Қосарланған зат есімдер


ДИПЛОМДЫҚ
ЖҰМЫС
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Ақжігіт Әсел
Қазақ және қытай тіліндегі сын есімнің
лексика- грамматикалық сипаты
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5B021000- мамандығы - « Шетел филологиясы: қытай тілі»
Түркістан -2020ж.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
кафедра меңгерушісі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақ және қытай тіліндегі сын есімнің
лексика- грамматикалық сипаты
5B021000- «Шетел филологиясы: қытай тілі » мамандығы
Орындаған : Ақжігіт Ә.
Ғылыми жетекшісі
ф. ғ. к., доцент м. а. : Өмірбаев Е.
Түркістан, 2011ж.
М А 3 М Ұ Н Ы
І. КІРІСПЕ . . .
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының жалпы сипаты. Жалпы сын есімнің және сын есім категориясының зерттелуі ХІХ ғасырдан бастау алады. Оны біз М. А Казем- Бектің «Түркі- татар тілінің жалпы грамматикасы» атты еңбегінен байқай аламыз. Н. К. Дмитриев, А. К. Боровков, А. Н. Кононов, Н. Сазонтов, т. б. көптеген ғалымдар түркі тілдеріндегі туынды сын есім тудыратын сөзжасамдық жұрнақтарды көрсетіп, семантикалық талдау жасаған. Туынды сын есімнің қай дәрежеде зерттелгені осы ғалымдардың еңбектерінде анықталды.
Сын есім қазақ тілінің сөздік байлығында ерекше орны бар заттың сапа, сын, жайын, күйін, белгі қасиеттерін білдіретін сөз табы және сын есім сөздердің қолданыс аясы өте кең.
Түбірдің мағынасының кеңдігі, жіктеліп саралануы, сөйтіп бір ғана түбірдің бірнеше мағыналық мәндерге ие болуы - сын есімдердің басты даму ерекшелігі болып табылады. Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де мол төз табы ол- сын есім.
Зат есім семантикалық жағынан түрлі алуан ұғымдарды білдіретін лексика- грамматикалық тобына жатса, сын есім неше түрлі алуандылығына байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика- грамматикалық тобына жатады. Сөйтіп, сын есім дегеніміз заттың сипатын, сапасын, көлемін, қасиетін, түсін (түр- реңін), салмағын және сол сияқты сыр- сипаттарын білдіретін лексика- грамматикалық сөз тобы.
Сын есімнің морфологиялық ерекшеліктері де, семантикалық мағынасы, синтаксистіктік қызметтері де анық көрініп отырады.
Осы уақытқа дейін қазақ тілінде сын есімдердің сөз табы ретінде алатын орны қытай тілінде де зерттеу жұмыстарына арқау болғандығы және соңғы кездері сын есім сөзжасамдық тұрғыдан да қарастырыла бастағаны белгілі.
Диплом жұмысының өзектілігі. Қазақ-қытай тілдеріндегі фольклорлық, эпикалық көркем шығармаларындағы жалқы есімдердің ішкі мағыналық топтары мен қолданылу ерекшеліктерінің толық зерттелмегендігі диплом жұмысын жазуға негіз болып отыр. Жалқы есімдердің ең басты ерекшелігі - олардың айқын көрініс табатын идиоэтникалық семантикасы, өйткені, фольклордың өзі этностың тұрмыс - тіршілігі мен санасының ежелгі түрлерімен, оның рухани-материалдық мәдениетімен генетикалық тұрғыдан жақын, тығыз байланысты болған. Жалқы есімдердің ішкі мағыналық түрлерінің әр түрлі болуы, олардың түрлі мәтіндерде қолданылу ерекшеліктері жанрлық өзіндік сипатымен де байланысты ерекшеленеді.
Диплом жұмысының нысаны. Екі тілдегі фольклорда, көркем шығармаларда көрініс тапқан жалқы және жалпы есімдерді салыстыра-салғастыру, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айқындау.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ фольклоры мен көркем шығармадағы, қазіргі қытай тіліндегі жалқы есімдердің ішкі мағыналық топтарын анықтау. Олардың этномәдени ерекшеліктерінің қалыптасуындағы негізгі дамытушы факторларды айқындау, қазақ-қытай тілдеріндегі, фольклорлық мәтіндердегі жалқы есімдердің қолданылу заңдылықтарын зерттеу.
Зерттеу мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу жолын қарастырамыз:
1 . Қытай тілі мен қазақ фольклорындағы жалқы есімдердің идиоэтникалык семантикасын анықтау және сипаттау.
2. Фольклорлык жалқы есімдерді жанрлық құрамына қарай айқындау
және сипаттау.
3. Көркем шығармалардағы жалқы есімдерді
мағыналарына қарай топтарға жіктеу.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақ фольклорындағы ономастикалық кеңістікте, оның бірліктері этнолингвистикалық және қолданымдық ерекшеліктерін айқындау, қытай тілімен салғастыру тұрғысынан зерттеуге талпыныс жасалды. Жұмыста жалқы есімдер маңызды этномәдени бірлік ретінде ғана емес, фольклорлық шығармалардың поэтикалық жүйесінде маңызды рөл атқаратын өзгеше эстетикалық категория ретінде қарастырылды. Сонымен қатар С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы жалқы есімдердің семантикасы жүйелі түрде талданды.
Диплом жұмысының әдістері. Көркем шығармалар мен фольклорлық мәтіндегі жалқы есімдерді жүйелілік қатынаста қарастырып, талдау барысында сипаттама, салыстырмалы, салғастырмалы, этнолингвистикалық, стилистикалық әдістер қолданылды.
Диплом жұмысының дереккөздері. Эпикалық мәтіндер, ертегілер, аңыздар, көркем шығармалар және қытай тіліндегі материалдар.
Диплом жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу нәтижелері фольклорлық жалқы есімдердің этномәдени ерекшеліктерін, эстетикалық қызметін зерттеу жалқы есімдердің этнолингвистикалық табиғатын терең де толығырақ түсінуге, ономастика мен фольклордың, көркем мәтін теориясының бірқатар мәселелерін жаңаша ұғынуға ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері фольклорлык ономастика және мәтін лингвистикасы саласы бойынша болашақ теориялық зерттеулерде пайдалануға, гуманитарлық бағыттағы оқу орындарының филология факультеттерінде арнайы пәндерді оқыту тәжірибесінде қолдануға болады. Қытай және қазақ тілдеріндегі есімдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратуға септігін тигізеді.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған эдебиеттер тізімінен тұрады.
Диплом жұмысының мазмұны. Қолжазбаның кіріспе бөлімінде дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі анықталып, зерттеу жұмысының нысаны айқындалды. Оның мақсаты мен міндеттері көрсетіліп, ғылыми-теориялық тұжырымы мен жаңалығы, жұмыстың теориялық және практикалык маңызы, зерттеу әдістері туралы сөз болып, қорытынды жасалған.
1. 1. Жалпы есімдердің зерттелу жайы
Зат деген ұғым тек күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен оқиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды. Мысалы: құс, mac, су, шыны, адам, қол деген сөдермен катар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, социализм, революция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады. Бұдан зат есімнің лексикалық-семантикалық сипаты салалы да, қарымды да екені байқалады.
Зат есім деп аталатын сөздердің өздеріне тән морфологиялық ерекшеліктері бар. Олар өздерінің лексика-семантикалық сипаттарына карай, сөйлемдегі өзге сөздермен еркін қарым -қатынасқа түсетіндіктен, сол қатынастарға аса қажетті көптік, тәуелдік, септік және жіктік жалғауларын қабылдап, түрленіп отырады; екіншіден, зат есімдердің сөз тудыратын және форма тудытарын арнаулы жұрнақтары бар.
Зат есімдер тілдегі өзге сөздердің барлығына әрі ұйытқы, әрі өзек болып қызмет атқаратындықтан, әдетте сөйлемнің барлық мүшелері ретінде қолданыла береді. Дегенмен, зат есімдердің ең негізгі қъізметі- бастауыш, толықтауыш, анықтауыш болу. Зат есімдер сапаны, сынды, белгіні, санды, әр түрлі қатынасты білдіретін анықтауыштармен ғана емес, иелікті, тәуелдікті білдіретін анықтауыштармен де талғамай үнемі тіркесе береді [52, 206] .
Өзара бір-бірімен байланысты осы үш түрлі белгіні, демек, семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілерді ұштастыра қарағанда ғана, зат есім деп аталатын негізгі сөз табының сыр-сипаты толық ашылады. Өйткені, зат есімнің ең негізгі белгісі заттың субстантивтік мағынасын білдіру болса, ондай заттық (субстантивтік) ұғымды білдіру қабілеті басқа сөз таптарында болады. Мысалы: Жаманды көре берсең, ой кірлейді, жақсы сөз кірді тазартады. (Ғ. Мүстафин) ; Қараның ашуы келгенше, сарыныц жаны шығады (мақал) ; Білімдіден аямай сөздің майын (Абай) ; Әлін білмеген әлек (мақал) ; Шегірткеден қорыққан егін екпес (мақал) деген сөйлемдердегі сын есімдер мен есімшелер заттық ұғымдарды білдіріп тұр. Солай болса, зат есімді тек бір ғана семантикалық белгісіне қарап қана анықтау қателікке ұшыратуы мүмкін.
Жалпы алғанда, грамматиканың да, грамматикалық талдаудың да негізгі міндетінің бірі - белгілі бір категорияға жалпы сипаттама берумен қатар, олардың ішіндегі өзінше ерекшеліктері бар топ-топтардың да сыр сипаттарын ашу, оны баяндау болмақ. Солай болса, төменде ондай ерекшеліктер де сөз етіліп талданбақшы.
Зат есімдердің қай-қайсысы болсын заттық ұғымды білдіретіндіктен, олар, негізінен алғанда, біркелкі болғандарымен іштей нақтылық және абстрактілік, жалпылық және жалқылық, даралық және жинақтылық, жекелік және топтық сияқты семантикалық категоряларды да қамтиды. Мысалы, ағаш, су, шөп, сүт, темір, шүберек тәрізді сөздер, әдетте, көзбен көріп, қолмен ұстап тануға боларлықтай нақтылы, деректі заттармен байланысты ұғымдарды білдірсе, ақыл, сана, ой, ықпал, әсер, жақсылық, адамгершілік, кіріс, зұлымдьқ, пікір секілді сөздер ойлау, топшылау қабілеттері арқылы танылатын абстракті (дерексіз) заттармен байланысты ұғымдарды білдіреді. Әрине, дерексіз (абстракт) заттық ұғымдардың аттары деректі заттық ұғымдардан кейін шыққан да және сол нақтылы ұғымдардың негізінде туған. Өйткені, мысалы, кісілік, балалық деген дерексіз ұғымдар да, олардың аттары да әуелгі кісі, бала деген деректі ұғымдардан, атаулардан туған. Бірақ конкретті ұғымнан абстракт ұғымның тууы бірден-бір ғана жол болмаған. Конкретті ұғымдардан абстракт ұғымдар туа беретіні сияқты, адамның ойлау қабілеті дами келе, керісінше, абстракт ұғымдардан конкретті ұғымдар да туа беретін болған. Осыған сәйкес, конкретті зат есімдерден абстракті зат есімдер де, керісінше, абстракт зат есімдерден конкретті зат есімдер де жасала береді. Осы себептен қазіргі тілдегі абстракті ұғымдарды білдіретін көп сөздердің мағыналары конкретті ұғымдармен түйісіп те отырады. Сонымен қатар, тілде бастапқы ақиқат нәрсенің атынан туғанымен, одан мүлдем қол үзіп, тіпті алыстап кеткен абстракті ұғымдарды білдіретін сөздер де көп. Сол сияқты, керісінше, бастапқы абстракт ұғымдардан туғанымен, мағына жағынан тіпті конкреттеніп кеткен сөздер де көп. Сөйтіп, сөз мағынасының конкреттену я абстрактану (деректену я дерексіздену) дәрежесі әр қилы және әр түрлі болады. Бұған оқу, оқушы, оқушылық, жүріс, құбылыс, құбылмалылық, білім, білімдік, ұйым, ұйымшылдық, басқару, басқарушылық тәрізді зат есімдер толық айғақ бола алады.
Зат есімдердің ішінде даралау және жинақтау ұғымын білдіру қабілеті де жоқ емес. Мысалы: құрт, құмырсқа, ana, қарындас, төсек, орын, шөп, шалам тәрізді дара сөздер белгілі - белгілі заттардың аты болса, құрт-құмырсқа, ana -қарындас, төсек-орын, шөп-шалам сиякты кос сөздер белгілі бір ұғымдарды жинақтап, олардың топ-тобының атын білдіреді. Қерісінше, мая-мая, қора-қора, жал - жал, сала - сала, may-may, төбе-төбе, та-рам-тарам сияқты қос сөздер болу я даралау ұғымын білдіреді.
Зат есімдерді іштей семантикасының өзара орайлас, астас болуларына қарай, әлденеше топқа бөлуге болады. Мысалы, семантикалық ерекшеліктеріне қарай, зат есімдерді іштей мал атаулары, өсімдік атаулары, кұрт - құмырсқа атаулары, қора-қопсы және үй мүліктерінің атаулары, қоғамдық тұрмыстың, саяси-әлеуметтік саласында колданылатын атаулар деген сияқты неше алуан топқа жіктеуге әбден болады. Бірақ ондай тек семантикалық қана ерекшеліктері бар, өз алдына грамматикалық ерекшеліктері жоқ есімдер лексикология үшін аса маңызды тексеру объектісі болғанымен, грамматика үшін, арнайы сөз етерліктей зерттеу объектісі бола алмайды.
Дегенмен, зат есімнің ішінінде өздеріне тән семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар кейбір топтар да жоқ емес. Ондай, семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар топтарға: адамзат (кімдік) және ғаламзат (нелік) есімдерін, жалқы есімдерді, көптік мәнді есімдерді, эмоциялы-экспрессивтік зат есімдерді, көмекші есімдерді жатқызуға болады.
Тіліміздегі зат есімдерді семантикалық және грамматикалық сипаты жағынан талдап қарасақ, олардың бір саласы адам атаулары, екінші саласы адамнан өзге жан-жануарлар мен заттардың атаулары болып келеді. Осы аталған екі топтың біріншісіне қатысты сөздердің бәрі тек кім? деген грамматикалық сұрауға жауап берсе, екіншісіне қатысты сөздердің бәрі де тек не? деген грамматикалық сұрауға жауап береді.
Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам, атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, бөпе, шал, кемпір, келіншек, қалыңдық, еркек әйел т. б. ) туыс атауларын (әке, шеше, әже, ата, ага, іні, ana, сіңлі, шөбере, нағашы, жиен, бөле, құдаша, құдағи, күйеу, құда т. 6. ), іс-әрекет пен кәсіп-маман иелерінің атауларын (әнші, атшы, арбашы, егінші, малшы, еңбеккер, суреткер, артист, инженер, диқан, ғалым, мұғалім, дәрігер, композитор, сатушы т. б. ), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын (директор, лейтенант, ұлық, бастық; төре, ханым, мырза, жолдас т. б. ), кісі аттарын (Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабига, Жамила, Гүлсім т. б, ) және басқа да осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз.
Зат есімнің бұл тобына, жалпы алғанда, адам атаулымен байланысты ұғымдардың аттары және кісі аттары енетіндіктен, оларды осы семантикалық ерекшеліктеріне карай адамзат есімдері деп атауға болады. Ал, формальдық жағынан олар кім? деген грамматикалық сұрауға жауап береді.
Не? деген грамматикалық сұрау, әдетте, адамнан өзге барлық жан-жануарлардың және күллі заттар_мен нәрселердің атауларына койылады. Не? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге деректі я дерексіз заттар мен заттық ұғымдардың атаулары (мысалы: құм, шаң, mac, темір, топырақ, су, ойын, күлкі, сана, күйініш, қуаныш, реніш, аспан, ақыл, әлем т. б. ), өсімдік атаулары (мысалы: ағаш, шөп, жусан, қарағай, тобылғы, көде, өрік, жүзім, алма, жиде т. б. ), ас пен ішімдік атаулары (мысалы: em, сүт, май, ірімшік, нан, шұжық, қымыз, айран, қаймақ т. б. ), хайуанаттардың, аң мен құстың атаулары (мысалы: жылқы, сиыр, қой, ешкі, құлан, бөкен, киік, арқар, аю, жолбарыс, қаз, үйрек, бүркіт т. б. ) балық аттары (мысалы; шортан, сазан, көксерке т. б. ), құрт-кұмырсқа мен бақа-шаян аттары (мысалы: кесіртке, шыбын, сона, ара т. б. ), мекен, қора - қопсы, құрал-жабдық атаулары. (мысалы: үй, қора, дала, терезе, астау, табақ, қасық т. б. ) тағы басқа неше алуан нәрселер мен заттық ұғым атаулары жатады [60, 330] .
Сөйтіп, зат есімдердің бұл тобы адамнан өзге жан - жануарлардың, заттар мен нәрселердің, заттық ұғымдардың атауларын түгел қамтитындықтан, оларды семантикалық ерекшеліктеріне қарап, ғаламзат есімдері деп атауга болады, ал формальдық жағынан олар не? деген грамматикалық сұрауға жауап береді.
1. 2. Жалқы есімнің зерттелу жайы
Қазақ ономастикасында соңғы он жылда қазақ жалқы есімдерін топонимдер, антропонимдер, космонимдер материалдары бойынша, әсіресе, тіл деңгейіндегі аймақтық аспектіде, этнолингвистикалық зерттеуге деген ұмтылыстар байқалады. Жалқы есім тек тілдің фактісі мен бірлігі болып қана коймай, ол халық ауыз әдебиетінің түрлі жанр мәтіндерінде қолданылатын көркем сөз фактісі мен бірлігі ретінде танылады.
Ономастика ілімін жан-жақты зерттеу қазіргі ғылым алдындағы басты міндеттерінің бірі болып отыр. Бұл процесс тілдің лексикасының дамуын, оның этнолингвистикалық және экстралингвистикалық жақтарын тереңірек білуге көмектеседі, тарихи фонетика, тарихи морфология, тарихи лексикологиясы бағалы материалдар береді.
Ономастика тіл білімінен басқа да тарих, география, археология, этнография ғылымдарымен ұштасып жатады. Өйткені, ономастикалык материалдар халықтың саяси-әлеуметтік, коғамдық, тарихи өмірімен байланысты болады. Оларды зерттеу негізінде белгілі бір халыктың өткен іздерін, қоғамдық құрылысының сипатын, дүниеге таным көзқарасын, тіршілік болмысы мен әдет-ғұрпын, басқа елдермен экономикалық, саяси-мәдени қарым-қатынасын, тарихи байланысын анықтауға мүмкіндік туады. Сонымен қатар тіліміздегі жалқы есімдер лексикалық қорымызды үнемі толықтырып, байытып отырады.
Соңғы кездері ономастикалық зерттеулерде: ономастикалық жүйелердің дамуы мен қолданылуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін теориялық ономастика, материалды алғашқы филологиялық өңдеуден өткізетін сипаттамалық ономастика, есімдердің жасалуын, олардың бір нысаннан екінші нысанға ауысуын (трансонимизация) зерттеуге бағытталған ономастиканың деректері бойынша өткен дәуірдегі жалқы есімдерді зерттеуге арналған тарихи ономастика, практикалық ұсыныстар әзірлейтін қолданбалы ономастика [1, 7] т. б. бағыттар бөлініп шықты.
Ономастикалық зерттеулердің дербес саласы ретінде қалыптасқан поэтикалык немесе әдеби ономастика көркем әдебиет пен халық ауыз әдебиетіндегі (фольклор) онимдердің қолданылуын зерттейді.
Көркем шығарма ономастикасы ономастикалық материалға немесе жалпы халықтык тілдің бай ономастикалық сөздік қорына негізделеді де, көркем шығармалардағы жалқы есімдер оның жанрлық, стильдік, тақырыптық және идеялық заңдылықтарына сәйкес қолданылады. [3]
Көркем мәтіндегі жалқы есімдердің қолданылу ерекшелігі, оның қатарына ауыз әдебиет шығармалары мәтіндер де жатады, олар көркем сөз өңіне кірігіп, біте қайнасып, өзінің негізгі номинациялық (атауыштық) қызметімен қатар көркем сөздің мақсат, міндеттері мен ерекшеліктеріне, көркем шығармалардың поэтикасы мен стилистикасына сай тағы да бірқатар қызметтер атқарады.
Орыс тіл білімінде әдеби ономастика көркем мәтінді зерттеудегі ономастиканың, поэтиканың, мәтін лингвистикасының, семиотиканың, лексикалық семантиканың әдіс-тәсілдерін қолданылатын жаңа бағыт болып саналса, қазақ тіл біліміндегі ономастиканың бұл саласы енді бой көтере бастады.
Қазақ әдеби ономастикасының жеке мәселелері мен аспектілерін Т. Жанұзаков[4, 35-41], А. Т. Қайдаров [5], Қ. С. Еспаева [6], Е. Жанпейісов[7, 7-25], Ф. Мұсабекова [9], Р. С. Әміров [10] т. б. ғалымдар қарастырды.
Ономастиканың тек іргелі ғылыми-теориялық базасын жетілдірумен шектелмей, нормативтік-құқықтық базасын дамытуға, қоғамдық, әлеуметтік рөлін арттыруға үлес қосқан ғалымдардың бірі - Т. Жанұзақ [7] .
Ұлттық антропонимика мәселесімен ерте кезден айналысқан ғалым, оның ғылыми-теориялық, әдістемелік негіздерін жасады. Оның айғағы ретінде әрбір ономастикадан жазылған диссертациядан көруге болатын Т. Жанұзақтың әйгілі лексика-семантикалық, тілдік-хронологиялық классификациялары.
Ғалымның 1950-жылдары қазақ антропонимдерінің түпбастауын зерттеген еңбектерінде Ү-ҮІ ғ. ғ. көне түркі, ортағасыр жазба ескерткіштеріндегі атауларды зерттеу объектісі ретінде талдап, оларды қазіргі қазақ есімдерімен салыстырып, дыбыстық, лексика-семантикалық идентификация жасауы жас ғалымның соншалықты киын да тың проблемаға сол кезде барып, өзіндік көзқарасын білдіруін ғылыми батылдығы ретінде бағалау қажет.
Ғалым алғаш рет қазақ кісі есімдеріне жан-жақты құрылымдық жағынан, компоненттік, морфологиялық, этимологиялық талдаулар жасады. Сондай-ақ әйел есімдерінің қалыптасу заңдылықтарына да кеңінен токталған. Ғалым еңбектерінде этнонимика ономастиканың дербес саласы ретінде сөз болып, оған қоса әлеуметтік титулдар: сұлтан, төре, мырза, әмір, ру, тайпа, ел, сүйек, ата, нәсіл, тек т. б. этнонимдер сөз болады.
Т. Жанұзақтың еңбектерінде жалқы есімдер, оның ішінде антропоним,
этноним, топоним, космоним, зооним сынды топтарының қалыптасындағы
мәдени-этникалық, рухани-дүниетанымдық, қоғамдық-әлеуметтік факторлардың зор ықпалы көрсетіліп отырған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz