Пәнаралық байланыс функциялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Әдеби шолу
Жаңартылған білім берудегі пәнаралық байланыстың негізі
Пәнаралық байланыстың жіктелуі
Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары
Пәнаралық сабаққа қойылатын талаптар
Орта мектептерде химия пәнін оқытуда пәнаралық байланысты іске асыру
Пәнаралық байланысты жоспарлау
Химияның биологиямен пәнаралық байланысы
Химияны проблемалық оқыту кезіндегі пәнаралық байланыстар
Орта мектепте химия пәнін оқытуда пәнаралық байланысты қолдану
Химияны биологиямен байланыстырып оқытуда қолданылатын әдістер
Химия пәнін биологиямен байланыстырып оқытуда қолданылатын тапсырмаларды құрастыру
Химияны оқытуда пәнаралық байланысты қолданудың тиімділігі

КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта білім беру сапасының мәселесі басым бағыттардың бірі болып табылады. Оқыту процесін оңтайландыру тәсілдерін әзірлеумен қатар, жалпы алғанда осы үдерістің нәтижелерін зерттеу үлкен маңызға ие. Химияны зерттеу оқушыларға айналамыздағы химиялық процестердің мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Пәнге деген қызығушылықты дамыту үшін оқушылар сабақта пассивті емес, оқу процесінің белсенді қатысушылары болуы қажет.
Химияны оқытудың көптеген заманауи тәсілдерінің арасында оқу материалын түсіндіруде пәнаралық байланыстарды қолдануды бөліп көрсетуге болады. Пәнаралық - білім беру үдерісіндегі маңызды қағида. Мұғалім оқушыларға басқа оқу пәндерінің білімі мен біліктілігін қолдануды үйретуі керек. Бұл біліктілікті меңгеру пәнаралық байланыстарға мүмкіндік береді.
Химиктердің ерте кездегі арманы зертханалық жағдайда тірі ағзаны құру болғанымен, химия мен биология ұзақ уақыттан бері өз жолдарымен жүріп келе жатқаны бәрімізге мәлім. Химияның биологиямен өзара байланысы органикалық қосылыстардың химиялық құрылысының Бутлерлік теориясы нәтижесінде нығая түсті. Осы теорияны басшылыққа ала отырып, органикалық химиктер табиғатпен жарысқа түсті. Соңғы кездеге химиктер заттың бағытталған синтезінде үлкен өнертапқыштық, еңбек және шығармашылық ізденісті көрсетті. Олардың ойы табиғатқа еліктеу ғана емес, одан асып түсу болды. Бүгінгі күні біз ол ойдың сәтті болғанын сенімді түрде мәлімдей аламыз. ХІХ ғ. Атом құрылысы мен жасуша құрылымы ашылды және оның құрамын егжей-тегжейлі зерттеу кезінде химиктер мен биологтардың алдында мынадай мәселелер тұрды. Олар: жасуша туралы, тірі ұлпадағы химиялық процестердің сипаты туралы, химиялық реакциялардың биологиялық функцияларының шарттылығы туралы. А.И.Опарин жасаған сияқты таза химиялық көзқараспен ағзадағы зат алмасуға қарайтын болсақ, біз уақыт бойынша өзара үйлескен салыстырмалы қарапайым және біртектес химиялық реакциялардың үлкен санының жиынтығын көреміз. Ол кездейсоқ емес, қатаң ретпен өтеді, нәтижесінде реакциялардың ұзын тізбектері пайда болады. Және бұл тәртіп заңды түрде қоршаған ортаның осы жағдайында бүкіл тірі жүйені үнемі өзін-өзі сақтауға және өзін-өзі ұалпына келтіруге бағытталған. Мысалы, өсу, көбею, қозғалу, қозу, сыртқы ортаның өзгерістеріне әрекет ету қабілеті сияқты қасиеттер химиялық айналымның белгілі бір кешендерімен байланысты. Өмірді зерттейтін ғылымдардың арасындағы химияның алатын орны ерекше. Дәл осы химиямен фотосинтездің химиялық негізі ретінде хлорофиллдің маңызды рөлі, тыныс алу қызметінің негізі ретінде гемоглобиннің, жүйкенің қозуының, нуклейн қышқылдарының химиялық құрылымы анықталады. Бірақ ең бастысы - биологиялық процестердің, тірі функциялардың негізінде химиялық механизмдер жатыр. Тірі ағзада болатын барлық функциялар мен процестер химия тілінде, нақты химиялық процестер түрінде баяндалуы мүмкін. Әлбетте, өмір құбылыстарын химиялық процестерге келтіру дұрыс болмас еді. Бұл өрекскел механикалық жеңілдету болар еді. Және оның жарқын дәлелі тірі жүйелердегі химиялық процестердің жансызбен салыстырғандағы ерекшелігі болып табылады. Бұл ерекшелікті зерттеу материя қозғалысының химиялық және биологиялық формаларының бірлігі мен өзара байланысын ашады. Бұл туралы биология, химия және физика тоғысында пайда болған басқа да ғылымдар да айтады: биохимия - тірі организмдердегі заттар мен химиялық процестердің алмасуы туралы ғылым; биоорганикалық химия - тірі организмдерді құрайтын қосылыстардың құрылысы, функциялары мен синтездеу жолдары туралы ғылым; физика-химиялық биология ақпаратты берудің күрделі жүйелерінің қызмет етуі және молекулалық деңгейде биологиялық процестерді реттеу туралы ғылым. Бұл үдерістің ең ірі жетістіктері жасушалық метаболизмнің химиялық өнімдерін анықтау (өсімдіктерде, жануарларда, микроорганизмдерде зат алмасу), осы өнімдердің биологиялық жолдары мен биосинтезінің циклдарын анықтау болды. Олардың жасанды синтезі іске асырылды, реттеуші және тұқым қуалайтын молекулалық механизмнің материалдық негіздерін ашу жасалды, сондай-ақ жасушалар мен жалпы тірі организмдер процестерінің энергетикасында химиялық процестердің маңызы елеулі дәрежеде анықталды.
Қазіргі кезде химия үшін көптеген миллион жылдар бойы тірі организмдерді жер жағдайына бейімдеу тәжірибесі, неғұрлым жетілдірілген механизмдер мен процестерді құру тәжірибесі жинақталған биологиялық принциптерді қолдану ерекше маңызды болып табылады. Бұл жолда белгілі бір жетістіктер бар. Осыдан жүз жыл бұрын ғалымдар биологиялық процестердің ерекше тиімділігінің негізі биокатализ екенін түсінді. Сондықтан химиктер тірі табиғаттың каталитикалық тәжірибесіне негізделген жаңа химияны құруды мақсат етіп қояды. Онда химиялық процестерді жаңаша басқару пайда болады, онда принциптер, ұқсас молекулалардың синтезі қолданыла бастайды, ферменттер принципі бойынша біздің өнеркәсіпте бар қасиеттерден асып түсетін қасиеттерімен катализаторлар жасалады. Дегенмен, алынған модельдер тірі жүйелердің табиғи биокатализаторларын алмастыра алмайды. Ғалымдар бұл химия ғылымының тірі жүйелердің аналогын жасау перспективасы бар жаңа химиялық технологияға деген қозғалысы деп санайды. Аталған міндетті шешу болашақ химиясын құруда маңызды орын алады.
Біз бәріміз қоршаған ортаны танып білудегі прогресті, оны қайта құру мен жетілдірудің жаңа әдістерін химия ғылымымен байланыстырамыз. Қазіргі уақытта химия білімі жоқ маман бола алмайды. Бұл сөздерді физикалық химияның негізін қалаушылардың бірі, тізбекті химиялық реакциялар механизмі саласындағы зерттеу үшін химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Н.Н.Семенов айтты. Шын мәнінде, химия қоршаған ортаны танудағы және адам қызметінің түрлі салаларындағы өзара байланысты дамытудағы маңызды құрал. Химия қоршаған ортаның даму заңдылықтарын ашады, сондай-ақ ғылыми, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін қолданбалы білім мен білікті береді. Кез келген оқу пәні пәнаралық байланыстардың қандай да бір түрлерінің көзі болып табылады. Пәнаралық байланыстардың негізгі білім беру функцияларының бірі - материя қозғалысының әртүрлі формаларының өзара байланысын көрсететін нақты әлем туралы оқушылардың жалпы білім жүйесін қалыптастыру. Тұтас ғылыми дүниетанымды қалыптастыру пәнаралық байланыстарды міндетті түрде есепке алуды талап етеді. Кешенді тәсіл химия курсының пәнаралық байланыстарының тәрбиелік функцияларын күшейтеді, табиғи құбылыстар мен процестердің мәнін тереңірек ашуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда химияның жаратылыстану және гуманитарлық пәндермен байланысы нығаюда. Білімді ауыстыру, оларды қолдану және жан-жақты ұғыну дағдылары жақсаруда.
Пәнаралық принцип практикада аралас пәндермен өзара байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Әдебиетте келесі анықтама беріледі: пәнаралық принцип - бұл оқыту мақсаттарына тиімді қол жеткізу және міндеттерін шешу үшін білім беру процесінде пәнаралық байланыстарды мақсатты және жүйелі түрде қолдануға бағытталған оқыту принципі. Пәнаралық байланыстар білім беру үдерісінде бірқатар функцияларды орындайды: әдіснамалық, білім беру, дамытушы, тірбиелеуші, конструктивтік. Биология курсында пәнішілік және пәнаралық байланыс тікелей үйеседі. Цитология бөліміндегі Жасушаның құрылысы тақырыбында бейорганикалық және органикалық заттар, макро және микроэлементтер, олардың жасушадағы функциялары туралы білімді талап етеді. Сонымен қатар тірі организмдер мен экологиялық жүйелерге заттардың физиологиялық әсерін зерттейді. Осылайша, пәнаралық байланыстар білім беру мазмұнының басты элементтерін бөліп көрсетуге, жүйе құраушы идеялардың, ұғымдардың, оқу қызметінің жалпы ғылыми тәсілдерінің дамуын қарастыруға, білім жүйесі туралы тұтас түсініктерді қалыптастыруға, кәсіптік қызметте әртүрлі пәндерден білімді кешенді қолдану мүмкіндігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қорытынды жасай отырып, пәнаралық байланыстың оқытудағы маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын, қазіргі заманғы талаптар жағдайында білім алушылардың қабілетін одан ары дамытатынын атап өткен жөн. Пәнаралық байланыс негізінде алынған білім мен дағдылар теориялық тұрғыдан да, практикалық өмірлік жағдайларда да оқу нәтижелеріне қол жеткізуде тиімді.

Жаңартылған білім берудегі пәнаралық байланыстың негізі
Пәнаралық байланыстың жіктелуі
Пәнаралық байланыстар жүйеліліктің жалпы әдіснамалық қағидатының нақты формаларының бірі болып табылады. Оқушылардың әр түрлі оқу пәндері бойынша білім мен біліктіліктің жекелеген элементтері арасындағы байланысты орнату және меңгеру білім жүйелілігін, ойлау серпінін, танымдық іс-әрекеттің шығармашылық тәсілдерін және оқушының құндылықты бағдарын қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептегі оқу пәндері - физика, химия және биология өзара байланысты, олардың өзара байланысы танымның жалпы объектілерімен (дене, процестер, тірі және жансыз табиғаттағы заңдылықтар) және ғылыми танымның жалпы әдістерімен (теориялық, эксперименттік, математикалық) байланысты. Я.А.Коменский оқушылардың білім жүйесін қалыптастыру және оқу процесінің тұтастығын қамтамасыз ету үшін оқу пәндері арасында байланыс орнату қалай маңызды екенін түсінді. Д.Локк жалпылама таным идеясын шындықты табу әдісі ретінде білім мазмұнын анықтаумен тығыз байланыстырды, онда оның пайымдауы бойынша бір пән басқа элементтермен және фактілермен толықтырылуы тиіс, ал жалпы білім қолданбалы біліммен біріктірілуі тиіс. Дамыта оқыту идеяларын насихаттай отырып, И.Г.Песталоцци үлкен дидактикалық материалда оқу пәндерінің әр түрлі өзара байланысын ашты. Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында пәнаралық байланыстар оқушының оқу-еңбек қызметінде дүниетанымдық негізде оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз ететін әдіснамалық қағида ретінде қаралып, дамыды. Оқытуда пәнаралық байланыстарды қолдану бүгінгі күні ғылым мен қоғам өмірінде болып жатқан интеграцияық процестердің нақты көрінісі болып табылады. Бұл байланыстар оқушылардың практикалық және ғылыми-теориялық дайындығын арттыруда маңызды рөл атқарады.
Соңғы жылдары химияда жанды және жансыз зат арасындағы өзара байланыс мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Молекулалық биология, генетика, өсімдіктер мен жануарлар физиологиясы, экология, биохимия, биофизика, ғарыштық биология сияқты пәндерді жанды және жансыз қырларда заманауи зерттеулердің табысты дамуы мектепте өмір үрдістерінің заңдылықтарын жан-жақты зерттеу қажеттілігін дәлелдейді. Химия курсының мазмұны химия дидактикасындағы химия ғылымының заманауи деңгейіне жақындауына байланысты биология, химия, физика, астрономия жіне физикалық географияны оқыту арасында жүйелі байланыс орнатуға назар аударылуда. Мұндай пәнаралық байланыстар химияны оқытудың барлық кезеңдерінде орынды. Химияның бірыңғай курсының мазмұнын құру туралы қамқорлық және оның ішкі байланыстарын күшейту оның басқа оқу пәндерімен өзара байланысының маңызын төмендетпейді. Оқытудағы пәнаралық байланыстар дидактикалық принцип ретінде және әр түрлі оқу пәндерін оқытудың мақсаты мен міндеттерін, мазмұнын, әдістерін, құралдары мен формаларын қамти отырып шарт ретінде қарастырылады. Пәнаралық байланыстар білім беру мазмұнының басты элементтерін ажыратуға, жүйе құраушы идеяларды, ұғымдарды, оқу қызметінің жалпы ғылыми тәсілдерін дамытуды, оқушылардың еңбек қызметінде түрлі пәндерден білімді кешенді қолдану мүмкіндігін қарастыруға мүмкіндік береді. Пәнаралық байланыстардың негізгі білім беру функцияларының бірі - материя қозғалысының әртүрлі формаларының өзара байланысын көрсететін нақты әлем туралы оқушылардың жалпы білім жүйесін қалыптастыру. Тұтас ғылыми дүниетанымды қалыптастыру пәнаралық байланыстарды міндетті түрде есепке алуды талап етеді. Тәрбие берудегі кешенді тәсіл химия курсының пәнаралық байланыстарының тәрбиелік функцияларын күшейтіп, табиғат-қоғам-адам бірлігінің ашылуына ықпал етті. Бұл жағдайда химияның жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық цикл пәндерімен байланысы нығаюда: білімді ауыстыру, оларды қолдану және жан-жақты ұғыну дағдылары жақсаруда. Осылайша, пәнаралық - бұл оқушылардың білім жүйелілігін күшейте отырып, оқыту әдістерін белсендіре отырып, оқу-тәрбие процесінің бірлігін қамтамасыз ете отырып, оқытуды ұйымдастырудың кешенді нысандарын қолдануға бағдар беретін, бірқатар пәндердің оқу материалын іріктеуге және құрылымына әсер ететін қазіргі заманғы оқыту принципі.
Пәнаралық байланыс функциялары.
Пәнаралық байланыстар химияны оқытуда бірқатар функцияларды орындайды:
Пәнаралық байланыстардың әдістемелік функциясы - оқушылардың табиғатқа диалектика-материалистік көзқарастарын, оның тұтастығы мен дамуы туралы қазіргі заманғы түсініктерді қалыптастыру мүмкіндігіне негізделген.
Пәнаралық байланыстардың білім беру функциясы олардың көмегімен оқушылардың жүйелілік, тереңдік, саналы, икемділік сияқты білім сапасының қалыптасуынан тұрады. Пәнаралық байланыстар химиялық түсініктерді дамыту құралы ретінде әрекет етеді, олардың және жалпы жаратылыстану-ғылыми түсініктердің арасындағы байланыстарды меңгеруге ықпал етеді.
Пәнаралық байланыстардың дамытушылық функциясы оқушылардың жүйелі және шығармашылық ойлауын дамытуда олардың танымдық белсенділігін, дербестігін және табиғатты тануға қызығушылығын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Пәнаралық байланыстар оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді.
Пәнаралық байланыстардың тәрбиелік функциясы химияны оқытуда оқушыларды тәрбиелеудің барлық бағыттарына ықпал етуіне негізделген. Яғни басқа пәндермен байланысудың нәтижесінде тәрбиеге кешенді көзқарас жүзеге асырылады.
Пәнаралық байланыстардың конструктивтік фунциясы көмегімен оқу материалының мазмұнын, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын жетілдіреді.
Химияны оқыту мазмұнындағы пәнаралық байланыс түрлері.
Пәнаралық байланыстар функцияларының жиынтығы оқу процесінде олардың түрлерінің әр түрлілігі негізінде жүзеге асырылады. Байланыстар цикл ішіндегі және цикл аралық болып бөлінеді. Цикл ішіндегі дегеніміз химияның физикамен, биологиямен, географиямен байланысы. Ал, цикларалық химияның тарихпен, әдебиетпен, орыс тілімен, технологиямен, әлемдік көркем мәдениетпен, математикамен байланысы. Пәнаралық байланыс түрлері оқыту процесінің негізгі компоненттеріне, яғни, мазмұны, әдістері, ұйымдастыру нысандарына қарай топтарға бөлінеді: мазмұндық-ақпараттық және ұйымдастыру-әдістемелік.
Мазмұнды-ақпараттық пәнаралық байланыстар химиялық курстардың бағдарламаларында көрсетілген ғылыми білімнің құрамы бойынша бөлінеді:
Нақтылық;
Ұғымдық;
Теориялық;
Философиялық.
Фактілер деңгейіндегі пәнаралық байланыстар (нақты) - бұл фактілердің ұқсастығын анықтау, физика, химия, биология курстарында оқылатын жалпы фактілерді пайдалану және оларды табиғаттың жекелеген құбылыстары, процестері мен объектілері туралы білімді жинақтау мақсатында жан-жақты қарау. Биология мен химияны оқытуда мұғалімдер адам денесінің химиялық құрамы туралы деректерді пайдалана алады.
Пәнаралық ұғымдық байланыстар - пәндік түсініктердің белгілерін кеңейту, тереңдету және туыстық, яғни, жақын пәндерге ортақ ұғымдарды қалыптастыру. Мысалы, электролиттік диссоциация ұғымы жалпыланған түрде химия курсында енгізіледі (Электролиттік диссоциация теориясы тақырыбы). Бірақ оқушылардың оның мәнін түсінуі үшін физика курсында меңгерілген ұғымдарға сүйену қажет: зарядтың екі түрі, заряды бар денелердің өзара әрекеттесуі (Атом құрылысы тақырыбы), электролит, электролиттерде электр тогының өтуі (Ток күші. Кернеу тақырыбы). Сонымен қатар физика және химия курсында оқылатын ион жалпы түсінігі. Бұл ұғымдардың жиынтығы оқушыларға электролиттік диссоциация механизмін меңгеруге көмектеседі. Жаратылыстану-ғылыми цикл курстарындағы жалпы пән ұғымдарына зат құрылысы теориясының ұғымдары жатады: дене, зат, құрам, молекула, құрылыс, қасиет, сонымен қатар жалпы ұғымдар: құбылыс, процесс, энергия және т.б.. Бұл ретте олар тереңдейді, нақтыланады және жалпыланған жалпылама сипатқа ие болады.
Пәнаралық теориялық байланыстар - оқушылардың біртұтас теорияны меңгеру мақсатында ұқсас пәндер бойынша сабақтарда алған білімдерінен жалпы ғылыми теориялардың жаңа компоненттерінің өсуін білдіреді. Типтік мысал ретінде физика мен химияның іргелі байланысы болып табылатын зат құрылысы теориясы. Ал оның салдары бейорганикалық және органикалық заттардың биологиялық функцияларын, олардың тірі ағзалардың өміріндегі рөлін түсіндіру үшін қолданылады. Жаратылыстану ғылымының негізгі іргелі байланнысы заттың құрылыс теориясы болып табылады. Ол зат және оның құрылысы туралы білім жүйесін қамтиды: зат дегеніміз не, оның қасиеттері; молекула және оның сипаттамалары; атом, оның құрылысы, ион, электрон, ядро, оның құрамы, элементар бөлшектері. Бұл ұғымдардың дамуы химия және физика курстарының пәнаралық сабақтастық байланыстары процесінде олардың белгілерін байыту және биология және астрономия курстарындағы ұғымдарды нақтылау арқылы жүзеге асырылады.
Пәнаралық философиялық байланыстар - әлем туралы нақты-ғылыми және философиялық түсініктерді жинақтауға көмектеседі. Бір мезгілде философиялық жалпылама біліммен оқушының диалектикалық ойлау қабілетін дамыту қажет. Д. И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесін қарастыру кезінде мұғалім оқушыларды диалектика заңдарымен таныстырады. Сандық қатынастардың сапалыққа өту заңы периодтық заңда айқын көрінеді: элементтер атомдары массасының өзгеруі, олардың атом ядроларының заряды химиялық элементтердің қасиеттерінің өзгеруіне әкеледі. Қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күрес заңы химиялық элементтердің дамуын түсіндіреді, ол атом құрылысының қарама-қайшылығына байланысты жасалады: оң зарядталған ядро және теріс зарядталған қабық. Ядро электрондарды қандай күшпен ұстап тұрғанына байланысты қарапайым заттардың қасиеттері дамиды: металдардың әлсіреуі және период бойынша бейметалдардың қасиеттерінің күшеюі және элементтер атомдары ядросының зарядының өсуімен күшеюі, металл қасиеттерінің әлсіреуі және топ бойынша бейметалл қасиеттердің әлсіреуі. [1]

Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мектепте оқытудағы пәнаралық байланыстар бүгінгі күні ғылым мен қоғам өмірінде болып жатқан интеграциялық процестердің нақты көрінісі болып табылады. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру жолдары туралы сұрақ - бұл оқыту әдістерін жетілдірудің жалпы проблемасының бір аспектісінің бірі. Оқыту әдістерін іріктеуді оқу материалының мазмұны және пәнаралық байланыс деңгейінде химияны оқуға оқушылардың дайындығы негізінде өткізіледі. Оқушыларды оқытудың бірінші кезеңдерінде пәнаралық байланыстарды орнату тәсілдеріне түсініктеме-иллюстративті әдіс басым болады. Оқушылардың пәнаралық мазмұн материалмен жұмыс істеу дағдысы қалыптасқанда репродуктивті және ішінара-іздеу әдістерін және шығармашылық пәнаралық тапсырмаларды қолдануға болады.
Пәнаралық байланыстарды іске асыру құралдары әртүрлі болуы мүмкін:
Пәнаралық мазмұндағы сұрақтар - басқа оқу курстары мен білім тақырыптарында бұрын оқытылғандарды қайта шығаруға және оларды жаңа материалды меңгеру кезінде қолдануға бағытталған іс-әрекет;
Әр түрлі пәндерден білімді қосуды талап ететін пәнаралық міндеттер немесе бір пән материалына құрастырылған, бірақ басқа бір пәнді оқытуда белгілі бір танымдық мақсатпен қолданылатын тапсырмалар. Олар бағдарламалық материалды терең және саналы меңгеруге, құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау біліктерін жетілдіруге ықпал етеді;
Пәнаралық сипаттағы үй тапсырмасы - ойға сұрақтар қою, хабарламалар, рефераттар дайындау, көрнекі құралдар дайындау. Пәнаралық сипаттағы білімді қажет ететін кестелерді, схемаларды, кроссвордтарды құрастыру;
Пәнаралық көрнекі құралдар - жалпылама кестелер, схемалар, диаграммалар, плакаттар. Олар оқушыларға пәнаралық мазмұн мәселелерін ашатын түрлі пәндерден білім жиынтығын көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді;
Химиялық эксперимент - егер оның мәні биологиялық объектілер және оларда болып жатқан химиялық ұбылыстар болса.
Пәнаралық байланыстарды пайдалану оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формаларының пайда болуына себеп болды: пәнаралық байланыстары бар сабақ, кешенді семинар, кешенді экскурсия, пәнаралық экскурсия және т.б.. Пәнаралық мазмұны бар сабақтар келесі түрлер болуы мүмкін: дәріс сабақ, семинар сабақ, конференция сабақ, рөлдік ойын сабақ, кеңес сабақ және т.б,.[]
Сабақтың әр түрлі кезеңдерінде пәнаралық байланысты жүйелі түрде қолдану (тірек білімді өзектендіру, жаңа білім мен іскерлікті қалыптастыру, ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін дамыту) оқушыларға оқу пәндерінің өзара байланысын түсінуге көмектеседі және сол арқылы ғылыми дүниетанымды дамытады. Жаратылыстану пәндер бойынша қазіргі қолданыстағы бағдарламаларды талдау пәнаралық байланыстарға тиісті көңіл бөлінбейтіні туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Өкінішке орай, ғылыми жаратылыстану циклының бағдарламалары оқу уақытында келісілмеген және мұғалім көптеген ұғымдарды физикаға, химияға немес биологияға тіреусіз қалыптастыруға мәжбүр. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың маңызды шарты - жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің арнайы дайындығы. Ол түрлі формалар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: проблемалық курстар, арнайы курстар, арнайы семинарлар, тағылымдамалар және т.б.. Оқытудағы пәнаралық байланысты жүзеге асыру бойынша жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің іс-әрекетінің мазмұны келесідей болуы тиіс.
Мұғалім білуі және істей алуы қажет:
Когнетивті компонент
Аралас пәндер курсының мазмұны мен құрылымы;
Аралас заттарды зерттеу кезінде келісуді жүзеге асыру;
Пәнаралық байланыс проблемаларының теориялық негіздері (пәнаралық байланыс классификациясының түрлері, оларды жүзеге асыру тәсілдері, функциялары, негізгі компоненттері және т.б.);
Жалпы ұғымдарды қалыптастыруда, заңдар мен теорияларды зерделеуде сабақтастықты қамтамасыз ету;
Жаратылыстану-ғылыми пәндердің пәнаралық байланыстарының мақсаттарына сүйене отырып, нақты оқу-тәрбие міндеттерін қалыптастыру;
Құрылымдық компонент
Пәнаралық байланыстарды іске асыруға ықпал ететін мақсаттар мен міндеттер жүйесін қалыптастыру;
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға бағытталған оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау;
Пәнаралық байланыстардың тәрбиелік және дамытушылық мүмкіндіктерін анықтау;
Пәнаралық және интегративті сабақтардың, кешенді семинарлар мен т.б. мазмұнын құрастыру;
Сабақтың әдістемелік жабдықталуын құрастыру, пәнаралық байланыс негізінде оқытудың ең тиімді формалары мен әдістерін таңдау;
Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әр түрлі формаларын жоспарлау;
Оқу сабақтарының дидактикалық жабдықталуын құрастыру.
Ұйымдастыру компоненті
Мақсаты мен міндеттеріне, олардың жеке ерекшеліктеріне байланысты оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру;
Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың табиғи цикл пәндеріне танымдық қызығушылығын қалыптастыру;
Пәнаралық үйірмелер мен факультативтердің жұмысын ұйымдастыру және басқару;
Оқушылардың қызметін басқару әдістерін меңгеру.
Коммуникативтік компонент
Пәнаралық білім мен іскерлікті қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері мен оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін білу;
Оқушылар ұжымындағы психологиялық жағдайларды бағдарлау, сыныпта тұлғааралық қарым-қатынас орнату;
Пәнаралық байланыстарды бірлесіп іске асыру бойынша іс-әрекетте аралас пәндер мұғалімдерімен тұлғааралық қарым-қатынас орнату.
Бағдар компоненті
Табиғи цикл пәндерін оқу кезінде пәнаралық байланыс орнату бойынша қызметтің теориялық негіздері;
Пәнаралық байланыстарды тасбысты жүзеге асыруға ықпал ететін оқыту әдістері мен формаларын жүйлеу.
Жұмылдыру компоненті
Химия, физика, биологияның пәнаралық байланысын жүзеге асыру үшін педагогикалық техгологияларды бейімдеу;
Химия, физика, биологияны оқыту процесінде пәнаралық білім мен іскерлікті қалыптастырудың авторлық немесе барабар әдістемесін таңдау;
Пәнаралық мазмұндағы міндеттерді шешудің авторлық немесе дәстүрлі әдістерін бейімдеу;
Химия, физика және биологияны оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру технологиясын меңгеру бойынша өз білімін ұйымдастыру.
Зерттеу компоненті
Өз әріптестерінің тәжірибесін жалпылау және енгізу;
Педагогикалық эксперимент жүргізу, өз нәтижелеріне талдау жасау.[]

Пәнаралық сабаққа қойылатын талаптар
Басқа пәндерден тапсырмаларды шеше білу үшін пәнаралық сабақтың нақты тұжырымдалған оқу-танымдық тапсырмасы болу керек, яғни басқа пәндерден де жеткілікті білім болу керек. Пәнаралық сабақта басқа пәндерден білімді қолдану бойынша оқушылардың жоғары белсенділігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Пәнаралық байланыстардың мақсаты оқушыларды жаңа сұрақтар мен тапсырмаларды шешу кезінде әр түрлі пәндерден біліімді өз бетінше қолдана білуге үйрету. Ол үшін сабақтың басында немесе жаңа материалды түсіндіру барысында оқушылармен басқа пәндерден білімдерін анықтайтын әңгімелесулер өткізу, проблемалық жағдаяттар жасау, аралас пәндерден білімді талап ететін проблемалық сұрақтар қою, аралас пәндерден білімдерін қайталауға алдын ала үй тапсырмасын беру, жеке және топтық тапсырмаларды (қызығушылықтары бойынша, таңдауы бойынша, міндетті түрде) сыныпта ұжымдық оқу жұмыстарымен ұштастыруды қамтамасыз ету, сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу, оқушылардың түрлі пәндерден білімдерін жалпылау қажет.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру себеп-салдарлық байланыстарды, зерделенетін құбылыстардың мәнін түсіндіруге бағытталуы тиіс. Пәнаралық сабақ дүниетанымдық, жалпылама сипаттағы, әр түрлі пәндерден білім байланысына сүйенетін тұжырымдарды қамтуы тиіс.
Пәнаралық сабақ оқушылардың оң көзқарасын, түрлі курстар арасындағы білімді тануға деген қызығушылықтарын тудыруы тиіс:
Пәнаралық танымдық тапсырмалардың өмірмен, оқушылардың практикалық қызметімен байланысын орнату;
Пәнаралық негізде тәжірибелік, зертханалық, өзіндік жұмыстарды орындау;
Басқа пәндерден көрнекі құралдарды, ғылыми аралық сипаттағы қазіргі ғылымның жетістіктерін ашатын қосымша әдебиеттерді пайдалану.
Пәнаралық сабақ әрқашанда аралық пәндердің оқу материалының белгілі бір бөлімдерін жалпылауға бағытталуы тиіс. Сондықтан пәнаралық байланыстардың жалпылама функцияларын қамтамасыз ететін оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формаларын қолданған жөн. Мәселен, кешенді үй тапсырмаларын, жалпылама сабақтар, дәріс сабақтар, конференциялық сабақтар, саяхат сабақтары, семинарлар және басқа да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда пәнаралық байланыстардың маңыздылығын түсіну
Пәнаралық байланыстардың функциялары
Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстардың қызметтері
Биологияны оқытудағы пәнаралық байланыстар
Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды арттыру
Мұражайтану ғылыми пән ретінде
Пәндердің интеграция деңгейлері
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Пәнаралық байланыстардың дидактикалық міндеттері
Химияны проблемалық тұрғыдан оқытуда пән аралық интеграцияны қолдану мүмкіндігі
Пәндер