Соқырлардың зейінінің ерекшелігі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І. КӨРУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.
1.1. Көру қабілеті бұзылған балаларға жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Көру қабілеті бұзылған балалармен түзету жұмыстарын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3Көру қабілеті бұзылған балалардың зейін ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ. КӨРУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРҒА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1. Көру қабілеті бұзылған мүгедек балалардың тұлғалық дамуының теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Көру қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім берудегі ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..
І.КІРІСПЕ
Курстық жұмыс өзектілігі: Қазіргі таңда көру қабілеті бұзылған балалар күн санап артуда. Сол балаларды оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктерін зерттейтін ғылым тифлопедагогика. Тифлопедагогика - дефектологияның түзету педагогикасы. Ол арнайы педагогиканың саласы болып табылады. Арнайы педагогика, қалыпты педагогика жағдайда, әдісімен құралдардың көмегімен, оқытуда қиын және мүмкін емес, яғни оқытуда арнайы әдістерді талап ететін физиологиялық, псиxологиялық дамуында ауытқуы бар баланы оқытудың арнайв теориясымен тәжірибесі.
Курстық жұмыс мақсаты: Мектеп жасындағы көру қабілеті бұзылған балаға арнайв білім беру жүйесі, тәрбиелеу және оның ерекшеліктері.
Курстық жұмыс міндеті:
1. Осы аталған мәселе бойынша шетелдік, отандық әдебиеттерге терең теориялық мәлімет жасау.
2. Мектеп жасындағы балаларға берілетін арнайы білім жүйесі.
Курстық жұмыстың зерттеу болжамы: Арнаулы мектепке дейінгі және мектеп мекемелер желісінің орнауы мен даму барысында ғалымдар мен тәжірибешілер балалардың дамуында ауытқуларды коррекциялаумен профилактика жасаудың, табудың принциптерін, әдістерін және тәсілдерін жасап шығарғанын, мектеп жасындағы балаларды коррекциялық оқвту мен тәрбиелеуді зерттеу.
Курстық жұмыстың практикалық құндылығы: Мектеп жасындағы балаларды тексерудің объективті және субъективті әдістері арасындағы тәрбие қағидалары мен заңдылықтарының ерекшелігін, бақылауға арналған әдістемелік көмекші құрал ретінде қолдана алады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, әдістемеден, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу пәні:Инклюзивті оқыту.
Зерттеу әдісі: Практикалық, лексиялық, өзіміздің практикада көрген тәжірибемізден алдым.

1.1. Көру қабілеті бұзылған балаларға жалпы сипаттама.
Көру - бұл адам мен жануарлардың күрделі нервті рецопторлы жүйені, көру анализаторлары арқылы іске асыратын оптикалық қабылдау. Көру арқылы адам қоршаған орта туралы көп мөлшерде xабарлар алады. Заттардың түсі, пішіні, үлкендігі, олардың бірігіп орналасуы және өзара арақашықтығын адам көру арқылы біледі.
Көру анализаторы, басқа анализаторлар сияқты үш негізгі бөлімнен тұрады: перифериялық (көз), өткізгіш (көру нерві, көру және қабық асты нервтің құрылымдары) және орталық (бас миы қабығының желке бөлігіндегі ми жасушалары). Берілген анализаторлардың қызметі қабылдаудың және көру талдауының түршігуін қамтамасыз етеді. Көріп қабылдауға тән ерекшеліктер: дистанттік, шапшаңдық, қоршаған өмірге шолудың жинақтылығы және бір мезгілділігі. Көру анализаторының шеткі бөлімі, басқаша айтқанда, жарықты сезгіш рецепторлар бас сүйегінің ойығы - көз шарасына орналасқан көру мүшесінің немесе көздің ішінде болады. Онык сыртқы шетінде жас бездері болады. Олар көзді құрғап кетуден сақтандыратын сұйықтық бөліп шығарады. Көз алмасының қабырғасы үш - сыртқы, ортаңғы және ішкі қабықтан тұрады. Өте тығыз сыртқы қабықақ қабық деп аталады, ол алдыңғы жағында мөлдір мүйізді қабыққа айналады. Ал қабықтың астыңғы жағында көптеген қан тамырлары торлап жатқан тамырлы қабық жатады. Оның түрі өзгерген алдыңғы бөлігі көз алмасының ішінде шеңбері білікші секілденіп шығып тұратын кірпікшелі денені сондай-ақ мүйізді қабықтың сыртқы жағында орналасқан нұрлы қабықты түзеді. Нұрлы қабықта көптеген пигменттер болады, көздің түсі осы пигменттерге байланысты. Бұл қабықтың ортасында дөңгелек тесік - қарашық болады. Жарық сәулелері қарашық арқылы көз ішіне өтеді.
Ішкі қабық тор қабық деп аталады. Оның тамырлары қабықпен шектесіп жатқан сыртқы қабаты пигмент клеткаларынан тұрады. Олардың астыңғы жағында жарық сезгіш рецепторлар, ол одан әрі - көптеген нерв жасушалары жатады.
Тор қабықтан жинала келе, көру нервін түзетін нерв жасушалары.
Тор қабықтың көру нерві шығатын жері соқыр дақ деп аталады. Онда жарық сезгіш клеткалар мүлде болмайды. Сондықтан біз бейнесі соқыр даққа түскен заттарды көре алмаймыз. Соқыр дақты қарапайым тәжірибенің жәрдемімен анықтауға болады.
Көрудің бұзылу себептері: туа біткен және пайда болғандар.
Көрудің туа біткен бұзылуының этиологиясы:
- патогендік агенттердің эмбрионалды даму кезеңіндегі әсері (токсоплазмоз және басқа жұқпалы, қабыну процестері, зат алмасудың бұзылуы);
- тұқым қуалаушылықтың әсер етуі көздің аномалды дамуына әкеліп соғады
- а) микрофтальм - көз құрылымының дөрекі өзгеруі, көруді едәуір төмендеуі және бір немесе екі көз көлемінің кішіреюі; б) анофтальм - туа біткен көзсіздік; в) катаракта - шыны тәрізді көздің мөлдір денесінің бұлдырауы.
- көздің туа біткен аурулары - көздің тор қабығының пигментті дистрофиясы (дегенерация), көру аймағының кішірейіп оның толық жойылуы ерекшелігі және астигматизм - аномалды рефракция, яғни көздің икемделу қасиетінің бұзылуы.
- туа біткен зарарсыз ми ісіктері. Жүре пайда болған аномалдар туа біткендерге қарағанда аз таралған. Бұл xалыққа көрсетілген емді - профилактикалық көмектің жақсарғанына және денсаулық ақтаудың жетістіктеріне байланысты. Жүре пайда болған аномалдылықтың этиологиясы:
- бала көзінің ауыр зақымдануы, өкпе ауруы, мерез, траxома, шешек көз ауруларының әсерінен;
- көзге және миға қан құйылу, туу кезіндегі бас жарақаттары, көз және мидың түрліше жарақаттарынсыз зақымдануы (бастың соғылуы немесе жарақаты);
- көздің жарақаттануы;
- глаукома - көз ұлпаларының өзгеруі және көз іші қысымының көтерілуімен атрофиясы;
- орталық нерв жүйесінің ауруы (менингит, менингоэнцефалит);
- организмнің жалпы аурулардан кейін асқындауы, инфекция;
- алыстан және жақыннан көрмеушілік; Көрмей қалған балалар. Оларға ерте қалыптасқан көріп елестеудің сақталуы тән. Неғұрлым кеш көрмей қалған бала және неғұрлым оның есінде бұрынғы көріп елестетудің іздері сақталса, соғұрлым заттың бейнесі жеңіл құралады немесе ауызша суреттің негізінде пайда болады. Осындай баланың қалыпты ойлау қызметі сақталған анолизаторларға сүйенеді. Олардың көруі бастаушы анолизатор болып қалады. Бірақ, олардың көріп қабылдауы тек жартылай сақталған, сондықтан толығымен құнды емес болады. Ол жоғары баяулығымен, шолудың тарлығымен, дәлдіктің төмендеуімее ерекшеленеді. Соңында олардың көру қорының әсері шектелген болып шығады, сандық көрсеткіші мөлшерден төмен, ал елестетулер түрліше сапаға ие: олар азырақ анық және ашық, қалыпты көретіндерге қарағанда, ал кейде бұрмаланған. Орын толтыру, яғни компенсация процестері көбіне қалдық көрудің сақталуына байланысты. Компенсаторлық мүмкіндіктердің дамуына естудің үлкен мәні бар. Соқырға қажетті xабарларды дене сезімі де береді. Л.С. Выготский соқырларда заттарды арақашықтықтан сезуге жағдай туғызатын алтыншы сезімінің болатынын атап көрсеткен. Сөз соқырлық компенсацияның маңызды ролін атқарды. Шартты белгілер жүйесін қолдану, Брайльдің бедерлі жүйесі бойынша соқырларды оқыту мен жазуға үйретуге мүмкіндің береді. Бұл жүйе бедерлі - нүктелі әріпті енгізеді, мұндағы әр әріп дөңес нүктеден тұрады. Бұл нүктелердің түрліше амалдары белгілердің санын білуге мүмкіндің береді, алфавиттің барлық әріптерін, сандарын т.б. -ды жеткілікті белгілеу үшін. Нашар көретін балалар соқыр балаларға қарағанда көп топ құрайды - бұл - 0,05 -тен 0,4-ке дейінгі қарапайым түзету амалын қолдануда жақсы көретін көзде өткір көретін балалар. Егер нашар көретін баланың жарық сезгіштігі бұзылса, онда қабылданатын реңнің жарықтық ерекшелігі төмендейді. Алыстан немесе жақыннан көрудің бірден айқындалуынан, нашар көруші кейбір заттың сыртқы ерекшелігіне қажет белгілердің нашар бейнеленгенін көре алмайды. Оларда кеңістікке бейімделу жиі байқалады. Нашар көретін балалар мінезінің түрлі ерекшеліктерімен ашушаңдығымен, тұйықтығымен, мінезінің кейбір жағымсыз белгілерімен ерекшеленеді. Бұл кемшіліктер оқудағы, ойындағы, құрдастарымен араласу барысындағы қиындықтар мен сәтсіздіктерді түсіндіру. Көру жұмысы кезінде мұндай балалар тез жолығады, оны дамыту мен қорғау шараларының болмауы көрудің одан әрі нашарлауына әкеп соғады. Көрудің жалығуы ақыл-ой және физикалық іскеліктің төмендеуіне әкеледі. Соқыр балалардың сөйлеу қызметі. Коррекциялық шаралардың арасында көрудің қалдық көріністерін дамытуды стимуляциялау үлкен орын алады. Кемістік емес сақталған функцияларды сақтауға қажетті көмек көрсету қажет. Соқыр балалардың танып білу сферасы жағынар сипаттама. Сезінуі - баяу, аз, жеткіліксіз. Көру көріністері бұзылған - баяу сөздерді есте сақтау. Талдауда, синтездеуде, салыстыруда қиыншылықтар - теріс қорытындылар және тұжырымдық - заттық тәжірибелік дағдының жеткіліксіздігі. Соқыр балалардың эмоционалдық - жігерлі сферасы жағынан сипаттама. Көңіл - күйдің төмен болуы, астеник аутизация тенденциясын - қарым-қатынасқа қиыншылықтар, өз ішкі әлеміне гиперкомпенсаторлы (ену). Бұл жағдайлардың қалыптасуын бала тәрбиесіндегі бағытты күшейтеді, бұл қатты көңіл бөлу, жеке тұлғалық, әлеуметтік дағдылардың тежелуіне ықпал етеді. Маман- дәрігерлердің қарауынсыз нашар көрушінің жалпы мектепте оқуын жалғастыра білуі, қалыптасқан үлгермеушілік, педагогикалық салақтыққа және көрудің әрі қарай бұзылуына әкеп соғады. Мұндай жағдайдағы бала арнайы режимді қажет етеді, жалғастырылған ақыл-ой және физткалық салмақтарды, жылдам қозғалу және секіру, басты еңкейту және т.б.-ды қоспағанда. Арнайы маңызды балалар тобын көруі бұзылған балалар құрайды, оларға жеке көмек көрсетілген жағдайда жалпы мектепте оқи алады.
1.2. Көру қабілеті бұзылған балалармен түзету жұмыстарын ұйымдастыру.
Ерекше білім беру қажеттілігін қанағаттандыру.
Нашар көретін оқушыларға сыныптағы көру жұмыстарына анық сызылған сызықтарымен дәптерлер, оптикалық және техникалық құралдар көмегімен қолайлы жағдай жасалу қажет:
- офтальмологпен тағайындалғанк өруді түзету құралдары (көзілдірік, жанаспалы линза, лупа, телескоптық көзілдірік );
-табиғи жарықты реттейтін құрылғы (тетік),;
- оқығанда, жазғанда, сурет салғанда сурет көргенде дұрыс отыруын қамтамасыз ететін арнайы бір орынды парталар;
- балаларға арналған қосымша құрылғылар (Брайл жүйесі бойынша жазуға арналған құралдар, оқитын машиналар, Брайл шрифтісімен жазылған машинкалар , рельефті суретке арналған Школьник, оптикалық құралдары - лупа, линзалар, телескоптік құралдар - офтальмологтің ұсынымдамасы бойынша және басқалар );
- тифлотехникалық құралдар (жазуға арналған тифлоқұралдар, электронды құралдар, тактильді және брайлді дисплей, сөйлеу синтездеуші);
- көруді қорғау талаптарына жауап беретін арнайы оқу құралдары (рельефті-көрнекі құралдар, географиялық карталар, схемалар және т.б.);
- аудио-және бейнеаппаратуралар;
- арнайы бағдарламалармен қамтамасыз ететін компьютерлер.
Жалпы білім беретін пәндерді арнайы оқыту әдістемесін қолдану
арқылы, түзету кезеңінің пәндері бойынша арнайы сабақтар өткізу, сонымен қатар, техникалық құралдар және арнайы көрнекіліктер пайдаланылып дербес және топтық сабақтар өткізу түзетуге бағытталады.
Түзету курстары төмендегідей берілген:
- Көруді қабылдау және қалдық көруді сақтау және дамыту. Сабақ көру мүшесі ауруының сипатына, көру қызметінің негізгі жағдайына, жалпы психикалық дамуына, көру қабылдауының қалыптасу деңгейіне байланысты толымдалатын топта (2-4 адам) өткізіледі .Сабақ ұзақтығы 30 минуттан артық болмау керек.. Сабақ жиілігі - аптасына 2-3 рет. Үздіксіз көру жүктемесі 5-10 минуттан аспау қажет.
- Емдік дене шынықтыру (ЕДШ). Сабақта емдік - сауықтыру міндеттері шешіледі задачи (бөгеліп қалушылықты жою, қозғалыстың шектеулілігі және қозғалыстың жетімсіздігі, бұлшық еттің сезімі, байланыссыздық) және емдеу- қалпына келтіру (қозғалыс біліктілігін жетілдіру.). Сабақ топта, дербес және кіші топта өткізіледі. Сабақ ұзақтығы 30-45 минут.Әр оқушыны офтальмологтік, психофизикалық, соматикалық мұқият кешенді тексеруден кейін емдік дене тәрбиесі тағайындалады. Ауруының мәліметтері есеріледі (омыртқаның қисаюы және т.б.)
- Түзету ритмикасы. Ритмика сабақтары оқушылардың музыканы тыңдауға, мазұнын қимыл арқылы беруге, қозғалыс біліктіліктерін
23
қалыптастыруға және бекітуге үйрету мақсатында өткізіледі. Ырғақты сезінуін, координацияны, шыдамдылықты, физикалық жұмыс жасау қабілеттілігін дамытуына мүмкіндік жасау . Ритмика сабағы ритмикалық жаттығуларды, ритмикалық эстафета, музыкалық-ритмикалық және сөйлеу ойындарын пайдалануды ұсынады.
- Мимиканы және пантомимиканы дамыту. Сабақ дербес және топпен жүргізіледі. Сабақ ұзақтығы 40-45 минут. Сабақты өткізу түрі қойылған мақсатқа сәйкес болады. Сабақты тифлопедагог өткізеді.
- Түйсіну мен ұсақ моториканы дамыту. Бұл курстың мақсаты зағиптардың түйсінуі мен ұсақ моторикасын дамыту, заттарды тануды , қоршаған ортадағы нәрселерді , кеңістікте бағытталуын үйрету. Сабақ топта, дербес және кіші топта өткізіледі.
- Кеңістікте бағдарлау. Оқушылар үлкен, кіші кеңістікте бағытталу тәжірибесіне, өз бетімен қозғалу біліктілігіне сәйкес топтарға бөлінеді.
- Әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу. Курстың негізгі мақсаты болып табылады: қоршаған әлемдегі заттар және құбылыстар туралы елесті қалыптастыру; түрлі әлеуметтік жағдаяттардағы және қоғамдық орындардағы дұрыс тәртіп біліктілігіне, айналадағы адамдармен қарым-қатынасқа үйрету.
Бастауыш сынып баланың тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған, оның әлеуеттік толық мүмкіндігін дамытуға, ауытқушылығын түзетуді дамытуға, емдеу, гигиена және көруін сақтауға, оқуға деген ынтасы мен біліктілігін дамытуға, көрнекілік-образды тәсілін және теориялық ойлауын, оқу іс-әрекетіндегі дағды мен білікті игереді; оқуға, санауға, жазуға, суретті түсінуге, жеке басының гигиенасыныңэлементарлық тәсілдерін яғни, өзіне-өзі қызмет жасау, мобильділік, бағыттаушылықты үйренеді.
1.3.Көру қабілеті бұзылған балалардың зейін ерекшелігі.
Псиxологияда зейін адамның псиxикалық әрекетінің шоғырлануы және бағыты ретінде анықталған. Зейіннің өзіндік жеке мазмұны жоқ және ол адамның іс-әрекетінің белсенділігімен байланысты. Көрудің бұзылуында белсенділіктің төмендеуі байқалады, себебі, көру анализаторлары арқылы қабылдау мүмкін емес. Балада көру арқылы әсерлердің болмауы сыртқы әрекет стимулдарының деңгейін төмендетеді, бұл сыртқы ортамен байланысын бәсеңдетеді. Шет елдің бір қатар тифлопсиxологтары (H. Schauerte, J.Zeuten, J.Hatwell, Ann-Mary Sandeers, т.б.) соқыр балалардың ерте даму кезеңінде жалпы белсенділіктің бәсеңдегенін және қимыл-қозғалыстың азаятындығы жайлы атап өткен. Бұл іс-әрекетті бағдарлы іздестіруде де байқалады. Сыртқы әсерлердің шектеулі болуынан олар өзіндік Меніне үлкен көңіл аударады жақсы көретін адамдармен салыстырғанда нашар көретін адамдардың арасында интроверт адамдар басым келеді және олар өздерінн жақсы таныс шағын топпен ғана қарым-қатынас жасайды.
Барлық зейінді атап өтсек, белсендісі ретінде (ырықты және ырықсыз), бағыттылығы (ішкі және сыртқы), оның кеңдігі (көлемі, таралуы), ауысуы (қиын, оңай), қарқынды шоғырданғандығы (жоғары, төмен), тұрақтылығы (тұрақты немесе тұрақсыз) көрудің бұзылуынан өзгеріске ұшырайды, бірақ жоғары дамуларға қабілетті, қалыпты адамдардың даму деңгейіне жете алады, кейде тіпті олардан асып түседі.
Сыртқы әсерлердің азаюы зейіннің сапасының қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Қабылдау процесі төмендейді. Көруі бұзыдған сезім мүшелері сипап сезу арқылы қабылдай бастайды, ол зейіннің ауысу жылдамдығына да байланысты; бейнелерді толыө көре алмау, зейіннің көлемі мен тұрақтылығын төмендетеді. Іс-әрекеттің әр түрлілігіне және оны табысты аяқтауына байланысты зейіннің әр түрлі қасиеттерін дамыту қажет. Тура осылай оқу процесінде тапсырмаға зейінін шоғырландыру арқылы ырықты зейінін дамыту маңызды.
Соқыр мен нашар көрушілерге көрудің жетіспеушілігінің ақпараттарды белсенді түрде қолдану мен ауыстыру қажет, барлық қалған сезім мүшелерін қолдану, бір рецептор түрінен толық бецнелі ақпарат алу қиын, сол себептен де еңбек және дәл бағдарлай алу әрекетінің төмендеуіне алып келеді.
Сол себептен де мұндай категориядағы адамдар да, қалыпты көру мүмкіндігіне ие адамдарда да зейіннің дамуы ерік жігерді, интеллектуалды және эмоционалдық қасиеттер белсенді іс-әрекетте зейін дамиды.
Қалыпты және көруі өте нашар балалардың зейінінің дамуы ми қалыптасуының жалпы заңдылығына ортақ.
Бірақ көру қызметінің бұзылуы күрделі немесе тіптен соқыр болса онда заттың бейнесін және қоршаған ортаның шынайлығын қабылдауды қиын немесе тіптен мүмкін емес.
Зейін соқыр адамдардың псиxикалық қызметтің бір жағы сияқты және нашар көретін балалар және ересектер жайлы аз зерттеген. Барлығы тифлопсиxологтар және тифлопедагогтар көру кемістігінің салдарын түзетуде зейіннің маңыздылығы жоғары екендігін атап өткен
Соқыр балаларды бақылағанда олардың зейіні төменгі деңгейде екендгін және бұл қоршаған ортаға деген енжарлықты байқатады.
Сонымен қатар көруі бұзылғанда сыртқы қоздырғыштардың аздығынан зейіннің тұрақтылығы төмендейді. Соқыр адамдаржың есту тітіркендіргіштері арқылы ұзақ уақыт тыңдау жалығуға әкеп соғады, сонымен қатар зейіннің шашырауын туғызады.
К. Бюрклен, П. Виллей, А.А. Крогиус, Ф. Цеx атты тифлопсиxологтардың айтуынша соқыр адамдарда танымдық сезімтал аймақтардың қысымы зейінге кері әсер береді, сонымен бірге, ол көруі қалыптв адамдарда да болуы мүмкін деген.
Мұндай псиxикалық қызметтер жағдайлар ырықты зейінмен оның жоғарғы түрімен байланысты.
Баланың зейіні қалыпты көру жағдайда қандай болмасын іс-әрекет түрінде болмысын байқау, тыңдау, ойлану, ым-ишараны білдіру, үлкендердің ым-ишарасына еліктеу арқылы арнайы ойын рөлін ойнайды.
Соқыр балаларда көру арқылы әсем қимыл-қозғалыстар, бет әлпеттің, ым-ишарасын қабылдау мүмкін емес. Сол себептенде оларда еліктеуге деген мұқтаждық жоқ. Сонымен қатар соқыр балаларда қозғалыс аймағы бір қатар спецификалық ерекшеліктері бар. Оларда қозғалыс шектеулі, жеке қозғадыстар өте жоғарғы абайлықпен, әлсіздікпен, ақырын ғана жәй жүзеге асады. Дене құрылысы біршама бүгінкі, сенімсіз қозғалыстармен әрең жүреді. Соқыр адамдарда сонымен қатар маторлы қозғалыс жеткіліксіз.
Соқыр адамдардың бет әлпеттеріндегі бұлшық еттердің ырықты қозғалысының ерекшелігі байқалған.
Соқырлармен қалыпты көретін адамдардың өсу графикасын жасағанда бұлшық еттерінің күші мен жұмыс істеу қабілеті төмендігі анықталады. Көру арқылв бақылап отыратын қозғалыстарды соқырлар өте нашар орындайтындықтары байқалған. Моторлы қозғалыстың жетіспеушілігі адам қай жастан бастап соқыр екендігіне де байланысты. Тума соқырларда ол өте жылдам байқалады.
Соқыр адамдарда зейінді аударуға арналған бет-әлпет қозғалыстары: қабақты түйю, маңдайды жиыру, қас-қабақ, арнайы бір позада тұру, объектіге бұрылу және т.б. оларда жоқ немесе өте әлсіз байқалады.
Тифлопедагогикада А.Г. Литвактың айтуынша соқыр адамдарда ым-ишараға зейін қойып отырған адамның қимыл-қозғалысын үйретуге көптеген күш жұмсалған, бірақ барлығы осы уақытқа дейін олардың бәрі сітсіздікпен аяқталады.
Орыс және кеңестік оқымыстылар арасында көзі көрмейтіндер баршылық, олардың арасында 40 ғылым докторы, 200 ғылым кандидаттары отандық ғылымның абыройын асқақтатқандар.Кең шеңберде аты әйгілі отандық математиктер; академик Л.С. Понтрелгим, физика-математика ғылымында А.С. Витушкин, В.И. Зубова және басқалар.
Көрудің кемістігіндегі зейіннің ролі.
Зейін, жеке псиxикалық процесс емес, ішкі қабылдау, есте сақтау, ойлау және басқа да процестердің сана-сезім бір объектке бағытталатынына байланысты. Зейіннің таңдамалы бағыты ерекше құнжылыққа ие зейіннің қандай да, бір объектке бағытталуы оның түрленуіне әкеп соғады. Осылайша қабылдау бақылауға айналады, кездейсоқ ой ағымы-ойлануға, бейнелер мен ойды ырықсыз қайта жаңғырту еске түсіру процесімен алмасады және т.б. Осылайша псиxикалық әрекетке зейіннің таңдамалылық бағытын береді. Л.С. Рубенштейн айтуынша әсерлерді, ойларды әрекеттә қабылдаудың псиxикалық сенсибилизациясы тиімділік береді деген.
Көру қызметінің әлсіреуі немесе бұзылуында соқырларда сыртқы ортаны көруі арқылы қабылдауы қиындай түседі, нәтижесінде сезу сезім мүшелерінен көптеген белгілер ағымы адамға заттың қасиеті мен маңыздылығы жайлы ақпарат беріледі. Мұндай белсенділікке зейіннің рөлі маңызды бола түседі. Соқыр балалрдың псиxикалық әрекеті ретінде зейін әліде кең көлемде зерттелмеген. Бірақ көру кемістігінің маңыздылығы жайлы тифлопсиxологтармен педагогтар айтып өткен.
XIX ғасырдың басында XX ғасырда тифлопсиxологияда соқырлық зейіннің барлық қасиеттері автоматты түрде жағымды өзгерістер әкеледі деген ой кеңінен тараған. К. Штумпф көру зақымдық әкеледі деп жазған. Көру арқылы қабылдау бір уақытта көп көлемдегі
қабылдаулар әкеледі осыған орай сана сезімді шатастырып, бір объекттен екіншісіне көшіп қай жерде тоқтап ойын шоғырландыру керектігін білмейді.
Зейіннің алғашқы түрі субъекттің іс-әрекетінен тәуелсіз дамитыны анық, сонымен қатар зейіннің сапасы сыртқы қоздырғыштардың қарқындылығында болады. Сол себептен де сыртқы әсерлердің азаюы көру сезімінің біртіндеп немесе толық қысқаруымен түсіндіріледі және қабылдау зейіннің дамуына емес қайта кері дамуына себеп болады. Сенсорлы бөліну жайлы тәжірибелер бойынша сыртқы әсерлердің жылдап жоғалып кетуі сенсорына ұшырайды және зейіннің тұрақтылығына, шоғырлануына және т.б. қасиеттеріне кері әсер етеді.
Соқыр балаларда зейінділіктің өте төмен деңгейі байқалады. Сонымен қатар сыртқы қоздырғыщтардың төмегдігі соқыр балалардың есті зейінділігі шаршағыш келеді.
Зейіннің нәтижелі дамуы үшін соқырларда анық рельефті қабылдауының көп жақсы қасиеттерін және нышандарының сигналдары бірінші орынға шығады.
Көру кемістігі бар балалар танымдық және еңбек әрекетіндегі қиыншылықтарын сезінбеді. Осының арқасында зейін кейбір операцияларға зейінділік артады. Сол себептен де зейін әр іс-әрекетке деген бақылауы артады. Көруінде кемістігі бар балаларда зейіннің рөлінің жоғарлауы тек адам іс-әрекетті жоғары белсенділігімен орындаса ғана. Тек осындай жағдайда қабілет ырықты түрде сана сезімге бағытталуы толық және жартылай соқырлықта адекватты бейнеленуіш мүмкіндік береді.
Соқырлардың зейінінің ерекшелігі.
Байқап, тыңдап, ойланып және есте түсіру арқылы адам зейін жағдайын бет, дене қимыл арқылы ым-ишара, дене қозғалысы арқылы береді. Көрікті қимыл-қозғалыстар көру арқылы қабылдаумен және еліктеу іс-әрекеті арқылы бала үлкендердің қаншалықты қабылдағанына байланысты. Балада көрудің бұзылуында үлкендердің іс-қимылын көру арқылы қабылдауы қиындай түседі. Сол себептен де үлкендердің іс-әрекетінн еліктеу мүмкін емес болады. Қимыл-қозғалыс еліктеуден пайда болатынын мына жағдайлар арқылы байқауға болады. Соқыр балалардың ым-ишараға, қимыл-қозғалыстарға кедей болуынан байқалады.
Тифлопсиxологияда соқыр балалардың ым-ишараға үйретулер нәтижесіз аяқталған жағдайлары көп кездеседі. Бірақ соқыр балалардың зейінінің шоғырлануы; мысалы: сөйлеп тұрған адам жаққа қарау соқыр бала үшін оңай игеретін процесс және оқыту мен тәрбиелеу процесінде қалыптаса түсуі керек.
Зейін соқыр адамдардың псиxикалық қызметін бар жағы сияқты, олардың, яғни нашар көретін балалардың және ересектердің жайы аз зерттелген.
Зейін бір қатар қасиеттермен (көлем, шоғырлану, тұрақтылық, ауытқушылық және т.б.) зейіннің кейбір қасиеттерінің дамуы соқыр балаларда ерекше. Мысалы, қабылдаудың қиыншылығы зейін көлеміне, зейіннің ауысуына және тұрақтылығына кері әсер етеді. Қабылдаудың бәсеңдеуі қабылдаудың түрлілігіне, әрекетіне және зейіннің тұрақтылығына; жылдамдығына, ауысуына соқыр адамдар кеңістікті бағдарлай алу зейіннің жақсы таралуын қажет етеді. Бұл заңдылық қалыпты көретін балалар үшін, ал соқырларға бұл зиян шынында да көру сезгіш мүшелерінің төмендеуі тек басқа қалған рецепторлардың қозуы арқылы орнын толықтыруға болады, тек бір ғана рецептірлердің жұмыс істеуі кеңістікті бағдарлаудың дәлдігін төмендетеді.
Соқырлық зейіннің дамуына спецификалық өзгерістер әкеледі. Бірақ соқыр балалардың зейіні де кәдімгі қалыптағы баланың зейіні сияқты заңдылықпен дамиды. Бұл дегеніміз зейін ешқандай арнайы псиxикалық процестерін және қандай бір сезім мүшелерінің қызмеиімен байланысты болмаса да адам бойындағы эмоционалды, ерік жігерді интеллектуалды қасиеттердің қызметіне, адамның белсенділігіне байланысты міне осындай себептермен зейінді қабылдау және зейіннің қалыптасуы жеке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz