ҚАБЫСА БАЙЛАНЫСҚАН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
0.1 Сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері
1.2 Жасалу жолдары
2 ҚАБЫСА БАЙЛАНЫСҚАН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСІ
2.1 Байланысу моделі
2.2 Қабыса байланысқан сөз тіркесінің ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазақ тіл білімінде орын тәртібі мәселесі төңірегінде бірқатар тілші ғалымдардың зерттеу еңбектерінде, мақалаларында ой-пікірлер айтылып келеді. Ол негізінен тілдік категориялардың ішінде сөз тіркесіне, сөйлем мүшелеріне және құрмалас сөйлем компоненттеріне қатысты зерттелуде. Сонымен қатар құрмалас сөйлемдерді құрмаластырушы тәсіл ретінде де айтылған ой-пікірлер бар.
Зерттеу өзектілігі. Сөйлемдегі кей сөздер бірімен-бірі меңгерілуімен іс бітпейді. Олардың кейбірі бірімен-бірі ешбір жалғаусыз қарым-қатынасқа енеді. Әрине, мұнда екінші сөздің аяғындағы жалғау ескерілмейді, тек екі сөз арасы ескеріледі.
"Қабысудың ендігі бір мәнісі - сөздер бір-біріне өте тығыз байланысуынан көрінеді. Бұлардың орны өзгеден берік. Қабыса байланысқан сөздер араларынан қыл өтпестей болып көрінеді".
"Қабысу -- түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде өте жиі қолданылатын синтаксистік байланыс формасының бірі. Егер қиысуда бағыныңқы сөздің грамматикалық мағынасына, тұлғасына бейімделе, матасуда тиісті жалғауда айтылып байланысса, қабыса байланысқан сөз тіркестері өзара ешқандай жалғаусыз, тек қатар тұру арқылы тіркеседі. Сонда қабыса байланысқан сөз тіркестерінің грамматикалық байланыс амалы сөздердің орын тәртібі болады".
Қабысу - сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының басыңқымен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысы. Қабыса байланысатын сөздердің көпшілігі тұрған орындарын өзгертпейді, жұбын жазбайды.
Зерттеу нысаны: есімді сөз тіркесі
Зерттеу мақсаты. Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестеріне, олардың жасалу жолдарына сипаттама беру.
Зерттеу міндеттері:
oo Сөз тіркестерінің байланысу тәсілдерін зерттеу;
oo Жасалу жолдарын ерекшелеу;
oo Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің байланысу моделін сипаттау.
Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
Есімді сөз тіркестері -- сөз тіркесінің басыңқы сыңары есім сөз болып келетін түрі. Мұндай сөз тіркесінің ұйытқы сөздері (басыңқылары), негізінен, зат есім және сын есім, сан есім сияқты есім сөздер болады да, бағыныңқы сыңарлардың қызметін есім сөздердің бірі немесе етістіктің есімше түрі атқарады: "қалың тоғай", "жақсының сөзі", "екінің бірі", "оқылған кітап".
Есімді сөз тіркестерінің сыңарлары қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. Байланысу формаларының бір-бірінен елеулі айырмашылықтары болуымен бірге, байланысудың бір формасының да өз ішінде ерекшеліктері болады.[1]
Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері, зат есім мен зат есімнің тіркестері түрінде ("алтын сақина", "темір пеш", "бір үйір жылқы", "бір үзім нан", "қалта сағат"), сын есім мен зат есімнің тіркесі түрінде ("жақсы дос", "сұлу әйел", "ақ қағаз", "аласа бойлы азамат", "ат жақты жігіт"), сан есім мен зат есімнің тіркесі түрінде ("оныншы сынып", "отыз студент", "он шақты қой", "бес-алты дәптер"), есімше мен зат есімнің тіркесі түрінде ("көрінген тау", "сөйлейтін адам", "орылған шөп"), есімдік пен зат есімнің тіркесі түрінде ("мына үй", "ана жол", "нешінші пәтер?", "барлық халық", "өз еңбегі"), үстеу мен зат есімдердің тіркесі түрінде ("қазір осында", "бүгін көңілді", "әлі тып-тыныш") кездеседі.
Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері байланысудың табиғатына сай ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі болып шығады ("қораның шатыры", "құстың сұлуы", "отыздың екеуі", "менің әкем").
Меңгеріле байланысқанда басыңқы мен бағыныңқы сыңарлардың септік (іліктен басқа) жалғаулары арқылы тіркеске түсетіні белгілі ("жанға бай", "жақсылыққа үйір", "сенімен тұстас", "сайлауға әзірлік"). Осының барлығынан да сын, сапа, меншіктілік сияқты синтаксистік мағыналар туындап отырады.
Есімдіктердің ішінде қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары болып жиі кездесетіндері -- сілтеу, сұрау және жинақтау-есімдіктері. Олар зат есімдермен тіркесіп, анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы, мына кітап, ана тау, осы қала, қай аудан?, қандай мәселе?
Есімдіктердің сөз тіркесінің құрамындағы анықтауыштық мағыналары бірдей емес.[2]
С і л т е у есімдіктері заттың айтушыға алыс-жақындық бағдарын нұқсап көрсетіп анықтайды:
Ол осы өзенді жағалап Кремль жаңтасы сонау көк мүйіске қарай серуендемекші еді-ау! (Ә. Әбішев) Бұл -- сонау Ұлытаудын, қазағы Олжай дейтін (Ә. Әбішев) Бұл сөзді Сырбай қашан да кеудесін кере алған деммен айттып келеді (С. Мұқанов).
Сұрау есімдіктері ол құрамда заттын, сұраулық сапа қатынасын білдіреді, мысалы, қай қала? неше мектеп?, қандай адам, қанша саулық?
Мұндай құрамда айтылатын сұрау есімдіктері -- қабыса байланысатын анықтауыштарға (сын есім, зат есім, сан есім, есімше және сілтеу есімдіктерінен болған анықтауыштарға) қойылатын сұрақтар.
Басқалары қабыса байланысатын анықтауыштардың орнын баспайтындықтан, мұндай құрамда айтылмайды.
Жалпылау есімдіктері есімді сөз тіркесінің бағынынқы сынары қызметінде заттың жинақтал ған мөлшерлік сапасын білдіреді. Мысалы: барлық жұрт, күллі ел, бүкіл дүние.
Есімді сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. Қабыса байланысқан есім сөз тіркестерінің құрамы былай болады.
1. Зат есімді тіркестер: алтын қасық, темір балға.
2. Сын есім мен зат есім тіркесі: ақ құба жігіт, боз інген, сұлу қыз.
3. Сан есім мен зат есім тіркесі: бес ешкі, алты комбинат.
4. Есімше мен зат есім тіркесі: жаңарған дала, дамыған ел.
5. Есімдіктер мен зат есім тіркесі: сол сәт, бұл фабрика.
Матаса байланысқан есім сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары ілік
септігіндегі зат есім немесе заттанған сөздер, басыңқы сыңары тәуелдік жалғауындағы зат есім немесе заттанған сөздер болады. Алматы -- Отанымыздың жүрегі. Осы сөйлемдегі Отанымыз-дың ілік септігіндегі зат есім жүрегі деген тәуелдік жалғаулы зат есіммен матаса байланысып тұр. Ал жақсының ісі, аттың жүйрігі, білгеннің сөзі, баланың жақсысы т. б. дегенде бірде ілік септіктегі сөз, тәуелдік жалғаулы сөз заттанып тұр. Кейбір сын есімдер септік жалғаулары арқылы зат есімді меңгеріп тұрады. Малға бай, сөзге жүйрік.
1.1 Сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері
Сөз тіркесі болу үшін сөздер белгілі заңдылықпен байланысады. Сөздер бір-бірімен төрт тәсіл арқылы байланысады:
1) жалғау арқылы;
2) шылау арқылы;
3) орын тәртібі арқылы;
4) интонация арқылы.
Сөздердің септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуы жалғау арқылы байланысу деп аталады. Мысалы, достардың кеңесі, мектепке келу, ата-ананы құрметтеу, кітапта жазылған, апасынан сұрау, үлкендермен ақылдасу, біз дайындаламыз.
Сөздер шылау арқылы да байланысады. Мысалы, досым үшін ұялдым, күн сайын жаттықты, ата-анасымен бірге барды, сабақтан кейін дайындалды, гүл мен жапырақ, қалам және қарындаш, т.б.
Сөздер бір-бірімен орын тәртібі арқылы байланысады. Мысалы, ашық мінез, жапырақты ағаш, өнегелі өмір, берілген тапсырма, жылы жаңбыр, биік мақсат, аталы сөз, кәсіби шеберлік, т.б.
Сөздер интонация арқылы да байланысады. Мысалы, Абай - ақын, Сәбит - жазушы, мектеп - кеме, білім - теңіз, т.б.
Қазақ тіліндегі сөздердің байланысуының бес түрі бар:
1) қиысу;
2) матасу;
3) меңгеру;
4) қабысу;
5) жанасу.[4]
Қиысу - сөз бен сөздің жіктік жалғауы арқылы немесе жіктелу ретімен бастауыштық және баяндауыштық қатынаста жақ жағынан үйлесе байланысқан түрі. Мысалы, Мен оқимын (І ж.), сен оқисың (ІІ ж.), олар келеді (ІІІ ж.), біз дайындаламыз (І ж.).
Матасу - сөз бен сөздің ілік септік жалғауы мен тәуелдік жалғауы арқылы байланысуы. Мысалы, Алматтың үйі, ағаштың бұтағы, менің жолдасым, т.б.
Меңгеру - сөз бен сөздің барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септік жалғаулары арқылы байланысқан түрі. Мысалы, балаға мейірімді, үзілісті күту, тауда жолығу, мектептен келу, еңбекпен табу, т.б.
Қабысу - сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, тек орын тәртібі арқылы іргелес байланысқан түрі. Мысалы, кең бөлме, орындалған арман, тоғызыншы сынып, үйдегі қызық оқиға, т.б.
Жанасу - сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, кейде алшақ кейде іргелес тұрып байланысуы. Мысалы, телефон арқылы сөйлесу, үйге дейін бару, әдейі келу.
Сөз тіркесіндегі бағыныңқы сөз басыңқы сөзбен қарым-қатынасқа түскенде, бір жағынан, сол тіркеске тән лексика-грамматикалық мағына да пайда болады. Сөз тіркесіндегі грамматикалық мағына бағыныңқы сөз бен басыңқы сөздің арасындағы үш қатынастан пайда болады. Олар: анықтауыштық қатынас, толықтауыштық қатынас және пысықтауыштық қатынас.
1. Анықтауыштық қатынас матаса, қабыса байланысқан есімді тіркестерге тән. Бесінші сынып, алтын сақина, менің інім, біздің қала, орындалған арман. Анықтауыштық қатынас басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге қандай? қай? кімнің? ненің? қандай? қанша? неше? нешінші? деген сұраулар қою арқылы анықталады.
Анықтауыштық қатынастағы лексика-грамматикалық мағына бағыныңқы сөз бен басыңқы сөздің лексикалық ерекшеліктеріне сәйкес даралық, нақтылық сипат алады. Матасу байланысындағы сөз тіркесі мынадай лексика-грамматикалық мағыналарға ие. Менің киімім - затқа меншіктілік, Тілектің әпкесі - туыстық, үйдің терезесі - бүтіннің бөлшекке қатынасы.[5]
Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің беретін лексика-грамматикалық мағыналары: салқын жел - табиғи күй, ақ қар, көк шөп, қызыл гүл - заттың түсі, тәтті тамақ, ащы сорпа - тамақтың дәмі.
Бұл тіркестегі сөздердің бәрі сын есім болып, заттың әртүрлі сынын білдіруі олардың грамматикалық мағынасы болса, әр сөздің өзіне тән мағынасы лексикалық мағына болады. Сол лексикалық мағыналары арқылы бағыныңқы сөз басыңқы сөздің белгілерін, қасиеттерін даралайды, нақты сипат береді.
2. Толықтауыштық қатынас меңгеру байланысындағы есімді және етістікті тіркестерге тән. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? деген сұрау қою арқылы анықталады, бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардың тура я жанама объектісін, я сол объектіге қатысын білдіріп тұрады. Мысалы, тазалықты сүю, ойларын білдіру, жиналысты басқару, сөзге жауап қату.
3. Пысықтауыштық қатынас меңгеру, қабысу және жанасу байланысындағы етістікті тіркестерге тән. Сұрақтары: қайда? қайдан? қашан? қайтіп? қалай? не мақсатпен? не үшін?
Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері мынадай лексика-грамматикалық мағынада жұмсалады: істің мезгілі, мекені, қимыл-сыны, мақсаты, себебі. Мысалы, оқу үшін келді, әдейі барды, жалтақтап қарау, биыл ашылмақшы, жалп етіп құлау.[6]
Синтаксистік қатынастың түрлері
Байланысу түрлері
Сұрақтары
Мысалдар
Анықтауыштық қатынас
Матасу,
қабысу
Кімнің? Ненің?
Қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші?
Адамның өмірі, екінші мамандық, уылжыған жүзім, шеткі үй.
Толықтауыштық қатынас
Меңгеру
Кімге? Неге?
Кімді? Нені?
Кімде? Неде?
Кімнен? Неден?
Кіммен? Немен?
Балаға мейірімді, жұмысты жандандыру, үзілісті күту, адамды сыйлау, ата-анасымен ақылдасу.
Пысықтауыштық қатынас
Меңгеру, қабысу,
жанасу
Қашан? Қайдан? Қайда? Қалай? Не үшін? Не себепті? Не мақсатпен?
Кештете келді, бүгін келді, былтыр ғана жеңіп ем, қасақана кешікті, оқу үшін келді, т.б.
1.2 Жасалу жолдары
Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса және меңгеріле байланысады, етістікті сөз тіркестері қабыса және меңгеріле байланысады (соңғы шылаулы, шылаусыз болуы мүмкін)
Қ а б ы с у -- түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде өте жиі қолданылатын синтаксистік байланыс формасының бірі. Егер қиысуда бағыныңқы сөз басыңқы сөздің грамматикалық мағынасына, тұлғасына бейімделе, тиісті жалғауда айтылып байланысса, қабыса байланысқан сөз тіркестері өзара ешқандай жалғаусыз, тек қатар түру арқылы тіркеседі. Сонда қабыса байланысқан сөз тіркестерінің грамматикалық байланыс амалы сөздердің орын тәртібі болады.
Қабыса байланысатын есімді сөз тіркестерінің құрамы әр түрлі; оның бағыныңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, сілтеу есімдігі, есімше, үстеу болады да, басыңқы сынары зат есім, субстантивтенген сын, сан есімдер болады.
Зат есіммен қабыса тіркесетін сөздер:
Зат есім: темір күрек, ағаш күрек, жел диірмен, түлкі тымақ, етікші бала, жұмысшы адам т. б.
Сын есім: биік тау, қызық өмір, жақсы талап, қоралы қой, таудай талап, еріншек бала, жастық шақ, т. б.
Сан есім: үш кісі, мың қой, ойыншы мектеп, т. б.
Сілтеу есімдігі: бұл қала, мына бала, ана кісі, осы ауыл, сол табыс, ол сұрақ т. б.
Есімше: айтылған сөз, келген кісі, айтар сезім, келетін бала, айтатын сөз, т. б.
Бұларды жинақтап, зат есіммен қабыса байланысатын сөздерді схемамен көрсетсек, былай болар еді:
Сын есім мен жібек орамал
Зат есім мен зат есім: балалы үй
Сан есім мен алтыншы арба
Сілтеу есімдігі мен мына қала.
Үстеу -- бүгін студент.
Қабыса байланысқан зат есімдерден құралған тіркестер
Қабыса байланысатын сөз тіркестерінің жиі қолданылатын бір түрі -- зат есімнен құралатын тіркестер. Екі зат есім атау күйінде қабыса байланысып, сөз тіркесін құрау үшін алдыңғысы соңғысына бағынып тұрады: Мысалы: алтын сағат, ағаш күрек, жібек орамал т. б.[7]
Осындай тіркесте айтылатын зат есімдер тобы көбінесе екі сөзден құралады. Олар өзара әр уақытта анықтауыштық қатынаста айтылады: қамыс құлақ, бота тірсек, темір қанат, шаруа қол, т. б. Бұлар өзара анықтауыштық қатынаста айтылғанмен, сөйлемде бір заттың күрделі анықтауыштары, кейде басқа да мүше болып жұмсалады: қамыс құлақ ат, ботпа тірсек ат, темір қанат балапан.
Осы тәрізді қатар тұру арқылы бірін-бірі анықтайтын зат есімдер тобы екі, үш, кейде төрт сөзден құралуы мүмкін: темір қанат балапан, қой көз бала, шоқпар темір таяқ.
Зат есімдерден құралған сөз тіркестері тұрған орнына қарай байланысқанда, әрбір анықтауыштық тіркес фразалық (ритмикалық) бір екпінге бағынып, екпін жағынан бір түйдек болып тұрады.
Зат есімдерден құралған анықтауыштық топқа кез келген зат есім өне бермейді. Оған озара мағыналық байланыста бола алатын сөздер, тілде солай айтылып үйреншікті болған сөздер ғана енеді. Сондықтан тас жол, темір күрек, қол сағат деп айтылады да, керісінше, жол тас, күрек темір, сағат қол деп айтылмайды (орын ауыстырып айтуға болатын жағдайда басқа мағыналық қатынасты білдіреді, мысалы: сағат қалта -- қалта сағат, көз әйнек -- әйнек көз). Зат есімдерден болған сөз тіркесінің бірінші сыңары көбінесе конкретті, материалды заттың аты, кейде солай ұғынылатын басқа есімдер болады. Күш, өнер, өнеге қайрат, әрекет, айла, айбат, сес, ұйқы сияқты абстракты зат есімдер сол түбір қалпында ол топтың бірінші сыңары болып айтылмайды.[8]
Бірқатар зат есімдер, жоғарғыдай, анықтауыштық құрамда жұмсалу үшін ол екеуінің алдында басқа анықтауыштар болуды керек етеді:
а) Аяқ жол деп айтылмайды, жалғыз аяқ жол дегенде ғана олар анықтауыштық құрамға енеді. Арқа отын деп жалаң айтылмайды, бір арқа отын дегенде оның алдында сан есімнен анықтауышы болса ғана, екі зат есім қатар тұрып тіркесе алады.
ә) Сол сияқты, қайнатым шай, үзім нан, асым ет, қалпында етістіктің аяғына -ым-ім жұрнағы жалғанып жасалған зат есімдер мен басқа зат есімдер сандық анықтауышсыз бір топ құра алмайды, бір қайнатым шай, бір үзім нан, екі асым ет сияқты құрамда ғана айтылады. Сонда, екі заттың анықтауыштық қатынаста айтылуы олардың алдындағы сан есімдерге байланыстан болады. Бұлай болу -- барлық затқа бірдей шарт емес.
б) Салпаң, қалқан сияқты бейнелеуіш сөздер қатысқан зат есімдер басқа затпен тіркесіп, анықтауыштық құрамда айтыла алады:
Қалқан -- қалқан құлақ бала,
салпы -- салпы ерін ат,
бұлаң -- бұлаң құйрық түлкі,
сылтық -- сылтың аяқ түйе.
в) Бірқатар зат есімдер өзар тіркесу үшін олардың алдында келтпе, қысқа, биік, ұзын, жұқа, қалың, шолақ, қаба сияқты сын есімдер болады: ұзын құйрық түлкі, биік өкше етік, қаба сақал қарт.
г) Бірқатар зат есімдер тек қосарланып (қос сөз болып) айтылғанда ғана басқа зат есімдермен тіркесе алады: қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, тарам-тарам тамыр, айқыш-айқыш жол т. б.
Зат есімдерден құралған сөз тіркестері түрлі-түрлі мағыналық қатынаста жұмсалады. Ол жағдай анықтауыштық топтағы заттардың семантикалық өзгешеліктерімен байланысты.[9]
Мысалға қамыс қора, қамыс құлақ дегенді алайық. Бұлардың сыртқы құрылысы бірдей, бірақ мазмұны бірдей емес: қамыс деген зат есім қораның алдында тұрып, қораның қамыстан істелгенін білдірсе, құлақ деген сөздің алдында тұрып, құлақтың қамыстай екенін білдіреді. Соңғының орнына қамыс сырнай десек, мұнда да сырнайдың қамыстан істелгендігін білдіреді.
Сол сияқты:
тас үй -- тастан салынған үй д. м. болса,
тас еден -- тас төселген еден д. м.
тас балға -- тасты сындыратын балға д. м.
тас көмір -- тастай, тас сияқты көмір д. м.
күміс сағат -- күмістен істелген сағат д. м. айтылса,
қол сағат -- қолға тағатын сағат д. м.
электр сағат -- электр күшімен жүретін сағат д. м.
құс төсек -- құстың жүнінен жасалған төсек д. м.
Бұл мысалдарға қарағанда, есімді сөз тіркестерінің мазмұны, бір жағынан, басыңқы сөздің мағынасымен байланысты болса, екінші жағынан, оның анықтауышы болған бағыныңқы сөздің заттық мағынасымен байланысты болады.
Зат есімдерден құралған сөз тіркестері мынадай мағыналық қатынаста жұмсалады
1. Заттың неден, қандай заттан жасалғанын білдіреді: темір пеш (темірден жасалған пеш).
2. Салыстыру, теңеу мағынасында жұсалады: қамыс қүлаң - (ат) аттың құлағы қамыстай д. м.; пісте мұрын (қыз) -- қыздың мұрны пістедей д. м; жібек жүн -- жүні жібектей д. м.; құрыш білек -- құрыштай қатты білек д. м.
Мысалы:
Қарақер қамыс құлағьш қайшылап, оқта-текте жерден басын алып, төңірекке едірейіп қарап қояды (Ғ. Сланов). Жібек жүнің желкілдеп, жайраңдайсың ақ лақ. Құрыш білек, болат дене, еңбек сүйген бала жастан (Ә. Сәрсенбаев). Құлаш мойын, кез құлақ бір бедеу ат, денсаулық -- ер жігіттің сұрауы. (Ғ. Сланов.)[10]
Сын есімді тіркестер
Сын есімдер -- заттың әр түрлі сындық сапасын білдіретін сөздер. Солай болатындықтан олар зат есімдерге қатысты болып, зат есімдерден тіркесіп, есімді сөз тіркесінің кұрамында өте көп жұмсалады. Сын есімдердің лексикалық мағыналарына және синтаксистік қызметіне қарағанда, олар есімді сөз тіркестерінің арнаулы бағыныңқы сыңары болатын сөздер.
Сын есімдер мен зат есімдер қатар тұру арқылы өзара қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі жасалады. Мұндай синтаксистік тіркестердің құрамы әр алуан болатындықтан, олар әр түрлі анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы, анықтауыштық қатынаста жұмсалатын сын есімдер заттық түсін (ақ қар, боз ат, көк шәп, қызыл гүл, тарғыл сиыр), заттың көлемдік сапасын (тар жол, қысқа жіп, кең сарай, жалпақ тақтай, терең көл, үлкен қайрақ), заттың табиғи күйін (қалың қарағай, салқын жел), адамнық, басқа заттың ішкі сырын (жақсы кісі, жаман жолдас, жуас ат, шабан үйрек, сараң әйел), тамақтын, д ә м і н (тәтті тамақ, ащы сорпа, қышқыл жеміс), заттын, салмақтың мөлшерін (ауыр жүк, жеңіл чемодан), т. б. білдіреді.
Осындай әр түрлі мағынада жұмсалатын сын есімдер кез келген зат есіммен тіркесе бермейді және барлық сын есімдердід зат есімдермен тіркесу қабілеті бірдей емес. Мысалы, тілемсек деген сөз адамның ғана сынып білдіреді. Сондықтан оны тілемсек кісі, тілемсек бала, тілемсек шал сияқты құрамда айтуға болады, тілемсек ат, пгілемсвк қоян тәрізді құрамда айтуға болмайды. Сол сияқты асау сөзін асау апг, асау бие, асау тайлақ сияқты құрамда айтуға болады да, асау бала, асау шал, асау тал деп айту ерсі болады. Онын, себебі әрбір сын есімнін, білдіретін лексикалық мағынасы белгілі затқа (не заттарға) тән сапа болады. Сондықтан мысалы, қисық сөзін қисайтуға болатын заттардың, асау сөзін көлік малын білдіретін заттардың, сапасы деп айтуға болады, Көркем әдебиетте ондай, белгілі ғана заттын, сапасын кейде мағыналық үйлесімі кем басқа затқа теліп, сол арқылы сөз тіркесінің, мазмұнын көрікті етіп әсірелеуге болады.[11]
2 ҚАБЫСА БАЙЛАНЫСҚАН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСІ
Қабысу сөз тіркесі құрамындағы бағыныңқы сыңардың басыңқы сыңармен жалғаусыз, іргелес тұрып орын тәртібі тәсілі арқылы байланысуы. Сөз тудырушы формалары жоқ немесе аз тілдерде бұл тәсілдің атқарар қызметі ерекше. Мысалы, қытай, ағылшын, француз тілдерінде сөздердің орын тәртібі өзге тәсілдердің ішіндегі ең негізгісі болып саналады. Сөз түрлендіруші формаларға бай түркі тілі, соның бірі қазақ тілінде де атапған тәсілдің атқарар қызметі кем емес.
Қабысу синтаксистік байланыстың жиі қолданылатын түрінің бірі. Тіл фактілеріне жүгінетін болсақ, кез келген сөздер жалғаусыз, шылаусыз орын тәртібі тәсілі арқылы байланысқа түсе бермейді. Олар өзара тіркесу үшін мағыналық жақтан да, грамматика жақтан да сәйкестікте болуы керек, әрі ондай сөздер іргелес тұрып, араларына сөз салмай, белгілі бір ырғақпен айтылуы қажет.
Мағыналық тұрғыдан байланысы бар сөздердің басын құрастыруда ұйтқы сөздің қай сөз табынан болуының үлкен мәні бар. Осымен байланысты іштей қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері және қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері болып екі салаға белінеді.
Қабысу байланысқан есімді сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары әр уақытта есімдер, олардың ішінде зат есімдер болып келеді. Өйткені зат есімдер өзінің лексика-грамматика мағынасына орай түр, түс, сын, сапаны білдіретін сын есімдермен, анықтауыштық қызметте жұмсалатын сан есім, зат есім, есімшелер, есімдіктермен тіркесуге бейім тұрады да, анықтауыштық қатынастығы сөз тіркестерін құрайды.
Қабысу байланысқан сөз тіркестерін құрастыруда етістіістердің де атқарар қызметі мол. Әр түрлі іс-әрекеттің, қимылдың мәнін айқындау үшін етістіктер ұйтқы сөз ретінде үстеулермен, көсемшелермен, еліктеу сөздермен, ретіне қарай сан есім, сын есімдермен тіркесе береді. Жоғарғы оқу орындарына арналған "Қазіргі қазақтілі" оқулығында ағаш кесу, пішен ору, үй салу, газет оқу тәрізді тіркестер қабысудың қатарында қарапған. Сырттай қарағанда осылай ету орынды да, апайда осылардың іргелес тұрып жымдаса байланысуы бағыныңқы сыңар құрамынан табыс септік жапғауының түсіп қалуымен тікелей байланысты. [14]
Егер аталған сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларына табыс септік жалғауын жалғайтын болсақ, тіркес құрамындағы сөздердің байланысы солғындайды, арқауы босайды, арапарына өзге бір сөз кірістіруге болады: ағаш кесу ағашты балтамен кесу. Жоғарыда келтірілген мысалдар табыс септігінің жапғаулы түрінде болсын, болмаса жапғаусыз түрінде қолданылсын, бәрі бір, тек бір ғана мағынаны, бір ғана синтаксистік қатынасты білдіреді, ол тура объектілік мағына, толықтауыштық қатынас. Сонымен атапған тіркестердің қандай қолданыста болмасын тек толықтауыштық қатынаста жұмсалуы, сондай-ақ бағыныңқы сыңар құрамына қинапмай, кедергісіз табыс септік жалғауының жапғануы мұндай типтті тіркестердің қабысуға емес, меңгеруге жататындығын көрсетеді.
Алайда бұдан бір сөз тіркесі екінші сөз тіркесіне ауыспайды деген пікір тумаса керек.
Тіл дамуы барысында бір құбылыстың екінші бір құбылысқа ауысып, көшіп отыруы-заңды нәрсе. Мысалы, кешке келеді, түнде кетеді, бурыннан біледі, кезекпен сөйлейді, етпетінен құлады тәрізді сөз тіркестерін алатын болсақ, бұлар тарихи тұрғыдан меңгерудің қатарына жатқан да, кейіннен қабысудың немесе жанасудың қатарына кешкен. Бұған бағыныңқы сыңар құрамындағы септік жапғауларының өзіндік мағыналарынан алшақтап, жалғанып турған сөздерімен тұтасқан қалпында үстеуге айналуы себеп болған.
Қабысу байланысқан сөз тіркестері тіркес құрамындағы сөздердің құрамына қарай жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді: жібек орамал, ағаш күрек -- жалаң, темір қанат балапан, жалғыз аяқжол, сылқсылқ, күлу-күрделі.
Сөз тіркесі құрамындағы сөздердің мағыналық жағынан әркелкі болуына қарай қабысу байланысқан сөз тіркестері әр түрлі қатынаста жұмсалып, әр түрлі мағынаны білдіреді. Мысалы, қабысу байланысқан есімді сөз тіркестері, негізінен, анықтауыштық қатынаса жұмсалады да, қабысу байланысқан етістікті сөз тіркестері пысықтауыштық қатынасты білдіреді. Мысалы, биік үй, алтын сағат, бесінші орын, осы бала, көреген жігіт анықтауыштық қатынаста, шапшаң жүреді, еріксіз күледі, зыр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz