде ғимаратты қадағалап тексеру керек.
Күштер мен құралдар тек өрттің көзі толығымен жойылған жағдайда ғана жиналады.
Өрт сөндіру уақыты, өрттің шығу уақытынан, толығымен жою уақытына дейін есептеледі.
2.7. Адамдар жаппай орын алатын ғимараттардағы өртті сөндіру
Адамдар жаппай орын алатын ғимараттар - бұл, бір уақытта 50 немесе одан көп адам орын алатын ғимарат. Бұлар: театрлар, мəдениет үйі, кинотеатр, клуб, концерт залы, оқу ғимараты, сауда орталығы, халыққа қызмет көрсету орталығы, больница, көрме, мұражай.
Адамдар жаппай орын алатын ғимараттарға биіктігі 3 м-ден 9 м дейін немесе одан көп ғимараттар жатады. Мысалы, театр ғимаратының сахна биіктігі 25-40 м.
Адамдар жаппай орын алатын ғимараттардың ең маңызды бөлмесі ол дəліз, өйткені дəліз бөлмелерді байланыстырып , баспалдақ торларына жол ашады.
Дəліз ауданының ең аз мөлшері 1,5 м жəне кіші дəліздерде (ұзындығы 10 м) 1,25 м. Халыққа қызмет көрсету ғимараттарында жəне медициналық ғимараттарда 2,2 м. Білім беру ғимараттарындағы дəліздер 1,8 м кем емес.
Адамдар жаппай орын алатын ғимараттарда тік дəліз ретінде сатылар, лифт пен эскалаторлар жатады.
Өрт кезінде адамдардың естен тану факторларының себептері: жалынмен тікелей жанасу, жоғары температура, оттектің жетіспеушілігі, түтін құрамында көмірқышқыл газының болуы жəне басқа улы заттардың болуы, механикалық əсер. Тағы бір қаупті фактор ол, оттектің аздығы жəне улы заттар, өйткені 50-60% өлім оттек аздығынан жəне тұншығудан болады.
Жабық бөлмелерде оттек концентрациясы 1-2 мин ішінде төмендейді. Мысалы, ауданы 25 000 м3 театрларда декорация жану кезінде оттек концентрациясы 2-3 мин ішінде төмендейді.
Өрт кезінде адам организіміне ерекше əсер ететін зат ол: улы газ, улы газдың ішіне əртүрлі токсиндер, пластмассаның жанғаннан кейінгі заттары жəне т.б. Осылайша, көміртек қышқылының концентрациясы 0,05% жеткен соң, адам өміріне қауіп төнеді.
Кейбір жағдайда түтіннің құрамында азот қышқылы, синильді қышқыл жəне басқа да токсинді заттар болады, бұл заттардың аз ғана мөлшері адамның қаза болуына əкеп соғады (азот қышқылы 0,025%; синильді қышқыл 0,2%) .
Адам өміріне өте қауіпті тағы бір зат ол синтетикалық полимер материалдарының жану қалдықтары.
Қазіргі таңда синтетикалық полимер материалдары құрылыстағы материалдардың 50% алып жатыр, синтетикалық полимер материалдары жану реакциясы жүрген кезде қара түсті түтін бөледі.
Сол себепті көп қабатты ғимараттарда өрт күші артып, құтқару жұмыстарын қиындатады. Зерттеулерге сүйенсек көп қабатты ғимараттарда түтіннің таралу уақыты 2-3 мин. Ал көп қабатты ғимараттардан адамдарда эвакуациялау үшін кем дегенде 10-15 мин қажет.
Жанып жатқан ғимараттың жанында орналасқан ғимарат ішіндегі адамдарға да темперетура əсер етеді. Жылу бөліну, ыстық газ арқылы ысыған ауа температурасы əсерінен адам температуралық соққыға ұшырайды. Ауа температурасы 40-45°С жеткен кезде адамға кері əсер етеді (ашыту). Ал ауа температурасы 60-70°С адамға қауіпті болып саналады, бұл жағдайда ауа ылғалдығы төмендеп, улы заттар əсері өте көп болады, ал 100°С ауа температурасында адамның есінен танып немесе өлімге əкеп соғады.
Температурадан басқа, адам организміне əсер ететін құбылыс ол жылулық сəулелену. Жылулық сəулелену 1,1-1,4 кВтм2 адам организміне 42-46°С температура сияқты əсер етеді.
Адамды өлімге ұшырататын 4,2 кВтм2 жылулық сəулеленудің интенсивтілігі.
Кесте 15
кВтм2
Əсер ету уқыты, мин
Қорғану құралдары
Адам организміне, терісіне əсері
1
2
3
4
3,0
Жоқ
Қорғаусыз
Ауру байқалмайды
4,2
Жоқ
Арнайы киім, каска, көзілдірік
20с кейін ауру сезіледі
7,0
5
Арнайы киім, каска, көзілдірік
Кенеттен ауру пайда болуы
8,5
5
Ылғалды арнайы киім, каска, көзілдірік
20 с кейін күйіп қалу
10,5
5
Ылғалды арнайы киім, каска, көзілдірік
Кенеттен күйіп қалу
14,0
5
Температурадан қорғайтын арнайы киімдермен, судың астында
Кенеттен күйіп қалу
85,0

Өрт кезіндегі тағы бір қаупті фактор ол үрей, үрей кенеттен пайда болады, қадағалаусыз қорқыныш бірнеше адамға бір уақытта əсер етеді. Ол аяқасты пайда болған қауіптілік кезінде болады. Үрей кезінде адамдардың ойлау қабілеті төмендеп шығу жолдарын таба алмай, адасып қалу қаупі бар.
Адамдарды құтқару үшін оңай жəне қауіпсіз жолдар таңдалады.
Адамдарды құтқару тəсілдері: адамдардың өздері шығуы; өрт сөндірушілердің көмегімен шығу; алып шығу; жоғарыдан тусіру арқылы.
Көп жағдайда қауіпті факторды байқаған адамдар өздері ғимараттан шығады.
Адамдарды алып шығуды ұйымдастыру (естен талып қалу немесе это сырқаты бар адамдар, кішкентай балалар, мүгедек адамдар жəне т.б.) осындай жағдайларда орындалады.
Егерде шығу орындарына үйінділер немесе от көзі əсер етіп, кіру немесе шығу мүмкін болмаған жағдайда, өрт сөндірушілерді үстіден түсіру ұйымдастырылады. Бұл үшін стационарлы жылжымалы сатылар, көтеру құралдары, арнайы арқандар жəне т.б. заттар қолданылады.
Кей құтқару жұмыстарында арнайы комбинациялар қолданылады. Мысалы, арнайы орынға дейін адамдар өз күшімен одан кейін құтқарушылардың көмегімен жүру; адамдарды шатырға немесе балкондарға шығарып одан кейін сатылар, көтеру құралдары, тікұшақ жəне т.б. құралдармен түсіру.
Өрт орнына келген өрт сөндіру бөлімшесі сол жердің персоналымен бйланыс орнатып адам санын жəне қай жерде орналасқандарын анықтау қажет, кейбір жағдайда өрт жайлы хабарлаған кезде анықталады.
Өрт сөндіру бөлімшесі анықтайды:
- адам өміріне қаупті факторларды, олардың орналасқан орындарын жəне жағдайын;
- құтқару жолдарын;
- құтқару жұмыстарының ретін;
- құтқару жолдарындағы түтіннің жəне оттың қауіптілігін;
- құтқару күштерінің санын;
- жұмысшыларды құтқару жұмыстарына жұмылдыру;
- өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейінгі жұмыстар;
- құтқарылған адамдарды орналастыру орнын (қысқы уақытта).
Өртке байланысты өрт орнын шолу əртүрлі болады.
Өрт орнындағы адамдарды іздеу барысында дауыс беру керек. Ересектерді іздеу барысында терезе, есік, шығу жолдарын қарау қажет. Балаларды төсек астынан, шкафтардан, пеш артынан, стол астынан, душ бөлмелерінен жəне т.б. жерлерден іздеу керек.
Ғимаратты шолу толығымен іздеу құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана тоқтатылады.
Шолу жұмыстары аяқталғаннан кейін өрт сөндіру бөлімшесі құтқару жұмыстарын бастайды:
Егер өрт орнына қажетті күштер мен құралдар жұмылдырылса, өрт сөндіру бөлімшесі адамдарды құтқаруға кіріседі. Бұл жағдайда өрт сөндіру бөлімшесі өрт сөндірумен қатар құтқару жұмыстарын орындайды;
Егер адамдарға от қаупі болатын болса немесе құтқару жолдары жабық болған жағдайда арнайы сатылар жұмылдырылады;
Егер өрт сөндіру күштері жеткілікті болған жағдайда, адам өміріне қауіп төнбеген жағдайда бөлімше үрейді басып өртті сөндіруге кіріседі;
Егер өрт сөндіру бөлімшесінің күші жеткіліксіз болған жағдайда, онда бөлімше тек құтқару жұмыстарына кірісіп, одан кейін өртті сөндіреді.
Құтқару жұмыстары адам санына емес, оларға төніп тұрған қауіпке байланысты болады. Ең бірінші өте қауіпті орындардағы адамдарды құтқарады. Ал егер бірдей жағдай болған кезде бірінші ретте балаларды, науқастарды құтқарады.
Құтқару жұмыстарын бастамай тұрып бөлімше міндетті түрде медициналық қызметкерлерді шақыру қажет. Медициналық қызметкерлер өрт орнына жеткенше, бірінші медициналық көмекті құтқарушылар көрсетеді.
Өрт сөндіру бөлімшесінің назарында түтін болуы керек, өйткені түтіндеу кезінде құтқару жұмыстарына өте аз уақыт қалады. Сол себепті құтқару жұмысына мейлінше көп күш жұмылдырған жөн.
Құтқару жұмыстары қиындықтардан тұрады. Бұл жұмыстарды атқару үшін көп күш қажет. Сол себепті əр минут санаулы болып келеді (уақыт есептеледі).
Бөлімше жанып жатқан ғимарат жайлы анықтаманы жақсы білуі керек, сол кезде адамдарды құтқару əлдеқайда оңай болады.
Құтқару жұмыстарына қажетті күштерді есептеу қажет.
Есептеуге қажет анықтама:
Адам саны, олардың жасы мен жағдайы;
Құтқару жұмыстарына арналған уақыт;
Бір адамды құтқаруға қажетті уақыт (бірнеше адамдарды);
Құтқару жұмыстары кезіндегі қашықтық;
Құтқарушылардың құтқарылған адамдармен жылжу уақыты;
Көмек сұрау пунктерінің саны.
Зардап шеккен адамдар санын есепетеу кезінде өрттің ең күрделі жағдайын алу қажет. Мысалы, театрлардағы өрттің ең күрделі түрі, көрермендермен толы кезде, ауруханада - адамдар жатқан қабаттағы өрт жəне т.б. Ал адамдар жасына келетін болсақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz