МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ . . . 7

1. 1. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамытуда дидактикалық материал пайдалану теориясы . . .

1. 2. Мектепке дейінгі бала үшін дидактикалық ойынның маңызы . . . 11

1. 3. Дидактикалық материалды пайдалану тәсілдері . . . 16

ІІ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫННЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ . . . 20

2. 1. Ересек топтағы балаларға арналған дидактикалық ойын түрлері . . .

2. 2. Дидактикалық ойын бойынша жүргізілген практикалық зерттеу жұмысы . . . 24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 29

Кіріспе.

Сапалы ұрпақты өсіру әсіресе, психология ғылымының дамуына ерекше көңіл аударуды талап етеді. Психологияны дамыту арқылы өскелең ұрпақты өз дәрежесіне әлем елдеріне таныту бұл біздің әрбір азаматтың міндеті. Психолого-педагогикалық қызметте негізгі әрекет түрі баланың логикалық психикалық дамуы болып табылады. [1] Мұнда баланы тәрбиелеу процесіндегі шығармашылық дамыту ойын әрекетімен тығыз байланыста болуы тиіс. Қоғамның болашақ азаматын өсіру үшін отбасы, қоғамдық орындар, қоршаған ортаның тигізер ықпалы ұшаң-теңіз. «Үлкендер өсіп келе жатқан балдырғанға адамгершілік сезімдерін дер шағында дарыта беру үшін оны қоршаған ортасында көңілді, қуанышты жайларды жасай білуі шарт»-дейді Е. А. Аркин. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың ең басты іс-әрекеті болып табылады. Атап айтқанда ойын арқылы балалар өмірді таниды, ойын оларды үлкен өмірге дайындайды. Сонымен қатар баланың шығармашылық дамуында маңызы өте зор. Ойын мәнін балалық шақтан есейген шаққа өтетін көпір ретінде сипаттауға болады. [2] Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың іс-әрекетінің дамуы үшін, тәрбиелеу үшін де ойынның мәні өте зор. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озган, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады. Ойын дегеніміз - адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан - ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма» деп халқымыз айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмір танымы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. [3] Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның айрықша маңызы бар: ойын олар үшін - оқу, ойын олар үшін - еңбек, ойын олар үшін - тәрбиенің мықты формасы.

Дидактикалық ойындардың мақсаты:

1. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру;

2. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру;

3. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды тиянақтау және бекіту;

4. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қайталау және пысықтау;

5. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды тексеру.

Дидактикалық ойынның міндеті:

1. Баланың қызығушылығын туғызу;

2. Баланың белсенділігін арттыру.

Балабақшадағы тәрбиелеу - оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс - әрекет кезіндегі тілдік қарым - қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Ойын - мектепке дейінгі балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі. Тәрбиешінің негізгі міндеттерінің бірі - бала ойынына басшылық ету, мазмұнды-рольдік ойындарды қадағалау, тәрбиелік мәні бар ойындар ұйымдастыру. Сонымен бірге әр баланың шығармашылық бастамасын, көңілдегі ойды өздігінен жүзеге асыра білуін, ойынның мазмұны мен шартына сәйкес өзін-өзі ұстай білу қабілетін, жолдастарына сыпайы, достық ықыласпен қарау сезімін дамыту болып табылады. [4] Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: «Дүкен». «Аурухана». «Ұшқыштар». «Отбасы», «Балалар бақшасы» жене т. б. болып ойнайды. Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым- қатынастарының дамуын, көп жақтылығын жене өзара байланысын анықтайды, мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез -құлкы мен өзара карым қатынастарын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты - ойын. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызметін меңгерту, отанымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып саналады. Танымдық белсенділікті психологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. [5] Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс-әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді. Танымдық белсенділік баланың психологиялық- денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды. Барлық психикалық танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады. Барлық танымдық процестер үрдістердің қасиеттері мен қатар бір-бірімен сипатын анықтай отырып, олармен бірге және тығыз байланыста болуып бірізділікте жүреді. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады. Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау арқылы ғана заттардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларда бар себептерді табады, келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай алады. Сондықтан тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсауы керек. Өйткені дұрыс ойлау ұрпақтан ұрпаққа табиғи түрде беріледі, оның үстіне тәжірибе арқылы да қалыптасады. Адамдарда тану екі негізгі формада жүзеге асады: сезімдік тану формасы және абстракциялық ойлау формасы. Сезімдік тану, түйсік, қабылдау, елестету сияқты жолдармен көрініс табады, оның көмегімен біз заттардың жеке қасиеттерін ажыратамыз. Сезімдік тану - бұл тек ойлаудың бастапқы сатысы, адам дүниені түйсіне отырып қабылдайды. Сонымен ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын ойындар ұйымдастыру қажет. Ойын арқылы балалардың негізгі іс-әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне асырады. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл-ойы дамиды. Міне осыдан баланың логикалық ойлау, қиялдау қабілеті шыңдалады. Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі - логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді. Баланың бойындағы қабілетті ашу шығармашылық бағытта дамуына жетелейді. Осы орайда логикалық ойлау қабілетін дамытудың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың мынадай: «Заңдылықтар», «Нені отырғызу керек?», «Нені орналастырсам екен?», «Сыңарын табыңдар?», «Әзіл жұмбақтар», «Логикалық есептер», «Пішінді орналастыр» логикалық ойын түрлерін айтуға болады. Осындай ойындарды тапқырлықпен, ізденімпаздықпен орындаған балалардың білімділік дағдылары қалыптасып жақсы нәтиже береді. [6] Мектепалды даярлық, балаларының логикалық ойлауларын дамытудың негізгі кезеңіне жатқызуға болады. Өйткені балалардың ойлары осы кезде нақты- бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды. Сондықтан мектепалды даярлықта балалардың ой - өрісі қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өздерінің ойларын дәлелдеуге үйрене бастайды. Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйе - логикалық ойлануға сүйенеді, - дейді Ғ. Жолтаева. Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз - қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек қателеспейміз. . Оны жүйелі түрде шыңдау тәрбиешінің басты міндеті. Педагогика және психология зерттеулері бойынша балалық шақ - баланың жеке тұлға болып өзін-өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек адамгершілік қасиеттер, ақыл -ойы, логикалық және басқада қасиеттерін қалыптастырудың ең негізгі кезеңі болып табылады. [7] Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау, ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Бұл жөнінде М. Жұмабаев: «Ойлау - жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап істеу керек»- деген.

Зерттеудің мақсаты: Балаларға интеллектуалды ойыны арқылы балалардың тілін, қызығушылығын арттыру және ой тұжырымдау мен пайымдауларын жетілдіреді.

  • балалардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту;
  • қиялдарын ұштау;
  • тапқырлыққа жетелеу;
  • қызықты ойындар мен тапсырмаларды орындауға қызығушылығын арттыру.

Зерттеудің міндеттері:

  • балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету;
  • логикалық ойындар арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру;
  • балалардың математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.

Зерттеудің пәні:

Дидактикалық ойындардың оқу-тәрбие үрдісінде материалдарын пайдалану.

Зерттеу болжамы: баланың ойы, қабылдауы, дағдысы ең сақ, баланың ойы, кабылдауы, дағдысы ең алдымен сырттан болатын әсерлердің негізінде ішкі әсерлерді туғызып, қабылдау белсенділігін арттырады.

Зерттеу әдістері: Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі анализ, синтез, салыстыру, топтастыру жалпылау, тұжырымдау логикалық амалдарынан тұрады. Ойлаудың осы амалдарын қолдана алуынан балалардың оқу әрекетінің жемісі көрінеді.

І Мектеп жасына дейінгі бала тілін дидактикалық ойын арқылы дамыту

1. 1. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамытуда дидактикалық материал пайдалану теориясы.

Ойын арқылы балалардың негізгі іс -әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне асырады. [8] Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл- ойы дамиды. Міне осыдан баланың логикалық ойлау, қиялдау қабілеті шыңдалады. Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі - логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді. Баланың бойындағы қабілетті ашу шығармашылық бағытта дамуына жетелейді. Осы орайда логикалық ойлау қабілетін дамытудың өзіндік іс -әрекетін ұйымдастырудың мынандай заңдылықтар: «Нені отырғызу керек?» «Нені орналастырсам екен?» «Сыңарын табыңдар?» «Әзіл жұмбақтар» «Логикалық есептер» «Пішінді орналастыр» логикалық ойын түрлерін айтуға болады. Осындай ойындарды тапқырлықпен, ізденпаздықпен орындаған балалардың білімділік дағдылары қалыптасып жақсы нәтиже береді. Мектепалды даярлық, балаларының логикалық ойлауларын дамытудың негізгі кезеңіне жатқызуға болады. Өйткені балалардың ойлары осы кезде нақты -бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды. Сондықтан мектепалды даярлықта балалардың ой - өрісі қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өздерінің ойларын дәлелдеуге үйрене бастайды. Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз-қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек қателеспейміз. Оны жүйелі түрде шыңдау тәрбиешінің басты міндеті. Педагогика және психология зерттеулері бойынша балалық шақ - баланың жеке тұлға болып өзін - өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек адамгершілік қасиеттер, ақыл -ойы, логикалық және басқада қасиеттерін қалыптастырудың ең негізгі кезеңі болып табылады. Баланың ақыл -ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс -әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау, ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. [9] Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау аса күрделі психологиялық процесс. Бұлардың ішінде психология мен логиканың орны ерекше. Психология бірнеше жас ерекшеліктердің ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшелігі мен заңдылығын қарастырса логика -бүкіл адамзатқа ортақ ой-әрекет заңдары мен формаларын айқындайды, ол адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пайым, дәлел сияқты ой формаларының табиғатын зерттейді.

Ойынның бірнеше түрлері бар: қимыл- әрекеті, логикалық, ұлттық, грамматикалық, дидактикалық, рөлді- сюжетті. Тиімді қолданылған ойынның түрлері тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын, балалар зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, , балалардың аңсары ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыласпен орындайды. [10] Ойын кезіндегі баланың психикалық ерекшеліктері өзгереді, олар ойланады, ерік қасиеті артады, эмоциялық әсері пайда болады, қиял елестері дамиды, белсенділігі артады. Oйын түрлерін дидактикалық әдіс ретінде пайдаланудың маңызы зор. Бала ойын арқылы өзі өмір сүріп отырған белгілі бір әлеуметтік ортадағы норма мен әрекетті қабылдайды. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттермен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау деген балалардың өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі. Oйын түрлерін пайдалану балалардың ой-өрісін дамытуға әсер етеді. Тілдің дамуына да, ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т. б. үйренеді. Ойын арқылы ұйымдастырылатын сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті болады. Оқытудың түпкі мақсаты- оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге, оның әдіскерлік, танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру. Ойын түрін оқу үдерісінде пысықтау, жаңа сабақты пайдалану тиімді. Ойын түрі сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Баланың әдепті, көрегенді, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім. Ойын қызметінің тағы бір ерекшелігі- оның өз әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту. [11] Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту. Білім мен тәрбие бастауын балалар балабақшадан алады. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие саласы мамандарының алдында жан - жақты дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орыны бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Бүлдіршіндердің білімді, білікті, саналы болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытады. Ойын - баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы. Ойынның түрлері көп, қазақ тілін үйретуде театрландырылған ойындардың маңызы зор. Театрлық іс - әрекетте ертегілерді пайдалана отырып баланың ой - өрісін дамыту, сонымен бірге тыңдай білуге, есте сақтау, түсіну, рөлге бөліп, қазақша әдемі сөйлей білу мәнерін арттырамыз. Балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, қойылым, сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын оятамыз. Көріністерді өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілікті арттырамыз. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойын арқылы оқытудың арқасында дидактикалық ойын пайда болды. Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан, бұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет. Дамытуға бағытталған дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. [12] Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады, балалардың математика пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында дидактикалық ойындар; қазақ ақын-жазушыларының санға байланысты санамақтар, жаңылтпаштар; сергіту сәттері; іс-әрекеттің конспектісі берілген, не үшін ойынды ұйымдастыру керек және тәрбиешінің алға қойған мақсатына қалай жету деген сұрақтардың негізінде құрастырылған. Ойындардың тиімділігі көп жағдайда тәрбиешінің көңіл-күйіне де байланысты болады. Әр ойынды өткізген кезде тәрбиешіге шығармашылық қажет.

Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде балалармен өткізілетін математиканың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру іс-әрекетте ойынның мынадай түрлерін пайдалануға болады:

1) дидактикалық ойындар - логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамыту.

2) санға байланысты санамақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар - балалардың сандарды танып білуін, тілдерін жаттықтыру, есте сақтауын, ойлау қабілеттерін дамыту.

3) математикалық сергіту сәттері-кеңістікті бағдарлау, қимыл қозғалысты дамыту.

Ойын - ой қозғайды. «Баланың ойынын тыйғаның, ойлауын тыйғаның» деген қағида текке айтылмаған. Ойын төзімділікті, алғырлықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігін көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бірі. Ойын баланың санасын, ойын жетілдіріп, қиялын дамытады: бала қимылдарының дамуына әсер етіп, физиологиялық қалыптасуына жағдай жасайды. Сонымен бірге ойынды тәрбиеші мен балалардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады. Оқу үрдісінде біртіндеп ойын технологиясын жиі қолданған жөн. Ойынның жекелеген түрлері балалар санасының жетілуіне әртүрлі әсер етеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту
Үйлесімді сөйлеуді дамыту балалардың сөйлеу тәрбиесінің басты міндеті
Мектепке дейінгі қазақ тілін оқыту үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдер арқылы балаларды сөйлеуге үйрету
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуді дамытуда ойындарды қолдану және коммуникативті құзіреттілігін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы көрнекі - құралдар
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы тілдерін дамыту жолдары
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР
Тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылатын дидактикалық ойындарды пайдалану әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz