Ата анаға ұлттық тәрбиеден кеңес


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

2. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК НЕГІЗІ.

2. 1 Мектепке дейінгі ұйымда қазақ этнопедагогикасын қолданудың мәні.

2. 2 Балабақшада қазақ этнопедагогикасын пайдалану іс-тәжірибесі

2. 3 Ұлттық тәрбие бала болашағының қайнар көзі.

2. 4 Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы-ұлттық тәрбие

2. 5 Қазақтың ұлттық ойындары

2. 6 Ата анаға ұлттық тәрбиеден кеңес

3 ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ПІКІРІ БОЙЫНША МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ АСЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

3. 1 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асыру аясында оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа тәсілі

3. 2 Асық методикасы арқылы мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу технологиясы

3. 3 Асық ойындарын ойнату арқылы балалардың қабілетін дамыту.

3. 4 Асық ойыны - ұлттық қазынамыз

3. 5 Асық ойынының түрлері және бала дамуына қосар үлесі.

3. 6 Асық ойыны-баланың өз бетінше даму әрекеті

3. 7 Асық ойынының бүгіні

ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ

Елімізде білім, тәрбие беру саласында ежелден келе жатқан халық тарихының салт дәстүрінің рухани ата -баба мұраларының алатын орны зор.

Ертеден халқымыздың інжу -маржандары қазақ халқының ұлы ойшылдары Қорқыт ата ӘбуНасыр әл-Фараби, Жүсіп Баласұғын, Қожа АхметЯссауи, Махмұт Қашқари, Жиренше Бұхар жырау Бергі заманда Абай, Ыбырай, Шоқаннан мұра болып қалған асыл сөздер халқымыздың бойына өшпес із қалдырумен келеді.

Ержүрек батыр Бауыржан атамыздың асыл қазынамызға қосқан үлесі қанша ма десеңші?!

ҚР Білім және ғылым министирлігінің шешімімен қабылданған Қазақстанның Республикасындағы мектепке дейінгі мекемелерде ұлттық рухты жаңартуды аса маңызды стратегиялық бағыттқа алып отыр.

Осы жолда негізгі міндетіміз оқу ұйымдастырудағы іс-әрекетімізде ұлттық рухта тәрбиелей отырып білім сапасын арттыру.

Елбасының «Балапан «балапан бағдарламасы -ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берілген ерекше құжат. Тәрбиенің негізі отбасында қалыптасады дегенмен мұнан кейін балабақшаның да ролі зор. Ұлттық тәрбиеден салт -дәстүр ауыз әдебиетінен нәр алып өскен ұрпақ қай кезде де аталар аманатына адал боларына кәміл сенеміз.

Ұлттық салт дәстүрді мәдениетпен өнерді насихаттау -тәрбиенің төресі. Көкпар, бәйге, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, т. б ойындарымыз арқылы қазақи қайнардан тәлім алса ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өседі.

Балабақшадағы сәбилерге жоғары деңгейдегі ұлттық сана сезімді, рухани мұраларға және ұлттық мәдениетке деген құндылықтарды қалыптастырып, рухани мұраға және ұлттық мәдениетке құндылық қатынастарын қалыптастыру отансүйгіштік, ұлттық намыс сезімдерін қалыптастырады.

Балабқшадағы ұлттық тәрбие берудің мақсаты: Ұлтжандыққа отансүйгіштікке тарихын мәдениетін салт-дәстүрін терең меңгеруге ана тілін қадірлеуге үйрету.

Балабқшадағы ұлттық тәрбиенің міндеті ата бабамыз қолданған үрдіс пен бүгінгі жаймен саралап, халықтық педагогиканының асыл мұралары негізінде саналы тәрбие беруді қилыстыру.

Балабақшадағы ұлттық тәрбиені өзектілігі. Тәрбиеленуші сәбилерді рухани ізгі қасиеттерге баулып, тәрбиенің көздері ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеуге халықтың салт -дәстүрлерін аялай білуге ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу болып табылады. Сәбилердің жас ерекшелігін ескере отырып елін жерін қорғауда атадан балаға мирас болып қалған тарихын салт дәстүрін, ана тілін қастерлеу үлкенге -құрмет кішіге ізет көрсетуін мұра етіп, тәуелсіз еліміздің парасатты адамгершілігі биік білімді азаматтарын тәрбиелеуде адами қасиеттерді қамтып білімді ұлттық қасиетті түсінетін тұлға тәрбиелеу. Қайырымдылықты-халықтан, пайымдылықты- қариядан үйрен деген ұлтымыздың тал бесіктен жер бесікке дейінгі екі аралықтағы өмірінің мәні боларлық адами қасиеттермен әдет ғұрыпты оқу ісәректін ұйымдастыруда үйреніп, алдағы өмірлерінде арқау болатынын ұғындыру. Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну.

Барлық халықты бір ғана арнаға салуға бағытталған өктем билік орнаған заманда қазақтың ұлттық әдебиеті де, мәдениеті де, салт-дәстүрі де қатты қысымға ұшырап, өрісі тарылғаны мәлім. Ұлтқа тән барлық қайнарлардың көзі тығындалып, бірте-бірте ізі өше бастады. Сондай саланың бірі -қазақтың ұлттық ойындары. Сол өктем билік орнаған заманда ұлт ойындарының ұлттық өнермен астасып жататынына мән бермеді. Кейіннен қазақ халқы тарихи кезеңге қадам басты. Өзінің Тәуелсіз мемлекетіне ие болды. Кешегі күндей күркіреген кеңес үкіметі санамыздан сызып тастауға тырысқан ұлттық ойындар ел Тәуелсіздігімен тірге төрге озды. Паң даланың төсінде патшалық құрған қазақ ұрпағына өркениет жауһарларын мұра етті. Оның әрбір әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, ұлттық ойыны ата-бабаның мәйекті мәдениетімен астасып тұр. Ендігі міндет сол мемлектіміздің экономикалық қазынасын арттыруға есе қосумен бірге ұлттық бейнесін де танытуға барлығымызды күш-қайрат жұмсауға жетелейді. Ұлттық қасиетті, салт-сананы, дәстүрді қалпына келтіре отырып, ұлттық сипатты да мықтап қалыптастыру -жүрегінде жалыны бар жастардың борышы. Киіміміз қара төел жұпыны болса да, ойынға бай едік. Ойынның неше түрі біздің халықта. Дегенмен де, қазақ жастары ұлттық ойындардан алыстап кетті. Махмуд Қашқаридің «Түркі тілдері сөздігінде» көне түркілердің: «Інген ыңыранса, бота боздайды» деген мақалы бар. Мынау қайта жаңғыру кезеңінде ұлт ойындарымыз да қажетке жарап қалар . . . Салт - ұлттың ғұмыр бойы жиған мәдениеті, ұлттың ұлт екенін әлем халықтары мойындаудағы төрт белгінің бірі. Біз асылы бар, жасығы бар, құдайға шүкір, салтқа бай халықпыз. Асық -ойынысол бай салтымыздың бір дәстүрі. Кезінде қазақ шаруашылықпен жаппай шұғылданған тұсында асық -әр үйдің, әр ауыл балаларының, жастарының да бас қосуының негізі.

Ертеде қазақхалқы асықты бала кезінде қолына алып, жас кезінен бастап ойнай бастайды. Тіпті сәби дүниеге келмей жатып, жас нәрестеге арнап асық жинайтындар да болған. Асық тұла бойы құдіретке тұнған күш іспетті. Сол себептен де бақсы-балгерлер асық арқылы болашаққа болжам жасаған. Ол әу баста ежелгі түріктердің арасында кеңінен тараған. Сондай-ақ асықты «Астралаг» деп ежелгі Грецияда, «Талус» деп ежелгі Римде салт-дәстүріне нақышталған ойын ретінде санап әрі насихаттаған. Алайда, асықты қазақтың ұлттық ойыны деп санағанмен, мұны Орта Азия халықтары, оның ішінде өзбек, қырғыз, тәжік т. б. ұлттар да әлі күнге дейін ойнап келеді. Асық ойындарының тәрбиелік мәні зор. Асық ойыны ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулиды. Асық ойыны - өзінің түрлеріне қарай баланыңкүш-жігерін арттырып, мергендігін, шапшаңдығын, ептілігі мен қырағылығын жетілдіреді. Бір мезгілде бірнеше бала ойнайтын асық ойынының түрлері жас баланың намысын жанып, «қатарымнан озсам» деген талпынысты бойға қасиет қылып сіңіреді. Асықтың атып ойнайтын түрлері үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады. Үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу, ширығу жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады. Қазағымның кең пейіліндей сары арқа даласында көсіле жазықта ойнаңанға не жетсін. Үлкен мен кіші бір-біріне қамқор болып ойнасаң да, құрдас пен құрдас бір-біріңе бәсекелесіп ойнасаң да, үлкен мен кіші бір-біріңді сынай ойнасаң да әбден болады. Жүгіресің, секіресің, көздейсің, тигізесің, ерегесесің, жеңесің, жеңілесің, ұтасың, ұтыласың, асыққа бай боласың, жоқ боласың. Таза бәсеке, таза тәрбие. Өтірігі, арамдығы, жалғандығы жоқ. Болмайды да. Міне, асық ойнының кереметі деп осыны айт.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

2. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК НЕГІЗІ.

2. 1 Мектепке дейінгі ұйымда қазақ этнопедагогикасын қолданудың мәні.

Қанша заман өтсе де, маңызын жоймаған этнопедагогиканы, яғни халықтық педагогиканы тәлім - тәрбиеннің түп қазығына айналдыру ата - ананың да, қоғамның да басты борышы.

Қоғамның барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы ұғымды анықтау, әр түрлі ғылыми - педагогиқалық көзқарастарды қалыптастыру проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер айтты, өмірлік мұра қалдырды.

Халық педагогикасының жан - жақты зерттеген ғалымның бірі Г. Н. Волков. Ол ең алғаш рет «Этнопедагогика» терминін қолданды. Ал қазақ тілінде этнопедагогиканың мән-мағынасын ашқан ғалым Қ. Жарықбаев. Этнопедагогика жас ұрпақты тәрбиелеуде халық тәрбиесін негізге алады.

Халық педагогикасы - бұл ұлттық қазына. Ұлттық тәрбие беру мәселесі әл-Фарабидің, Ж. Баласағұнидің, М. Қашқаридің еңбектерінде көрініс табады. Ұлтымыздың ұлы тұлғалары түркі халықтарының тәрбиелік ерекшеліктеріне үлкен мән бере отырып, ұлттық тәрбие берудің әдіснамалық негізін жасады. Халқымыздың кемеңгер ағартушылары Ш. Уәлихановтың, Ы. Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың, Ш. Құдайбердиевтің, М. Жұмабаевтың, А. Байтұрсыновтың, Ж. Аймауытовтың, М. Дулатовтың, т. б. педагогикалық мұрасында тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы ұлттық тәрбиенің маңыздылығы мен мазмұны ашып көрсетілді.

Тәрбиенің қайнар көзі ретінде халықтық педагогиканың аумағы кеңейе түседі. Олар: ертегілер, "жырлар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, мазақтамалар, мақал - мәтелдік сөздер, ұлттық салттар мен дәстүрлері, халықтық ойындар мен ойыншықтар.

Ертегілер баланы қызықтырады, сөзді тыңдай білуге үйретеді, оның қиялын дамытып, жан - дүниесін, мінез - құлқын қалыптастырады, дарын нышандарын өрнектейді.

Жаңылытпаштар баланың тілін ширатады. Жаңылтпаштың дүниетанымдық түрлері мен тәрбиелік нұсқалары әрі баланың тілін ширатып, әрі ой - өрісін кеңейтеді.

Жұмбақтар мен жұмбақ айтыстар баланың ойын, қиялын шарыктатып, қисындық пайымдау қабілетін дамытады, оны тапқырлыққа баулиды.

Санамақтар баланың ойлау жүйесін жетілдіріп, оның сюжеті нұсқаларға тапқырлық танытуға құштар етеді, дүниетанымдық мәнде құрылған санамақтар балғын жастың тапқырлық қабілетін дамытуға септігін тигізеді. Мазақтамалық, әзіл уытымен баланың басындағы кемшіліктерді көрсетіп, сергектікке тәрбиелейді, дегенмен, ертеде құрылған мазақтамалардың анайы түрлері де болған, халықтың мәдениеті өскен сайын, ауыз әдебиетінің бұл түрі сыпайы сын, әдемі әзіл түрінде құрылып жүр.

Мақал - мәтелдер халықтың жиі қолданатын тәрбие құралы. Қазақ халқының мысалдап, мәтелдеп, мақалдап сөйлейтін ұлттық, ерекшелігіне сәйкес оның мақал - мәтелдері де мол. Ауыздан - ауызға тарайтын бұл жанрды халық күн сайын толықтырып отырады.

Халықтық ойындар мен ойыншықтар бала тәрбиесінде елеулі орын алады. "Ақсерек пен көксерек", "Алтыбақан" сияқты ойындармен бірге "Көкпар", "Аударыспақ" тәрізді спорттық сайыстар дене тәрбиесінің асыл арқауы. Жас қыздар қуыршақ ойынын кейде күрделендіріп "қуыршақ театры" сияқты сюжетте құрып ойнайтын. Әсіресе қыз баланың үй ішінің тіршілігіне үйренуі осы қуыршақ ойындарынан басталады. Ертеде ойыншықтарды, көбінесе балалардың өздері жасап, өз талғамы, өз еңбеп, өз өнері арқылы іске бейімділігін, ойын дамытып отырған.

¥лттық мерекелер мен тойлардың да тәрбиелік мәні зор. "Шілдехана тойы", "Тұсау кесер", "Атқа мінгізу", "Наурыз тойы" тағы баска тойлар мен мерекелер баланы шаттыққа бөлейді. Тойдың болғанынан боладысы қызық деп, халық тойға дайындық кезінде баларды өнерге ынталандырып, еңбекке баулиды, салтанатты салттарды қайта өткізу жолдарын үйретеді. Әулеттік тағылымдар мен тәжірибелер бір атадан тараған әулеттік тұрмыстық әулеттік, әдептік өзгешеліктері болып табылады.

Халықтық педагогика тәлім - тәрбиелік ой - пікірің бастауы, халықтың рухани мұрасы. Сондықтан қазіргі таңда этнопедагогиканы оқу - тәрбие жұмысына мақсатты түрде енгізіп отыр.

2. 2 Балабақшада қазақ этнопедагогикасын пайдалану іс-тәжірибесі

Инновациялық тәжірибе жұмыстары қашанда педагогтың еңбек жолындағы дамуына өзгерістер әкеледі.

Алға қойылған мiндеттердi түбегейлi шешу мақсатында мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәрбие беру бойынша эксперименттiк жұмыс жүйесi жүргiзiлдi. Балалардың ұлттық тәрбие беру оқу процесінде тәжірибелік-эксперименттік жұмыс кезінде бақылаудан өтті.

Ал эксперимент ұсынылған бағдарлама бойынша жүргізілді.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында біз ересек топ балаларына этнопедагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бағдарламасын әзірледік.

Кесте 1

Мектеп жасына дейінгі балаларға халық педагогикасы құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бағдарламасы

Тәрбиелеу және білім беру блогы
Тәрбиелеу және білім беру мазмұны
Тәрбиелеу және білім беру блогы: 1
Тәрбиелеу және білім беру мазмұны: 2
Тәрбиелеу және білім беру блогы: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып
Тәрбиелеу және білім беру мазмұны: Тәрбиеленушілерді халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын құрметтеуге, бағалауға тәрбиелеу
Тәрбиелеу және білім беру блогы: Шешендік сөздер
Тәрбиелеу және білім беру мазмұны: Шешендік сөздер, аңыз әңгімелер, ертегілердің қойылымдарын жасап, оларды сахналаудың жеке тұлғаның қалыптасуына әсері мен ықпалы, тәрбиелік мәні ерекше. Шешендік көркем сөздер мен мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақтар баланы мәнерлі, көркем сөйлеуге, шешендікке үйретеді, адамгершілікке, сұлулыққа, тапқырлыққа, еңбек сүйіспеншілікке тәрбиелейді
Тәрбиелеу және білім беру блогы:

Ата-баба дәстүрі -

ұрпақтарға өнеге

Тәрбиелеу және білім беру мазмұны: Мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыруда, оны жан-жақты дамытып тәрбиелеуде үлгі-өнеге болатын ұлы ғұламалар мен хандар, билер, батырлар, классик ақын-жазушылар, ағартушылар, өнер адамдары өмірімен олардың жасаған туындыларын таныстырып, ерлік істерін үлгі ету, мақтаныш сезімдерін ояту
Тәрбиелеу және білім беру блогы: Әуен - саз
Тәрбиелеу және білім беру мазмұны: Музыкалық шығармалардың авторы және айтыс, терме, жыр, күй, ұлттық би өнері туралы тәрбиеленушілерге тереңірек білім беру. Айтыс, терме, жырларды үйрету арқылы ұлттық өнерге деген қызығушылыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Тәрбиелеу және білім беру блогы: Ұлттық сәндік-қолданбалы өнер
Тәрбиелеу және білім беру мазмұны: Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық сәндік-қолданбалы өнер түрлері: зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер, киіз үй жабдықтары мен оның жасау-жиһаздары мен оларды өрнектеген ою-өрнек түрлерін таныстыру. Халықтың шеберлігін, ұлттық ою-өрнектерінің әсемдігін көре білуге тәрбиелеу
Тәрбиелеу және білім беру блогы: Ұлттық тағам
Тәрбиелеу және білім беру мазмұны: Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тағам түрлері мен оның жасалу жолдарын таныстыру, ұлттық тағам түрлері, еттен, ұннан, сүттен жасалатыны туралы түсінік беру
Тәрбиелеу және білім беру блогы: Табиғат тынысы
Тәрбиелеу және білім беру мазмұны: Туған жердің байлығы орман, тоғай, қорықтар және оны мекен еткен жануарлар, құстар, өсімдіктермен таныстыру, оларға қамқор бола білуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу
Тәрбиелеу және білім беру блогы: Ұлттық ойындар
Тәрбиелеу және білім беру мазмұны: Ұлттық ойындарды үйрету барысында баланың тілін дамыту, бір-біріне деген достық, ынтымақ, ұйымшылдық, толеранттылық, ізеттілік сияқты, қасиеттерді дамыту және батылдыққа, ұқыптылыққа, зеректілікке, төзімділікке тәрбиелеу
Тәрбиелеу және білім беру блогы: Имандылық-иірімдері
Тәрбиелеу және білім беру мазмұны: Туыстық қарым-қатынастар, туыстық атаулар мен жеті ата туралы түсінік беру. Айналадағы қоршаған адамдардың іс-әрекетін бағалап, жылы шырай білдіру, сыпайы сөйлеу, әдептілік сақтау, достық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, бауырмалдыққа баулу, жағымсыз жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу

Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың жетекші іс-әрекеті болғандықтан, ойын түрлері этнопедагогика материалы ретінде негізге алынды. Ойындар картотекасы дайындалып, қажетті құралдар жасақталды.

Балаларға дұрыс тұлғалық қатынас жасау, әрбір тәрбие жұмыстарын ізгілендіру қағидаларына негізінде құру, жүйелілікті басшылыққа алу принциптері тәрбиешінің балаларға ұлттық тәрбие беру тиімділігін қамтамасыз етеді. Әрине, бұл жерде материалдық, әдістемелік, психологиялық жағдайлар да негізге алынуы қажет.

Мектеп жасына дейінгі балаларға этнопедагогика, халық педагогикасы құралдары арқылы ұлттық тәрбие берудің мазмұнын эксперименттік түрде тексеру оның барлық кезеңдерінде нәтижелі екендігін дәлелдеп берді.

2. 3 Ұлттық тәрбие бала болашағының қайнар көзі.

Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.

Серғазы Қалиев этнопедагог, профессор:- Ұлттық тәрбиені балабақшадан бастауымыз керек. «Не ексең, соның орасың» демекші, балаларымызды қандай жолға бастасақ, олардың сол бағытты алатыны белгілі. Ал біздің ата-бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз - тәрбиеміз қазақтан басқа ешкімде жоқ үлгі. Ал біз соны пайдалана алмай отырмыз. Мойындау керек, қазір мектептеріміз тәлім-тәрбие бағытынан ауытқып, тек оқытумен шектеліп қалған. Сондықтан да балабақша,

мектептерге ұлттық тәрбиені енгізетін кез жетті. Әлбетте ұлттық тәрбиенің жанында ұлттық білім беру жүруі тиіс. Осы екеуін үйлестіру арқылы білім беру жүйесінің қазіргі тәжірибесін ұлттық инновациямен алмастыру керектігін қазір көпшілік көтеріп жүр. Құзырлы министрліктің осы мәселеге лайықты көңіл бөлетін күні алыс емес деп сенемін. Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар - белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар. Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады. Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру - ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару. Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж. Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе алмаймын. Үзу қолымнан келмейді» - дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін:бірі -өзім, екіншісі-халқым» - дейді. Алтынай Жайтапова, педагогика ғылымының докторы: - Ата-бабамыз мұраға қалдырып кеткен рухани дүниетанымымызды басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі мекемеге, мектептерге ұлттық инновацияны енгізуге барынша күш салуымыз керек. Инновация дегеніміздің өзі - жаһандану заманында ғылымның, жаңалықтың өндіріске енгізілуі ғой. Ең басты айтарым, қазақ халқының ұлттық тәрбиесі - әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге деген құрмет жатыр емес пе? Міне, біздің жастарда дәл осы қасиет жетпей жатыр. Оқу процесі кезінде де сөз жоқ, ұлттық инновацияның маңызы зор. Қысқасы, ұлағатты ұрпақ өсіруде осы ұлттық инновациялық әдіс-тәсілдер таптырмайтын құрал бола алатындығына ешкім дау айтпаса керек

Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық рухани және материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа?

Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени құндылықтардың алмасуы оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады. Соның ішінде сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқыту - саналы процесс екенін айтқым келеді. Интеллектуалдық деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру үшін, оны оқытып қана қою жеткіліксіз. Оны тұлға ретінде жан - жақты дамытуға қолайлы, оқытудың шығармашалақ түрін жасау қажет, яғни шығармашылық оқу әрекетін туғызу қажет. Бұл баланы, берілген оқу материалын жаттап алу ғана емес, керісінше өз бетімен білім алу үшін ізденуге үйретеді.

Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:

- белсенді қарым-қатынас: баламен тәрбиешінің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;

- индивидтік: тәрбиешінің әр жеке баланың ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;

- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу
Отбасындағы бала тәрбиесінің маңызы
Тәрбие - отбасынан басталады. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы
БAЛAҒA ТӘЛIМ – ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ЖӘНЕ OНЫ ТҰЛҒA ЕТIП ҚAЛЫПТAСТЫРУДA OТБAСЫНЫҢ AЛAТЫН OРНЫ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
ОТБАСЫНДА БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Ата - ананың бала тәрбиесіндегі жіберілетін қателіктер
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Жалпы аборт жайында түсінік
Бала тәрбиесінде жанұяның алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz