Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
I НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 4
1. 1. Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама . . . 4
1. 2. Сүйекті балықтардың көбеюі мен дамуы . . . 6
1. 3 Олардың экологиясы мен маңызы, балықты өңдеу . . .
1. 4. Балық шаруашылығы . . .
II ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ . . . 9
2. 1. Сүйекті балықтардың классификациясы мен отрядтары . . . 9
2. 2. Бекіретәріздестер класы . . . 9
2. 3. Майшабақ тәріздестер класы . . . 12
2. 4. Сетінектер, көзауықтар мен тұқы тәріздестер класы . . . 14
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі:Сүйекті балықтар-барлық су қоймаларында кездеседі. Қазіргі таңда 20 000 нан астам түрі бар. Денесінің ұзындығы 0, 7-1, 1 см ден 5-7 м дейін болады. Ішкі қаңқасы сүйектеніп келеді. Қабыршақтары әртүрлі:ганоидтық, космоидтық, сүйекті. Олардың ұрықтануы сыртқы ортада өтеді. Денесі бас, тұлға, құйрық бөлімдерінен тұрады. Балықтың құйрық жүзбеқанатынан басқа бір жұп көкірек, бір жұп құрсақ жүзбеқанаттары болады. Ал құйрық, бір немесе екі арқа және бір құйрықасты жүзбеқанаттары сыңар болады. Алға қарай жүзгенде құйрық жүзбеқанаты негізгі рөл атқарады. Балық көкірек және құрсақ жүзбеқанаттарының төменгі қабатына түсіп, беткі қабатқа көтеріледі, әрі денесінің тепе-теңдігін сақтайды.
Балықтардың ерекше мүшесі-торсылдақ болып келеді. Оның іші ауаға толы. Ерекше мүшесі арқылы балықтар дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабатына өтеді.
Балықтар уылдырықтарын суға жеке-жеке шашпайды. Олар негізінен сырттай ұрықтанады. Сүйекті балықтар дара жынысты. Аталықтарының да, аналықтарының да 2-2 ден жыныс бездері бар. Аталық бөлігінен бөлінетін сұйықтық шоғал деп аталады. Оның құрамында өте көп мөлшерде аталық жыныс жасуша, яғни смерматозоидтар болады. Аналығында уылдырық деп аталатын майда жұмыртқа жетіледі.
Сүйекті балықтардың ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып, жұтқыншаққа жалғасады, ол өңешке ашылып, өңеш қарынға-қарын аш ішекке, аш ішек-тоқ ішекке ашылады. Тоқ ішек аналь тесігі арқылы сыртқа ашылады. Бауыр мен ұйқы бездің өт, сөл жүретін жолы аш ішекке ашылып, қорек қорытылады.
Курстық жұмыстың мақсаты:Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама беру, оның классификациясына толық зерттеу жүргізу, шығу тегі мен экологиясына, дамуы мен көбеюіне талдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама беру(сазан, шортан, ақмарқа)
2. Оның тармақтарын зерттеу(сәулеқанатты класы, қалақанатты класы)
3. Олардың экологиясын, маңызын талдау.
3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1. Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама (Класс Костные рыбы-Osteichthyes)
Сүйекті балықтар(лат. Osteichthyes) -омыртқалы жануарлар класы, балықтардың ең түрге бай тобы. Олардың қазіргі таңда 20 000 нан астам түрі белгілі. Теңіз жағалауының 200 метрге дейінгі қабаттарында кездеседі. «балдырлы көлде балық көп»деген сөз осыған байланысты айтылған.
Сүйекті балықтардың терісі жалпақ әрі қабыршақтармен қапталған[1, 189 б. ] . Қабыршақтарында ағаш дініндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтары бар. Сол арқылы балықтың жасын ажыратуға болады. Олардың желбезектерінің сырты сүйекті желбезек қақпағымен қапталған. Сүйекті балықтар көбінесе тұщы суларда, су қоймаларында, мұхиттарда, теңіздерде мекендейді. Сүйекті балықтарда шеміршекті балықтардікіндей арқа, аналь тесігі, құйрық қанаттары кең. Сүйекті балықтарда 4 жұп жетілген желбезктері болады. Олардың желбезек аралық перделері болмайды, желбезек талшықтары шеңберлеріне ғана бекініп тұрады.
Ас қорыту жүйесі:
Ауыз(mouth) →жұтқыншақ(larynx) →өңеш(esophagus) →қарын(abdomen) (созылмалы) →аш ішек(small intestine) (бауыр, өт, ұйқы безі осында ашылады) (liver, bile, pancreas) →тоқішек(large intestine) →тікішек(rectum) →
аналь тесігі. Бауыр улы заттар мен зиянды өнімдерді тазалайды(1-сурет) .
1-сурет. Сүйекті балықтардың асқорыту жүйесі
4
Сүйекті балықтарда суда тереңдіктерге өтуге көмек беретін, іші ауаға толы қапшық тәрізді ерекше мүше-торсылдақ болады. Ол балықтың дене салмағын өзгертуге, балықтардың судың түбіне енуіне жағдай жасайды. Торсылдақ кейбір балықтарда-дыбыс толқынын күшейтетін резонатор, ал кейбір балықтарда дыбыс шығаратын мүше ретінде жұмыс істейді[2, 145 б. ] . Сүйекті балықтардың қантару жүйесі, тыныс алу, зәр шығару жүйесі шеміршекті балықтарға ұқсас. Бірақ бұл балықтарда алғаш рет зәрді уақытша сақтап тұратын мүше-қуық пайда болды. Жүрегі екі қуысты, бір қанайналым шеңбері бар. Зәр шығару жүйесі-екі бүйрек, екі несепағар. Сүйекті балықтардың миы қарапайым:алдыңғы миы кішірек, екі ми сыңарына бөлінбейді, ортаңғы ми және мишық ірі. Балықтардың жүйке жүйесі, орталық жүйке жүйесі-ми мен жұлыннан тұрады. Алдыңғы ми бөлімінен иіс бөлімдері тарайды. Аралық миынан 10 жұп эпифиз бөлініп шығады. Бас миынан 10 жұп нервтер тарайды. Есту мүшесі бір ғана ішкі құлақтан құралады. Денесі бас, тұлға, құйрық бөлімдерінен тұрады.
2. сурет. Шеміршекті және сүйекті балықтардың салыстырмалы кестесі
5
Шеміршекті сүйектілердің көп белігілері шеміршекті балқытарға ұқсас. Олар көбінесе су түбінде тіршілік етеді. Шеміршекті сүйекті балықтардарда шеміршекті балықтардың мына белгілері сақталған:рострумның болуы, сондықтан ауыз тесігі көлденең саңылау секілденіп, басының астыңғы бетінде орналасқан. Құйрық қанаты гетероуеркальды, жұп қанаттары қақпашалары және жүрегінің артерияларды конусы болады. Балықтардың көру органы жақсы дамыған. Сондықтан судың ішіндегі қатты заттарға соқтықпауына бүйір сызығы себепкер болады. Бүйір сызығы түрлі балықтарда түрліше орналасқан. Мысалы:алабұғада бүйір сызығы бүйірін қуалай орналасса, ал семсер балықтарда бүйір сызығы иректеліп орналасады. Терісінде болатын көптеген бір клеткалы бездер үздіксіз шырын шығарып тұрады. Сол шырынның әсерінен балықтың денесі су ішінде майлап қойған секілді кедергісіз, тез қозғалады.
1. 2. Сүйекті балықтардың көбеюі мен дамуы
Сүйекті балықтар негізінен сырттай ұрықтанады. Балықтар дара жынысты, оларда қосжыныстылық өте сирек кездеседі. Аталықтарында жұп аталық бездері, жұп тұқым жолы болады. Аталық безден бөлінген сұйықтық шоғал деп аталады, оның құрамында өте көп мөлшерде смерматозоидтар болады[. 3. 189 б. ] . Аналығында уылдырық деп аталатын майда жұмыртқалар жетіледі. Балықтар негізінен уылдырықтарын суға жеке-жеке шашпайды. Көп жағдайда уылдырықтар бір-бірімен сілемейлі, тығыздау шырышты зат арқылы байланысады. Ішінде жүздеген, кейде миллиондай уылдырықтары бар осы бекет су астында өсімдіктерге бекініп тұрады(3-сурет) .
3 сурет. Алабұғаның көбеюі
6
Уылдырық шашылған жерге аталық балықтар келіп, шоғал сперматоидтарын шашады. Талшықты сперматозоидтар уылдырықтармен қосылып, оларды ұрықтайды. ұрықтанған уылдырықтан ұрықтың жаңа түрі дамиды. көпжасушалы ұрықтың пайда болуы, одан дернәсілдің жетілуі
уылдырықтың ішінде жүреді. Дернәсіл уылдырықтағы қоректік заттардың мол қорегімен қоректенеді. Одан уылдырық қабығынан шығады. Бірінші кезде уылдырықтан қалған кішкене сарықапшық ішіндегі қоректік затпен қоректенсе, ол таусылған соң майда жасыл балдырларды, жәндіктерді, ұсақ шаяндарды жеп күн көреді. Өздігінен қорек аулап, тіршілік ете бастаған балық дернәсілін шабақ дейді. Ол ересек балыққа ұқсас келеді. Кей балықтар көбею кезінде жылыстап, өрістейді. Ұрықтанған уылдырықтан бірте-бірте дернәсіл, одан шабақ өседі. Мысалы:бекірелер, албырттар теңізден өзенге өрістеп, уылдырық шашады. Уылдырықтары ұсақ, оның сыртында жұқа мөлдір қабығы болады. Ұрықтану аналық ағзадан тыс, яғни су ішінде жүреді. Тек кей түрлері тірі жұмыртқа туады.
Мысалы Американың субтропиктік суларында мекен ететін тісті карптәрізділер(Cyprinodontidae) және аквариумда өсетін-гамбузия балығы тірі шабақ туып, көбейеді.
Аталық жыныс бездері аналық жыныс безіне қарағанда бір жыл ерте жетіледі. Мысалыға:Каспий теңізінде мекендейтін килька, хамса балықтары юір жыл ішінде жетілсе, тірі туатын гирардинус балығын аквариумда ұстаса, туғаннан кейін 3-4 айда жыныс бездері толығымен жетіледі. Керісінше, бір балықтардың жыныс бездерінің жетілуі бірнеше жылға созылады. Оған қызыл балықты(7-8 жыл), бекіре(12-13 жыл) жатқызсақ болады.
1. 3. Сүйекті балықтардың экологиясы мен маңызы
Балықтар адамның өмірінде үлкен маңызды рөл атқарады. Кәсіптік қажеттілігі бар балықтарды көбейту үшін арнайы балық зауыттарында қолдан ұрықтандырады, шабақтар өсіреді. Адамдар балықтың етін, уылдырығын, бауыр майын тағам ретінде қолданса, басқа өнімдерінен дәрі-дәрмек, үй жануарларының тағамдары ретінде қолданылады.
Балықтардың кәсіптік маңызы зор. Мысалы:майшабақтәрізділер отрядына жататын қылқа(килька) Балтық теңізінде, сардинка Қиыр Шығыс теңіздерінде, тұқы балықтар(карптар) өзендерде, көаауықтар(камбалалар), сетінектер(трескалар), бахтах балықтары жатады. Балықтардың еттерін және уылдырықтарын тағам ретінде пайданалады, консервілейді, маринадтайды. Тресканың бауырынан балық майы алынады. Оның құрамында Д витамині көп. Оны мешел ауруына қарсы ем ретінде пайдаланады.
7
Балықтардың экологиялық жөнінен топтастыруға белгілі көзқарас жоқ. Бірақ орыс оқымыстылары К. Ф. Кисслер, Н. А. Смирнов, А. А. Браунер, В. И. Майснер зерттеулеріне сүйенсек балықтардың экологиялық тобын білуге болады. Мысалы:
1. Теңіз балықтары-барлық өмірін тұзды теңіз суында өткізеді. Әр түрлі горизонттарда тіршілік етеді. Осы белгісіне қарай ол мынадай тортарға бөлінеді:
пелагикалық балықтар-судың терең қабатында өмір сүреді. Көбеюіне қолайлы орын немесе қоректерін іздеуде өзара араласады. Денсі ұзын, ұршық тәрізді, оларға акулалар, сардиналар, марелдар жатады.
литоральдық-су түбі балықтары. Осы су түбінде көбейеді, жауларынан қорғанады, қорегін табады. Пелагикалық балықтарға қарағанданда нашар жүзеді. Оларға скаттар, камбала, тана балықтары жатады.
абиссиальдық-теңіздер мен мұхиттардың терең қабаттарында мекендейтін балықтардың аз түрі. Олардың тіршілігі негізінен өте қолайсыз, әрі өте ерекше.
2. Тұщы су балықтары-тек қана тұщы суларда тіршілік ететін, тіпті теңіздің тұзсызданған өзен сағасына шықпайтын балықтар. Оларда бірнеше топтарға бөлінген:
ақпайтын көлдер мен тоспа суларда тіршілік ететін балықтар:табан, қарабалық.
жалпы тұщы, ақпайтын, ағын сулардың балықтары:шортан, алабұға.
ағынды су балықтары:форель, аққайран.
Балық өңдеу-балықты сақтау әне балықтан өнім алу үшін жасалады. Өңделген балықтың дәмдік, тағамдық қасиеттері жақсарады, сақтау мерзімі ұзарады, тасымалдауға ыңғайлы. Балық өңдеудің ең тараған түрі оны тоңазыту, суықта сақтау және мұз етіп қатыру. Тоңазытылған балықтың температурасы 1-50 С та болуы шарт. Бұл жағдайда балықты 8-10 тәулік сақтауға болады. Тұздау-балық өңдеудің ежелден келе жатқан ең көп тараған әдісі. Тұз мөлшері балық етінде 10-15%-ға жетуі қажет. Ыстау-тұздалған балықты 40 С тан аспайтын температурада түтінмен өңдеу. Ыстау кезінде балық кебеді, түтін балықтың етінің терең қабатына дейін сіңеді. Кептірі-тұздалған балықты одан әрі өңдеу әдісі. Балықты табиғи жағдайда немесе арнайы кептіргіш қондырғылар арқылы кептіреді. Балықты консервілеу-балыққа томатты тұздық қосып немесе майға араластырып, қаңылтыр қалбырда ұсақ мерзім сақталатын дайын тағам алу әдісі.
8
3. Өткінші балықтар-тіршілік әрекетіне қарай бір мезгілде теңізде, екінші мезгілде өзенде тіршілік етеді. Бұған жататын балықтар:кета, горбуша, семга, бекіре, құртпа балығы, кейбір майшабақтар жатады(4-сурет. ) .
4. Жартылай өткінші балықтар-теңіздерден өзен құятын тұщы бөліктерде тіршілік етеді. Көбею, кейде қыстап шығу үшін өзенге шығады. Бірақ, нағыз өткінші балықтардан айырмашылығы, олар өзен бойлап жоғары көтерілмейді. Мұндай балықтарға:қаракөз, табан, сазан, жайын жатады.
4. сурет. Сүйекті балықтардың түрлері
1. 4. Балық шаруашылығы
Балық шаруашылығы-халық шаруашылығының балық аулау, тасымалдау, қорғау, өсірумен, өңдеумен, су өсімдіктерін жинаумен шұғылданатын саласы. Балық шаруашылығынан бағалы тағамдар, балық ұны, майы, теңіз өсімдіктерінен йод, агар, емдік заттар алынады.
9
Практикалық бөлім
Сүйекті балықтардың классификациясы мен отрядтары
Сүйекті балықтардың 2 класс өкілі бар:
1. Сәулеқанатты класс тармағы(Actinopteridii)
2. қалақанатты класс тармағы.
Сәулеқанатты балықтар-дүние жүзінің түрлі су аймақтарында кеңінен таралған және кәсіптік маңызы бар балықтар. Қазіргі таңда бұл балықтардың 90%-дан астамы осы топқа жатады. Сүйекті қабыршақтары денесіне жапсарласа орналасқан. Құйрық жүзбеқанаттарының екі қалағы тең, торсылдат бар, қаңқасы сүйектелген. Сәулеқанатты балықтар класс тармағының систематикасы әлі де болса анықталмаған. Класс тармағына 10-12 отряд үсті біріктірілетін 35-40 отряд жатады[4, ] Сәулеқанатты класс тармағының өкілдері: бекіретәрізділер, майшабақтәріздестер, албырттәріздестер, сетінектер, көзауықтар мен тұқытәрізділер отрядтары.
Қалақанатты класс тармағының өкілдері:қостынысты және саусаққанатты балықтар отрядтары жатады(5-сурет) .
5. сурет. Сүйекті балықтардың классификациясы
2. 1. Бекіретәріздестер класы
Бекіретәріздестер-олардың тұмсығының болуы, құйрық қанаты қалақтарының тең болмауы, тоқ ішектің ішінде иір қатпарларының болуы т. б. шеміршекті балықтарға ұқсатады. Оларда желбезек пен торсылдақ болады. Бекіретәріздестердің кей түрлері өрістегіш, кейбірі тұщы суларда да мекен етеді. Олардың басқа балықтардан ерекшелігі-денсінің бойында 5 қатардан орналасқан ірі мүйізді шытыраларының болуы. Олар жонында, екі бүйірінің арқа және құрсақ тұсында орналасқан. Ондағы шытыраларының санына байланысты балықтардың жеке түрлерін ажыратуға болады(5, 190 б. ) .
10
Олардың денесі ұршық пішіндес, кейбірі арқасынан құрсағына қарай жалпақ, денесінің ұзындығы 27 см ден-7-9 м ге, салмағы 2 кг нан 1-2 тоннаға дейін жетеді. . Оның өкілдері:бекіре, қортпа, шоқыр, пілмай, т. б.
Бекіре(лат. Acipenser-осерт) -бекіретәрізділер отрядына жататын ірі, қызыл балық(6-сурет. ) . Қазақстанда Каспий теңізінде, Еділ мен Жайық өзендерінің бойында мекендейтін 2 түрлі тармағы бар:кәдімгі бекіре(A. g. gueldenstaedti) және парсы бекіресі(A. g. persicus. ) . Бекіре балықтарында сүйек болмайды. Олардың етінен түрлі дәмді тағамдар дайындалады. Бекіренің ұзындығы 5 м-дей, салмағы 200 кг-ға дейін келеді. Бекіренің тұмсығы қысқа, доғал немесе сүйрік, мұртшалары тұмсығының ұшына жақын, жотасында 5-19, бүйірінде 24-3, ал бауырында 6-14 қырлы сүйектері болады. 50-100 жылға дейін өмір сүреді[6, 174 б. ] . Бекіре наурыз айының соңы мен сәуір айының бас кезінде ағысы қатты, тасты, құмды жерлерде уылдырық шашады. Шабақтың ұзындығы 15-20 см-ге жеткенде теңізге шығады. Бекіренің шабақтары дернәсіл кезінде тұщы өзенде мекен етіп, 1 жылдан соң теңізде тіршілік етеді. Шабақтар шаянтәрізділермен, құрттармен, балықтармен қоректенеді. Бекіренің еті өте дәмді, ал қара уылдырығы өте бағалы кәсіп үшін пайдаланылатын балықтың түрі. Бекіре балығының асқазаны мен омыртқа жотасынан желім майын алуға болады. Сол майды тұрмыста ағаш желімдеу үшін пайдаланады. Сонымен, қатар өкпен ауруын емдеу үшін қолданады. Оның торсылдағы жақсы жетілген, желбезек қақапағы бар, сырттай ұрықтанады. XX ғасырдың аяқ жағында саны азайып кеткен. Оны аулау үшін арнайы рұқсат қағазын алу қажет.
6. сурет. Бекіре
11
Арал бекіресі немесе пілмай(Acipenser nudiventris) -Арал, Азов және Қара теңізінің оңтүстік бөлігінен және сонда құятын өзендерден ауланады. Оның еті бекіренің етінен қарағанда дәмділігі аз. Дене тұқры 210 см, салмағы 60 кг-дай.
Аталығы 9-13, аналығы 13-16 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырықтарын сәуір-қараша айларында шашу үшін өзенге өрістейді. Өзендерде қыстап шығып, наурыз-мамыр айларында уылдырығын ағысы қатты, асты, топырақты жерлерде шашады. Пілмай 2-3 жылда бір рет уылдырық шашады. 30-шы жылдары бекірнің арал пооуляциясынан жылына 620 т балық ауланған. Кейін аулау 6-9 тоннаға қысқарған. Сол үшінде оны аулауға тыйым салынған, қолда өсуге келмейді.
Тасбекіре-бекіре тұқымдасына жататын балықтардың бір түрі. Құмдауытты және майда тасты қайраңдар мен өзектерді мекен етеді. Дене пішіні лайлы ағысты суда тіршілік етуге бейімделген:басы күрек тәрізді, жалпақ, көздері кішкентай, оның есесіне сезім мүшесінің қызметін атқаратын ұзын мұрттары жақсы дамыған. Ерекше сауыт құрайтын қырлы сүйектері денесін түрлі сыртқы ортадан келетін зияндардан сақтайды. Тасбекірелердің 25 туыс өкілі бар. Олар:америка Тасбекіресі, ортаазиялық Тасбекіре, Сырдария бекіресі. Сырдария тасбекіресінің уылдырығын су температурасы 14-16 С-қа жеткенде, наурыз-сәуір айларында өзен арнасындағы қиыршық құмды және майда тасты қайраңдарға салады. Бүл түр қорғауға алынып, Қазақстаннның «Қызыл кітабына»енгізілген.
Шоқыр(Acipenser stellatus) -бекіре тұқымдасына жататын балық. Негізінен, Қара Азов теңіздеріндер тіршілік ететін балық. Қазақстанда Каспий теңізінде, оған құйылатын Жайық өзенінде таралған. Тұмысығ ұзын, мұртшасы қысқа. Арқасы бүйір сүйектеріне дейін қара, бауыры ақшыл түстес. Ұзындығы 160-220 см, салмағы 14-68 кг-ға дейін жетеді. Көктем, күз айларында уылдырық шашды. Уылдырық шашып болған ересек балықтар мен шабақтары теңізге ойысады да, мұнда қоректерін іздеп, қоныс аударады. Майда шабақтар зоопланктонмен, ересектері ұсақ балықтармен, моллюскалармен қоректенеді. Кәсіптік мәні бар аса бағалы балық. Еті, уылдырығ өте дәмді, торсылдағынан желім дайындалады. Бұл балықты Каспий, Арал-Қара теңіздерден аулайды.
Қортпа(лат. Huso huso-) -бекірекелер тұқымдасына жататын ақ балықтың бір түрі, ұзындығы 424 см, салмағы 1 тоннаға дейін болатын балық. Ол Каспий, Азов, Адриат, Қара теңізде кездеседі. Балық өнеркәсібінде мұның маңызы өте зор. Қортпаның тұмсығы қысқа әрі үшкір, астыңғы ерні ортасынан бөлінген. 1986 жылы сәуірде Жайық өзенінен ірі қортпа ұсталған, оның салмағы 867 кг, уылдырығы 156 кг, 5, 69 миллион уылдырық болған. Жкелеген аталықтары 9-11, аналықтары 12-14 жасында жыныстық жағынан жетіледі.
12
Уылдырығын шашу үшін Жайыққа шілде мен қазан, наурыз бен сәуір айларында өрістейді. Уылдырығын жылда емес, 5 жылда бір ақ рет шашады. Сақа қорытпалар нағыз жыртықштар болып саналады[7, 45 б. ] . Қортпаны сүйрік балықпен будандастыру арқылы бестер балығы алынған.
Сүйрік-бекіре тұқымдастарының ішіндегі бірден-бір тұщы су балыңы. Оны Каспий, Азов, Қара, Ақ, Баренц және Қара теңіздерінен, сондай-ақ Батыс-Сібір өзендерінен аулайды. Орташа салмағы 250-800 г[8, 232 б. ] .
2. 2. Майшабақтәрізділер класы
Майшабақтәрізділер(лат. Clupea) -тұздап консервіленген, сапасы жоғары әрі дәмді өнім беретін балық. Майшабақ етінің құрамындағы майы жыл бойында өзгеріп отырады, күзге қарай балық семіріп, оның майының мөлшері 20-30%-ға дейін жетеді, ал көктемде уылдырық шашарда не бәрі 4%болады[9, 232 б. ] . Майшабақтәрізділер отрядына еділ майшабағы, қылқа(килька) жатады(7-сурет. ) .
Еділ майшабағы(волжская сельдь-Alosa volgensis) -майшабақ тұқымдасына жататын балық. Каспий менізінен Еділ, Жайық өзендеріне шығады. Денсінің тұрқы 40см-дей, салмағы 600 г-дай. Түсі ашық қоңыр, арқа қанаты біреу.
7. сурет. Қылқа балығы
Қылқа(килька) -бұл үлкен коммерциялық маңызы бар, майшабақ тұқымдасына жататын ұсақ балықтардың атауы. Қылқа балығына 2 түрлі балық жатады:
13
Түлкі балық(тюлька) -өте ұсақ, ол Азов теңізі мен Қара теңізде өмір сүреді. Олардың етінің 13% май. Түлкі балықты дәмді, ысталған және кептірілген өнім ретінде пайдаланады.
Шпроттар(шпроты-Sprattus) -майшабақ тұқымдасына жататын, бөрене тәрізді балықтар. Денесінің ұзындығы 13-18 см-ге дейін, салмағы 10-12 г, олар жыныстық жетілуіне 1-2 жасында жетеді, 5-6 жасқа дейін өмір сүреді. Шпроттың кәсіптік маңызы зор, тағамға сүрленген, тұздалған күйінде пайдаланылады, консерві дайындалады. Олар зоопланктонмен қоректенеді. Шпроттар тұқымына 5 түрлі балық түрі кіреді:
1. Еуропалық спрат(sprattus sprattus) ;
2. Американдық спрат(sprattus muelleri) ;
3. Жаңа Зеландиялық спрат(sprattus antipodum) ;
4. Оңтүстік-америкалық спрат(sprattus fuegesis) ;
5. Австриялық спрат(sprattus novaehollandiae) .
Албыртәрізділер(лат. Salmonidae) -дене тұрқы орташа, ірі балықтар. Албырттардың дене тұрқы 130 см, салмағы 2-3 кг. Денесі тығыз қабыршақтармен қапталған, бүйір сызығы жақсы жетілген. Оның басқа балықтарға қарағанда бас сүйегі нашар сүйектенген және жүзу торсылдағы өңешпен бірігіп кеткен. Олар құйрық бөлімше жақын орналасқан майлы жүзбеқанаттары арқылы басқа балықтардан ажыратылады. Бұлардың көбі өрістегіш балық. Уылдырықтарын шашу үшін Амур өзеніне көтеріледі. Албырттың етінен-таза консервілер, түрлі балық тағамдарын дайындауға, сондай-ақ тұздай ысталған күйінде, ет және уылдырық тағамдарын әзірлеуге болады. Консервіленген албырттан сорпа жасалады, ол салат пен окрошка әзірлеу үшін қолайлы. Албырттар Қиыр Шығыс теңіздерінде мекендейді. Албырттар өнеркәсіптік жолмен ауланатын балықтар тобы, оларға Тынық мұхит албырттарына:семга,, кета, форель,, құнысбалық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz