Қазақ тіліндегі есімдіктердің пайда мен есімдіктердің даму тарихы туралы ғалымдардың пікірінен мағлұмат беру және есімдіктердің өзіндік ерекшелігін танытудың жолдарын айқындау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ШЖҚ РМК
Филология және педагогика факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы

Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінен
Курстық жұмыс

Тақырыбы: Есімдік сөз табы. Оның категориялық белгілерін танытудың методикасы.
Мамандық шифры
Оқу бөлімі
5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті
Күндізгі

Орындаған: ___________ Дәуренбек А.А.
Тексерген: ___________ п.ғ.д. профессор Жахина Б.Б.
Бағасы: ___________

Көкшетау, 2020

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім
0.1 Есімдік сөз табының ғылыми негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
0.2 Есімдіктің өзіндік ерекшелігін таныту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...19

Кіріспе


Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ тіліндегі есімдіктердің пайда мен есімдіктердің даму тарихы туралы ғалымдардың пікірінен мағлұмат беру және есімдіктердің өзіндік ерекшелігін танытудың жолдарын айқындау.

Курстық жұмыстың міндеті: Жоғарыда көрсетілген Курстық жұмыс мақсатына байланысты мынадай міндеттер туындайды:
- Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихын зерттеу
- Есімдіктердің пайда болуы туралы ғалымдардың пікірлерін қарастыру
- Есімдіктердің өзіндік ерекшелігін танытудың жолдарын көрсету.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Жаңартылған білім мазмұнына сай есімдіктердің өзіндік ерекшелігін танытуда қолданылатын жаңа технологияның қазақ тілі пәнін оқытуда тиімділігін дәлелдеу.

Зерттеу әдісі: Әңгімелесу, салыстыру, жаттығу білім беру методтары, Кембридж бағдарламасы ұсынған білім берудегі Диалог жаңа әдісі және курстық жұмыс жазу барысында ойлап табылған Есімдік ішіндегі есімдік, Тауып көр жаңа әдістері.

Құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1.1 Есімдік сөз табының ғылыми негізі
Сан ғасырлар бойы дамып, іргелі дәуірлерді басынан өткізген - қазақ тілі ең бай тілдердің қатарына жатады. Қазақ тілінің тарихы қазақтың кең, апайтөс даласында өмір сүрген қазақ халқының тағдырымен тығыз байланысты. Тіліміз сұрапыл ғасырлардан, қиын дәуірлерден өтіп, қазіргі кезде көптеген зерттеулерден көрініс табуда. Оның дәлелін - лингвисттердің, яғни тіл мамандарының еңбектерінен көре аламыз.
Есімдіктер өзінің құрамдық ерекшеліктерінің айрықша көзге түсуі негізінде ғалымдар зейінін ерте кезден бастап-ақ өзіне тартқан. Сондықтан есімдіктерге тән жалпы қасиеттер мен заңдылықтарды зерттеуге, олардың тарихы мен қалыптасу жүйесін анықтауға арналған еңбектердің саны аз емес. Ондай еңбектер алға қойған мақсаттары мен қамтитын мәселелерінің көлеміне байланысты кейде есімдіктерді өте кең түрде, яғни алтай тілі тұрғысынан зерттеген, кейде түркі, моңғол не манжұр-тұңғыс тілдері тұрғысынан, кейде жеке тілдердегі есімдіктер немесе сол есімдіктердің жеке топтары мен жеке сөздеріне тән заңдылықтар мен ерекшеліктер тұрғысынан жазылған еңбектер болып келеді. Оларды өте қысқа түрде атап өтетін болсақ, мына сияқты еңбектер мен олардың авторларын еске алуға болар еді.
Қазіргі қазақ тілінде есімдік дербес сөз табы ретінде қарастырылып жүр. Ал орыс тілінде бұл мәселеде екі түрлі көзқарас болды. Ғалымдардың біразы есімдікті есім сөздермен бірге қарау керек десе, кейбір ғалымдар есімдік өз алдына жеке сөз табы болу керек деп санайды. Есімдіктерді есім сөз таптарымен бірлікте қарау керек дейтін пікір ұстанушы ғалымдардан А.А.Шахматов, А.М.Пешковский, А.Н.Гвоздевті атауға болады. Ал есімдікті жеке сөз табы деген көзқарасты дәлелдеушілер: В.В.Виноградов, Е.Н.Сидоренко т.б.
Қазақ тіл білімінде есімдіктер мәселесі А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, А.Ибатов, А.Төлеуов еңбектерінен орын алған. Аталған ғалымдардың қай-қайсы да есімдіктерді орынбасар сөздер ретінде қарастырады. Мәселен, А.Байтұрсынов есімдікке былайша анықтама береді: Есімдік дегеніміз - есімдердің, яғни зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің орнына жүретін сөздер. Ғалым есімдікке осылайша анықтама бере отырып, есімдікті мағыналық жағынан бес топқа бөледі. Олар: 1) жіктеу есімдігі, 2) сілтеу есімдігі, 3) сұрау есімдігі, 4) жіктеу есімдігі, 5) танықтық есімдігі. Көріп отырғанымыздай, есімдіктердің саны да, атауы да қазіргіден басқаша. сондай-ақ ғалым жіктеу есімдігі деген атауды екі рет қолданып, біріншісіне қазіргі мен, сен (сіз), ол деген жіктеу есімдіктерін жатқызса, екіншісіне бәрі, барша деген қазір жалпылау есімдіктері аталып жүрген есімдіктер тобын кіргізеді.
Профессор Қ.Жұбанов есімдікке: Орынбасар есім (есімдік) деп түбірдің де, қосалқы шылаулардың да орындарында жүре беретін түбірлерді айтамыз - деген анықтама береді. Қ.Жұбанов есімдікке мынадай сөздерді жатқызады: мен, сен, ол (зат есім орнына), бұл, сол, ол (зат пен сын орнына), мұндай, сондай (сын есім орнына), сонша, мұнша (бұ да), олай, бұлай (бұ да), өйтіп, сөйтеді (етістік орнына), өйткені онда (жалғауыш орнына), т.т. Ғалым есімдік деп таныған сөздердің ішінде есімдіктер де, есімдіктен басқа сөз таптарына қатысты сөздер де араласып жүр.
А.Ысқақов есімдіктер: заттың белгісін білдеретін сөздердің орынбасарлары - деп сипаттайды.
Ғалым Ә.Төлеуов: Жіктеу,сілтеу, сұрау есімдіктері өзінен бұрын айтылған есім сөздердің орынбасары болып саналады - деп, орынбасарлық қызметті есімдіктің белгілі бір топтарына ғана жатқызады.
Есімдіктерді арнайы зерттеген - ғалым А.Ибатов. Ғалым А.Ибатов есімдіктердің сөз табы ретіндегі тұлғасын, олардың мағыналық топтарын жеке-жеке сөз етеді. Ғалым: Қазақ тіліндегі есімдіктер өзге де сөз таптары сияқты сөздерді топтастырудың белгілі жүйеге түсіп қалыптасқан негізгі үш принципіне сай лексика-семантикалық мағынасына, морфологиялық белгілеріне және синтаксистік қызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз табы болып бөлінеді - деп, ...оларға 1) мағыналары тым жалпы, 2) контексте қолданылу мақсатына қарай әр қилы нақтылы мағыналарға ие болып отыратын сөз табы, 3) әрқашан субъективті қатынаста қолданылатын сөздер - деген түсінік береді.
Ал алтай тілдеріндегі есімдіктерді зерттеу жұмысын алғаш рет қолға алушы әйгілі ғалым Кастрен болды. Оның 1850 жылы Гельсингфорсте жарияланған Die affixis personalibus linguarum altaicarum атты еңбегі осы алтай тілдеріндегі есімдіктер жайын сөз етуге арналған тұңғыш ғылыми зерттеу болған еді. Бұдан соң алтай тілі жайындағы құнды еңбек О. Бётлингктің Uber die Sprache der Jakuten Altajische studien атты Санкпетербургте басылып шыққан еңбегі болды. Онда жалпы алтай және моңғол, түрік туыстас тілдер жайында да өте құнды пікірлер айтылған еді. Ол пікірлердің дені кейінгі зерттеуші ғалымдардың көбінің ойынан шыққан нағыз қажетті пікірге айналған. Бұларға жуық В.Шотт урал-алтай тілдеріндегі есімдіктерге байланысты көптеген зерттеулер жүргізді. Солардың ішінде Altajische Studien атты еңбегін баса айтуға болады. Кейінірек Б. Мункачи зерттеулерінде де урал-алтай тілдеріндегі есімдіктердің салыстырма зерттеу әдісі кеңінен орын алды. Артынша В.Радловтың, Г.Рамстедттің, В.Бангтың, Ж.Денидің, В.Богородскийдің, К. Грёнбектің жалпы түрік тілдеріндегі есімдіктер мен кейбір жұрнақтар және сұрау есімдіктеріне арналған көлемді еңбектері пайда болды.
Бұлардан соң алтай тіліндегі есімдіктерді талдауға түсірген құнды еңбектің бірі В.Кoтвичтің Les pronoms dans les Langues Altaiques атты жұмысы болды. Түрік туыстас тілдердің есімдіктер жүйесін зерттеуге А.П.Поцелуевскийдің Происхождение личных и указательных местоимений және Н.А.Баскаковтың О соотношении значений личных и указательных местоимений, Ф.Г.Исхаковтың Местоимения, Ф.Д.Ашниннің Указательные частицы в тюркских языках сияқты еңбектері арналды.
Жеке тілдерге тән есімдіктер жүйесі мен ондағы есімдіктердің жеке топтарын сөз етуге арналған зерттеулер қатарында: Н.К.Дмитриевтің Указательные местоимение в османском языке, Об указательных местоимениях в башкирском языке, Ф.Д.Ашниннің Принципы дифференциации туркменских указательных местоимений, Принципы дифференциации турецких указательных местоимений; Н.Сауранбаевтың Есімдіктер, Ш.Сарыбаевтың К вопросу о местоимении в казахском языке, О местоимениях ту, тунеу, А.Төлеуовтың Қазақ тіліндегі есімдіктер, С.Құдайбергеновтың Қырғыз тіліндегі есімдіктер, А.Ибатовтың Қазақ тіліндегі есімдіктер, А.Боржаковтың Түрікмен тіліндегі есімдіктер деген сияқты еңбектерін атауға болады.
Бұл келтірілген еңбектердің бәрінде де жеке авторлардың есімдіктер тарихы және олардың құрамы мен қалыптасу жүйесі т.б. мәселелер жайында айтқан өзіндік пікірлер көп.
Есімдіктердің қай кезде, қай замандарда пайда болғанын дәлелдеп айту қиын. Бірақ ғалымдар арасында кең тараған пікірлер бойынша, есімдіктер өте көне заманда пайда болған сөздер қатарына жатқызылады.
Есімдіктердің ерте заманда пайда болуы, ең алдымен, олардың мағыналарының жоғары дәрежеде абстракциялануынан, яғни мағыналарының тым жалпылама түрде келуінен көрінсе, екіншіден, олардың түбір сөздері мен қосымшаларында кездесетін өте көне формалардың сақталып қалуынан да айқын көрінеді. Сонымен қатар есімдік сөздердің әр тілдің өзіндік ерекшеліктеріне қарай аздаған өзгешеліктері болмаса, барлық түрік тілдерінде бірыңғай сөздер болып келуінен де білінеді. Мысалы, қазақ тіліндегі мен, сен есімдіктері өзге түрік тілдерінде, айталық, түрікмен, құмық қарачай, қарақалпақ, өзбек, ойрот, шор, қырғыз, алтай тілдерінде мен, сен; гагауз, караим, ноғай тілдерінде бән, сән; азербайжан, ұйғыр, тува тілдерінде мән, сән; түрік тілінде бен, сен; татар, хакасс тілдерінде мин, син; башқыр тілінде мин, һин болып қолданылады. Бұл сөздер жеке тілдердің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты, кейбір фонетикалық өзгешеліктерімен ажырасатыны болмаса, барлық түрік туыстас тілдерде бір түбірге тән сөздер екені өте анық байқалады. Сол сияқты, көптеген есімдік сөздер белгілі бір грамматикалық көрсеткіштер арқылы немесе қолдану мақсаттарына қарай өзге сөз таптарына және грамматикалық көрсеткіштер (қосымшалар) қатарына да айналып кеткені байқалады. Есімдіктердің бір кездерде өзге категорияларға, яғни қосымшалар мен грамматикалық көрсеткіштерге ауысу қабілеті өте күшті болғаны ерекше көзге түседі. Бұл жағдай негізінде жіктеу есімдіктерінде кездеседі. Мысалы: мен, сен, ол жіктеу есімдіктерінен -мын, -мін, -сың, -сің сияқты жіктік жалғаулары және -м, -ң, -ы сияқты тәуелдік жалғаулары; біз, сіз жіктеу есімдіктерінен -мыз, -міз, -сыз, -сіз сияқты көптік, сыпайылық мәндегі жіктік жалғаулары және тәуелдік жалғаулары жасалған.
Есімдіктер - түгел дерлік туынды сөздер. Олардың қайсы бірі біріккен сөздер болса, кейбірі қосымшалар арқылы жасалынған, кейбірі сөздердің синтаксистік тұрақты тіркестері арқылы жасалынған сөздер. Есімдіктердің бұлай болып келуі дербес сөздер тіркесінен бастап ол тіркестегі сөздердің кейбірінің мағыналық солғындауы, тіпті аффикстер дәрежесіне көшуіне дейінгі процестердің бәрін де бастан кешірген. Сонда оларды қалыптасу процесіне қарай ежелгі (байырғы, көне) есімдіктер және бертінде пайда болған (кейінгі, жаңа) есімдіктер деп күрделі екі топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа: а) бір кездерде дербес сөз не қосымшалар есебінде қолданылған, қазіргі кезде есімдік сөздердің белгілі бір дыбыстық құрамы сияқты боп кеткен -н, -м, -з элементтері арқылы жасалынған мен, сен, ол (онан), біз (бі-сі), сіз (сі-сі), қай (қан), кім (кі-м) сияқты және -дә элементі арқылы жасалынған дәнеңе (дә-неңе дым-неңе) сияқты сөздер; ә) байырғы сілтеу мәнді тұлғалардың бірігуі арқылы жасалынған бұл (б-ол), міне (мін-е), мына (мын-а), әне (ән-е), ана (ан-а), осы (ош-бу), сол (ош-ол), қане (қан-і) сияқты көне тұлғалы сөздер жатады.
Екінші топқа жататын сөздер іштей екі саладан құралады.
1) Лексикалық тәсіл арқылы пайда болған сөздер. Бұған а) өзге сөз таптарынан ауысқан бар, бүкіл, бір, біреу, түк, дым сияқты есімдіктер; ә) басқа тілдерден ауысқан күллі, тамам, әлде, әр, пәлен, еш сияқты сөздер жатады.
2) Грамматикалық тәсіл арқылы пайда болған есімдіктер. Бұған а) көне есімдік тұлғалардың кейбір сілтеу, сұрау есімдіктерімен бірігіп айтылуы арқылы жасалынған мынау (мына-у), анау (ана-у) сияқты сөздер; ә) кейбір сілтеу және сұрау есімдіктерінің бірігіп айтылуы арқылы жасалынған осынау (осы-анау), сонау (сол-анау), қайсы (қай-сол) сияқты сөздер; б) әр қилы қосымшалар арқылы жасалынған бәрі, барлық, барша, қанша? неше? қандай? т.б. сияқты сөздер және; в) сөз тіркестерінен пайда болған бір де бірде-бір сияқты сөздер жатады.

0.2 Есімдіктің өзіндік ерекшелігін таныту жолдары
Есімдер табына жататын сөз табының бірі - есімдіктер. Есімдіктер заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейді, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалады. Есімдіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады. Мысалы: Ол Ожарға бір көз тастап, Сейтенге қарады (І.Есенберлин Қаһар); Сен бұл суретті жазда келгенде Ғалиядан ұрлап немесе тартып алған шығарсың,-дейді (Б.Соқпақбаев Өлгендер қайтып келмейді) деген сөйлемдердегі есімдіктердің қайсысының болса да мағынасы нақтылы емес. Өйткені бірінші сөйлемдегі ол деген сөзден тек бір адамның Ожарға бір көз тастап, Сейтенге қарағанын аңғарғанымыз болмаса, ол адам кім? - Таймас па, әлде Шыңғыс па? Жоқ, тіпті біз білмейтін басқа бір адам ба? Әйтеуір, оның кім екенін бірден айқын біле алмаймыз. Екінші сөйлемдегі сен дегеннің де мағынасы нақтылы емес, олар жалпылама түрде ғана айтылған. Ондай болатын себебі: Ол деген сөз мен және сен деген ұғымнан басқаның бәрін білдіреді, демек, көзбе-көз я бетпе-бет сөйлесіп тұрған екі адамнан басқаның бәрі ( адам ба, зат па - бәрі бір) - ол болады. Ал, мен тек бірінші жақ (сөйлеуші я айтушы) болады да, сен - тыңдап (сөйлесіп) тұрған адам, демек, сөйлеушімен (менімен) әңгімелесіп отырған адам болып шығады. Сонымен, жоғарыдағыдай дара тұрған сөйлемдердегі есімдіктердің дәлді мағыналары бірден айқын болмайды.
Есімдіктердің дәлді мағыналары, егер екі я одан да көп адам сөйлесіп отырған жағдайда (диалогта) қолданылса, сол сөйлемдерден бұрын айтылып, я аталып өткен сөйлемдермен байланысты аңғарылады. Ал егер ондай есімдіктер монолог түрінде айтылған я жазылған сөйлемдерде қолданылса, олардың дәлді мағыналары, яғни олар туралы мәлімет, сол сөйлемдерден бұрын айтылған я жазылған сөйлемдермен байланысты тыңдаушы мен айтушыға (оқушыға) ғана белгілі болады. Демек, есімдіктердің дәлді мағыналары бұрын айтылған я жазылған сөйлемдермен байланысты анықталады. Мысалы: Сейтен тағы да айтпақшы еді, Ожардың сәл ашулы даусы оны бөліп жіберді (І.Есенберлин Қаһар) деген мысалды алсақ, сөйлемдегі оны деген сөздің дәл кім екенін бірінші сөйлемдегі Сейтен деген сөзден аңғарамыз. Сол сияқты, кімді айтса, сол келеді деген мақалдағы кімді, сол деген есімдіктердің де кімді нақтылы білдіріп тұрғанын, яғни дәлді мағыналарын бұрынғы сөйлемде аталған адамға қарап барып аңғарамыз. Шынында, ол, мен деген есімдіктерді алсақ, әркім я әр адам ол да, мен де бола алады.
Есімдіктердің мағыналары қаншама жалпы болғанымен, олар (есімдіктер) қандай сөздердің орнына қолданылуына қарай, сол сөздердің негізгі мағыналарына сәйкес (заттық, сындық, сандық т.б.) зат немесе заттық белгімен байланысты ұғымдарға ұштасып жатады. Мысал үшін сен, ол жіктеу есімдіктерін, бұл, сол сілтеу есімдіктерін, кім, не, қай сұрау есімдіктерін алайық. Егер осы есімдіктердің негізгі мағыналарын саралап қарайтын болсақ, қандай сөздердің орнына қолданылуына байланысты, біріншіден, заттық ұғымды білдіретін сөздердің орнына қолданылатын есімдіктер, екіншіден, заттың белгісін білдіретін сөздердің орнына жұмсалатын есімдіктер болып іштей екі жікке бөлінеді. Сонда сен, ол кім? не? есімдіктері заттық ұғымды білдіретін сөздердің, бұл, сол, қай? есімдіктері белгі атауларының орынбасарлары болып шығады. Осындай екі жік сөздерді, біріншіден, заттық ұғымды білдіретін сөздердің орынбасарлары - субстантивтік есімдіктер, екіншіден, заттың белгісін білдіретін сөздердің орынбасарлары - атрибутивтік есімдіктер деген екі салаға бөлінеді.
Морфологиялық жағынан есімдіктер түрленетін сөздердің тобына қосылады. Ал олардың тәуелденуінде, жалпы алғанда, есімдерге ұқсастықтар болмағанымен, өздеріне тән ерекшеліктері де бар. Мысалы, субстантивтік есімдіктер қолданылу ретіне қарай зат есімдер сияқты көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те қолданыла беретін болса, атрибутивтік есімдіктер дәл өз мағынасында, нағыз сын есімдер ретінде қолданылып тұрғанда грамматикалық жағынан түрленбейді, демек, грамматикалық формаларының ешбірін де қабылдамайды.
Есімдіктердің бәріне де тән, бәріне де ортақ деп есептерліктей я танырлықтай белгілі бір жүйелі формалары немесе өзгеру тәсілдері жоқ. Бұл ерекшелік негізінде есімдіктердің іштей субстантивтік және атрибутивтік болып мағыналық екі жікке бөлінуімен байланысты.
Есімдіктердің мағыналық топтары: жіктеу есімдіктері, сілтеу есімдіктері, сұрау есімдіктері, өздік есімдіктері, жалпылау есімдіктері, белгісіздік есімдіктері және болымсыздық есімдіктерін бір-бірінен ажыратып талдау - күрделі мәселердің бірі.
Жіктеу есімдіктері әрқашан белгілі бір жақты көрсету үшін қолданылатын сөздер болып саналады. Сол себепті олар үнемі адаммен байланысты, яғни сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады. Мысалы, мен деген сөзден әрқашан 1 жақ - сөйлеуші, сен деген сөзден - 2 жақ тыңдаушы, ол деген сөзден - 3 жақ бөгде кісі деген ұғымдарды ұғынған болар едік. Мен осындағы орта мектепте мұғалім едім (Б.Соқпақбаев Өлгендер қайтып келмейді). Сен осы сайда саны, құмда ізі жоқ қайдағы бір құнсыздарды ел, жұрт, көп дегенді қашан қоясың? (М.Әуезов Абай жолы). Ол анадайдан шоғырланған бізді көрді (Б.Соқпақбаев Өлгендер қайтып келмейді).
Жіктеу есімдіктері белгілі бір жақты көрсетуімен бірге әрқашан сөйлеушімен тығыз байланыста қолданылады. Сондықтан да олар өзгелерге (тыңдаушы мен бөгде кісіге) сөйлеушінің қатынасы қай дәрежеде болатынына сай жұмсалып, соған лайықты белгіленіп отырылады. Яғни жіктеу есімдіктері сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деп бөлінуі осы қатынастар дәрежесіне сай белгіленеді. Мен әлі оқуды тауысқам жоқ қой,-деп, Әбіш әуелде өз ойларын жия алмай қалды (М.Әуезов Абай жолы) дегенде мен сөзі сөйлеушінің өзіне тікелей нұсқай айтылып, 1 жақ - сөйлеушіні көрсетіп тұр.
Сен мені өз бөлтірігін аямас бір қорқау қасқыр екен деп тұрған шығарсың,-деді ол, даусы кенет дірілдеп кетіп,- олай ойлама (І.Есенберлин Қаһар) дегенде, сен сөзі сөйлеушінің тыңдаушыға тікелей қатынасымен айтылып, 2 жақ - тыңдаушыны көрсетіп тұр.
Ол әкесінен гөрі Абайдай ағасына көп сүйеніп, сеніп өсті (М.Әуезов Абай жолы) дегендегі ол сөзі сөйлесушілерден бөлек адамға нұсқай айтылып, 3 жақ - бөгде кісіні көрсетіп тұр.
Түркологияда жіктік жалғаулары жіктеу есімдіктерінен пайда болған деген пікір бар.
Жіктеу есімдігінің үшінші жағы, әдетте, сілтеу есімдігімен ортақ болып келеді.
Жіктеу есімдіктеріне тән жақтық қасиет үшінші жақ ол жіктеу есімдігі мен сілтеу есімдігі ол сөзінің жігін айыруда ерекше көзге түседі. Өйткені ол сөзі әрі адамды, әрі заттар мен құбылыстарды да, іс-әрекет, қимыл, сан-сапаны да көрсете алатын әр жақты сөз болып саналады. Сол себепті ол сөзі қолданылу ретіне қарай бірде жіктеу есімдігі, бірде сілтеу есімдігі болып келетін жағдайлары бар. Оның қай кезде жіктеу, қай кезде сілтеу есімдігі болып қолданылуын біз негізінде қандай ұғымда қолданылып тұрғанына қарай, яғни ол адам деген ұғымда қолданылып тұр ма, немесе басқалай зат не құбылыстар деген ұғымда қолданылып тұр ма, міне, осы негізге сүйене отырып, жіктеу я сілтеу есімдігі деп тани аламыз. Егер ол сөзі адамды көрсететін болса, жіктеу есімдігі болады. Ол скрипканы көп үшін тартқанда, түрегеп тарту қолайлы екенін айтып, сол үшін үй ішінен рұқсат өтініп алды (М.Әуезов Абай жолы).
Ал заттар мен құбылыс, іс-әрекет, сан-сапа т.б. көрсететін болса, сілтеу есімдігі болып танылады. Білімді жұрттарда білім жарысы деген болады. Ол - еркектік емес! Қызтекелік!-деп, Шұбарды қорқытқан ызғар тастады (М.Әуезов Абай жолы).
Демек, жіктеу есімдіктері дегеніміз сөйлеушіге қандайлықты қатынаста екендігіне сай белгілі бір жаққа нұсқай айтылатын сөздер болып шығады. Жіктеу есімдіктері сан жағынан көп емес. Олар:

Жекеше түрінде

І жақ мен - сөйлеушіні көрсетуші
ІІ жақ сен, сіз - тыңдаушыны көрсетуші
ІІІ жақ ол - бөгде кісіні көрсетуші сөздер

Көпше түрінде

І жақ - біз, біздер - сөйлеушіге тән топты көрсетуші
ІІ жақ - сендер, сіздер - сөйлеушінің сөзі арналған топты көрсетуші
ІІІ жақ - олар - бөгде топты көрсетуші сөздер болып келеді.

Сілтеу есімдіктеріне тән сөздердің негізгі лексикалық мағыналары аралық қатынастарды көрсету болып табылады. Сол себепті сілтеу есімдіктері әрқашан сөйлеушіге не сөйлемдегі субъектіге субстанциялар мен құбылыстардың әр алуан жақын не алыстық сияқты аралық қатынастарын білдіріп отырады. Анау қалмақшының иті, мынау - қасқыр тымақтың иті (Аймауытов). Бүгін қойды сонау Қызылжар жақтағы кең жазыққа айдадым (Исабеков). Ана кемпірдің де ыңқыл-сыңқылы көбейіп кетті... (Исабеков) деген сөйлемдердегі анау сөзі қалмақшының иті алысырақ жерде екенін білдірсе, мынау сөзі қасқыр тымақтың иті жақын аралықта екенін аңғартып тұр. Ал сонау сөзі жазықтың алыста екенін білдіріп тұрса, ана сөзі кемпірдің жақынырақ жерде екенін білдіріп тұр.
Сілтеу есімдіктерінің аралық қатынастарды білдіру жағынан ішінара жақын-алысырақ, алыс-жақынырақ сияқты қарама-қарсы мағыналарда қолданылатын сөздер болып бірнеше жікке бөлінеді. Сілтеу есімдіктерінің бұл аралық қатынастарды білдірудегі мағыналық жіктері әрқашан бір есімдік пен екінші бір есімдікті салыстыра қолданылуда, қарама-қарсы ұғымдардағы сөздердің мағыналық айырымдарын салыстыра көрсету амалы арқылы ғана айқын көріне алады. Сонда ол амал, біріншіден, мағыналық жіктерін қарама-қарсы қойып салыстыруға келетін жақын және алысырақ деген аралық ұғымды білдіре алатын сілтеу есімдіктерінің арасында болады. Анау шамаданым, мынау ілулі тұрған киімдерім, басқа нәрсеміз жоқ (Дулатов). Әне жерде, міне жерде бұрқыраған түтін (Аймауытов) дегенде, мынау, міне жақын аралықтағы, анау, әне алысырақ жердегі заттар мен құбылыстарға нұсқай айтылып тұр.
Екіншіден, мағыналық айырым қарама-қарсы қойып салыстыруға келетін жақынырақ және алыс деген аралық ұғымдарды білдіре алатын сілтеу есімдіктерінің арасында болады. Бұл жерде жақынмен салыстыруда алысырақ болған сөздер алыстың қасында жақынырақ болып келеді. Анау сар адырдың иығынан түсіп, созылып келе жатқан қалың көшті қара! (Аймауытов). Сондықтан, көкпар хабары сонау Қазықұрттың бауырынан шықса да, Ыбыштың баруын әкем іштей тілеп отырады (Исабеков) дегенде, анау сөзінің сонау сөзіне қарағанда жақынырақ қашықтықтағы заттарды нұсқай көрсететіні айқын көрініп тұр.
Үшіншіден, мағыналық айырым қарама-қарсы қойып салыстыруға келетін жақын және алыс деген алшақ аралық ұғымдарды білдіре алатын сілтеу есімдіктерінің арасында болады. Бұл жол - жұмаққа апаратын жол секілді. Осы жол мен барып қызықты, тәтті сұлу өмірдің есігін ашатын секілді (Аймауытов). Сол кезде мен әндетемін (Исабеков). Ол жақта кезек күтіп қалмасаң бір қора қойды қырқу деген сөз емес (Исабеков) дегенде, бұл, осы сөздері мен сол, ол сөздерінің аралық қатынасты білдіру мағыналары бірдей емес. Бұл, осы деген есімдіктер көз алдындағы, жақындағы жолға нұсқағандықты білдірсе, сол, ол есімдіктері алыстағы, ұзақ бір кезге нұсқай қолданылып тұр.
Бұл келтірілген салыстыру жіктері қалай да жіктеу есімдіктерін жұптап қана қарама-қарсы қоюға болатынын аңғартады. Сонда бір есімдікті әдетте бір ғана есімдікпен салыстыра қарау орынды болады да, аралық қатынас екі шекпен, яғни жақын-алысырақ, алыс-жақынырақ, жақын-алыс деген шектермен шектеліп отырылады.
Сілтеу есімдіктерінің кез келген бірыңғай немесе әр қилы субстанциялар мен құбылыстардың ішінен белгілі біреуін даралап бөліп алып, соған тыңдаушының көңілін аудару мақсатыман қолданылады. - Үндемей жүріп мына Ыбыш бәрінен озды (Исабеков). Ана бір Ахметжан, Құлтас деген қулар бар, бәрі қосылып қыздың басына ерік қағазын алыпты (Дулатов). Мұның ақылын әлде болса да осы тілмаштың өзі табады-ақ деймін (Дулатов) дегенде, мына, ана, осы сөздері кісі (адам) біткеннің ішінен белгілі бір кісіге ғана, тыңдаушының көңілін аударып тұрғаны айқын көрінеді
Сұрау есімдіктері - заттар мен құбылыстардың атын, санын, сапасын, мекенін, мезгілін, амалын, т.б. білу мақсатында айтылатын сөздер.
Сұрау есімдіктеріне кім? не? қай? қайсы? қандай? қалай? қайда? қайдан? қашан? қанша? неше? нешінші? қаншасы? сөздері жатады. Демек сұрау есімдіктері мағыналары тым жалпылама түрде берілетін кім? не? сияқты субстантивтік және қай? қайсы? деген атрибутивтік сөздерден тұрады. Сұрау есімдіктері осылай субстантивтік және атрибутивтік сөздер болып келуі негізінде заттың атын білу мақсатында қойылатын сұрақтар болып екі жікке бөлінеді.
Сұрау есімдіктерінің бәріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есімдік сөз табы
Есімдік сөз табының ғылыми негізі
Қазақ тілі сабағында есімдіктерді оқыту әдістері
Есімдіктердің мағыналық топтары
Фонетиканың зерттеу нысандары
Қазақ поэзиясындағы есімдіктер
Жіктеу есімдіктері және жақ ұғымы
Жіктеу есімдіктерінің зерттелуі
Есімдікті оқытудың ерекшеліктері
Көне түркі (ХIII-ХIV ғасыр) жазба ескерткіштер тіліндегі есім сөздердің жасалу жолдары
Пәндер