Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ҰҒЫМЫ
0.1 Кедендік бақылау нысандары
0.2 Кедендік бақылау қағидалары
1 КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ АЙМАҒЫ
0.1 Кедендік бақылау аймақтарын құру және белгілеу
0.2 Кедендік бақылау аймақтарына кіру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Кеден органы қазіргі заманғы мемлекеттік басқарудың буыны болғандықтан өзінің нақты қызмет ету аумағына, өз құзіретіне ие болып отырады. Және, қазіргі жалпы әлемдік ғаламдану процесі жүріп жатқан кезеңде мемлекеттік басқару жүйесіндегі кеден органның маңызы мен мәні артып, оған жүктелетін қызметтің де түрі мен бағыты үнемі өзгеріп, түптеп келгенде кеден органы түсінігінің өзі жаңаша мәнге ие болуда.
Әрбір басқару органының мемлекеттік механизмі құрамында белгілі бір саланы басқаруда туындаитын қажеттілікке байланысты құрылатыны белгілі.
Кеден органдарын құрудағы басты мақсат -- мемлекеттің кедендік егемендігін қорғау, мемлекеттік дербес кеден саясатын жүргізу десек, кедендік егемендік ұғымы аясына кең ауқымдағы міндеттер мен мақсаттар енетінін байқауға болады.
Зерттеу өзектілігі. Кедендік ресімдеу, күні бұрынғы операциялар жүргізу, тауарларды қайта тиеу, оларды қарау және кедендік тексеру орындары, уақытша сақтау орындары, кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарының тұрақтары, кеден қоймалары, арнайы экономикалық аймақ аумақтары, еркін қоймалар, бажсыз сауда дүкендері және жолаушылармен тауар ағымдарының көлемін, жекелеген аймақтардың және (немесе) сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың сыртқы экономикалық байланыстары дамуының қарқынын негізге ала отырып кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын Қазақстан Республикасы кеден органдарының орналасқан орындары кедендік бақылау аймағы болып табылады.
Кедендік бақылау аймағы Қазақстан Республикасының кеден органдары белгілеген орындарда құрылады.
Орындарды кедендік бақылау аймағы деп тану үшін:
1) уақытша сақтау орындары деп тану туралы шешім және уақытша сақтау қоймасын, еркін қойманы, кеден қоймасын, бажсыз сауда дүкенін құруға арналған лицензия;
2) кеден органының орналасқан орны туралы тіркеу құжаты;
3) Кеден кодексінің 20-бабына сәйкес, кедендік ресімдеу орындарын оның ішінде әуежайларда, порттарда, теміржол станцияларында белгілеу туралы Қазақстан Республикасы кеден органының шешімі;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық өткізу пункттерін немесе арнайы экономикалық аймақты құру (ашу) туралы акт негіз болып табылады.
Зерттеу мақсаты. Кедендік бақылау аймақтарын зерттеп, сипаттама беру.
Зерттеу міндеттері:
oo Кедендік бақылау ұғымына түсінік беру;
oo Кедендік бақылау аймақтарын құру және белгілеу;
oo Кедендік бақылау аймақтарына кіру.
Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ҰҒЫМЫ

Адамның жеке басын тексеріп қарау, кедендік бақылаудың ерекше нысаны болып табылады және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын тауарларды өзінде жасырып, бермей тұр деп санауға негіз болған жағдайда, кеден органы басшысының немесе оның орынбасарының жазбаша шешімі бойынша жүргізілуі мүмкін.
Адамның жеке басын тексеріп қарау, жеке тексеру рәсімдерін жүргізу және оны ресімдеу тәртібінің арнайы ережесі қабылданған. Аталған ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 448-бабына сәйкес әзірленген және оны жүргізудің тәртібін және тіркеу нысанын айқындайды.
Қазақстан Республикасындағы кеден iсi тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзудiң, кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылаудың, кедендiк режимдердi қолданудың, кедендiк төлемдерi және салықтарды алудың, кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргiзудiң тәртiбi мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметтi жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билiк қатынастарына негiзделген кеден саясатын iске асырудың басқа да құралдарын қамтиды.
Кедендiк бақылау - Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарын сақтау бойынша, оның iшiнде тәуекелдердi басқару жүйесiн пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын, орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген шаралардың жиынтығы.
Кедендiк бақылау жүргiзуді кеден органдарының лауазымды адамадары жүзеге асырады.
Кеден органдарының лауазымды адамдары:
1) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына;
2) оларды тапсыру осы Кодексте көзделген тауарлар мен көлiк құралдары туралы кедендiк декларацияға, құжаттар мен мәлiметтерге;
3) кеден брокерi, кедендiк тасымалдаушылар ретiндегi тұлғалардың қызметiне, сондай-ақ жекелеген кедендiк режимдердiң шеңберiнде және уақытша сақтау бойынша кеден қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың қызметiне қатысты;
4) тауарларды пайдалануға және оларға билiк етуге белгiленген шектеулердiң сақталуына;
5) кедендiк төлемдердi және салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты кедендiк бақылау жүргiзедi. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өткен кезден бастап және:
1) кеден кодексінің 14-бабына сәйкес шартты шығаруды қоспағанда, еркiн айналыс үшiн шығарылғанға;
2) жойылғанға;
3) мемлекеттiң пайдасы үшiн тауардан бас тартқанға не оларды мемлекеттiк меншiкке айналдырғанға;
4) тауарларды, көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан тысқары жерлерге нақты шығарғанға дейiн кедендiк бақылауда болады.
Қазақстандық тауарлар мен көлiк құралдары оларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкету кезiнде кедендiк декларацияны берген немесе тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкетудi жүзеге асыруға тiкелей бағытталған өзге де әрекеттер жасаған кезден бастап Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өткенге дейiн кедендiк бақылауда болады.
Кеден органдары тұлғалардың қазақстандық тауарлар мен көлiк құралдарын не оларды қайта өңдеу өнiмдерiн осы Кодексте айқындалған тәртiппен кедендiк режимдердiң талаптарына сәйкес қайта әкелу туралы мiндеттемелерiн орындауына кедендiк бақылауды жүзеге асырады.
Кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде кеден органдары iрiктеу принципiн негiзге алады және Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi нысандармен шектеледi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк (кедендiк) шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде радиациялық бақылау жүргiзу тәртiбiн тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру, және (немесе) кедендiк тексерiп қарау арқылы кедендiк бақылауды жүзеге асыру, оларды сақтау және кедендiк қадағалаумен өткiзу мақсаттары үшiн Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы бойында, кедендiк ресiмдеу, алдын ала операцияларды жүргiзу орындарында, тауарларды қайта тиеу, оларды тексеру және кедендiк тексерiп қарау орындарында, кедендiк бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлiк құралдарын уақытша сақтау, тұрақ орындарында, кеден қоймаларында, арнайы экономикалық аймақ аумағында, еркiн қоймаларда, бажсыз сауда дүкендерiнде, кеден органдары орналасқан орындарда кедендiк бақылау аймақтары құрылады.
Кедендiк бақылау аймақтары оларда кедендiк бақылауға жататын тауарлар ұдайы болған жағдайларда - тұрақты, немесе тауарларды тексеру немесе кедендiк тексерiп қарау қажет болған жағдайда уақытша және осындай операцияларды жүргiзу кезiне құрылатын болуы мүмкiн.
Кедендiк бақылау аймақтарын құру мен белгiлеудiң тәртiбiн, сондай-ақ кедендiк бақылау аймағына жiберу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Адамдарды кедендiк бақылау аймағына жiберу - тек кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады, ал құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтер үшiн осы органдардың қаулысын немесе ұйғарымын көрсету бойынша рұқсат етiледi.
Өндiрiстiк және өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, тауарлар мен көлiк құралдарын осындай аймақтардың шекарасы арқылы және солардың шегiнде өткiзуге кеден органының рұқсатымен және соның бақылауымен ғана жол берiледi.
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi не бақылауы кеден органдарына жүктелетiн қызметтi жүзеге асырушы тұлғалар кедендiк бақылау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi ауызша және (немесе) жазбаша, және (немесе) электронды нысанда кеден органдарына беруге мiндеттi.
Кеден органы кедендiк бақылау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi жазбаша және (немесе) электронды нысанда сұратып алуға құқылы.
Кедендiк бақылауды жүргiзу үшiн кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан жүзеге асырылатын экспорттық және (немесе) импорттық мәмiлелер бойынша ақша операциялары туралы мәлiметтер мен анықтамалар алуға құқылы.
Тауарлар мен көлiк құралдары шығарылғаннан кейiн кедендiк бақылауды жүзеге асыру мақсатында кеден органдары осы тауарлармен және көлiк құралдарымен жасалатын сыртқы экономикалық операцияларға қатысты, ал Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлар мен көлiк құралдарына, сондай-ақ осы тауарлармен және көлiк құралдарымен жасалатын кейiнгi операцияларға қатысты коммерциялық құжаттарды, бухгалтерлiк құжаттаманы және басқа да ақпаратты, оның iшiнде электронды нысандағы ақпаратты декларанттан немесе тауарлармен және көлiк құралдарымен жасалатын операцияларға қатысы бар немесе көрсетiлген құжаттар мен мәлiметтерге иелiк етушi кез келген тұлғадан сұратуға және алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, салық қызметi органдары және өзге де бақылаушы органдары, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, ұйымдарды тiркеудi жүзеге асыратын органдар, нотариустар кеден органдарының сұрау салуы бойынша оларға Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда және тәртiппен кедендiк бақылау үшiн қажеттi қолда бар мәлiметтер туралы хабарлауға мiндеттi.
Тұлғалар және кеден органдары кедендiк бақылау үшiн қажеттi құжаттарды осы Кодекстiң 431-бабына сәйкес тауарлар мен көлiк құралдарының кедендiк бақылауда болуы аяқталған кезден бастап кемiнде бес жыл сақтауға тиiс. Кеден брокерлерi мен кедендiк бақылаудағы тауарларға қатысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын өзге де тұлғалар құжаттарды осындай тауарлармен кедендiк операциялар жүргiзiлген жылдан кейiн бес жыл бойы сақтауға тиiс.
Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кедендiк бақылау жүргiзуге жәрдемдесу үшiн мемлекеттiк органдардың мамандарын, сондай-ақ шарттық негiзде өзге де ұйымдардың мамандары мен сарапшыларын тартуға құқылы.
Мемлекеттiк органдар мен өзге ұйымдардан тартылған мамандар мен сарапшылар мемлекеттiк құпия, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi, сондай-ақ кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға қатысты құпия ақпаратты жария етпеуге мiндеттi.
Кедендiк бақылау кедендiк бақылау аймағында, сондай-ақ тауарлар, көлiк құралдары және олар туралы мәлiметтер, оның iшiнде электронды нысандағы мәлiметтер бар құжаттар орналасқан, кеден органдары айқындайтын басқа да орындарда жүзеге асырылады.
Кедендік бақылау субъектілеріболып Қазақстан Республикасының кедендік жүйесі, тауарлар мен көлік құралдарды кедендік шекарадан өткізуімен байланысты сыртқыэкономикалық қызметке қатысушы тұлғалармен өзара қарым-қатынас жасайтын, олардың лауазымды тұлғалары.
Кедендік бақылау субъектілерінің әр қайсысы нақты іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін белгілі бір құзіреттіліктері бар.
Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары іріктеу принципін негізге алады және Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті нысандармен шектеледі.
Қазақстан Республикасының кеден кодекстің 438 бабына сәйкес кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылатын кедендік бақылау нысандарын пайдаланады.
Кедендік бақылау нысандарын таңдау кезінде тәуекелдікті бағалау мен басқару пайдаланылады. Кедендік бақылаудың басқа нысандарын қолданбау не олардан босату тұлғалар кеден кодекстің ережелерін сақтау міндеттілігінен босатылады дегенді білдірмеуге тиіс.
Кедендік бақылаудың іріктеп жүргізу нысаны мемлекет қауіпсіздігін және қоғамдық қызығушылықтарды қорғау жөніндегі шараларға шығын келтірмеуі тиіс. Ал басқа жағынан, жеткілікті принципі адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын бұзбауы тиіс. Сондықтан, Қазақстан Республикасының кеден кодексіндежеке тексеру Кедендік бақылаудың ерекше нысаны ретінде айқындалған.
Қазақстан Республикасының Кедендік кодексінің 441 бабына сәйкес кедендік бақылау нысандарына мыналар жатады:
1. кеден декларацияны, құжаттар мен мәліметтерді тексеру;
2. ауызша пікір сұрау;
3. түсіндірмелер алу;
4. кедендік қадағалау;
5. тауарлар мен көлік құралдарын тексеру;
6. тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау;
7. жеке тексеру;
8. тауарларды арнаулы таңбалар мен таңбалау, бірдейлендіру белгілерін соғу;
9. тауарлар мен көлік құралдарының есебі мен олар бойынша есептілік жүйесін тексеру;
10. тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу;
11. үй-жайлар мен аумақтарды тексеру болып табылады.
Кедендік декларацияны, құжаттар мен мәліметтерді тексеру.
Кеден органдары, құжаттардың түпнұсқалылығын және мәліметтердің дұрыстығын анықтау мақсатында, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде берілген кедендік декларацияны, құжаттарды және мәліметтерді тексереді.
Кеден органдарына кедендік ресімдеу кезінде берілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру оларды басқа дерек-көздерден алынған ақпаратпен салыстыру, арнаулы кедендік статистиканың мәліметтерін талдау, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мәліметтерді өңдеу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да тәсілдермен жүзеге асырылады.
Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органы кедендік декларациядағы ақпараттарды тексеру мақсатында тұлғалардан жазбаша түрде барлық құжаттар мен мәліметтерді сұратып алуға құқылы.
Іріктеп тексеру негізінде кеден органдарының құжаттар мен мәліметтерді тексеруіне жол беріледі.
Ауызша пікір сұрау.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік ресімдеуді жүргізу, алдын ала операциялар мен өзге де кедендік рәсімдер кезінде кеден органдарының лауазымды адамдары тұлғалардан ауызша пікір сұрауға құқылы, аталған тұлғалардан мұндай пікір сұрау нәтижелері жазбаша нысанда ресімделмейді.
Түсіндірмелер алу - кеден органдары лауазымды адамдарының декларанттардан және кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді білетін өзге де адамдардан кеден ісі саласындағы қажетті ақпаратты алуы.
Түсіндірме жазбаша нысанда ресімделеді. Адамды түсіндірме алу үшін шақыру туралы хабарламаға тиісті кеден органының басшысы қол қояды және шақырылған адамға қол қойғызып алу арқылы тапсырылады.
Кедендік қадағалау - кеден органдары лауазымды адамдарының кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарының тасымалдануын, олармен жүк және өзге де операциялардың жасалуын көзбен шолып, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып бақылауы.
Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру.
Кеден органы лауазымды адамдарының тауарлар мен көлік құралдарын, оның ішінде халықаралық почта жөнелтімдерін, жеке тұлғалардың багажын қарауы кедендік бақылаудағы тауарлардың сипаты, шығарылған жері, жай-күйі, мөлшері туралы, тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүк тиелетін бөліктерінде кедендік пломбалардың, мөрлердің және басқа да қондырылған бірдейлендіру құралдарының бар екендігі туралы мәліметтерді растау үшін жүзеге асырылады.
Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру -- егер мұндай тексеру көлік құралы мен оның жүк тиелетін бөліктерін ашумен және тауарлардың орамаларын бұзумен байланысты болмаса, кедендік бақылау мақсаттары үшін тауарларды, жеке тұлғалардың багажын, көлік құралдарын, жүкке арналған ыдыстарды, кедендік пломбалардың, мөрлердің және өзге де тауарларды бірдейлендіру құралдарының бар-жоқтығын сырттай көзбен тексеру.
Кедендік тексеріп қарау -- кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың орамаларын немесе көлік құралының жүк тиелетін бөліктерін не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар бар немесе болуы мүмкін өзге де орындарды ашумен байланысты тауарлар мен көлік құралдарына қатысты іс-әрекеті.
Кедендік тексеріп қарау тауарларды кедендік мақсаттар үшін бірдейлендіру, мәлімделетін мәліметтердің дұрыстығын анықтау не Қазақстан Республикасының кеден заңдарын бұзу туралы ақпарат болған кезде мұндай ақпаратты тексеру, сондай-ақ іріктеп тексерудің негізінде кедендік бақылау жүргізу мақсатында жасалады.
Жеке тексеріп қарау - кедендік бақылаудың ерекше нысаны ретінде.
Кедендік бақылаудың ерекше нысаны ретіндегі жеке тексеріп қарау Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын тауарларды өзінде жасырып, бермей тұр деп ойлауға жеткілікті негіздер болған жағдайда, кеден органы басшысының немесе оны алмастырушы адамның жазбаша шешімі бойынша жүргізіледі.
Жеке тексеріп қарау жүргізуге байланысты рәсімді және жеке тексеріп қарауды рәсімдеу тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Жеке тексеріп қарау басталар алдында кеден органының лауазымды адамы жеке тұлғаға кеден органы басшысының немесе оны алмастырушы адамның жеке тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімін көрсетуге, жеке тұлғаны мұндай тексеріп қарауды жүргізу кезіндегі құқықтарымен таныстыруға және жасырған тауарларын өз еркімен беру туралы ұсыныс жасауға міндетті.
Кеден органы лауазымды адамының жеке тексеріп қарау жүргізу кезіндегі іс-әрекеті жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтірмеуге тиіс.
Өзіне қатысты жеке тексеріп қарау жүргізіліп отырған жеке тұлғаның:
1) жеке тексеріп қарау жүргізу басталғанға дейін оны жүргізу тәртібімен және жеке тексеріп қарау жүргізу туралы шешіммен танысуға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын өзінде жасырған тауарларын өз еркімен беруге;
3) жеке тексеріп қарау жүргізетін кеден органы лауазымды адамының жеке тексеріп қарау жүргізу туралы хаттамаға міндетті түрде енгізе отырып, мәлімдеме жасауға;
4) жеке тексеріп қарау жүргізудің нәтижелерімен және іс жүргізу құжаттарымен танысуға;
5) жеке тексеріп қарау жүргізетін кеден органы лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне Кеден кодекске сәйкес шағым жасауға;
6) адвокаттың қызметтерін пайдалануға құқығы бар.

1.2 Кедендік бақылау қағидалары
Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары негізгі нысандарды қолданады, олар қолданыстағы заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылады. Кедендік бақылау нысандарының таңдауы және жеткіліктілігі оны ұйымдастыру қағидалары болып табылады. Кедендік бақылау нысанын таңдау кеден аумағына әкелінетін тауарлардың, олар орналастырылатын кедендік режим түрінде сипаты мен құнына байланысты болуы мүмкін.
Осы уақытта, егер әкелінетін тауарлар кеден баждары мен салықтар салынбайтын болса, онда осы тауарларға бірдейлендіру тексеру ғана жүргізіледі.
Егер кедендік бақылаудың сол не өзге де нысандағы жетімділік қағида белгісіз болса, онда осы нақты жағдай бойынша нормативтік құжаттарда кедендік бақылау нысанының жетімділігі туралы мәселе кеден органы мәселелері жөніндегі уәкілетті органның лауазымды тұлғаларының жеке қарауы бойынша шешіледі.
Кедендік бақылаудың таңдауы мен жетімділік қағидаларын сақтау азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын бұзбау қажет.
Тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің негізгі қағидалары. Осы аталған қағидалар деп Қазақстан Республикасына тауарлар мен көлік құралдарын енгізуге және шығаруға қатысы бар барлық қатысушылар басшылыққа алуға міндетті болатын негізгі ережелер деп түсіндіріледі. Кодекстің 8-бабына сәйкес, Кеден кодексі және Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарда қарастырылған жағдайлардан басқа барлық тұлғалар тең негізде тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына енгізуге, Қазақстан Республикасынан шығаруға және Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзитке құқығы бар [3, 8].
Олардың орындауға және сақтауға міндетті іргелі құқықтық талаптарының мағынасы болады және тауарлар мен көлік құралдарын өткізу, кедендік ресімдеу және кедендік бақылауды құқықтық реттеу негізін құрайды.
Тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге және әкетуге тұлғалар тең құқықты. Оның мәні барлық жеке және заңды тұлғалар тең негізде Қазақстан Республикасына тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге және одан әкетуге, сол сияқты Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзитке құқығы бар. Заңды теңдік тауарларын өткізетін барлық тұлғаларға, олардың тауарлардың иелері бола ма, олардың сатып алушылары ма, меншік иелері немесе жеке атынан заңнамада қарастырылған тауарлармен әрекеттер жасау үшін жеткілікті басқа сипатта болатынына қарамастан танылады.
Жекелеген тауарларды әкелуге және әкетуге тыйым салу.
Заңнамада жекелеген тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан әкетуге тыйым салынуы мүмкін негіздер белгіленген. Оларға:
- мемлекеттік қауіпсіздікті ойлау;
- халықтың адамгершілігін қорғау;
- адамның өмірі мен денсаулығын қорғау;
- жануарлар мен өсімдіктерді қорғау.
Осындай тыйым салу үшін негіздеме тізбесін ашық болады және Қазақстан Республикасы заңнама актілері мен халықаралық шарттар негізінде өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін. Әкелуге немесе әкетуге тыйым салынған тауарлар тез арада әкетуге немесе қайтаруға жатады, егер әкету немесе қайтару мүмкін болмаған жағдайда иелері қазақстандық кеден органдары болып табылатын уақытша сақтау қоймаларына тапсырады.
Тауарларды әкелуге және әкетуге шектеулер. Кодекстің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативті қаулыларына сәйкес, тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге, Қазақстан Республикасынан әкетуге және Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзитке тыйым салу және шектеу қою, Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар және көлік құралдарына қатысты тарифтік және тарифтік емес шаралар белгіленуі мүмкін. Бұл талаптар экономикалық саясатты ойлауынан, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттерді орындауынан, ішкі тұтыну нарығын қорғау, Қазақстан Республикасына дискриминациялық және өзге де қысым көрсетуге жауап ретінде, шетел мемлекеттерінің және оның одақтастарының акциялар және басқа да барынша маңызды негіздерге байланысты болады [3, 8].
Кедендік режимді таңдау құқығы. Кодекстің 11-бабының ережелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары тұлғаның таңдауы бойынша Кодексте көзделген тәртіпте және шарттарда белгілі бір кедендік режимге орналастырылады.
Тауарлар мен көлік құралдарының кедендік режимін тұлға осы Кодексте көзделген тәртіпте және шарттарда Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілген тауарлар мен көлік құралдарының арналуы мен пайдалану мақсатына қарай басқа кедендік режимге өзгертуі мүмкін.
Режимді таңдау кезінде тауардың тағайындалуы және сипаттамасы, оны енгізу мақсаттары және оны алдағы уақытта пайдалану перспективалары, олар сатып алынатын жағдайлар және өзге де міндеттемелер есепке алынады.
Кедендік ресімдеу және кедендік бақылау міндеттемелері қағидасы Кодекстің 10, 15-баптарындағы талаптарда бекітілген және Қазақстан Республикасы кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасы Кеден заңнамасымен қарастырылған кедендік ресімдеу және кедендік бақылау тәртібі және жағдайына жатады.
Тауарларды әкетудің шартты қағидасы Кодекстің 14-бабында қарастырылған, онда Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, шектеулер сақтала отырып өздеріне қатысты кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер берілген не осы Кодексте анықталған өзге де шарттар мен талаптар белгіленген тауарлар мен көлік құралдары шартты түрде жіберілуге тиіс.
Шартты түрде жіберілген жағдайда тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауда болады.
Тауарларды сақтауды қамтамасыз ету қағидасы. Кеден операцияларын жүзеге асырған уақытта кеден органдары оларға келіп түсетін тауарлар мен көлік құралдарын сақтауды қамтамасыз етуге міндетті. Кеден режимдерінің барлығына жалпы болып тауарлардың сақталуына жауаптылықтан босату ережесі болып табылады, бұл апатты жағдай немесе белгісіз әсер ететін күшпен байланысты туындаса, егер табиғи тозуына немесе оларды қалыпты тасымалдау және сақтау жағдайында бүлініп, тауарлардың кемуіне жауаптылықтан босатылады.
Тауарлар мен көлік құралдарының оларды әкеткен уақытқа дейін пайдалану және басқару реттілігі қағидасы Кодекстің 13-бабында қарастырылған. Тауарлар мен көлік құралдарын әкеткеннен кейін пайдалану және басқару өтініш берілген кеден режимі жағдайына сәйкес жүзеге асырылады.
Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын жоғарыда аталған жалпы қағидаларды сақтамай өткізу құқыққа қарсы деп танылады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылыққа тартылады.

2 КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ АЙМАҒЫ

Кедендік ресімдеу, күні бұрынғы операциялар жүргізу, тауарларды қайта тиеу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының кедендік бақылаудың формалары мен принциптері
Кеден әкімшілігін жүргізу
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік режимінің аяқталуы
Тауарлық кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операциялар
Қазақстан Республикасының кедендік бақылау
Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеудің жеңілдетілген түрін жетілдіту
Кеден бақылауы қүжаттар мен мәліметтерді тексеру
Кеден органдарының кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау жүргізудегі ролі
Тауар мен көлік құралдарын рәсімдеу және кедендік бақылау механизмін жетілдіру жолдары
Қазақстан заңнамасындағы кедендік бақылаудың рөлі
Пәндер