Балалары үлгілі отбасылар тобы
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
Педагогика факультеті
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:Бала мен отбасына жалпы білім беру ортасында психология-педагогикалық көмек көрсету
Пәні Инклюзивті білім беру
Мамандығы -5В010200 - Биология
Орындаған: Тлепова Гүлденай 2 курс студенті
оқу формасы: күндізгі
Жетекші: Ерубаева А.Р.., аға оқытушы
_____________________
Курстық жұмысты қорғау
уақыты ___ ______ 2020 ж.
бағасы _________________
Ақтау, 2020 ж
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Мамандығы 5В010200 - Биология
ТАПСЫРМА
курстық жұмысты орындауға арналған
Студент:Тлепова Гүлденай

тапсырманы орындауға (зерттеуге) қатысты негізгі сұрақтар:
1) Бала мен отбасына жалпы білім беру ортасында психология-педагогикалық көмек көрсету
2) оқушылармен және ата - аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі
3) Бала мен отбасына бұзылған балалардың тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері
Негізгі әдебиеттер:
1) Ә.Табылдиев, Халық педагогикасы және тәрбие (1990ж)
2 Ү.Тұрғынтаева, Халық даналығы-адамгерішілік тәрбие құралы. Отбасы және балабақша (2001ж)
3) Н.Ә.Назарбаев. Жолдау. 2018ж. 10қаңтар
4) ҚР 2016-2019 ж. арналған кешенді бағдарламасы
5 ҚР Конституциясы. ІІ бөлім. Адам және азамат. 27 бап
Курстық жұмыстың көлемі: 26 бет.
Курстық жұмысты тапсыру мерзімі ____ ____________ 2020 ж. дейін
Курстық жұмыс жетекшісі _________________ Ерубаева А.Р ____ 2020 ж.
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен
инжиниринг университетінің Педагогика факультеті,
5В010200 - Биология 2- курс студенті Тлепова Гүлденай Бала мен отбасына жалпы білім беру ортасында психология-педагогикалық көмек көрсету атты курстық жұмысқа
Рецензия
Еліміздің мұратына айналған Мәңгілік ел идеясы - халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам.
Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де Мәңгілік Ел деген құдіретті ұғымға сыйып тұр деген болатын Н.Ә.Назарбаев. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған.
Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы - Мәңгілік Ел! деп Елбасымыз атап көрсеткендей тәуелсіздіктің тұрақтылығы мен мәңгілігі қазіргі ұрпақтың оны түйсініп, түсінуінде жатыр. Осындай қасиетті ұғымның мәнін жете ұғынып, бағасын біліп, зердесіне сіңіру қазіргі ұрпаққа жүктелер үлкен міндет болып табылады.
Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жастарымыз бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздіктің туын жықпай, желбірете білуі тиіс. Өйткені, бабаларымыздың ұлан байтақ жерін қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап-қадірлегенін білеміз. Жастар сондай текті ұрпақтың ұрпағы екендіктерін сезініп, осы тәуелсіздік, мәңгілік ел ұғымдарын саналарына сіңіріп, қастерлеуге міндетті.(1)
Жаңарудың, өміршеңдіктің негізі жастарда. Бұл үшін азаматтар тәлім-тәрбие мен ғылымға баса мән беріп, біліммен мықтап қарулануы қажет.
Елдің экономикалық, рухани жағдайының дамып, өркендеуі, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру елдің білім деңгейімен де тығыз байланысты.
Рецензент: _____________________ Ерубаева А.Р., аға оқытушы
МAЗМҰНЫ
КІРІCПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1. ОТБАСЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БАЛАНЫҢ ДАМУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА АТА-АНА ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ... ... ..8
1.1Отбасындағы қатынастарды гуманизациялау, яғни адамиластыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Қиын оқушылармен және ата - аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.ОҚУШЫЛАРМЕН ЖӘНЕ АТА - АНАЛАРМЕН ӨТКІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ЕРЕКШЕЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.1 Педагогикалық әдебиеттерде балалар түсінігі Н.Ә.Нaзaрбaевт ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2.Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар ... ... ... 20
ҚOРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ПAЙДAЛAНҒAН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..26
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі:Осы курстық жұмыста,Қазақстан Республикасының Конституциясында балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті деп айтылған. Ата-ана бойындағы құзыреттілік - бұл балаға берген жақсы тәлім-тәрбиенін негізі.
Құзыреттілік - баланың тәрбие, даму, білімділік деңгейі, қалыптасқан жеке басының қасиеттері, білім нәтижесінің типі.
Негізгі құзыреттіліктер - әралуан проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін білім, шеберлік, дағды, қабілет жиынтығы. (3) Осы орайда мектеп пен отбасы ынтымақтастығының ықпалы бір ізділік көрсетсе, жоғарыда көрсетілген нәтижеге қол жеткізуге болады.
Ата-ана тәрбиесіне дұрыс жол көрсетіп, бала өміріндегі кездесетін қиындықтардан шығуға қолдау көрсету білім беру ұжымының басты міндеттерінің бірі.
Оның ішіде психологиялық қызметтің алатын орыны ерекше. Мақсат: ата-ананың баламен қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.
Зерттеу пәні: Инклюзивті білім беру
Зерттеу нысаны:Балалардың оқушылармен және ата - аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі
Зерттеу мақсаты: оқыту үрдісінде балалардың Ата-ана бойындағы құзыреттілік - бұл балаға берген жақсы тәлім-тәрбиенін негізі
Зерттеудің міндеттері:
Зерттеу мәселесі бойынша психология-педагогикалық әдебиетті үйрету.
оқушылармен және ата - аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі
Тілдік теорияны үйрету үрдісінде мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайларын айқындау.
Зерттеудің болжамы: Зерттеу тақырыбы бойынша Қазіргі ауқымды мәселелердің бірі - балалардың суицидтік мінез-құлқының алдын алуда отбасы, мектеп, педагог, психолог, әлеуметтік педагог басты рөл атқарады, олар жасөспірімдерді суицидтік әрекетке жеткізетін көңіл-күймен күресуде ата- аналармен жұмыс атқарады және оларға көмек береді.
Ата-аналарды өз баласына сауатты көмек көрсетуі үшін, оны түсінуі мен қолдау көрсетуінде қажет жеткілікті біліммен қаруландыру керек. Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті неғұрлым мол болған сайын, олар өз балаларына жалпыадамзаттық және адамгершілік құндылықтарды соғұрлым көп меңгертеді. Тұлға қауіпсіздігі - қазақстандық қоғамда басты құндылықтардың бірі болуы тиіс.
Бала мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап оны тәрбиелеумен қатар ана-аналарға тәлім-тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері туралы, оларда орын алатын жағымсыз мінездерді қайта құру жолдары, оқыту мазмұнын балаларға толық меңгертудегі отбасының көмегі, т.с.с. мәселелер бойынша көптеген проблемаларды түсіндіру мектеп қызметкерлеріне жүктеледі.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша Ата-аналарды өз баласына сауатты көмек көрсетуі үшін, оны түсінуі мен қолдау көрсетуінде қажет жеткілікті біліммен қаруландыру керек. Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті неғұрлым мол болған сайын, олар өз балаларына жалпыадамзаттық және адамгершілік құндылықтарды соғұрлым көп меңгертеді. Тұлға қауіпсіздігі - қазақстандық қоғамда басты құндылықтардың бірі болуы тиіс.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы.Отбасы, ата-ана - жылылықтың, жылулықтың мекені болу керек. Отбасы атауының үлкен маңызы бар екенін ата-анаға сезіну қажет. Оған қолдау, көмек көрсету біздің міндет.
Құрылымы:курстық жұмыс кіріспе, қорытынды, екі тараудан турады. Жұмыс соңында әдебиет тізімі берілген.
1 ОТБАСЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БАЛАНЫҢ ДАМУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА АТА-АНА ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ
1.1Отбасындағы қатынастарды гуманизациялау, яғни адамиластыру
Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы керек.Ғалым-педагог И.Гребенников отбасы қызметін 5 топқа бөледі:ұрпақжалғастырушылық,экономи калық,тәрбиелік,қарым-қатынастық және бос уақытты демалуды ұйымдастыру.
Демек,отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша бірігіп,жақсы ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынанбілімлі ,психалогигалық әдіс-тәсілден хабардар болса,отбасындағы ахуал ерекше болмақ.
М.Жұмабаев Педагогика ғылыми еңбегінде жас бала - жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң,есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ деп түйін жасайды.
Атақты педагог Сухомлинский: Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор.
Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық, -деп атап көрсеткен.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыз осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл- парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт- дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт.
Ол рухани адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез құлқы жетілген саналы адам қалыптасады.
Жетілген мінез-құлық - бұл үш нәрсенің: жүректің, ақылдың және қолдың бірлігі мен келісімі. Егер бала өзінің жүрегін тыңдауға үйренсе және тек қана жүрегінің айтқанын істейтін болса, онда ол өмірден өз орнын табады да, Жер үстіндегі Адамның қызметін атқарады. Бұл мақсатқа нағыз Мұғалімдердің қатысуымен ғана қол жеткізуге болады. Балаларды сүйетін және өзінің ісіне берілген Мұғалім ғана мейірбан адамның қалыптасуына баға жетпес көмек көрсетуге қабілетті.
Рухани тәрбие өзінің қуатын әлемнің әрбір құбылысынан алуы мүмкін. Олай болса, кез келген оқу пәні балалардың адамгершілігін, жақсы мінез-құлқын қалыптастыру құралы бола алады.
Алайда соңғы кезде үлкен мен баланың қарым-қатынасы, мұғалімнің оқушыға деген қарым-қатынасы үнемі байланыспай келгені ешкімге де құпия емес. Балалардың өзінің мұгаліміне деген жақсы көрушіліктен барынша шалғай жатқан қорқыныш, жек-көру, сыйламау сияқты сезімдерді бастан кешіретіні жиі кездеседі.
Мұның себебі, мұғалім мен оқушылардың жеке бастарының сапасы мен оқу әдістерінің сапасына байланысты болуы мүмкін.
Мұғалім әрбір сабақты жан-тәнімен беріле оқытуды, бала жанына әсер ететін құндылықтарды қалыптастыруды өзі үшін сақтау қажет.
Үлкен адам қай жерде болмасын өзі рухани белсенділік танытатын болса, сол арқылы тәрбие бере алады.
Шын мәнінде жалпы адамзаттық құндылықтар ұғымына енетін өмір құбылыстарының бәрін сабақтардың кез келгенінде көрсетуге болады.Бүгінгі таңда үлкендерге балалардың ынтасы мен назарын өзіне аударуға қол жеткізу оңайға түспейді.
Баланың рухани - адамгершілік тағылымына кері әсер етуші факторлар: соғыс ойыншықтары, жат қылықты жариялайтын фильмдер, бейнетаспалар және компьютерлік ойындар бар.Сондықтан мектептен тыс кездегі сабақтарды ұйымдастыруда мұғалім барынша тапқырлық танытқаны жөн.
Мәдениет функциясы.Біздің мектеп ролінен алатын болсақ - ол кіші жастағы оқушыларды мемлекеттік тілде тәрбиелеп, оқыту және ..өз мәдениетін терең білу - басқаларға қызығушылық қарым-қатынастың фундаменті.
Ал көптеген мәдениетпен танысу - рухани баю және даму негізі делінген Қазақстан Республикасының этномәдениетті білімділік концепциясына негізделе отырып, мектептің іс-әрекетінің мақсаты анықталды: этнопедагогика және этнопсихология моральдарының негізінде дүниені тануға қабілетті адамгершілігі мол, рухани бай тұлға қалыптастыру.
Мектептің рухани - адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: өзгені түсіне білуді, жақсылық жасауды, өзара қарым-қатынастардың қоғамдық қабылданған нормаларының бағыт- бағдарларынан адаспау, дау-жанжалды жағдайятты бағалау жолымен шешу және одан этикалы шығуды іздеу біліктерін қалыптастыру. Мектеппен бірге отбасы тәрбиесі де өте зор.
Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата- ана. Отбасы - таным бесігі, өркениет ошағы, үлгі өнеге бастауы. Ата-ананың күнделікті өмір тіршілігінде еңбегі, адамдық бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қатынасы балаға үлгі.
Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан да баласының, әдепті, арлы азамат болып қалыптасуы оларға тікелей байланысты болып табылады.
Жанұя типтері. Ата-аналар топтары
Балалары үлгілі отбасылар тобы . Бұл отбасы Балаға тәрбие берудегі бағыт- бағдары талапқа сай отбасылар.
Балалары нашар оқитын отбасылар тобы. Бұл отбасы бала тәрбиесіне көңіл бөлмейтін, селқос қарайтын, ішімдікке әуес отбасылар.
Тұрмыс жағдайының қиындығы бала тәрбиесіне әсер ететін отбасылар тобы. Бұл отбасы баланың тәртібі, талпынысы жақсы, бірақ отбасының материалдық тапшылығы бала психологиясына әсер ететін отбасылар.
Материалдық жағдайы өте жақсы отбасылар тобы. Бұл отбасы барлық мүмкіндігі бар, тек бала тәрбиесіне кері (әр түрлі себептерге сай әсер ететін отбасылар жас адамды есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен тәрбие орындарының бірден - бір парызы.
Еліміздің болашағы отбасында басталып, оқу- тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы-ата-ана.
Отбасы-таным бесігі, өркениет ошағы, үлгі-өнеге бастауы. Ата-ана күнделікті өмір тіршілігінде еңбегі, адамдық бейнелері, жақсы мінез - құлқы дұрыс қатынасы арқылы балаға үлгі.
Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Сондықтан да баласының, әдепті, арлы азамат болып қалыптасуы оларға тікелей байланысты.
Бүгіндері қаптап кеткен компьютер ойындары, казинолар, кафе, бар, би алаңдары және газет бетінде, түнгі сауыққойлық мекемелерде, үйдегі көгілдір теледидардан балалар көрмейтін (атыс-тартыс) көріністер көрсетіліп, темекі мен арақты жарнамалау оқушылардың көңілін алаңдатып отырғаны жүрегімізді ауыртады.
Балалар еліктеп соған бет бұра бастады. Түнгі жүрістер көбейіп, ішкілік ішіп, есірткіге еліктеген мектеп жасындағы оқушыларды көргенде реніш сезімі келеді. Отбасы - тұлға қалыптастырушы бесік.
Осыдан, "Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе"- деп ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған.
Отбасыда адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметгік бағыт-бағдар түзіледі. Отбасыда өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.
Отбасындағы қатынастарды гуманизациялау, яғни адамиластыру. Әміршіл-әкімшіл ықпал, заң алдындағы жауапкершілік, қатаң талап не үркіте зорлаудың заманы өтті - алдыратын лыпасы жоқ пенде неден қорықсын.
Тек кеңпейіл мұғалім жан дүниесімен сәулеленген қайырымдылық, мейір, нақты көмек, ұстаздық жана-шырлық қана күйзеліске ұшыраған ата-аналар көңіліне демеу беріп, өз перзенттерінің жарқын болашағы үшін күресте шаршап-шалдығудан азат етері кәміл;
Адамдардың рухани дүниесін қалыптастырып, нығайтуда зайырлы мектеп пен мұсылмандық тәрбие ошағы - мешіттердің ықпалдарын біріктіру әрі осы ықпалдарды жалпыланған қызмет түрінде шашыратпай, нақты отбасының нақты проблемасына бағыттау;
Елбасы Н.Назарбаевтың ұлы мұратымызға бағдарланған барлық заңнамалары мен халыққа жолдауларында ұлттық бағытта білім беру, ұлттығымызды халық тәрбиесі негізінде қалыптастыру жөніндегі мәселелері ерекше аталады.
Сол себепті де қазіргі уақытта Қазақстанда тәрбие мен білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл бастамалар, әсіресе, ауыл мектептеріндегі оқу-тәрбие үрдістерін ұйымдастыруда педагог пен ата-ананың өзара ынтымақтастық қарым-қатынастарын қалыптастыруға бағыттайды. Бұл жерде педагог пен ата-ана халықтық педагогика дәстүрлері негізінде бір-бірінің үлгілі тәжірибелеріне суйене отырып, бала тәрбиелеуде жақсы нәтижелерге жете алады.
Олай болса, ұлттық тәлім-тәрбие ата-бабаларымыздың көне дәуірден бугінге дейін жас ұрпақ өкілдеріне ұлттық қасиеттер негізінде сапалы білім және саналы тәрбие беру жөніндегі тәжірибелер жиынтығын мектепте оқытылатын әрбір пәннің мұғалімі өз басшылығына алуы тиіс. Балаға дұрыс тәрбие беруде эстетикалық тәрбиенің мәні үлкен.
Өйткені, оқушының адамгершілік сезімін, жеке басының рухани деңгейін кеңейту, мінез-құлқын түзеп, толықтыру тек эстетикалық тәрбиенің еншісінде болмақ. Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы. Мен баяндамамның алғы сөзін шығыс ғұламасы
Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі делінген. Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.
Мақсаты: Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
1. Сынып жетекшінің атқаратын міндеті
2. Ата-ананың атқаратын міндеті
3.Бірлесіп жасалатын жұмыс, күтілетін нәтиже Сынып жетекшінің міндеті:
1. Ата-аналармен тығыз байланыста болу; 2. Оқушыларды, ата-аналарды сыныптық және қоғамдық ұжымдардың іс-шараларына тарту; 3.
Әр оқушының жеке басының қасиетін, психологиялық ерекшелігін, жан-жақты бақылап, зерттеу, олардың кәсіптік бағдарлығын, әрі өмірлік көзқарасын қалыптастыру, қабілетін және танымдық қасиетін дамыту; 4.
Тақырыптық ата-аналар жиналысын өткізу; 5. Ата-аналар комитетімен кездесу;
6. Оқушылардың құқықтарын және әлеуметтік жағдайын қорғауға көмек көрсету;
7. Өз сыныбында сабаққа қатысып отыру және пән мұғалімдерімен жұмыс;
8. Сыныпта болған төтенше жағдайларды дереу мектеп әкімшілігіне хабарлау.
Ата-ананың міндеті:
1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;
2. Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;
3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;
4. Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;
5. Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркінізбең оқу-тәрбие іс-шараларына қаржылық көмек көрсету; 6.
Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу; Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Кейбір сынып жетекшілері тоқсанның аяғында үлгерім қорытындылары туралы ата-аналар жиналыстарын өткізуімен және оқуға үлгермеуші немесе тәртіпсіз балалардың ата-аналарын барлық уақытта бірдей келісіп әрекет жасамауы мүмкін. Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын кез-келген жұмыстарға мектепішілік іс-шараларға, сынып жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін-сынып оқушыларының ата-аналары.
Осыған байланысты сынып жетекші ең бірінші сынып ата-аналар төрайымымен және сынып ата-аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы ата-аналармен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық сынып жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді.
Осыған байланысты көптеген ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады, оқушыныңыздың ата-анасымен қалай байланыс жасау керектігі жайлы шешілетін көптеген жолдары бар.
1. Оқушының жанұясына барып тұру. Бұл-ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі.
Жанұяға барғанда сынып жетекшісі өз оқушысының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады. Ата-аналарымен және жанұяның басқа мүшелерімен әңгімелескенде ,сынып жетекшісі оқушының мінезі, қызығуы мен икемділігі туралы ата-аналарына, үлкендер мен кішілерге қарым-қатынасы туралы мағлұматтар алады.
Ата-аналарын мектепке тек баласы тәртіп бұзғанда немесе жаман оқи бастағанда ғана шақырмау керек.
Кейде оқушы өзін жаман ұстамайды, жақсы оқиды, бірақ сынып жетекшісі оның сыныптан тыс оқуын ұйымдастыру, оны қандай да бір қоғамдық пайдалы жұмысқа қатыстыру, оның белгілі бір саладағы дарынын дамытуға қажетті жағдайлар жасау туралы да ата-аналармен келісіп алуы керек.
Ата-аналар мектеп мұғалімдерімен кездесіп отыру пайдалы ғана емес, қажет те. Ол кездесулер мектеп пен жанұя арасында тығыз байланыс орнатуға, оқушылардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.
1.2 Қиын оқушылармен және ата - аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі
Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы. Мен баяндамамның алғы сөзін шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі делінген.
Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Мақсаты: Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. 1. Сынып жетекшінің атқаратын міндеті
2. Ата-ананың атқаратын міндеті 3. Бірлесіп жасалатын жұмыс, күтілетін нәтиже Сынып жетекшінің міндеті:
Ата-аналармен тығыз байланыста болу; 2. Оқушыларды, ата-аналарды сыныптық және қоғамдық ұжымдардың іс-шараларына тарту; 3. Әр оқушының жеке басының қасиетін, психологиялық ерекшелігін, жан-жақты бақылап, зерттеу, олардың кәсіптік бағдарлығын, әрі өмірлік көзқарасын қалыптастыру, қабілетін және танымдық қасиетін дамыту; 4. Тақырыптық ата-аналар жиналысын өткізу; 5. Ата-аналар комитетімен кездесу; 6. Оқушылардың құқықтарын және әлеуметтік жағдайын қорғауға көмек көрсету; 7.
Өз сыныбында сабаққа қатысып отыру және пән мұғалімдерімен жұмыс; 8. Сыныпта болған төтенше жағдайларды дереу мектеп әкімшілігіне хабарлау. Біз, сынып жетекшілері ең бірінші өзіміздің жетекшілік етіп отырған сыныбымыздың ата-аналарына арналған педагогикалық білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен лекциялар өткізуіміз керек. Олардың мазмұны ата-аналардың талаптарына, оқу-тәрбие жұмыстарының нақтылы міндеттеріне байланысты болады. Әңгімелер мен лекциялар жүйелі түрде белгілі бағдарлама бойынша өткізіліп отырса ғана көздеген мақсатына жете алады.
Мысалы: Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы, Балаларды ұқыптылыққа үйрету, Үлкендерді сыйлауға үйрету, Баланың мінез-құлығын тәрбиелеу туралы, Сыныптан тыс оқуға қалай басшылық жасау керек т.б.
Бала өнегелі болса, сөз жоқ, ол көрікті болады. Сіз, құрметті ата-ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың мектепте нашар оқығанын қаламайтыныңыз белгілі. Кейде, немесе, күнде балаңыз 2 деген нашар баға алса, онда оған ренжисіз, сөгесіз, тіпті тілдеп те жібересіз. Сондай кезде баламен ұрыс-керіс тудырмай-ақ түсінісіп, жөн сілтеуге бола ма? Әрине, болады. Ендеше психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз: 1. Таңертен (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз.
Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз. 2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда Бол да болдың! астына алып айғайламаңыз.
Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз. 3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз; 4. Бұзық болма!, Қисалаңдамай тыныш жүр!, Бүгін 2 алсаң құртамын! деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз; 5. Есіктен кірмей жатып, Бүгін қандай баға алдың? деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, сені тындауға уақытым жоқ демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады; 7. Бала бірдеңеге қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз; 8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің сәтті кезі. 9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірлену талап етпеңіз.
Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс; 10.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз. 11.Егер, сен, осы сабақты орындамасаң! деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз. 13.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін. 14.Егер балаңы айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.
Халық даналығында: Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер, 15-ке дейін құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла, - деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз. Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынса; ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттау қажет.
Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, мұғалім мен ата-ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндетті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық.
Ата-аналар кодексінде:
-Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті; -Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру-ақыл айту емес; -Баланы жақсы көргендізінізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз;
-Мектептегі жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар. -Қателігін түсіне білетін, Дұрыс жүріп, күтіне білетін, Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін, Білімді жинап, дүниені шолатындай, - балаларыңыз, үлкен азамат болып өссің!
Сөз соңын ұлы ұстаз Макаренконың: "Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз. Кіре берістегі, жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды деген", - парасатты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz