Түркі тілдерінің зерттелу тарихы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті
Филология және педагогика факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Түркі тілдерін жіктеу тарихы мен болмысы.
Мамандық цифры
Оқу бөлімі
5В020500
Күндізгі
Орындаған: Мукашев М.Е
Тексерген: аға оқытушы Мусин.Л.К
Бағасы:
Көкшетау, 2019
ЖОСПАРI.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2.1.Түркі тілдерінің зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52.2Түркі тілдерінің жіктелулері жайында жалпы мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... 102.3Түркі тілдерінің жіктелуіне XXI ғасырдағы жасалған зерттеулер ... ... ... ... .24
III.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
IV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 2
2
КІРІСПЕ Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тілдерге туысқандық жақтан жіктеу жасау тіл білімі үшін берері мол. Тілдердің туыстық белгісін анықтап, олардың қаншалықты алыс-жақын екендігін көрсетіп беретін салыстырмалы-тарихи зерттеулер өте көп. Әрине, лексикалық құрамы мен дыбыстау жүйесі жағынан жақын тілдерді анықтау оңша қиындық туғыза қоймайды. Мысалы, қазақ тілі мен қарақалпақ тілінің туыстас тіл екендігін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Бірақ туыстас тілдердің барлығы да қазақ, қарақалпақ тілдері сияқты лексикалық, фонетикалық, грамматикалық жағынан толық сәйкес келе бер-мейді. Мысалы, түркі тілдері тобына енетін қазақ тілі мен чуваш тілдерінің материалдарын салыстырып қарайтын болсақ, бұлардың аралығында үлкен алшақтық бар, түркі тілдес болса да, чуваш пен қазақ өз тілдерінде сөйлесе кетсе, бір-бірін түсіне алмайды. Төмендегі сөздерді салыстырып көрейік:қазақша бар тірі арт кір қазан сүт балық балтачувашша пур чере қыс кер хұран сет пула пуртаТуыстас тілдердің материалдарын өзара салыстырып қарайтын болсақ, кей тілдер өте жақын туыстық қатынаста болып, ұқсастық белгілері айқын көрініп жатса, екінші бір тілдер арасында ондай ұқсастық аз болады, тіпті кейбіреулерінің [мыс, чуваш пен қазақ тілдерінің] туыстық қатынасын анықтау арнайы ғылыми талдауды қажет етеді. Бұл олардың тарихи даму жолына да, жеке тіл ретінде қалыптасу кезеңіне де, көрші тілдердің әсеріне де байланысты болады. Қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдерініқ ұқсас белгілері өте кеп, олардың туыстығын дәлелдеп жату қажет те емес. Себебі олар ру, тайпа тілдері ретінде ұзақ уақыт бойына бірге дамып, тек XIV ғасырдан кейін ғана жеке тіл ретінде қалыптаса бастады. Бұл халықтардыц құрамына енген ру-тайпалар өзара тығыз араласып, бір территорияда [Ноғай ордасы мен Өзбек ордасының қүрамында] өмір сүрген .Сондықтан бұл халықтардың тілінде ортақ белгілердің көп болуы заңды да. Ал чуваштар болса, Орта Азия мен Қазақстанда тұратын тайпалармен қатынасын ертерек үзген. Олар көбіне угро-фин тілдес тайпалардың орта-сында
3
қалып, солармен қатынаста болған. Сөйтіп, қазақ тілі де, чуваш тілі де өзіндік бағытта дамып, қалыптасқан. Тілдер арасындағы алыс-жақындық міне осындай даму процесінің ерекшеліктеріне байланысты болса керек.Дүние жүзіндегі тілдерді салыстырмалы-тарихи зерттеулер негізінде іштей бірнеше туыстас топтарға бөліл қарау -- көптен келе жатқан ғылыми дәстүр. Дегенмен, күні бүгінге дейін тілдерді туысқандық жақтан топтас-тырудың әлі де шешімін таба алмай жүрген мәселелері жоқ емес. Бұған себеп, біріншіден, дүние жүзі тілдерінің бәрі бірдей толық зерттелмегендігінде болса, екіншіден, тіл элементтерінің күрделілігі мен сан қырлылығына байланысты. Мәселен, үнді европа, түркі тілдері біршама толық зерттелінген тілдерге жатса, америка индеецтерінің тілдері жөнінде оны айта алмаймыз. Тіпті зерттелген, грамматикалық, дыбыстық жүйесі анықталынған түркі тілдерінің өздерін де ғылыми тұрғыдан жан-жақты толық анықтадық деп айтудың өзі қиын. Түркі тілдерін туысқандық, тарихи, морфологиялық т. б. ерекшеліктеріне байланысты топтастыру мәселесі белгілі дәрежеде дұрыс шешілсе де, оның әлі де зерттей түсетін, толықтыра, жетілдіре түсетін жақтары баршылық. Бұл салада салыстырмалы-тарихи зерттеулердін, ролі ерекше .Тілдерге туысқандық талдау жасауда қиындық туғызатын екінші бір мәселе -- бірде-бір таза тіл болмайды. Өйткені жеке, саяқ өмір сүретін тіл кездеспейді. Жер жүзіндегі барлық тілдер, соның ішінде түркі халықтарыньщ тілдері де, басқа көршілес тілдермен ұзақ уақыт бойына қарым-қатынас жасап келеді. Осының нәтижесінде бір тілден екінші тілге сөз, дыбыс не грамматикалық элементтер ауысып отырады. Сондай-ақ, о бастағы негізі бір туыс тілдер өзара жіктеліп жеке, дербес тіл құруы да, немесе бірнеше басқа тілдердің құрамына еніп, жаңа ерекшеліктерге ие болуы мүмкін.Сондықтанда оқушыға нақты деректерді жеткізе білу үшін тілдер арасында әр кезде болып жататын осындай байланыстарды зерттеп, олардың өткендегі тарихынан хабардар болған жөн.
Жұмыстың нысаны. Қазіргі тіл біліміндеріне жалпы түркітану
4
ғылымындарына ортақ мәселе түркі тілдерінің жіктелу тарихы мен зерттелуі.Қазақ тілі мен түркі тілдес ұлттардың ұқсастықтары мен өзіндік ерекшеліктері.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Жұмыстың негізгі мақсаты:
түркі тілдерінің зерттелу және жіктелу кезеңдерін саралау.
түркі тілдерінің морфологиялықфонетикалық негіздерінің байланысын анықтау.
Осы мақсаттарды орындау үшін төмендегі міндеттерге назар аударылды.
түркі тілдері туралы жазылған еңбектер мен зерттеу жұмыстарымен танысу.
түркітанушы ғалымдардың классификациясын қарастыру.
тілдерді топтастыру мәселелеріндегі проблемаларға назар аудару.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1Түркі тілдерінің зерттелу тарихы
Дүниежүзі бойынша əлемдік өркениетке өзіндік кескін-келбетімен келіп жеткен, оған өзіндік үлесін қосқан халықтар аса көп емес. Əлемдік өркениетке өзіне тəн табиғи бітім-болмысын сақтап келгендердің бірі - түркі тілдес халықтар.
Тамырын сан ғасырлық тарихтан алатын түркі халықтарының əлем келбеті мен бейнесін танып-түсінуі жəне оларды əр текті түрлі жанрда сомдауы олардың бізге мирас етіп қалдырған мəдени-əдеби мол мұрасынан айқын байқалады. Жəне осы дүниелер дүниежүзі халықтарының өзін-өзі танып-білуінде рухани азық, сарқылмас қазына болып келеді. Ол мұралардың көпшілігі түркі тілдес ру-тайпалардың əлі іргесі сөгілмеген, шаңырағы шайқалмаған біртұтас халық болған кезінде, сонау өткен ғасырлардың терең қойнауында қалыптасқан
болатын.
5
Түркі тілдес халықтардың шығу тегінің, тарихы мен рухани мұраларының ортақтығы - оларға мына жаһандану заманында бір-бірлеріне жақындасып, рухани жаңаруларын, бірлесе отырып өз тарихының өткеніне терең үңіліп, өзін-өзі танып-білуін ғана қажет еткізіп отырған жоқ, оларға əлемдік өркениеттен өзінің орнын анықтауда да, біртұтас түркілік мəдениетті қалыптастырып, орнықтыруда да үлкен мүмкіншілік беріп отыр. Себебі қазіргі əлемдік бəсекелестік адамзат өркениетінің көшбасшысы немесе алдыңғы қатарлы елдерінің бірі болмасаң, із-түзсіз жоғалып, жойылып кететіндігіңді өзінің ғылыми-техникалық прогрессивті дамуымен үнемі ескертуде.
Əлбетте, əлемді танып-түсіну жəне ол туралы ұғым бүкіл халықтарға ортақ болып келетіні жəне ұлттық немесе жалпы адамзаттық құндылықтарға айналған сол рухани мұралар гуманистік қағидалардың сабақтастығы негізінде жасалатыны, сөйтіп, оның озық үлгілері əлемдік өркениеттен берік орын алатыны ақиқат. Ондай мұралардың көпшілігі əлемдік өркениеттің жетістіктерінің қатарына жатқанымен, ұлттың өзіндік сипаты болып, жалпы ұлттық, сосын жалпы түркілік өркениет пен түркілік ерекшелікті де нақтылады, бір негізден шыққан бірнеше түркілік ұлттың қалыптасып даму тарихына, олардың болашақ даму жолына жəне олардың өзіндік өркениетінің өрлеуіне де негіз болды. Сонымен қатар түркі тілдес елдерге əлемдік өркениеттен елеулі орын иеленуде де маңызды рөл атқарды.
Түркі əлемі қазіргі жаһандану үдерісінің даму парадигмасы мен қазіргі əлем типологиясының қалыптасуына орасан зор рухани, ой-саналық яғни идеологиялық əсерін тигізді. Осы тұрғыдан алғанда түркілік дүниетанымның барлық кескін-келбеті, яғни мəдениеті мен əдебиеті, тілі мен діні, тарихы мен этнографиясы, педагогикасы мен психологиясы əлемдік өркениеттің ұшан-теңіз рухани қазынасы деп тануымызға əбден негіз бола алады.
Жалпы, түркі əлемін құрайтын ұлттар 40-тай делініп жүр. Түркі тілдерінде сөйлейтіндердің жалпы саны - 250 миллиондай, тіпті кейбір деректерде 250 миллионнан астам деп көрсетілуде. Əлемдегі түркі тілдес ұлттардың жетеуі
6
ғана, атап айтсақ, Қазақстан Республикасы, Əзірбайжан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Өзбекстан өз алдына дербес ел мемлекет болып отыр. Осы елдер тілдерінің ғана мемлекеттік тіл мəртебесі бар. Ал кейбір түркі тілдес ұлттардың тілінде сөйлейтін адамдардың санаулы мөлшерде қалуына байланысты олар жойылып кету қаупі алдында тұр.
Түркілік қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани кемелденуіне, мəдени дамуына басты ықпал жасаған тірегі де, түп қазығы да - тіл. Сол себептен жеке мемлекеттік мəртебесі бар түркі тілдес халықтар əдеби тілінің қалыптасып даму тарихын жəне олардағы мемлекеттік тілдің түрлі тарихи кезеңдердегі орнын, бүгінгі қоғамдық-əлеуметтік түрлі қызметін зерттеу бірінші кезекте қолға алынып, олардың бүгіні мен келешегін бағамдаудың маңызды рөл атқаратынына назар аударылды.
Түркі əлеміндегі мемлекеттік мəртебесі бар тілдерінің қалыптасып даму тарихы мен түрлі кезеңдердегі қоғамдық қызметін зерттеп-зерделеудің нəтижесінде ғылыми-теориялық тұжырымдар жасалды. Сондай-ақ өзге мемлекеттер құрамындағы түркі ұлттарының тілдері де осы бағытта зерттеліп-зерделенді. Мəселен, Ресей Федерациясы құрамындағы татар, башқұрт, ноғай, қарашай-балқар, саха, қарайым, құмық, чуваш, тыва, топа, алтай, долған, шор тілдерінің, Қытай құрамындағы ұйғыр, салар, сары ұйғыр тілдерінің жəне Өзбекстан құрамындағы қарақалпақ тілінің, Молдавия құрамындағы гагауыз тілінің қалыптасып даму тарихы туралы зерттеулер дайындалып, олардың əрбір тарихи кезеңдердегі қоғамдық-əлеуметтік түрлі қызметіне талдаулар жасалды.
Кез келген тіл ұлттық құндылыққа жатады. Əрбір ұлттық мемлекет, ол бірұлтты немесе көптеген ұлт өкілдерінен тұратын мемлекет болсын, əйтеуір бір тілді мемлекеттік тіл ретінде пайдаланып, өзінің əлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асыратыны белгілі. Көбінесе ондай тілдің қызметін мемлекет құрушы жергілікті ұлттың тілі атқарады. Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан, Молдавия елдері көптеген ұлт өкілдерінен тұратын мемлекет болса да, тіпті олардың құрамындағы кей ұлттардың автономиялық
7
дербестігі бар болса да, негізінен, бір тілді ғана мемлекеттік тіл ретінде ұстанып отыр. Мəселен, РФ-дағы, ҚХР-дағы, Өзбекстандағы, Молдавиядағы жоғарыда аталған тілдердің бірқатарының автономиялық республика деңгейінде мемлекеттік тіл деген мəртебесі болғанымен, көп жағдайда орыс, қытай, өзбек, молдова тілдеріне басымдық берілген. Өйткені осы тілдер аталған мемлекеттерде мемлекеттік тіл қызметін атқара отырып, мемлекеттік маңызды іс-шаралардың ұлттық мүдде тұрғысынан жүргізілуін қамтамасыз етіп, ел ұйытқысы болуда. Бұны мына бір мəлімет те нақтылай түсетіні сөзсіз: Жалпы, Ресей мемлекетінде тіл жағдайы аса мəз емес. Ғылыми негізде əлем тілдері пайдаланылу дəрежесіне қарай топқа топтастырылатынын ескерсек, Ресейдің қолданыстағы тілдерінің қауіпсіздер тобына орыс, татар, украин, жоғалуы мүмкін деген болжам қатарына - 20, өте қауіптілерге - 29, нашар жағдайдағыларға - 22, ал жоғалғандар санатына 20 тіл жатады.
РФ, ҚХР, Өзбекстан, Молдавия мемлекеті өзінің қоғамдық-əлеуметтік, яғни мемлекеттік сан салалы қызметі жан-жақты бола түсуі үшін мемлекеттік тілді өз қамқорлығына алып, оның дамып өркендеуіне барынша қолайлы жағдай жасап отырғанымен, өзінің тілдік саясатын ұлттық саясатымен етене астастыра жүргізіп, ұсақ ұлттар тілдеріне түрліше сипатта өз ықпалын тигізуде. Сол себептен осы мемлекеттердегі тіл саясаты ұлт мəселесімен тығыз байланысты екені пайымдалып, олардың құрамындағы түркілік ұлтардың əдеби тілдерінің бүгінгі ресми мəртебесі мен жай-күйіне баса назар аударылды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне орай, РФ, ҚХР, Өзбекстан, Молдавия секілді мемлекеттердің құрамындағы түркілік ұлттардың əдеби тілдеріне зерттеу жүргізіліп, олардың қалыптасып даму тарихына, тарихи кезеңдердегі қоғамдық-əлеуметтік қызметіне, қазіргі жай-күйіне талдау-сараптау жүргізілді. Аталған мемлекеттердің қазіргі тілдік саясатының өз құрамындағы түркілік ұлттар тілдерінің дамуына тигізіп жатқан əсер-ықпалы зерттеу нысанына алынып, болашағы болжанды.
Зерттеулер нəтижесінде мынадай мəселелер анықталып, тұжырымдар жасалды:
8
өзге мемлекеттер құрамындағы түркілік ұлттардың əдеби тілдерінің қазіргі
жай-күйі өзі өмір сүріп отырған мемлекеттердің тілдік саясатына тəуелді. Өйткені əрбір ұлттық мемлекет өз мүддесін көздеп, өзінің ұлттық саясатын басшылыққа алады. Ұлттық саясатта мемлекеттік тілдің маңызын арттыра түсу қашанда басты орында тұрады.
Алайда кейбір түркілік тілдердің дамуы сол тілді тұтынып отырған ұлтының əлеуметтік тұрмыс-тіршілігінің өзіндік ерекшелігіне де байланысты. Оның одан əрі өркендеп-дамуына ұлттың саны мен сапасы ерекше əсер етеді. Сол себептен өзге мемлекеттер құрамындағы қайсыбір түркілік ұлттардың саны мен сапасы жəне олардың қазіргі өсу қарқыны маңызды рөл атқарады. Олардың бір жерде шоғырланып ұйысып отыруы тіл тұтастығын қалыптастырып, ұлттық тілде білім беруге, ғылыми - зерттеулер жазуға, бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға, ұлттық тілде түрлі əдебиеттер шығаруға ықпал етеді. Бұндай жағдаят болмаған жағдайда ұлт санының жеткілікті мөлшерде болуына қарамастан, тілдің дамып-өркендеуі тым баяу жүреді. Оған қазіргі ноғай ұлттық тілі сияқты т.б. тілдердің бүгінгі жай-күйі мен тағдыры дəлел.
Зерттеу барысында осындай мəселелерге назар аударылып, түркілік тілдерінің қолдану аясы мен қоғамдық қызметіне талдаулар жүргізілді,болашағы пайымдалды. Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы құрамындағы қайсыбір тілдердің келешегі күңгірт екені анықталып, олардың дамып-жетілуі үшін тіршілік етіп отырған елінің мемлкеттік тілдік саясаттың қолайлы болуы немесе жалпы түркі жұртының қамқорлығы қажет екеніне көз жеткізілді.
Дамуы мен жарқын болашағы бар түркілік тілдер де бар. Мəселен, Өзбекстан құрамындағы автономиялық дербестігі бар қарақалпақ əдеби тілінің дамуы біршама жақсырақ. Себебі бұл тілді ұлттық тіл ретінде ұстанатындар біршама мол əрі олар бір жерге шоғырланып, білімі мен ғылымын, дəстүрі мен мəдениетін өз тілдерінде дамытып отыр. Алайда қарақалпақ ұлттық тілінің автономиялық республика деңгейінде мемлекеттік тіл деген мəртебесі
9
болғанымен, көп жағдайда өзбек, орыс тілдеріне басымдық берілген.
Қарақалпақстанның қазіргі жас ұрпақтарының біршама бөлігі өзбек, орыс тілдерінің ықпалына ұшырай бастаған. Өйткені осы тілдер ҚР-дағы сияқты Өзбекстанда да мемлекеттік тіл жəне халықаралық қатынас тілі қызметін атқарады. Бұндай тілдер қатарына татар, башқұрт, ұйғыр тілдерін де жатқызуға болады.
Зерттеу нысанына алынған түркілік тілдердің қалыптасып даму тарихы мен түрлі кезеңдердегі қоғамдық-əлеуметтік қызметі диахронды жəне синхронды түрде əлеуметтік жəне лингвомəдени аспектіде қарастырылды.Нəтижесінде ғылыми-теориялық қорытындылар жасалды.
2.2Түркі тілдерінің жіктелулері жайында жалпы мәлімет.
Тілдердің генеологиялық жіктелуі - тілдердің туыстығына, шығу тегіне, тарихи даму жайларының ортақтылығына қарай топтастыру. Дыбыстық, лексикалық, грамматикалық жүйелерінде жақындық, ұқсастық бар тілдерді туыс тілдер деп атайды. Тілдерді туыстық тұрғыдан топтастыру ХІХ ғасырдың басында туып, қалыптасқан. Генеалогиялық топтастыру бойынша тілдер алдымен ірі-ірі семьяларға, семьялар жеке топтарға, топтар жеке-жеке тілдерге бөлінеді. Ірі семья мен топ 60 шақты. Бастылары - үндіеуропа, кавказ, семит-хамит, банту, бантоид, орал, алтай, қытай-тибет және т.б. тілдері. Түркі тілдерін алғаш генеалогиялық тұрғыдан классификация жасаған ғалымдардан: И.Н. Березин, Н.И. Ильминский, В.В. Радлов, Н.А. Аристов, Н.Ф. Катанов, Ф.Е. Корш, А.Н. Самойлович т.б. есімдерін атауға болады. Кеңес түркологтарынан бұл салада С.Е. Малов, В.А. Богородицкий, И.А. Батманов, Н.А. Баскаков, А.Н. Кононов т.б. еңбектерін, шетел түркітанушыларынан М. Рясянен, И. Бенцинг, К.Г. Менгес, Т. Текин т.б. ғалымдардың аттарын атауға болады.Түркі тілдеріне ең алғаш классификация жасаған ғалым - Махмұд Қашқаридің Диуанынан басталады. М. Қашқари фонетикалық, морфологиялық, ара-тұра лексикалық та белгісіне сүйеніп түркі тілдерін оғыз, қыпшақ, түрки деп үш топқа бөледі. Ол түркі тілдерін: 10
1) Қашқар қаласынан Жоғарғы Шыңға дейінгі территорияны мекендеп жатқан
тайпалар тілі;2) Римға дейінгі жерлерді мекендеген тайпалар тілі деп қарастырады.Генеалогиялық топтастырудың бұдан кейінгі түрлері ХVІІІ ғасырдан бастап Еуропа, Ресей ғалымдары еңбектерінде кездеседі. Батыс Еуропа ғалымдары ішінде түркі тілдерін топтастырумен алғаш айналысқан француз ғалымы А. Ремюзе. Ол 1820 жылы Парижде жарияланған еңбегінде түркі тілдерін якут тобы (якут тілі), ұйғыр тобы (ұйғыр, шағатай, түрікмен тілдері), ноғай тобы (Қырым-Астрахань төңірегіндегі татарлар тілі), қырғыз тобы, түрік тобы деп V түрге бөлген.Түркологияда жіктеудің едәуір жетілген түрі деп В.В. Радлов пен Ф.Е. Корштың жіктеулерін атайды. Бұл екеуі - бірін-бірі толықтыратын өзара жақын топтастырулар. Географиялық орналасу ыңғайына қарай В.В. Радлов түркі тілдерін Шығыс, Батыс, Орта Азия, Оңтүстік деп IV бөледі:1. Шығыс топ деп аталатын түркі тілдерінің тобына Сібірдегі түркі тілдері енген.2. Батыс топқа автор Батыс Сібір татарларының, Волга татарларының тілін, сондай-ақ қырғыз, қазақ, башқұрт тілдерін енгізеді.3.Орта Азия тобына В.В. Радлов өзбек және ұйғыр тілдерін жатқызады.4.Оңтүстік топтың құрамына В.В. Радлов түрікмен, әзірбайжан, оңтүстік және Қырым татарларының кей говорларын қосқан.Өз жіктеуінде Ф.Е. Корш географиялық ыңғайға қоса, тілдердің кейбір фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктерді де басшылыққа алады. Ф.Е. Корш өзінің Классификация турецких племен по языкам (1910) деп аталатын еңбегінде түркі тілдерін солтүстік, батыс, шығыс, аралас деп IV топқа бөледі.Түркологияда кең тарап өз кезінде жоғары баға алған генеалогиялық топтастыру - А.Н. Самойловичтің жіктеуі. Академик А.Н. Самойлович В.В. Радлов пен Ф.Е. Корштың топтастыруларына сүйене отырып, оған өзінше реңк беруге талпыныс жасайды. Ол 1922 жылы шыққан Некоторые дополнения к классификации турецких языков еңбегінде өзіне дейін айтылған пікірлерді жинақтай келіп, түркі
11
тілдерін оларда кездесетін фонетикалық, морфологиялық белгілеріне қарай VI топқа бөледі. Бұл белгілерді іріктеп ал ынған тоғыз, аяқ, бол, тау, сары, қалған деген сөздердің әр топқа жататын тілдерде қандай дыбыстық құрамда айтылатындарына қарай Р тобы, Д тобы, Тау тобы, Тағлы тобы, Ол тобы деп VI топқа бөледі. А.Н. Самойловичтің жіктеуінде қазақ тілі Тау тобына жатады.
Түрік тілдерін тану саласында аса бір ұқыптылықты,қырағылықты қажет ететін мәселелердің бірі - түркі тілдерінің дамуы және қалыптасуы жағынан, туыстық қатынастар негізінде жіктеу. Түркі тілдері арасындағы байланыс пен бірлікті анықтау және түркі тілдеріне жіктеу жасау тек қазақ тілі мамандары үшін ғана емес, сондай-ақ әдебиетшілер, тарихшылар, этнографтар үшін де өте ауқымды әрі маңызды мәселелердің бірегейі. Классификация ұғымы дегеніміз - тілдерді ортақ белгілері бойынша жинақтау топтастыру. Кез келген ғылым саласы өзінің бүгінгі күйіне дәл осы қалпында жеткен жоқ, белгілі бір даму жолынан өтті. Түркі тілдерінің классификациясы туралы да осыны айтуға болады. Түркі тілдерін классификациялау - шешімі қиын, өте күрделі мәселелердің бірі. Себебі түркі халықтарының қалыптасу және даму тарихы өте күрделі сипатта. Түркі тайпалары бірде қосылып, үлкен тайпалық бірлестіктерге біріксе, енді бірде ыдырап, кейбір тайпалар басқа мемлекеттер құрамына кіріп отырды. Ғұн империясының ыдырауы Түркі қағанатының Батыс және Шығыс тармаққа бөлінуі, Ұйғыр қағанаты мен Моғол мемлекеттерінің пайда болуы, Қарахандықтар мемлекетінің қалыптасуы мен құлауы, селжүктер мен оғыздардың тайпалық одақтарының күшейюі мен әлсіреуі, моңғол шапқыншылығы, соның негізінде қалыптасқан Алтын орда мемлекеті, оның жеке хандықтарға ыдырауы - түркі тілдерінің қалыптасу тарихында өзінің ізін анық қалдырды. Тіл тарихы сол тілде сөйлейтін халық тарихымен тығыз байланысты дамитынын Ж.Ж. Есеналиева көрсететін бір белгі - осы. Демек, түркі тілдірін классификацияланған кезде осы ерекшеліктер есепке алынуға тиіс. Түркі тілдерін топтастыру мәселесімен көптеген ғалымдар айналысты. Түркі тілдерін ең алғаш классификациялаған ХІ ғасырда өмір
12
сүрген М.Қашқари болатын. Әрине, М.Қашқаридің классификациясын бүгінгі жетілдірілген топтастырумен салыстыруға келмейді. Бірақ ол топтастырудың негізгі ұстанымдарын дұрыс ажырата білді. Ол түркі тілдерін орналасу орнына қарай екіге бөліп қарастырды: 1.Қашқар қаласынан жоғары шыңға дейінгі аралықты мекендеген түркі тайпаларының тілі; 2.Қашқар қаласынан Румға дейінгі аралықты мекендеген түркі тайпаларының тілі. М.Қашқаридің Сөздігі біздің дәуірге қолжазба күйінде бір ғана нұсқада келіп жеткен. Ол М.Қашқаридің өз қолымен жазғаны емес, 1266 жылы Мухаммед ибн Абу-Бакир ибн Абул-Фатих ас-Сави көшірген нұсқасы. Бұл қолжазба Стамбулда Ұлттық кітапханада сақтаулы. М.Қашқаридің Диваны 1960, 1961, 1963 жылдары өзбек тілінде С.Муталлибовтың аудармасымен жарық көрсе, Қазақстанда тұңғыш рет Түбі бір түркі тілі деп 1998 жылы Қ.Бекетаев және Ә.Ибатов тәржімелеген. 2006 жылы түркітанушы, ғалым, сыншы А.Егеубай Түрік сөздігі деп аударып, ғұлама жайында былай деп жазды: Түркі тілдерінің жинағы - түрік дүниесінің әлемдік ғылым қазынасына қосқан ұлы мұрасы. Үш томдық бұл зерттеу еңбегі күллі түрік тілдерінің тұңғыш әрі аса терең мағыналы ғылыми сипаттамасы. Сахараның ұлы ғалымы, біртуар ойшылы тіл зергері Махмұт Қашқари Түрік тілдерінің жинағын барлық түрік текті ұлыс, тайпаларды аралып жинап, зерттеп, талдап барып жазған. Күллі түрік елдерінің әдебиеті мен тілін салыстырмалы түрде зерделеп түзіп шыққан алғашқы энциклопедиялық кітап. ХІ ғасырдың бұл энциклопедиялық терең мазмұнды зерттеуі қазіргі түркі тектес ұлттардың ежелгі мәдениетінде қайта жаңғыру үрдісі жаңа бағыт алған тұста аса қажетті де пайдалы еңбек. Ана тіліміздің, туған әдебиетіміз бен мәдениетіміздің түп негіздері, төл заңдылықтары осы білікті зерттеу беттерінде жұлдыздай жарқырап көрінеді. Диван түркіше-арабша сөздік болғанымен, автор сөздерді түсіндіріп, оның мағынасын анықтау үстінде басқа түркі тайпалары тілінде кездесетін мағыналық ауытқулар мен дыбыстық өзгерістерді салыстыра отырып, оларға шолу жасайды. Сондықтан да М.Қашқариды түркологияда бірінші болып салыстыру әдісін қолданған
13
ғалым деп айтуға құқымыз бар. Түркологияда салыстырмалы-тарихи зерттеуге негіз салған М.Қашқари. Алайда, академик Ә.Қайдаровтың айтуынша, ғұлама салыстырмалы-тарихи әдісті толық қолдана алмаған: түркі халықтарының тек тіл жағынан туыстық ұқсастығы болмаса, ол олардың өзіне дейінгі тарихын, даму жолын талдамаған. Түркі тілдерін тілдік (фонетикалық, морфологиялық) тұрғыдан топтастыру - классификациялау, сөйтіп әрбір тілдің түркі тілдері құрамындағы орнын айқындау М.Қашқаридан басталады десек те, классикалық тіл білімі түркі тілдерін ғылыми негізге сүйеніп топтастырудың тарихын ХІХ ғасырдан бастайды. Олардың өзара байланысы мен классификациясын анықтау түрколог-лингвистер үшін ерекше маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бұл тілдер бір тамырдан өрбігендіктен түркологтарға салыстырып зерттеу арқылы бұлардың генетикалық байланысын анықтау қиынға соқпады. Көптеген түркологтармен В.В. Радлов, Н.Ф. Катанов, Ф.Е. Корш, А.Н. Самойлович, В.А. Богородицкий, С.Е. Малов, Н.А. Баскаков сияқты көрнекті ғалымдар, түркі тілдерін классификациялауда аса құнды пікірлер айтқаны белгілі. В.В. Радловтың жасаған классификациясында түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін көрсете келе, олардың фонетикалық өзгешелігіне тоқталған да, ал этникалық жағы есепке алынбаған. Н. Вамбери Барлық түркі тілдерін түрік тілінің диалектісі деп қарайды. Н.Ф. Катанов түркі тілдеріне этнографиялық шолу жасай келіп, оларды төрт группаға бөледі. Бұл классификация әрбір түркі тілінің өзгешелігі жайында айтылмаған. Оның үстіне кейбір түркі тілдері мүлдем аталмай қалған. Ф. Корштың классификациясы түркі тілдерінің фонетикалық және морфологиялық өзгешелігі жайында сөз етіліп, олардың тілдік материалдарын талдау негізінде жасалған. 90 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2(68). 2014 Түркі тілдерінің генеалогиялық және типологиялық сипаты В.А. Богородицкийдің (1857-1941) түркі тілдеріне жасаған классификациясы географиялық ерекшеліктерге сәйкес құрылған. Бұл топтастыруды автор түркі тлідерінің қазіргі орналасу аймағын негізге алады. Соның нәтижесінде түркі тілдері жеті топқа бөлініп беріледі: 1) Солтүстік-
14
шығыс группасы - якут, тува, қарағас тілдері; 2) Хакас немесе абакан группасы - хакас тілі (барлық диалектілермен); 3) Алтай группасы - алтай тілі (барлық диалектілермен); 4)Батыс-Сібір группасы - чулым, барабин, тюмень, тобыл татарларының диалектілері; 5) Волга-Орал шруппасы - татар тілі, башқұрт тілі; 6) Орта Азия тілдері группасы - жаңа ұйғыр тілі, өзбек тілі, қарақалпақ тілі, қазақ тілі, қырғыз тілі; 7) Оңтүстік-батыс немесе түрік группасы - түрікмен, азербайжан, түрік тілдері. Атақты түрколог С.Е. Малов түркі тілдерінде жазылған ескі жазба ескерткіштерді зерттеп, олардың тарихын, бір-бірімен қарымқатынасы негізінде фонетикалық өзгерістерін салыстыра келіп, шығыс түркі тілдерінің батыс түркі тілдеріне қарағанда ескі элементтердің көп сақталғанын дәлелдейді, көбінесе дыбыстардың өзгешелігін есепке алады. С.Е.Малов барлық түркі тілдерін ең көне, көне, жаңа, ең жаңа деп 4 топқа бөледі. Н.А.Баскаковтың классификациясын түркі тілдерінің ең толық жасалған классификация екенін көптеген ғалымдар айтып жүр ]. Ол түркі тілдерінің фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктерін анықтайтын кең көлемді тіл материалдарын зерттеп, оны түрлі жағдайлармен байланыстырады. Осының нәтижесінде барлық түркі тілдерін батыс ғұн және шығыс ғұн бұтағы деп екіге бөледі. Н.А.Баскаковтың классификациясы бойынша батыс ғұн бұтағына қазақ, түрік, өзбек тілдері енеді. Ғалымның көрсетуінше, қазақ тілі - қыпшақ тобының қыпшақ-ноғай тобына, түрік тілі - оғыз тобының оғыз-селжук тобына, өзбек тілі - қарлұқ тобының қарлұқ-ұйғыр тармағына жатады. Бұл тілдердің үшеуі де агглютинативсинтездік тілдер құрамына енеді. Жалпы түркі тілдерінің басқа тілдерден айырмашылығы - қосымшалардың түбір морфемадан соң жалғануында. Сондықтан түркі тілдері жалғамалы тілдерге жатады. Өйткені, бұл тілдерде жаңа сөздердің туу формасы қосымшалар арқылы болады . Түркі халықтарының ортақ атауына айналған түркі терминінің қалыптасу тарихы төңірегінде осы кезге дейін айтылып жүрген бірнеше пікірлер бар. А.Н.Кононовтың пікіріне сүйенсек, бұл этноним о баста түркі және моңғол тілдеріндегі саяси термин ретінде қалыптасқан. Көне қытай жазбаларындағы
15
деректеріне сүйенсек түрік сөзі күшті, берік ұғымын берген. Осы ұғымның негізінде түркюдтер деген атау пайда болған. Көне түркі дәуірінде өздерінің алғашқы мемлекетін құрған түркію тайпаларының атауы осы сөздің негізінде қалыптасқан. Көшпелі Түркі империясы мен оның құрамына кірген түркі тайпаларының өмірі туралы мәлімет бізге Орхон-Енисей жазба ескерткіштері арқылы жетті. Түрік тілі мен татар тілінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz