Зерттеу жұмысының құрылымы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңдағы ұлттық сана мен танымдағы өзгерістер, еліміздің 1920-1930 жылдардағы қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени-әлеуметтік дамуына терең талдау жасап, кеңестік кезеңнің алғашқы жылдарындағы қалыптасқан кейбір мәселелерге шынайы баға беруді міндеттейді. Осы тұрғыдан, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында атап, дұрыс тұжырымдап берді: «Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті», - деп атап өткендей, бұл мәселе бойынша іс жүргізудің тарихын, оның іс жүргізу формасының даму эволюциясын айналып өтпейтіндігі бізге де белгілі.

XX ғасырдың 20-30 жылдары еліміздің тарих сахнасындағы аса ең күрделі кезеңдердің бірі болып табылады. Өйткені, бұл кезең революция нәтижесінде орнаған мемлекеттік жүйе мен билік аппаратының толықтай ауысымен түсіндірілсе, екінші кезекте зерттеп отырған тақырып аясындағы іс жүргізу мәселесі сол кезеңнің ең өзекті мәселелердің қатарына жатқызылды. Бұл мәселені шешу үшін кеңестік кезеңде құжаттардың үлгісін қалыптастыратын және жаңадан құрылған мемлекеттік мекемелердегі іс жүргізу үдерісін қадағалап отыратын ең алғашқы әдістемелік орталықтар пайда болды.

Міне, жоғарыда айтылғандардан біздің дипломдық жұмысымыздың тақырыбы қазіргі таңға дейін жеке тақырып ретінде зерттелінбегендіктен, ғылыми өзекті мәселеге арналғанын толықтай назар аударып, қолданбалық маңызын дәлелдейді деген сенімдеміз.

Зерттеудің нысаны. XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы жаңадан енгізілген іс жүргізу мәселелерін талдап,

Зерттеудің пәні.

Зерттеудің мақсаты. Дипломдық жұмыстың басты мақсаты 20-30 жылдарындағы іс жүргізудің тарихы және оның мәселелері туралы ғылыми айналымға енген немесе енбеген деректерді және тұжырымдарды талдап, қазіргі таңдағы іс жүргізумен сабақтастыра отырып талдау жасау.

Зерттеудің міндеттері.

  • Қарастырып отырған кезең аралығындағы іс жүргізудің ерекшеліктері мен негізгі мәселелерін қарастыру;
  • Орталық мемлекеттік архивіндегі 1920-1930 жылдардағы табылған құжаттарға палеографиялық және құжаттардың сыртқы белгілері бойынша талдау жасау;
  • 1920-1930 жылдардағы іс жүргізу саласында қабылданған реттеуші нормативтік-құқықтық базасы қаншалықты сәйкес келгені туралы тұжырымды талдау жасау;
  • XX ғасырдың 20-30 жылдардағы іс жүргізудің формасы тікелей мемлекетті басқару аппаратына әрқашан тәуелді болатының көрсету;
  • Кеңестік кезеңдегі іс жүргізу формасы қазірі таңдағы елімізде қолданып отырған іс жүргізу үлгісіне ұқсас жақтарын сипаттау;

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстандағы XX ғасырдың 20-30 жылдардағы іс жүргізу мәселесін зерттеу әлеуметтану және тарих ғылымдарында алғаш рет қолға алынып отыр. Іс жүргізу қоғамдық қызмет түрлерімен тығыз байланысты болып келеді және тұтастай алғанда мемлекеттік басқару аппаратының негізгі ажырамас бөлігі екендігі даусыз. Тақырыптың зерттелу деңгейін ашып көрсету үшін пайдаланылға әдебиеттерді отандық және кеңестік кезең тұсындағы әдебиеттер деп екі топқа бөліп қарастырылды.

Осыған орай тақырыптың жүйелі зерттелуі барысында алдымен орыс зерттеушілерінің еңбектеріне талдау жасалды. Ресейде іс жүргізу мен құжаттану бойынша қалыптасқан тарихи дәстүрдің бары анық. Бұл дәстүр орыс отаршылдығы мен қызыл режим тұсында Қазақстанға да ортақ болғаны белгілі. Бірақ Ресей орталық, еліміз шет аймақтағы «бодан елі» болғандықтан бұл мәселелер жаңа көзқарас тұрғысынан зерттелуі қажет. Ол еліміздің тәуелсіздігін баянды ету жолында еңселі қимылдар жасап, осы күнге дейін елімізде іс жүргізу қалай дамыды, қол жеткізген жетістіктеріміздің бағасы қандай және құжаттарды зерттеу әдістерін қолдануды қалай тиімді ету мәселелерін кешенді зерттеумен байланысты.

Алғаш іс жүргізудің зерттеу әдістерін С. М. Мингалев, А. К. Иванов пен Р. А. Поспелова т. б. қарастырады. Алайда жалпы сипаттамасын берумен ғана шектелген олар зерттеу әдістерінің тиімді қолдану жақтарын нақты көрсетіп бере алмады. Құжаттанудың зерттеу әдістерін жеке қарастыруға соңғы жылдары Бардаев, Столяров көңіл бөлгенмен, сипаттамасын ғана береді.

Іс жүргізу тарихы мен ұйымдастырылуының тікелей мемлекеттік мекемелер тарихымен тығыз байланысының бары және өткенге жаңа көзқарас тұрғысынан баға беруге болатыны Н. П. Ерошкиннің [1], Т. П. Коржихинаның [2] еңбектерін сыни талдау барысында анықталды. К. Г. Митяевтің [3] еңбегі іс жүргізудің әр тарихи кезеңдегі рөлін, құжаттармен жұмыс жасаудың жаңа тәртібінің ерекшеліктерін дұрыс түсінуге ықпал етті.

Ресейдің Қазақстандағы мемлекеттік басқару мекемелерінің тарихына арналған С. М. Мәшімбаевтің [4] еңбегі империялық мекемелердің қазақ жерін отарлау саясатын жүзеге асыруда іс жүргізудің маңызды құралға айналғанын анықтауға мүмкіндік берді. Қ. М. Атабаевтың [5], Г. А. Сексенбаеваның [6], Г. Е. Өтепованың [7] диссертацияларында құжаттардың тарихи дерек ретінде зерттелуі іс жүргізу мен құжаттанудың мұрағаттанумен, деректанумен тығыз байланыстарын ашып көрсетуде үлкен септігін тигізді.

Іс жүргізу мен құжаттанудың терминологиясын жетілдіру біріздеу мен стандарттау көмегімен жүзеге асырылды және сала ұғымдары жүйесінің басым бөлігі мұрағаттану мен археографияға ортақ болып келеді. А. В. Елпатьевский, Э. И. Ханпира, М. П. Илюшенко және өзгелердің еңбектерінде XX ғасырдың басындағы қалыптаса бастаған іс жүргізу терминологиясын талдай отырып, кеңестік кезеңде қабылданған алғашқы стандарттың рөліне баға беріледі.

XX ғасырдың 20-30 жылдардағы іс жүргізу мәселесінің зерттелуін отандық ғылым саласында А. С. Ысқақтың диссертациялық жұмысында іс жүргізу саласында атап айтқан кезең аралықта қазақ тілін ендіру мәселесін толыққанды қарастырылғанымен [7] , оның негізгі ұйымдастыру мәселесі және оларды реттеуші нормативтік-құқықтық актілері туралы мәселелер шетқары қалып қойылып, жеке тақырып ретінде зерттелінбеген. Сондықтан, зерттеу жұмысы жоғарыда көрсетілген кезең аралығын тақырып аясын кеңейтіп, төл тарихымызға деген жаңашырлықпен жазылып, ғылымға өз үлесін тигізеді деген ойдамыз.

Тақырыптың деректік негізі. Дипломдық жұмыстың негізгі деректік негізі Қазақстан Республикасының президент және Орталық мемлекеттік архивтерінің қорлары мен Ұлттық кітапханасындағы сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің жазбалары болып табылады. Оның құрамы әртүрлі, мемлекеттік мекемлердің іс жүргізу құжаттары, жеке істер, жазбалар және т. б еңбектер дерек көзі ретінде жеке талданып, жұмыс барысында беріліп отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу практиканың бағдарламасы
Жазба жұмысын жоспарлау
Педагогикалық зерттеудің нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттері
Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Мәтін - диплом жұмысының күрделі әрі маңызды бөлігі
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі пәні. Лекция тезистері
Денсаулық сақтаудың және медицинаның жалпы теориялық жүйелік ілімдері
Академиялық жазу және мәтін
Ғылыми педагогикалық зерттеуді ұйымдастырудың әдістемесі мен әдіснамасы пәні бойынша дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz