Күн жүйесінің кішкентай денелері


КҮН ЖҮЙЕСІНІҢ КІШКЕНТАЙ ДЕНЕЛЕРІ
1. Астероидтар. Кіші планеталар немесе астероидтар негізінен Марс пен Юпитер орбиталарының арасында айналады да, құралсыз көзге көрінбейді. Ең бірінші кіші планета 1801 жылы ашылды, оны дәстүр бойынша грек - рим мифологиясындағы бір есіммен - Церера деп атады. Іле-шала Паллада, Веста және Юнона деп аталатын басқа кіші планеталар да табылды. Фотосуретті қолданғаннан кейін, бәсеңірек астероидтарды да аша бастады. Қазіргі кезде 3000-нан астам астероид белгілі. Миллиардтаған жылдар бойы астероидтар бір-бірімен соқтығысуда. Бірқатар астероидтардың шар тәрізді болмай, қисық пішінді болатындығы да осындай пікір туғызады. Астероидтардың жиыны массасы не бары жер массасының 0, 1-дей деп топшылайды.
Ең жарық астероид - Веста 6-жұлдыздық шамадан жарық емес. Ең ірі астероид - Церера. Оның диаметрі 800 км шамалас, марс орбитасының ар жағындағы мейлінше кішкене дискіден еңкүшті телескоптың өзімен де еш нәрсе айыруға болмайды. Бізге мәдлім ең кіші астероидьардың диаметрі бір километр маңында ғана. Астериодтарда, әрине, атмосфера жоқ. Аспанда кіші планеталар жұлдыздай болып көрінеді, сондықтан оларды астероидтар, көне грекше «жұлдыз тәрізді» деп атаған. Олардың жұлдызды аспан реңіндегі орн ауыстырулары планеталарға тән тәрізді. Бағзы бір астероидтардың орбиталарының эксцентриситеттері ерекше үлкен, сондықтан олар перигелийінде Күнге Марстан, Жерден де жақынырақ келеді, ал Икар Меркурийден де жақынырақ келеді. 1968 жылы Икар Жерге 10 млн км-ден де жақырырақ келді, бірақ оның мардымсыз тартылуы Жерге ешқандай әсер етпеді. Жерге оқтын-оқтын Гермес, Эрот және тағы басқа кіші планеталар жақын келеді.
Жыл сайын жаңа астероидтарды ашып жатады. Бірінші болып ашқан ғылымның өзі ашқан планетаның есімін таңдауға толық еркі бар, ол осыдан соң халықаралық комитетте бекітіледі. Астероидтарға көбіне белгілі ғылымдардың, қаһармандардың, өнер қайраткерлерінің есімдері беріледі. Мәселен, 1978 жылы ашлған астериодқа осы оқулықтың авторының құрметіне кейінірек Воронвелия деп ат қойды.
АДАМ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК АЯСЫ
Мәселенің маңыздылығы. Жер ғаламшарында тіршілік аясының қалыптасуы. Тіршіліктің биогендік айналысы. Антропогендік айналыс. Экологиялық апаттар қаупінің күшеюі. Табиғи ресурстар.
Өмір бесігі. Қазіргі заманның ғаламдық мәселелерінің ішінде қоршаған айналаның ластануы және ол үдерістерді тоқтату мәселелерінің орны ерекше. Әсіресе, Арал теңізі суының тартылуы және Семей атом сынақ полигонының зардаптарымен айдай әлемге әйгілі болып отырған Қазақстан жағдайында экологиялық мәселелер хақыңда терең сөз қозғаудың маңызы ерекше. Бүгінгі білім қайнарынан сусындауға ниет етіп отырған жас ұрпақ өкілдері - келешек жер иесі. Сіздер аға ұрпақ өкілдерінің тіршілік аясын елеулі бүлді-рушіліктерге жол бергеніне түсіністікпен, кешіріммен қарай отырып, бұдан былайғы кезеңде қоршаған айналаны қорғау, табиғатты аялау жұмыстарын өз қолдарыңызға алуға тиіс екендіктеріңізді ешқашан естен шығармауларыңыз керек.
Жердегі тіршілік қоғам мен табиғат арасында үйлесімді арақатынас арқылы қамтамасыз етіледі. Ол адамдардың дүние танымы деңгейімен, табиғатқа және оның байлығына қатынасымен, әлеуметтік себептермен айқындалады. Үшінші мыңжылдықта өмір сүрудің тиімді жағдайларын қамтамасыз еткісі келетін қоғамның әр мүшесі, әсіресе жастар, мынаны есінен шығармауы керек: қазіргі кезеңде табиғат, оның бір бөлігі - биосфера адамзатгың алдына ультиматум қойып отыр. Егер ғаламшарды, оның тірі организмдердің өмір сүруіне қолайлылығын сақтап қалу керек болса, онда адамдар табиғатқа және оның байлығына деген өздерінің тұтынушылық қатынастарын жедел және түбегейлі өзгертуі керек.
Экология - (гр. oikos - мекен, logos - ілім, сөз) - организмдердің бір-бірімен және қоршаған айналамен өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым.
Биосфера - өмір бесігі. Ол уақыт пен кеңістік шеңберінде - миллиардтаған жыл ішінде жұлдызаралық материяда пайда болды, дамыды, қалыптасты. Қазіргі ғалым жетістіктеріне негізделген түсіндірулер бойынша, алдымен негізінен сутегінен, гелийден және басқа инертті заттардан тұратын жұлдызаралық газдар түзілген. Олардың құрамында көміртегі мен сутегінің қарапайым қосылыстары, мысалы, метан (СН4) кездеседі. Сонымен қоса, жерге тән топтар деп аталынған кремний, магний, темір және басқа ауыр металдар да болған. Яғни, Жер планетасын қалыптастырған алғашқы материалдық (газды-тозанды) материя құрамында болашақ адамзатқа қажетті минералдық ресурстар болған көрінеді.
Жердің қалыптасуының алғашқы кезеңіңде-ақ оның бетіңде су болған. Су ресурстары литосферадан келіп қосылып, үнемі көбейіп отырған. Жердің негізінен молекулярлық оттегі мен азоттан тұратын қазіргі атмосферасы автотрофты организмдер пайда болғаннан кейін биогендік жолмен қалыптасқан.
Демек, жердегі тіршілікке қолайлы жағдай сол жердің өзінде тіршілік ететін жанды организмдердің өздерінің қатысуымен жасалған деген сөз.
Палеонтологтардың жорамалдауы бойынша, алғашқы тірі организмдер немесе протокориоттар бұдан үш миллиард жыл бұрын пайда болған.
Алдымен қазіргі бактериялар сияқты гетеротрофты организмдер, соңынан хемолибо фотосинтезді жүзеге асыруға қабілеті бар автотрофты организмдер шыққан.
Пәнаралық байланыс:
Фотосинтез деп нені айтамыз?
Күннің әсерімен жүзеге асырылатын фотосинтез биосфералық айналысқа планетаны қоршап тұрған кеміртегін, азотты және оттегін қосты. Молекулярлық оттегі пайда болғаннан кейін ғана "озон қабығы" деп аталып жүрген қорғаныс қалқаны жердегі тіршілік үдерісінің қарқынды жүруіне мүмкіндік әперді. Палеозой дәуірі деп аталған соңғы жарты миллиард жыл ішінде атмосфераның химиялық құрамы, жердегі климат, су мен топырақ өзгерістерге түсіп, жануар мен өсімдіктердің түрлері ауысып, олардың эволюциялық дамуының қарқынды үдерісі жүрді. Соңғы, ондаған миллион жылды қамтитын кайназой дәуірінде жоғары жетілген, көптүрлі, көпсанды организмдер - құстар, сүтқоректілер, гүлді есімдіктер және адам пайда болды.
Сіздер білесіздер ме?
Атмосфераның төменгі қабатын, литосфераның жоғарғы қабатын, гидросфераны қамтитын белсенді тіршілік аясын білдіретін, гидросфераны қамтитын белсенді тіршілік аясын білдіретін биосфера (гр. bios-өмір, sphaira-таралу, аясы, облысы) ұғымын 1875 жылы неміс ғылымы Э. Зюсс енгізген. Биосфераның шекарасы атмосферада 10-20 шақырымға дейінгі, жердің жоғарғы қабаты мен Дүниежүзілік мұхитта 8-10 шақырым тереңдікке дейінгі аяны алып жатыр.
Сұрақтар:
Экологиялық мәслелердің адамзаттың ғаламдық мәселелерінің ішіндегі ерекше маңызға ие болуын немен түсіндіруге болады? Қоршаған айналаны қорғауға қатысты өскелең ұрпақтың міндеттері не?
Тіршілік айналасынан - антропогендік айналысқа. Биосфераның пайда болуы мен дамуын айқындайтын жасыл өсімдіктердің фотосинтез механизмінің негізі материя мен энергияның айналу және сақталуы туралы физиканың заңына сүйенеді. Құрлықтар мен мұхиттардағы барлық жасыл өсімдіктердің фотосинтезінің жылдық өнімділігі мөлшермен 250 млрд. т. органикалық заттарды құрайды. Атмосферадан 150 млрд. т. көмір қышқылы жұтылып, сол көлемде оттегі қосылады.
Ғаламшардағы тірі материя орасан ауқымды және өзгемен ауыстыруға болмайтын геохимиялық үдерістерді жүзеге асырады. Тірі организмдердің қатысуымен Жерде заттар мен энергияның биогендік айналысы - "тіршілік айналысы" жүзеге асырылады. "Тіршілік айналысы" үдерісінде бүкіл ғаламшардың оттегі 2000 жыл ішінде тірі организмдер арқылы өтіп шығады. Фотосингез үдерісінде өндірілетін биосферадағы оттегінің жалпы көлемі мөлшермен жылына 3, 2x10" т. Мұның ішінде жер бетіндегі өсімдіктер мөлшермен 2, 6x10" т. оттегін фотосинтездейді. Биосферадағы көмір қышқылы мөлшермен 700 млрд. тоннаны құрайды. Ол барлық жанды организмдердің дем алуынан және шіруінен, жанартаулардың атқылауынан, ең бастысы, өндірілген энергетикалық заттарды жағудан пайда болады және биосфераға шығарылады.
Орыс ғалымы В. И. Вернадский (1863-1945) біздің ғалам-шарымыздың сыртқы қабығының (биосфера) химиялық күйі тұтастай тіршіліктің ықпалында болады деп есептеді. Ал биосфераның кәдімгі келбетін келтіретін қуатты ол ғарыштан, күннен алады. Салмағы жағынан биосфераның пайызының оннан біріне де толмайтын тірі организмдер ғаламшарда орасан мол биогеохимиялық үдерістер жасайды. Тірі материяның ішінде ол биосферадағы бос қуат иесі - адамзаттың жетекші рөліне баса назар аударды. Ол қоғамның дамуын табиғаттың дамуының бөлінбес бір бөлшегі ретінде құрастырды.
Алайда қазіргі адамдардың табиғатқа, өздерін қоршаған ортаға тұтынушылық көзқарасы мүлдем басқаша, олардың айналадағының бәрін бүлдірушілік және жойып жіберушілік әрекеттерінің қарқыны жылдам, ауқымды көлемді болып шықты. Адамдар еңбек аясы - техносфера құрып алды. Ол табиғаттағы эволюциялық, тіпті кейде биогеохимиялық үдеріс-тердің жетекші факторына айналды. Ол ноосфера дәуіріндегі энергия және зат алмасуының жаңа тұрпаты - алдымен әлеуметтік факторлармен делдалданған биосферадағы антропогендік айналыс жасап алды.
Табиғат - қоғамдық байлықтың тұтас ілікті қайнары. Адамзат мынау фәни дүниедегі тіршілігіне қажетті материалдық игіліктердің бәрін табиғаттан алады. Бұдан кейін де солай бола бермек.
Бұдан 30-40 мың жыл бұрын әлеуметтік формация пішінінде дүниеге келген адамзаттың өндірістік қызметі мейлінше жетіліп, қарқын алған сайын оның табиғатты бүлдірушілік әсері оған тура пропорциялы артып келеді. Биосфераға адамның антропогендік қысымы алдымен Жердің кейбір өңірлерінің климатына әсер етті. Қазба отынды (көмір, мұнай және газ) көптен өндіріп жағудың (жылына 10 млрд. т. ) салдарынан атмосферадағы СО 2 концентрациясының үлесі жыл сайын бір бөлікке артып, Жер бетіндегі температураның көтерілуіне себеп болып отыр. Егер адамзат бүкіл өркениет кезеңінде 90 млрд. т. -ға жуық отынның түрлерін жаққан болса, оның тең жарымы соңғы 30 жылдың ғана үлесіне тиеді. СО 2 -ні жұтатын негізінен жасыл өсімдіктердің өзі күрт азаюда. Соңғы 10 мың жыл ішінде құрғақтағы орманның 2/3-сі құртылды. Қазір олардың жылына 1%-ы жойылып отырады. Жоғарғы қабатын мұнай жауып, қатты ластанғандықтан дүниежүзілік мұхит өсімдіктерінің де фотосинтездік мүмкіндігі нашарлап отыр.
Дүниежүзінің ғалымдарын биосферадағы апаттық экологиялық ахуалдың барған сайын етек алып бара жатуы аландатуда. Америка ғалымдары көрсетіп отырғандай, атмосфераның, тұтастай биосфераның химиялық құрамының өзгеруі Жердегі барлық тірі организмдердің өміріне қауіп төндіруде. Қазіргі кезде метан, фреон, хлор, фтор, көміртегі қышқылдары, азот, күкірт және кейбір ауыр металдар концептрациялары көбейіп кетті. Химиялық ластанудан тамақ бұзылып, адамдардың денсаулығына зиян келуде. Жер өндеу ісінде жайсыз факторлар жиілеуде. Орманға, су жануарларына ауыр тиіп отырған қышқыл жаңбырлар аумақтың рекреациялық құндылықтарына да кері әсер етуде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz