Кребс циклінің ферменттері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер



КІРІСПЕ
Көмірқышқылдардың лимон қышқылына дейін ашылуы. Қанттың лимон қышқылына айналуында зең саңырауқұлақтары, оның ішінде аспергиллус нигер негізгі роль атқарады. Сондықтан бұл микроорганизм техникалық жолмен қанттан лимон қышқылын алуда кеңінен қолданылады. Соңғы кездерге дейін лимон қышқылы лимон жемісінен алынатын. Онда 7 -- 9%-тей лимон қышқылы болады. Едәуір мөлшерде лимон кышқылын өндіру үшін көп мөлшерде лимон жемісі қажет болар еді және лимон қышқылын бұлай өндіру өнеркәсіп үшін экономикалық жағынан тиімсіз. Сондықтан да ғылым бұл мәселені микроорганизмдерді пайдалана отырып шешу керектігін ұсынды. Лимон қышқылын алу үшін алдымен аспергиллус нигерді құрамында 20% қанты бар, 0,3% азот қышқыл аммоний тұзы бар қоректік ортада +30 -- 32°-та өсіреді. Екі тәуліктен кейін бұл ортаның бетінде саңырауқұлақ қалың қыртыс түзіп өседі. Осы кезде оның астындағы коректік ортаны ағызып алады да саңырауқұлақты кайнатылып суытылған сумен жуады. Осы ыдысқа енді таза, алдын ала қайнатылған құрамында қоректік тұздары жоқ таза қант ерітіндісін құяды. Осы кезде саңырауқұлақ қанттан лимон қышқылын тез арада түзе бастайды. Мұндағы ашыту үшін салынған қанттың 50 -- 60%-тейі лимон қышқылына айналады. Бұдан әрі оны тазартады да техникалық қажетке жұмсайды. Лимон қышқылымен бірге ерітіндіде көбінесе кымыздық қышқылы да түзіледі. Бұл процестің биохимиялық табиғаты жөнінде ғылымда бірқатар көзқарастар бар. Бірак қай-қайсысы болмасын бұл құбылысты әлі толық дәлелдей алмай отыр.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Кребс циклі (Цитрат циклі Кребс циклі үшкарбон қышқылы циклі, лимон қышқылының циклі) - бұл бос көміртекті ацетилдік фрагменттің толық тотығуына әкелетін реакциялар жүйесі. Циклдің Ханс Кребс көптеген реакцияларын ашып зерттегендіктен оның атын берген және 1953 жылы Новель сыйлығы берілді. Цитрат циклі белоктар, көмірсулар, майлар тотығуының жалпы және соңҒы жолы болып табылады. Цитрат циклінің барлық реакциялары митохондрияда шоғырланған. Толық цикл жолында келесі процесстер өтеді: · ацетилдік қалдықтың толығымен СО2-нің екі молекуласына дейін тотығуы;· тотықсызданған НАД+ -тің 3 және ФАД+ -тің 1 молекуласы түзіледі; · субстраттық фосфорлануда ГТФ-тің 1 молекуласы түзіледі. Кребс циклінің ферменттері.1-пируватдегидрогеназды қ комплекс, 2-цитратсинтаза, 3-аконитаза, 4-изоцитратдегидрогеназа, 5-a-кетоглутаратдегидрогеназалық комплекс, 6-сукцинил-КоА-синтетаза, 7-сукцинатдегидрогеназа, 8-фумараза, 9-малатдегидрогеназа. Цитратсинтаза. Циклдің бірінші реакциясы-бұл оксалоацетат пен ацетил-КоА-ның конденсациялануы. Реакция АТФ-тің гидролизденуінен бөлінген энергияны пайдаланып, цитратсинтазаның катализдеуімен цитрат түзіп өтеді. Аконитаза. Циклдің екінші реакциясы - бұл цитраттың аконитаза ферменті әсерінен молекулаішілік қайта құрылып (изомерленіп) изоцитраттың түзілуі. Құрамында гемдік емес темірі болатын, стереоспецификалық фермент аконитаза -ОН тобын көрші көміртегіне ауыстырады. Изоцитратдегидрогеназа. Циклдің үшінші реакциясы бұл изоцитраттың тотыҒып декарбоксильденіп және дегидрленіп, изоцитратдегидрогеназа катализдеуімен a-кетоглутараттың түзілуі. Реакцияда ИДГ кофакторы НАД+ екі протонды қосып алып НАДН2-ге айналады. ИДГ митохондриялық -кофакторы НАД+ және цитоплазмалық пен митохондриялық -кофакторы НАДФ+ түрлеріне бөлінеді. Бұл реакциядағы түзілген СО2 цитрат синтезіне жұмсалады. a-Кетоглутаратдегидрогеназа. Циклдің төртінші реакциясы-бұл a-кетоглутараттың декарбоксилденіп және дегидрленіп, a-кетоглутаратдегидрогеназа катализдеуімен, сукцинил-КоА түзіледі. Реакциябарысында СО2 және тотықсызданған НАДН2 бөлінеді. Бұл қайтымсыз реакция Сукцинил-КоА-да макроэргиялық байланысы бар қосылыс. Сукцинил-КоА-синтетаза (сукцинилтиокиназа).Циклдік бесінші реакциясы-бұл. Сукцинил-КоА-ның сукцинатқа айналады. Макроэргиялық байланыстың үзілуінен түзілген энергиядан ГДФ фосфорланып ГТФ түзіледі.Бұл субстраттық фосфорлану реакциясы да болып табылады. Сукцинатдегидрогеназа. Циклдің алтыншы реакциясы бұл сукцинаттың фумаратқа дегидрленіп айналуы.Реакцияда ФАД екі протонды қабылдап ФАДН2-ге айналады. Фумараза. Циклдің жетінші реакциясы - бұл фумаразаның катализдерімен малаттың түзілуі.Малатдегидрогеназа. Циклдің сегізінші реакциясы бұл малаттың дегидрленіп оксалоацетатқа айналуы. Реакцияда үшінші тотықсызданған. НАДН2 түзіледі. Осы реакциямен циклдің бір айналымы аяқталады. Түзілген оксалоацетат жаңа келген ацетил-КоА молекуласымен циклдің жаңа айналымын бастауға қатыса алады. Кребс циклінің биологиялық маңызы.1.ЦЦ - АТФ-тің негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тыныс алудың ферменттік жүйелері
Клиникалық энзимология
Ферменттерді бөліп алу
Клетка ядросы,оның құрылысы.химиялық құрамы және қасиеттері
Лизосомалар мен рибосомалардың құрылысы
Ферменттік әсер ету механизмі
Антидиуреттік гормон
Ферменттердің химиялық табиғаты
Углеводтар
Гликогеннің жұмсалуы. Гликогеннің жұмсалуында адреналин мен глюкагонның алатын орны
Пәндер