Дифференцияланған оқыту технологиясы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІИнновациялық технологиялар туралы жалпы түсініктер, анықтамалар. Жаңартылған бағдарламаның білім саласына тиімділігі мен ерекшеліктері . . . Дифференциалдап оқытудың оқу процесіндегі мүмкіндіктері
- ИНФОРМАТИКА КУРСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСЫН ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
2. 1 Оқу үдерісіндегі цифрлық білім беру ресурстары . . .
2. 2 Модельдер. Модельдеудің негізгі кезеңдері . . .
2. 3 Оқу үдерісінде дифференциалдық әдісті қолдану арқылы цифрлық білім беру ресурсын құру технологиясы . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми-теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.
Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс.
Инновациялық оқыту нәтижелері оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенділігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үдерісіне инновациялық технолгияларды енгізу шешуші рөл атқарады, оң нәтиже береді.
Иә, қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде бірқатар пәндер бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары жүргізілуде.
Білім саясатының өзекті мәселелері - кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.
Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі саласында бірқатар еңбектер жарық көрді. Оларда - университеттерде информатикамен ұштасқан профиль мамандарын информатикаға оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру (Е. Ы. Бидайбеков), жалпы білім беретін орта мектептерде информатиканы оқытуды жетілдіру (С. Қариев), мектептер мен университеттерде информатика мен экономиканы біріктіріп оқыту жүйесін жетілдіру (Б. Бекзатов), мәліметтердің иерархиялық құрылымдары негізінде компьютерлендірілген оқытуды ұйымдастыру В. В. Гриншкун жан-жақты зерттеледі.
Көптеген ғалымдар компьютерлік оқыту мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Мысалы, Ж. А. Қараев оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану жағдайында оқушылардың танымдык белсенділігін арттыру, А. Ә. Шәріпбаев компьютерлердің бағдарламалық және ақпараттық құралдарының дұрыстығын дәлелдеу, С. М. Кеңесбаев болашақ мұғалімдердің жаңа ақпараттық технологияны пайдалана білу мәселелерін, М. Ф. Баймұхамедов компьютерлік оқытудың бейімделген технологиясын құрастырудың модельдерін, әдістері мен құралдарын жасау мәселелерін Ж. Ж. Жаңабаев ақпараттық технологиялардың даму жағдайында мамандарды инженерлік-сызба дайындықтарын жетілдіру туралы қарастырған.
Жоғарыда аталған жұмыстар, елімізде информатиканы және информатикалық пәндерді оқыту теориясы мен әдістемесі бойынша ғылыми ізденістер негізін қалауға мүмкіндік береді. Алайда, бұл жұмыстарда болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жеткілікті зерделенбеген.
Болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауда ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу технологиясын қолдану арқылы олардың кәсіби қызметінде ақпараттық-компьютерлік біліктіліктер жүйесін қалыптастыру мәселесін шешуге болады.
Жоғары оқу орындарының педагог мамандықтарындағы оқу бағдарламалары мен оқулықтарын зерделеу, оқу үдерісіне жасаған талдау да бұл проблеманың бірегей жүйеге келтірілмегендігін, болашақ педагог мамандарының кәсіби білімін ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу арқылы жетілдіру мазмұнының дұрыс жүзеге аспайтындығын дәлелдейді.
Соңғы жылдары оқытудың жаңа тәсілдері, нәтижеге бағытталған оқыту тәсілдері кеңінен қолданылып келеді. Орта мектептің міндеті оқушыға қажетті білім, білікті және дағдыны беріп қоймай, олардың алған білімдерін нақты міндетті шешуге қолданып қоймай, алған біліктері мен дағдыларын күнделікті және кәсіби проблемаларды шешуге пайдалануға үйрету болып табылады. Осы айтылғандардан дипломдық жұмыстың өзектілігі анықталады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты оқу үдерісіне дифференциалды әдісті қолданып, цифрлық білім ресурстарын құру.
Бұл мақсатқа жету үшін қарастырылған міндеттер :
- Оқу үдерісінде инновациялық технологиялардың теориялық
негіздерін зерделеу;
- Оқу үдерісіндегі цифрлық білім беру ресурсын құру
технологиясын анықтау;
- Информатика курсындағы “Модельдеу есептер жинағы”
цифрлық білім беру ресурсын құру.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер, қосымшалардан тұрады.
1 ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Инновациялық технологиялар туралы жалпы түсініктер, анықтамалар
Республикамызда соңғы жылдары окыту процесін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды. Оларды "инновациялық үдеріс", немесе педагогикалық жаңалықтарды енгізу деп жүрміз. Ол педагогикада жаңа әдістер, тәсілдер, құралдар, оқулықтар және бағдарламаларды пайдалануды білдіреді. Яғни инновациялық үдеріс оқыту мен тәрбиелеуге өзгерістер енгізе отырып, оқытудың сапасын арттыру болып табылады. Негізінен "инноватика" ұғымының мәні, латынның in-novus деген сөзінен шыққан, "жаңарту, өзгерту" мағынасын береді.
Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерінен олардың берген анықтамаларын талдай келе біз бұл ұғымның төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтқанды жөн көреміз. Жалпы алғанда, бұрыннан белгілі қолданыста жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзін инновациялық деп қарастырады. Олай болса, «инновация» деген ұғымды "жаңалық", "жаңа әдіс", "өзгеріс", "әдістеме", "жаңашылдық", ал инновациялық үдерісті "жаңа әдістеме құралы" деп түсіндіруге болады.
Педагог ғалым Ш. Таубаева өзінің зерттеу жұмысында «инноватика» ұғымы мазмұнының негізгі аспектілерін былайша көрсетеді:
1. Инноватика - жаңа білімді құру, меңгеру және оны практикаға енгізу заңдылықтарын зерттейтін іргелі гуманитарлық ғылым.
2. Инноватика - жаңа білімді құру, меңгеру және ендіру үдерісін оқып үйренуге арналған ғылымның бір саласы.
3. Инноватика - ғылымның, техниканың және қоғамдық практиканың әртүрлі салаларындағы инновациялық үдерістердің теориясы мен практикасы.
Ол педагогикалық инноватика жайлы жан-жақты талдау жүргізу нәтижесінде, «педагогикалық инноватиканы - жалпы ғылыми және педагогикалық білім жүйесіне ендірілуі қажет жаңа ғылыми пән» - деп анықтай отырып, оның ақпараттық өрісін, ғылымның басқа салаларымен байланысын және педагогика ғылымдары жүйесіндегі орнын ашып көрсетеді.
Біз ғалым Ш. Таубаева айтқандай, инновациялық оқытуды - білімді меңгерудің дәстүрлі оқытуға қарағанда альтернативті болатын ерекше типі деп түсінеміз. Олардың принциптік айырмашылығы болашаққа әртүрлі көзқараспен қарайды. Дәстүрлі оқыту қайталау жағдайында іс-әрекеттің ережелерін меңгеруге бағытталған, ал инновациялық оқыту жаңа жағдайда іс-әрекетті бірге орындау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Бұл жағдайда мұғалімнің инновациялық іс-әрекетін тұлғалық категория ретінде, жасампаздық үдеріс ретінде және шығармашылық іс-әрекеттің нәтижесі ретінде сипаттауға болады.
Көптеген ғалымдар мұғалімнің жаңалыққа қабілеттілігіне ерекше көңіл бөледі. Олар педагогикалық инновацияның негізгі міндеті енгізіліп отырған жаңалықтарды топтау, жіктеу деп санайды. Ол үшін, ең бастысы - білім ордаларындағы жұмысты дамытудың аймағын қарастыру керек. Енгізіліп отырған жаңа әдістеменің ерекше жағын көре білу, түсіне білу және оның басқа әдістемелермен қандай байланыста екенін білу керек. Қысқасы, еліміздегі білім беретін мекемелерде (атаулы мектептерде - лицей, гимназия, т. б. ) жекелеген инновациялық ізденістер бар болғанымен, олар ғылыми негізде жүйеленген деп айта алмаймыз. Олай дейтініміз, көптеген жерлерде жаңашылдықты педагогикалық қызметтің берілу мазмұны мен формасына аздап өзгеріс енгізу деп түсіну салдарынан оның негізгі ішкі мәнінің ашылмай қалуы мүмкін.
Сонымен, көптеген ғалымдардың еңбектерін талдау нәтижесінде инновациялық үдерістегі мақсаттарды төмендегіше анықтауға болады:
- «адам-қоғам-табиғат» арасындағы үйлесімділікті жаңаша
қалыптастыратын дүниетаным үдерістеріне көзқарасты өзгерту, субъектінің ойлау жүйесін мәдениетті тұрғыдан жетілдіру;
- білім берудің әдісі мен мазмұнын оқытушының іскерлік, танымдық қабілетін және жаңашылдық қасиеттерін қалыптастыратын әдіснамалық әдістерге бағыттау;
- пәндерді оқыту барысында тұлғаның рухани байлығына, өнегелілігіне, істеген ісіне әлеуметтік жауапкершілікпен қарауына көңіл бөлу;
- субъектінің алған ғылыми білімінің, оның әлеуметтік тұрмысын және іскерлік қабілетімен ұштастыра қарастыру т. б.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде дамуын қойып отыр. Дəстүрлі оқыту оқушыларға дайын, жаңаша оқыту технологиясы процесін ұйымдастыру, басқару жəне бақылау болып табылады. Жаңаша оқыту технологиясы - белгіленген мақсатқа нəтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, əдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тəсілі.
Оқу және оқыту əдіс-тəсілдері
Бүкіл топ орындайтын жұмыс
- Сараланған сұрақтарды қолданыңыз.
- Күтілетін нəтижелерді саралаңыз.
- Оқуда ерекше қажеттіліктері бар жəне қабілетті оқушыларға, мəселен, айрықша қажеттіліктері бар қабілетті оқушыларға бағытталған сұрақтарды жоспарлаңыз жəне əзірлеңіз.
- Оқушылардың өз бетінше оқи алатынынан жоғары деңгейдегі мəтіндер жəне тапсырмалар əзірлеңіз.
- Басқалардан гөрі қабілетті оқушыларға шамадан тыс көп тапсырма жүктемеуге тырысыңыз.
- Анағұрлым қабілетті оқушыларды интербелсенді пікірталасқа тарту үшін ашық сұрақтарды қолданыңыз.
- Қабілетті оқушыларды өтілген материалдар бойынша тұжырым жасауға ынталандырыңыз.
- Өзіңіз іштей барлық оқушыларға ауызша кері байланыс беріңіз.
- Қажет болған жағдайда оқушыларды модельдеуге қатыстырыңыз.
- Қабілетті оқушылардың түсініктемелер мен қағидаттарды тұжырымдап айтуын сұраңыз.
- Қабілеті жоғары оқушылар үшін мүмкіндігінше жоғары деңгейлі сұрақтар мен тапсырмалар, ал қабілеті төменірек оқушылар үшін төмен деңгейлі қарапайым сұрақтар əзірлеңіз.
- Қабілеті төмен оқушылардың өзіне сенімділігін қалыптастыру үшін модельдеуді пайдаланыңыз.
- Түрлі деңгейдегі проблемаларды шешудің үлгісін көрсетіңіз.
- Метатанымды қолдау үшін қажетті терминологияны қолданыңыз.
- Қабілеті жоғары оқушылар білуі тиіс мəселелерді модельдеңіз.
- Бүкіл сыныпқа арналған мақсат қойыңыз.
Шағын топтағы жұмыс
- Ең қабілетті оқушылардың мұғалімнің өзіне назар аударуын көбірек қалайтынын есте ұстаңыз.
- Оқушылардың жəне соған сəйкес топтың ортақ қажеттіліктерін анықтаңыз.
- Топтарды жұмыс түріне қарай құрыңыз.
- Күтілетін нəтижеге сəйкес топ мүшелерін ауыстырып отырыңыз.
- Кейде ең қабілетті оқушылар бірігіп жұмыс істейтін жағдайлар болатынына көз жеткізіңіз.
- Барлық оқушылардың басқаларды басқару жəне топта жұмыс істеу мүмкіндігі болуына назар аударыңыз (бұл жерде мұғалім тарапынан ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға назар аударылуы тиіс) .
- Ерекше қабілеті бар оқушыларға топтық жұмыста олардың қабілеттерін ашатын рөлдерді бөліңіз.
- Бүкіл топ үшін ғана емес, шағын топ/жеке оқушы үшін де мақсат белгілеңіз.
- Өзін-өзі бағамдауды қолдаңыз.
- Оқушыларды тек сұраққа жауап беруге ғана емес, сұрақты дұрыс тұжырымдай білуге ынталандырыңыз.
- Оқушылардың мəдени дəстүрлерін ескеріңіз.
- Бірлесіп проблеманы шешу жаттығуларын қолданыңыз.
- Оқушылардың алдына қойылатын мақсаттарды бірлесе отырып белгілеңіздер.
- Бүкіл сыныпқа арналған таныстырылым жасау мүмкіндіктерін талқылаңыздар.
- Топтық жұмыстағы маңызды рөлдерді бөліңіз, мысалы, талқылауды өткізуге жауапты топ көшбасшысы жəне т. б.
- Өзара түзету немесе өзара бағалауды қолданыңыз.
- Оқушылардың дамытуды қажет ететін салаларын жəне жақсартуға қатысты ұсыныстарын тұжырымдауын талап етіңіз.
- Оқушының «толығырақ» жауап беруін емес, «басқаша» жауап беруін күтіңіз.
- Қабілетті оқушылардың басқалардың табысқа жетуіне ықпал етуіне көмектесіңіз.
- Сапалық нəтижелерді назарда ұстаңыз.
- Үдерісті жеделдету жағдайларын зерделеңіз.
- Барлық оқыту мерзімдерін белгілеңіз, бірақ мерзімдер мүмкіндіктерге сəйкес болуы тиіс.
- Тапсырманың ауқымын тарылтып, мағына тереңдігіне біршама мəн беріңіз.
- Топтық кері байланысты жоспарлаңыз.
Жеке жұмыс жəне оқу
- Бағалау марапаттауға ғана емес, қалыптастырушы мақсатта болуы тиіс жəне нақты бағалау критерийлеріне бағдарлануы тиіс.
- Сараланған бағалау критерийлерін алдын ала хабарлаңыз.
- Əрекет ету стилін өзгертіп отырыңыз жəне оқушыларға шамадан тыс қысым жасауға жол бермеңіз.
- Оқушылардың өзін-өзі бағалауын ынталандырыңыз, өзін-өзі бағалауға арналған парақшаларды қолданыңыз.
- Пəн аясында оқушылардың өз бетінше оқуы жəне пәнді меңгеруін қадағалаңыз.
- Күтілетін жоғары нəтижелерге бағдарлай отырып, есептерді жəне жаттығуларды оқушылардың қабілеттерімен сəйкестендіріңіз.
- Оқушылар жауаптарының ерекше болып, өз бетінше тұжырымдалуын жəне бастама көтеруге ұмтылуын қолдаңыз.
- Зерттеуге негізделген, проблема шешуге бағытталған тəжірибелік тапсырмалар дайындаңыз.
- Оқушылардан дербес кері байланыс алуды жоспарлаңыз.
- Барынша кең ауқымдағы тəжірибелік жəне зерттеушілік тапсырмалар мен жаттығулар орындауға мүмкіндік жасаңыз.
- Сабақта АКТ қолдануды жоспарлаңыз.
- Ересек оқушылардың өзінен кіші оқушыларға көмектесуін ойластырыңыз, мысалы, тəлімгерлік жасау.
- АКТ-ның тиісті дəрежеде қолжетімді болуын қамтамасыз етіңіз.
Ширату жаттығулары
- Тізбектелген сабақтар топтамасын өткізу барысында зерттеулерді жоспарлаңыз.
- Ширату жаттығуларын өткізу үшін оқушыларды таңдап алыңыз.
- Түрлі деңгейдегі жаттығуларда жəне есептеулерде белгілі бір ортақ мақсаттың қарастырылуын қадағалаңыз.
- Жұпта жəне топта тиімді жұмыс істеу мүмкіндіктерін ескере отырып, жұптық жұмыстар мен шағын топтағы жұмысты қолданыңыз.
- Түсінуді нақтылау үшін ережелерге немесе үлгілерге сəйкес кері байланыс болжамдаңыз.
- Жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қажет ететін тапсырма беріңіз немесе мысал келтіріңіз.
- Сараланған немесе ашық сұрақ қойыңыз.
- Тұжырым жасаңыз жəне оның дұрыстығын дəлелдеуді сұраңыз.
- «Сіздің бұлай ойлауыңызға не себеп болды?» деген сұрақтың түрлерін қолданыңыз.
- Белгілі бір химиялық заңдылыққа негізделген жаттығулар тізбегін өткізіңіз.
- Қабілетті оқушылардан нақты тапсырманы орындауға қажетті дағдыларды тұжырымдауын сұраңыз.
Топ болып талқылау
- Оқушыларды мəселемен таныстырып қана қоймай, оған түсініктеме беруге ынталандырыңыз.
- Олардың рөлдері бойынша өздерін таныстырып, жұмыстары бойынша есеп беру мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.
- Оқушыларға кері байланыс үшін өздерінің ескертпелерін жазып отыруды ескертіңіз.
- Оқушылардың кері байланыс үшін əртүрлі мерзімдерді белгілеуіне рұқсат етіңіз.
- Тиісті лексика мен терминологияны қолдана отырып, меңгерілген тақырыпты қарастыруға назар аударыңыз.
- Күрделі міндеттерді шешіңіз.
- Оқушылардың өздерінің оқуы туралы ойланатынына көз жеткізіңіз.
- Күрделі (маңызды) идеялар туралы түсінік қалыптастырыңыз.
- Оқушылардың қабілеттері жағынан ұқсас сыныптастарымен бірлесе жұмыс істеуіне мүмкіндік беріңіз.
- Топтық ықшам талқылау ұйымдастыруды қарастырыңыз.
«Ынтымақтастық» және «бірлескен оқу»
Ынтымақтастық оқу - өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен оқу соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.
Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады. Адамдар топтарға бірлескен барлық жағдайларда топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтеліп, атап көрсетілетін, адамдардың жұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен топ пен жауапкершілік топ мүшелерінің арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген.
Бірлескен оқудың мәні
Ынтымақтастық оқу - бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы білім алады.
Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:
1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.
2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.
4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.
5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады.
Топты ұйымдастыру ережелері
Топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін. Кей кездері мұғалімдер (және оқушылар) әріптестерінен (немесе достарынан) бірге жұмыс істеуін өтінеді, басқа жағдайларда кездейсоқ іріктеп алынған топтар құрастырылады. Ал кейде топтар жекелеген мүшелердің нақты бір мықты қасиеттеріне қарай құрылады.
Топтың қандай тәсілмен құрылғанына қарамастан, жаңадан құрылған кез келген топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатына, дағдылары мен стиліне икемделіп, бейімделуге уақыт талап етіледі. Табысты топтар осы айырмашылықтардың артықшылығын пайдалануды, оларды бастапқы кезеңде анықтауға және тиісінше топтың қызметін ұйымдастыруды бірден үйренеді (1-кесте) .
Қалыптасу кезеңі топ жұмысының басталуымен шектелмейді. Топ мүшелерінің бір-бірі туралы хабардар болуына қарай, топтың қарқыны біртіндеп өзгереді, және де топ мүшелеріне мұндай өзгерістерге қатысты әрекет ету үшін қажеттілігіне қарай жұмысты түзетуге дайын болу керек.
Топта жұмыс істеу ережелері
Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді.
Кез келген команда барлық мүшелері білетін және түсінетін жалпы ережелерді басшылыққа алуы қажет. Ол топтың әрбір мүшесінің одан не күтілетіндігін, жұмыс қалай бөлінетіндігін және қолдау көрсетілетіндігін, сондай-ақ нәтижелерге қалай қол жеткізілетіндігін білулері үшін қажет.
Топ мүшелерінің саны қанша болуы қажет?
Топтағы оқушылардың саны оқушылар арасындағы сонымен қатар, оқушылар мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты барынша тиімді қамтамасыз етуі тиіс. Топтың көлемі мен санының арасындағы тепе теңдікті орнату маңызды. Мысалы, көптеген шағын топтар немесе жұп шектеулі қысқа уақыт (мысалы, шамамен 5 минут) барысында тиімді жұмыс істей алады. Аздаған үлкен топтарда оқушылардың көңілі басқаға ауып, тәртіптерінің бұзылуына әкелуі ықтимал. Белгілі бір тапсырманы айрықша тиімді орындау үшін, мұғалім топ қатысушылар саны канша болатынын анықтап алуы қажет.
Мұғалімдердің рөлі
Мұғалімдер топтық жұмыстарды ұйымдастырып және оны қолдап отыруы қажет, сонымен қатар, тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру керек. Мұғалімдер топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етулері керек. Сыныппен жұмыс істеу барысында неге қол жеткізетіндерін және нені білу жоспарланғандығын, топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен қалай байланысты екендігін талқылауды қамтуы тиіс. Талқылау барысында оқушыларға олар қолдана алатын дағдылар, стратегиялар мен ережелер туралы ескерту қажет.
Оқушылардың жұмысына мұғалім сыпайы түрде араласып, оқушыларға ұсынылатын әдістерді модельдеуі тиіс. Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, мұғалім бастапқы кезеңдерде барынша көп қолдау көрсетуі керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz