Балалар церебральды салы


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар
инжиниринг университеті
«Педагогика» факультеті
«Педагогикалық технологиялар» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы : « ҚР инклюзивті білім беру жүйесінің құқықтық нормативтік базасы»
Пәні : Инклюзивті білім беру
Мамандығы : 5В011300 - Биология
Орындаған: Олжабаева Жұпар 2 курс студенті
оқу формасы: күндізгі
Жетекші: Ерубаева А. Р., аға оқытушы
Курстық жұмысты
қорғау уақыты ___ ___ 2020 ж.
Бағасы
Ақтау, 2020
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«Педагогика» факультеті
«Педагогикалық технологиялар» кафедрасы
Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы: 5В011300 -Биология
ТАПСЫРМА
Курстық жұмысты орындауға арналған
Студент : Олжабаева Жұпар
Тақырыбы: « Сал аурулы балалардың түрлі өнімді іс әрекеттерін жетілдіру»
Тапсырманы орындауға (зерттеуге) қатысты негізгі сұрақтар:
- Балалар церебральды салы кезіндегі психикалық дамуындағы ерекшеліктер.
- Тірек-қимыл аппаратының бұзылуы. Балалар церебральды салы.
- Тірек-қимыл аппараты бұзылган балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқыту мен тәрбиелеу
Негізгі әдебиеттер:
- Дуйсенбаев Л. К., Балтымова М. Р. Д 79Арнайы педагогика.
- А. А. Байтұрсынова «Арнайы педагогика: проблемалары мен даму болашағы» Алматы, 2008 ж.
- Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы
- Ғ. А. Абаева. Арнайы педагогика жэне психология иегіздері. Оку кұралы - Алматы, 2014 - 146 б.
Курстық жұмыстың көлемі: 25 бет
Курстық жұмысты тапсыру мерзімі ___ ___ 2020 ж. дейін
Курстық жұмыс жетекшісі Ерубаева А. Р. ___ ___ 2020 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ… . . . 4-5
1. Сал аурулы балалардың түрлі өнімді іс-әрекеттерін жетілдіру
1. 1 Тірек -қимыл бұзылысының жалпы сипатамасы . . . 6
1. 2 Балалар церебральды салы кезіндегі психиканың дамуындағы ерекшеліктер . . . 13
2. Сал аурулы балалардың іс-әрекетін жетілдіру және оны оңалту жолдары . . . 18
2. 1 Тірек-қимыл апараты бұзылған балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқыту мен тәрбиелеу . . . 18
2. 2 Церебральды сал ауруы кезіндегі қолданылатын терапия түрлері . . . 23
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 31
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Біріккен Ұлттар Ұйымның стастикалық мәліметттері бойынша дүние жүзінде мүгедектер саны 10%-ті, яғни 500 миллион адамды құрайды. Мүгедектер ішінде тірек-қозғалыс апараты бұзылған балалар қте көп кездеседі, соның ішінде күрделі бұзылыстардың бірі церебральді параличі бар балалар.
Соңғы жылдары церебральді паралич диагнозы қойылған балалардың саны едәуір өсуі байқалады. Мәліметтер бойынша 1000 баланың ішінен 1. 5-2. 5 балаға церебральді паралич диагнозы қойылады. Біздің елімізде де бұл өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында церебральді паралич диагнозымен 9000 бала тіркелген.
Мүмкіндігі шектеулі балалар басқа балалармен тең мүмкіндікте білім алуы тиіс. Қазірдің өзінде инклюзивті білім беруді енгізу қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру мәселесі әлемдегі өзекті проблемаға айналып отыр. Қазақстанда бұл құбылыс, назардан тыс қалдырылмады. Бұл проблема өзіне қатты назар талап етеді, өйткені туа біткен және жүре пайда болған ақаулары бар балалардың саны жыл сайын артып келеді. Мемлекет дамуындағы ауытқулар бар балаларды ерте диагностикалау мен ерте түзету міндеттерін қояды. Білім беру жүйесі, өз кезегінде осы санаттағы балаларды мүмкіндігінше бұқаралық балабақшаларда, жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік лицейлерде және жоғары оқу орындарында оқыту процесіне қосуы тиіс.
Біздің бағдарлама инклюзивті сынып жағдайында дамуында кемістіктері бар балалар мен мүгедек балалардың білім алуына болжамдала жасалған. Инклюзивті сынып - бұқаралық жалпы орта білім беру мектебі жағдайында дамуында ақаулықтары бар және мүгедек балалардың өзі қатарлас балалармен бір сыныпта оқуына болатын білім беру үдерісін ұйымдастырудың бір формасы. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың аталған формасы жеке оқытуға қарағанда басымдау болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазіргі дамыған қоғамда мүмкіндігі шектеулі балалардың маңыздылығын көрсету. Еліміздің барлық мектептерінде инклюзивті білім беруді енгізу. Бүгін танда инклюзивті білім беруге қойылатын талаптар - бұл әлеуметтік бейімделген, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Курстық жұмыстың міндеті: Церебральді параличі бар балаларды кешенді түзету жұмыстары кезіндегі иппотерапия әдісінің тиімділігін бақылау. Инклюзивті оқыту - балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларға оқуда жетістікке жетуге көмек көрсетіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін арттыру .
Курстық жұмыстың зерттеу болжамы: Церебральді сал балаларды оңалтуда иппотерапия әдісін тиімді қолдансақ, ол сал балалардың қимыл-қозғалысының дамуына оң әсерін тигізеді.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімен, әдістемеден, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу пәні: Инклюзивті оқыту.
Зерттеу әдісі: Зерттеу мәселесіне қатысты оқулықтарға теориялық анализ жасау, арнайы білім беру мекемелерінің жұмыс тәжірибесін зерттеу және жалпылау, бақылау, материалдарды жинақтап және оны жүйелеу.
1. Сал аурулы балалардың түрлі өнімді іс-әрекеттерін жетілдіру
1. 1 Тірек -қимыл бұзылысының жалпы сипатамасы
Тірек-қимыл аппаратының бұзылуы туа пайда болуымен де, жүре пайда болуымен де тусіндіріледі. Балалар арасындағы ту пайда болған, жүре пайда болатан бұзылулар 5-7%-ды құрайды.
Балалар церебралды параличі - баланың кұрсақішілік дамуы барысында, дүниеге келу сәтінде және алғашкы өмір сүрген жылында әсер еткен әртүрлі зиянды себептердің ыкпалымен пайда болатын жетілмеген мидың ауруы. Церебралды параличке шалдықкан әрбір 100 баланың 30-ында бұл ауру кұрсақ ішінде, 60-ында - туылу сәтінде, 10-ында туылғаннан кейін пайда болады. Балалар церебралды параличін тудыратын себептер:
Құрсақ ішінде: анасыныц инфекциялық аурулары (вирустың инфекциялар, қызамык, токсоплазмоз), анасының жүрек-қан тамырларының аурулары, анасының эндокриндік бұзылыстары, жүктілік токсикозы, анасы мен құрсақ ішіндегі нәрестенің қандарының иммунологиялык сәйкессіздігі, психологиялық жарақаттар, физикалық факторлар (күн өту немесе қатты тоңу, сәулеге шалдығу), жүктілік кезінде қабылданатын кейбір дәрілік заттар, оның нәтижесінде ұрықтың тамақтануының бұзылуына және оттегі тапшылығына алып келетін жатыр-плаценталық қан айналымының бұзылысын тудырады. Құрсақ ішіндегі нәрестенің, әсіресе оның жүйке жүйесінің дамуы бұзылады. Ең алдымен бас миының қозғалыс аймақтары зақымданады, сондай-ақ жалпы оның жетілуі бөгеліп, нәтижесінде БЦП шалдыққан балалардын қозғалысы, ой өрісі, сөйлеу кабілеті бүзылады. Балалардың тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуына толғақ жарақаттары себеп болуы мүмкін, олар анасының жамбас сүйегінің тарлығынан, туу әрекетінің әлсіздігінен, ұрықтың дұрыс орналаспауынан және т. б. пайда болады. Әдетте толғақ жарақаттары асфикциямен (канның құрамындағы оттегінің жетіспеушілігімен және белгілі-бір алмасу, патологиялык-анатомиялық жэне клиникалық белгілермен үйлесетін көмір кышқылдардың артық жиналуымен сипатталатын организмнің патологиялық жағдайы) үйлесіп жүреді. Ұрыққа ертедегі постнаталды кезеңде әсер ететін зиянды факторларға мыналар жатады: бұрын ауырған нейроинфекциялар (менингит, энцефалит), полиомелит, баланың алғашқы жылында басын ауыр соқтыруы. Балалар церебралды параличі негізінен тұкым қуаламайды.
Балалар церебралды параличіне шалдыққан көптеген балалардың бас миы ертеден бұзылуының нәтижесінде сөйлеу, есту, көру кабілеттері бұзылады. Кейбір авторлардың мәліметтері бойынша, балалар церебралды параличіне шалдыққан балалардың 80%-нда сөйлеу қабілетінің бұзылғаны байқалады. Сөйлеу патологиясының ең жиі кездесетін түрі - дизартрия, көбінесе сөйлеу қабілетінің бөгелуімен үйлесіп жүреді. Сөйлеу қабілетінің бұзылу дәрежесі бас миының бұзылу уақыты мен шоғырлануына байланысты. Балалар церебралды параличіне шалдыққан көру қабілеті бұзылған балаларда қылилық байқалады, оларда бір заттың екіншісіне ауысу қабілеті қиындатылған. Орта есеппен әрбір төртінші баланын есту кабілеті бұзылады. Ой-өрісінің дамуының сақталуы, бірақ аздап төмендеуі мүмкін. Балалар церебралды параличіне шалдыкққан дерлік барлык балалардың тез шаршағыштығы жоғары болады.
1. 2 Балалар церебральды салы кезіндегі психиканың дамуындағы ерекшеліктер
Балалар церебральды салы кезіндегі психикалык кемшіліктер мен оны тузету жұмыстары Л. А. Данилова, Э. С. Калижнюк, Г. В. Кузнецова, И. Ю. Левченко, Е. М. Мастюкова, О. Г. Приходько, К. А. Семенова еңбектерінде толық зерттеледі. Авторлардың барлығы балалар церебральды салы кезіндегі психиканың дамуындағы ерекшеліктер танымдық әрекеттің, эмоциялық-ерік аймағының, тұдғаның қалыптасуындағы функцияларды жояды деген болжам жасайды. Бұл балалардың көпшілігінде танымдық әркетінің нашарлығы байқалады. Эмоциялық-ерік аймағының бұзылуы эмоция түріндегі қозғыштықтың, көңіл-күйдің тұрақсыздығымен айқындалады.
Балалар церебральды салы кезінде 80%-ға дейін сөйлеуінде кемшіліктер кездеседі. Осы кездегі сөйлеу тілінде кездесетін кемшіліктер: - дизартрия - сөйлеу аппаратының иинервациясы жетіспеушілігінен сейлеудің мағыналық жағының бұзылуы; - анартрия - бұлшык еттердің салдануынан сөйлеу кезінде бөлшектеу қызметінің жоғалуы. Дизартрия кезінде сөйлеу аппаратындағы ағзалардың нерв талшықтарымен қамтамасыз етілуін органикалық жетіспеушілігінен сөйлегенде дыбыстарды айтуы зақымданады. Дизартрия кезіндегі жетекші кемшілік орталық және перифериялық нерв жуйесінің бұзылуынан сөйлеудің мағыналық бұзылуы болып табылады. Дизартрия грек тілінен аударғанда «бөлшектеу» деген мағынаны білдіред. Дизартрияны анықтауда авторлардың көпшілігі сөйлеу кезіндегі артикуляцияның, сөйлеу ырғағының, интонацияның бұзылытындығын көрсетеді. Дизартрия кезіндегі дыбыстарды айтудың бұзылуы нерв жүйесінің бұзыл деңгейі мен оның сипатына байланысты анықталады. Дизартрияның жеңіл турінде кейбір дыбыстардың айтылмауы байқалса, курделі турінде сөйлеудің мәнерлілігі жоғалып, дыбыстардың кейбірі айтылмай, тұтасымен алғанда сөйлеу түсініксіз болады. Орталық нерв жуйесінің күрделі бұзылуларға ұшырауынан сөйлеу кезінде белсенді қызмет атқаратын бұлшық еттердің салдануы байқалады. Мұндай кемшілікті бөлшектеу қызметінің жоғалуы, анартрия деп аталады. Сейлеудегі дизаргриялык бұзылулар мидың органикалык зақымдануынан пайда болады. Балалар арасындағы дизартрия перинатальдық патологиямен (ұрықтың немесе нәрестенің нерв жуйесінің зақымдануы) байланысты. М. Б. Эйдинова, Е. Н. Правдина, Е. М. Мастюкованын пікірінше дизартрик балалар церебральды салдануы кезінде жиі кездеседі. Дизартрия кезінде қимылдық қозғалыстың бұзылуы байқалады. Дизартрияның белгілері анамнезінде ұрык асфиксиясы немесе туылу кезіндегі соққылар, ұрықтық даму кезінде жағымсыз жағдайларға ұшыраудың белгілері көрсетілген. Бұл кездегі (Л. Т. Журба, Е. М. Мастюкова) дизартрияның жеңіл түpi жойылған дизартрия бас миының минимальды дисфункциясы белгілерімен сәйкестенеді.
Алалия тіл мүкістігінің ауыр түрі. Мүкістіктің мұндай түріне шалдыққан баланыі сөйлеу тілі ic жузінде қатынас құралы бола алмайды. Баланың аан құрсағында және сәбилік кезде дамуындағы ми қабығының сөйлеу орталықтарындағы табиғи байланыстардың бұзылу әсерінен сейлеудің дамымауы немесе мүлдем болмауы. Алалияны моторлы және сенсорлы алалия деп бөлінеді. Моторлы алалия - сейлеудің моторлы жағының бұзылуы. Сенсорлы алалия - есту қалдығы мен танымдық қабілетінің сақталуы кезіндегі естігенін тусінбеушілік. Балалар церебральды салы кезінде бұзылулардың курделілігі мен таралымы әр турлі болады. Курделі жағдайларда аяқ-колдың қатарынан салдануы мүмкін. Мұндай жағдайда баланың қимыл-қозғалысқа түсуі, қозғалыс функцияларының дамуы қиындайды. Кемшіліктің жеңіл түрінде аяқтын салдануы байқалады. Кейбір балаларда бір жақты қимыл- қозғалыстың бұзылуы, яғни гемипарез байкалады. Тірек-қимыл аппаратының бұзылуынан олигофренияның белгілері де байқалады. Неврологтар балалар церебральды салының негізгі үш формасын анықтап көрсетеді: иілу, бугілу сияқты қозғалыстардың жиі бұзылуынан болатын спазмалық формасы, дененің еріксіз артық қозғалысқа түсуінен болатын гиперкинездік формасы, баланың жүруі мен тепе-теңдігін сақтауға кедергі келтіретін астениялық формасы. Тірек-қимылдың бұзылуы кезіндегі бала миының дамуында түзетуге бейім тұратын жағдайларды есепке алсақ, түзету жұмыстарының нәтижесінде баланың қимыл-қозғалысын түзетуге болады. Балалардың кепшілігінде қимыл-қозғалыстың бұзылуымен қатар мінездерінде өзгерістер байқалады. Балалар церебральды салы кезіндегі ерекшеліктер, олардың туған кунінен бастап-ақ пайда болады. Мұндай кемшіліктер баланың басын ұстауы, отыру мен тұру, жүру дағдысын игеруі, манипуляциялық қозғалысқа түсуі кезінде анық байқалады. Балалар церебральды салы кезіндегі орталық нерв жуйесінің зақымдануы ерікті қозғалысқа түсетін жуйелердің жұмысын әлсіретеді.
Буындық тонустың жұмысы апраксиялық құбылыстар турінде, яғни практикалық мақсаттағы қимыл-қозғалыстарды орындай алмаушылық (түймені қадай алмауы, аяқ киімінің бауын байлай алмаушылық), қозғалысқа түсу кезіндегі стереогенез (сипап-сезу арқылы заттарды тани алмаушылық) байқалады. Балалар церебральды салы анықталған куннен бастап баланы міндетті түрде балалар невропатологына қарату керек. Қазіргі таңда зерттеушілердің пікірінше, ерте анықталған және ерте емдеу-сауықтыру шараларын қабылдаған балалар церебральды салы анықталған баланың нервтік-психикасының дамуында жетісітктердің байқалатыны белгілі. Тірек- қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған көмекші мектептерде және он екі жылдық жалпы білім беретін мектептерде өз бетінше қозғалысқа түсетін, интеллектісі сақталған, өз-өзіне қызмет ету дағдысын игерген балалар білім алады. Қозғалысқа түсе алмайтын, өз-өзіне қызмет ету дағдысын игермеген балалар қарапайым көмекші мектеп бағдарламасымен, жеке бағдарлама бойынша уй жағдайында білім алады. Дамуында турлі кемшіліктер анықьалған балалардьң категорияларының әрқайсысы психологиялық-педагогикалық жеке ерекшеліктерге бөлінген. Осы ерекшеліктердің әрқайсысын оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда психологиялық-педагогикалық оқытудың тактикасы мен стратегиясы есепке алынады. Дамуында күрделі деңгейдегі кемшілігі бар мүгедек балалар білім беру кеңістігінен алшақтап, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі интернаттарға жолдама алады. Дамуында бірнеше кемшілік шоғырланған төрт жастан асқан балалар әлеуметтік дамуға бағытталған психоневрологиялық интернат-уилерінде тәрбиеленеді. Мекемелердің негізі міндеті мүгедек балаларға әлеуметтік көмек керсетудің медициналық моделін кұру арқылы жүргізіледі. 0сы тұста анықталатын балалар церебральды салының классификациясы:
Гемиплегиялық, формасы балалар церебральды салының көп тараған түpi. Бip жақ жарты шарлар миының бұзылуынан болады. Баланың алғашқы куннен-ақ 6ip жақ аяқ-қолының қимылдық-көзғалыстарға туспейтінін байқауға болады. Мұндай балалар қиындықпен отырып, жүруді, тұруды да қиындықтармен бастайды. Қимыл-қозғалыстардың жүзеге асуы зорлану, қиналу түрінде көрініп, эпилептикалық жағдайлар да байқалады. Гемипарез формасы балаларда ұмтылу, қағып алу функцияларын орындау кезінде бала саусақтарын біріктіруде, қолдарын кеудесіне қою кезінде қиналады. Сол жақ жарты шарлар бөлігіндегі самай бөлігінің зақымдануы фопематикалық қабылдаудың бұзылуымен анықталады.
Диплегиялық, формасы балалар церебральды салдануының екі аяқтың спазмалық құрысу турлерімен анықталатын Литтл ауруыныц атауымен танымал түpi. Бала физикалық дамуы жағынан артта қалады. Мұндай балалардың жүpic-тұpыcындa алға қарай және төмен қарай ұмтылушылық байқалады, яғни жүpici cпaзмaлық-пapeздiк күйдi бeйнeлeйдi. Жүpic- тұрысында тiзeлepi 6ip-6ipiнe жанасып, бала жүрген кезде табандарына емес аяқтың саусақтарына күш түcipeдi. Мұндай балалардың интеллектуалдық дамуы толығымен сақталуы мүмкін.
Гиперкинездік формасы атетоз типiндeгi зорлану, қиналу, буындық тонус пен психиканың бұзылуы арқылы қимыл-қозғалысқа түсуде байқалады. Гиперкинез формасындағы балалар церебральды салы мидың қабықтық бөлiктepiнiң зақымдануынан болады. Қимылдық қозғалыстардың бұзылуы epіксіз зорлану түpiндeгi қимылдық қозғалыстар арқылы байқалады. Гиперкинез epіксіз түрде уайымдау, толқу кeзiндe epiкciз қимылдық қозғалыстар кeзiндe күшейе тycедi. Epiciз қимылдық қозғалыстар бет бұлшық eттepiнен, тiл, бас, мойын, дeнeнiң қозғалыстарында жиi байқалады. Гипepкинeздiк формасында epiктi моторика қиындықпен қалыптасады, қозғалыс дағдысының автоматизациясы қиындап, әcipece жазу дағдысының қалыптасуы қиынға соғады.
Балалар церебральды салы кeзiндeгi жypгізiлeтiн коррекциялық- педагогикалық процес барысында есепке алынатын қағидалар: - коррекциялқк-педагогикалық процесті жүйeлi түрде ұйымдастыруда қимылдық, cөздік, психикалық бұзылуларды бақылауға алу керек; - сақталған функциялардың көмегіне сүйене отырып көмек көрсету жұмыстары ерте басталу керек;
- онтогенез дамуның жалпы заңдылықтарына сүйене отырып, коррекциялық-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру керек;
- психиканың және сөйлеудің даму динамикасын бақылау керек.
- коррекциялык-педагогикалык көмек көрсету жұмыстарының 6ip- 6ipiмен байланысын қадағалау керек.
- баланың отбасымен тығыз қарым-қатынас орнату керек.
О. Г. Приходько зерттеулері көрсеткендей, коррекциялық педагогикалық қызмет көрсету жұмысының тиімді кезеңі өмірідің алғашқы жылы болып табылады. Көмектің мұндай турі стационар жағдайында ұйымдастырылады. Ата-аналарды ұйымдастыру жұмысымен таныстыруда есепке алынатын негізгі жағдайлар:
- ересек адамдармен эмоциялық қарым-қатынасты дамыту;
- бұлшық ет пен артикуляциялық аппарат жұмысын реттеу;
- дыбыстық, буындық, сөздік реакцияларын реттеу, уілдеу, былдырлау, былдыр сөздерді айтуын бақылауға алу;
- сору, жутыну, шайнау қызметтерін түзету;
- сенсорлық қабілеттерді дамыту;
- сөйлеу кезіндегі тыныс алуды дамыту;
-заттармен әрекетке түсу кезіндегі қолдың қимылдарын дамыту;
- сөзді түсінудегі дайындық кезеңінің жұмысын қалыптастыру.
Ерте кезеңдегі жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың негізгі бағыттары:
- заттық әрекетті қалыптастыру;
- функционалдық қызмет түрлеріне қарай ойыншықтарды пайдалану, әрекетке түсуге үйретуі;
- корнекі-образды ойлауды, ерікті, тұрақты зейінді қалыптастыру;
-сөйлеу және заттық-практикалық әрекетке түсуді қалыптастыру;
- қоршаған орта туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру;
- сенсорлық белсенділікті ретке келтіру (кору, есту) ;
- саусактардың функционалдық мүмкіндіктерін арттыру, координацияны дамыту.
Балалар церебральды салы кезінде өз еркімен қозғалысқа түсе алатын 3 жасар бала арнайы балабақшаға бара алады. Топтағы баланың толымы 8 баладан тұрады. Арнайы балабақшадағы коррекциялық-педагогикалық жұмыстар Е. Ф. Архипова, Л. А. Данилова, Г. В. Кузнецова, И. Ю. Левченко, О. Г. Приходько, Н. В. Симонова, И. В. Смирновалардың кұрған әдістемелік- бағдарлама материалдары бойынша жургізіледі. Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттары:
- ойын эрекетін дамыту.
- қоршаған ортамен тіл арқылы кқрым-қатынасты орнату.
- қоршаған орта туралы тусініктерді кеңейту.
- сенсорлық функцияларды дамыту. Кеңістік және уақыт туралы тусініктерді қалыптастыру. Кинестетикалық қабылдау мен стереогнозды дамыту.
- зейінді, ойлауды, есте сақтауды дамыту.
- математикалық түсініктерді қалыптастыру.
- қол еңбегінеуйрету және жазуға дайындау.
- өзіне қызмет етуді, гигиеналық талаптарды игерту. Балалар церебральды салы кезіндегі жұмыстардың логопедиялық түзету жұмыстары құрайды. Оның макқсаты құралдар арқылы қарым-қатынаска түсуді дамыту, сөйлеудің жағын үйрету.
О. Г. Приходько керсеткендей логопедиялық жұмыстардың міндеттері:
- бұлшық ет тонусы мен артикуляциялық аппарат бұлшык еттерінің жұмысын реттеу;
- сөйлеудегі тыныс алу мен дауысты реттеу;
- сөйлеудің темпті-ритмикалық жағын ретке келтіру;
-дыбыстарды қою, органдардың жұмысын реттеу;
- қол мен саусақ қимылдарын дамыту;
- сөйлеудің лексикалық-грамматикалық мағынасын дамыту, өз ойын мазмұндауға үйрету.
2. Сал аурулы балалардың іс-әрекетін жетілдіру және оны оңалту жолдары
2 . 1 Тірек-қимыл апараты бұзылған балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқыту мен тәрбиелеу
Арнайы мектеп-интернаттарда баланың психофизикалық мумкіндіктеріне сай кәсіби білім беру еңбекке баулу жұмыстары күнделікті ұйымдастырылып, баланың тігін ici, ағаш шберi, машина басу, бағбан ici т. б. мамандықтарды үйренуге жағдай жасайды. Баланың еңбекке жарамдылығын дәpiгepлiк-мeдицинaлық еңбек экспертизасымен анықтау арқылы, қазіргі білім беруде баланың техникумдарға, училищелерге оқуға түсуіне жeңiлдiктep жасалады. Соңғы жылдары қимыл-қозғалыстарында кемшіктері бар балалар жалпы бiлiм беретін мектептерге орналасуда. Олардың қатарында көбінесе, сколиоз, туа пайда болған жамбас cүйeктepiнiң шығуы, майтабандық, балалар церебральды салы кeздeceдi. Қимылдық бұзылулардың негізгі белгілері жүріс-тұрыстың тұрақсыздығы, жүруі баяулайды, баспалдақтан өз бетінше түсе алмау болып табылады. Муұндай балалар өзгeлepдiң көмегінсіз киiмдepiн шешуде, киюде киім түймелерін салуда қиындықтарға ұшырайды. Аталған кемшіліктің белгілері балалар церебральды салы кeзiндe анық көpiнeдi. Олар оң жақ немесе сол жақ қолдың салдануынан түрлі әрекеттерді орындай алмайды, қозғалыс координациясы бұзылады, аяқтардың арасы кең ашылған күйде жүруге бeйiмдiлiк танытады, қорқыныш пен уайымдау кeзiндe құлау, өз қозғалысын реттей алмаушылық қасиеттер көpceтeдi. Өздеріне қызмет ету дағдысының қалыптасуы жeткілiкciз күйге ауысып, заттық-практикалық әрекеттері де шeктeлгeндiктeн сурет салу, жазу дағдысын игеруге дайындықсыз болып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz