Парламентаризмнің даму тарихы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Базалық факультет
Құқықтанукафедрасы

Курстық жұмыс
Пәні:Конституциялық құқық
Тақырыбы:Қазіргі уақыттағы парламентаризм

Рецинзент:Жалғасов.Н.А
Орындаған:ЮП-19-5тобының студенті
Шарипов Жарасхан

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
I.Қазақстанда Парламентаризмнің қалыптасуы және дамуы 1.1.Парламентаризмнің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..7
1.2.Парламентаризмнің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..13
II.Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Парламентаризмі
2.1.Қазіргі Қазақстанның парламент институтының қалыптасуы...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Кіріспе
Жаңа қазақстандағы мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуы парламентаризм идеясы және тәжірибесімен тығыз байланысты. Парламентаризм деп құрылымдық және қызметі тұрғысынан билікті бөлу принципіне негізделген,парламенттің алдыңғы ролімен заңның жоғары тұруы,әлеуметтік әділеттілік пен құқықтық тәртіпті орнату және дамыту мақсатымен мемлекеттік билікті ұйымдастырудың ерекше жүйесін түсінеміз.Парламентаризмді басқаша да анықтайды: бұл қоғамды парламенттің дәрежесінің жоғарлығымен еңбектің,заң шығарушы және дамыту мақсатымен орындаушылық бөліну сипатындағы мемлекеттік басқарудың ерекше жүйесі;бұл парламенттің дәрежесінің жоғарлығымен заң шығарушы және орындаушылық бөліну сипатындағы буржуазияның жоғарғы мемлекеттік билігінің ұйымдастырушы және қызмет ету жүйесі.
Парламентаризм,күрделі саяси-құқықтық және әлеуметтік мәдени феномен ретінде бірнеше тәртіптердің мәніне ие.Ол үш негізгі деңгейде құрылған:парламенттік,яғни елдің ең ортаңғы заң шығарушы орган деңгейінде,оның басқа мемлекеттік институттардың өзара ықпалдасу деңгейінде және алдымен саяси, құқықтық кең жобада сол қоғамның жалпы мәдениетімен,ұлттың рухани өмірімен.Бөлінген деңгейлер фундаментальді блоктарды немесе парламентаризм деп аталатын конструкцияның бөлімшелері болып табылады.
Қазақстанның қазіргі парламентаризмі өзінің дамуын тек жуық арада бастады-1990-шы жылдардан.Қазіргі уақытта ғылыми басылымдарда құқықтық,демократиялық,конституциял ық мемлекеттің теориялары дамуда,парламент қызметінің нақты мәселелері зерттелуде.
Парламент қызметімен байланысты мәселелердің теоретикалық және тәжірибелік маңыздылығының күштілігі соншалық,мамандардың назарын қазір көп аударады.
Қазіргі Қазақстан жағдайында парламентаризм институтының дамуы екі фактордың ықпалымен жүзеге асады:бір жағынан отандық мемлекетіміздің революцияға дейінгі жинақталған тәжірибеге назар аударылады,ал екінші жағынан парламенттік құрылыстың дамуының шетелдік (алдымен батыстық)саяси-құқықтық ілімдеріне және тәжірибесінің жетістіктеріне басты назар аударылады.Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес өзінің заң шығарушы және өкілетті орган-парламенті бар.
Парламент және парламентаризм-өзара байланысқан ұғымдар, бірақта бірдей тең емес.Парламентаризм парламентсіз өмір сүре алмайды.Ал парламент парламентаризмнің маңызды элементерінсіз өмір сүре алмайды,алайда олардан айрылуы мүмкін.Осы маңызды элементтердің қатарына алдымен биліктің бөлінуі жатады, өкілеттілігі және заңдылығы.
Ерекше өкілеттілік атап өтуге болады,себебі тек қана халықтың өзін өзі демократиялық айқындау жағдайында ғана парламент демократиялық заңды халық жиналысы сипатына ие болады,кейінгі кезеңнің өкілетті корпоративті сословиелік және феодалдың сюзерендік кеңесшілер коллегиясынан және социалистік мемлекеттің өкілетті мекемелерін терең айырмашылығы осында.Мұндай хадықтық жиналыстың болуы парламенттік демократияның халықтың егемендігі принципіне негізделген мемлекет түрі ретінде айтуға болады.
ҚР қазіргі парламентаризмнің жағдайы уақытпен,яғни қазақстандық парламент өскен және дамыған тарихы кезеңдер барысымен анықталған.Сондықтан осы дамуды зерттеу менің пікірімше өте маңызды.Өйткені қазақстандық парламентаризмнің мәнін оның негізі мен принциптерін анықтау үшін,тарихқа жүгіну қажет,яғни неден басталды,ескі мен жаңаның арасындағы себеп-салдар байланысын бақылау қажет.

I.Қазақстанда парламентаризмнің қалыптасуы және дамуы
1.1.Парламентаризмнің даму тарихы
Халықтық демократияны білдіру нысаны ретіндегі өкілді билік қазақстандық қоғамға ежелден тән. Ол қалыптасқан саяси жүйеге байланысты өзгеріп отырды.
Қазіргі Қазақстан Парламенті бір палаталы өкілді органның - алғаш рет Қазақ КСР-інің 1937 жылғы Конституциясы, ал содан кейін Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы негізінде құрылған Жоғарғы Кеңестің орнына келді.
Жоғарғы Кеңес өзі жұмыс істеген кезде он үш рет сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің алғашқы сайлауы 1938 жылғы 24 маусымда өткізілді. Сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы өткiзiлдi.
Ол уақытта депутаттар корпусын құру баламасыз негізде Коммунистік партияның қатаң бақылауымен жүргізілгенін атап өту керек. Депутаттыққа кандидаттар партия ұйымдары белгілеген таптық, партиялық, ұлттық, жыныстық-жастық және басқа да квоталар бойынша іріктелді. Сондықтан заң шығару органының құрамында қанша жұмысшы, колхозшы, қызметші, коммунист, комсомол мүшесі, қазақ, орыс, украин, сондай-ақ басқа да ұлт өкілдері, әйелдер, жастар және т.с.с. болатыны сайлау басталмастан бұрын белгілі болатын. Мемлекеттік органдардың жоғары шенеуніктері, партия, комсомол және кәсіподақ органдарының басшылары атқарып жүрген қызмет лауазымдарына сәйкес депуттатыққа кандидат болып ұсынылатын.
Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы сайлау жүйесіне аз ғана өзгерістер енгізді. Еліміздің осы Негізгі заңына сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік биліктің жоғары органы болып табылды. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі КСРО Конституциясымен және Қазақ КСР Конституциясымен Қазақ КСР жүргізуіне жатқызылған мәселелердің барлығын шешуге өкілетті болатын. Жоғарғы Кеңестің жұмыс органы - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығында қажет болған жағдайда Қазақ КСР қолданыстағы заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізіп, оларды кейін кезекті сессияның бекітуіне ұсынатын. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі, қажет деп санаған жағдайда, кез келген мәселе бойынша тексеру комиссияларын және өзге де комиссияларды құратын. Барлық мемлекеттік және қоғамдық органдар, ұйымдар мен лауазымды тұлғалар тұрақты және өзге де комиссиялардың талаптарын орындауға, оларға қажетті материалдар мен құжаттарды беруге міндетті болатын. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-інің жүргізуіне жатқызылған кез келген мәселені қарап, шешуге уәкілетті еді.
1990 жылғы наурызда он екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтті. Бұл әкiмшiл-әмiршiл жүйенің ықпалы әлі де болса жеткілікті болып тұрған жағдайдағы республиканың жоғары заң шығару органының алғашқы неғұрлым демократиялық сайлауы болатын. Сайлау алдындағы тартысқа 360 депутаттық мандат үшін екі мыңнан астам үміткер қатысты. Республикалық қоғамдық ұйымдардан 90 адамның сайланғаны да аталған сайлаудың бір ерекшелігі болып табылады. Бұл сайлау толыққанды саяси партиялар болмаған жағдайда өткенімен, тоталитарлық жүйенің өзгеру процестеріне бұлжымас сипат берді.
Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңес Қазақстан парламентаризмінің қалыптасу тарихында ерекше рөл атқарды. Бұл бірқатар аса маңызды құқықтық актілердің қабылдануында, мемлекеттің 90-шы жылдардағы саясатын заңнамалық жағынан қамтамасыз етуде көрініс тапты.
Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1990 жылғы 24 сәуірдегі Қазақ КСР-інің Заңымен Қазақ КСР Президентінің қызметі тағайындалып, еліміздің алғашқы Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдады, онда тұңғыш рет аумақтың бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмайтындығы бекітіліп, еліміз халықаралық құқық субъектісі ретінде айқындалды, азаматтық институт, сондай-ақ меншік нысандарының тең құқылығы енгізілді.
1991 жылғы тамыз бен желтоқсандағы оқиғалар - Мәскеуде іске аспай қалған бүлік және Беловежск келісімдері КСРО тарихының соңғы нүктесін қойып, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті.
Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңес ымыраға келу жөніндегі екі жылдық ізденістерден кейін 1993 жылғы 28 қаңтарда Республика егемендігінің қалыптасуын заң жүзінде аяқтаған және шынайы конституционализмнің орнығуын жалғастырған Қазақстанның кеңестен кейінгі алғашқы Конституциясын қабылдады. Соның негізінде республикада ұлттық қауіпсіздікті, азаматтық құқықтар мен бостандықтардың нақты кепілдіктерін, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруды қамтамасыз етудің жаңа сапалы кезеңіне көшу басталды.
1993 жылғы Конституция, бір партиялық саяси басқарудан, монополиялық экономикалық жүйеден, тарихи күш көрсету идеологиясынан бас тартып, Қазақстан қоғамы дамуының оң серпіні үшін өріс ашты.
Әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінде Негізгі Заң Республиканы дүниежүзілік қоғамдастықтағы тәуелсіз мемлекет ретінде заңдастырды. 1993 жылғы Конституция Қазақстан өзін қазіргі заманғы өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде білдіреді, ол тату көршілік пен көптарапты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты қалайды, жалпы адамзаттық құндылықтардың жолын ұстанады деп жария етті.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында, бұрынғысындағыдай, Жоғарғы Кеңеске өте көп өкілдік берілді, бұл биліктің бөліну принципін жүзеге асыру мен тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін құруды қиындатып жіберді. Реформалардың одан әрі жүргізілуі республикалық билік органдарының, бірінші кезекте, өкілді органдардың тиімсіздігін анықтады, өйткені олар жедел өзгеріп жатқан оқиғаларға шұғыл түрде әсер ете алмады және осыған орай баламалы шешімдер қабылдауға дәрменсіз болды. Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңестің тұрақты негізде істеген жекелеген органдарының жұмыс нәтижелері де кәсіби Парламент құрудың қажеттігін дәлелдеді. Тежемелілік пен тепе-теңдік тетіктерінің жұмыс істемеуі Жоғарғы Кеңеске Үкіметтің қызметіне араласуына немесе оны ауыстыруға дейін баруына мүмкіндік берді, бұл республиканың өкілді органының қызметін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соқты.
Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңестің өзін-өзі таратуы биліктің жергілікті өкілді органдарының өкілеттіктерін тоқтатуынан басталды. Алдымен Алматы қаласының Алатау аудандық Кеңесі, ал содан кейін республиканың аудандық және облыстық Кеңестері бірінен соң бірі өз сессияларында өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұған қоса, 43 халық депутаты өкілеттіктерін тоқтатқаны туралы мәлімдеме жасап, әріптестерін өздерінің жолына түсуге шақырды. Он екінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 11-сессиясының жұмысы аяқталар қарсаңында жергілікті Кеңестердің төрттен бірінен астамы өз жұмысын тоқтатты. Осындай жағдайда халық қалаулылары Парламент қабырғасында өткізген ұзақ пікірсайыстардан кейін Сайлау туралы кодекс, Республика Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiктер беру туралы заң және Жоғарғы Кеңестің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы заң қабылдады. Республиканың жоғары өкілді органының соңғы екі заңнамалық актіні қабылдауының маңызы іс жүзінде Конституцияға түзетулер енгізумен бірдей болды.
1994 жылғы 7 наурызда өткен сайлау республикада көп партиялылықтың қалыптасуына ықпал етті. Сайлауға сайлаушылардың 73,84 проценті қатысты. Небары 135 бір мандатты округтер бойынша 910 адам ұсынылып, тіркеу шарттарына 692 адам лайық болды, орташа алғанда - 5 үміткер бір депутаттық мандат үшін күресті.
Уақытша регламентке сәйкес партиялар өкілдіктері негізінде Жоғарғы Кеңесте мынадай фракциялар құрылды: Қазақстан Халық Бірлігі Одағы (ҚХБО - 32 адам), Қазақстан Халық Конгресі партиясы (ҚХК - 22 адам), Социалистік партия (12 адам) және Кәсіподақтар федерациясы (12 адам), сондай-ақ, негізінен кәсіби белгісі бойынша қалыптасқан 14 депутаттық топ болды. Қазақстан тарихында тұңғыш рет саяси партиялар мен қозғалыстар биліктің нақты тұтқаларына қол жеткізіп, мемлекеттік бағдарламалардың қалыптасуына және қабылдануына ықпал ету мүмкіндігін алды.
1994-1995 жылдар кезеңі қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуындағы төтенше маңызды кезең болып табылады. 1994 жылғы сәуір - 1995 жылғы наурыз аралығында жұмыс істеген он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңес депутаттар тұрақты негізде жұмыс істеген Қазақстанның тұңғыш кәсіби парламенті болды.
Алайда он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің тағдыры өте қиындау болып шықты. Ол өз құқығына билік тармақтарын бөлу тетігі логикалық тұрғыдан аяқталуға дейін жеткізілмеген, биліктің тежемелілігі мен тепе-теңдік жүйесі нақты мазмұнмен толықтырылмаған, Жоғарғы Кеңестің, Президенттің және Үкіметтің мәртебесі аяғына дейін айқындалмаған мемлекеттік құрылыстың ең бір күрделі кезеңінде кіріскен еді.
Сонымен бірге он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің Қазақстанда парламентаризмнің одан әрі дамуына алғышарттар негізін салғанын мойындаған жөн. Он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің Төрағасы Ә. Кекілбаев: Кәсіби Парламенттің құрылуын, абзалы, ешбір қиналыссыз биылғы жылдың қоғамдық-саяси өміріндегі ең бір ірі оқиға деп атауға болатын шығар. Оның жұмысының басталуы жаңа мемлекеттілік пен демократияның қаз тұруындағы елеулі кезеңдердің бірі ретінде Қазақстанның тарихи күнтізбесіне кіретіні шүбәсіз... Кәсіби Парламент бізде ешқашан болған емес және біз сынап көрулер және қателіктер әдісімен жұмыс істеуге мәжбүр болдық... Жаңа мәртебе иеленген Жоғарғы Кеңес өкілеттіктерінің айқындалуы біртіндеп жүріп жатыр.
Он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңес бір жылдан сәл азырақ жұмыс істеп, заңсыз деп танылды, өйткені Конституциялық сот сайлау заңнамасының кейбір нормалары Конституцияға сәйкес келмейді деп таныды, депутаттарды сайлау соған сәйкес жүргізілген еді.
Ескі және жаңа саяси құрылыстың өзіндік тұрғыда ымыраға келуінің, ғасырлар бойы құрылған батыс демократиясының үлгісін кеңестен кейінгі кеңістікте енгізуге тырысудың көрінісі болған 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы әуелбастан-ақ қайшылыққа толы еді.
1995 жылғы 30 тамызда жүргізілген референдумның нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.
Жаңа Конституцияның жобасы жұртшылық арасында кеңінен талқыланды. Азаматтар 30 мыңға жуық ұсыныстар енгізді, ал Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен құрылған арнаулы сарапшылық-консультациялық кеңес оларды зерделеді. Мәтінді пысықтау кезінде мыңнан астам түзету ескерілді, осының нәтижесінде Конституция жобасының 99 бабының 55-і елеулі өзгерістерге ұшырады.
1995 жылғы 30 тамызда референдумға қатысқан халықтың 81,9 проценті жаңа Негізгі Заңды қабылдауды жақтады.
Республика Конституциясы заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының тұрақтылығын, тиімді жұмыс істеуін және өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін билікті бөлу принципін жай ғана жариялап қойған жоқ - онда тежемелілік пен тепе-теңдіктің нақты жүйесі баянды етілді. Негізгі Заң адамның жоғары құндылықтары ретінде оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын бекітті.
Мемлекеттік билікті бөлудің принциптері оның бірлігіне қайшы келмейді, оның тармақтарының келісілген өзара іс-қимылын, бүкіл биліктің олардың біреуінде толық шоғырлану мүмкіндігі болмауын көздейді. Бірыңғай мемлекеттік билік тармақтарының диалектикалық өзара іс-қимылы осыдан көрінеді. Ал биліктің тежемелілігі мен тепе-теңдік тетігі елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Қазақстанды президенттік республика деп жариялаған 1995 жылғы Конституция, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы, Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы, Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық заңдар биліктің әрбір тармағының мәртебесі мен функциясын реттеді.
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламенттің заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың жоғары өкілді органы болып табылатыны бекітілген.
Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екi адамнан, тиiсiнше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкiлдi органдары депутаттарының бiрлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жетi депутатын Сенат өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды.
Мәжiлiс жетпiс жетi депутаттан тұрады. Алпыс жетi депутат республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланады.
Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл.
1995 жылғы 30 тамызда жалпы халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламент ұғымы алғаш рет ресми түрде бекітілді. Осыдан кейін ғана ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Констициялық заң күші бар Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес қос палаталы Парламентке депутаттарды сайлау процесі 1995 жылдың соңында өткізілді.

1.2.Парламентаризмнің қалыптасуы
Қазақстандық заң шығарушы органға қазіргі парламенттің ерекшеліктерін берудің алғашқы әрекеттері 1990 жылдары, мемлекет тәуелсіздігі кезеңінде басталды. Онда Қазақстандағы парламентаризмнің негізі еуропалық парламентаризм принциптері болды. 15 жылдық тарихы бар Қазақстанның кәсіби парламентінің қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Николай Турецкий сөз сөйледі. Қазақстанда парламентаризмнің қалыптасуын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады. Тарихта айрықша рөл он екінші шақырылымдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне жүктелді, оның барысында 1990 жылдары реформалардың жүзеге асырылуын заңды түрде қамтамасыз ететін бірқатар ірі құқықтық актілер қабылданды. Жоғарғы Кеңес мемлекеттік биліктің жоғарғы органы болды және КСРО Конституциясымен және Қазақ КСР Конституциясымен республиканың қарауына берілген барлық мәселелерді шешуге уәкілеттік берілді.
Нақтырақ айтсақ, XII шақырылымдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау 1990 жылдың наурыз айында өтті. Бұл әкімшілік-әміршіл жүйенің әлі де жеткілікті әсер етуі жағдайындағы алғашқы демократиялық сайлау болды. Олардың ерекшелігі - алғаш рет саяси партиялар мен республикалық қоғамдық ұйымдардан кандидаттар ұсыну фактісі болды. Есімде, сол уақытта Тұңғыш Президент лауазымын орнату туралы Заң және басқа да бірқатар заңнамалық актілер қабылданды ...
Өте дұрыс. 1990 жылғы 24 сәуірдегі Қазақ КСР-нің заңымен Қазақ КСР-нің президенті лауазымы белгіленіп, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елдің бірінші президенті болып сайланды.
Қазақстанның егемендік алуындағы келесі қисынды қадам - ​​Жоғарғы Кеңестің 1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны қабылдауы, ол территорияның бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығын алғаш рет қамтамасыз етті, ел халықаралық құқықтың субьектісі ретінде анықталды, азаматтық институтын, сондай-ақ меншік теңдігін енгізді. Жоғарғы Кеңес 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу принципін жариялады. Нәтижесінде парламент пен парламентаризм құру үшін маңызды қадам жасалды.
1993 жылы 28 қаңтарда Жоғарғы Кеңес республиканың егемендігін орнатуды аяқтаған посткеңестік кеңістіктегі алғашқы Конституциясын қабылдады. 1993 жылғы Конституция Қазақстанның кеңестік кезеңнен заңды бөлінуін аяқтап, қазақстандық парламентаризмнің алғашқы кезеңін қорытындылай отырып, белгілі бір сызыққа негізделеді.
1993-1995 жылдар кезеңі қазақстандық парламентаризмнің даму тарихында өте маңызды. Құрылыстың екінші кезеңі, егер менің жадым маған қызмет етсе, онда он екінші сайланған Жоғарғы Кеңес өз функцияларын орындай алмайтындығына байланысты болды ... Сіздің ойыңызша бұл немен байланысты болды?
Олардың айтуынша, зұлымдықтың тамыры 1993 жылғы Конституцияда болған. Содан кейін көптеген заңгерлер сол кезеңнің Негізгі Заңында мемлекеттік биліктің ішкі қайшылықты құқықтық негізі болғанын атап өтті.
Академик Салық Зимановтың айтуынша, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясына сәйкес, Жоғарғы Кеңес республиканың жалғыз заң шығарушы және жоғарғы өкілді органы болып табылады. Жоғарғы Кеңес өте кең өкілеттіктерге ие болды, бұл мемлекеттік билікті бөлу қағидасын мүлдем жоққа шығарды . Сонымен қатар, тексерулер мен теңгерімдер жүйесі реттелмеген. Осылайша, Конституция мемлекеттік биліктің қайшылықты құқықтық негізін қалады. Академик Сұлтан Сартаев сол кезеңдегі мемлекеттік билікті бөлу қағидатын іске асыру проблемаларын былай сипаттады: Сол кездегі оқиғаларды талдау билік тармақтарының арасында сындарлы өзара іс-қимыл болған жоқ деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
1993 жылы 13 желтоқсанда 12-ші Жоғарғы Кеңес мерзімінен бұрын таратылатынын жариялады және сайлауды 1994 жылдың 7 наурызына тағайындады, сол арқылы елде парламентаризмнің дамуына жол ашты. 1994 ж. Сәуірінен 1995 ж. Наурызына дейін жұмыс істейтін XIII шақырылымның Жоғарғы Кеңесі Қазақстанның алғашқы кәсіби парламенті болды, онда депутаттар тұрақты негізде жұмыс істеді. Ол азайды. Депутаттардың жалпы санының 52 пайызы өзін-өзі ұсынған, 48 пайызы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері болды. Қазақстан тарихында тұңғыш рет саяси партиялар мен қозғалыстар биліктің нақты тұтқаларына қол жеткізді, мемлекеттік бағдарламалардың қалыптасуы мен қабылдануына ықпал ету мүмкіндігі пайда болды. 13-ші Жоғарғы Кеңестің тағдыры алдын-ала болжанбаған және тіпті қатты болды. Бір жылдан аз уақыт жұмыс істегеннен кейін, ол заңсыз деп танылды, өйткені Конституциялық Сот Конституцияға сәйкес келетін және депутаттар сайлауын өткізетін сайлау туралы заңның кейбір нормаларын мойындады (Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 1995 жылғы 6 наурыздағы қаулысы). Сонымен бірге, 13-ші Жоғарғы Кеңес Қазақстандағы парламентаризмнің одан әрі дамуына негіз қалағанын мойындау керек.
Парламент түсінігі алғаш рет 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында ресми түрде бекітілген. Осыдан кейін ғана ел президенті Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңның күші бар Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес депутаттарды сайлау процесі 1995 жылдың аяғында өтті. Осылайша, Негізгі Заң алғаш рет Қазақстан Республикасы Парламентінің екі палаталы құрылымын: Сенат пен Мәжілісті біріктіретін кеңестік өкілді органдар жүйесін жойды. Ол Қазақстанды президенттік республика деп жариялады және Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы, Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы, Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңдар биліктің әр тармағының мәртебесі мен функцияларын реттеді.
2007 жылғы мамырда өткізілген конституциялық реформа елдің саяси жүйесі эволюциясының қисынды кезеңі, қазақстандық қоғамның саяси жетілуінің үлгісі болды. Еліміздің жаңартылған Конституциясы жоғары өкілді билікті ұйымдастырудың жаңа жүйесін құруға негіз болды. Мәжілісте пропорционалды сайлау жүйесін енгізу сайлау жүйесін түбегейлі өзгертті және саяси партиялардың қоғамдағы маңыздылығын күшейтті. Конституциялық реформа аясында қоғамдық қатынастарды нығайтудың маңызды факторы, әрине, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің республиканың сайлау жүйесіне ұсыну қағидатын енгізу болып табылады. Сонымен қатар, ҚР парламентіне атқарушы биліктің қызметін бақылауға маңызды өкілеттіктер берілуі парламенттің мемлекеттік биліктің үшжақты құрылымындағы саяси салмағы мен беделін арттырды.
Осы конституциялық түзетулер негізінде Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, олардың негізінде жаңа жүйе бойынша 2007 жылғы 18 және 20 тамызда Мәжіліске сайлау өтті. 107 депутат сайланды, олардың 98-і пропорционалды ұсыну жүйесі бойынша партиялық тізімдер негізінде, тоғызы - Қазақстан халқы Ассамблеясынан. 98 депутаттың барлығы Нұр Отан партиясының мүшелері. Заң шығару практикасын және ұлттық мүдделерді бейнелеу мен ұсыну әдістерін жетілдіру, барлық төрт шақырылымның депутаттары жаңа парламентаризм жүйесін құруға ерекше үлес қосты. Парламентаризм ұғымын жаңа биікке көтерудің ең бір ерекше мүмкіндігі соңғы сайланған депутаттарға тиді, өйткені 2007 жылғы конституциялық реформаның арқасында олар мемлекеттік саясатқа әсер етудің маңызды құралдарын алды - атқарушы билікке қатысты бірқатар бақылау өкілеттіктері және жоғары лауазымды тұлғаларды үйлестіру құқығы. күйі.Бірақ бәрі өзгеріп, өзгеріп отырады және жақын арада, қазақстандық парламентаризмнің бесінші сатысы. Алдыңғы жағдайлардың барлығы мұны растайды ...
Иә, алдыңғы жағдайлар парламентаризмнің қазіргі кезеңінде оның алдыңғы сатылардан сапалы түрде ерекшеленетін жаңа даму кезеңіне өтті деп сеніммен айтуға мүмкіндік береді. Бұл оның институттандырудың оң динамикасының жаңа дәлелі және Қазақстан демократиясының жетілуінің белгісі болды. Тәуелсіздік жылдарында мемлекет пен қоғамның тұрақты даму факторларының бірі болып саналатын парламентаризмнің негіздері қаланды. Парламент президентпен, үкіметпен және сот жүйесімен қарым-қатынастың интеграцияланған жүйесін жасады. Бүгінгі таңда парламент заңмен жүктелген функцияларды сәтті жүзеге асырады, саяси биліктің органы және тәуелсіз заңды институт болып табылады.
Өткен жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының Конституциясы өзінің он бес жылдығын атап өтті деп айту мүмкін емес. Қазақстан Республикасы Конституциясының мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің басшысы Игорь Рогов: Конституциялық саясат мемлекеттің өзі сияқты үнемі дамып отырады, әйтпесе ол одан әрі дамудың тежегішіне айналады. Конституцияның өзі оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін қарастырады. 1998 және 2007 жылдары Қазақстанда жүргізілген конституциялық реформалар соның айқын мысалдары болып табылады. Уақыт қабылданған шешімдердің уақтылығы мен дұрыстығын көрсетті . Бүгінгі таңда Қазақстандағы парламентаризм дамуын жалғастыруда. Нұр Отан ХДП жанынан парламентаризм институты құрылды. Ол өз қызметінің барлық бағыттарында белсенді жұмыс жүргізеді, Нұр Отан ХДП-ның және оның Мәжілістегі фракциясының саяси қызметін ақпараттық-сараптамалық, сараптамалық-құқықтық және ұйымдастырушылық-практикалық қамтамасыз етуде көрнекті рөл атқарады, партияның интеллектуалды имиджін қалыптастырады, тиісті мәселелерді талқылауда делдал ретінде әрекет етеді қоғамның проблемалары, партияның жаңа жақтастарын тартуға көмектеседі. Сонымен бірге, басқарушы парламенттік партия қызметіндегі жаңа басымдықтарға сәйкес институттың ұйымдастырушылық және функционалдық даму процесі жалғасуда.
Бірақ шынайы парламентаризмді қалыптастыру ұзақ процесс. Әлемде парламентаризмнің көптеген модельдері бар. Бізге әлемнің әр түрлі елдерінің озық тәжірибелерін талдау қажет, менің ойымша, егер қажет болса, біздің саяси жүйеге бейімделе алатын, өзіндік қазақстандық құқықтық қалыптасу жолын табуға болады.

II.Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Парламентаризмі
2.1.Қазіргі Қазақстанның парламент институтының қалыптасуы
1995ж қабылданған ҚР Конституциясы ел тарихында мемлекеттің жоғарғы өкілетті органын белгілеу үшін парламент ұғымын алғаш рет қолданып,маңызды сипатына орай аталмыш органды әлемдік практикада қалыптасқан парламенттік модельге сәйкестендіреді.Негізгі заңның 5 тарауының ережесіне сәйкес мемлекеттік органдар жүйесіндегі ерекше орын Республика Парламентіне берілген болатын.Себебі бүкіл мемлекеттік механизмнің ұйымдастырылуы мен қызметін негіздейтін заңдарды талқылау тапсырылған.Біртұтас мемлекеттік биліктің бөлінісі жүйесіндегі Парламенттің мұндай айрықша орны осылайша елдің қолданыстағы құқық желісіндегі және мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасындағы заңдарды орындайтын функциялармен де байланысты болып келеді. Қазақстан Республикасы Парламентінің негізгі функциялары заң шығарушы және өкілетті болып табылады.Негізгі емес болғанымен де маңызды функцияларына бақылау және мемлекеттің жоғарғы органдарының кадрларын қалыптастыру функциясы жатқызылады.Парламенттің негізгі емес функциялары оның конституциялық потенциялын жүзеге асыруда маңызды мәнге ие.
Парламентаризмнің табиғаты мен принциптері жайында XX ғасырдың басында ең құнды пікір айтқан ғалымдардың бірі-ағылшын оқымыстысы Л.Дюги.Оның парламентаризм ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазақстан Республикасы кәсіби парламентінің қалыптасуы
Сайлау қарсаңындағы саяси партиялардың ахуалы
Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметі, жеке қарауына жататын мәселелері, мәні, белгілері
Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақстандық парламентаризмнің саяси- құқықтық институт ретінде қалыптасуы
Саяси жүйелердің негіздері ұғымы мен мәні
Қазақстан Республикасы парламентінің имиджі
Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі
Заң алдындағы жауапкершілік
1867—1868 жылдардағы әкімшілік-аумақтық реформа
Пәндер