Футбол ойыны


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

Факультет “Педагогика”

Кафедра “Английская филология”

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Футбол сабақтарындағы ойындар, ойындық жаттығулар.

Орындаған:Бақытова Әсел ИЯ-18-3

Тексерген:Кенжеғалиев Нұрбек

Актау, 2020 жыл

Жоспар:

1. Кіріспе.

2. Негізгі бөлім.

2. 1 Футбол ойыны;

2. 2 Футбол ойынының шығу тарихы;

2. 3 Футбол ойынының техникасы мен тактикасы;

2. 4 Футбол ойыны жайлы қызықты мәліметтер;

2. 5 Футбол сабақтарындағы ойындар, ойындық жаттығулар;

3. Қорытынды.

1. Кіріспе

Спорт (франсуз тілінен алынған (фр. desport - жалқу) ) - белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады. Спорттың даму тарихына зер салсақ қоғамдағы өзгерістер мен қатар спорттың мән-мағынасын да түсінуге болады. Бүгінгі күнге белгілі үңгір өнерінің көп үлгілерінде дәстүрлі ырымдық ритуалдар көріністері бейнеленген. Осы бейнеленген көріністерді сенімді түрде қазіргі мағынадағы спортқа жатқызуға болмағанымен сол кездің өзінде спортқа жақын әрекеттердің орын алғаны хақында байлам жасауға болады. Франция, Африка, және Аустралия да орналасқан бұл бейнелердің осыдан 30 000 жыл бұрын жасалғанын айта кеткен жөн.

Спорттық ойындардың түрлері өте көп. Олар волейбол, баскетбол, футбол, теннис т. б. Мен бүгін осы спорттық ойындардың ішіндегі ең танымалы, әрі сүйіктісі- Футбол ойыны жайлы ақпарат беремін.

2. Негізгі бөлім

2. 1 Футбол ойыны

Футбол - (ағылш. foot - аяқ, ball - доп) спорттың командалық ойын түрі. Футбол - әлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады.

Әр командада максималды 11 ойыншы (қосалқы ойыншыларды санамағанда), оның біреуі - қақпашы. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды. Қақпашыдан басқа ойыншылар қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді.

Бір ойынның аты - матч, матч екі 45 минуттық бөлімнен (тайм) тұрады. Ойын арасында 15 минуттық үзілісі бар.

Ойын мақсаты - команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу (гол) және өз қақпасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда ұтады.

Егер де матчтың нәтижесінде екі команда да бірдей гол салса - тең ойын деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт (15 минуттан кейін тайм) берілуі мүмкін. Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса - матчтен кейінгі пенальти жүптары өткізіледі.

2. 2 Футбол ойынының шығу тарихы

Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, «Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді.

1313 жылы белгілі феодал Эдуард II қала ішінде футбол ойнауға шектеу қойған. Тіпті, 1314 жылдың 13 ақпанында король Лондон қаласында футболға қарсы шаралар қолданған деседі.

1389жылы Ричард II пашта сарайы маңында доп тепкендерді өлім жазасына кескен. Патшаға бірнеше мәрте рұқсат сұрап барған футбол жанкүйерлері әрдайым жағымсыз жауап алып отырған.

Футболға тыйым салған патшалар тізімі төмендегідей: Генрих IV 1399-1401, Генрих, V 1413 - 1433 ж, Генрих VI 1449-1451 ж, Эдуард IV 1471 ж, Генрих VII 1491 ж, ал Генрих VIII ойыншыларға шектеу қойып қана қоймай, алаң иелеріне тыйым салып, салық салған. Бұндай қатаң қағидаларға мойымаған халық футбол ойнаудан бас тартқан жоқ.

Тек 1908жылы футбол олимпиадалық ойындар тізімінен орын алды. Ал, 1863жылы Лондонда футболдың жаңашарттары белгіленді. Жобаға енгізілген ережелерді арнайы комиссия жіті қараған.

1872жылдан бастап футболдан халықаралық кездесулер өткізілді. Доданы Англия мен Шотландия футболшылар ашты.

Ойынды бар ынтасымен тамашалаған жанкүйерлер үшін ойын сәтсіз аяқталды. Өйткені, алғашқы кездесуде есеп ашылған жоқ.

Ежелгі Шығыс елдерінде (антикалық дәуірде Мысыр, Қытай, ) (Грекия, Рим), тіпті Франция, Италия, Англияда футболға ұқсас ойын болған. Ежелгі Мысырдағы футбол тектес ойын біздің эрамызға дейін 1900 жылы танылған.

2. 3 Футбол ойынының техникасы мен тактикасы

Егерде жас футболшы допқа ие болуды, тез жүгіруді және жоғары секіруді үйреніп алса, ол ойынды өзінің бес саусағындай біліп алады деп айтуға болмайды.

Егерде футболшы алаңға есеппен қозғалса, өзінің қозғалысын, күшін және техникалық әдісін ойынның жағдайымен салыстыратын болса, онда оны жақсы ойыншы деп санауға болады. Сондықтан әр бір жас футболшы өзінің техникалық әдістерін үйрене бермей және физикалық қасиеттерін жақсарта бермеу керек, сонымен қатар ол ойынның тактикалық сырларын түсіну керек. Яғни дұрыс орын таңдап алу, мезгілінде әріптестеріне допты беру, қақпаға жақсылап доп соғу керек. Ең бастысы әр бір ойыншы ойынды жақсы «оқу» білу керек. Яғни ойын барысында әріптестерін және қарсыластарының ойларын байқап жүру керек.

Футбол - ол ұжымдық ойын. Сондықтан әр бір ойыншы өзінің индивидуалдық қадамын ұжымдық және командалық тактикаға келістіре білуі керек.

Тактика команданың доп жүргізу мәнін және әр бір ойыншының нақты міндетін белгілейді. Сол үшін әр бір ойыншы әр түрлі футбол жүйесі туралы білуі қажет және ол ойынның басты принциптарын қорғауда және шабуылда білуі керек. Бутболшы алдағы және арттағы қатардағы ойыншылардың міндеттерін білуі керек. Қарсыласқа жүргізілетін күрестің әр бір әдісін тактика деп атауға болады. Мақсатпен құрылған тактика ойлаған нәтижеге жеткізеді, ал мақсатсыз тактика оған жеткізбейді. Сонымен тактика дегеніміз қарсыласпен күресе білу. Футбол ойынының тактикасы ол өте үлкен жетістікпен ойнау. Футбол тактикасының негізінде жатқан білім жиынтығы үлкен емес, әр ойыншыға қол жетерліктей. Басты мәселе осы білімді ойында жүзеге асыру.

Футбол ойынының тактикасы ол команданың ойын мүмкіндігін толығымен пайдалану және ойынды қарсыластың жағдайына қарап келтіру.

Бұл ойында нақты шабуылдау жүйесінде допты беру, ойыншылардың доппен, допсыз қозғалысында, қақпаға доп бағыттауында және қорғаныста да көрінеді, қозғалыстардың гол соғуынан айыру.

Осыған байланысты команда қандай да тактикалық жүйеде ойнаса да олардың ойын жүйесі көп гол соғу және қарсыластарына гол соққызбау.

Осыған орай команда ұйымдасқан түрде өзінің шабуылдаушыларына қарсыластар қақпасына гол соғуына мүмкіндік туғызуы керек. Ал қорғаныс тактикасы қарсыластарға гол соққызбау.

2. 4 Футбол ойыны жайлы қызықты мәліметтер;

1. АҚШ-та бұл ойын футбол емес, соккер деп аталады.

2. Әлемдегі барлық футбол доптарының 80%-ы Пәкістанда жасалады.

3. «Ole-Ole-Ole»сөзі Испанияда пайда болды. Бұл сөз 8-ші ғасырда Испанияны басып алған арабтардың «Алла» сөзінен шыққан.

4. Ең ұзақ матч 1981 жылғы 1-3 тамызда екі ирландиялық футбол командалары арасында өтті. Жеңімпаз 65 сағат 1 минуттан кейін ғана анықталды.

5. Испанияның 2-ші Лигасында қызықты оқиға орын алды. Ойын аяқталуға 3 минут қалғанда ойыншылар төрешіні қоршап алып, наразылығын көрсете бастады. Төреші көп ойланбастан, қызыл қағазды барлық 22 футболшыға көрсетті!

6. Футбол 6 елде ресми түрде тыйым салынған, оның ішінде Ауғанстан, Кампучия және Гренландия

7. Тарихтағы ең ірі есеп, Мадагаскар чемпионатында тіркелді. «AS Adema» клубы, «Stade Olympique l’Emyrne» командасын 149:0 есебімен жеңді. Барлық голдарды қақпаға өз ойыншылары соқты. Бұлә рекетімен футболшылар, төрешінің әділетсіз шешіміне наразылығын көрсеткісі келді.

8. Итальяндық футболшы Фернандо Д’Эрколи, арбитр көрсеткен қызыл қағазды жеп қойған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда футбол таралуы
Футболдың тарихи маңызы
Футбол. Негізгі ойын ережесі. Қауіпсіздік ережелері
Футбол
7-11 жас аралығындағы жас футболшылардың техникалық-тактикалық дайындық әдістемесін оңтайландыру
Спорт ойындарының ережесі
Футболдың даму кезеңі мен ерекшеліктері
Футбол добының параметрлері
Аяқ ұшымен соғу
Алаң ойыншысы мен қақпашының ойын техникасын сипаттау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz