Оқыту əдістерінің оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне сəйкестігі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Ф-ОБ-001033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қорғауға жіберілді
Білім технологиялары
кафедрасының меңгерушісі,
п.ғ.д., доц.Ортаев Б.Т.
____ _______2020 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Жаңартылған білім мазмұны бойынша математиканы
2-сыныпта оқыту ерекшеліктері

5В010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы

Орындаған Бейбіт Ж.
Ғылыми жетекшісі,
п.ғ.д. доцент Қожагелдиева С.

Түркістан-2020
Мазмұны

Нормативтік сілтемемелер
Анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар
Кіріспе
1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Оқыту әдістері және олардың жіктеуіне жалпы сипаттама
1.2. Жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауыш сыныптағы математика пәнінің ерекшелігі
1.3. Дәстүрлі оқыту және жаңартылған білім мазмұнына салыстырмалы сипаттама

2. МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ (жаңартылған білім мазмұны бойынша математика сабағын ұйымдастыру)
2.1. Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсіл түрлері мен формалары
2.2. Математика пәнінде жүргізілген тәжірибе сабақтар үлгісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша

Нормативтік сілтемелер

Бұл дипломдық жұмыста келесі нормативтік сілтемелер қолданылған:

1. Қазақстан Республикасы Білім туралы заңы 2007-жылғы 27 шілдедегі №319;
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚРМЖМБС 1.4.002-2012).
3. Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығы.
4. Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы.
5. Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 400 бұйрығы.
6. Университеттің ішкі нормативтік ережесі: УЕ-ХҚТУ-015-2014 Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар;
7. оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы

Анықтамалар

Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:

Әдіс (Метод; грек. Methodos - теория, ілім, зерттеу жолы) - көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі.
Оқыту əдістері - бұл педагог пен оқушының оқу мақсатына жетуге бағытталған реттелген іс-əрекеті.

Белгілеулер мен қысқартулар

БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы;
ҚР - Қазақстан Республикасы;
АКТ - Ақпараттық коммуникациялық технологиялар;
ЖОО-Жоғары оқу орны;
ХҒПК-Халықаралық ғылыми-практикалық конференция;
РҒПК-Республикалық ғылыми-практикалық конференция;
ХҒТИК-Халықаралық ғылыми-тәжірибелік интернет конференция;
ТМД-Тәуелсіз мемлекеттер одағы;
А-Алматы;
М-Москва;
Т.б. - тағы басқа

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі: Тұңғыш Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында: Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады деп айтылған. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.
Әр елдің негізгі тірегі экономикалық дамуында емес, білімді білікті, әрі іскер белсенді , қоғамға пайдалы адамдарында. Ал осы ғылым мен техниканың қарқынды дамуына ілесетін маманды даярлау мектептегі алған білімнен басталады. Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді.(Рухани жаңғыру)
Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім саласы да тыс қалған жоқ.
Қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін, логикалық ойлау қабілеті артып, қазіргі таңда кеңінен іс жүзінде қолдануды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы" заңында "Азаматтардың білім алу құқығын мемлекет ҚР Конституциясына сәйкес білім беру жүйесін дамыту мен білім алу үшін тиісті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді" - деп көрсетілгендей білім беріп, оқытуды тиімді етуге елімізде білім берудің жаңаша жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне өту мақсаты қойылуда [Қазақстан Республикасы 2007-жылғы 27-шілдедегі Білім туралы заңы.].
Әлемдік тәжірибе математиканы оқыту мен экономиканың дамуы мәселелерінің арасында математиканың өз тілімен айтқанда, тура пропорционал, яғни тура тәуелділік бар екенін анық-ақ.
Демек, бүгінгі жеткіншек ұрпақтың мектеп партасындағы математикалық білімі ертеңгі индустрияның және соның негізінде елдің қорғаныс қабілеті жоғары деңгейде болуының бірден-бір кепілі. Осындай жағдайларды түйіндеген әлемнің іргелі елдері бір кездері математиканы орта мектептің жоғары сыныптарындағы барлық оқушылар оқуға тиісті міндетті пәндердің қатарынан алып тастағанымен, соңғы он жылда оқу жоспарларының инвариантты бөліктерінен орын беріп, өз қателіктерін түзеуде.
Бір сөзбен айтқанда, қоғам дамуының қазіргі кезеңінде математиканың қолданылмайтын жері жоқ деуге болады. Сол себепті, қазіргі кезде ... адамзат өмірі үшін білімді математикаландыру кезеңі деп аталатын жаңа кезең басталды. Міне осы математикаландыру кезеңінде орта мектептегі 1-сыныптан бастап, 11-сыныпқа дейін үзіліссіз оқытылатын бірден-бір пән ол математика пәні болып табылады.
Бастауыш математиканың білім мазмұны ... дүние жүзіндегі аса дамыған және өркениетті елдердегі мөлшер мен деңгейден төмен емес болу керек.
Өйткені, Қазақстан қазір бүкіл әлем таныған, БҰҰ бастап әлемдік деңгейдегі әр түрлі қоғамдастыққа мүше мемлекет. Яғни, қазір біздің бүкіл әлем елдерімен ресми жағдайда да, жеке адам ретінде де байланысымыз күннен - күнге нығайып келеді.
Сондықтан, бүгінгі, әсіресе, ертеңгі Қазақ елінің азаматтары әлем елдерімен, әсіресе экономикалық жағынан дамыған елдердің азаматтарымен тығыз байланыста болады. Осы жағдайда біздің жеткіншек ұрпақтаң қай салада болмасын, білім деңгейлерінің олардан төмен болуы бүгінгі ұрпақ үшін кешірілмес күнә [Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. - Астана, 1989].
Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін парасатты да білімді, біліктілігі жоғары мамандар даярлауды қажет етеді.
Соңғы кездері әдістемелік еңбектерде білім мазмұнын байыту, оқыту үдерісін жетілдіру, жаңа әдістердің тиімділігін анықтау және оны қолдану арқылы жан-жақты дамыған, рухани бай, өз елін, халқын жанымен сүйетін тұлға қалыптастыру мәселелері жөніндегі пікірлер, зерттеулер Ж.Қараев, С.Рахметова, Ф.Ш.Оразбаева, Н.Құрманова, Н.Оразахынова, К.Жақсылықова, Г.И.Уәйісова, Т.Әбдікәрімова, Ж.Балтабаева, Ә.Е.Жұмабаева, Б.Қ.Игенбаева, Р.О.Ізғұттынова, Б.Т.Қабатай, Н.Ә.Тойбазарова т.б. ғалымдардың әдістемелік еңбектерінде қарастырылған [Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -Алматы, 1991.].
Адамның жеке басын қалыптастыру негізі бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. Бастауыш мектептің негізгі міндеттері - баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету; олардың қабілеттерін ашып, дамыту, оқуға деген ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту, - делінген ҚР бастауыш білімді дамыту тұжырымдамасында [Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы
орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы.].
Осы міндеттерді ойдағыдай орындау үшін әрбір жас баланы оқыту мен тәрбиелеу, дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге дайын болуымыз керек, - дейді педагогтарымыз.
Бастауыш мектеп жас кезеңі ең алдымен жүйелі оқу әрекетін дамытудың барынша маңызды кезеңі болып табылатындығын атап өту қажет.
Бұл жас кезеңінде балалардың бойында оқу біліктері қалыптастырылады, сол себепті де оқу іс-әрекеті бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін жетекші іс-әрекеттердің бірі болып табылады.
Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектептерде, оның ішінде бастауыш мектептерде математиканы оқытуды жаңа көзқарастар негізінде талдауда - кезек күттірмейтін іс.
Бүгінгі бөбек - ертеңгі азамат - қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші - бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты істі жүктейді. Еңбек пен жаңалықтар ашудың байтақ және көз жеткіліксіз қиырларына апаратын кең жол мектеп берген математикалық білімдер арқылы өтеді - деп мектеп математикасына баға берген әйгілі ғалым И.В.Стратилова айтқандай, оқушыларға математикалық білімнің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез келген ортада өзін еркін ұстауға, азамат етіп тәрбиелеу - мұғалімнің міндеті [ Стратилов И.В. О системе работ учителя математики. - Москва, 1984.]
Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып, оның ары қарай жетілуіне ықпал ететіні бәрімізге белгілі. Мұғалім - оқушы атаулыға үлгі болатын өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.
Қазіргі таңда білім беруді демократияландыру, ізгіліктендіру, даралап-саралап оқыту, білімді кіріктіре отырып беру, дамыту және оқушыларды шығармашылыққа баулу мәселелеріне баса көңіл аударуға күрделі талаптар қойылуда. Осы мәселелердің бір саласы ретінде өз шешімін жаңа жолға қоюды керек ететін жағдай БС мұғалімдерінің қазіргі талаптарға лайықтылығы сөз етіледі.
Бастауыш сыныптарда білім беру жүйесіне жаңа оқулықтар мен білім стандартының енуі бұлардың мазмұны мен мақсатын, теориялық және практикалық жақтарын алдын ала жан-жақты талдап, түсініп алуды қажет ететіндігі. Әр оқулықтың мазмұны мен оның негізгі білім мен тәрбие берудегі мақсатын жете білген мұғалім ғана пәннің мазмұн тұтастығын пайдалана отырып, оқушыларды дамыту, шығармашылық мүмкіндігін ашу және т.б. мақсаттарды жүзеге асыра алады.
Математика оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді - деген атақты ғалым Н.М.Бескин [Бескин Н.М. Роль задач в преподавнии математики. Математика в школе, №4-1992.]. Бірақ, математиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан болашақ ұрпаққа математикалық сауаттылықты қалыптастыруымыз қажет. Ал, бұл бастауыш сыныпта оқытуда орындалады. Математикадан тиянақты білім алмай, математиканың басқа саласын жете түсініп, басқа пәндерді меңгеру мүмкін емес. Оқушылардың математикалық ой өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту математикадағы басты проблеманың бірі. Әр сабақ - мұғалім ізденісінің нәтижесі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданып өткізсе, сабақтың мазмұны ашыла түседі. Өйткені, әдіс-тәсілдер оқушы бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, зейінін арттыра түседі, есте сақтау қабілетін дамытады. Сондықтан болашақ БС мұғалімі болатындықтан диплом жұмысымның тақырыбын Жаңартылған білім мазмұны бойынша математиканы 2-сыныпта оқыту ерекшеліктері деп таңдап алдық.
Зертеудің мақсаты: 2-сыныптың математика пәнін оқыту ерекшеліктерін теориялық жағынан негіздей отырып, оны анықтаудың әдістемесін ұсыну және оны тәжірибе арқылы дәлелдеу.
Зерттеудің нысаны: Бастауыш мектепте математиканы оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні: 2-сынып математика оқулығы.
Қойылған зерттеу мақсатына жету үшін зерттеу жұмысының төмендегідей міндеттерін шешу қажет болды:
-математика оқу материалдары мазмұнына талдау жасау;
-математиканың жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктерін анықтау;
-дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқытудың айырмашылығын ажырату;
-жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсіл түрлері мен формаларын қолдану.
Зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздерін: Білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік негіздері, тұлға дамуының жалпы философиялық принциптері, бастауыш мектепте білім берудің қазіргі мәселелерін қарастырудың ғылыми-әдістемелік теориясы, ұстаздың іс-әрекеті туралы отандық және шетелдік ғалымдардың әдістемелік еңбектері құрайды.
Зерттеудің көздері: Зерттеу тақырыбына байланысты психолог, педагог, математик - әдіскерлердің еңбектері; Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары; Білім және ғылым министрлігінің бастауыш мектепте білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқу құралдары және т.б.); білім беру саласынның тұжырымдамасы мен бағдарламасы, педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері және т.б.
Зерттеу әдістері: Зерттеу алдына қойған мәслелерді шешу үшін
-талдау, жинақтау, салыстыру, баяндау және т.б. әдістер арқылы мектептегі және педагогикалық жоғары оқу орындарында білім беру мәселесіне байланысты жарық көрген мемлекеттік құжаттармен танысу;
педагогикалық, психологиялық әдебиеттермен, зерттеу тақырыбына қатысты жүргізілген зерттеу жұмыстарымен және мерзімді баспасөз материалдарымен, бастауыш сыныптарға арналған бағдарлама, оқулықтар, әдістемелік нұсқаулармен танысу, оларға талдау жасау;
педагогикалық бақылау, жеке дара әңгімелесу, бастауыш мектептегі оқу үдерісін бақылап, алдыңғы қатарлы әдіскерлердің іс-тәжірибелерімен танысу, математикалық талдау әдістері арқылы қамтамасыз етілді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тарау мен тақырыпшалардан және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.

Ол мұғалім кіммен істес болып отырғанын еш уақытта да ұмытпауы керек... егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәламауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлеу, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп, түсіндіруі керек, екі ұшты астарлы сөз, орынсыз терминдерді қолданбау керек.
Ы. Алтынсарин

1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Оқыту әдістері және олардың жіктеуіне жалпы сипаттама
Оқыту әдістерінің даму және қалыптасу тарихы өзіндік ерекшеліктерге ие. Ғалым-педагогтар мектептегі оқу үдерісін бақылай отырып, сабақтағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерінің сан алуандығына назар аударған. Осы іс-әрекет түрлерін олар оқу әдістері деп атаған.
Мысалы, мұғалімнің жаңа материалды түсіндіруін - түсіндіру әдісі, оқушылардың сабақты өз бетінше игеруін - өзіндік игеру әдісі, оқушылардың тәжірибелік тапсырмаларды орындауын - жаттығулар әдісі атауларымен баламаластырған. Бұлайша негіздеудің нәтижесінде ғалымдар оқу әдістерінің сан қилы түрлері мен атауларын дүниеге әкелген.
Осыдан Е.И. Петровский, Н.М. Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, көрнекілік және тәжірибелік оқу әдістерін, ал М.А. Данилов пен Б.П. Есипов білім алу, дағдылар мен ептіліктер қалыптастыру және білім, ептілік, дағдыларды қолдану, бекіту және тексеру әдістерін ұсынса, Е.Я. Голант актив және пассив оқу әдістері бар деп тұжырымдаған.
Дидактиктер мен әдіскерлердің оқу әдісі түсінігіне берген анықтамаларының қандай болуына қарамастан, баршасына ортақ пікір - оқу әдісі - оқу-іс әрекеттерін ұйымдастырудың жолы мен тәсілдері - деген саяды.(Педагогика, Жаздықбаева М.Б., Кішібаева Д.Ж., Шымкент-2015, 177-бет)
Оқыту əдістері ұғымының мазмұнын анықтауда құрал, жол, тəсіл сөздерін пайдаланудың синонимдік жағынан педагогикалық əдебиеттерде əр түрлі көзқарастар байқалады. Бұл сөздер бір-біріне жақын, бірақ əрқайсысының өзіне тəн мағыналық не қолдану ерекшелігі бар сөздер.
Құрал дидактикада дербес терминологиялық мəні бар сөз.
Мысалы, дидактикада қолданылатын құралдар оқыту жабдықтары, оқыту ақпаратының көздері (оқытудың техникалық құралдары, оқулықтар, оқу құралдары, көрнекі құралдар). Көрнекті құралдардың түрлері: плакаттар, географиялық жəне тарихи карталар, диаграммалар, кестесі, муляждар, жануарлардың тұлыптары, гербарийлер (кептірілген коллекциясы), табиғи объектілер т.б.
Əдіс - тәсілдер жиынтығы. Əдіс педагогикалық əдебиеттерде тəсіл деп түсіндіріледі. Мысалы, швейцар энциклопедиясында әдіс ұғымын тәсіл деп түсінеді.
Əдіс - оқыту процесінің негізі деп айтуға болады, ол алдын-ала жоспарланған мақсат пен соңғы нəтижені байланыстыратын звено болып табылады.
Әдіс (Метод; грек. Methodos - теория, ілім, зерттеу жолы) - көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану - жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты. ( Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі Педагогика және психология , Алматы Мектеп 2002 (36 бет))
Әдіс - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе- оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады. (Педагогика Ш.Қ Құрманалина, Б. Мұқанова, Ә. Ғалымова, Р. Ильясова, Фолиант баспасы, Астана-2010 (397 бет))
Оқыту əдістері - бұл педагог пен оқушының оқу мақсатына жетуге бағытталған реттелген іс-əрекеті. Оқыту əдістері күрделі, көпөлшемді, көпсалалы білім. Сондықтан оқыту əдістері объективті заңдылықтары, мақсаты, мазмұны, принциптері, оқыту формалары арқылы көрініс табады. (Педагогика , Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев, Алматы 2004 жыл (241 бет)
Әдіс сөзінің қазақша баламасы ретінде щындыққа, күтілген нәтижеге жетудің жолы дегенді білдіреді. Педагогика тәжірибесінде ежелден әдіс оқу тәрбиелік мақсаттарды орындауға көзделіп, реттестірілген іс-әрекет тәсілдері сипатында қабылданған.
Бұл іс-әрекет екі тараптан: мұғалімнің оқу әрекеті (оқыту), оқушының іс-әрекеті (оқу) - көрініп, өзара тығыз, бір-біріне ықпалды байланыста жүріп отырады. (Педагогика, Жаздықбаева Б.М., Кішібаева Д.Ж., Шымкент-2015, 178-бет)
Оқыту әдісі өзінің үш белгісімен: оқу мақсаты, игеру тәсілдері және оқу субъектілерінің өзара қатынасы - ерекшеленеді. Осыдан, оқыту әдісі түсінігі төмендегілерді байқатады.
Бір-біріне байланысты мұғалімнің оқыту жұмысы мен шәкірттің оқу іс-әрекеті тәсілдері;
Мұғалім мен оқушының оқудың әртүрлі мақсаттарына жетудегі әрқайсысына тән өзіндік жұмыс ерекшеліктері.
Оқыту әдісі ұғымы дидактикалық мақсаттарға сәйкес оқыту үдерісінде мұғалімнің оқу жұмысы мен оқушылардың танымдық іс-әрекеті жолдары байланыстырыла шешілетін оқу іс-әрекеті міндеттерін көрсетеді. (Жалпы педагогика оқу құралы, Рысбекова А.Қ., Түркістан-2017, (181 бет)
Оқыту әдісі, үйрету әдісі- білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушының өзара байланысты жүйелі әрекет жүйесі. Оқыту әдісі оқыту мақсатын, меңгеру тәсілін, оқыту субъектілерінің өзара әрекетінің сипатын қамтиды. Бұл белгілердің ерекшелігі оқытудың әрбір әдісінде көрінеді, ал әдістер жиынтығы тәрбиелей оқытудың барлық мақсатына жетуді қамтамасыз етуі керек. ( Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі Педагогика және психология , Алматы Мектеп 2002 (241 бет))
Демек, оқыту әдістері - оқыту міндеттерін, яғни дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың біріккен іс-әрекеті жолдары болып табылады.
Сонымен бірге дидактикада оқыту тәсілдері ұғымы кеңінен қолданылады.
Тәсіл - әдіс элементі, оның құрамды бөлігі, бір реттік әрекет.
Педагогикалық энциклопедияда "Оқыту əдістері" - мұғалім мен оқушылар жұмысының тəсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті жəне дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды, - деп жазылған.
Сонымен оқыту əдістері оқушылардың қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызады, яғни оқушалардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.
Оқыту əдістері ғылыми таным əдістеріне байланысты, өйткені оқытуда ең бастысы оқушылардың танымдық іс-əрекеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-əрекетінде қолданылатын оқыту əдістерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелер: оқыту əдістері ең анық фактілерді білімді қамтамасыз етеді; оқыту əдістері шындықты тануға əрекет жасайды; идея нақты өмір мəліметтерінен қорытындылады. Осы ережелердің барлығы оқушылар көзқарастарының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады.
Оқыту əдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тəсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне оқушылардың даярлық дəрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.
"Оқыту əдістері" жəне "əдістемелік тəсіл" ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты. Əдістемелік тəсіл оқыту əдісінің элементі. Мысалы, жеке сөздерді түсіндіру, суреттерді демонстрациялау т.б.
Оқыту əдісі белгілі бір жолды көрсететін ұғым, яғни оқушылардың білімді меңгеру жəне дамуы тəрбиесіне бағытталған оқушы мен мұғалім арасындағы бірлесіп жүргізетін іс-əрекеттің субъектісі, субъектілік ретіндегі қарым - қатынас.
Əдіс пен тəсілдің шекарасы өте жылжымалы, құбылмалы, сондықтан олардың шекарасын анықтау қиын. Өйткені, əдіс кейде тəсілге, ал əдістемелік тəсіл оқыту əдісіне айналады. Əдіс жəне тəсіл педагогикалық ұғым. Олар жеке пəндерді оқытуда қолданылады.
Оқыту əдістері дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі, оқыту əдістері білім беру мазмұнын оқытудың жалпы мақсаты жəне міндеттерімен анықталады. Тұтас педагогикалық процесс барысында оқыту əдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асыруына байланысты. Сондықтан бүгінгі күнде оқыту əдістері туралы жаңа ойлауды қажет етеді.
Қазіргі кезеде педагогика ғылымы мен практикасында қолданылатын оқыту әдістері өте көп. Мұғалім оқыту әдістерін кеңінен қолдана бәлуі үшін оларды белгілі бір жүйеге келтірудің мәні зор. Сондықтан оқыту әдістерінің жіктелу ерекшеліктерін қарастырайық.
Оқыту әдістері әр түрлі негіздерге байланысты жіктеледі.
Ең алғашқы кезде мұғалімнің жұмыс әдістері (әңгіме, түсіндіру, әңгімелесу) және оқушының жұмыс әдістері (жаттығу, өзіндік жұмыс) деп бөлінді.
Кейіннен білім алу көздеріне байланысты оқыту әдістерінің жіктелуі кеңінен қолданылды. Білім алу көздері бойынша жіктелетін оқыту әдістері:
а) сөздік әдістер (білім ауызша немесе жазбаша сөздерден алынады);
б) көрнекілік әдістер (білім көзі рөлін пәндер, құбылыстар, көрнекілік құралдар атқарады);
в) практикалық әдістер (білімдер мен біліктерді практикалық әрекеттерден алынады).
Оқыту әдісі - тарихи категория. Өндіріс күштері мен өндіріс қатынастарының сипаты оқу-тәрбиенің жалпы мақсаттарына ықпал жасап отырады. Мақсаттардың ауысуы оқу-әдістерінің өзгеруіне әкеліп соғады.
Оқыту әдістерін таңдап алуда мұғалім ең алдымен басты мақсат пен нақты міндеттерді анықтап алуы қажет.
Әрі қарай танымдық үдерісті дұрыс жүзеге асыру мүмкіндігін беретін тиімді жолдар қарастырылуы қажет.
Қазіргі кезде оқыту әдістерін таңдап алуда ескерілуі қажет жағдайлар:
Заңдылықтар мен олардан шығатын оқыту принциптері қанағаттандырылуын қамтамасыз ету;
Жалпы ғылымның, сол сияқты жекелеген пәннің, тақырыптардың мазмұны мен әдістерін ескеріп отыру;
Оқыту мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырып отыру;
Оқушылардың оқу мүмкіндіктері, оның ішінде жас ерекшеліктерін, дайындық деңгейін, сынып ұжымының толық ерекшеліктерін ескеріп отыру;
Сыртқы жағдайлар, яғни географиялық, өндірістік орта ерекшеліктерін ескеріп отыруды қамтамасыз ету;
Мұғалімнің мүмкіндіктерін, атап айтқанда тәжірибесін, дайындық деңгейін, оқыту үдерісіндегі типтік ситуацияларды білуіне де мән беру деп тұжырымдауға болады.
Қазіргі кезде оқыту әдістерін таңдап алуға қатысты бірқатар өлшемдер ұсынылады. Мұндай өлшемдерге жататындар: 1) оқыту әдістерінің білім берудің дидактикалық принциптеріне сәйкестігі; 2) оқыту әдістерінің тәрбиелеу мен білім беру міндеттеріне сәйкестігі; 3) оқыту әдістерінің қолданылып отырған жағдайлардың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкестігі; 4) оқыту әдістерінің таңдап алынған оқыту нысандарына сәйкестігі.
Бұл өлшемдердің барлығы да өзара тығыз байланысты, бір-бірімен ұштастырыла қанағаттандырып отыруды талап етеді. Мысалы, ежелгі қауымда оқу әдісі ретінде негізінен еліктеулер пайдаланылған.
Қоғамның ересек мүшелерінің нақты істеріне қатыса бақылай отырып, оларды қайталаумен жастар өздері мүше болған әлеуметтік топтың еңбектік тәжірибесін игеріп отырған. Ал алғашқы мектептің пайда болуымен оқудың сөздік әдісі келіп шықты.
Бұл әдіспен оқытушы дайын ақпаратты ауызша, жазбаша, ал кейінірек баспасөз жәрдемімен ұсынып, оны оқушы игеріп барды. Сөз басты ақпарат жеткізуші құралға, ал кітаппен оқыту - білім берудің басты міндетіне айналды.
Ұлы жаңалықтар мен ойлап табулар дәуірінде сөздік әдістер білім берудің жалғыз жолы болудан қалды.
Енді педагогикалық тәжірибе оқудың көрнекілік әдісі мен игерілген білімді практикада қолдану әдістері өріс ала бастады.
ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында білімге ұмтылған қауымды тәжірибелік әдістерді пайдалануға бағыттал,ан іс-әрекет арқылы оқу тұжырымы қызықтыра бастады. Білімге қз бетінше ұмтылуға негізделген сөздік әдістің жаңа баламасына үлкен үміт артылды. Бірақ бұл әдіс өз нәтижесіне жеткіземін дегенше көп еңбек пен уақытты сарп етуге тура келді.
Айтылғанның бәрін келесі пікірлермен қорытындылауға болады:
Білім алудың әр кезеңіндегі әдістердің рөлінің қандай болуына қарамастан, олардың ешбірі де жеке дара қолданылып, қажетті нәтижеге жеткізбейді.
Әдістің ешбірі де әмбебап мүмкіндігіне ие емес. Дидактикалық қызметінің ұтымды нәтижесі көп әдістердің өзара бірге, байланысты қолданылуынан туындайды. Ал осы педагогикалық әдебиеттерде айтылып, оқу-тәрбие қызметінде қолданылып жүрген көп әдістерді мұғалім тиімді пайдалана алуы үшін, оларды тәртіпке келтіріп, жүйелестірген жөн. Осы талапқа орай педагогика ғылымында әдістерді сарапқа салудың жолдары осы күнге дейін іздестірілуде.
Сонымен, оқыту әдісі деп дидактикалық, яғни оқу міндеттерін орындау барысындағы мұғалім мен оқушының бірлікті іс-әрекет тәсілдерін айтамыз.
Әдістер педагогикалық болмыста сан алуан формада іске асып отырады, олар нақты әрекет, тәсіл және ұйымдастыру формасында т.б. көрінуі мүмкін. Сонымен бірге әдістер мен тәсілдер бір-біріне қатаң тәуелді болған емес. Мысалы, әңгімелесу немесе кітаппен жұмыс істеу тәсілдері әртүрлі оқу әдістерімен байланысты қолдануы сөзсіз.
Әңгімелесу кезінде біршама ізденіс әдісі орындалып ал кейде қайталау жұмысы сипатында жаттап бекіту әдісіне арқау болары ықтимал. Айта кету керек, әрқилы әдістер сипаттамасынан негіздік логикаға сай әртүрлі іс-әрекет бір-біріне алшақ дидактикалық категорияға жатқызылуы мүмкін. Мысалы, жоғарыда сөз болған әңгімелесу жұмысын бір сараптама бойынша - тәсіл, ал екіншісі бойынша - әдіс деп танылады.
Оқу мазмұнына, жаңа мақсаттарға, мұғалімнің шығармашылығы мен педагогикалық шеберлігіне орай оқу тәсілдері шектелмеген санда болары әбден мүмкін. Осыдан әрбір ұстаздың өзіндік жеке дара педагогикалық қызмет мәнері көрінеді. Тәсілдердің өзара ұштасып, байланысуынан жан-жақты оқыту әдістемесі туындайды.
Нақты педагогикалық қызмет барысында тәсілдер сияқты әдістер де әрқилы оқу құрал-жабдықтарымен бірге іске асырылады. Олар материалдық та, идеялық та объекттер түрінде болып, шәкірттердің оқу ісін тиімді ұйымдастыруға бағытталып, ұстаз бен оқушының дәнекер байланыс тетігі ретінде қолданылады.
Мұндай құралдар сипатында іс-әрекет түрлері (оқу, ойын, ептілік), заттасқан немес рухани мәдениет туындылары, сөз не баян т.б. болуы мүмкін.
Өз алдына дербестенген әрбір оқу әдісі өзіне тән логикалық-индуктивтік немесе индктив-дедуктивтік құрылымға ие. Оқыту әдісінің логикалық құрылымы оқу материаланың мазмұндық түзілімі мен оқушылардың оқу іс-әрекетінң сипатына тәуелді. (Педагогика, Жаздықбаев М.Б., Кішібаева Д.Ж., Шымкент-2015, (179-181 бет))
Осы заман дидактикасының күрделі проблемаларының бірі - әдістерді ғылыми негізде сараптау. Бұл бойынша әлі күнге дейін белгілі бір көзқарас пайымдалған емес.
Оқыту әдістерін топтастыруда әр автор әрқилы белгілерді арқау еткендіктен, бірнеше сараптау негіздері өмір сүріп келуде.
ХХ ғасырдың 20-жылдарында белгілі педагог-ғалымдар Б.Е. Райков, К.П. Ягодовский, М.М. Пистрак т.б. оқытудың түсіндірме, практикалық еңбек, эвристикалық, зерттеу, лабораториялық əдістерін жасады.
30-жылдары М.М. Пистрак, П.Н. Шимбирев, И.Т. Огородников оқытудың жаңа əдістерін ұсынды. Бұларға əңгіме, əңгімелеу, көрсету, демонстрация, лекция, кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмыс жатады.
50-жылдардан бастап оқыту əдістерінің жіктеу проблемасына айрықша көңіл бөлінді. Грузин педагогы Д.О. Лордкипанидзе оқыту əдістерін топтастыруға əрекет жасады. Ол əдістерді топтастыру үшін білім көзін негізге алды. Д.О. Лордкипанидзе оқыту əдістерін үшке бөлді: сөздік əдістер, кітаппен жұмыс істеу əдістері, оқыту-практикалық сабақтар əдістері.
50-жылдардың аяғы, 60-жылдардың басында орыс ғалымдары Е.Я. Голант, С.Г. Шаполенко, Н.М. Верзилин білім көзін негізге ала отырып оқыту əдістерінің жаңа жіктеуін үш топқа бөлді:
Сөздік əдістер тобы: əңгімелеу, əңгіме, түсіндіру, лекция, кітаппен жұмыс.
Əңгімелеу. Мұғалім оқу материалын бірізділікпен баяндайды. Ол үшін материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді. Фактыға негізделген мəліметтер əңгімелеу түрінде сөз етіледі. Əңгімелеуде талдау, жинақтау тəсілдері пайдаланылады. Əңгімелеу əдісі көбінесе тіл, əдебиет, тарих сабақтарында қолданылады. Сабақтың қалған уақытында оқушылар мұғалімнің басшылығымен əр түрлі жұмыстарды өз бетінше орындайды.
Əңгіме əдісі сабақта сұрақ-жауап формасы түрінде қолданылады. Сондықтан оқытушы алдын-ала жоспар жасап, онда сұрақтардың жүйесін мұқият ойластырады. Бұл білім алушылардың білімін тақырып бойынша логикалық бірізділікпен анықтауды қамтамасыз етеді. Əңгімені осылайша өткізу оқушылардың ойлау белсенділігін арттырады. Оларды басты жəне өте маңызды мəселелердің мазмұнын, өзара байланысын анықтауға талаптандырады. Оқушыларды болжауға бағыттайды, өз ойларын дəлелдеуге мəжбүр етеді. Əңгіме əдісінің барлық процесі өтілген оқу материалын жүйеге келтіруге жəне жинақтап қорытуға мүмкіндік береді.
Түсіндіру. Мұғалім оқу материалын баяндауда оқушылардың белсенділігіне, ынтасына, білім деңгейіне сүйенеді, материалдың мазмұнын дəлелдейді, кейбір ережелердің, ұғымдардың, заңдардың мəнін ашады. Материалдарды түсіндіруге түрлі құралдарды, есептер шығаруды, жазып алуды кең түрде қолданады, оқушылар баяндау процесінде мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, дəлелдеуге тырысады.
Лекция. Басқа əдістерге қарағанда лекцияның көлемі, күрделілігі, логикалық құрылысы жағынан өзгешелігі бар. Сондықтан лекцияны бастар алдында оқушыларға нақты сұрақтардан тұратын оның жоспары ұсынылады. Лекция сұрақтар бойынша логикалық бірізділікпен баяндалады. Əрбір сұрақтан кейін қорытынды жасалады. Лекцияда кейбір тың, құнды ғылыми əдебиеттерде осы уақытқа дейін жарияланбаған мəселелер баяндалады. Сонымен бірге талас жəне жалған теориялар жөнінде нанымды түсініктер беріледі. Оқушылар баяндалған материалдардың мазмұнын, дəлелдемені, нақты мысалдарды, негізгі қорытындыларды жазып алады.
Кітаппен жұмыс. Оқу жұмысында қолданылатын құралдардың бірі - оқулықтар. Олар білімді тереңірек игеру үшін тәрбиелену үшін, даму үшін, пайдаланылады. Оқулықтардың көмегімен оқушылар сабақта немесе оқудан тыс түрлі жаттығуларды орындайды. Оқушылар мұғалімнің көрсетуімен білімдерін толықтыру үшін жаңа ғылыми мəліметтерді басқа баспа құралдарын іздестіру қажет. Олар: түпдеректер материалдары, ғылыми кітаптар мен журналдар, энциклопедиялар, жинақтар, анықтамалар.
2. Көрнекілік əдістер тобына демонстрация, иллюстрация, бақылау əдістері жатады.
Демонстрация əдісі тəжірибелерді, приборларды, препараттарды, табиғи объектілерді, кинофильмдерді т.б. демострациялауға байланысты.
Иллюстрация əдісінің көмегімен оқушыларға иллюстративті құралдарды көрсетуге болады (плакаттар, карталар, суреттер, таблицалар, схемалар).
Бақылау əдісін пайдаланып, оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша өз бетімен бақылау жұмысын жүргізеді. Бақылау мəліметтерін оқушы үнемі жазып отырады, ал оның нəтижесі сабақта талқыланады. Бұл əдіс жоғары оқу орнындағы көбінесе физика, химия, биология факультеттерінде кеңінен қолданылады.
3. Практикалық əдістер тобы: лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар, өзіндік жұмыс, үй тапсырмасы
Лабораториялық жұмыстар. Бұл əдістер жабдықталған аудиторияларда мұғалімнің басшылығымен оқушылар табиғи құбылыстарды, заттарды зерттейді.
Практикалық жұмыстар. Бұл əдіс оқушылардың əр түрлі іс-əрекеттерінде қолданылады. Жоғары оқу орындарында бұл əдіс жоғарыда айтылып кеткендей техникалық маңызы бар, яғни физика, химия сабақтарында кеңінен қолданылады.
Графикалық жұмыстар. Олар оқушыларды шыдамдылыққа, дəлдікке, материалды графика арқылы бейнелеуге үйретеді. Сонымен қатар, олардың шығармашылық қиялын, ойлау қабілетін дамытады.
Өзіндік жұмыс. Озіндік жұмыстар оның тапсырмасы, мұғалімнің əдістемелік басшылығымен, оның тікелей қатысуынсыз орындалатын жоспарға негізделген өзіндік жұмыстары. Бұл жұмыстарды орындау барысында студенттердің шығармашылық, танымдық іс-əрекеттері дамиды, өздерінің болашақ мамандықтарына ынталандыру проблемалары шешіледі, ең негізгісі өзінің уақытын ұтымды ұйымдастыра алады.
Үй тапсырмасы. Студенттердің іскерлік қабілеті, дағдысы үй тапсырмасын орындау процесінде қалыптасады.
М.Н. Скаткин мен И.Я. Лернер жасаған оқыту əдістері жіктеуінен кейбір ерекшеліктерін байқауға болады. Олар студенттердің танымдық немесе логикалық ойлағыштық іс-əрекетін, əдістерді топтастырудың негізгісі деп қарастырады. И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткин оқытудың мынадай əдістерін ұсынады:
1. Түсіндірме - иллюстративті əдіс
2. Репродуктивті əдіс
3. Проблемалы баяндау əдісі
4. Ішінара баяндау немесе эвристикалық əдіс
5. Зерттеу əдісі
Түсіндірме - иллюстративті əдісті ақпараттық-рецептивті əдіс деп те атайды, өйткені ол мұғалім мен оқушылардың іс-əрекетін бейнелейді.
Мұғалім ауызекі сөздердің, көрнекі құралдардың, практикалық жұмыстардың көмегімен оқушыға білім берудің іске асырады. Педагогикалық процесс барысында оқушылар педагогты тыңдайды, көреді, бақылайды, əр түрлі тапсырмаларды орындайды.
Репродуктивті əдіс - бұл əдістің негізгі белгісі еске түсіру жəне тапсырмасы бойынша іс-əрекетінің тəсілін қайталау болады.
Көрсетілген іс-əрекеттің тəсілдерін жəне оқушыларға жарияланған білімді бірнеше рет еске түсіру арқылы тапсырмалар жүйесі бойынша мұғалім олардың іс-əрекетін ұйымдастырады. Мұғалім мазмұны əр түрлі тапсырмалар береді. Түсіндірме - иллюстративті жəне репродуктивті əдістері оқушыларды біліммен, іскерлікпен, дағдымен байытады, олардың ойлағыштық операцияларын қалыптастырады. Бірақ олардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың кепілі бола алмайды.
Проблемалы баяндау əдісі. Сабақта мұғалім тақырып бойынша оқушыларға проблема - сұрақ қояды, проблеманы өзі шешеді. Сонымен бірге оларға шешудің түсінікті ғылыми жолдарын көрсетеді. Проблемалы баяндауға мұғалімнің іс-əрекеті оқушыларға проблемалық ситуация туғызатын проблемалар сұрақтар қою, танымдық есептер, тапсырмалар беру. Бұл оқушыларды əр түрлі ой-əрекетін орындауға ойландырады.
Проблемалы сұрақтарды қолдануға негізделген тиімді оқыту процесін ұйымдастыру проблемасы баяндаудың мəнін құрайды.
Ішінара іздену немесе эвристикалық əдіс. Бұл əдіс бойынша оқушыларды бірте-бірте проблемаларды өз бетінше шешуге жақындату үшін алдын-ала зерттеудің жеке кезеңдерін орындауға үйрету қажет. Мұғалім ізденудің жеке кезеңдерін орындау үшін оқушылардың қатысуын ұйымдастырады. Мұны ішінара іздену əдісі дейді. Кейбір əдіскерлер бұл əдісті эвристикалық əдіс деп атайды. Мұғалім тапсырманы құрастырады, іздену кезеңдерін жоспарлайды, проблемалық міндеттерді жеке проблемаға бөлшектейді, ал оқушылар бұл кезеңдерді орындайды. Оқушы материалдарды мұғаліммен бірігіп талдайды, оның көмегімен жаңа ұғымның мəнін ашады.
Зерттеу əдісі еліміздің алғашқы жылдарынан бастап оқыту практикасында кең түрде қолданыла бастады. Зерттеу əдісінің мəні жаңа проблемаларды шешуге байланысты оқушылардың іздену, шығармашылық іс-əрекеті тəсілдерін ұйымдастыру.
Проблеманы өз бетінше зерттеу үшін мұғалім оқушыларға теориялық жəне практикалық тапсырма береді. Оқушылар бұрын, бірақ оларға таныс емес проблемаларды шешеді. Басқаша айтқанда, оқушылардың зерттеу жұмысы ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмысы сияқты кезеңдерге бөлінеді: фактілерді жинау, бақылау, оларды талдау, жазып жинақтау жəне т.б.
Зерттеу үшін оларға əр түрлі тапсырмалар беріледі. Зерттеу жұмыстарының мынандай түрлері бар:
А) оқушылар эксперименті;
Ə) ғылыми экспериментке қатысу;
Б) саяхат жəне фактілерді жинау;
В) архив мəліметтерін зерттеу;
Г) рефераттар, баяндамалар даярлау;
Д) қосымша əдебиеттерді зерттеу т.б.
Зерттеу əдісі бойынша ауызша жəне баспа сөздер, көрнекі құралдар, практикалық лабораториялық жазба жəне графикалық жұмыстар, натуралды объектілер жəне олардың шын жəне символдық бейнеленуі қолданылады.
Ю.К. Бабанский бірсыпыра Ресей ғалымдарының оқыту əдістері жіктеуіне сүйеніп, оларды үш топқа бөлуді ұсынды.
1. Оқу-танымды іс-əрекетін ұйымдастыру жəне іске асыру əдістері: сөздік əдістері (əңгіме, əңгімелеу, лекция); көрнекілік əдістер (жазба жаттығулар, лабораториялық, практикалық жұмыстар, тəжірибе жəне бақылау, оқушылардың өндірістік жұмыстары); индуктивті жəне дедуктивті əдістер; репродуктивті, проблемалы ішінара іздену əдістері, өз бетінше жұмыс істеу əдістері.
Оқу-танымды іс-əрекетінің ынталандыру əдістері оқушылардың танымдық ықыласын қалыптастыру əдістері; оқудағы жауапкершілік жəне міндетті ынталандыру əдістері; оқудың қоғамдық жəне жеке адамның маңыздылығын түсіндіру, оқыту талаптарын қою, мадақтау, ұялту.
Оқу-танымды іс-əрекетінің тиімділігін бақылау жəне өзін-өзі бақылау əдістері: ауызша бақылау əдістері; жазбаша бақылау əдістері; лабораториялық бақылау əдістері; өзін-өзі бақылау əдістері.
Сонымен, қазіргі қоғам өмірінің барлық салаларын жаңарту кезеңінде оқыту əдістерін терең зерттеп олардың ғылыми негізделген жіктеуін жасау ғалымдардың алдында тұрған басты міндеттерінің бірі. (Жалпы педагогика, Бабаев С.Б. Оңалбек Ж.К., Алматы-2005, (101-106 бет)
Оқыту жұмысының нəтижелі болуы оқыту əдістерін үйлесімді етіп таңдап ала білуге байланысты. Оқыту əдістерін таңдап алу үшін төмендегі критерийлерді басшылыққа алған жөн:
1. Əдістердің оқыту заңдылықтары мен принциптеріне сəйкестігі;
2. Əдістердің дидактикалық мақсаттар мен міндеттерге сəйкестігі;
3. Оқыту əдістерінің тақырып мазмұнына сəйкестігі;
4. Оқыту əдістерінің оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне (жас жəне дербес ерекшеліктеріне) сəйкестігі;
5. Əдістердің мұғалімдердің мүмкіншіліктеріне сəйкестігі (тəжірибесі, білімі, қабілеті, жалпы білімдарлығы);
6. Оқыту əдістерінің мектептің материалдық жəне техникалық базасына сəйкестігі;
Оқыту əдістерінің оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне сəйкестігі. Бұл жерде олардың жас дербес ерекшеліктері еске алынады.
Оқыту əдістерінің дидактикалық мақсаттары мен міндеттеріне сəйкестігін мына кестеден көруге болады:

Дидактикалық мақсат
Оқыту əдістері
1. Оқушылардың жаңа білімді қабылдауы
-Мұғалімнің сөздік əдістерімен білімді баяндауы
-Оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстары
-Кітаппен жұмыс немесе басқа əдебиеттермен жұмыс
-Бақылау жəне тəжірибе
2. Білімді, іскерлікті, дағдыны бекіту
-Материалды қайталап оқу
-Қайталау жаттығулары
-Қайталау қорытындындылау əңгімесі
3. Білімді, іскерлікті, дағдыны тексеру
-Ауызша сұрақ
-Жазбаша бақылау жұмысы
-Лабораториялық, практикалық жəне графикалық жұмыстар

Оқыту процесінде дəстүрлі жəне дəстүрлі емес əдістері қолданылады. Дəстүрлі əдістер 1965 жылдан бастап қолданылып келеді. Олардың барлығы классикалық сабақ негізінде қарастырылады, яғни педагогика ғылымының жетістіктеріне сүйеніп, сабақты өтуге бағытталған.
Дəстүрлі оқыту əдісі ХХ ғасырдың соңында өте жақсы жүзеге асырылды жəне олардың негізінде ХХ1 ғасырдың талабын орындауға мүмкіндік жасады.
Бүгінгі күнде дəстүрлі емес əдістер кең таралған. Дəстүрлі емес əдістерді жетілдіру үшін жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды осы əдістермен таныстырып, оның əдістемесін үйрету қажет. Себебі, орта мектеп мұғалімі сол əдістеме негізінде дəстүрлі емес əдістерді таңдай біледі.
Дəстүрлі емес əдістердің бірнеше түрі бар:
- бағдарламалап оқыту;
- миға шапқы; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу əдістері жəне құрал жабдықтары туралы
Психологиялық тұлға туралы түсінік
Тəрбие əдістерін құрастыру, таңдау жəне дұрыс қолдану - педагогикалық шеберлік шыңы
Тұлғаны дамыту және тәрбиелеу
Мектептегі білім беру мазмұны мен оқыту әдістері
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы
Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының педагогикалық-психологиялық диагностикасы
КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Тəрбие əдiстерi мен тəсiлдерi
ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ ЖҮЙЕЛЕРІН МОДЕЛЬДЕУ
Пәндер