Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының тарихы
Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық
университеті
Әлеуметтік - қоғамдық факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы
Қапсұлтанова Гүлдана Жылқыбайқызы
II курс студенті
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының тарихы
Курстық жұмыс
Ғылыми жетекші:Исенов.Ө.Н. т.ғ.к.
Қауымдастырылған профессор
Қостанай, 2018
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І.Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ...
1.1Жібек жолының қалыптасуы мен маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Жібек жолындағы Түркі өркениетінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ...
ІІ Қазақстан мәдениетіне Ұлы Жібек жолының қосқан үлесі ... ... ...
2.1 Қазақстан аумағындағы ежелгі қалаларға Ұлы Жібек жолының әсері ... ...
2.2 Ортағасырлардағы қала мәдениетінің дамытудағы Ұлы Жібек жолының рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
III.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
IV.СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
V.ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иесі. Елдің өркенін білгің келсе, жолыңа қара деген қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие. Көне замандарда ірі қалаларымыздың көбі Ұлы Жібек жолын жағалай қоныс тепкен - деп айтты өзінің кезекті халыққа жолдауында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Бұл дегеніміз ұлан-байтақ жерімізден сауда керуен жолы кезіп өтіп, көптеген тармақтары біздің ел арқылы тармақталған. Қазақстан аумағында өмір сүрген ежелгі және ортағасырлық тайпалар мен халықтардың өркениетке қосқан үлесі тарихи сана-сезімнің қалыптасуын көрсетеді.
Ұлы Жібек жолы мәдениеті дәстүрін жалғастырып, Қазақстан территориясында ғасырлар бойы әр түрлі этностар, діндер, мәдениеттер бейбіт келісімді өмір сүріп келгені, Қазақстан діндерінің тоғысатын қасиетті нүктеге айналып тұрғаны тіпті де кездейсоқтық емес. Геосаяси жағынан алсақ, еуразиялық кеңістік, Шығыс пен Батыстың арасы түркілік, мұсылмандық және славияндық, еуропалық мәдениеттердің тоғысқан жері болатыны сөзсіз [1].
Бұл жолмен бірнеше ғасырлар бойы халықтар, заттар мен идеялар жүргізіп, яғни этникалық миграциялар кезең-кезеңімен, сосын керуен саудасы алдыңғы технологияда, идеологиялық көріністе тарап, Еуразияның әртүрлі халықтарының жетістіктері дүниежүзілік ағымға еніп, Ежелгі Әлемнің қоғамдық даму өркениетіне алып келді.
Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи ескерткіштерді, қалалардың тарихи маңыздылығын зерттеп, зерделей отырып, бүгінгі күнгі Қазақстан дамуына қосар үлесі зор екендігін көрсету басты назарда болып отыр.
Зерттеу жұмысының тарихнамасы. Ұлы Жібек жолы туралы мәлімет беретін деректер мұсылман ренессансы кезеңінде қалыптасты. Дәлірек айтсақ, парсы тегiнен шыққан араб географы ибн Хордадбектің ІХ ғасырда дүниеге келген Жолдар мен елдер кiтабы (Китаб ал-месалик ва-л мемалик) еңбегінде Ұлы Жібек жолының бойындағы түркілердің қалалары туралы мәліметтер келтіріледі. Мәселен, Тараз бен тоғызгуздер тұратын жердiң арасы елсiз дала арқылы 81 күн... Фараби қаласына келсек, онда мұсылман сарбаздары мен түрiк қарлықтардан тұратын гарнизон бар. Барлық түрiк қалаларының саны - 16 деген тарихи фактісі назар аударарлық. X ғасырдағы араб географы әл-Макдиси Фарабтың Сырдарияның екі жағалауын қамтыған ірі қала екендігін айтқан [2].
Арысын айтпағанның өзінде тек жер жаннаты Жетісудағы Ұлы Жібек жолы қалалары турасында ғылыми зерттеулердің бастауында Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов тұрды. Қалың оқырманға мәлім, Шоқан Уәлиханов Жетісуда 1856 және 1857 жылдары екі рет болған еді. Сапарында ерте ортағасырлық қалалар қирандыларына назар аударып, жекелеген археологиялық нысандарды салыстырды. Шоқан Шілік өзеніндегі қалашықтан бірқатар артефактілерді тапқандығы туралы жазды. Бұл қала ежелгі Талғар қаласы болатын. Мұның өзі Ұлы Жібек жолының бір тармағы Жетісу арқылы өткендігін дәйектейді. Мұның ғылыми негіздері де жоқ емес. Мәселен, орыстың белгілі шығыстанушы ғалымы В. Григорьев жаһандық керуен жолының төрт тармағын көрсеткен. Олардың біріншісі - Таразға барып, Жоңғария арқылы Қарашарға немесе Жоғарғы Барсаджарға баратын жол, екіншісі - Ферғана арқылы Жоғарғы Барсаджарға баратын, үшінші жол - Тохирстан мен Памир арқылы, ал төртіншісі - Памир мен Вахан арқылы өтетін жол[3].
Өлкедегі Шеңгелді қаласын да Ш. Уәлиханов алғашқылардың бірі болып атады. Сол уақыттарда қаладан қыштан жасалынған су құбырының қалдықтары табылған еді. Кейін бір ғасырға таяу уақыттан кейін осы аймақта зерттеу жүргізген А. Бернштам оны ортағасырлық Екі-Оғыз (Эквиус) қаласы деп есептеді. Бұл тұжырымды Из истории городов и строительнего искусства древнего Казахстана деп аталатын еңбегінде Ә. Марғұлан да қолдады. Бір қызығы, А. Бернштам өз айтқандарына өзі күмән келтіріп, Екіоғыз тіпті Ілебалық та болуы ықтимал екендігін жазды. Академик Әлкей Марғұлан Ілебалық Қапшағай бөгені төңірегінде деп көрсетті. Академик К. Байпақов Гетум жолсапарындағы деректерді талдай келе Ілебалық деген сөз Іле өзені бойындағы қала деген мағына береді деп тұжырымдады. Оның пікірінше, қала ең алдымен Іле өзенінің жағасында орналасқан. Дегенмен, ғалым қаланың Жаркент маңындағы Көкталда орналасуын да жоққа шығармады [4].
Кеңестік кезеңде Ұлы Жібек жолының біраз уақыт арнайы зерттеу нысанына айналмағаны шындық. Коммунистік билік түркілердің тарихы мен мәдениеті жөніндегі зерттеулерге қолдау білдіру былай тұрсын, ол туралы айтуға құлық танытпады. Дегенмен, бірлі-жарым еңбектердің ғылымнан орын алғандығы белгілі. Мәселен, 1950 жылы Ә.Марғұлан Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана деп аталатын іргелі еңбегін жариялады. Онда автор ортағасырлық қалалардың орналасқан жерлері туралы салиқалы пікір айтты. 1977 жылы Қазақ Совет энциклопедиясында Ұлы Жібек жолы туралы арнайы мақала жарияланып, оған анықтама берілді. Қоғамды қайта құру және демократияландыру кезеңінде Ұлы Жібек жолы туралы іргелі зерттеулер дайындала бастады. 1986 жылы белгілі ғалым К.Байпақовтың Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың ортағасырлық қалаларына арналған көлемді еңбегі жарық көрді. Зерттеуде Жібек жолы мен оның бойындағы ірі сауда орталықтары, түркілердің сауда байланыстары ғылыми тұрғыда анықталды [5].
Ұлы Жібек жолына тек сауда жолы деп сыңаржақ қарау дұрыс емес, ол білім мен ғылымның, мәдениеттің, соның ішінде қала мәдениетінің гүлденуіне ықпал етті. Осы орайда белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Ә. Кекілбаевтің Жібек жолы сонау ерте заманның өзінде ел мен елді, құрлық пен құрлықты байланыстыруға дәнекер болған шын мәнісіндегі ұлы жол. Сол шақта оның мәні кейінгі Колумб пен Магеллан ашқан жаңалықтардан кем болған жоқ, - деген пікірі көкейге оралады. Ұлы Жібек жолы тарихта лазурит жолы, алтын жол, күміс жолы, астық жолы, камшат жолы, әмір жолы, елшілер жолы, император жолы деп аталды, былай деп атаудың өзінде терең мән жатыр [6].
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы бойынша түбегейлі зерттеулер жүргізіліп, Қазақстан аумағындағы Жібек жолы бойындағы ежелгі және ортағасырлық қалалардың орындары ашылып, тың мәліметтерге қол жеткізіліп, отандық ғылым жаңа ақпараттармен толықты [7].
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті: Жібек жолының пайда болуына толық зерттеу жүргізу. Ежелгі замандағы Батыс пен Шығысты байланыстырған бұл жолын қазіргі маңызыдылығын ескере отырып түркі өркениетін қалыптасуын. Қазақстан аумағындағы ежелгі қалаларға Ұлы Жібек жолының әсерін көрсетіп, қала мәдениетінің дамытудағы рөлін анықтау. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға келесі міндеттерді қоямыз:
-Жібек жолының қалыптасуы мен маңыздылығын зерттеу;
- Жібек жолындағы Түркі өркениетінің қалыптасуын сипаттау;
- Қазақстан аумағындағы ежелгі қалаларға Ұлы Жібек жолының әсерін анықтау;
-Ортағасырлардағы қала мәдениетінің дамытудағы Ұлы Жібек жолының рөлін айқындау.
Зерттеудің теориялық және қолданыстық маңызы. Тарихи деректерді сараптау арқылы дәстүрлі танымдағы тарих сипаттау ерекшеліктерін айқындау, және басқа дерек түрлерімен салыстыра зерттеудін тәжірибелік маңызы зор. Осыған байланысты жаңа ғылыми тәсілдер мен талдау әдістерін жетілдіру тарих ғылымының теориялық негізін кеңейте түседі. Зерттеудің жекелеген тұжырым, қорытындылары тарих факультеті және география факультеті тәлімгерлеріне деректану негіздерін, қоғам мен мәдениеттің даму тарихын оқыту пәндеріне пайдаланылуы тиіс. Зерттеу жұмысын жазу барысында жинақтау, талдау, саралау, сипаттау, жүйелеу, салыстыру, іріктеу т.б. әдіс-тәсілдер қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс негізінен кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиттен тұрады.
І.Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен даму тарихы
1.1Жібек жолының қалыптасуы мен маңыздылығы.
Ежелгі антик жаһангездері мен тарихшылары Көне Әлемнің шығыс аймақтарын білмеді, олардың жағрафиялық ой-өрісі Батыс Үндістанмен шектелді. Гекатей Милетскийдің Жер шарына шолуында да, Геродоттың б.з.д. V ғ. Тарихында да, Аристотельдің кітабында, әрі Александрия кітапханасының сақтаушысы атақты Эратосфеннің Географиясында да б.з.д. ІІІ-ІІ ғғ. Қытай айтылмағанымен, Иранның солтүстігінде бөлігінде өмір сүретін халықтар - Окса мен Яксарттың жағасында тұратын бaктриялықтар мен соғдылар және олардың солтүстік бөлігіндегі көшпенді көршілері яғни сақтар, Корей жартыаралынан Дунайға дейін созылып жатқан жер жөніндегі ақпараттар біртіндеп тарай бастайды.
Б.з. 43 жылы рим географы Помпоний Меланың Әлемнің жағдайы жайында еңбегінде Үндістанның солтүстігіне қарай, Бактрия және Соғдының шығысына қарай орналасқан жібек мекені, яғни жібек елінің (серикум латын тілінен аударғанда - жібек) адамдары суреттеледі. Ал Үлкен немесе басқаша айтқанда Ұлы жібек жолы атауының өзі тек б.з. ІV ғасырында Аммиан Марцеллиннің жиырма үшінші Тарих кітабында айтылады.
Осы атақты күрес жолдың ашылуын б.з.д. ІІ ғасырға жатқызады, яғни қытай императоры Чжан Цянь елшілігін аттандырып, ұзақ саяхаттан кейін Аспан асты империясына қайта оралып, өзінің сапары Тарим өзені бассейніндегі шөл мен Тянь-Шань тауы арқылы тамаша биік келген күрең жылқылар өсіретін, гүлденген Парфия, Бактрия және Ферғана елдерінің байлығын сипаттауынан бастайды. Палеозоологтардың зерттеулері бойынша, бұл жылқылардың арғы тегі қола дәуірі кезіндегі несей тұқымдарына жатқан, ал қазіргі кездегі тектілері түрікмен жеріндегі ахалтеке жылқылары. Бұл ғажайып жылқыларды алдыру үшін қытай императоры Ферған жеріне елшілік жіберіп, бірқатар қантөгісті соғыстар жүргізеді [6, 98б.].
Қытай хроникасы мен антикалық авторлар: Плиний, Дионисия, Птолемейдің жазбалары, бірнеше ғалымдардың қажырлы еңбегінің арқасында Ұлы Жібек жолы Лобнор көлінің солтүстігінен Куча мен Қарашар арқылы Тянь-Шань (Тәңір тау) тауын бойлай және Тарим өзенінен Кашғарға дейін, Терсек асуы арқылы Ферғанаға, одан ары Сырдария бойымен және Оңтүстік Орал даласымен, Төменгі Еділге, Солтүстік Қара теңізге немесе Ферғанадан Самарқанға, одан ары Әмударияны өтіп, Иран мен Алдыңғы Азияға жүрген. Оңтүстік жол Лобнордан Куньлунь тауының солтүстік баурайын жағалай Яркент-дария бойымен Памирдің Вахандағы Ташқорғанына дейін және Мары асуы арқылы немесе оңтүстікте Үндістан арқылы Гильгит пен Кашмир арқылы Гандгарға барып Инд өзені сағасынан аяқталған. Ұлы Жібек жолы - ежелгі өркениеттердің жеткен тамаша жетістіктерінің бірі. Оның тарихы беймәлім елдердің аумағындағы шөл мен тауларды алғаш басып өтушілердің ерлігімен қызықты. Осы континент аралық жолмен тек әртүрлі тауарлар ғана емес, мәдени құндылықтар да өтті. Ұлы Жібек жолы адамзат тарихында алғаш рет Жерорта теңізінен Тынық мұхитқа дейінгі алып кеңістіктегі әртүрлі елдер мен халықтарды біріктірді.
Үш патшалық жылдарында (б.з. ІІІғ.) әрбір қытай патшасы мен атақты қолбасшылары атын өздері мұқият таңдаған сүйікті жылқылары болды. Қытай батырларының бірі Гуаньдидің жылқысы Чи Туцзы, Қызыл қоян деп аталды. Бұл есім тобылғының түсі мен жүйрік жылқыны бейнелейді. Қытайда Гуаньди культі Соғыс құдайы және оның жылқысын білдіреді. Оның құрметіне храм тұрғызылып, ал оның батыры Пекин операсындағы поэзияда дәріптелген. Тан дәуірінде Ұлы Жібек жолы әртүрлі өркениет арасын жалғаушы көпір болып, көшпенді немесе дала өркениеті Қытай өркениетімен тепе-тең әріптесі бола білді.
VI-Х ғасырларда Қытай Моңғолия, Алтай аумағында пайда болған Түрік қағанатымен қарым-қатынас орнатады, ал бұл кезеңде бүкіл Ұлы даладағы жылқы мәдениеті биік сатыда тұрған. С.Е.Малов аударған тасқа қашап жазған Күлтегін ескерткішіне көңіл аударайық. Мұнда Күлтегіннің он үш шешуші шайқасы баяндалған. Онда да ол өзінің алғашқы ерлігін 16 жаста жаяу әскер қатарында жасап, батырлықтың ер дәрежесімен марапатталады. Тек 21 жасқа толғанда ғана ол басқа бір батырдың әскери жылқысымен жауға шабуға мүмкіндік алған. Бұл жылқы Күлтегінге тиіп, ақ түсті жылқыға тоғыз рет, бір рет торы және екі рет құба, бір рет бөрте (сұр) жылқыға отырады. Оған бәрінен көбірек қызмет еткен ақ түсті Шалшы жылқысымен Күлтегін үш-төрт рет шайқасқа қатысқан. Шал сөзі көне түркі тілінде алып, ержүрек адам, батыр, мерген дегенді білдіреді[7,99б.].
Осы уақытта патшалық еткен Тан әулеті түрік әскерлерінің көмегі арқасында тақты жаулап алады. Тан императоры мен оның нөкерлері жылқыларды үйретті. Қытайдың ақсүйек әйелдері ерлермен қатар жылқыны көлік етті. Жылқы культі қытай поэзиясына, прозасы мен сурет өнеріне жаңа эстетика әкелді. Императорлар суретшілерге өздерінің әскери тұлпарларын жібекке полихромды және монохромды тушьпен салдырды. Осы кезде қайтыс болған батыр мен оның өлген сенімді жылқысына айтылған жоқтау Ақ жылқы туралы өлеңі кеңінен белгілі болды. Сенімді адамдар туралы сол кезде Жылқы секілді адал қызмет етті деп айтылды. Тан императорының ат қорасында бауырындағы ұзын жүнімен, түнгі қараңғылықта көру қабілеттілігімен және күніне бес жүз ли (бір ли өлшемі 500 метрге тең) жүретіндігімен ерекшеленетін жүйрік жылқысы болды.
Әйгілі ақын Омар Хайям өзінің Наурызнама эссесінде былай деп жазады: Төрт аяқтының ішінде жылқыдан күштісі жоқ, өйткені ол - барлық жайылатын төрт аяқтылардың патшасы деп айтылады. Омар Хайям сонымен бірге Хұсрау Парвиздің Патша жылқының жолбасшысы, ал жылқы төрт аяқтылардың басшысы және Афрасиабтың (Алып Ер Тонға): Ай аспан үшін секілді жылқы патша үшін сөздерін келтіреді. Басқа аңыздардағы кейіпкерлердің пікірлері де бар. Әскери жағдайлардағы жылқының маңызы мынандай сөздермен келтірілген: Жылқы - бұл соғыс тағы, ал түсі оның қару-жарағы. Жылқының бұл терең пәлсапалық бағасы көріністің түсімен ерекшеленуі парсы тілі мен парсы поэзиясына тән.
Ирандықтар Х ғасырда бір түсті жылқы, ерекшелігіне қарай ақ түстісі бәрінен артық және көңіл аударуға тұрарлық деп айтқан. Оның иесі соғыста әрқашан жеңімпаз болып табылған. Ежелгі ирандықтардан шыққан дәстүр бойынша ақ жылқыға патша мен қолбасшыларды отырғызған. Ақ түсті жылқыны шайқас алаңында көтерілген қалың шаңнан көру оңай, оған қоса айтарлықтай анық түсі жылқы-альбиносқа тән.
Ежелгі ирандықтарда күн мен отқа табыну Рустам-Рахшаның жасындай жирен түсте, ал мінезі жалын от секілді болған жылқысы кейпінде бейнеленеді. Сиявуш пен оның ұлының қара түсті әскери жылқысы бір мезгілде әкесі мен ұлына адал болған, ол ұлына бағынғанымен, өзінің бірінші иесінің ер-тоқым, жүгенін иіскеп білді. Иран аңыздарында жылқыны сипаттау исламға дейінгі кезеңде-ақ сол эпитетте, ал ежелгі түркі халықтарында пырақты, құрыш тұяқты деп кездеседі.
Ұлы Жібек жолы атауының шығуы осы уақытта Батыс елдері үшін қымбат тауар - жібекпен байланысты. Жібек құртынан жібекті дайындау құпиясын қытайлықтар шамамен 5 мың жыл бұрын ашса, белгілі жібек шаруашылығын зерттеуші А.А.Тихомиров оның нақты уақытын - б.з.д. 298 жыл деп атап өтеді. Қытай аңыздары бойынша ең алғаш алынған жібек жіп Си Линг-чи патша ханымға тәуелді болды. Шай ішу кезінде патша ханым шыныаяғына ағаштан жібі шығып тұрған құрт түсіп кетеді, сосын құрттың жібін тарқатып алады, солай алғашқы жібек жіп алынады, ал Си Линг-чи император әйел осы үшін ризашылық ретінде Аспан асты империясының құдайын тұрғызды, оның құрметіне осы күнге дейін Қытайдың көптеген аудандарында жыл сайын ғұрыптық мейрамдар өткізіледі.
Бірқатар зерттеушілер жібек шаруашылығының отаны Шан-дунь провинциясы, өйткені б.з.д. 2255 жылдың өзінде-ақ қытай патша ханымына салық ретінде жібек мата төлеген деп есептейді. Әсіресе, жібек шаруашылығы б.з.д. 1-мыңжылдықтың 2-жартысында ақша, мата дайындау, салық төлеу, сауда келісімдері барысында есептесу жібектен болған кезде кеңінен дамыды. Бірқатар ғалымдар таза жібектің отаны Үндістанның таулы аудандары десе, келесі біреулері - Батыс Гималай, тіпті Иран деп есептейді. Дегенмен, бомбикстің отаны, осы күнге дейін жібек құртының жақын аталасы - теофиль мандарин көбелегі өмір сүретін Солтүстік Қытай болып табылады. Табиғаттағы жібек құртын қара-па-йым жинаудан қолға үйретуге дейінгі сатыда бірнеше жүздеген жылдар өткен.
Жібекті алу үдерісі ежелгі уақытта қалай болса, бүгінде де тура сондай. Екі құрт шағылысқаннан кейін, аталығы өліп, аналығы 600-700-ге дейін жұмыртқа-ұрық тастайды. Көктемде (сәуір айында) ұрық жылы бөлмеге кіргізгеннен кейін, 10-12 күнде одан кішкентай қырықбуынды жібек құрты шығады. Олар өте қомағай болып келеді. Негізгі қорегі тұттың жапырағы болған олар өзінің салмағынан анағұрлым көп жейді. 30 күнге созылатын өзінің өмірінде қырықбуынның салмағы 10000 есе артады. Өзінің өсуінде ол бес жастан немесе түлеуден өтеді. Бесінші жасында жібек жібінің өзі жасалынады. Жібек бөлетін бездің нәрселері сыртқа шығып екі қабатты жіпке айналады, сосын қырықбуын үш күн бойы өзіне орауында жібек құрты пайда болады. Бір жібек құртында жібек жіптің ұзындығы есеп бойынша 100-2000 метрге дейін жетеді.
Ежелгі дәуірде айтулы тауарлардың арасында бірінші орынды қытай жібегі алды. Жібек мата - жұқа мата, салмақсыз, жеңіл, жұмсақ және әдемілігімен көне заманда табиғаттың кереметтілігі деп есептелді. Сыры көп жібек жіп айқын әрі төзімді, әртүрлі түсті не түрлі керемет мата берді, ал түрлі түсті күрделі өрнекті осы маталар өздігінше бағаланды. Батыста олар алтыннан жоғары бағаланып, саудаға қымбат тастармен бірге жүрді. Жібекпен алым-салық, әскери және дипломатиялық қызметтер төленді. Оның қиындылары патшалар мен храмдарға, жауынгерлер мен ақсүйек сұлуларға сыйға тартылды. Мұның барлығы синолог Фридрих фон Рихтгофеннің 1877 жылы Қытайдан Еуропаға дейінгі сауда трассасын Ұлы Жібек жолы деп атауына толығымен дәйекті құқық берді. Бұл атау Еуразияның қазіргі елдерінің барлық қоғамдық қызметтері мен ғылымында қабылданды. Шынайы әрі нәзік түрдегі түсті және өрнекті жібектер Әлемнің байлығы символына айналды. Оның сапалығы мен жеңілдігі жүзік көзінен өтетін мата деп анықталды. Оны құрыш болаттың өткірлігімен сынады, оның жүзі жібек орамалды қиып өту керек болды.
Александр Македонскийдің шығысқа жорықтарынан кейін антикалық әдебиеттерде қытай жібегі туралы нақты мәліметтер пайда болады. Александрдің ұстазы Аристотель өзінің Жануарлар тіршілігі атты еңбегінде жібек өндіру жөнінде былай деп жазады: Үлкен құрттан кішкентай қуыршақ, сосын жібек құрты шығады. Мұның барлығы алты айда болады. Осы жәндіктен әйелдер жібек құртын бөліп алып, тарқатады, одан кейін оны иіреді. Платестің қызы Полифония Кос аралында алғаш рет иірген деп айтады. Б.з.д. І ғасырында жібек Клеопатрия патшайым үшін арнайы шеберхана жібектен салтанатты киім-кешек тіккен Александрияға жеткен. Октавиан Августтың билігі уақытында рим поэзиясында жібек туралы көптеген ескертпелер пайда болады [8,134б.].
Римде Visсus Tusсus ауданында сириялықтар Ннтиохи мен Пальмирден сатып алынған жібектерін саудалайтын арнайы базар болды.
Жібек жолы бойындағы саудада айтарлықтай рөл соғдылықтарға тиесілі болды. Олардың Шығыс Түркістанға баруы б.з.д. IV-III ғасырларға жатады. Айтарлықтай соғды отары мен қоныстары б.з. бірінші ғасырына жататын Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Шығыс Түркістан мен Солтүстік Қытайдың керуен саудасының басты орталықтарынан анықталды. Соғды қауымының Жібек жолы торабындағы елді мекені - Дуньхуан-да болғандығы жөніндегі жазба дерек IV ғасырға жатады. Соғдылық көне жазба мәліметтері бойынша олардың саны бір мың адамдай делінген. Айтарлықтай соғды отары Батыс Қытайдың сауда орталықтары Лянчжоу мен Сучжоуда болған. Бұл мекендер Тан уақытында да белсенді сауда қызметтерін жүргізуді жалғастырған. Соғды саудагерлерінің едәуір бөлігі тандықтардың астанасы Чаньань қаласында тұрған. Оңтүстік жолдың басты орталығы Шаньшаньнан (Лобнор көлі маңында) VII ғасырдың бірінші жартысында Самарқанд пен Тараздан шыққандар бірнеше қоныстан тұратын өз отарын құрған[9, 134б.].
Қорта айтсам бұл жоспарда жібек атауынның қайдан шыққандығы туралы. Атақты күре жолдың ашылуын б.з.д. ІІ ғасырға жатқызады, яғни қытай императоры Чжан Цянь елшілігін аттандырып, ұзақ саяхаттан кейін Аспан асты империясына қайта оралып, өзінің сапары Тарим өзені бассейніндегі шөл мен Тянь-Шань тауы арқылы тамаша биік келген күрең жылқылар өсіретін, гүлденген Парфия, Бактрия және Ферғана елдерінің байлығын сипаттауынан бастайды.
1.2 Жібек жолындағы Түркі өркениетінің қалыптасуы
VI ғасырдың ортасында Орталық Азияның саяси аренасына жаңа мемлекеттік құрылым - Түрік қағанаты шығады. Түркілер алғашында Алтайдан Сырдарияға дейінгі аумақты қамтып, Иранмен одақ орнатып, эфталиттер мемлекетін талқан-дайды, сосын Қара теңіз жағалауына дейін жылжиды. Қытайдан алым-салық ретінде алған үлкен байлықты иеленіп, олар соғыс уақытында соғдылық көпестерді қолдай отырып, Ұлы Жібек жолындағы сауданы қар-қынды дамытуға қы-зығушылық танытады. Дегенмен, оңтүстік трассаның ай-тарлықтай бөлігі Иранның бақылауында болған-дықтан, қаған 567 жылы Иранға сауда трассасын бірігіп бақылау мақсатымен соғды көпесі Маниахты басшы етіп елшілік жібереді. Бірақ Хосров І шах елшілікті қабылдап, әкелген жібектерін сатып алып, оларды наразылықпен астана алаңында өртеп жібереді. Қағанның бес айдан кейін жіберген екінші елшілігінен де нәтиже болмады. Бұл тікелей соғысқа алып келді. Осыдан кейін қаған елшілікке тағы да басшы етіп Маниахты Тараздан тікелей Византияға Бұқара, Хорезм арқылы, Каспий теңізінің солтүстік жағалауын айнала, Кавказ арқылы жіберген болатын. Сауда және әскери келісім жасалып, Византияның императоры Юстин ІІ шығыс жерлерінің стратегі, тіпті ол түркілердің Иранға жасаған жорығына қатысқан Земархты басшы етіп әскери елшілігін жібереді.
Осылай солтүстік жол бойынша Орталық Азия мен Византия арасында тұрақты сауда қарым-қатынасы орнады. Испиджаб, Отырар, Самарқандтан шыққан керуен Арал теңізі бойымен Хорезмнен өтіп, Еділ арқылы солтүстік кавказ тайпалары арқылы Кавказ жоталарының Қара теңіз жағалауына жетіп, одан ары Византия шекарасына барған. Бұл жол VI ғасырдағы грек тарихшысы Меандрда жазылған. Византиямен және осы жолдың торабындағы саудадан таңғаларлықтай қызықты заттай қалдықтар сақталған. Ортағасырлық Самарқанд, Мерв, Тараз, Андижан, Ташкент қалаларынан б.з. VI-VII ғасырларындағы византиялық және солардікіне ұқсас алтын монеталар табылды. Қолөнер өнімдерінің қалдықтарымен бірге монеталар Орта Азия мен Қазақстанның қалалары мен қоныстары қарапайым транзиттік елді мекен болмағандығы жайлы айтады. Олар өз өндірістері мен қолөнері және ауыл шаруашылығындағы көпшілік мөлшердегі әртүрлі тауарларды экспорттаушылар болды.
Жазбаша деректердегі мәліметтер бойынша Орта Азия мен Қазақстан иеліктерінен металл мен дайын металл бұйымдарындағы салтанатты ыдыстар мен қымбат металдардан қару-жарақтың әртүрлі түрлеріне: садақ пен жебе, семсер мен сауыт-сайман, тері бұйымдар, олардың ішінде, әсіресе шаштық киіз, мата мен киім бағаланды, асыл тас пен түсті шыны әшекейлер, дәрілік және бояу заттарына дейін тасыған. Егер бұрын айырбас өнімі тек қытайлық жібек болса, б.з. бірінші мыңжылдығының ортасында соғдылық шеберлердің өзіндік жібек мата өндірісі болғандығы жөнінде ауыз толтырып айта аламыз. Бұл жаңалықты күтпеген жерден жібекті зерттеуші француз Д.Шеперд жасады. Бельгияның Юн қаласындағы храмның құлпытасын жапқан ежелгі жібекті зерттеуде ол белгілі шығыстанушы В.Хеннинг оқыған беймәлім жазудың бірін тапты. Занданашы деп жазылған жазу оның өндірілген әйгілі ортағасырлық Шығыстың тоқымашылық орталығы - Соғдыдағы, Самарқанд пен Бұқара арасындағы Зандана қонысын нақты көрсетіп тұр. Бұл қоныстың келесі жүзжылдықтарда өте әдемі жұқа матасымен даңқы шыққан. Зандананың әйгілі матасы туралы араб деректері де атап өтеді. Ол жөнінде Бұқара тарихының авторы Мұхаммед Наршахи Юн қаласындағы храмнан шыққан жібектегі суретке ұқсас өрнекті жібек мата Муг тауындағы соғды билеушісі Деваштич қамалының қоймасынан табылғандығын жазған. Солтүстік транзит жолы б.з. VI-VII ғасырларда тармақтары толық қалыптасқан керуен жолының құрлықтағы трассасымен толықты. ІХ-Х ғасыр басындағы араб-парсы географтарының географиялық еңбектерін талдаған шығыстанушылар олардың алғашқы еңбектерінің негізінде осы уақыттың жолшылары өздері болған деп есептейді.
Ежелгі жолдар мен елдерді жазған 820 жылы туған Ибн Хордадбех б.з. ІХ ғасыр басындағы Табаристан билеушісінің ұлы болған. Оның өзі Джибал аймағының бастығы болған, осы лауазым құрамдас бөлігі шығысында Бағдаттан Орта Азия мен Үндістанға, батыста Испания мен Византияға, солтүстікте Кавказға дейінгі сапары болған Мемлекет және саяхат кітабын жазуға түрткі болған болуы мүмкін. Жеке Құрлықтағы және теңіздегі бірқатар трассасы, Дон, Еділ және Каспий бойынша орыс көпестерінің бағыттарына шейін көрсетілген. Басрадан шыққан Кудама ибн Джафар - халифат поштасының бастығы болған. Оның Харадж және хатшылық өнер жөніндегі кітап атты еңбегі жарым-жартылай сақталғанымен, оған пошта бағыты түскен. Пошта басшысы барлық жолды білуге тиісті болды, себебі халиф бір жақа баруға жиналуы немесе әскерді бағыттауы мүмкін. Сондықтан ол трасса бойынша орындардың аттарын, жол, тұрақ, миль мен фарсах саны, жолдың қиыншылығы мен оңайлығын, судың барын және т.б. тізіп шыққан. Біршама кейінгі географтардың еңбектерінде Орта Азия мен Қазақстан облыстары, оның ресурстары, қалалары, қолөнері, иеліктің өнімі, сауда трассасы жақсы берілген.
Қорта айтсам Ұлы Жібек жолының түрік тайпаларымен де байланысы бар. ІІ ғасырда қалыптасқан Жібек жолы тармақтары және керуендері өткен жол бойына орта ғасырда түрік тайпаларынның қағанаттарынның қалалары шекаралас ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz