Мүмкіндіктері шектеулі балалармен әлеуметтік



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

Педагогика факультеті
Педагогикалық технологиялар кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жургізілетін педагогикалық жумыстар

Пәні Инклюзивті білім беру
Мамандығы 5В010200 - Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Орындаған: Рахмет Зәуре 2 курс студенті

оқу формасы: күндізгі
Жетекші: Ерубаева А.Р.., аға оқытушы
_____________________

Курстық жұмысты қорғау
уақыты ___ ______ 2020 ж.

бағасы _________________

Ақтау, 2020 ж

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

Педагогика факультеті
Педагогикалық технологиялар кафедрасы

Пәні Инклюзивті білім беру
Мамандығы 5В010200 - Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

ТАПСЫРМА
курстық жұмысты орындауға арналған

Студент: Рахмет Зәуре

Тақырыбы:Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жургізілетін педагогикалық жумыстар

тапсырманы орындауға (зерттеуге) қатысты негізгі сұрақтар:
1)Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жургізілетін педагогикалық жумыстар
2) Инклюзивті білім беру түрі
3) Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау

Негізгі әдебиеттер:
1) Жұмағұлов Ғ.Б. Ахметов А. Ахметова Г. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы. - Алматы,
2)Сансызбаева Г.Н. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және оның проблемалары: оқу құралы. - Алматы: Экономика, 1998.
3) Межибовская И.В. Қазақстан Республикасындағы мүгедегектерді әлеуметтік-еңбек тұрғысында қатарға қосу: теориялық-құқықтық аспект. - Алматы, 1997.
4) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі туралы №246-ii ҚР3 Заңы.
5.Интернет көздері google.kz
Курстық жұмыстың көлемі: 26 бет.
Курстық жұмысты тапсыру мерзімі ____ ____________ 2020 ж. дейін
Курстық жұмыс жетекшісі _________________ Ерубаева А.Р
___ __________ 2020 ж.
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен
инжиниринг университетінің Педагогика факультеті,
5B010300-Педагогика и психология мамандығының 2- курс студенті Рахмет Зәуре
Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жургізілетін педагогикалық жумыстар атты курстық жұмысқа

Рецензия

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны игеріп, компьютерді пайдалану.
Компьютерді пайдалануда мынадай дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады;логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға , шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды.
Бәріне бірдей мүмкіндік принципін ұстанатын инклюзивтік білім берудің енгізіле бастағанына көп бола қойған жоқ.
Бұл термин көбіне Сапалы білім барлығы үшін түсінігімен бірге қолданылады. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндіктері шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау.
Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбінде арнайы мектеп - интернаттарда білім алады. Жалпы мектептердегі мұғалімдер кемтар бала сыныпқа келген кезде оны қандай оқулықтармен оқытап,қандай әдістемелік құралдарды пайдаланады соны білмейді. Бұл мәселенің артынан туындайтын мәселе - кадр жеткіліксіздігі.
Шындығында олар оқшауланған қоғамдық өмірге аса бейім емес. Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар.
Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді - енді қолға алына бастады.
Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшелітерінен тыс сапалы білім беру болып табылады. [3. 23] .
Баланың шындықты тануға ақыл - ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады . Таңдану баланың әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән - жайын танып, оларды тереңірек түсінуіне жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады.

Рецензент: _____________________ Ерубаева А.Р., аға оқытушы

МAЗМҰНЫ

КІРІCПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

1.МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.1 Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс жүйесінің қазіргі күнгі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Реабилитациялық мекемелердегі мүгедек балалармен жүргізілетін әлеуметтік.педагогикалық жұмыстардың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 13

2.ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ РЕАБИЛИТАЦИЯЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ ... ...16
2.1Мүмкіндіктері шектеулі балалармен әлеуметтік.педагогикалық жұмыс технологиясыН.Ә.Нaзaрбaевт ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2. Қазақстандағы мүгедектерді әлеуметтік қолдау саясаты ... ... ... ... ... .20

ҚOРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

ПAЙДAЛAНҒAН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...27

КIРICПE

Курcтық жұмыcтың өзeктiлiгi:Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқытудың көптеген проблемалары теориялық тұрғыдан да шешімін таппаған.
Сондықтан қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың қажеттілігі мен оның педагогикалық ерекшеліктерін айқындамағандығы, технологиясының жасалмағандығы қарама - қайшылықты туындатады.
Бұл қарама - қайшылық жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқытудың педагогикалық ерекшеліктері неде деген проблеманы тұжырымдауға мүмкіндік жасайды.
Сол себепті біздің магистрлық диссертациямыздың тақырыбы Жалпы білім беретін мектептерде мүгедек балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық ерекшеліктері деп аламыз.
Қазақстан Республикасы 2002 жылы Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңның қабылдауы отандық арнайы білім беру жүйесінің дамуына маңызды әсерін тигізді. Аталмыш заң қабылданған соң мүмкіндігі шектеулі балаларға түзеу арқылы қолдаудың жаңа түрлерін анықтау, сол жаңа үлгідегі мекемелердің белсенді ашылуына жол ашты.
Зeрттeу ныcaны: Жалпы білім беретін мектептерде мүгедек балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық ерекшеліктері
Зeрттeу мaқcaты:мүмкіндіктері шектеулі балалармен жүргізілетін педагогикалық жұмыс жүйесінің теориялық негіздері
Зeрттeудiң бoлжaмы: Бағдарламада мүмкіндігі шектеулі балалардың санының ұлғайғандығы, 2002 жылы олардың саны 120 мың құраса, 2009 жылы 149 246 мыңды құрағыны, олардың 38% - ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылғаны жазылған.
Алға қойған мақсаттарға жету үшін міндеттерді орындау қажеттілігі қатарында жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруді жетілдіру көрсетілген. Сондай- ақ барлық өңірлерде ерте жастағы балаларға түзету- педагогикалық қолдау көрсету үшін және инклюзивті білім беру кабинеттері құрылатыны, мектептер үлесі жалпы санына 10 % - тен 70 % -ға дейін артатыны көрсетілген.
Инклюзивті оқыту қазақстандық білім беру жүйесінде соңғы жылдары енгізіле бастаған жаңашыл идея болып табылады. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты дамыған құрдастарымен мектепте қосып оқытудың маңыздылығы қажеттігі және тиімділігі педагогикалық жұртшылық мойындай бастады.
Дегенмен инклюзивті оқыту отандық мектеп тәжірибесі үшін жаңалық болғандықтан оны іске асырумен байланысты көптеген психология - педагогикалық, ұйымдастырыушылық проблемалар туындайды. Сол себепті осы саладағы дамыған елдер тәжірибесін зерделеу және одан қазақстандық жалпы білім беру жүйесінде шығармашылықпен пайдаланудың жолдарын анықтау үлкен ғылыми теориялық және практикалық маңызға ие.
Арнайы білімнің өзекті мәселесінің бірі - педагогикалық ғылым мен тәжірибесіне мүмкіндіктері шектеулі балаларды нәтижелі, сапалы оқыту мен тәрбиелеу жағдайларын анықтау.
Зeрттeудiң тeoриялық мaңыздылығы. Арнайы білім беру сферасында саясат пен әрекет жайлы, сондай - ақ әрекетке жетекшілік принциптер жайлы Саламан Декларациясын қабылдаған. Білім беру жүйесіне өндегенде және оқу бағдарламасын іске асыруда бұл қажеттілктер мен ерекшеліктердің кең әр түрлілігі есепке алынады.
Құрылымы: Курcтық жұмыc кiрicпe, қoрытынды, eкi тaрaудaн бoлaды. coңындa әдeбиeт тiзiмi бeрiлгeн.

1 МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс жүйесінің қазіргі күнгі жағдайы

Инклюзивті мектептер өзінен өзі туындамайды. Осындай мектепті дамыту және қолдау қойылған мақсатқа және қазіргі жұмыстардың көбісі табандылықты қажет етеді. Қоғамның мектептік жұмысқа қатысуының бағалыға күмән туындамайды. Инклюзивті мектептер қоғам мүшелерінің бірігіп әрекетесуі мен мейірімді қатынасына байланысты, сонымен қатар оларға шешім қабылдауға көмекмектеседі.
Сондықтан инклюзия - бұл жай ғана емес әрекет бейнесі немесе мекеме таңдауы. Оның негізі қоғамға қытысуымен бекітіледі - достар тобында, көршілер, мектептік қауымдастық. Инклюзивті мектептер адамдар арасындағы айырмашылықты бағалайды. Бұндай келушілік, жеткіліксіз білімді жеңуге және ұқсас емес адамдармен өзара әрекетте, тәжірбиенің жоқтығын жеңеді. Түрлілікте адамдар құндылықты байқай бастайды.
Тура сол сияқты, қауымдастық өз қорларын мектепке қосқан сияқты, мектепте оларға әсер етеді.
Біз қауымдастық сөзінен не ойлаймыз? Ол бір орында өмір сүретін адамдар тобы ма? немесе мінез белгілері, ойлары ұқсас, қоғамның тұтас бір бөлігі ретінде өмір сүретіндер ме? немесе бұл тұтас қоғам? немесе жеке азаматтар және халық, ортақ саясаты, тарихы, әлеуметі, экономикалық және саяси ойда болатындар (мысалы, халықаралық қауымдастық)?
Әріптестердің және қатысушылардың сезімдері, бірігіп пайдалану . American Heritage Dictionary (1993 ж.) сөздігі осы анықтамаларды ұсынады. Оларды біргіп инклюзивті қоғамның идеяларын көрсете бастайды - мектепте, аудандарда, ауылдарда, қалаларда және дүние жүзілік елдерде.
Инклюзия мектептік қауымдастыққа пайда әкеледі. Мектептік қауымдастық өзіне барлық оқушыларды, мұғалімдерді, ата-аналарды және басқа отбасы мүшелерін, әкімшілікті, қызметкерлер құрамын және басқада мектеп алдында тұраған мақсаттарды орындайтындарды қосады. Дүние жүзінде толығымен және қоғамдағы әр алуан түрде мектептік қауымдастықтықтың ішінде жағдайлар (ситуатция) бар.
Әр жаңа күн сайын мектеп қоғамының әр мүшесіне алуан түрлілікпен байланысты қиын сұрақтарды түсінуге мүмкіндік береді.
Бұл мектептер инклюзивті мектептен шығып әрекет етеді, мектеп қауымдастығының мүшелері бұл сұрақтарды өте жақсы түсініп қана қоймай, жаңа жүйеге құнды түрде қатынас жасап және қоршаған ортамен өте жақсы қатынаспен, олардың ұқсастығына қарамастан әрекеттесуіне идеалды жағдай жасайды. Инклюзивті мектеп мектептік қауымдастыққа көптеген себептермен пайдалы:

Иклюзивті мектеп дисткриминатциямен айырмашылығы қорқуды жеңуге көмектеседі. Балалармен жасөспірімдерді адамдардың арасындағы әр түрлілікті және ерекшелікті түсінуге, бағалауға, қабылдауға үйретеді.
Бұл мектептер адамдар арасындағы айырмашылықты - бұл қалыпты құбылыс екендігіне сендіреді және оқыту үрдісі баланың қажеттілігіне қарай болуы тиіс. Балалар тура оқыту үрдісінің құрылымына лайықты болмау керек (Саламан декларациясы 1994ж.).
Инклюзивті мектеп барлық балаларға керекеті көмектер көрсетсе, оларда білім алатынын дәлелдеп, көтермелейді. Инклюзивті мектепте балалар сондай демеулерді ала алады.
Көмек көрсету акценті баланың мүгедектігіне байланысты, бала өзінің мүгедектігін біліп өз-өзін кемсітпей, ұялмай білім алу ортасына қалай сіңіп кету жолын көрсетеді.
Білім беруге демеу шоғыры, көмектесу жағдайында мектептік спекторларды кең көлемде дамуына көмектеседі. Білім берудің дамуына демеулік мектеп қауымдастығының мүшелеріне білім берудің қиындығы тек балаларда ғана еместігін және балалар түзетуді талап етпейтіндігін және қиындықты білім беруге дұрыс, орынды тәсілдермен келе білу керек екендігін көрсетеді.
Инклюзивті мектеп білім алу сферасында теңдікті, әлеуметтік әділдікті, бірлікті және жайлы қатынасты сезіне алу мүмкіндігін жасайды. Инклюзивті мектептер педагогтардың кәсіби білімдерін кеңейтеді.
Бұндай білім беру сабақ өткізудің жаңа және икемді тәсілдерін қолдануға, оқушыларға білім білім беруде сапалы сабақ жоспарларын жасауға мүмкіндік туғызады.
Инклюзивті мектеп барлық жергілікті, өнірлік және жалпы мемлекеттік өауымдастыққа пайда әкеледі. Инклюзивті оқыту сапалы, сәтті болуы үшін қоғаммен тығыз қатынста болуды қалайды. Бұл өзара байланыс екі жақты.
Мектеп және қоғам бір-бірімен тыңыз байланысты. Сондықтан оыс қатарда белгілі ауыл шекараларына, қала, штат және елдер өздеріне инклюзивті оқытудың пайдасын қосады: иклюзивті мектеп ерекше қажеттілікті керек ететін жандарға бағдар жасайды, олардың түрлілігі мен адами ар-намысын қадағалайды. Әр инклюзивті мектепте қызымет ететін адамдар, олардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін едәуір білетін болады.
Оларға адамгершілікпен қарап, сыйлап, түсінетін болады. Инклюзивті мектеп мемлекеттік деғгейде әлеуметтік теңдікті қалайды, өмірде барлық балалар білім алуға, қоғамда қалыпты адамдар секілдібарлық мүмкіндіктерді алуын демонстрациялап, дәлелдейді.
Интернет, электронды почта сияқты технолгиялардың арқасында үнемі өсіп келе жатқан адамдардың саны әр түрлі еледерде бұрынғыдан әлде қайда өсіп келеді. Барлық дүниені қол астына ұстаған, саяхат жасауды ұнатпайтын адамдар аз ғана уақыт ішінде кез - келген жерде бола алады.
Бұл байланыстардың бәрі қамау мүмкіндіктерін шектеейді.

Инклюзивті мектеп - бұл оқу лабораториясы, қайтып инклюзивті қауымдастықты құруды анықтайтын. Бүгінгі балалар ертен президент, король, премьер-министр және заңгер болады. Олар университет мұғалімдері және Саламанда өткен конференция мүшелері болады.
Инклюзивті мектеп дүние жүзілік қауымдастыққа пайда, себебі оны бітірген түлектер болашақтағы глобальды мәселелерді шешеуге дайын болады.
Білім - бұл негіз, жеке тұлғалар мен мемлекет келешегін құратын. Біздің әр қайсысымыз әлеуметтік теңдікке жету үшін басқаларадың білім алуын қолдауымыз керек.
Арнайы білімді қажет ететін балаларға интегративті білім берудің әлеуметтік-құқықтық механизм идеясы біздің мемлекетте соңғы жылдары ғана жүзеге асырылып жатқаны бәрімізге мәлім.
Бірқатар халық аралық конференциялар жүргізілген, бұл жерде мүмкіндігі шектеулі адамдарға (арнайы білімді қажет ететін адамдар) интеграциялап білім беру мәселелері талқыланды, бұл мәселелер бойынша бірқатар еңбектер және мақалалар басылып шыққан.
Қазіргі кезде аралас білім беретін мекемелер жұмыс жасауда, олар жалпы мектепте түзетушілік-дамытушылық білім беретін сыныптар және т.б.
Сол мақалалардың бірінде былай деп жазылған интеграция - бұл арнайы білім беруді дамытудың құқықтық кезеңі және ол мүгедек адамдарға деген мемлекеттің және әрбір адаммен қоғамның көзқарасын қайта қарастырумен байланысты . авторлар мынаны бөліп көрсетеді, интеграция арнайы білім беру жүйесіне қайшы келмейді, және оны әр баланың даму деңгейі бойынша жүзеге асыруды ұсынады.
Интеграцияны жүзеге асыру үшін ең қолайлы жағдай - бұл аралыс білім беретін мекемелер, бұнда интеграцияның бөлігін таңдауға болады, яғни мүмкін модельдің бірін таңдау.
Психофизиологиялық деңгейі және сөйлеу тілінің дамуы жағынан қалыпты балаларға жақын оқушылар үшін толық интеграцияны қолданған тиімді.
Жалпы білім беретін мекемелердің оқушыларына деген сұрақтар келесі түрде қалыптастырылды: Көптеген мемлекеттерде мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы мектептерде, басқа балалармен бірге білім алады, бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуы үшін өте маңызды. Біздің сыныпта дамуында ауытқушылығы бар балалардың білім алуына сендер қалай қарар едіңдер?
Респонденттер берілген жауаптардың біреуін таңдаулары керек немесе жауап беру қиындық туғызып отыр деп жауап берулері тиіс еді. Сұралған оқушылардың жартысынан көбі біз мүмкіндігі шектеулі балаларға түсінсіспен қарар едік және оларға көмек көрсетуге тырысар едік деп жауап берді.
Жалпы оқушылардың көп пайызы жауабын анықтай алмағанына қарамастан: бұл опрос оқушылардың үштен бір бөлігінің мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауға дайын екендігін көрсетті.
Мұғалімдерге арналған анкетада да осы сұрақтар қойылды, бірақ видео өзгеріске ұшыраған жауап нұсқалары ұсынылды. Педагогтардың көп бөлігі (80 пайыз) оқушыларды біріктіріп оқытуға қарсылық білдірмеді.
Шыны керек, педагогтардың 14 пайыз былай деп жауап берді жалпы білім беретін мектептердің қазіргі жағдайына байланысты, интеграция сияқты өзгерістерді ендізу керексіз және асығыс шешім болар еді.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың сұраққа алынған ата-аналарының төрт бөлігі интеграциялап оқытуға қарсы болмады, қойылған сұрақтарға олар былай деп жауап берді біз өз балаларымызбен бірге дамуында ауытқушылығы бар балалардың оқығанына қарсы емеспіз, себебі интеграциялап оқыту барлық топ оқушыларын гуманистисттік көзқарасқа, жан ашырлыққа, әлсіздерге көмек көрсетуге тәрбиелейді.
Респоденттердің тағы жартысына жуығы біріктіріп оқытуға қарсы болмады, бірақ олардың да өзіндік талаптары бар еді, олар қойылған сұрақтарға былай деп жауап берді бірс іктіріп оқуға қарсы болмаймыз егер келесі жағдайлар жасалатын болса, оқушылар педагогикалық, материалды-қаржылық жағынан толығымен қамтамасыз етілулері керек.
Осыған орай, әр топтың әр түрлі позицияларына қарамастан, олардың пікірлері бір жерден шығып отырғанын байқауға болады, сондықтан жалпы мектептерде интеграциялап оқытуды жүзеге асыру жалпы алғанда мүмкін екенін.
Интеграция арнайы мектептердің жабылуын білдірмейді, қоғамдық институттың арнайы білімінің жетістіктерін жоққа шығармайды. Керісінше олардың болашақтағы дамуы біздің мемлекеттің мәдениетіне әсер ететіні ерекше айқындалып отыр.
Арнайы білім беру мекемелері және интеграция: үзілістердің қажеттілігі.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың барлығы өздерінің қалыпты дамыған құрдастарымен қарым-қатынасты және әлеуметтік тәжірибенің кеңдігін қажет етеді, бірақ әр баланың дамуына интегративті білім берудің тиімді және пайдалы моделін таңдай, оның барлық жағдайларда арнайы психологиялық-педагогикалық көмегін сақтай білу керек.
Осы тапсырманы орындау үшін тәжірибеде біріктіріп білім беру моделінің базалық жиынтығы өңделді.
Егер баланың психикалық даму деңгейі өз жасына сай келсе немесе жақын болса, педагогтардың ардында ол баланың әлеуметтік және білімдік сәйкестігінің масимальді қалыптасуына қол жеткізу тапсырмасы тұрады. Бұл тапсырманы шешу үшін баланың сау балалар ортасына ылғи және толық интеграциялау пайдалы, яғни біріктіріп оқытудың регламенттелмеген моделі, ол жекеше коррекциялық көмекті сақтау жолдарын қарастырады.
Егер балада қалыпты даму үстіндегі құрастарымен қарым-қатынасқа түсу, өзара әрекеттесу және білім алу мүмкіндіктері жоғарласа, онда болашақта оның әлеуметтік және білім алу әрекеттестігін ұлғайту тапсырмасы пайда болады.
Оларға ылғидағы, маңызды, бірақ толық емес интеграция пайдалы болады. Бұл форма біріккен қызметтің мазмұнын және мінезделуін регламенттейді.
Егер, баланың қарым-қатынасқа түсу және әлеуметтік серіктестіктері, баладағы дамуының бұзылуымен байланысты қиындатыла түссе, онда бірен-сарандаған, бірақ ылғидағы интеграция пайдалы болуы мүмкін. Бұл форма біріккен қызметтің ылғидағы ұйымдастырылуын қарастырады.
Егер балада қарым-қатынастың және қоршаған ортамен әлеуметтік өзара әрекеттестігінің минимальді мүмкіндігі болса, оған қарым-қатынасқа түсудің бастапқы тәжірибелік жағдайын жасау талап етіледі.
Бұл балаларға да жалпы ағымға қосылу қажет, бірақ ол үшінбірен-сарандаған және уақыттық интеграция ғана пайдалы болуы мүмкін. Бұл модель балаларды нақты, бірақ ұзақ емес уақытқа біріктіруді қарастырады.
Арнайы білім беру мекемелерінде бұл балалардың жасына және даму ерекшеліктеріне байланысты арнайы білім беру жағдайлары жасалатыны бәрімізге мәлім, ол үшін арнайы әдістер мен білім беру бағдарламалары,балаларға жеке және ұжымда қолданылатын оқу техникалық құралдары, аранайы білім беру пособиелерімен дидактикалық материалдар қолданылады.
Арнайы мекемелерде балалар спецификалық, қажетті медициналық және психолого-педагогикалық көмек алады.
Арнайы білім беретін мекемелерде дамуында ауытқушылығы бар балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру педагогикалық дайындықты жүзеге асырады. Өмірқызметтілігінде барьерсыз ортамен қамтамасыз етіледі.
Бірақ, арнайы мекемелардің жетісткетері туралы айта отырып, мына факт туралы айтпай кетуге болмайды, яғни арнайы білім беру мекемесіне түскен оқушылар қалыпты дамудағы құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе алмайды, тіпті ол өз жасында қажетті ата-анамен, отбасымен қарым-қатынастан алшақтатылған.
Арнайы білім беретін мекеменің тәрбиеленушісінің барлық өмірі оның даму ерекшелігіне лайықтандырылған, осының негізінде әлеуметтік әрекеттестіктің объективті және маңызды шектелуі пайда болады.
Арнайы мектептерде балаларды оқыту және оларға білім берудің мақсаттарының бірі оларды әлеуметтік интеграциялау (қоғамға кіруге дайындау).
Бірақ арнайы мектепке дейінгі мекемелерде және арнайы мектептерде бала әлеуметтік әрекеттестіктің нақты тәжірибесін жинауда шектеледі. Және мәселе мүмкіндігі шектеулі баланың қалыпты дамудағы құрдасымен серіктесуге дайындығында емес.
Біздің көп жылдық экспериментальді тәжірибе бекітеді: қарым-қатынастың және әлеуметтік әрекеттестіктің тіпті минимальді деңгейінде балаға пайдалы біріктіріп білім беру нұсқасын таңдап алуға болады және осымен баланың бар мүмкіндігін ұлғайтуға болады.

1.2 Реабилитациялық мекемелердегі мүгедек балалармен жүргізілетін әлеуметтік.педагогикалық жұмыстардың ерекшеліктері

Тәрбие бұл жалпы ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты, әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында тұлғанықалыптастыру, ол үшін рухани байлығы мен эмоциялық құндылықтарды тәрбиелеу мақсатын көздейтін әлеуметтік процесс.Тәрбие түрлі әрекеттер арқылы жүзеге асуына қарамастан, жетекші орында мектеп екені анық.
Қазіргі уақытта тәрбиенің жаңа көрінісін айқауға болады, нақты адам баласының құндылығы және оқыту менбілім беру тәрбие құралдары ретінде қарастырылады. Тәрбиенің негізгі көрсеткіші- мақсаттылығы.
Арнайы білім беруде мүмкіндіктері шектеулі балаларды, кемістіктеріне қарамастан, жаң жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу негізгі мақстат.
Жаң-жақты дамыту өмір барлық салаларына белсенді қатысуын қамтиды, зият, құндылықты бағдарлау, қоғамдық, еңбек ету, көркем өнер, спорт,ойын, коммуникативті т.б. әрекеттер арқылы, қоршаған ортаменбайланыста болуынан көрінеді.
Тәрбие принциптері мен әдістері Тәрбие принциптері - тәрбие субъектілерін қарым-қатынасын, тәрбиенің жалпы бағытын, әдістері мен мазмұның анықтаушы негізгі идеялар.
Тәрбие принциптері: - тұлғалық бағыт принципі; - тәрбиенің жеке тұлғалық және қоғамдық бағыттарының бірлігі; - тәрбиенің өмір, еңбекпен байланыстылық принципі; - тәрбиеде ұнамды өнегені пайдалану принципі; - тәрбиелік ықпалдар бірлігі мен үздікіздігі туралы принцип, - ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу;
Тәрбие әдісі -
1.Педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету; 2. Жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау; 3. Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара 4. байланыс тәсілдері.
Бұл анықтамалардың барлығын жинақтаса келесі қорытынды беруге болады, тәрбие әдісі - тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекетінде оқушылардың тұлғалық қасиетер қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Бір топтастыруда келтірсек, тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді. Бірінші топ - тәрбиеленушілердің іс-әрекетіндегі қарым-қатынас, мінез-құлқында жағымды тәжірибе қалыптастыру әдістері: талап, пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік жағдаяттар.
Талап - мінез-құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік әрекетке қатыстыруды білдіреді. Талапты ынталандыру және тежелдету жағдайлары бар. Ынталандыру - жұмысты бастау мен аяқтау. Тежелдету - басқа адамдардың жұмысына кесел келтіру, жұмысты тоқтату.
Қоғам пікірі - бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі, ал талап нақты міндет, оны іс әрекет арқылы орындау қажет. Ұжым мүшелерінің пайымдау, баға беру - бұл қоғам пікірі, ұжым еркі және күші.
Ұжым тәрбие субъектісі , педагогтің тірегі. Үйрету мен жаттықтыру - бұл мінез құлық нормасына сәйкес оқушыларда қажетті дағды, әдетті төсілдіру. Әр тәрбие үйретуден басталады, мысалы: баланың мезгілмен үйқыға жауы мен, өз мүліктерін, жұмыс орнын тәртіпке келтіріп ұстауы.
Үйрету әдісі баланын ұқыптылық, инабаттылық, мұқияттылық сияқты қасиеттерін қалыптастырады.
Бала өмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын, үйрету әдісі өзінің алғашқы маңызын жойып,басқа әдістермен бірігеді, мысалы жаттықтыру әдісімен.Жаттықтыру бұл әдіс түрлі жағдайларда оқушылардыңадамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін арнайы тапсырмалрды орындау арқылы жүреді.
Жаттықтыру әдісі ұжымның мүддесімен, талаптарымен қабысуы қажет.
Мысалы, кез келген тәрбиелік шараларды ұжымда бір мезгілде бастау, оқушыларды тәртіптілік пен ұйымшылдаққа үйретеді. Үйрету мен жаттықтыру нұсқау, көрсету, машықтандыру , тапсырма беру сияқты тәсілдер арқылы нәтижілі өтеді.
Тәрбиелік жағдаяттар жеке адамның жағымды қасиет пен қылықтарын қалыптастыруына жақсы ықпал етеді. Бұл әдіс тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасайды.
Сынып, мектеп аралығында жарыстар ұйымдастыру арқылы балаларды топқа бөліп, тәрбиелік жағдайға сәйкес тапсырма беру нәтиже тәрбиелік әрекет.
Тәрбиелік жағдаяттар балаларда жағымды мінез-құлқысын тәрбиелеуге көп мүмкіндік береді. Екінші топ - жеке адам санасын қалыптастыру әдістері: ұғындыру, пайымдау пікір айту, баға беру, сендіру. Бұл әдістер әнгіме мен әнгімелесу, өнеге және пікір талас арқылы тиімді жүреді және бала санасына ықпал жасауда маңызы зор.
Ұғындыру - мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеуде аса нәтижелі әдістердің бірі. Баланы ұғындыру арқылы санасына әсер етіп, мінез-құлқы мен әдет, ерік жүйесін дұрыс қалыптастыруға болады. Пайымдау пікір айту - арнайы мектеп оқушылары үшін тиімді тәрбие әдісі. Оқушының қате жасаған қылығын көрсету, оны түзетуге бағыт беруді білдіреді. Пікір айту кеңес немесе өтініш арқылы жүреді.
Балаға нені дұрыс жасамады, оны қалай түзету керек екенің тәрбиеші толық түсіндіруі тиіс. Сендіру әдісі баланың сену сезімі арқылы тәрбиелік мақсаттарға қол жеткізеді. Сендіру - латын сөзі suggestio ықпал ету, сендіру аудармасынан шыққан. Бала жастағы тұлғаны түрлі заттар мен жағдайларға сендіруге болады.
Арнайы мектепке келген кезден бастап бала моральді ережелерге сәйкес өз тәртібін реттейді, олай болады, болмайды, рұқсат, емес сияқты нұсқауларды орындай арқылы. Сондықтан бала бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сендіру әдісін пайдалана отырып тәрбиелеуге болады.
Пікір талас бұл жоғары сынып оқушыларының пайымдауын, баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікір-таласқа қатысу арқылы оқушы тақырып бойынша өз көзқарасын, ой-пікірін дәлелдейді. Үшінші топ - мадақтау мен жазалау әдістері.
Өткізілген тәрбиелік шаралар сапасы мен тиімділігін арттыру үшін мадақтау мен жазалау әдістері қолайлы болады. Мадақтау тәрбиеленуші іс әрекеті мен мінез - құлқын жағымды белсенділікке ынталандырады. Егер бала өзінің жетістіктері мен ұжым алдындағы жауапкершілігін сезе білсе, онда мадақтаудың құндылығы арта береді.
Жазалау әдісін пайдалану баланы өзінің теріс мінездері үшін ұялтады, теріс қылықтарын тежейді. Арнайы педагогика мүмкіндіктері шектеулі балаларды жазалау әдісін ұқыпты пайдалануды ескертеді.
Дамуында кемістігі бар бала кез келген жағдайда нені дұрыс жасамағаның түсінбеді.
Сондықтан жазалау әдісін тек бала жасаған қылығынын қателігін түсінгеніне сенімді болған кезде тәрбиеші пайдалануға құқылы. Жазалау әдісі баланын намысына тиймей, денесіне ауыртпашылық тигізбеуі, дауыс көтермеу, талап етеді
Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны оқушылардың жан- жақты тұлғалық қасиеттерін, жеке қабілеттерін дамытуға арнайы жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл тәрбие жұмысынын келесідей бағыттарын қамтиды: адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесі
Осылайша, кемтар балалардын оқу үлгерімін қадағалаудың ең тиімді жолы ол ата-аналардын үй тапсырмасын орындауға ат салысуы болып табылатынына көз жеткіздік.
Бұл жағдайға байланысты ата-аналардын мектепке дейінгі мекемелерде көмек көрсету проблемасына ықпалдасады.
Мектептерде қосымша (жеке-дара) сабақ беру де оқытушылардын кемтар балалармен жұмыс жасауын да арнайы білімінің болуын қарастырады және мұғалімдердін арнайы осы бағытта жұмыс істейтін орта мектептерде оқу денгейін көтеруін талқылайды.
Қорта келе біз арнайы сынып және қарапайын мектептерде ауытқулары бар балалармен және кемтар балаларды оқытуда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық және психологиялық шарттары
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға инклюзивті оқыту идеясының артықшылықтары
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасауға даярлау процесін талдау
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің жолдары
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқыту
Қоғамның мүмкіндігі шектеулі адамдармен өзара әрекет етуге дайындығы
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ЖАППАЙ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ОҚЫТУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
Қазақстанның барлық мектептерінде инклюзивті білім беруді енгізу
Пәндер