Оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

Гумманитарлық ғылымдар жоғарғы мектебі

«Қорғауға жіберілді»

БББ жетекшісі А. Жолдабаева

(қолы)

Диплом жұмысы

Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудағы оқытудың белсенді әдістері

6В01730 - «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы

Орындаған (Сафарбаев А. Б. )

(қолы)

Ғылыми жетекші

(п. ғ. к., профессор) (Байғожина Ж. М. )

Бағалаушы Кульбаева Б. Т.

(қолы

Павлодар 2020ж

Мазмұны

Кіріспе
3
№: І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТСАТЫРУ МАҢЫЗЫ
№: 1. 1
Кіріспе: Коммуникативтік құзыреттілік дегеніміз не және оның маңызы қандай?
3: 5
№: 1. 2
Кіріспе: Оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру
3: 18
№: ІІ. КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
№: 2. 1
Кіріспе: Ақпараттық технологиялардың коммуникативтік құзыреттілікті дамытудағы рөлі
3: 29
№: 2. 2
Кіріспе: Коммуникативтік құзыреттіліктерді қалыптастырудағы оқытудың дәстүрлі емес әдістері
3: 42
№: 2. 3
Кіріспе: Зерттеу нәтижелері
3: 63
№:
Кіріспе: Қорытынды
3: 67
№:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 70
№:
Кіріспе:
3:

Кіріспе

«Шет тілдерін үйрену, әсіресе ағылшын тілі қазіргі - заманның қажеттілігі».

(Н. Ә. Назарбаев)

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда ақпарат алмасу сондай-ақ мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың артуы нәтижесінде шетел тілін оқытуда теориялық және практикалық мақсаты-лингводидактика болып табылады.

Лингводидактиканы іске асыру нәтижесінде-оқушылар шетел тілін үйренуде коммуникативтілік құзіреттілігі арттыра түседі. Шет тілін оқытуда құзіреттілікті қалыптастыру күрделі процесс, оқушы мен мұғалім арасында сөз әрекетін қалыптастыру болып табылады.

Әдістемелік әдебиеттерде құзіреттіліктің лингвистикалық, лингвоәлеуметтік түрлері оқушылардың бойында тілдік бірліктің формасын, мәдениетаралық қарым-қатынас қабілеттілігін дамытуға болады деп көрсеткен.

Кез-келген тіл, ана тілі болса да, шетел тілі болса да қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Сол себепті адамдар арасындағы әрекеттестікті, әлеуметтік, мәдениетаралық өмір жағдайында ықпал етуді іске асырады.

Лингвистикалық құзіреттілікті қалыптастыруда аса маңызды рөл алатын лексикалық материалды меңгеру танысу, бекіту және практикада қолдану кезеңдерін қалыптастыру оқушылардың ойлау, еңбек, таным қасиеттерін қалыптастыруға көмектеседі. Лингвистиклық құзіретті түрлі жобалау, case study, lesson study сияқты әдіс-тәсілдерді қолданып, оқытудың ең тиімді әдіс деп қарастыруға болады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда нұсқау болар көп қағида берілген. Бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне оқытудың оңтайлы, жаңашыл үлгісін қолдануға мүмкіндік береді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде дамуын қойып отыр. Дәстүрлі оқыту оқушыларға дайын белгілі білімдерді беру процесіне негізделген болса, жаңаша оқыту технологиясы- оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау болып табылады.

Бұл әдіс-тәсілді қолдану барысында интерактивтік, когнитивтік іс-әрекеттерді оқушылардың жеке басының мүмкіндіктерін белсендіру мақсатымен жүзеге асыру көзделеді.

Тілдік, яғни шетел тілдік коммуникация процесі күрделі де, көпаспектілі құбылыс. Лингвистикада коммуникативтік құзіреттілік лингвистикалық құзіреттілікке ие болу деп түсінеді.

Осыған орай бұл салада жұмыс істеп, осы мәселемен шұғылданған көптеген әдіскерлердің еңбектерін атауға болады. Оның ішінде: Гез Н. И., Бондаренко О. Р, Гoлoвaнова И. А., Тaрaсов Е. Ф, Дульянинов А. Г.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Шетел тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық негіздемесі және соның негізінде әртүрлі практикалық сабақтарда қолдану

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  • дипломдық жұмыстың тақырыбына байланысты теориялық сұрақтарды зерттеу;
  • оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту әдістерін зерттеу;
  • оқушылардың шетел тілі сабақтарына анализ жасау;
  • эксперименттік зерттеу жасау.

Зерттеу нысаны: Шетел тілдері сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың негіздері.

Зерттеу пәні: Шетел тілі сабақтарында оқушылардың коммуниктивтік құзыреттілігін қалптастыратын оқытудың белсенді әдістері.

Зерттеу жұмысының әдіс тәсілдері: Зерттеу барысында тақырып жөніндегі ақпараттық материалдармен танысып, зерделеу, педагогикалық жұмыстар атқару, мектепте тақырыпқа сәйкес оқушылармен жұмыс жасау, сабақтар ұйымдастыру және өтілетін сабақтар барысында оқытудың белсенді әдістерін қолдану, жұмыс нәтижесін және оқушылардың жетістіктерін саралау.

Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудағы оқытудың белсенді әдістерін қолдана отырып, сабақта барынша өзін еркін сезінуіне ықпал жасау және оқушының жасырын қабілеттерін аша білу.

Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы: Оқушылардың шет тілдерін үйрену барысында коммуникативтік құзыреттіліктерін қадыптастыру арқылы олардың тілін үйреніп жатқан елдік мәдениеті мен әдет-ғұрпына деген құрметін қалыптастыру, шет тілдерін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру және білім құндылығын ұғындыру.

Зерттеудің құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТСАТЫРУ МАҢЫЗЫ

  1. Коммуникативтік құзыреттілік дегеніміз не және оның маңызы қандай?

Оқушылардың шетел тіліндегі коммуникативтік құзыреттіліктерін жан-жақты қарастырмас бұрын алдымен «коммуникативтік құзыреттілік» ұғымына тоқталсақ.

Әлемдік тәжрибе бойынша ХХІ ғасыр жоғарғы оқу орындарының қызметін және ондағы білім беру мазмұнын анықтауда бірқатар жаңа тұжырымдық тәсілдердің негізгі бағыттары түзілгендігін көрсетеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда тіл үйренушіге алған білімінің негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларын еркін бағалауға, білімін толықтырып дамытуға, сол арқылы өз мүмкіндіктерін іске асыруға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс әрі жауапкершілікпен шешім қабылдауға бағыт беретіндей болуы тиіс. Білім берудің бұл тұжырымдары бүгінгі таңда жаңа «коммуникативтік құзыреттілік» ұғымдары арқылы беріліп келеді.

Қазіргі кезде бұл ұғымдардың мән-мағынасын талдауға арналға ірі ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік еңбектер жарық көре бастады. Мәселен халықаралық зерттеулерге талдау жасайтын болсақ, А. В. Хуторской, О. Е. Лебедев, С. Е. Шишов, А. А. Кальней, Г. Селевко, И. Д. Фурмин, А. Г. Каспаржан, Т. М. Ковалева, Д. А. Иванов, К. Г. Митрофанов, О. В. Соколова және тағы да басқалар шет тіліндегі біліктілік тәсілдерінің мәселелеріне, ұғымдар мен құралдарына және оның білім сапасын көтерудегі мазмұнына тоқталып, ауқымды зерттеулер жүргізуде.

«Құзыреттілік, біліктілік» термиінін алғаш рет Фердинанд Де Соссюр өз еңбектерінде адамның тек қана тілдік мағынасында ғылымға енгізді. Қазіргі Шет тілін оқытудың стандарттарына сай біліктілік адамның белгілі бір ортада әрекет етуге дайындығы және қабілеттілігі. Біліктілікті игеру - мәдени адамды академиялық білімнің өкілі ретінде «белсенді», «әлеуметтік бейімделген» тұлғаға айналдырады. Ол өз кезегінде тұлғаны ақпарат алмасу мақсатында қарым-қатынасб. қа түсіп қана қоймай, қоғамда әлеуметтенуге және сол қоғамды өзгерту мақсатында оған әсер ете алатын тұлғаға айналуына көмектеседі.

Ғалымдар бұл терминге әр түрлі анықтама береді.

Мысалы: Шилов З. Е. және Агапов И. Т. анықтамасы бойынша коммуникативтік құзыреттілік дегеніміз - тұлғаның білім алу барысында менгерілетін білімі мен тәжрибесіне негізделген, оқу-танымдық және еңбек процесінде оның өз бетінше әрекет етуіне бағытталған жалпы іс-әрекетке қабілеті мен дайындығы десе, осы мәндес анықтама Л. П. Борисовтң еңбегінде беріледі. Оған сай құзыреттілік - оқу барысында алған біліммен іскерліктің күнделікті өмірде әртүрлі практикалық және теориялық проблемаларды шешуде қолдана алу қабілеті. [1; 17б. ]

Сондай-ақ қазақстандық ғалымдар да ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіргізу және қоғамдық сұрақтарға жауап беру мақсатына сәйкес білім берудегі біліктілік моделіне зерттеулер жүргізіп, оны мектеп, жоғарғы оқу орны тәжрибесіне енгізуді қарастыруда. Соның ішінде «біліктілік» ұғымына Д. Н. Кулибаева өз еңбектерінде тереңірек тоқталады. Сонымен қатар А. К. Мыңбаева қазіргі білім беруде компетенттілік тәсіл мәселесән зерделесе, Ш. Т. Таубаева, Н. Э. Пфейфер және тағы да басқалар болашақ оқытудың кәсіби біліктілігін қалыптастыру мәселесін қарастыруда. Ал М. Ж. Жадрина, Н. Н. Нұрахметов, Ғ. З. Байжасарова, С. Д. Мұқанова, Б. О. Салықова және тағы да басқалар біліктілік білім берудің аспектілеріне зерттеу жүргізуде.

Қазақстандық білім беру жүйесінде жиі қалыптасып жүрген «коммуникативтік құзыреттілік» ұғымы - «тұлғаның белгілі бір шетел тілдері шеңберіне қатысты мәселелерді меңгеруі, білуі» немесе «тұлғаның белгілі бір мәселелер шеңберінде таным мен тәжрибеге ие болуы» деп талқыланып, Е. М. Верещагин, В. Г. Костомаров, И. Л. Бим, И. В. Елухина, Н. Д. Гальскова сияқты ресейлік және шетелдік авторлар мен зерттеушілердің лингводидактикасында кеңінен қолданылады. Шет тілінде сөйлеу алудың ерекшеліктерін еске ала отырып, аталмыш талдаушыға «хабардарлық», «бір нәрсемен танысболу дәрежесі» деген анықтамалар қосылуы мүмкін. [2; 32б. ]

«Коммуникативтік құзыреттілік» Шет тіліндегі әдебиеттерде «тәжрибе», «іскерлік» немесе «дағды» мағыналарында көбірек қолданса, отандық әдебиеттерде бұл «қарым-қатынас», «сұхбаттасу мәлениеті» ретінде түсіндіріледі. Ал психология-педагогика саласында «компетенттілік» және «компетенция» ұғымдарының жалпы қабылданған түсіндірмесі әлі қалыптаспаған, оларға үрліше мағына беріліп жүр. Психологиялық әдебиеттерде бұл ұғымға қатысты «компетенттілік - жеке тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеті» деген түсінік берілген. [3; 61-62]

Шетелдік түсіндірме сөздіктерде «компетенттілік» ұғымы компетенцияны менгеруші ретінде қарастырылады.

Берілген анықтамаларға талдау жасай келе, компетенция деп - бір-бірімен тығыз байланысқан білім, біліктілік, дағды және студенттердің шығармашылық іс-әрекеттерінң жиынтығын айтсақ, компетентік депті үйренушінің білімі мен дағдыларына тәжрибеде күнделікті өмірде қандай да бір практикалық немесе теоориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігін айтуға болады. Компетенция мен компетенттілік ұғымы, яғни оған қоса біліктілік бірін-бірі толықтырады және өзара байланысты.

Студенттердің коммуникативтік құзыреттілігі ең алдымен мектепте, содан соң жоғарғы оқу орнында оқу үрдісі кезінде қалыптасады. Ол оқу үрдісінің негізгі сапа көрсеткіші болып табылады және қойылған педагогикалық мақсатқа жетуді көздейді. Комуникативтік құзыреттілік оқу нәтижелерімен қатар студенттің шығармашылық іс-әрекеттері мен құндылық бағдарламаларының жүйесін көрсетеді.

Сонымен «компетенция» немесе қазақ тілінде «біліктілік» ұғымы алғаш рет АҚШ-та 60-жылдары білім беру жүйесінде қолдана бастады. Оның мақсаты еңбек нарығында бәсекелес бола алатын білікті маман даярлау.

Қорыта келгенде «комуникативтік құзыреттілік» - қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеті, белгілі бір іс-әрекетте білімнің, тәжрибенің және таныс болудың біршама дәрежесі, тұлғаның қасиеті. Сонымен, бір нәрсені оқып үйрену, жетік білу барысында қалыптасқан білімнің, дағдының іскерлік жиынтығы деген мағынада қолданылатын біліктілікті қалыптастыру ісінің маңызы уақыт өткен сайын арта түсуде. [4; 45]

Еурoпaлық кеңестің Шет тіліне қатысты мaтериалдарда бiліктiліктің мынадай екi түрi көрсетіледі. Олaр: жалпы біліктіліктер және коммуникативтік тілдік біліктіліктер.

Жалпы біліктіліктерге жататындар:

  • Оқуға қабілеттілік (ability to learn)
  • Экзистенциялды компетенция (existential competence)
  • Декларативтік біліктілік (declarative competence)
  • Іскерліктер мен дағдылар (skill and know-how)

Коммуникативтік тілдік біліктіліктерге жататындар:

  • Лингвистикалық компоненттер (linguistic competence - lexical, phonological-syntactical knowledge and skill)
  • Социо-лингвистикалық компоненттер (sociolinguistic component)
  • Прагматикалық компоненттер (pragmatic component knowledge existential competence and skill and know-how relating to the linguistic system and its sociolinguistic variation) жатады.

Біліктілік мәселесі Д. Хаймс, Р. Уайт, Д. Ж. Равен, И. В. Кузьмина, А. К. Маркова, Г. Э. Белицкий, А. В. Хуторский сияқты басқа да ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты зерттелді. Осындай зерттеулерге сай ғылымда біліктілікке негізделген білім беру мәселесі (competence based education) мәселесі Америкада тіл теориясына қатысты Н. Хомский «біліктілікті» тілді шынайы жағдайларда игеруден гөрі тек оның жүйесін білумен байланысты лингвистикаға тән термин ретінде қолдансы, Д. Хаймс кез келген тілді жетік үйрену грамматикалық және лексикалық іскерліктерді қалыптастырумен ғана емес, сонымен бірге оны әр түрлі жағдайларда қолдануға қажетті біліктілікті қалыптастырумен тығыз байланысты екенін дәлелдеді, сонымен қатар ғылымға «коммуникативтік біліктілік» терминін енгізді. Ал коммуникативтік біліктілік өз кезегінде шынайы қарым-қатынас жағдайындааса қажет болатын бірнеше құрамдас бөліктерге бөлінеді:

  • Тілдік біліктілік (тілдің графикалық, орфографикалық, лексикалық және грамматикалық жақтары) ;
  • Сөздік біліктілік (сөйлеу, жазу, тыңдау және оқу) ;
  • Әлеуметтік-мәдени біліктілік (Шет тілінде сөйлейтін халықтардың әлеуметтік-мәдени портреті) ;
  • Компенсаторлық біліктілік;
  • Оқу танымдық біліктілік (жалпы және арнайы іскерлік) .

Ал А. Н. Шукин коммуникативтік біліктілікті әдістемелік тұрғыда төмендегідей негізгі компоненттерге бөлуді ұсынды:

  • Лингвистикалық біліктілік;
  • Стратегиялық біліктілік;
  • Әлеуметтік біліктілік;
  • Әлеуметтік-мәдени біліктілік;
  • Дискурстық біліктілік;

Біздің ойымызша мідениетаралық қарым-қатынас жағдайында, Е. И. Пассов ұсынған «Тілді - мәдениет, алмәдениетті - тіл арқылы үйрену», зерттеу мәселесінң маңыздылығы артқан уақытта әлеуметтік-мәдени біліктіліктің маңызы айрықша. Өйткені әр түрлі ғылыми зерттеулер әлеуметтік-мәдени біліктіліктің дұрыс қалыптаспауы немесе жеткіліксіздігі мәдениетаралық қарым-қатынас жағдайларында оқушыны әр түрлі қателіктерге ұрындыратынын көрсетті. [5; 63-64]

Оқытудың белсенді әдістері және оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін арттырудың рөлі. Қазақтың біртуар азаматтарының бірі Жүсіпбек Аймауытов - «Балаға ең қымбат, ең жылы, ең жақын нәрсе - туған жері, туған жерінің құбылыстарын білу балаға өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі жергілікті өңірге, табиғатқа терең мазмұн беріп, оларды баланың санасында жандандырып, оларға деген баланың махаббатын арттырады, бала әлеумет тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады, бұрынғыдай мектептен шыққан соң, бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта білгенін өмір жүзінде пайдаланатын болады» деген болатын

Жоғарғы сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдістемелік-теориялық негізі алғаш рет елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы «Әлеуметтік экономикалық моернизация - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрініс тапты. Онда: «оқу тек білім беріп қана қоймай білімін әлеуметтік бейімделу үрдісінде қолдана білуге де үйрете білу керек» делінген. Осыған байланысты Елбасы оқушылардың функциналдық сауаттылығын дамыту қажеттілігі туралы бағдар берді. 2012 жылдың 25 маусымында Президент Қазақстан Республикасында оқушыларпдың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін нормативтік, оқу-әдістемелік, ақпараттық салаларда педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырушараларын қамтыған 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспар бекітті. Жоспар білім беру жүйесінің азаматтардың жеке жіне әлеуметтік жетістіктері ұлттық өркендеудің іргетасы және капиталы ретінде дамуының 5 жылдық кезеңін сипаттайды. Бүгінгі күні бастамашылық, шығармашылықпен ойлау қабілеті, кәсіпті таңдай білу мен қалыптан тыс шешім қабылдай алу сияқты қасиеттер функционалдық болып есептеліп отыр. Және осы функционалдық дағдылар мектеп жағдайында ғана қалыптасады. Білім беру стандартында жаратылыстану ғылымын оқыту мазмұнының тәрбиелік әлеуеті жалпы мәдениетті, қоршаған ортада өзін-өзі ұстауды, өз денсаулығын және айналадағылардың денсаулығын сақтауды, табиғи ортаны қорғауды, яғни экологиялық, гигиеналық және генетикалық сауаттылықты қалыптастыруды қарастырады. Жоғарғы сыныпта оқыту стандартына әлемнің замануи жаратылыстану ғылымдары картинасы, заманауи теориялар рөлі мен әлемдік ғылыми көзқарас қалыптастыру идеялары енгізілген. Жұмыстық және тәжрибелік-бағдарлық тәсілдемелер, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптсатыру және дамыту стандартты іске асырудың негізгі жолдары болып табылады. ХХІ ғасырдың бізге тастап отырған ұраны да осы функционалдық сауаттылық болып отыр.

Әріптестер, біз мектепте оқушыларымыздың құзыреттілік дағдыларын қалай арттырамыз? Оқушының функционалдық сауаттылығы оның негізгі және пәндік құзыреттілігі арқасында қалыптасады. Негізгі құзыреттілік - мектеп түлегіне мемлекет тарапынан қойылатын білім стандарты мен оқу бағдарламаларында көрсетілген білім нәтижесіне қойылатын талаптарға сай болуы. 5 жылға жасалған ұлт жоспарының уақыты да өз мәресіне жетіп қалды. Біз оқушылардың функционалдық сауаттылығын қаншалықты арттыра алдық? Оқытуда қолданып жатқан белсенді оқыту тәсілдері қаншалықты қауқарлы деген сұрақтар туындауы заңдылық деп ойлаймын.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын дамыту тетіктері. [6; 58-59]

PISA зерттеулері бойынша көш басында тұрған елдердің (Австралия, Финландия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т. б. ) нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға әсер ететін факторлар анықталған. Осыған орай, Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төмендегідей негізгі механизмдерін бөліп көрсетеді. Ұлттық жоспардың жоғарыда аталған мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда төмендегідей тетіктер нақтыланып, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынады:

  • Білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, білім беру бағдарламалары) ;
  • Оқыту нысандары мен әдістері;
  • Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;
  • Мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
  • Мектеп басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі) ;
  • Барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;
  • Ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі белсенді рөлі.

Жоғарыда атап өткен факторлар біздің білім саласында мықты қолға алынып келеді деп нық айта аламыз. 2016 жылға оқу жылынан жаңарған білім мазмұнымен білім берудің алғашқы сатысы басталады. Бастауыш білім беру стандарты жаңарды. Оқу нысандары мен әдістері сындарлы білімге негізделе отырып, қарқынды түрде жаңаруда. Мектепті басқару моделі де Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби біліктілігін көтеру бағдарламасы аясында жақсы өзгерістерге бет бұрды деп толық айтуға болады. Мектеп басшылары ынтымақтаса әріптесік, серіктестік қарым-қатынас орнатып, ата-аналармен бірлесіп жұмыс істеуге бағытталуда. Ал біз, ұстаздар, осы талаптарды тікелей жүзеге асырушылармыз ғой. Ыбырай атамыз айтқандай «Мұғалім - мектеп жүрегі». Бүгінгі мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығы осы жүректің соғуына байланысты.

Ал белсенді оқыту әдістеріне қандай әдістер жатады? Оқытудың белсенді әдістері - оқу материалын игеру үрдісінде оқушыларды белсенді ойлау және тәжірибелік әрекетке итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, Оқушылардың белсенді ойлау және тәжірибелік әрекет үрдісінде өз бетінше біліктер мен білімдерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді. Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері - олардың негізінде тәжірибелік және ойлау әрекетіне ояту жатыр. Онысз білімдерді игеруде алға жылжушылық болмайды. Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы оқытудың алдына оқушыларға білім ғана беріп қоймай, танымдық қызығушылықтар мен қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың, өз бетінше оқыл-ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету, т. б. жаңа міндеттер қойылуыммен байланысты. Жаңа міндеттердәі пайда болуы ақпараттың қарқынды дамуына тәуелді. Осы уақытқа дейін мектепте, жоғарғы, арнаулы оқу орындарында алынған білімдер адамға ұзақ уақыт қызмет ете алса, қазіргі ақпараттық заманда оларды үнемі жаңартып отыру қажет. Бұл өз бетінше білім алу жолымен жүзеге асуы мүмкін, ал бұл адамнан танымдық белсенділікті және өзіндік ұстанымды талап етеді. [7]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ертегілер арқылы бастауыш сынып оқушыларының негізгі құзыреттіліктерін дамыту
Тұлғалық білім берудің орталығы - оқушылар тұлғасын үздіксіз дамыту
Мұғалімнің міндеті зерттеу іскерліктерін зерттеу бойынша қызметті ұйымдастыру
Білім беру үрдесінде субъектінің коммуникативтік құзыреттілігін және жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру
Оқушылардың креативтік құзыреттіліктерін сыныптан тыс дамыту
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Дамыта оқыта отырып, оқушылардың құзыреттілігін дамыту
Дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, сынып оқушыларының танымдық құзіреттілігін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттерін қалыптастыру
Тұлғаны қалыптастырудағы ағылшын тілінің маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz