Бастауыштың грамматикалық тұлғалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болып, оны жете білуге көңіл аударған шақта тілдік мәдениетті, тілдің ғылыми негіздерін жақсы игеруге талаптар күшейді. Сол үшін тілдің синтаксистік құрылысын оның түр-тұрпатын, жасалу жолдарын біліп, тіл мәдениетін арттыру керек.
1920 жылдан бастап қазақ тіл білімінің көрнекті зерттеушісі А.Байтұрсынов еңбектерінен бастап сөз етілген қазақ тілінің синтаксис мәселелері. Бұл сала сансыз жылдар бойы зерттеліп келді. Айшықты еңбектер мен ұтымды ойлар мен өз қанжығасын толтырды. Қазіргі таңда қазақ тіл біліміндегі ең жас сала-синтаксис саласы.
Курстық жұмыстың мақсаты: қазіргі қазақ тіліндегі сөйлем мүшшелері мәселесіне тоқталу, бастауыштың құрылымдық жүйесін айшықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-бастауыштың өзге сөйлем мүшелерінен ерекшелігі;
-дара және күрделі ұғымдарды меңгеру;
-практика мен теория жүзінде дұрыс қолдана білу;
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері: синтаксис саласында еңбек еткен ғалымдардың оқулықтарын, көркем әдебиеттерді, ғылыми журналдарды пайдаландым.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі

І. БАСТАУЫШ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ. БАСТАУЫШТЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1БАСТАУЫШ. ДАРА ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ ҰҒЫМ.
Бастауыш дегеніміз сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз.
Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімің? нең? кімі? несі? қайсысы? қаншасы? нешеуі? деген сұрақтарға жауап береді.
Дара бастауыш
Дара бастауыш - жеке бір сөзбен айтылған бастауыш.
Күрделі бастауыш
Күрделі бастауыш деп екі я бірнеше сөздің тізбегінен жасалып, бір-ақ ұғымды білдіретін бастауышты атайды.
Күрделі бастауыш осындай жолдармен жасалады:
Екі я бірнеше сөздердің тіркесінен құралған зат атауы.
Мысалы: Каспий теңізі - әлемдегі ең үлкен көл боп саналады
Қос сөз түріндегі зат есімдер:
Мысалы: Әке-шешем жасымда асырады, бақты, адам қылды.
Ашық я жасырын түрдегі ілік жалғаулы зат есім мен көмекші есімдердің тізбегі.
Мысалы: Үй іші енді тып-тыныш.
Сын есім тіркесі
Мысалы:Үш салт алтты тіл қатыспай жүріп келеді.
Кейде зат есім мен есімшеден, зат есім мен сын есімнен құралған сөз тізбектері күрделі бастауыш болады.
Мысалы: Білегі жуан бірді жығады, білімі толық мыңды жығады (мақал).
Тұлғасына қарай күрделі және бөлшек сан есімдер де сөйлемде күрделі бастауыш бола береді.
Мысалы: Жиырма алтысы маған тағы қайтып келді

1.2.Бастауыштың сөз таптары мысалдар, ерекшеліктері
Сөйлемде бастауыш әр түрлі сөз табынан бола береді:
Зат есімнен болады.
Есімдіктен болады.
Мысалы: Бұл - менің келешектен күткен үмітім.
Сан есімнен болады.
Мысалы: Алты екіге бөлінеді
Заттық мағынада қолданылып, атау тұлғада тұрған сын есім, есімше және тұйық етістік сөйлемде бастауыш бола алады:
Мысалы: Жақсы (сын есім) - көпке ортақ (мақал). Оқыған (есімше) білер әр сөзді. (Абай). Отанды қорғау (тұйық етістік) - абыройлы іс.
Заттық мағынаға ие болып, бастауыштың сұрауына жауап беретін үстеу, одағай, шылау сөздер де бастауыш бола алады. Бірақ бұлар сөйлемде өте сирек кездеседі.
Мысалы: Жалқаудың ертеңі бітпес (мақал). Сенің опырмайың қашан қалады? Және - жалғаулық шылауы.
Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан болғанына және интонация арқылы байланысуына қарай бастауыштан кейін төмендегі жағдайда сызықша қойылады.

1. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есімнен болса, араларына сызықша қойылады. Күреңтөбел мен Көкдауыл - ауылымыздың аруағы.

2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бұл - әр баланың міндеті.

3. Бастауыш заттанған сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Балалардың ортаншысы - Ақшолпан. Алты - жұп сан. Жорға Жұмабайдың мінгені - Құанабайдың торы аты.

4. Бастауыш тұйық етістіктен болып, баяндауыш зат есімнен болса немесе бастауыш зат есім, баяндауыш тұйық етістіктен болса, араларына сызықша қойылады. Еңбек ету - басты парыз. Әр баланың міндеті - ата-анасын құрметтеу.

5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша қойылады. Үш жерде үш - тоғыз. Алты жерде алты - отыз алты.

6. Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болған бастауышты, сондай-ақ зат есім, сын есім, есімшеден болған бастауыштарды көршілес тұрған зат есімнен болған сөйлем мүшесінің анықтауышынан ажырату үшін бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бұл - адамның ерекше қабілетін танытады. Көрмес - түйені де көрмес.

7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін сызықша қойылады. Жүз - жиырма беске бөлінеді. Жүз жиырма - беске бөлінеді.

ІІ. БАСТАУЫШТЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
2.1. Бастауыштың грамматикалық тұлғалары

Бастауыш - сөйлемдегі ойдың иесі бола отырып, баяндауыш арқылы барлық қасиеті айқындалатын, арнаулы тұлғада тұрып, онымен тікелей байланысатын тұрлаулы мүше.
Бастауыш басқа сөйлем мүшелерімен салыстырғанда ойдың иесі ретінді қолданылумен ерекшеленеді. Бірақ бастауыш жеке қолданылып өмір сүре алмайды, ол қалайда басқа сөйлем мүшелерімен оның ішінде баяндаушпен синтаксистік байланыста айтылғанда ғана грамматикалық табиғаты айқындала түседі. Ал бастауыштың ой иесі болу қасиетін логикалық және грамматикалық аспектіде айқындаған жөн. Осыған сәйкес тіл білімінде бастауышты грамматикалық және логикалық бастауыш деп екіге бөліп қарайды. Тіл мен ойлаудың тығыз байланысынан туындаған бұл бірегейлердің (единицалардың) өзіндік ерекшеліктері бар. Байымдаудың логикалық субъектісі мен сөйлемнің грамматикалық бастауышының бір-бірімен кейде сәйкес келетіні бар. Мысалы: Мен оқимын деген сөйлемдегі мен сөзі әрі қимылдың субъектісі, әрі атау тұлғалы бастауыш болып бір-бірімен сәйкес келіп тұр. Бірақ пікір білдіруде бұл сәйкестік үнемі сақтала бермейді. Қимылдың, ойдың субъектісі басқа грамматикалық тұлғада тұрып, сөйлемде өзгеше синтаксистік қызмет атқаруы да мүмкін.
Грамматикалық бастауыш - атау септігінде тұрып ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен жақ және жекеше, көпше түрде қиыса байланысатын тұрлаулы мүше. Бастауыштың грамматикалық тұлғасы - сөздің атау тұлғасы. Басқаша айтқанда, бастауыш қызметінде жұмсалған сөз не сөз тіркесі атау септігінде тұрады. Алайда оқулықтар мен зерттеу жұмыстарында бастауыштық тұлға әр түрлі авторларда әрқалай көрсетіліп жүр.
Бастауыштық тұлға жөніндегі пікір алалығы өзге түркі тілі зерттеушілерінің еңбектерінде де орын алған. Қырғыз тілінде А.Жаппаров менің оқығым келіп тұрады. Саған қорқуға болмайды деген сөйлемдердегі менің, саған сөздерінің логикалық жағынан бастауыштық мәні бар екенін, бірақ ол сөздердің грамматикалық жағынан бастауыш бола алмайтыны көрсетеді.
Ал өзбек әдеби тілі синтаксисінің авторлары бастауыштың нөлдік, көптік, тәуелдік тұлғада, кейде шығыс жалғаулы тұлғада (Магазинге ажойб узумлардан келди) келуін өз тілі материалдары негізінде дәлелдейді. Шығыс жалғаулыбастауышты Г.Д.Санжеев те көрсетеді.

Е.И.Убрятова якут тілінде негізінен бастауыш атау тұлғада болу керектігін айта келіп, бірақ атау тұлғадағы сөздер тек бастауыш қана емес, анықтауыш, баяндауыш, т.б. сөйлем мүшелері бола береді дей келіп, якут тілінде бастауыш болатын сөздерді тек мағынасына қарап ажыратуды ұсынады.
Ал қазақ тіл білімінде М.Балақаев атау, түбір, тәуелдік жалғаулы бастауыштарды көрсете келіп, формаланбаған ілік септігінің де бастауыштық қызметін көрсетеді. Ал Т.Сайрамбаев көптік, тәуелдік, атау тұлғаларының бастауыштық қызметіне тоқталады. Қ.Шәукенов бастауыш болуды атау септігі шеше бермейтінін, сөйлемдегі мағына шешетіндігін, бастауыш болатын сөздердің түрлі тұлғада (түбір тұлға, септік, тәуелдік жалғаулы) келетіндігін айтады. Бұл фактілер бастауыштың тұлғасын анықтау мәселеінің күрделілігін танытса керек.
Қазақ тілі грамматикасын зерттеушілердің бастауыштың грамматикалық тұлғасын анықтауда кейбір тұлғалардың сыртқы формасының ғана ұқсастығына қарап, олардың грамматикалық мәнін, соған сай синтаксистік қызметін шатастыру фактілері орын алып жүр. Әсіресе, бұл түбір және атау тұлғалы сөздердің грамматикалық мәнін ажырата білмеуден көрінеді. Аталған екі тұлғаның ара жігін ашуда С.Исаев: Рас, атау септігінің басқа септік түрлері сияқты арнайы грамматикалық көрсеткіші (формалары) жоқ. Сондықтан атау септік тұлғасы сырттай зат есімнің түбір тұлғасымен сәйкес, ұқсас келеді. Бірақ бұл екеуі бір емес,-деп, атау септігінің өзіне тән арнайы грамматикалық формасы болмағанымен, зат есімнің түбір тұлғасынан өзгеше болып келетін арнайы грамматикалық мағынасы (субстантивтік-заттық мағына) бар және сол арқылы формасыз атау септік тұлғасы басқа септік тұлғаларындай семантикалық мән синтаксистік қызмет атқаратындығын айта келіп: сырттай бір-біріне ұқсас болса да, зат есімнің түбір тұлғасы мен атау септік тұлғасы бір емес, бөлек-бөлек грамматикалық тұлғалар, зат есімнің түбір тұлғасы септік тұлғаларының түрленуіне негіз болатын, соның ішінде атау септігіне де негіз болатын тұлға болса, атау септігі - септелудің парадигмалық жүйесіндегі түрлену тұлғасы,-дейді.
Шындығында да, аталған екі тұлға - сырт формасы жағынан ұқсас болғанымен, білдіретін грамматикалық мәні, өзге сөздермен байланысу тәсілі, соған сай синтаксистік қызметі мүлде басқа формалар. Айталық, темір кереует деген тіркестегі темір сөзі мен Темір - металл сөйлеміндегі темір сөзінің грамматикалық тұлғасы, өзі бағынған сөзбен байланысу формасы, сөйлемдегі синтаксистік қызметі өзгеше. Бірінші тіркестегі темір түбір тұлғада тұрып, өзі бағынған сөзбен атрибутивтік қатынасқа түссе, сөйлемде берілген темір сөзі атау тұлғада тұрып, сөйлем баяндауышымен жақ жағынан қиысып, предикаттық қатынасқа түседі. Түбір тұлғаның грамматикалық мәні мен қызметінің өзгеше болуына байланысты оны бастауыштық тұлға ретінде тануға болмайды. Егер аталған тұлғаларды бастауыштық тұлға деп танитын болсақ, онда бұл тұлғадағы сөздердің бәрі сөйлемде тек бастауыштық қызмет атқаруы керек.
Ал тілдік фактілер тілімізде бұл тұлғалардың әр түрлі синтаксистік қызметін дәлелдейді. Көптік жалғауы да бастауыштық тұлға болып танылмайды. Көптік жалғаудың негізгі грамматикалық мағынасы - заттың көптігін білдіру. Ол көптік мағынаны білдіргенде, септік жалғауларындай сөз байланыстырушылық қызметті атұара алмайды. Оған төмендегі сөйлемдер арқылы көз жеткізуге болады: Ол келді, олар келді. Бірінші сөйлемдегі ол сөзі өз баяндауышымен 3 жақта, жекеше түрде қиыса байланысып, предикаттық қатынасқа түссе, екінші сөйлемдегі көптік жалғаулы бастауыш өз баяндауышымен қиыса байланысқан кезде баяндауыш тұлғасы еш өзгеріссіз (алдыңғы сөйлемдегідей) қалады.
Тәуелдік жалғауы да бастауыштық тұлға болып саналмайды. Апам келді, інісі ақылды тәрізді сөйлемдердегі бастауыштың грамматикалық тұлғасы, дәлірек айтсақ, сөзді бастауыштық позицияға түсіруші форма - атау септігінің нөлдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыштың грамматикалық тұлғасы - сөздердің атау тұлғасы
БАСТАУЫШТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Бастауыш пен баяндауыш сөйлемдегі предикаттық қатынастың негізі
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері және олардың грамматикалық тұлғасы
Бастауыштың грамматикалық тұлғасы - сөздің атау тұлғасы
Синтаксистік оралымдар және оның жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдерге қатысы
Қазақ және моңғол тілдеріндегі сөйлем құрылысының ұқсастығы мен ерекшеліктері
Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелері
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Қазақ тіліндегі күрделі сөздер емлесі
Пәндер