Қаратау фосфориттері және олардың қысқаша сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І бөлім. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ТАБИҒИ-РЕСУРСЫ ЖӘНЕ ОБЛЫСТЫҢ ӘКІМШІЛІК АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1.Облыстың экономикасының қалыптасуы және дамуы, қазіргі кезеңі ... ..
1.2.Жамбыл облысының Қазақстан экономикасындағы орны мен даму бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ІІ бөлім. ҚАРАТАУ АЙМАҒЫНДА ФОСФОРИТ КЕНІН ӨНДІРУДІҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ДАМУ ДИНАМИКАСЫ
2.1. Геологиялық құрылымы мен құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.Қаратау фосфориттері және олардың қысқаша сипаттамасы ... ... ... ... ... ..

ІІІ бөлім. МЕКТЕПТЕ ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫН ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАСЫН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР МЕН ӘДІСТЕР
3.1.Жалпы білім беретін мектептердегі география бойынша оқу материалдарын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2.Географияны оқыту әдістерінің міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...

ІV.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
V.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .

ІІ бөлім
ҚАРАТАУ АЙМАҒЫНДА ФОСФОРИТ КЕНІН ӨНДІРУДІҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ДАМУ ДИНАМИКАСЫ
2.1.Геологиялық құрылымы мен құрамы
Жамбыл облысының құрылуы өңірде тікелей химия өндірісін дамытумен тікелей байланысты. Жағдай қанша ауыр болғанымен, Ұлы Отан соғысы жылдарында-ақ қоры жағынан әлемді тамсандырған Жамбыл жерінде химия өндірісін дамыту қолға алынды.
1935 жылдары геолог И.И.Машкара Жамбыл өңіріндегі Қаратаудан әлемдегі ең ірі фосфор кен орнын анықтаған болатын. Химия өндірісінсіз өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, тағы да басқа салаларды дамыту мүмкін емес екенін билік түсінген, білген. Сондықтан да химия өнеркәсібі деп аталатын министрлік құрылды. П.Л.Безруков басқарған геологиялық барлау партиясы Қаратау жоталарының 45 жерінен қоры 1,5 миллиард тонна болатын фосфор кенін анықтап, толық қорытындысын ұсынғаннан кейін байлықты игеру туралы шешім қабылданған. Бұл істің тез әрі мақсатты жүзеге асуы үшін, басқаруды химия өндірісіне жақындату міндетін шешу үшін облыс құрылды.
Қаратау фосфорының алғаш рет қалай табылып, зерттелгені, геологтардың сан мыңдаған қиындықтармен бетпе-бет келгені, осындай тынымсыз еңбектің арқасында бір кездегі шөлді-батпақты жерде кеншілер қаласы еңсе көтергені жөнінде білу, әсіресе, жас ұрпақ үшін де айрықша қызықты деп ойлаймын.
Осы ретте 30-жылдардың өзінде-ақ Қаратау тауларынан фосфордың мол қорлары табылғаны баршаға мәлім. Қаратау фосфорының химия өнеркәсібі үшін де маңызы өте үлкен болды. Химиктардың дәлелдеуінше, жалпы фосфордан тыңайтқыштардан бастап, тіс жуғыш және басқа да жуу ұнтақтары секілді 60-тан астам өнім шығарылады екен.
Ал,Қаратау деген атау қандай мағынаны бiлдiредi? Ата-бабаларымыз Қаратау атауына жыл бойы қарайып жататын дала, қыстап шығуға қолайлы деген мағына теліген, өңірдің жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi де әр алуан болып келедi. Қазақстан тарихын оқыту барысында бірінші модульдан бастап-ақ бiлiмгерлердi өзiмiз қоныстанған Қаратау жотасының тарихи атауларымен таныстыра бастайтынымыз белгiлi. Бұл өңірдің аты ғылыми әлеуетке Тәңiрқазған, Бөрiқазған секілді адамзаттың алғашқы қоныстары - көне тұрақтарымен танымал. Ал, үшінші модульда - 1723 жылғы Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама деп аталатын айтулы оқиға Қаратаудың басынан көш келедi деп басталып, қазақ тарихының әр алуан кезеңдерiнiң өзiмiз қоныстанған өлкемізбен байланысты болғанына көз жеткiзе түсемiз.
Жалпы, Қаратауды геологиялық зерттеулердiң бiр ғасырдан астам тарихы бар. 1864 жылы атақты зоогеограф, дарвиншiл ғалым Николай Алексеевич Северцев жасаған атласта Шу мен Сырдария арасының алғашқы геологиялық-географиялық сипаттамасы түзілді. Онда Қаратау жотасының фаунасы да тұтастай қамтылған. Фосфориттердi зерттеу тарихы осылай басталған еді. 1874-1881 жылдары Қаратауда геолог және географ Иван Васильевич Мушкетов бiрнеше рет болып, Түркiстанның геологиялық картасын құрастырды, ол аталған аумақтың жалғыз ғана картасы ретінде ұзақ уақыт қолданыста болды. Валериан Николаевич Вебер Қаратауды геологиялық тұрғыда зерттеудi 1904 жылдан бастады. Ал, 1936 жылы геолог Иван Ильич Машкара бұл өңірден фосфордың мол көзiн тапты. Ол өзінің өмiрбаяндық естелігінде Геология менi мектептен-ақ қызықтыратын едi. Тау-кен институтына түсудi армандадым. Алғашқы кезде Ленинград тау-кен институтының ерiктi тыңдаушысы болдым, ал 1927 жылы Ленинград мемлекеттiк университетiнiң физика-математика факультетiнiң геология бөлiмiне түстiм. Қаратау тауларының геологиялық құрылымын зерттеуге барлығын қосқанда 9 жыл уақытым кеттi. Қаратаудағы жұмыстарды 1928 жылдан бастадым. Ал, 1942-1943 жылдары Қаратауда ванидий iздеуге қатыстым деп жазады.
Шындығында сол, 1936-1937 жылдары кеңес геологтары Оңтүстiк Қазақстан аймағындағы Қаратау жоталарынан фосфориттің құрамы жағынан әлемде теңдесі жоқ түрiн тапты. Мұны Пантелеймон Леонидович Безруков өзінің естелігінде былай деп баяндайды: Алғаш рет Қаратауға 1937 жылы өз студентiм Николай Цитенкомен бірге шықтым. Жамбылдан бiз әуелі екі ат сатып алдық. Фосфорит кенішін жаяу және атпен жүрiп iздедiк. Арба жүретiн жолдармен Үлкен Бурыл, онан Билiкөл арқылы Майтөбе совхозына бардық, одан ары қарай Кiшi Қараойға өттiк. Кiшкентай ауылдарда мал саны өте аз болды. Қойдың сүтiн сатып алудың өзi қиынға соқты. Байқадамнан алынған фосфордың үлгiлерiн Москваға жiбердiк. Байқадам - аудан орталығы едi. Ол жердегi тұрғын үйдiң саны 20-25 үйден аспайтын. Ал өзендердiң айналасында қазақтардың киiз үйлерi орналасқан. Соңынан мәлiм болғанындай, Қаратау тауларында фосфор кенiнiң адам сенгiсiз мол қоры бар болып шықты. Ал, химиялық тәжiрибелер олардың сапасының жоғары екенiн дәлелдедi. Москвадан маусымда Борис Михайлович Гиммелфарб келдi. Шолақтау елді мекенiнде 1939 жылдан бастап жұмыс iстей бастадым. Бұл жер әлі ашық дала күйінде, адамдар қоныстанбай жатқан кез едi. Жаңатас елдi мекенiн 1939 жылы аштым. Соңынан Қаратау жоталарында фосфорит кенiшiнiң өте үлкен көлемдегi қорлары бар екендiгi белгiлi болды, ал олардың химиялық құрамын зерттеу нәтижесi олардың өте жоғары сапалы екендiгiн дәлелдеп бердiм.
Міне, осындай тарихи деректерден көз жеткізгеніміздей, 1939 жылдан бастап қазiргi Қаратау қаласының орнында алдымен геологтардың алғашқы палаткалары пайда болып, ал күзге қарай саман үйлер соғылды. Сол жылы-ақ алғашқы бұрғылау төбешiгi пайда болды. 1940 жылы кеңес геологтары Жаңатас және Көкжон аймақтарын да зерттеп, нәтижесiнде Жаңатас кенiшiнiң қоры 216 миллион тонна шамасында болатындығын анықтады. А.С.Соколовтың айтуынша, бір ғана Қаратау жотасының фосфор қоры 4 миллиард тоннадан асатындығы белгiлi болды. Ал, соңына қарай Ұлы Отан соғысының басталуымен байланысты фосфорға деген қажеттiлiк өскен-ді. 1941 жылы 27 тамызда Қаратау тау-химия комбинатын ашу туралы Жарлыққа қол қойылды. Алғашқы жылы комбинатта бір ғана тау-кен инженерi болған еді. Комбинатта жылдан жылға жұмысшылар қатары көбейiп, арада екі-үш жыл өткенде, 5565 үй еңсе көтеріп, ал жалпы тұрғындар саны 4000 адамға жеттi.1944 жылдан бастап Қаратау кен-химия комбинаты үкiметтiң Жарлығымен бүкiлхалықтық құрылыс болып жарияланды. Сол жылдан бастап кендi игерудi жеңiлдету үшiн бүкiлхалықтың жұмылуымен Жамбыл-Шолақтау темiр жолы салынды. Отанымызға қауiп төнген сын сағаттарда тылда қаратаулық еңбекшiлер, отызға жуық ұлт өкiлдерi өзара тату қарым-қатынаста жұмыла еңбек еттi. Олардың өзара достығы мен жан-жақты еңбегi үлкен нәтиже де бердi. 1946 жылы ресми түрде Қаратау кен-химия комбинаты iске қосыла бастады.
Фосфориттердiң аса iрi қоры анықталған бөлiктер қатарында Жаңатас, Көкжон, Көксу, Ақжар,Үшбас, Ақсай және Шолақтау елді мекендері бар. Өңiр еңбеккерлерінің адам айтқысыз қиындықтарды социализм дәуiрiне тән энтузиазммен еңсеріп, таулы аймақта Қаратау, Жаңатас секілді кеншілер кенттерін тұрғызғаны, басқа да қол жеткiзген жетістіктерi туралы толыққанды деректерді техникалық жоғары оқу орындары бiлiмгерлерiне арналып, соңғы жылдары шығып жатқан арнайы оқулықтардан там-тұмдап қана кездестіре аласыз. Осы шағын дүниемізді сол олқылықтың аздап болса да орнын толтырар деген оймен жазып отырмыз. Осы орайда Қаратауда 1964-1966 жылдар аралығында ашылған политехникалық институт филиалының осы өңiрге өте қажет мамандар - маркшейдерлер, геологтар, инженер-механиктер, құрылысшылар даярлағанын айта кетсек орынды болатын сияқты. Өткен ғасырдың 70-жылдары Қаратау-Жаңатас территориялық өндiрiстiк кешенi бүкiл одаққа өзiнiң жарқын iстерiмен белгiлi болды - стратегиялық айрықша маңызы бар нысанға айналғаны да белгілі. Елiмiздiң барлық ауылшаруашылық өнiмдерiн өсiретiн аймақтары Қаратау фосфориттерiнiң арқасында-астық өндiруден, қант қызылшасын, темекi, мақта өсiруден алған мiндеттемелерiн асыра орындап жатты. Бұл аймақ тұрғындарының бойынан адам қызығарлықтай энтузиазмдық ерекшеліктер байқала бастады. Міне, осындай асыл қасиеттер - еңбексүйгiштiк, адалдық, ізденіс пен алға ұмтылыс, еңбек адамына дер уақытысында көрсетiлiп отырған ынталандыру шаралары қала мен дала еңбеккерлерiнің ертеңгi жарқын болашаққа деген сенiмдерiн оятқаны соншалық, қара маржанды өңірде көптеген көршiлес аумақтарда бола бермейтiн үлкен серпiліс пайда болды.
Қаратау жері, күллі Талас өңірі қазір де осы рухпен тыныстап, бүгінгі ұрпақ буыны өкілдері ағалар даңқы жолымен нұрлы болашаққа батыл беттеп барады...
Фосфорит кені-әлемдік экономиканың аса қажетті шикізаты. Бірақ біздің ел бағалы кенге бай бола тұрса да, шикізаты фосфор болатын тауарлы өндіріс орындары мүлде жоқ деуге болады. Сондықтан да олар көптеген тауар түрлерін импорттау үшін қыруар қаржы жұмсауда. Ал жағдай осылай болып тұрғанда елімізде, Жамбыл облысында, Қаратау өңірінде мыңдаған отандастар жұмыссыз жүр. Біз назар аударарлық тұс, Қазақстанның осы саладағы ғылыми әлеуетті жаңа өнеркәсіп құруға лайық.
Қарт Қаратаудың қазыналы байлығының бiрi - фосфор. Менделеев кестесiнiң V тобында белгiленген осы химиялық элемент тау жыныстарында минералды шикiзат түрiнде кездеседi екен. Оның 180-дей түрi бар. Негiзгi минералдары - фосфорит пен апатит. Фосфорит кенi Қазақстандағы Қаратау қойнауында көп, Ақтөбе облысында аздау көрiнедi. Апатиттiң мол қоры Ресейдiң Кола түбегiнде жинақталған. Фосфорит қоры жөнiнен ТМД елдерi арасында Қазақстан екiншi орынды иеленедi. Шикiзат көзiнiң жақын болуы оңтүстiк өңiрiнде кезiнде фосфор өндiрiсiн дамытуға мүмкiндiк бердi.
Фосфорды фосфор қышқылдарын алуда қолданылады. Сонымен қатар таза фосфорды электроникадан жартылай өткізгіштер жасау үшін: бор, алюминий және сирек металдардың фосфориттер алуда қолданылады. Қызыл фосфорды сіріңке өндірісінде қолданылады. Одан басқа дәнекерлеу құралдарын алу үшін алюминий және мыс фосфориттерін қолданылады. Фосфор ангидриді фосфор қышқылын алудағы жартылай өнімнен басқа кептіруге арналған құралдар ретінде пайдаланады. Фосфор ангидридінен термиялық әдіс арқылы алынған фосфор қышқылын 100%-ды Р2О5 түрінде алады. Бұл алынған қышқыл фосфат алудағы фосфор қышқылды тұздар алуда және шоғырланған тыңайтқыштар алуда пайдаланады. Сонымен қатар термиялық фосфор қышқылын тағам, қант, керамика, шыны, текстиль т.б. Өндірістік салаларда қолданылады. Тағамдық өндірістерде: ішімдіктерге қышқылдық дәм беру үшін, қант рафинатты өндірісте қантты сироптардан тазалау үшін пайдаланады. Тағамдық өндірісте қолданған фосфор қышқылындағы фосфордың адамға маңызды. Бұдан басқа тіс цементтен, фосфатты цементтен алуда пайдаланады.
Қазақстанда фосфор өндірісі негізінен оңтүстік аймақтарда шоғырланған. Қазфосфат - химия өнеркәсібіндегі өндірістік құрылым, жауапкершілігі шектеулі серіктестік. 1999 ж. құрылған. Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы бірқатар химиялық кәсіпорындарды біріктіреді. Негізгі өндірістік нысандары: Қаратау кен өңдеу кешені, Жаңа Жамбыл фосфор зауыты, Минералдық тыңайтқыштар зауыты, Темір жол көлігі кешені, Шымкент қаласындағы синтетикалық жуу заттарын шығаратын зауыт, т.б. Қызметінің негізгі түрлері: минералдық шикізат (фосфорит кентасын) өндіру, байыту және өңдеу, олардың негізінде өнеркәсіптік өнім мен халық тұтынатын тауарлар шығару; геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу; минералдық тыңайтқыштар, сары фосфор және оның қосылыстарын шығару. Бұл негізгі бағыттарынан басқа Қазфосфат ЖШС-і фосфор саласындағы кәсіпорындардың құрылымын дамытуға, өндірістік процестерін жетілдіруге, қуаттылығын арттыруға бағытталған үлкен істер атқаруда. Бұл іс-шаралар Қаратау фосфорит алабының табиғи қорларын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта Қазфосфат ЖШС-і фосфор саласының тек шикізат өндіруге бағытталған біржақтылығын өзгерту, сыртқы және ішкі рыноктарға сапалы, бәсекеге түсе алатын өнім шығару бойынша іргелі жұмыстар жүргізуде.
Кәсіпорында әлемдік тәжірибеде алғаш рет сары фосфорды фосфор шикізатының агломераттанған ұнтағынан алу технологиясы енгізілген.
Сары фосфорды өндіру кезінде пеште балқыған өнімдер-қож бен феррофосфор пайда болады. Зауыттарда отандық металлургияда кеңінен пайдаланылатын және басқа елдерге шығарылатын феррофосфордың төрт түрі өндіріледі. Бұл қорытпалар сапасы саланың көптеген басқа зауыттарында өндірілетін өнімдерге қарағанда анағұрлым жоғары.
Фосфор мен оның қосылыстары халық шаруашылығының түрлі салаларында кеңінен қолданылады: сіріңке өндірісінде, шойын мен құрышқа қосу үшін металлургияда, мата, пластмасса, ағашқа, отқа қарсы төзімділік беру үшін химия өнеркәсібінде, бұрғы сұйықтықтарын, тіс пастасын, көптеген тағамдық және фармацевтикалық препараттар алу үшін қолданылады. Фосфор қосылыстары фосфор органикалық қосылыстар (тиофос, карбофос, т.б.) өндірісінде де үлкен қолданысқа ие.
ЖЖФЗ филиалында шығарылған сары фосфор жоғары сапасы үшін беделді халықаралық жүлделермен марапатталды:
-Алтын Арка-Испанияның кәсіпшілері мен бизнесмендері Ассоциациясынан;
-Гауһар Жұлдыз-Мексикадан.
Компания натрий үшполифосфаты рыногында Ресей, Украина, Молдова, Иран және Қазақстандағы барлық негізгі деген синтетикалық жуу құралдарын шығарушы өндірістер үшін өнім өткеруші озық компаниялардың бірі болып табылады.
ТМД елдері аумағында құрамында фосфоры бар өнімдер өндіру жөнінен жетекші компания болып табылатын Қазфосфат ЖШС - Қазақстан Республикасы фосфор өнеркәсібінің шынайы бет-бейнесі.
Қазфосфат ЖШС өнімдері Шығыс және Батыс Еуропаға, ТМД елдеріне, Қытайға және ішкі рынокқа шығарылады.
Компания қызметі Қазақстанның химия саласы кәсіпорындарын дамытудағы өміршең міндеттерді шешуге, әлемдік рынокқа бәсекеге қабілетті сапалы өнім шығаруға, шикізат өңдеудің жоғары деңгейін көрсететін жоғары технологиялық тауарлар өткеруші ретінде Қазақстан Республикасының бедел-бейнесін жасауға бағытталған.
Қазфосфат ЖШС-нің тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындары бюджетке қомақты қаржы аударуда, өнеркәсіпті жандандыруда, еңбекке жарамды халықтың көпшілігін жұмыспен қамтамасыз етуде, ал мұнымыз аймақтағы әлеуметтік ақуалды жақсартудың негізгі факторы болып табылады.
Өндірілген өнімнің сапасына және оның сервистік деңгейде өткерілуіне ерекше ден қойған компания қызметкерлерінің жоғары кәсіби біліктілігі мен дұрыс таңдаған стратегиясы, сондай-ақ өндірістің даму қарқыны Қазфосфат ЖШС-н Қазақстандағы ең бір үміт күттіретін кәсіпорын деп санауға кепілдік береді.
Қазфосфат ЖШС-еліміздегі фосфор индустриясы саласында жетекші компаниялардың бірі. Кәсіпорынның негізгі бағыты-кен орындарын зерттеу, фосфат кенін өндіру, сары фосфор түрін өндіру, өткеру, сондай-ақ минералды тыңайтқыштар өндіру, фосфат шикізатын өндіру. Атап айтқанда, кәсіпорын бүгінгі күні тұтынушыларына химия өнеркәсібі, медицина және ауылшаруашылық саласына қажетті фосфор минералдық тыңайтқыш, сары фосфор, триполифосфат натрий, трикальцийфосфат сынды өнімнің жиырма шақты түрін өндіруде.
Химия кен орындары негізінен Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында орналасқан. Сол кезде Жамбыл фосфоры Одақта қоры жағынан екінші орында болды. Шолақтау, Ақсай, Жаңатас, Көкжон, Көксу, Тесіктас деп аталатын кен орындары өте құнарлылығымен ерекшеленді. Көкжон кен орнында 171 миллион тонна фосфор кені болса, Ақсай кен орнынан жылына екі миллион тонна, Жаңатастан 900 мың тонна, Шолақтаудан 800 мың тонна кен өндіруге болатындығы дәлелденді.
1947 жылдың 6 ақпанында Қаратау кен-химия комбинатының бірінші кезегі пайдалануға берілгені жөніндегі қабылдау актысына СССР Химия өнеркәсібінің министрі Л.Первухин қол қойды. Міне, осы сәттен бастап Жамбыл өңірі шын мәнінде ірі химия өндірісінің орталығына айналды. Кен орнының қуаты жылдан жылға артты. Өндіріс қуатының артуы көптеген түйінді мәселелерді туындатты. Мәселен, химия өндірісінің дамуына орай жылдан-жылға бұл салада түбегейлі шешілетін мәселелердің бар екендігі белгілі болды. Мәселен, Шолақтау кен орнында салынуға тиісті жерасты шахтасы құрылысының ұзаққа созылуы ашық әдіспен кен өндірілетін кеніште жұмыс істейтін арнаулы техниканың жетіспеушілігін туындатты. Мұның өзі химия өндірісін жедел дамытуға қиындықтар әкелді. Сондықтан да жергілікті басшылық СССР Химия өнеркәсібі министрлігінен Ақсай кеніш құрылысын жеделдетуді сұрады. 25 тонналық автомашиналар тұратын гараждың құрылысын жеделдету көліктерді жөндеуді жақсартатындығы да айтылды. Ең бастысы, комбинатта тау жынысын тасымалдайтын арнаулы автокөліктер жетіспейді. Сондықтан да комбинаттың материалдық қорын жақсарту үшін 1955 жылы 5 миллион сом бөлу аса маңызды екендігі де дәлелденді. Министрге жолданған хатта өндіріс қуатының артуы, атап айтқанда, комбинаттың бірінші және екінші кезеңінің құрылысын жоспарлағанда әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық маңызы бар нысандарды салу қарастырылмағаны, сондықтан да комбинаттың үшінші кезегін салуда осы салаға 13 миллион сом бөлу қажет екендігі жеткізілді. Сонымен бірге мектептің, моншаның, балалар бақшасының да жетіспейтіндігі айтылды (282-қор, 2-тізімдеме, 136-бума, 490-іс).
1962 жылы Ақсай кеніші игеріле бастады. Ал 1963 жылы фосфор кенін өңдейтін Қаратау кен байыту фабрикасы іске қосылды. Жаңатаста да жылына 9 миллион тонна тау жынысын өндіретін, оның 2 миллион тоннасын байытатын кеніш пен фабрика салынды.
Химия өнеркәсіп орындарында ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері қолданылды. Жамбыл қаласында әлемдегі аса ірі Химпром, Суперфосфат, Жаңа Жамбыл фосфор зауыттары салынды. 1964 жылы 6 маусымда құрылысы басталған Ленин комсомолы атындағы Қоссуперфосфат зауыты 1968 жылдың 29-желтоқсанында пайдалануға берілсе, 1969 жылдың 15-мамырында зауыт алғашқы өнімін шығарды. Бұдан он жыл кейін, 1978 жылы 28-желтоқсанда Жаңа Жамбыл фосфор зауытын пайдалануға беру туралы актіге мемлекеттік комиссия қол қойды. Әлемде тұңғыш рет агломераттан сары фосфор алынды. Осының нәтижесінде Жамбыл ірі химия алыптарының орталығына айналды. Жаңа Жамбыл фосфор зауытының құрылысы кезінде бүкілодақтық екпінді құрылыс болып жарияланды. Одақтың түкпір-түкпірінен жастар келіп, осында еңбек етті. Жамбыл қаласында химия өндірісінде еңбек ететіндер тұратын он шағын тұрғын үй ауданы салынды. Соның нәтижесінде білім беру, денсаулық, әлеуметтік-тұрмыстық мекемелер бой көтерді. Мәдениет үйлері мен стадиондар, кітапханалар мен клубтар тұрғындардың рухани байлығын молайтуға үлес қосты.
Өндіріс орындарының қуаттылығы жылдан-жылға артты. Мәселен, 1966 жылы Қаратау кен байыту комбинатының кеніштерінде тәулігіне 52 мың тонна тау жынысы өндірілсе, бұл көрсеткіш 1973 жылы 208 мың тоннаға жетті. 10 жылда комбинаттың өндіріс көлемі алты есеге өсті. Жылына 12 миллион тонна кен жынысын өндіруге қол жеткізілді. Тәулігіне 31 мың тонна тауарлы өнім өндірілді. Сол жылдары комбинаттың өнімдерін Одақтың он өнеркәсіп орнымен бірге ондаған шетел компаниялары тұтынды. Бір сөзбен айтқанда, сол жылдары СССР-да өндірілген фосфордың әрбір 3-5 тоннасы Жамбыл жерінде өндірілді.
Өндіріс орындарымен бірге оның адамдары да, қаласы да, даласы да өсті, жайқалды. 1963 жылы 24-тамызда Шолақтау поселкесіне, 1969 жылдың 25-маусымына Жаңатас поселкесіне қала мәртебесі берілді. Ал 1963 жылдың 29-қарашасында Шолақтау қаласы Қаратау қаласы болып өзгертілді.
Химия өнеркәсібінің облыста дамуына екі ірі кәсіпооын ықпал жасады. Біріншісі-Қаратау кен-химия комбинаты, екіншісі-суперфосфат зауыттары. Шын мәнінде, 1,5 миллиард тоннадан аса фосфор кенінің қоры бар кен-химия комбинаты Орталық Азия мен Қазақстандағы кәсіпоорындарды фосфор шикізатымен және минералды тыңайғыштармен қамтамасыз етті. 1946 жылдан бастап Шолақтау фосфорит кен орны игерілді. Өткен ғасырдың елуінші жылдары комбинаттың жобалық қуаты еселеп артты. Мұны әр жылдардың көрсеткіштерін салыстыра отырып аңғаруға болады. Мәселен, 1955 жылы 27 314 мың сомның 262 621 тонна фосфор ұнын шығарса, бұл көрсеткіш 1958 жылы тиісінше-42 911, 465 259 тоннаға жетті. Сол кезеңнің үш жылда өнім өндіру бір жарым есеге өссе, 1950 жылмен салыстырғанда үш есеге көбейді. Ал 1959-1965 жылдары жеті жылдық жоспар бойынша Қаратау комбинаты жылына 3 миллион 300 тонна кен өндіретін болды. Сонымен бірге 1400 мың тонна байытылған фосфор ұнын өндірді. Жеті жылдық жоспар бойынша комбинаттың жалпы өнім өндіру көлемі 1959 жылы 42 400 мың сомды құрады, бұл көрсеткіш 1965 жылы 205 500 мың сомға жетті. Бұл көрсеткішке жету үшін Шолақтауда жерасты шахтасы-Ақсай кеніші игеріліп, байыту фабрикасы салынды. Сонымен бірге Жаңатаста алғашқы жылдары жылына 400 мың тонна кен өндіретін кеніш құрылысы басталды. Пайдалануға берілген Ақсай кен орнының қоры нақтыланып, 85 миллион тонна деп белгіленді. Оның 38 миллион тоннасы ашық әдіспен өндірілді. Ал Жаңатас кен орнының қоры да нақтыланды. Жобалық қуаты 700 мың тонна кен байытатын фабриканың бірінші кезеңі 1962 жылы пайдалануға берілді.
Жеті жылдық жоспар бойынша химия өндірісін дамытуға ерекше назар аударылды. Мәселен, Жамбыл суперфосфат зауытына 1959-1965 жылдары 156 миллион сом бөлу қарастырылды. Оның 118 миллион сомы кәсіпорынның қуаттылығын арттыруға бағытталған жұмысқа жұмсалды. Жеті жылдық жоспар бойынша зауытта жалпы өнім өндіру көлемін 1,6 есеге өсіру қарастырылды. Сонымен бірге күкірт қышқылын 1,3 есеге, тыңайтқыш шығаруды 1,7 есеге өсіру белгіленді. Жылына 63 мың тонна амофос шығаратын жаңа цех салу қарастырылды. 1960-1961 жылдары жемазықтық фосфат шығару жоспарланды. Зауыт бұл цех іске қосылғаннан кейін жылына 40 мың тонна жемазықтық фосфат шығаратын болады. КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің 1959 жылғы 26-наурызда қабылдаған химия өнеркәсібі өнімдерін шығаруда ішкі резервтерді пайдалану жөніндегі қаулысын басшылыққа ала отырып, зауыттың барлық саласында өнім шығару көлемі артып, жаңа цехтар іске қосылды. 1958 жылмен салыстырғанда 1965 жылы еңбек өнімділігі 46%-ға өсті. Зауыттардағы пештердің қуаттылығын арттыра отырып электр энергиясын үнемдеу бағытында да тың шешімдер қабылданады. Осы жылы химия өндірісін дамытудың басқа да іс-шаралары белгіленді (282-қор, 2-тізімдеме, 179-бума, 1054-іс).
Қаратау кен-химия комбинаты бес жылдықтың төрт жылының жоспарын мерзімінен бұрын орындап шықты. 1969 жылдың өнім шығару жоспарын 15-қарашада, фосфор түйіршігін дайындау жоспарын 20-қарашада, фосфор ұнын шығару 1-қыркүйекте, тауарлы кен жоспарын 18-қазанда орындады (282-қор, 7-тізімдеме, 532-бума, 14-іс).
Химия өндірісінің Жамбыл жерінде дамуымен бірге, облыста көптеген қосалқы өндіріс орындары бой көтерді. Облыс құрылған жылдары өңірде химия өндірісін дамыту жөніндегі іс-шара шын мәнінд 1976 жылдары шарықтау шегіне жетті. Міне, осы жылдардан бастап химия өндірісінің басқа салаларын жетілдіру, атап айтқанда, өнеркәсіптік химия өнімдерін өндіру қолға алына бастады. Яғни, халық тұтынатын тауарлар алып химия зауытында шығарылды. Сонымен бірге сол жылдары химия өндірісін дамытудың жаңа сатысына көтерілу міндеттері қойылды. Осы міндеттерді орындауды жеделдетуге Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың Қаратау мен Жаңатасқа келіп, жағдаймен жан-жақты танысуы зор ықпал жасады. Ел басшысы химия алыптарының ырғақты жұмыс істеуін үнемі бақылауда ұстап, түйінді мәселелердің тез арада шешілуін қамтамасыз етті. Ол өндірістік мәселелердің шешілуімен бірге, мәдени-тұрмыстық нысандарының салынуына ерекше назар аударды.
1976 жылдың 12-ақпанында КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советі минералды тыңайтқыштарды шығаратын өндіріс орындарын дамыту жөнінде қаулы қабылдады. Осы қаулыда Жаңа Жамбыл фосфор зауытының бірінші кезеңін 1977 жылы іске қосу жоспарланған. Осы мақсатқа мемлекет 87,5 миллион сом қаржы бөлді. Мұның өзі жабдықтармен қамтамасыз етуді және металл жабдықтарын жедел монтаждауды талап етіпті. Соған қарамастан 60,1 мың тонна металл жабдықтарын берудің орнына оның үштен бірі ғана жеткізілді. Жеткізілген жабдықтардың жартысы ғана құрастырылды. Сондықтан да облыс басшылары жоғарыға хат жазып, тапсырманы мерзімінде орындауды қамтамасыз етуді сұрады.
Химия өндірісінің дамуына жеке тұлғалардың ықпалы шешуші рөл атқарды. Олар жоғарыға қалыптасқан жағдайды түсіндіре білді, қаймықпай айтты, істің шешілуін талап етті. Осы істің алғы шебінде облыста химия өндірісінің дамуын үйлестіруге елеулі үлес қосқан Тұйғынбек Темірбеков, Александр Недогон, Михаил Фрид, Анатолий Шеин, Сүйінбек Түйтебаев, Жапар Шарипов, Төлеухан Оспанбеков, Петр Качесов, Мұқан Атабаев, Еркебұлан Мырзағалиев сынды азаматтардың есімі құрметпен аталса, еңбек майданында Социалистік Еңбек Ері Сартай Есімханов бастаған майталман еңбек адамдары әрқашанда ел жадында. Олар Жамбыл, Қаратау және Жаңатас қалаларының кен қанат жаюына қажыр-қайратын, ақылы мен білімін жұмсады.
Өңірде химия өндірісінің дамуы экология проблемаларын туындатты. КПСС Орталық Комитетінің 1985 жылғы сәуір пленумынан кейін экология мәселесі алдыңғы қатарға шығарылды. Осы жалдары Жамбыл қаласының экологиялық тепе-теңдігі бұзылып, адам өміріне зиянын тигізетін улы шаң-тозаң газ атмосфераға шығарылып жатты. Тек 1989 жылы атмосфераға 432,7 мың тонна улы зат шығарылды. Осы жылдары экология қайраткерлері көптеген мәселелер көтеріп, қайта құрудың қағидаларына сүйеніп пикеттер өткізіп, наразылық жиындарын жалғастырды. Соның нәтижесінде ауаға улы зат шығару азайды. Мәселен, 1987 жылмен салыстырғанда 1988 жылы Химпром ауаға 907 тонна улы затты аз шығарды. НДФЗ-219, Жамбыл суперфосфат зауыты-497, ГРЭС-983, ТЭЦ-13,5 мың тонна улы затты аз шығарғаны белгілі болды. Дегенмен де осы жылдары облыста жасылдардың қозғалысы өрістеп, шаң-тозаңды ұстайтын қондырғылар орнатуды талап етумен болды. Сонымен бірге осы жылдары кәсіби ауруға ұшырағандардың наразылығы өрістеді. Бұл наразылық тоқсаныншы жылдардың соңына дейін жалғасты.
Жамбыл жерінде химия өндірісінің кең құлаш жаюына СССР-дің күйреуі, экономикалық баланстардың үзілуі кері әсерін тигізді. Ал тәуелсіздіктің алғашқы он жылында химия өндірісінде бұрыннан қордаланған түйінді мәселелер шешімін таппай, химия өндірісі бірнеше инвесторлардың қолына өтіп, нәтижелі іс болмады. Н.Назарбаевтың тікелей араласуының нәтижесінде өндіріске отандық инвесторлардың келуі нәтижесін бере бастады. Қазір химия өндірісінің жылдан-жылға ырғақты жұмыс істеуіне негіз қаланды. Сонымен бірге бұрынғыдай көп өнім өндірудің қажеттілігі жоқ екені де белгілі болды. Соңғы жылдары Жамбыл жерінде химия өндірісін дамытуға келгее, мол қаржы құя бастаған Ресей инвесторлары жаңа екпін беруде. Бұл саланы дамытуға Елбасының өзі тікелей араласуда. Жамбыл жерінде ғана емес, бүкіл елімізде химия өндірісін дамыту туралы екі рет Таразда жиын өткізуі осыны дәлелдесе керек. Ендігі жерде өңірде химия өндірісі жаңаша дамитыны анық. Оған Шу өңірінде салынып жатқан Тараз химиялық паркі арнайы экономикалық аймағы дәлел. Мұнда химия өнімдерінің ең өтімдісін, қажеттісін өндіретін 16 кәсіпорын шоғырланады. Олардың жобалық құны-2 миллиард 725 миллион доллар. Бұл шын мәнінде химия өндірісінде ірі жаңалық болмақ.
Облыста химия өндірісінің дамуы ауыл шаруашылығын жаңа сатыға көтерді. Ауыл ажарланып, ауыл шаруашылығы облыс экономикасында жетекші салаға айналды. Облыс құрылғанда 366 колхоз, 12 совхоз, 14 амшина-трактор стансасы (МТС) қызмет көрсетті. 169 910 гектарға масақты дақыл егілсе, мақта-11 123, қант қызылшасы 8354 гектар алқапқа орналастырылды. Техникалық дақылдар 1932 жылдан бастап егіле бастады. Егіс алқабының 45,6%-ы суармалы жерлерде орналасты.
Күтіп-баптауда көп еңбекті қажет ететін техникалық дақылдар-мақта мен қант қызылшасы отызыншы жылдары егіле бастады. Қызылша өсіруге қолайлы жағдай болғанымен, мақтадан мол өнім алу қиындығы көп еді. Сондықтан да мақта егісінің көлемі жыл сайын қысқарды. Ақыры 1956 жылдан бастап облыста мақта егілмейтін болды. Сонымен бірге облыста темекі, кенеп те өсірілетін. Колхоздарда барлық түрі бойынша 338 мың шартты мал бағылды. Мүйізді ірі қараның Әулиеата, ал қой шаруашылығында оңтүстік-қазақ биязы жүнді қойын қсіру негізі осы жылдары қаланды.
Қала тұрғындары жылдан-жылға көбейді. Мәселен, 1975 жылы Жамбыл қаласында 245 мың халық тұрса, бұл көрсеткіш 1980 жылы-277,3, 1983 жылы-297,7, 1985-303,2 мың, 1988-315,3, 1989 жылы қала халқы 320 мыңға жетті. Есімізде болса, 1939 жылы Жамбыл облысының халқы осынша болатын. Қала халқының саны артқан сайын басқару жетілдірілді. Қала Зауыт және Орталық деп алатын екі ауданға бөлінді. 1990 жылы қала халқының 19,1%-ы ғана қазақ болды.
Жамбыл облысы қуатты Қаратау-Жамбыл территориялық-өндірістік комплексіне айналса, қала ірі химия орталығына айналды. Мұнда Суперфосфат, Химпром, Жаңа Жамбыл фосфор зауыты және оларға көмекші ондаған кәсіпорындар жұмыс істеді. Ірі машина жасау зауыттары, құрылысы 1965 жылдың қаңтар айында бастаған, жобалық қуаты 1200 килловатт сағат болатын Жамбыл ГРЭС-і, былғары және аяқкиім зауыттары, жүнді алғашқы өңдеу фабрикасы, құрылыс индустриясы, спирт, қант, балық зауыттары тоқтаусыз өнім өндірді. Олардың қай-қайсысы болса да қуаттылығымен ерекшеленетін. Билік үнемі барлық салаға партиялық ықпалдылықты күшейтуге ерекше назар аударды. Қаладағы 368 бастауыш партия ұйымдарында 14 103 коммунист еңбек етті және олар билік тізгінін босатпауға бар күшін жұмсады. Алайда олардың ықпалы күннен-күнге әлсірей бастағанын сезінгендер көбейді.
1939 жылы Жамбыл қаласында 200 ғана телефон нүктесі болса, елу жылдан кейін 320 мың қала тұрғынының 42%-ның үйінде тұрақты телефон байланысы болды.
Шаһардың жылдан-жылға қанат жаюы көптеген проблемаларды дер кезінде шешуге негіз қалады. Мысалы, қаланың оңтүстік-батысындағы Қарасу өзенінің оң және сол жағалауын көгеріштендіруге, көркейтуге және спорт кешенін салуға байланысты Коммунистическая көшесінің бойында су сарқырамаларын салу қарастырылған. Осы жылдары қалада тұрғын үй салу көлемі артты. Химия өндірісінің дамуы жұмысшыларды пәтермен қамтамасыз етуді жеделдетуді міндеттеді. Сол кездері Жамбыл қаласында салынатын 5 қабатты үйлерде лифттің болуы міндетті еді. Алайда лифт шаруашылығының дамымауы тұрғын үй құрылысында көптеген қол байлау туғызды.

2.2.Қаратау фосфориттері және олардың қысқаша сипаттамасы
Қазақстан фосфор шикізатына бай елдерге жататындықтан негізгі кен орындары оңтүстік өңірдегі Қаратау фосфорит бассейнінде, Қазақстанның батысындағы Шилісайда (Ақтөбе облысы) шоғырланған. Қазіргі кезде фосфор тыңайтқышына сұраныстың өсуіне байланысты сапасы жоғары өнім алу қажеттігі туындап отыр. Соңғы 15-20 жылда зерттелген фосфатты кендерінің негізгі қоры кедей, сапасы төмен, қиын өңделетін кендер болып табылады. Соңғы 10 жыл ішінде фосфатты кендер құрамындағы Р2О5-тің орташа мөлшері 14,5-тен 11,7%-ға дейін төмендеген. Р2О5 мөлшерінің төмендеуі зиянды қосылыстарының (алюминий, темір оксидтері, магний, карбонаттар және т.б.) үлесінің өсуімен бірге жүреді.
Қазіргі кезде Қаратау бассейні, Шилісай, Вятско-Камск, Полпи, балтық жағалауы кен орындарының фосфаттары, ал шетелдегі фосфатты кен орындары Марокко, Алжир, Сирия, АҚШ (Флорида) және т.б.сонымен бірге Харанур және Буренхан кен орындарының фосфатты шикізаттары өндірісте кең қолданылып отыр.
Қаратау фосфориттерінің түсі-қою сұр қара, құрылысы-дөңгелек немесе сопақша фосфатты дәндер, олар өзара фосфатты немесе силикатты цементтермен ұстасқан. Фосфатты кендер жоғары дисперстілігімен, фосфатты бөліктің жеке қасиеттері бар әр түрлі минералдармен сан алуан қосылыстар түзумен сипатталады.
Қаратау фосфориттерінің негізгі құрауыштары-фосфат, карбонат және кремнезем. Фосфат негізінен түйіршікті және цементте изотропты, кейде микрокристалды болып келеді.
Қаратау кенін магний оксидінің мөлшеріне байланысты үш топқа бөледі: төмен магнезиалды (2%-дан аз MgO) суперфосфат алуға жарамды; магнезиалды (2-2,5% MgO) аммофос алуға жарамды; жоғары магнезиалды (2,5%-дан MgO). Төмен магнезиалды кендер жер бетіне жақын жоғары қабатта, ал магнезиалды және жоғары магнезиалды кендер жер бетінің төменгі қабатында тереңде орналасқан. Фосфориттер теңіз түбінде түзілген таулы жыныстарға жатады.
Фосфориттер құрамында фосфатты бөліктен басқа да көптеген минералдар бар:
1)терригенді сипаттағы (фосфориттер түзілген ортаның құрамына сәйкес);
2)аутогенді текті;
3)фосфориттердің өзгеру процесінде түзілетін өнімдер.
Минералдардың бірінші тобына кварц және дала шпаттары, екінші топтағы минералдарға глауконит, кальцит, доломит, халцедон, органикалық заттар және кейбір радиоактивті минералдар жатады. Үшінші топтың минералдық құрамы: гипс, кальцит, арагонит, апатит, тремболит және т.б. Фосфат, кальцит және доломитті ұнтақтау кезінде катион комплексті анионның иондық байланыстары үзіліп, минерал бетінде оттек, кальций және магнийдің бос иондары пайда болады. Кальций мен магнийдің электрондық қабаттарының құрылымдары ұқсас болғандықтан, фосфаттар мен карбонаттар беттері сұйық фаза құрауыштарымен олардың адсорбциялық қасиеттері жақын болғандықтан қарқынды әрекеттеседі.
Қаратау фосфориті параллельді сызықтармен ұзындығы 120 км және қалыңдығы 15-20 м-ден 60-70 м-ге дейін тереңдікте жатқан қабатты кен орнына кіреді. Апатитпен салыстырғанда оларға магний, алюминий, темір, кремний оксидтерінің жоғары мөлшерлері тән. Қаратау фосфориті күрделі химиялық және минералдық құрамды және аралас гидроксофторапатит түрінде ұсынылған фосфат минералдарымен бірге қоспа қосылыстарымен сипатталады. Осы жағдайда негізгі және қосымша құрауыштар саны кең аралықта тербеледі. Көрсетілген қоспалар және химиялық құрамның тұрақты болмауы Қаратау фосфоритінің сапасын төмендетеді.
Қаратау фосфориті басқа фосфат шикізаты кен орындарынан айырмашылығы-жер қойнауында Р2О5 мөлшері бойынша ең бай болып табылады. Шикі кендер мұнда 15-18%-дан 30-32% Р2О5-ке жетеді. Қазіргі уақытта мыс, жер қойнауында Хибин апатитінде Р2О5 мөлшері тек 6-8%-ды құрайды. Бірақ, Р2О5 мөлшері 40%-ға дейін жеңіл байытылады, ал Қаратау фосфоритінің минералдары терең таралғандықтан осы концентратқа дейін жалпы қабылданған тәсілмен байыту мүмкін емес. Сол себепті технологияның барлық әр түрлілігі игерілген апатитті концентратты және Қаратау фосфоритін қайта өңдеу кезінде минералды қышқылдарды қайта шығындануға, энергияның жоғары шығынына, Р2О5-ті қайта есептеуде меншікті өндірістік қуаттың төмендеуіне, сондай-ақ сапасы төмен өнімді алуға алып келеді.
Қаратау бассейніндегі фосфат шикізатының негізгі өнеркәсіптік ресурсының бес кен орны бар. Олар: Жаңатас, Көксу, Көкжон, Ақсай, Шолақтау. Қаратау фосфориті қабатпен алмасқан жоғары сапалы фосфорит, әлсіз фосфаттанған кремний тастары және кремний, фосфат-карбонатты жыныстан тұрады. Сонымен бірге, алдында айтылғандай Қаратау фосфоритінің химиялық құрамы тұрақты емес, сондықтан үдерістің параметрлерін бірқалыпты ұстап тұру қиындық тудырады. Шикізаттың тұрақты сапасының төмендеуі фосфор өндірісінде қалдықтардың біртіндеп жоғарылауына әкеліп соғады, мұның өзі кәсіпорындарда экологиялық жағдайды төмендетеді.
Ақтөбе фосфорит бассейнінде жиырмадан көп ірі фосфорит кендері анықталған. Солардың ішіндегі ең ірі кен орны Шилісай болып табылады. Шилісай желвак фосфориттерінде жыныс түзуші минералдармен құм тәрізді кварц (50%) және фторкарбонатапатит (30%) болады.
Олардың құрамы белгілі мөлшерде аутогенді минерал және микрокристалды курскитпен цементтелген. Кен орындарына байланысты фосфорит құрамындағы кальций фосфатының химиялық құрамы, физика-химиялық, технологиялық қасиеттері әр түрлі болады. Ақтөбе бассейніндегі фосфат жиналған зонаның сипаттамасы батыстан шығысқа, солтүстіктен шығысқа уақыт бірлігінде жылжығанын көрсетеді. Ақтөбе бассейнінің бұл бөлігі құрылымдық ерекшелігімен орталық минералдық және геология-өндірістік ауданда бөлінген. Шилісай кен орнындағы қосымша кен 761,4 млн.т немесе 770,5 млн.т Р2О5-ті құрайды. Бұл фосфорит құм түрдегі желвак фосфоритіне жатады және 30%-ға дейін фосфатпен цементтелгенін көрсетеді. Фосфат өнімді қабаты бөлінбеген, 3-10 м тереңдікте жатады. Бұл фосфориттегі негізгі фосфат минералы курсит С10Р4,8С1,2О22,8Ғ2 (ОН)1,2. Сонымен қатар, фосфорит құрамына кальцит, кварц, шпат, темір оксиді (Ғе2О3), глауконит, гипс және органикалық заттар кіреді. Шилісай фосфоритінде де Қаратау фосфориті сияқты минералдың кең өріс алуы тән. Минералдығы Р2О5 мөлшері бар болғаны 9-10%-ды құрайды. Қаратау фосфоритімен салыстырғанда төмен. Сонымен бірге, Шилісай фосфоритін біріншілік байытуда 17-18%-ға дейін жетеді. Фосфор құрамды минерал кенде ірі бөлік түрінде болады.
Кең көлемдегі әдеби шолулар әр түрлі кен орындарындағы фосфорит кендерінің сапасы және құрамы олардың жеке бөліктері, әсіресе, минералдың сандық қатынасының және фосфаттың карбонат және кремнезем арақатынасы сипаты бойынша тұрақты емес екенін дәлелдейді. Сондай-ақ фосфат затының құрамына кіретін көміртек диоксидінің (СО2) табиғаты туралы да айтуға болады. Қазіргі уақытта фосфат минералдарының кристалдық торына көміртек атомының кіруі туралы пікірлер бар. Әр түрлі табиғи фосфаттарды зерттеу фторапатиттің кристалдық торына көміртек атомының изоморфты енуі кезінде фторкарбонатапатиттердің СО2Р2О5 қатынасының 0-ден 0,23-ке айналуымен үздіксіз қатары түзілетіндігі көрсетілген.
Бұл фосфориттердің химиялық құрамы фосфат затының құрамына кіретін негізгі құрауыштар, элементтер оксидтері, кремнезем, карбонаттармен анықталады. Сондықтан, кеннің жалпы 90% массасы Р2О5, СаО, СО2, SіО2 жалпы массасымен келеді. Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге сүйене отырып, жыныстың әр түрлілігіне байланысты өнімдік қабаттың құрамына кіретін химиялық құрамы барлығында бірдей емес деп қорытынды жасауға болады.
Фосфор өнеркәсібінің қарқынды дамуы негізінде жалпы құрауыштар жоғары мөлшерімен (28-32% Р2О5) шикізатты біртіндеп қайта өндіруге және үйінділерде күрделі минералдық, химиялық құрамдағы шартқа сәйкес емес қиын байытылатын кендердің жиналуына алып келді.
Фосфориттерді қайта өңдеу мәселесін шешетін бағыттың бірі шикізатты активтеу арқылы қышқылдық-термиялық әдіс. Мұндай активтеудің: механикалық, механохимиялық, химиялық сияқты бірнеше түрі бар.
Қатты денеге механикалық әсер ету әдісі, осы денелердің беттік қабатының құрылымдық сипатының өзгеруіне кең мүмкіндік береді. Қатты денелер күйінің өзгерісі-химиялық байланыстардың үзілуіне, беттік қабатының электрондық күйінің өзгеруіне байланысты. Ал, егер механикалық әсерді қышқыл тұздардың қатысында жасаса, онда фазалық өзгеріспен бірге химиялық процесс те жүруі мүмкін. Әр түрлі ұсату қондырғыларындағы қатты денеге әсер ететін механикалық әсер оның қуаттылық жылдамдығымен және өнімділік әсерімен тығыз байланыста болады. Қазіргі кездегі көптеген ұсатушы қондырғылар қыздыру, қысым түсіру, ұсату осындай әдістермен бірге майдалау, ұнтақтау сияқты ұстанымдармен жұмыс істейді.
Кристалдардың механикалық қасиеттері жеке көптеген бөлшектердің (атом, ион немесе молекулалар) дұрыс тор құруы, бөлшектер арасындағы күші мен құрамы, кристалл құрылымымен және ондағы әр түрлі кемшіліктер түрімен анықталады. Қатты дененің түсірілген ауырлықты сезінуіне байланысты олар үш негізді сипаттамаға ие: біріншісі-серпімділік, бұл дененің белгілі бір уақыт күшінен әсер еткенде өз формасына қайта келу қасиеті, екіншісі-иілгіштік, ұзақ уақыт күш әсер еткенде немесе бұл өзгеріс белгілі бір жылдамдықпен жүргенде дененің қаншалықты формасын өзгертуі; үшіншісі-мықтылығы. Серпімділік негізінен кристалды құрайтын бөлшектердің өзара әсерлесу энергиясына, иілгіштік қатты денедегі сызықтық кемшіліктерге, ал мықтылық әр түрлі факторларға: химиялық байланыс, кристалдық құрылымның сипаттамасы мен кристалдардағы құрылымдық кемшіліктердің (нүктелік, сызықтық, беттік және көлемдік) болуына тәуелді.
Затты ұсақтау материалды ұсату денелерімен бөлшектерге бөлшектеу жолымен жүзеге асырылады. Өлшемі бойынша түзілген бөлшектерді ірі (0,1-1 мм), орташа (0,01-0,1 мм) және ұсақ (0,01) деп бөледі. Ұсақ ұнтақ пен жоғарғы дисперсті суспензия алу үдерісі диспергілеу сияқты ұғыммен анықталады. Диспергілеу үдерісі-күрделі физика-химиялық үдеріс, қатты денелердің активтелуі кезінде осы әсерден физикалық және химиялық құбылыстардың толық кешені пайда болып, механо-химиялық эффектілерге себеп болады.
Қатты денелердің бір-бірімен әсерлесуі кезінде, қозғалысы нәтижесінде үйкеліс күшіне қарсы жасалатын жұмыстың үлкен бөлігі жылу түрінде бөлінеді. Қазіргі кезде диспергілеу үшін көптеген құрылымдық қондырғылар жасалынған. Қондырғылар бөлшектерінің сипаттамасы мен жіктелуі Е.Г.Аввакумовтың еңбегінде келтірілген.
Механохимиялық активтеу кезінде қатты денелердің реакцияға қабілеттілігі бөлшектердің өлшемінің, құрылымының, сонымен бірге қатты дененің құрамының (мысалы, механо-химиялық ыдырау кезінде) өзгеруіне байланысты өзгереді. Бұл құбылыстар өзара белгілі бір дәрежеде жаңа фазаға өту бөлшектердің кішіреюінің немесе құрамының өзгеруінің нәтижесі болуы мүмкін, фазалық айналым диспергіленуге және т.б.жағдайларға алып келеді.
Механохимиялық әдісті фосфаттық кендерді өңдеуде қолданбалы түрде қолданудың 2 түрлі жолы бар. Бірінші жол-механохимиялық өңдеу, оның нәтижесінде фосфаттық кен мен енгізілетін реагенттер арасында химиялық реакция жүреді, ал активатор реакцияны иницирлеуші қондырғы мен қарқынды қоспа рөлін атқарады. Екінші жол-фосфатты топырақ ерітінділерінде тез ерігіш және игерілетін түрге ауыстыру мақсатында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаратау фосфорит алабы
Фосфорит кені – әлемдік экономиканың аса қажетті шикізаты
Фосфоритті кендерді өңдеп байыту әдістері
Қаратау жотасындағы фосфорит кен орындарының геологиялық зерттелуі және олардың өңделуі
Фосфаттардың химиялық технологиясы
Қаратау фосфорит алабы туралы
Экстракциялық фосфор қышқылы
Қаратау жотасының физикалық-географиялық ерекшеліктері
Табиғи фосфорқұрамдас шикізат кенорындары
Қаныш Сәтпаев (1899-1964 жж. )
Пәндер