Терроризм қылмысының қылмыстық - құқықтық сипаттамасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
ҚҰҚЫҚТАНУ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Терроризм: қылмыс құрамдары, себептері және алдын-алу
5В030100 - «Құқықтану» мамандығы бойынша
Орындаған LAW 4A
тобының студенттері
Бекболов Дәулет, Ануар Алдияр,
Азаматұлы Әлішер
Ғылыми жетекші Жұмағали Алмас
«__»2020 ж.
Қаскелең, 2020ж.
Мазмұны
Кіріспе
Біздің тандаған тақырыптың (терроризм: қылмыс құрамдары, себептері және алдын-алу) өзектілігі: жалпы адамзат пен қоғамның барлық даму кезеңінде жалғасып келе жатқан маңызды әрі шешілмеген мәселелердің бірі. Өткен ғасырдың аяғындағы террористік ұйымдардың санының күрт ұлғаюы және олардың өте тез, қарқынды дамуы әлемдік саясаттың өзгеруімен және халықаралық құқықтық-қатынас субъектілерінің артуымен, олардың арасындағы көптеген шешілмеген даулармен туындаған. Лаңкестік қауіп-қатердің тек қана біздің республика аумағында емес, бүкіл дүние жүзіне жайылу жағдайында, адамдардың қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне ешкім де кепіл бере алмайды. Сондықтан, лаңкестік көріністерге қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіру үшін халықаралық қоғамдастықтың өзара бірігіп, заманауи ғылымның мүмкіндіктерін қолдану арқылы шара қолдануы қажет.
Қазіргі қоғамдағы негізгі ерекшелік ол: әлем мемлекеттерінің өзара байланысы, яғни достығы. Интеграция үрдістері ғаламдану құбылысына жол ашып отыр. Бұл факторлар күнделікті өмірге өзінің артықшылықтарымен қатар, кемшіліктерін де алып келді.
Оның ішінде, бүкіл әлемдегі мемлекеттер үшін кейінгі он жылдықта адамзатқа төнген ортақ қауіптердің қатарына терроризмнің келіп қосылуы. Терроризм атаулы бұл дерттің қоршаған ортаға да, адамзат қауіпсіздігіне де тигізер қауіпі орасан зор. Сондықтан да, бүгінгі күні халықаралық қауымдастықтың алдында жедел түрде шешілуі керек мәселелердің бірі, дүние жүзіндегі терроризмді қаржыландыру саласындағы қаржы ағымының алдын алу, яғни тоқтату болып табылады. Көптеген мемлекеттерде терроризмді қаржыландыруға қарсы күресте өздеріне берілген «тізімді» басшылыққа алып, өз аумақтарындағы сол тізімге ілінген террористік, экстремистік ұйымдарды қаржыландыратын топтарды ұстау бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда. Дүние жүзінің алға тартар мемлекеттері адамзатқа қауіпті терроризмнің алдын-алуға үлкен қаржы жұмасауға мәжбүр болып отыр.
Осы қылмыстардың алдын-алуын 2001 жылғы 28 қыркүйек күні БҰҰ-ның Кеңесінде әлем елдерінің келісуімен терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі Конвенцияны қабылдануынан көруімізге болады. Аталған конвенцияға біздің еліміз 2002 жылы 2 қазанда ратификацияланды.
Бірақ осыған дейін, біздің елімізде 1999 жылы 13 шілдеде «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы», және де 2005 жылы 26 ақпанда «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңдары қабылданды.
Терроризмді қылмыстық құқық бойынша сиппаттасақ, ҚР-ның қылмыстық заңының 10 тарауының (Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар бөлімінің) кейбір баптары, яғни соның ішіндегі: 255, 256, 257, 258, 259, 260 баптары қарастырған.
Мемлекетіміздің тоғыз жолдың торабында орналасуы, геосаяси жағынан қолайлы болуы, бұл лаңкестік қауіптің орын алуына үлкен мүмкіншіліктер тудырады. Оған дәлел ретінде, Орталық Азиялық көршілес мемлекеттердегі Қырғызстан мен Өзбекстанда болған жағдайларды атап өтуге болады. Мысалға Қырғызстандағы Бапкент оқиғасы терроризмнің ушығуына алып келсе, Өзбекстандағы экстремистердің лаңкестік әрекеттері ішкі күштердің тарапынан қолдау тауып, аталған оқиғалардың орын алуына алып келді.
Терроризмнің мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына да тигізер зардабы зор. Ол Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, елдегі саяси, діни, ұлттық-этникалық тұрғыдан қарама-қайшылыққа әкеліп, әртүрлі деңгейдегі қақтығыстардың болуына әкеліп соқтырады.
Қазіргі кезде діни фундаментализм мен лаңкестік бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе болмай отыр. Түрлі топтар осыны пайдалану арқылы саяси-экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда. Бұл ретте Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Н. Ә. Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Қазақстанда терроризм, сепаратизм және экстремизм проблемалары бар. Әсіресе халықаралық терроризмнің кең қанат жайғанын және халықаралық қауымдастық пен аймақтардың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен ұштасып, саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан туындаған қауіп ойдан шығарылған емес, нақты және шынайы өмірлік қауіп». 2001 жылы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы болған террорлық акт жаңаша сипат алып, терроризммен күрестің бұрын тарихта болмаған халықаралық жаңа кезеңіне негіз болды.
Ал Орталық Азиядағы орын алып отырған дін атын жамылған экстремизм мен терроршылдықтың саяси-әлеуметтік негіздерін зерттеу өте актуальды мәселе - деп ойлаймыз. Себебі: біздің мемлекет Орталық Азия елдерімен шекаралас тұрғанын естен шығармауымыз жөн.
Біріншіден, дінге байланысты экстремизм мен террор кеше мен бүгін ғана пайда болған құбылыс емес. Оның өзінің ертеден келе жатқан тарихи тамыры бар. Қазіргі лаңкестік әрекеттердің мәнін түсінуде адамзат тарихындағы діни көзқарастар мен саясаттарды ғылыми жағынан зерттеудің маңызы ерекше. Өйткені: ол осы кездегі діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздерін анықтауға жәрдемдеседі.
Екіншіден, қазіргі кезде Қазақстан Орталық Азияға “қақпа пен кілт” рөлін атқарып тұр. Себебі, мұнда негізгі интеллектуалдық және техникалық потенциал, үлкен табиғи ресурс жинақталған. Және де Қазақстан әрі Европалық, әрі Азиялық мемлекет болып саналады. Ал оның Орталық Азиядағы көршілері туралы бұлай айта алмаймыз. Қазақстандағы діни ахуалдың да басқа елдермен салыстырғанда өз ерекшелігі болып отыр.
Орталық Азиядағы діни экстремизм мен терроризмнің Қазақстанға тигізер ықпалы қандай? - деген сұрақ туындауы мүмкін. Мәселен Ауғанстандағы талибандарға, Аль-Каеда ұйымдарына соққы бергенімен, Орта Азиялық мемлекеттерде діни экстремизм қаупі сейілген жоқ. Мұнда халықаралық экстремистік ұйымдардың ұялары сақталған. Оған есірткі, қару-жарақ тасымалы, босқындар мәселесі тікелей әсер етуде. Осы жағдайды саяси тұрғыдан салыстырып зерттеудің үлкен маңызы бар.
Үшіншіден, Қазақстанда терроршылдықтың әлеуметтік негізі жоқ дейтін жалған пікірді әшкерелеу де актуальды мәселе болып отыр. Қазіргі кездегі мемлекет басшылары мен саясеткерлердің Орталық Азия аймағында терроршылдықтың ислам дінімен ешқандай байланысы жоқ - деген пікірлері зерттеушілерді ойландырмай қоймайды. Сондықтан бұның «сырын» ашу ісі де маңызды. Терроризмнің дінмен байланыстырылуы, біздің ойымызша жай құбылыс емес. Өйткені: осы күнге дейін діни фундаментализм идеясының мәні және оның адамдардың психологиясы мен мінез-құлқына әсері толық зерттеліп болған жоқ. Лаңкестік жолға түскен адамдардың іс-әрекеті неліктен дінмен байланыстырылады? Неліктен терроризм мен антитерроризм арасындағы күрес діни белгілеріне қарай жүргізіледі? Діни идеялардың қайта күшейе түсуінің Қазақстанда діни экстремизмнің бас көтеруіне қаншалықты ықпалы бар? Адамның немесе белгілі бір топтың лаңкес екенін анықтаудың критериі неде?
Төртіншіден, алпауыт держава мемлекеттер тарапынан лаңкестікке ғана күресте қарсы кінәлілерді біліп алмай, оның туу себептерін анықтап алмай тұрып, беталды соғыс жүргізу орын алуда. Олай болса «діни экстремизм», «исламдық терроризм» туралы әлемдік ақпарат құралдарындағы мәліметтерге, біздіңше, ғылыми дәлелдемелер жетіспейді, оны бағалауда біржақтылық басым. Оны ашып көрсетпес болмайды.
Бесіншіден, еліміз тәуелсіздік алғалы діннің дамуына кең жол ашылды. Көп жыл кеңес қысымын көрген мұсылман қауымы Құран-Кәрімді еркін оқуға мүмкіндік алды. Мұсылман дінін басқаратын, оның дамуын реттейтін, ұйымдастыратын, уағыздайтын тәуелсіз басқармалар құрылды. Егер 90-шы жалдарға дейін дінді жаман жағынан ғана қарсатырып келсек, енді діннің рухани жағынан пайдалы екеніне көңіл бөліне бастады. Бірақ, әлі де болса елімізде діннің шынайлығы қалыптасып болған жоқ. Бұл салада бұрмалаушылықтар, діни жағынан жалған ақпарат берушілер жетіп жатыр. Осының негізінде діни фанатизмге байланысты терроршылдық қаупі пайда болуда. Сондықтан оның себептерін зерттеу қажет болып тұр.
Алтыншыдан, көп ретте ислам дінін тек қана мәдениет пен адамгершілікке байланысты қарастыру орын алуда. Турасын айтқанда діни экстремизм қандай жағдайда пайда болады, ол қалай терроршылдыққа айналады, не себептен саяси билікке жету құралына айналады ? - деген мәселе ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Терроршылдықты және терроризмді зерттеу, оны жүйелі түрде талдау қоғамдық ғылымдар үшін өте өзекті мәселелердің бірі екені анық. Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектерінде терроризмге қарсы күрес жолдары ашып көрсетілген. Осы тақырып бойынша бірнеше дөңгелек үстелдер өткізіліп, ғылыми-практикалық маңызы бар конференциялар, мерзімді басылым беттерінде көпетеген мақалалар жарияланған, әртүрлі көзқарастағы ғылыми еңбектерде жан-жақты сараптау және талдау жасалынған. Әсіресе «Қазіргі жағдайдағы терроризммен күрес проблемалары» - атты тақырыпта өткізілген ғылыми-практикалық конференцияны ерекше атаған жөн болар.
Дипломдық жұмысты жазуда біз келесі заң ғылымы саласындағы ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жаздық: З. Бжезинский, Г. Киссинджер, Э. Д. Кингстон-Макклори, Р. Конквест, Е. П. Кожушко, М. Азлиев, В. В. Устинов.
Өзіміздің қазақстандық ғалымдарды айтатын болсақ: С. М. Абдулпаттаев, А. И. Артемьев, Ә. Қ. Бақаев, Ғ. Есім, Ж. Х. Жүнісова, Ә. Н. Нысанбаев, М. С. Машан, С. Г. Федосеев, ал криминологиялық ғылым жағынан зерттегендер: Е. І. Қайыржанов, А. Н. Ағыбаев, Алауханов Е. О. еңбектерінің мәні мен құндылығы ерекше пайдаланылды.
Терроризм қылмыстардың ауыр түріне жататын болғандықтан, оның жолын кесуді айқын білмей тұрып, бұл үлкен проблемаға қарсы тұру тиімсіз әрі дұрыс бағыт бермейді. Сондықтан біз терроризмнің ұғымын ашық және терең зерттей отырып, оның пайда болуын, шығу себептерін, психологиясын анықтап шешуге тырыстық. Барлығын байланыстыру арқылы терроризммен күресудің дүниежүзілік методикасын қолдана отырып, біз оған қарсы іс-әрекеттің механизмін жасап, құқықтық реттеудің жолын қарастырдық.
Зерттеудің методологиялық негізі. Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес ғылыми-танымдық әдістер қолданылды: салыстырмалы-түсіндіру, ғылыми-талдау, сараптау, сипаттау және публицистикалық. Мұның өзі авторға біржақты позиция мен догмалардан арылып, зерттеліп отырған мәселені сыни, объективтік тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік берді. Зерттеудің методологиялық негізін анықтағанда, қазіргі кезде ғылымда орын алып отырған зерттеудің ғылыми тәсілдерін, атап айтқанда аналогия және эксктрополяцияны басшылыққа алдық.
Ұсынылған негізгі ережелер. Зерттеліп отырған мәселенің маңыздылығына байланысты біз жаңа идеяларды ендіре отырып, оны қоғам өмірінің даму заңдылықтарымен сәйкестендіріп, негіздеуге тырыстық. Тақырыпты зерттеудің қиыншылығына қарамастан, терроризмнің шығу себептерін, түрлерін, күресу әдістерін ғылыми түрде жан-жақты талдап, терроризм құбылысының мәнін ашуда ғылыми жүйелілікті қолдандық. Жұмыстың ғылыми жаңалығы - бұрын соңды жөнді зерттелмеген терроризм психологиясы болып отыр.
Бүгінгі таңда - бұл құбылыс Камикадзе-Шаһид түрінде етек алып отырғандықтан, біз осы мәселені жан-жақты зерттеуге тырыстық. Сондай-ақ тағы бір жаңалығы - жұмыста теория мен практиканың бір-бірімен арақатынасы, яғни қолданылуы.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Диплом жұмысының негізгі практикалық маңызы, оның ой-тұжырымдары, сарапталған мәліметтері жаңаша көзқарастық түсініктердің қалыптасуына үлкен көмек береді және студенттердің өзінің білімдік қажеттігін одан әрі дамытады - деп айтуымызға болады. Сондай-ақ, жұмыста көрсетілген бұл зұлымдыққа қарсы күрестің әдістерін іс жүзінде де мемлекет тарапынан қолдануға болады - деген ойдамыз.
Диплом жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде зерттеу тақырыбының маңыздылығы, яғни өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, методологиялық негізі келтірілген және жұмыстың практикалық қолданбалық сипаты, зерттеу жұмысының құрылымы келтірілген. Мәселенің зерттелу деңгейі анықталып, дерек көздері айқындалды. Еңбектің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңызы ашық көрсетілді.
Жұмыстың «Терроризм қылмысының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы» деп аталатын бірінші тарауында терроризмге анықтама бере отырып, оның түсінігі ғылыми түрде талданылды. Жұмыста терроризмнің пайда болу себептерінің түрлі жақтары қарастырылды. Тарауда экстремизм және терроризм туралы айта келіп, олардың түрлері мен айырмашылығына тоқтала отырып, Орталық Азияда және Қазақстанда экстремизм мен терроризмнің таралу жолдары туралы айтылады. Екінші тарау «Террористік қылмыскердің тұлғасы» деп аталып, террордың және терроризмнің психологиясына түсініктеме берілді. Бірінші және екінші тарау түгелімен теориялық мәселелерге арналса, Үшінші тарау «Терроризмнің себептері мен алдын-алу» - деп аталып, терроризмнің кримнологиялық сипаттамасымен қатар, еліміздегі терроризмге байланысты соңғы 10 жыл ішіндігі статистика келтірілді, сонымен қатар халықаралық терроризм мәселесі қаралды және терроризм қылмысымен күресудің практикалық жолдары ашып көрсетілді.
Қорытындыда жұмыстың негізгі нәтижелері мен тұжырымдары жинақталған.
Ең алдымен, «терроризм» дегеніміз не? - деген сұраққа жауап беру қажет. Әдетте оған тар және кең түсінік беріледі. Әр түрлі терминдер пайдаланылады, және олар бір-біріне қайшы болып келеді.
Бүгінгі таңда терроризмнің толықтай және жалпыға бірдей анықтамасын беру өте қиын. Себебі: әртүрлі ғалымдар оның түсінігін әртүрлі келтіреді. Ал біз болсақ бұл құбылыстың қарапайым сипаттамасын берумен шектелеміз. Көбінесе мамандар терроризмді құқықтық жағынан емес, құбылыс ретінде қарайды. Бұл құбылысты көптеген ғылымның өкілдері зертттеген, әлі де зерттеу үстінде. Мысалға: әлеуметтану және психология, қылмыстық құқық және криминология және т/б. Бірақ әдетте мәселе жалпы деңгейде қаралғанда, әсіресе социологиялық бағытта айқын көрінеді. Алайда, терроризм, ең алдымен оны жеңу үшін зерттелетіндіктен, мамандар құқықтық мәселелерді, соның ішінде қылмыстық құқықты және криминологиялық зерттеу мәселелерін шешуде.
Негізінен терроризм, латын сөздігінен аударғанда “қорқыныш, қасірет” - дегенді білдіреді. Бұл халықаралық қызметтің түрлі субъектілеріне қысым жасау үшін экстремистік ұйымдар қолданатын саяси күрес әдісі. Осыған байланысты терроризмді - халықаралық лаңкестік ретінде қабылдауға болады. Алайда, бұл құбылыс біздің қоғамымызда қалыптасқан күрделі әлеуметтік-саяси процестердің катализаторы болып отыр [1] .
Терроризм зорлық пен күш көрсету арқылы қылмыстық әрекеттер жасаудан тұрады. Және оны жеке азаматтарға қарсы жасалған өлтіру мен басқа да зорлық-зомбылық актілерінде көруге болады.
«Терроризм» терминi ең алғаш 1930 жылы 111 Брюссель конференциясында қолданылған болатын. Ал қазipгi таңда дүние жүзiндегi көптеген елдердiң қылмыстық заңдарынан осынау қылмысқа арналған баптарды, қылмыс құрамдарын көре аламыз.
Кез-келген террорлық акт - терроризмнің бір түрі. Ол ең алдымен қылмыс, соның ішінде аса ауыр қылмыс. Бұл ереже қазіргі қолданыстағы заңдарда нақты анықталып отыр. Бұл ҚР Қылмыстық кодекс пен «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңында айқын көрсетілген [2] .
Терроризм проблемаларын зерттеу барысында, келесі жасалу керек негізгі жұмыстарды айқандап алуымыз керек:
-терроризм феноменінің мәні, тұжырымдамасы, зорлық-зомбылықтың басқа түрлерінен айырмашылығы айқын анықталуы керек;
-олардың әрқайсысының табиғаты мен ерекшелігін анықтау арқылы, терроризмнің түрлі көріністерін терең талдау және ғылыми жіктеу жасау қажет;
-терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны, ішкі және халықаралық заңнамалар саласында қатаң санкциялау бағытында әзірлеу және дайындау қажет;
-отандық және шетелдік арнаулы қызметтердің тәжірибесін және практикасын ескере отырып, терроризмге қарсы тиімді стратегияның принциптерін, әдістерін және технологияларын әзірлеу;
- терроризм актілерінің кез-келген ақпаратын және алдағы актілерін жинау, өңдеу және сараптаудың тиімді жүйесін құру және бүкіл халықты осы қызметке толық тарту;
- лаңкестік актілерді жасаушылардың типологиясы мен психологиясын тереңдете зерттеуді ұйымдастыру.
XXI ғасырда терроризм әлемде кең таралған өте қауіпті құбылыс болып отыр. Сондықтан терроризмді зерттеу өте қиын. Ең алдымен, бұл лаңкестік анықтамасының жалпы түсінудің әдістерінің жоқтығымен тікелей байланысты. Біздің ойымызша терроризммен өзін мойындату - тек үрей, қорқыныш арқылы ғана жүзеге асады. Көптеген террор идеологтары мен лаңкестердің өздері де терроризмді - қоғамға өздерінің әрекеттері арқылы резонанс тудыру, күш көрсету екендігін мойындайды. Адамзат күш көрсетуден ешқашан бас тартпаған. Заманауи терроризмнің басты қозғаушы күші - қазіргі заманғы мәселе, яғни шешілмеген көптеген проблемалар. Мысалға: дамымаған елдердің өмір сүру деңгейінің төмендігі, кедейшілік, жұмыссыздық, сыбайлас жемқорлық, сауатсыздық, өз кезегінде әртүрлі елдердің дамуы мұның бәрі терроризмнің пайда болуына қолайлы жағдай туғызады.
Дүние жүзіндегі ғалымдардың арасында да терроризмнің түсінігі жөнінде келіспеушіліктер көп. Оның себебі: әрбір мемлекет терроризмге өз қылмыстық заңы бойынша түсінік беруге тырысуда, бірақ барлық мемлекеттер мойындаған терроризм жөнінде ортақ және біртұтас түсінік қалыптаспаған. Бұл жағдай әрине терроризммен күрес жүргізгенде өте үлкен қиындық келтіреді [3, 4] .
Қазақстанда терроризмнің пайда болу үрдісін зерттей келе, отандық ғалым Е. Карин оны шартты түрде үш кезеңге бөледі:
1-кезең: 90-шы жылдардың соңы мен 2000-шы жылдардың басы. Елімізге «бөтен» террористер келген кезең;
2-кезең: 2000-шы жылдардың басы мен соңы. Сырт жақтан келген бөтен террористердің «жасырын іске тарту кезеңі»;
3-кезең: 2000-шы жылдардың соңынан бастап бүгінгі күн аралығы. «Оқшауланған» немесе «өзімізден шыққан» террористер.
Соған қоса, саясаттанушы, егер бұдан 10 жыл бұрын Қазақстан үшін терроризмнің проблемасы көп жағдайда, өзінің территориясында өз мемлекеттерінде әскерилендірілген құрылымдарға қатысқаны үшін қудалануға душар болған - «бөтен» террористердің жасырынып амал жасауымен байланысты болса, 2000-шы жылдардың ортасынан бастап, Қазақстан азаматтарының Орталық Азиялық елдер мен алыс шет елдерде террористік іс-әрекеттерге тікелей қатысуы жиілей түскендігі анықталды.
Қазақстан зерттеушісі Н. М. Садықовтың айтуынша, Қазақстанда мұсылман діни бірлестіктері мен мешіттердің өсуі кезеңінде «халықтың ислам негіздері туралы білімінің таяздығы, оның үстіне, түрлі ағымдар мен бағыттардың, оның ішінде фундаменталистік сипаттағылардың адам еркіндігін шектейтін, шариғаттың нанымдық және құқықтың нормаларын қатаң сақтауға үндейтіндері исламның кез-келген бағытын қолдаушылары арасында ішкі этникалық ахуалды арандатып жіберуге жол беруі ықтимал болды [5, 6] .
1991 жылы Қазақстанда 620 діни ұйым мен конфессия ресми тіркелсе, қазір олардың саны 2500-ден асқан. Бұлардың көпшілігі Қазақстан мен қазақ этносы өзінің мұсылмаңдығымен бейбіт өмір сүрсін деп отырған жоқ. Діни ұйымдардың идеологиясына, іс-әрекеттеріне баға бере келе республиканың жоғарғы соты 14 халықаралық ұйымға лаңкестік деп баға беріп, олардын ендігі қызметтеріне тыйым салды. Діни ұйымдардың идеологиясына, іс-әрекеттеріне баға бере келе Республиканың Жоғарғы соты жеті халықаралык ұйымға “террористік” - деп баға беріп, елдегі қызметтеріне тыйым салды. Бұл ұйымдар: «Асбат-аль Ансар» (Мұсылман бауырлары), «Талибан», «Боз Гурд», «Орталық Азия можахедтерінің жамағаты», «Лашкар-и-Тайба», «Әлеуметтік реформалар қоғамы», «Истлах». Кейінрек бұл тізімге «Аль-Каида», «Шығыс Түркістанның ислам партиясы», «Күрдтік халық конгресс», «Өзбекстанның исламдық козғалыстары», «Халифат солдаттары», «Шығыс Түркістанды босату ұйымы» сияқты діни экстремистік ұйымдар енгізілді [7, 8] .
Аталған ұйымдардың миссионерлері бұрын Оңтүстік Қазақстанда қызмет етсе, қазіргі кезде олар Батыс Қазақстаңда да белсенді әрекеттер жасай бастаған. «Хизб-ут-Тахрир» атты діни ұйымының қызметі де заңсыз деп таңылды. Бұл ұйымның 13 мыңнан астам кітапшалары мен үнпарақтары тәркіленген болатын. Осылармен бірге «Шығыс Түркістанның ислам партиясы», «Өзбекстанның исламдық қозғалысы», «Таза ислам» (ваххабит) сияқты террористік ұйымдардың мүшелерінің ел аумағында қызметтері байқалуда. Ваххабизмнің салафиттік бағытын ұстанатын топтардың Тараз, Алматы және Ақтөбе қалаларында бірнеше мәрте теракт жасамақ болғандары бізге белгілі. Діни экстремисттік ұйымдардың мақсаты Қазақстаңды тәуелсіздік даму жолынан тайдыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz