Ақпараттық технологиялар ұғымына талдау жасау
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қорғауға жіберілді
Білім технологиялары
кафедрасының меңгерушісі,
п.ғ.д., доц.Ортаев Б.Т.
____ _______2020 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Әдебиеттік оқу пәнінде мультимедиялық құралдарды қолдану (3 - сынып)
5В010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы
Орындаған Сейсекова А.
Ғылыми жетекшісі Қожагелдиева С.
Түркістан-2020
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалыр, белгілеулер мен қысқартулар
Кіріспе
Білім беру үдерісінде мультимедиялық құралдарды пайдаланудың педагогикалық-дидактикалық мәселелері
Білім беру үдерісінде мультимедиялық құралдарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Мультимедиялық құралдарды оқыту және көрнекілік құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздері
Бастауыш сыныпта мультимедиялық құралдарды қолдану әдістемесі
Әдебиеттік оқу пәнінде мультимедиялық құралдарды қолданудың тиімділігі
Әдебиеттік оқу сабағындағы мультимедиялық құралдарды қолдану жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:
Мультимедиа - екі не одан да көп типті ақпараттарды интерактивті формада біріктіру (D.H.Jonassen).
Мультимедианың бағдарламалық құралдары - кез келген типті ақпаратты интерактивті режимде пайдалануға мүмкіндік беретін компьютердің бағдарламалық жабдықтары.
Мультимедиалық ресурстар - мультимедиалық құралдар және арнайы бағдарламалық жабдықтар көмегімен дайындалған ақпараттық өнімдер.
Мультимедиа құралдары - бұл әртүрлі орталарды қолданып (дыбысты, видео, графиканы, мәтінді, анимацияны) адамға компьютермен араласуына мүмкіндік беретін ақпаратты және программалы құралдар комплексі.
Флипчарт - бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы.
Интерактивті тақта - бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі жəне де дəріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.
Электрондық оқулық - оқу пəнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, моделдеу, тестілеу, т.б. бағдарламалардың жиынтығы.
Белгілеулер мен қысқартулар
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы;
ҚР - Қазақстан Республикасы;
ЭЕМ - электронды есептеуіш машина;
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі: Қазақстан Республикасының конституциясында: Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғарғы деңгейін және кәсіби білімділігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үдерісі,- деп көрсетілген [1].
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасында, Бастауыш және орта кәсіптік білімді ақпараттандырудың бағдарламасында білім беру жүйесін ақпараттандыруды жүзеге асырудың негізгі бағыттары ретінде мына мәселелерге баса назар аударылған:
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту процесіне енгізу жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
орта білім беру ұйымдарын интернет желісіне қосу;
білім берудің барлық деңгейлерінде қашықтан оқыту технологияларын әзірлеу және енгізу;
жаңа ақпараттық технологияларды оқыту процесіне енгізуді қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарды жүргізу;
ақпараттық және телекоммуникация технологияларын бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім саласында қолдана алатын мамандар даярлау;
оқыту технологиясының аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етілуін қадағалау;
оқытудың инновациялық технологиясын қалыптастыру т.б.[2].
Тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2050 стратегиясы: Қазақстан мемлекетінің жаңа саяси бағыты атты өз жолдауында: тұрғындардың компьютерлік сауттылған, соның ішінде әртүрлі ынталандырушы бағдарламалардың есебінен де көтеру керек. Мен Қазақстандықтарды ақпараттық технологияларды белсендірек игеруге шақырамын. Сонымен қатар, білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісінде қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттыру. Әр өңірде педагогтардың біліктілігін интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс - деді Елбасы [3].
Ақпараттардың қазіргі заманғы жаңа рөліне байланысты қоғамды ақпараттандыру процесі әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Ақпараттық өркениеттілік ғасыры компьютерлік сауаттылықтан ақпараттық сауаттылыққа көшуді талап етеді. Соның нәтижесінде ақпараттық мәдениеттілікке көшу мақсаты көзделеді. Сондықтан мектептегі білім берудің бүгінгі таңдағы мақсаты бәсекеге қабілетті, ұлттық мәдениетті, әртүрлі бағыттағы білімді меңгеруге дайын, ақпараттық кеңістікте икемді әрі тез қимылдайтын, жаңа ақпараттық технологияларды меңгерген тұлғаны тәрбиелеу.
Қ.Р-ның білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы білім берудің барлық деңгейін ақпараттандырудың негізгі мақсаты мен міндетін, жолдары мен механизмдерін, бағыттарын анықтайтын көзқарастар жүйесі болып табылады.
ХХI ғасыр - ақпараттық қоғам дәуірі. Жаңа білім алу қажеттілігі, ақпараттық сауаттылық, өз бетінше білім ала білу жаңа білім беру түрінің ақпараттық - пайда болуына себеп болды. Мұнда ақпараттық технологиялар интеграциялық, жүйелілік рөл атқарады. Сондықтан қазіргі бар педагогикалық әдістерді компьютерлік бағдарламалар тіліне бейімдеп қана қоймай, компьютерлеу мен ақпараттау бүкіл білім беру жүйесіне соның ішінде жоғарғы білім беруден кейінгі білім беру деңгейінде қажетті оқыту технологияларын пайдалану маңызды орын алады.
Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Әрине мемлекет зиялы болу үшін оның әр азаматы зиялы болуы қажет.
Республикамызда білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - бұл ақпараттық технологияларды қолдану негізінде біртұтас біліми ақпараттық орта құру арқылы ұлттық білім сапасын арттыруды көздеп отыр [4].
Елбасы атап көрсеткендей Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты əлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Білім берудің ақпараттандыру үдерісі бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.
Бəсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Біз қазіргі заманғы педагогикалық технологияға, жаңа өркениетті дамуға байланысты басқа өркениетті елдердің көптен бері пайдаланып келе жатқан интерактивті құралдарды қолданып отырмыз. Бұл - біздің Қазақстаннның алға қарай жылжуының нышаны болып табылады. Ғылыми білім беруде интерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. Интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлай алады.
Мультимедиялық құралдар оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық əдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер əрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үдерісі əлемдік бəсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ə. Назарбаев Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында Білім беру реформасы - Қазақстанның бəсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дəуірі, технологиялық мəдениет дəуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кəсіби мəдениеттілігіне мұқият қарайтын дəуір.
Білім беру үдерісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тəрбие үдерісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
БҰҰ-ның шешімімен ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек, - деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық жəне оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пəндерді оқытуға пайдаланылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы - əлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мəдениетін қалыптастыру жүйесіне; оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, мұғалім мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу-тəрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тəуелді.
Білім беру саласын ақпараттандыру, оның ішінде бастауыштың оқыту үдерісінде ақпараттық-қатынастық технологияларды тиімді пайдалану оқу сапасын жоғары деңгейге көтеруге, оқушылардың терең, мазмұнды білім алуларына, мұғалімдердің кəсіптік іс əрекеттерін дамыта отырып, оқыту үдерісін қызықты жəне тиімді ұйымдастыруға жағдай жасайтындығы айқындалды.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру мəселесіне байланысты шетелдік, ресейлік, қазақстандық ғалымдар жан-жақты еңбек етуде жəне осы мəселе бойынша ғалымдардың бірнеше құнды еңбектері бар.
Мектеп жасындағы оқушылардың дамуы үшін компьютерді қолдану туралы бұрыннан белгілі Массачусет технологиялық институтында (АҚШ) С. Пейперттің жұмысы болып саналады. Оның басшылығымен 1968 жылдан Ж. Пиаженің теориялық концепциясы негізінде мектеп жасындағы жəне мектепке дейінгі балалардың интеллектуалдық қабілетін дамыту бойынша зерттеу жүргізілді. Жұмыс негізіне екі идея алынды:
1) интеллектуалдық дамудағы маңызды өзгеріс мəдениеттілікті өзгерту арқылы ғана жүзеге асыуы мүмкін;
2) мəдениеттілікті неғұрлым жедел өзгертетін сенімді жол - компьютердің жедел қарқынмен қолданылуы.
Осы зерттеулердің нəтижесінің бірі - балалар үшін ЛОГО бағдарламасын түзу болды. Қазір бүкіл əлемде бұл бағдарлама педагогикалық тəжірибеде кеңінен қолданыс тауып, біздің елімізде де барған сайын кең таралып отыр.
Бізге белгілі, басқа да эксперименттік зерттеулер 1980 жылы адам ресурстары жөніндегі ғылыми-зерттеу ұйымы мен Монтгомери (АҚШ, Мэриленд штаты) округының мұғалімдері мен əкімшілігі бірлесіп жүргізген жұмыс. Оған 165 бастауыш, толық емес орта жəне толық орта мектептің оқушылары қатысқан. Эксперимент үдерісі кезінде мына мəселелер қарастырылды: біріншіден, əр түрлі тапсырмалар қай сыныптарда табыспен жүруі мүмкіндігін анықтау, екіншіден, олардың қол жеткізген табыстарын компьютермен жұмыс істеуі шектеулі, информатика мен есептеуіш техникадан əзірлігі өте төмен оқушылармен бағалау міндетін іске асыру. Осы зерттеулердің нəтижелері кейіннен АҚШ-тың басқа штаттарында қайталанып, жүргізілді.
Қазіргі уақытта білім беруді ақпараттандыру үдерісі, оның негізгі бағыттары мен болашағы, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың психологиялық-педагогикалық негіздерін және білім беру сапасын арттыруды қазақстандық ғалымдар Ж.А.Қараев, Е.Ы.Бидайбеков, Т.О.Балықбаев, С.М.Кеңесбаев [5], К.Нұрғалиева және т.б. өз еңбектерінде қарастырған. Жалпы білім беретін мектептерде ақпараттануды енгізуде және компьютерді оқу-құрал жабдығы ретінде пайдалану мәселесінің теориялық жағы И.В.Апатова[6], В.С.Гершунский[7], В.А.Кальней, Г.К.Селевко[8], Д.Матрос, А.П.Ершов[9], А.А.Кузнецов[10], В.М.Монахов[11], И.В.Роберт, Н.Ф.Талызина, және тағы басқа зерттеушілердің еңбектерінде қарастырған.
Ресейлік ғалымдардың білім беру жүйесін ақпараттандыру мəселесі бойынша зерттеу еңбектеріне тоқталайық.
ТМД елдерінде, оның ішінде Ресейде, білім беру жүйесін ақпараттандыру кең көлемде жүзеге асуда. Мысалы, ақпараттық қатынастық технологияның негізін салушылардың бірі И. В. Роберт. Оның еңбектері ақпараттық-қатынастық технологияны бастауыш мектептің бастауыш сыныптарында қолданудың көптеген мəселелеріне байланысты. Екінші бір ресейлік ғалым И. Е. Вострокнутовтың еңбектері оқыту барысында компьютерлік технологияны қолданудың педагогикалық принциптерін жəне ол технологияны оқушыларды жекелеп оқыту барысында қолданғанда қойылатын талаптарды анықтаған [12].
Бүгінгі күні республика көлемінде де ақпараттандыру мəселесімен айналысып жатқан бірқатар ғалымдардың ғылыми еңбектері бар. Олар:
- профессор Б. Б. Баймұхановтың еңбектерінде оқыту үдерісінде компьютерлік технологияларды енгізу мəселелері қарастырылды, осының негізінде оқыту үдерісінде əртүрлі бағдарламалық құралдарды қолданудың əдістемесі жасалған ( Б. Д. Сыдықов, Р. С. Шуақбаева, Р. Б. Бекмолдаева, А. Ө. Байдыбекова жəне т.б.);
- профессор Е. Ы. Бидайбековтың еңбектерінде студенттерді ақпараттық технология құралдарын қолдануға əдістемелік тұрғыдан дайындау, информатика пəнін оқыту жəне информатик мамандарды дайындау мəселелерімен айналысқан (Ж. Қ. Нұрбекова, Г. Ж. Ниязова, Ш. Шекербекова, А. Ибашова, Э. А. Абдукаримова жəне т.б.) [13];
- профессор Ж. А. Қараевтың еңбектерінде ақпараттық-қатынастық технологияны жалпы орта мектептің оқу үдерісінде пайдалану, орта жəне жоғары оқу орындарында информатиканы оқыту мəселелері қарастырылған (М. Б. Есбосынов, Ж. С. Сардарова, С. Т. Мұхамбетжанова, Б. Т. Абықанова жəне т.б.) [14];
- профессор Г.Қ.Нұрғалиеваның еңбектерінде білім беруді ақпараттандыру жағдайында электрондық оқулықтарды дайындаудың педагогикалық негіздері мен түрлі оқыту мақсатындағы бағдарламалық құралдарды жасау мəселелері қарастырылған [15]. Білімді ақпараттандырудың педагогикалық тұжырымдамасын Д. М. Жүсіпалиева, Ш. Т. Абишева, Ш. Х. Құрманалина, Г. Б. Ахметова, А. С. Қадырова, А. І. Тəжіғұлова жəне т.б. өз еңбектерінде анықтады.
Б. Баймұханов, Б. Д. Сыдықов өздерінің Компьютерлік оқу əдістемелік кешенді құрудың негізгі дидактикалық принциптері деп аталатын еңбектерінде былай дейді: заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып білім берудегі дараландыру проблемаларын шешуде жаңа мүмкіндіктер ашады.
Н. Е. Исабек зерттеу жұмысында студенттерді компьютерлік графиканы кəсіби іс-əрекеттерде пайдалануға даярлау жүйесін жасау жəне оны жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын айқындаған.
Б. Т. Абыканова Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары атты диссертациялық жұмысында егер оқушылардың танымдық іс-əрекетіне компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері тиімді пайдаланылса, онда оқушылардың оқу мотивациясы мен танымдық белсенділігі артып, шығармашылықпен əрекет жасау дағдылары дамитынын, сөйтіп білім сапасының артатынын анықтаған.
А. Б. Медешова Бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін ақпараттық технология арқылы дамытудың педагогикалық шарттары атты диссертациялық жұмысында егер бастауыш сынып мұғалімдері оқытудың ақпараттық технологиясын қолдану əдістемесімен қаруланып, оны нəтижеге бағдарланған білім беру үдерісіне пайдаланса, онда бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігінің дамуы жаңа сапалық деңгейге көтеріледі, өйткені ақпараттық технологияны қолдану бастауыш білім мазмұнын тиімді меңгеруге ықпал ететінін дəлелдеген [16].
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының әдебиеттік оқу пәніне қызығушылығын мультимедиялық құралдар негізінде арттыруды теориялық тұрғыдан анықтау және оны пайдалану әдістемесін мазмұндау.
Зерттеу нысаны: бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: Әдебиеттік оқуды оқытуда оқушылардың білім деңгейін, зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін мультимедиа құралдарын қолдану әдісі.
Зерттеудің міндеттері:
- Білім беру үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық-дидактикалық мәселелерін талдау;
- Ақпараттық технологияларды оқыту және көрнекілік құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздерін сипаттау;
- Оқушылардың әдебиеттік оқу пәнінен білімдерін арттырудағы компьютердің рөлін айқындау.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, Қазақстан Республикасы бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, орта (бастауыш) білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы, бастауыш мектептің пәндік оқу бағдарламалары, педагог және әдіскер ғалымдардың зерттеу мәселесіне қатысты іргелі еңбектері.
Зерттеу әдістері: қарастырылып отырған зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін айқындау мақсатында психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерделеу және оларға талдау жасау;Ақпараттық технологиялар ұғымына талдау жасау;компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздеріне талдау жасау;зерттеу мәселесі бойынша ғылыми, психологиялық- педагогикалық, әдістемелік және арнайы әдебиеттерді оқып үйрену және оларға талдау;әдебиеттік оқу пәнін оқытуда компьютерді қолдануға арналған әдістемесіне ұсыныстар жасау. Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, әр тарау екі тақырыпшадан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
1 Білім беру үдерісінде мультимедиялық құралдарды пайдаланудың педагогикалық-дидактикалық мәселелері
1.1 Білім беру үдерісінде мультимедиялық құралдарды пайдаланудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Болашақтың іргесін бірге қалаймыз атты жолдауында [17]: Сапалы білім беру Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуының негізі болуы тиіс деп атап көрсетілгендей қазіргі кездегі білім беру жүйесі әлемдік өркениет көшіне сай, жан-жақты, ақпараттық-коммуникациялық, соның ішінде мультимедиалық технологиялармен қамтамасыз етілуі керек.
Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі оқушының оқу-танымдық әрекетін басқарудың негізгі бір буыны мультимедиялық құралдарды таңдау.
Ең алдымен, ұлы дидактик Я.А.Коменский Алтын ережеге балаған көрнекілік ұстанымының талаптарына толық жауап бере алатын мультимедиалық құралдар ұғымдарын қарастырайық. Олай болса мультимедиа ұғымына талдау жасап көрейік.
Мультимедиаға зерттеуші ғалымдар түрліше анықтама береді:
Мультимедиа - әр түрлі типті ақпараттарды компьютердің ұсыну мүмкіндігін дамытатын және адамның мультисенсорлық табиғатына негізделген технология (D.Little) [18].
Мультимедиа - екі не одан да көп типті ақпараттарды интерактивті формада біріктіру (D.H.Jonassen) [19].
Мультимедиа - әр түрлі формада ұсынылған ақпараттарды біріктіруге мүмкіндік беретін компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралдары кешені (И.И.Косенко) [20].
Мультимедиа - графика, гипермәтін, дыбыс, анимация, бейнемәліметтерді пайдалануға мүмкіндік туғызатын аппаратты-бағдарламалық құрал (И.Вернер) [21].
Мультимедия әртүрлі типті ақпарттарды өңдеу мен ұсынудың тиімді құралы болып табылады. Мультимедиа термині латын тілінің multy (көп) және media (орта) деген сөздерінің бірігуінен құралған. Сондықтан да, мультимедиалық жүйеге арналған оқулықтарды, ғылыми еңбектерді саралай келе бұл терминге ақпараттық орта деген мағына беруге болады. Ал ақпарттық орта түсінігін белгілі бір ортада ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ақпаратты ұсыну мен өңдеуге бағытталған арнайы ұйымдастырылған үдеріс деп қабылдай аламыз.
Мультимедиа - компьютерлік графикамен, суреттермен, бейнеақпараттармен, анимациямен, мәтіндермен, жоғары сапалы дыбыстармен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін интерактивті жүйе. Ол бірнеше мағынада қолданылу мүмкін.
әртүрлі типті ақпарттарды өңдейтін құралдарды жасаудың, пайдаланудың тәртібін анықтайтын технология;
әртүрлі типті ақпарттарды өңдеу мен ұсыну технологиясы негізінде құрылған ақпарттық ресурс;
түрлі типті ақпарттарды өңдеу мен ұсынуға мүмкіндік беретін компьютерлік бағдарламылық жабдық;
пайдаланушыға барынша тиімді әсер ету мақсатында түрлі бағдарламлық және техникалық құралдарды пайдаланатын ақпараттық технологиялар спектрі.
Мультимедиа - графика, гипермәтін, дыбыс, анимация, бейнемәліметтерді пайдалануға мүмкіндік туғызатын аппаратты-бағдарламалық құрал (И. Вернер).
Әдетте, мультимедиа жарнамалық бизнесте, компьютерлік ойындар жасауда кең қолданылады. Оның қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауда және басқа да оқып үйренуге арналған электрондық материалдарды дайындауда көп пайдаланылады. Мультимедиалық материалдарды жасау және оны пайдалануға байланысты мультимедиалық технологиялар ұғымы пайда болды.
Мультимедиалық технологиялар - әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын технологиялар (әдістер мен тәсілдер) жиынтығы. Оны оқу үдерісінде пайдалану бағдарламалық қамтамасыздандыру мүмкіндіктерінің көрнекі көрсетілуіне мүмкіндік беріп оқытудың тиімділігін жоғарылату әсерінен ақпарттық технологиялардың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді.
Сонымен, мультимедиалық технологияларды оқу үрдісінде қолдану оқу ақпаратын көрнекті етеді, оны оңай және тез қабылдап меңгеруге жол береді. Демек, білім берудегі мультимедиа - біріншіден, таным үдерісінің жоғарылауына септігін тигізетін, екіншіден, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын дидаұһктикалық аппаратты-бағдарламалық құрал.

Мультимедиалық технологияларды білім беруде қолдану мынадай педагогикалық мақсаттарға бағытталады:
Ақпараттық қоғамда студенттің, оқушының тұлғалық іс-әрекетін
дамыту:
жеке тұлғаның ойлау деңгейін жоғарылату, оның бойында білім қорын
қалыптастыру мақсатында психологиялық-педагогикалық әрекеттер қарқынын арттыру;
қабылдау, есте сақтау секілді іс-әрекеттерді жүзеге асыру іскерлігін
қалыптастыру және дамтыу;
имитациялау, модельдеу үдерістерін ұйымдастыру негізінде студенттер
мен оқушылардың экспериментті-зерттеушілік қызметтерді орындау ебдейлігін қалыптастыру.
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі оқыту үдерісінің барлық деңгейін
жандандыру:
Мультимедиалық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану
есебінен оқыту үдерісінің тиімділігін, сапасын арттыру;
Түрлі пәндік ортада ақпарат өңдеу құралдарын пайдалану арқылы
пәнаралық байланысты тереңдету;
Мультимедиа-ресурстарды тиімді пайдалану негізінде ашық білім беру
идеясын дамыту.
Мультимедиалық технологияларды тиімді пайдалану үшін оның психолгиялық-педагогикалық шарттарын қатаң бақылауда ұстау керек.
Оқу материалдарын тұлғаның қабылдау ерекшеліктерін ескеру.
Экрандық оқу материалдарының студенттер мен оқушылардың
эмоциясына әсерін бақылау.
Оқу материалдарын пайдалану кезінде тұлғаның ойлау қабілетін
арттыруға қозғау салу.
Экрандық оқу материалдарын пайдаланудың қалыпты деңгейін
студенттер мен оқушылардың ойлау жүйесіне күш түсірмейтіндей деңгейде сақтау.

Мультимедиа құралдарына оқыту үдерісінде әртүрлі типті ақпараттарды ұсынушы кез келген оқыту құралдарын жатқызуға болады:
дыбыстық құралдар (CD-ойнатқыш, магнитафон, т.б.);
телерадио жүйелері (телеқабылдағыш, радиоқабылдағыш, оқыту
теледидары, DVD-ойнатқыш, т.б.);
проекциялық құрылғылар (графопроектор, мультимедиалық проектор,
оверхед проектор, бейнепроектор, интерактивті проектор);
интерактивті тақта;
ақпарат көбейткіш құралдар (микрофильмдеу құралдары, ксерокс,
ризограф)[22];
аннимация
графика
Бейне ақпарат
Мультимедиа
мәтін
кесте
дыбыс
сұлба
сурет
Сурет 1 - мультимедианы құрайтын әр түрлі типті ақпараттар
Компьютерді ақпараттану және есептеу техникасы негіздері пәнін оқыту үдерісінде қолдануда ғана емес, басқа да пәндерді оқытуда пайдаланудың жақсы нәтижелер беретіндігін дәлелдейтін біршама еңбектер, зерттеулер бар.
Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруде халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ.
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) шешімімен XXI ғасыр- ақпараттандыру ғасыры деп аталады.
Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтар соның нәтижесі. Бүгінгі білім беру үдерісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру - ақпараттық қоғам дәуірінің негізгі көзі.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, мультимедиялық құралдарды өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
ҚР Білім туралы заңында Білім беру жүйесінің басты міндетi - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқыту және тәрбие берудегі жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпарттандыру, - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген[23].
Білім беру жүйесін ақпараттандыру - қоғамның маңызды бағыттарының бірі. Ал бұл өз кезегінде білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үрдістің құралдары мен әдістерін, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін бір - бірімен тығыз байланыста өсіруге және олардың тиімділігі мен сапасын көтеруге, жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайында өмір сүруге дайындауға пайдалану[24].
Мультимедиялық құралдар ұғымы қазіргі қолданыстағы оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары, қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары, компьютерлік оқыту технологиялары және т. б, тіркестермен тығыз байланысты. Қазіргі білім саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан - жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерту мұғалімнің зейін - зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани т. б, көптеген ұстаздық қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден меңгереді, үшіншіден тәжірибеде қолданады, төртіншіден оны дамытып нәтижесін көрсетеді.
Жалпы, Ақпараттық технология термині ғылымда XX ғасырдың 4050 жылдары пайда болған, оны Америкада XX ғасырдың басында дидактиктер оқуға арналған медиа (instructional media), оқыту машиналары (teaching machines), оқытуды автоматты түрде басқару (programmed instruction) сияқты ұғымдармен атаған.
Ғылыми әдебиеттерде Ақпараттық технология ұғымына төмендегідей түсінік береді:
Ақпараттық технологиялар - бұл ақпаратты қайте өңдеумен байланысты үдерістер. Оқыту үдерісінің өзінде оқушыға үнемі ақпаратты беру және соған байланысты кері әрекеттер жүзеге асырылады.
Әдіскер В.Апатова, Ақпараттық технология анықтамасын былай деп кеңейте түседі- Ақпараттық технологиялар дегеніміз ақпаратты қайта өңдеу үдерісін жүзеге асыратын құралдар мен әдіс-тәсілдердің жиынтығы. Ақпараттық технология - ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық - технологиялық құралдардың жиынтығы. Сондықтан да ақпараттық технология ұғымы бір жағынан техникалық құралдарға қатысты болса, екіншіден оны меңгерту әдістемесімен де байланысты.
Д.Матрос Ақпараттық технология түсінігін қарастыра келе, кез келген әдістемелер мен педагогикалық технологиялар ақпаратты оқушыларға қайта өңдеуді ұсынатынын атап көрсетеді, демек, оның анықтамасы бойынша кез келген педагогикалық технология - бұл ақпараттық технология.
Ғалым Г.К.Селевко өз еңбегін оқыту үдерісіндегі компьютердің маңызына арнаған, ол ...оқыту үдерісінің технологиялық негізін ақпарат пен оның өңделуі құрайтындықтан, кез келген педагогикалық технология - бұл ақпараттық технология деп көрсетеді.
Г.Д.Жангисинаның анықтауы бойынша оқытудың қазіргі заманғы ақпараттық технологиялары оқытудың қазіргі заманғы технологияларын бағдарламалық-әдістемелік жағынан интерактивті түрде қолдауды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс, бағдарламалардың инструменталдық құралдарының жиынтығы[25].
Белгілі ғалым Е.Ы.Бидайбеков Ақпараттық технология дегеніміз - технологиялық тізбекке біріктірілген, ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, шығару және тарату әрекеттерін қамтамасыз ететін өндірістік және программалық-техникалық құрылғылар мен әдістер жиынтығы деген пікір білдіреді.
Ал, С.М.Кеңесбаев Білім берудi ақпараттандыру - бiлiм беру саласының теориясы мен практикасына ақпараттық-коммуникациялық технологияны жанжақты пайдалану және оқыту мен тәрбиелеудiң психологиялық - педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда оның мүмкiндiктерiн қолдану үрдісі деген тұжырым жасай келе, білім беруде жаңа ақпараттық технологияны пайдаланудағы болашақ мұғалімнің даярлығын теориялық негіздеп, жаңа ақпараттық технологияны пайдаланудағы мұғалім даярлығы ұғымын және педагогикалық қызметке даярлықтың бірнеше деңгейін ұсынады[26].
Демек, оқыту үдерісіндегі қолданылатын ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық - технологиялық құралдардың жиынтығы ақпараттық технологиялар деген анықтамаға ие болады.
Сонымен, шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулерін талдай келе, біз мынадай анықтаманы ұсынамыз: Ақпараттық технология дегеніміз - мәліметтерді әртүрлі деңгейде, әртүрлі нысанда ұйымдастыруға қолайлы, жылдамдығын бірнеше мәрте арттыруға, қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға мүмкіндік беретін, технологиялық тізбекке біріктірілген, ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, шығару және тарату әрекеттерін қамтамасыз ететін өндірістік және бағдарламалық-техникалық құрылғылар мен әдістер жиынтығы[27].
Мультимедиялық технология құралдары - компьютерлік техника мен желілерді қолдану негізінде ақпараттық үрдістерді жүзеге асыруға бағытталған аппараттық (компьютер, интерактивтік тақта, принтер, проектор, телекоммуникациялық блок, пернетақта және тышқан, компьютер құрылғыларын басқару) және программалық құралдар (интернет, виртуалды конструкторлар, жаттықтырғыштар, компьютерлік тест программалары, электрондық басылымдар, басқарудың ақпараттық жүйелері)[28].
Мектеп оқушыларын оқытуда мультимедиа технологияларын пайдалану психологиялық жəне педагогикалық тұрғысынан маңызды бірнеше мəселелерді туындатады. Мұндай аспектілердің бірі мұғалімдер мен оқушылардың мультимедиалық ресурстар мен компьютерлік техникамен қарым-қатынасының психологиялық қырларын анықтауда болып табылады.
Философияда жəне психологияда адамның іс-əрекетінде өңдеуші құралдарды пайдалануын, адамның дамуының негізгі шарттары жəне көрсеткiшінiң бiрi деп есептейдi.
Іс-əрекет құралдарын жетілдіру, оның мамандануы, шаблондық операцияларға бөлінуі жəне олардың əрі қарай автоматтануы жəне т.б., сонымен қатар онымен байланысты еңбекті бөлу адам өркениетін дамыту деңгейінің маңызды жəне айқындаушы сипаттамалары болып табылады.
Дəл осы үдерістер еңбектің өнімділігін арттыруға, өнімнің шығарылымын көбейтуге, оның сапасын жақсартуға, өзіндік құнының төмендеуіне жəне т.б белгілейді. Генетикалық іс-əрекет бастапқы формалары, субъекттің іс-əрекеті іс-əрекет құрылымы туралы біртұтас түсінікті құрайды, оған қатысты əрекеттер мен операцияларды орындай алады.
Бұл тұтастықты мамандандыру жəне автоматтандыру бөлшектейді, субъект өздері орындаған жеке əрекеттер нəтижесінде саналы түсінеді жəне іс-əрекетті бақылайды. Сондықтан кез келген өндірістік саланы автоматтандыру жағдайында бірқатар жұмысшылардың шығармашылық еңбегінің үлесін арттыру басқа жұмысшылар орындайтын жаңа іс-əрекет түрінің пайда болуымен сүйемелденеді.
Адамның ақыл-ой іс-əрекетін автоматтандыру ұзақ уақыт біраз ауқымды болды. Ежелгі Грецияда жəне Римде, арифметикалық есептеулер үшін қолданылған Абак XVIII ғасырға дейін батыс Европада пайдаланылды. Өткен ғасырда пайда болған электронды есептеуіш машина əзірше терең жəне жан-жақты теориялық тұрғыдан түсіндірілмеген, ақыл-ой іс-əрекетіне үлкен төңкеріс жасады. ЭЕМ-ді қолдану нəтижесінде қоғамдық тəжірибені сақтау, қайта өңдеу жəне тасымалдау түпкілікті өзгерді, сондықтан ғалымдардың компьютерлендіру жəне қазіргі ақпараттық технологиялар адам психикасының фукционалдық жəне онтогенетикалық даму табиғатында жаңа кезеңді ашады деген тұжырымы дұрыс. Мұның нəтижесінде ақыл-ой іс-əрекетінің құрылымы мен стилінің өзгеруі мүмкін. Мұның салдарынан бір салада жұмыс істейтін мамандардың өзара қарым-қатынас жағдайларыда өзгереді.
Субъекті іс-əрекетінің адам-компьютер-мультимедиа-ресурс тар жүйесіндегі кейбір аспектілерін қарастырамыз. Жасанды интеллект мəселелерінің философиялық жəне психологиялық сұрақтарымен айналысушы, белгілі ресейлік психолог О. К. Тихомиров, адамның іс-əрекетіндегі ЭЕМ- ның орны мен рөлін талдай келе, келесідей тұжырымдаған: біз үшін ЭЕМ басқа машиналар тəрізді, яғни, адамның қолымен жасалған адам миының органдары. Егер машинаның двигателін қалыптастыру кезеңінде энергияның үлкен шығынын қажет ететін жұмыс жасау барысындағы адам іс-əрекетінің құралдары негізге алынса, онда компьютерлерді дамыту кезеңінде адамның ақыл-ой іс-əрекетін негізге алынды. Ақыл-ой іс-əрекеті өзінің құрылымын сақтайды, бірақ құралдың өзі жаңа болып табылады. Олай болса ЭЕМ-ның адамның ақыл-ой үрдісін дамытудағы əсері туралы мəселе келесідей қайта тұжырымдалуы қажет: ақыл-ой үрдісінің компьютердегі белгілерден қандай айырмашылығы бар? Жаңа құрал ақыл-ой үрдісінің құрылымына жаңа өзгерістер енгізе ала ма? Басқаша сөзбен айтқанда адамның жоғары психикалық үрдістерін дамытудағы жаңа кезең деп ерекшелеуге бола ма? Ол адам, компьютер жəне мультимедиа ресурстарының ақыл-ой еңбегі саласындағы өзара қатынасын сипаттауда үш негізгі тұжырымды ерекшелейді: орналастыру теориясы, толықтыру теориясы жəне түрлендіру теориясы.
Орналастыру сəйкесінше компьютердің программалық қамтамасыз етілуі пайдаланушыны қандай да бір пəндік саладағы бірқатар нақты есептер топтарының шешілу алгоритімін білуден босатады. Пайдаланушыға оған қызықты шешімді алу үшін компьютерге есептің шартын механикалық тұрғыдан енгізу жеткілікті.
Бұл есепті шешудің формалданған процедурасы, толықтай алгоритмі басқа мамандармен, яғни, программистермен дайындалады, сəйкесінше компьютерге енгізілетін программа құрылады; пайдаланушы тек қана оны меңгермей-ақ компьютер жадында сақталған алгоритмді қолданады. Машина мен адамның өзара əрекетінде пайдаланушының əрекеті сыртқы, яғни, процедураны меңгеру қажет емес.
Алгоритмнің əзірлеушілері жəне программистер осы формалдық рəсімнен босатылмайды, керісінше, олар əдейі формалдауды жасайды, сондай-ақ өнімді пайдаланушыларды есепті қайта шешу қажеттілігінен босатады. Бұл адам іс-əрекетінің жаңа формасы ретінде сонымен қатар еңбекті жаңадан бөлу ретінде ұтымды мүмкіндік.
Толықтыру бір есепті адам мен машинаның бірлесіп шешу жағдайында орын алады. Мұнда ЭЕМ алдын ала адамдар шешкен кейбір жеке есептің шешімін өзі орындай алады. Компьютер ақпаратты қайта өңдеудегі адамның мүмкіндіктерін толықтырады, сондай-ақ қайта өңдеудің көлемі мен жылдамдығын арттырады.
Ақпараттандырудың нəтижесі ретінде онтогенетикалық дамудағы мүмкін болатын өзгерістерді сипаттай келе, О. К. Тихомиров былай деп жазады: Компьютердің пайда болуымен қоғамдық тəжірибені сақтау формасы (электронды ми, мысалы, кітапхананың орнына), мұғалім-оқушы компьютерді басқаратын, меңгеру үрдісі, сонымен қатар меңгеру үрдісінің мазмұны (компьютерлерді қолдануға байланысты процедураларды меңгеру мүмкіндігі) өзгереді. Сондай-ақ Д. Ликлайдерге сілтеме жасап, ол адам тек қана серіктес қана емес, ойынды бастаушы көшбасшы ретінде деп тұжырымдайды. Сонымен қатар бұл мəселе адам мен компьютердің жəне мультимедиа-ресурстар арақатынасының түрлі типтері болуына байланысты нақты талдауды қажет етеді. Кейбір жағдайда, мысалы, оқытуда көшбасшылық компьютерге ауысуы мүмкін, ол оқушыға есепті тізбектей ұсынады жəне оның шешімін бағалайды. Оқытушы мультимедиа-ресурстардың қызықты нұсқасы - сократтық программа, онда оқушыға қойылатын сұрақтар сабақ барысындағы диалогпен қарым-қатынас негізінде орындалады. Бұл жағдайда диалог дербестендірілген, сондай-ақ оқушының ісəрекетін ерекшелендіруге қабілетті.
Кеңірек қарастырғанда компьютер педагогикалық үрдістің көшбасшысы - мұғалім іс-əрекетінің құралы. Сонымен қатар мұғалім мен оқушының рөлі мен позициясы əртүрлі. Яғни, адам субъект немесе компьютерлендірілген жүйелердің əрекет етуші объектісі рөлін атқаруы мүмкін.
Ақыл-ой іс-əрекетінен басқа ағымдағы компоненттерінен оқушыларды оқыту үдерісінде мультимедиа-ресурстарын пайдаланудың келесідей психологиялық артықшылықтарын ерекшелеуге болады:
1. Визуализация. Графикалық ақпаратпен жұмыс, сонымен қатар белгілік материалдармен жұмыс көрнекілік ойлау ресурстарын мобилизациялауға мүмкіндік береді.
2. Ойдың сурет немесе схема түрінде материалдануын жылдамдатады.
3. Жағдайдың түрленген шаблондарымен компьютерден алынған нəтижелерді жылдамдату жəне арттыру.
4. Компьютер арқылы орындалатын іздеу əрекетін жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейтеді.
5. Күрделі іс-əрекеттің аралық кезеңіне (компьютердің жадын қолдана отырып) қайта оралу мүмкіндігін береді.
6. Бір немесе бірнеше объектіні бірнеше көзқарас тұрғысынан бір кезеңде қарастыру, объектіні түрлендірудің бірнеше нұсқасын салыстыру мүмкіндігі.
Компьютер жəне мультимедиа ресурстардың пайда болуымен оқушылар мен мұғалімдер арасында жаңа қарым-қатынас түрі туындайды. Бұл ойды ашып қарастыра отырып, О. К. Тихомиров былай деп жазады: ақыл-ой іс-əрекетінің өзгерісіндегі маңызды фактор ЭЕМ желісін жасау болып табылады... Бұл даму жағдайын адаммен ЭЕМ-нің дербес өзара əрекетінен адамдар тобы мен ЭЕМ тобымен өзара əрекетіне көшу ретінде сипаттауға болады, сондай-ақ адамдар арасындағы қарым-қатынас ЭЕМ-мен əрекетті басқарады. Топтық симбиоз... туындайды. Бұл жаңа жүйе жұмысының тиімділігінің жоғары деңгейде артуы, қарапайым ішкіжүйенің санын арттырудан көбеймейді, сонымен қатар есепті шешуге қажетті мəліметтермен алмасуды тездетуде, ойлау деңгейі əртүрлі адамдар жұмысының гармониялық үйлесімділігін арттыруда.
Адам-компьютер-мультимедиа-ресурс жүйесіндегі оқушы ісəрекетінде, жеке ақыл-ой əрекетінде басқа ойлау стилі қалыптасады. Бұл факт бақыланады. Мысалы, соңғы жылдары анықтаманы, дəлелдеуді жəне т.б. оның мағынасын түсінбей айтатын жəне бұдан ешқандай кемшілігі бар екендігін сезінбейтін оқушылар саны артты. Есепті детальды түрде бөлшектеп қарастырудан оқушы босайды да, яғни есепті шешу алгоритмі тек қана компьютерге белгілі, мұндай жағдайда оқушы есептің шешу тəсілін іздеу үдерісінде кездесетін көптеген шығармашылық кезеңдерден өтпейді, бұдан шығармашылық іс-əрекетінің тəжірибесінің маңызды компоненттерін меңгермейді.
Сондықтан жалпы орта білім беруде қазіргі ақпараттық технологияларды жəне мультимедиа-ресурстарын пайдалана отырып, адам мен компьютердің интербелсенді өзара əрекетінің шығармашылық деңгейі адамның интеллектуалдық деңгейі мен мазмұнымен анықталады. Бұдан адам мен мультимедиа-ресурстарды біріктіретін өзара əрекеттің негізінде тұлғалық білім жүйесі жататындығын білдіреді.
Оқу іс-əрекетінде оқушылардың белсенділігі мен өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің артуы көп жағдайда оларда мультимедиа-ресурстарының тартымдылық жəне функционалдық мүмкіндіктері салдарынан туындайтын компьютерге деген тікелей қызығушылықтың бар болуымен байланыстырылады. Алайда, мұндай қызығушылықтың болуы əр кезде де болашақта оқу іс-əрекетіндегі шынайы мақсатқа жету құралы ретінде компьютерге деген жанама қызығушылықтың қалыптасуына кепіл бере алмайды.
Бұл жағдайда, негізінен, барлық тірі ағзаларға тəн күшті үнемдеу қағидасы орын алады: Интернет желісінен жүктелген дайын жобалар, рефераттар, курстық жұмыстар жəне т.б. мультимедиа-ресурстар мектепте үйреншікті жағдайға айналды.
Жалпы білім беретін жоспарда маңыздылығы төменірек топтық жəне жеке жобаларды даярлау кезінде мультимедиа-ресурстарын шамадан тыс көп қолдану белгілі бір қауіп төндіреді.
Ал, енді, кейбіреулер үшін компьютер жай ғана қызықты ойыншық ретінде қабылдануы мүмкін, бұл кезде оқыту үдерісінде жиі кездесетін ойынға тойған оқушыларды да еске алуға болады.
Компьютер мен мультимедиа-ресурстары оқушыларды қалыптастыру мен дамытудың (тұлға ретінде; таным, практикалық іс-əрекет, қарым-қатынас субъектісі ретінде) қуатты құралы болуымен қатар, керісінше, шаблондық ойлау, іс-əрекетке деген формальды жəне ықылассыз қарым-қатынасты қалыптастыруы мүмкін.
Сондықтан да жалпы орта білім беруде мультимедиаресурстарының келешегін қарастырған кезде пəндік оқытудың рөлі де, өз пəнін жақсы білетін жəне оқушыларының оқу-танымдық іс əрекеттерін дамытуды басқара алатын мұғалімнің рөлі де төмен түсірілмеуі керек. Тек мұғалімді одақтас етіп, оны қарапайым мектеп сабағында қолдануға болатын арнайы мультимедиа-ресурстарымен, оларды қолдану əдістемесімен қаруландырып қана педагогикалық технологиялардың жаңа технологиялық негізінде ойдағыдай дамуға үміттенуге болады.
Оқушыларды оқыту үдерісінде мультимедиа технологияларын қолдану əдетте төрт негізгі бағытта қарастырылады:
- компьютер мен мультимедиа технологиялары зерттеу объектілері ретінде;
- компьютер мен мультимедиа технологиялары оқу ақпаратын бейнелеу, сақтау жəне өңдеу объектілері ретінде;
- компьютер оқушылардың өзара оқу əрекеттестігін ұйымдастыру құрылы ретінде;
- компьютер оқушылардың оқу іс-əрекетін басқару құралы ретінде.
Мультимедиа əр түрлі ақпаратты бейнелеу формасы ретінде оқу іс-əрекетін ұйымдастыру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Мультимедиа-ресурстар визуалдық формада көрсетілген ақпарат бөлігін кеңейтумен байланысты мұғалімдерге оқу материалын (түрлітүсті динамикалық иллюстрациялар, дыбыстық сүйемелдеу, тірі сабақтар үзінділері жəне т.б.) ұсынудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Ақпаратты алу, сақтау жəне өңдеудің электрондық тəсілдері оқу іс-əрекетінің жаңа түрлерін береді (оқу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz