Инновация ұғымы, инновациялық технологиялардың жіктелуі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасында білім беруді 2011-2020 жылдарда дамытудың мемлекеттік бағдарламасында бала кезден бастап, ересек жасқа дейін адамның біліміне жасалған инвестициялар экономика және қоғам өміріне елеулі өзгерістер енгізетіндігін тәжірибе дәлелдеп берген делінген.

Адам капиталына салынған инвестициялар мүмкін ең қайтьарымды болар. Мәселен, білім алуға жұмсалған шығындар өз кезегінде бес есе болып қайтып оралуы ықтимал деген ұғым бүгінде ел санасында мықтап орын алған. Бұл инвестициялар тез өзгеріп жатқан заманда техникалық тұрғыдан прогрессивті әрі өнімді жұмыс күшін қалыптастыру үшін қажет дейді Мемлекеттік бағдарлама, яғни білімді, білім игеруді әлеуметтік пайда да береді делінген Мемлекеттік бағдарламада. Білім жүйесі әлеуметтік капитал құрастырудың бірден бір себепкері болады, ал бұл капитал қоғамдағы мынандай игі өзгерістерден тұрады: азаматтардың билікке қатысу үлесі жоғарылайды, қоғам бірлігі өседі, қылмыс деңгейі төмендейді.

XXI ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз делінген Қазақстан Республикасының халқына Жолдауында бұл мәселе жалпы білім беретін оқу орындарына байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Сол оқу орындарына толыққанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген ұрпағымыздан, болашақта жақсы маман, білімді азамат шығары анық.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқында ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады», - деп атап көрсетілген.

Егерде Қазақстанды 2020 жылы белемді ел, ақылды экономика және жоғары білікті жұмыс күші бар мемлекет деп көргіміз келсе, онда білім жүйесін дамытуымыз қажет екендігі дау туғыздырмайтын мәселе екендігі анық. Ал бұл бағытта, әрине, жоғары мектептің алатын орны ерекше, өйткені құзыретті маман қалыптастыру мәселесі мемлекет саясатының негізгі нысанына арналғандығы Мемлекеттік бағдарламада мықтап көрсетілген.

Мұндай мақсатта жоғары оқу орындары бірінші кезекте үйрену мен үйретудің басты әдістемесі мен технологиясы ретінде интербелсенді әдістемені таңдауы қажет.

Жоғары мектепте оқытудың белсенді түрлерін қолданудың басты төрт дәлелі бар.

Белсеннді түрде оқу мен сыни өмірде қолданыс табатын білім береді. Көп жылдар бұрын философ Альфред Норт Уайтхед (1910-1957) жазып, ал психолог Ховард Гарднер көрсетіп бергендей, білімнің ырықсыз, бәсеңді күйде қабылданатын (мемлекеттік білім), тәжірибеден ойланбай алынатын (интуитивтік білім) және әлемді түйсініп, ақпаратты алумен қатар оны игеру арқылы проблемаларды шешуді меңзейтін ғылыми түрде дәлелденген тұжырымдамалар мен ойлау процестеріне негізделген (пән аумағындағы білім мен олау) білім түрлерін ажырату керек.

Физиканың жаратылыстану ғылымдары жүйесіндегі жетекші рөлі, жалпы адамзаттық мәдениеттің маңызды құраушысы ретіндегі ауқымды гуманитарлық потенциалының болуы, сондай-ақ оның оқушыларды тәрбиелеу мен дамытудағы мүмкіндіктері физиканы мектепте жалпы білім беретін міндетті пән ретінде оқытылуы тиіс екендігін көрсетеді.

Оқушыларды қазіргі заманғы ақпараттар ағымының жеделдеп артуымен техника дамуы жағдайындағы өмірге дайындауда және олардың дүниетанымын қалыптастыруда мектепте физиканы жалпы білім беретін пән ретінде зерделеудің үлкен мәні бар. Қоғам өмірінің барлық саласына дерлік компьютерлер енуде, денсаулық сақтау, тамақ өнеркәсібі, құрастыру, күрделі ғылыми, өндіріс, әскери құрал-жабдықтарды жасау мен өңдеу сияқты адам қызметінің көптеген салаларына үнемі өзгеру үстіндегі жаңа технологиялар қарқынды енгізілуде, көптеген мамандықтар лазерлермен, роботтармен байланысты.

Сондықтан физика сияқты іргелі ғылымның негіздерімен қаруланудың оқушылар үшін шешуші мәні бар.

Физиканың білім берудің бұл мақсаттарына жетудегі мүмкіндіктері жеткілікті, ол оның қоршаған ортаны, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірін танып-білудегі мәнімен анықталады.

Физика - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілетінің көзін ашу және оның үздіксіз дамуы мен жетілуін қамтамасыз ететін пәннің бірі.

Бірақ, қазір техниканың өрлеу кезеңінде физика пәнінің мұғалімдері оқушылардың пәнге деген қызығушылығының төмендегенін айқындайды. Бұған қазіргі материалы өте қиын және кемшілігі мол оқулықтар кінәлі. Ал физиканың өзі жоғары сыныптарға өту барысында түсініксіз, қызықты емес пәнге айналды. Осы қызық және қажетті, бірақ қиын пәнді балалар жақсы көріп, қажетті екенін түсінуіне қандай жағдай жасау керек? Білім беру ісін ізгілендіру туралы жиі айтылуда. Бұл көкейкесті мәселе. Бұл сұрақтың шешімін табу мақсатында мен дипломдық жұмысымда қызығушылықты арттыру әдістемелерін ұсынып отырмын.

Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты. Оқытудың инновациялық технологияларына жалпы сипаттама беру, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке ұмтылысын ынталандыру және оны оқу үрдісінде оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың ерекшеліктерін айқындау.

Зерттеу жұмысы келесі міндеттердің орындалуын қажет етеді:

- зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми - әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау;

- инновациялық іс-әрекет ұғымына терең түсінік беру;

- оқытудың инновациялық технологияларын практикалық қолданудың тиімділігін айқындау.

Зерттеу жұмысының болжамы. Оқытудың инновациялық технологияларын оқыту процесінде тиімді және орынды қолданған жағдайда жеке бастың жан-жақты әрі үйлесімді дамуына қол жеткізуге болады және мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке деген ұмтылысы, қызығушылығы артады.

Зерттеу жұмысының пәні. Оқыту процесінде оқытудың инновациялық технологияларын қолдану және мұғалімнің инновациялық іс-әркеті.

Зерттеу жұмысының объектісі. Жалпы орта мектептерде оқушылардың білімін жетілдіру және оларды белсендіру үшін оқытудың инновациялық технологияларын қолдану.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі болып Э. Брансуиктің теориясы, Б. Д. Эльконин мен М. Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі, В. Ф. Шаталовтың тірек сигналдарын қолдану технологиясы, Ш. А. Амокашвилидің білім беруді ізгілендіру технологиясы, Ж. Караевтің деңгейлеп оқыту технологиясы, С. Н. Лысенкованың перспективалық жеделдете оқыту технологиясы, П. И. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы, С. Микулстің «Ақыл-ой Одиссеясы» технологиясы, ынтымақтастық педагогикасы технологиясы, көркемөнер туындыларын көру арқылы баланың жеке басын дамыту технологиясы, ұжымдық оқыту технологиясы, іскерлік ойындардың жүргізілу технологиясы, оқытудың интерактивті әдістері сияқты құнды еңбектер табылады.

Зерттеу жұмысының әдістері мен әдіснемелері. Зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен ондағы қойылған болжамды дәлелдеп тексеруіміз үшін «технология» ұғымына жан-жақты түсінік берілді, оқытудың инновациялық технологиялары, мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті, инновациялық технологиялар түрлеріне талдау қолданылады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы. «Технология» ұғымына, оқытудың инновациялық технологияларына, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетіне, оқытудың инновациялық технологияларын қолдану ерекшеліктеріне тұңғыш рет сараланып нәтижелі жинақталуына қол жеткізілді. Оқытудың инновациялық технологиялары ғылыми әрі әдістемелік тұрғыдан сауатты баяндалып, теориялық әрі әдістемелік базасы кеңейтілді. Жаңа технологияның принциптері- оқытуды ізгілендіру, өздігінен білім алып, ізденіс арқылы дамитын, өзіндік дұрыс шешім қабылдай алатын, өмірге бейім жеке тұлғаны қалыптастыру. болып келеді және

бұл әрбір мұғалімнің мақсаты деп ойлаймын.

Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы:

- Оқытудың инновациялық технологияларына талдау жасалады;

- Оқытудың озық шығармашыл, жаңа технологияларымен қаруланған мұғалімдерді инновациялық іс-әрекетке ұмтылуға ынталандырады;

- Оқыту процесінде оқушылардың белсенділігін арттыруға қол жеткіздіреді;

- Оқыту үрдісінің тиімділігін арттыра түседі.

Зерттеу жұмысының базасы. Зерттеу жұмысының тәжірибелік базасы ретінде мұғалімдері мен оқушылар алынды.

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Сонымен қатар, зерттеу жұмысына сызбалар, кестелер, диаграммалар көрсетілген. Жұмыстың жалпы көлемі 71 бет .

1 Оқытудың инновациялық технологияларының ғылыми-теориялық негіздері

  1. «Инновация» ұғымы, инновациялық технологиялардың жіктелуі

XXI ғасырда еркін білім беру, адамның шығармашылық ойлауын дамыту негізі мәселе болып отыр. Осы идеялардан оқытудың және тәрбиелеудің инновациялық технологияларын қолдану қажеттілігі туындайды.

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.

Білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін оқытушылардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан оқытушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор [1] .

Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Ал білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Ал білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске ұшырап отыр. Оқытушылар мен оқушыларға әртүрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келеді.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адасның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді [2] .

Себебі, біз қадам басқан XXI ғасыр жан-жақты дамыған, білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қоса алатын азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр.

Педагогикалық технология - оқытушының кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарлаған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет - оқушылардың оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады. Оқыту үрдісін жаңашаландыру оқушылардың оқу материалын теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы оқытушының әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологиялар игерілеріне тікелей байланысты болады.

Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын меңгеру оқытушыдан орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер оқытушының жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.

Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 1960 жылдарда шетел зерттеушілері «Педагогикалық технология» терминін енгізді. В. Беспалько «Педагогикалық технология дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер - оның құрамды бөлігі ғана» - деген тұжырымдама берді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.

Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және оны өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелілігі: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны оқытушы мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі негізіндеанықталған нақты мақсат ғана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады[3] .

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын (1. 1 сурет) меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру оқытушының зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Қандай сабақтың болмасын қызықты өтуі оқытушының үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты.

Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

«Инновация» ұғымы ең бірінші XIХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни, бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін аяқталған.

«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс: «Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» дейді.

Ендеше инновация ұғымы - педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу», деп көрсетілсе, кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды.

«Инновация» - «in-noves» деген латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «жаңалық», «жаңарту, өзгерту» деген мағына береді.

Француз ғалымы Э. Брансуик жаңалық деп 3 нәрсені айтады:

1 Бұрын еш жерде, ешқашан қолданылмаған идеялар

2 Бұрын болған, бірақ жаңа жағдайға бейімделген идеялар

3 Бұрыннан бар, тек мақсаты өзгерген идеялар

Қазіргі кезеңде білім беру саласында төмендегідей жаңалықтар бар:

І. Ұйымдастырудағы жаңалық

ІІ. Технологиялардағы жаңалық

ІІІ. Оқулықтар мен бағдарламалардағы жаңалық.

Осы жаңалықтарға сәйкес «технология», «оқыту технологиясы», «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология», «жаңа педагогикалық технология», «оқытудың инновациялық технологиялары» терминдері қолданылуда (1. 2 сурет) [4] .

Мысалы, «Оқыту технологиясы» термині ең алғаш рет АҚШ-та қолданылды.

«Педагогикалық технология» 1960 жылдан бастап қолданыла бастады.

«Технология», «Оқыту технологиясы», «Педагогикалық технология» терминдеріне әр ғалым әр түрлі анықтама береді. Мысалы:

В. Беспалько: «Педагогикалық технология - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы».

В. М. Монахов: «Педагогикалық технология - оқыту процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі».

Т. И. Шамова, П. И. Третьяковалардың еңбегінде «Инновация» дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу қалыптастыру, яғни, инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологияны қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде «инновация» әр түрлі анықталады.

1. 1 сурет. Педагогикалық жаңалық

1. 2 сурет. Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы жаңалықтар

Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым «жаңаша білім беру» деп түсіндіріледі.

Скиннер: «Оқыту технологиясы - психология жетістіктерін педагогикалық практикада қолдану».

Ал А. И. Кочетов «инновация» ұғымына төмендегідей анықтама береді: «Көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы». Алайда Р. Масырова мен Т. Линчевская мұндай анықтамамен келіспейтіндігін білдіреді. Олардың тұжырымдамасында, «Егер баратын деңгей» алдын-ала көрсетілген болса, ол қандай инновация» делінген. В. Кваша мен В. Латинаның пікірлері бойынша «инновация» - бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі болып табылады.

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдары кеңінен тарала бастады. Әдетте, инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. Масырова Р, Линчевская Т. - «Жаңару» дегенімізді былай деп түсіндіреді: «Жаңару - белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.

Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданып жүр. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны «Білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу» деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік [5] .

Ресейде «Инновация» ұғымына өте күдікпен қарағаны мәлім. Мәселен, XIX-XX ғасырдың басындағы бірде-бір реформаларында бұл термин кездеспейді. Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни, инновациялық үрдіс өткен, бірақ инновация термині еш жерде аталмайды. Ал Америка ғалымдары Биль және Болен педагогикалық инновацияны «Құрамына материалдық өзгеруіне ғана емес, сол материалды қолданудағы көзқарастардың кешенді өзгеруін білдіретін үлкен өзгеріс» деп түсінеді.

Инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді дедік. Яғни, С. Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады. Инновация ұғымын әр елде әртүрлі түсінген. Кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған. Ал, Арабия, Жапония тәріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттер мен баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, ТМД елдерінде, Қазақстанда «Инновация» ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз. Найхос инновацияны процесс деп есептейді де, «Инновация қандай да бір идеялардан басталатын өзгерістерге әсерін, тұтынушылардың не қолдауы, не

бас тартуымен аяқталатын үрдіс» дейді.

Қазақстан мемлекетінде «Инновация» ұғымын пайдалану соңғы бес жылдың еншісінде. Ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынды.

Н. Нұрахметов «Инновация» білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке -дара, бір-бірімен байланыспаған) ; модульдік түрі (жеке - дара кешені, бір-бірімен байланысқан) ; жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) .

«Инновация» сөзі - қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданып жүрген термин. Қазір бұл сөз «Жаңа, өзгеру, жаңаша» деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі жаңа заманға да «Жаңа, жаңаша өзгерудің» мазмұны терең және анық екендігі белгілі. Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады.

«Техника» терминінің сөздікте 2 мағынасы беріледі:

1 Өндіріс құралдарының жиынтығы;

2 Бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы;

«Технология» - сол тәсілдер жүйесі деген мағына береді.

Инновациялық әдіс - тәсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде бағалайды, әрбір оқушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне оқушының іс-әрекетін бақылау жатады.

Әдіскер С. Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық технологиялардың көмегімен бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы эксперименттің нәтижесі
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық әдістемелік негіздері
Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Қазақстан Республикасындағы индустриялы-инновациялық даму
Инновациялық оқытудың салыстырмалы психологиялық ерекшеліктері
Әлеуметтік жобалау және болжау ғылыми таным әдісінің методологиялық аспектілері
Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері
Педагогикалық технологиялардың түрлері, жіктелуі және білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдары
Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz