Психологиялық стресстің негізгі ерекшеліктері


Реферат
Магистірлік диссерация: 58 беттен, 3 бөлімнен, 8 суреттен, 6 кестеден және қолданған 54 әдебиет тізімнен тұрады.
Кілтті сөздер: психофизиология, күйзеліс, бейімделу, мектеп оқушылары.
Жұмыстың мақсаты: Алматы қаласындағы жалпы білім беру мектебінде және гимназияда білім алатын 12-13 жастағы оқышылардың жаңартылған оқу бағдарламасына психофизиологиялық бейімделу ерекшеліктерін зерттеу.
Жұмыстың міндеті:
- Жасына, жынысына қарай 12-13 жастағы оқушылардың морфо-функциялық күйіне баға беру.
- Жаңартылған бағдарламамен білім алатын 12-13 жастағы оқушылардың психофизиологиялық көрсеткіштерін зерттеу.
- Жалпы білім беру мектеп пен гимназиядағы зерттелетін топ оқушылардың жүрек-қантамыр көрсеткіштерін зерттеу.
Әдістер:
Оқушылардың психоэмоционалдық мәртебесін бағалау Спилбергер-Ханин мен САН (самочувствие, активность, настроение) тестілік сауалнамалардың көмегімен жүзеге асырылды. Оқушылардың стресске төзімділігі Горбов-Шульте әдістемесінің негізінде психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша (орнықтылық және назар аудару) анықталды, ШРЛТ (шкала реактивной (ситуативной) и личностной тревожности - реактивті (ситуативті) және жеке қобалжу шкаласы) тест методикасы және психологиялық жағдайы, көңіл күйі, cитуативті қобалжуды бағалау. Бейімделу қабілетін анықтау үшін Г. Маклаковтың "Адаптивность" көп деңгейлі жеке сауалнамасы негізінде тұлғалық бейімделу потенциалы анықталды. қобалжуды өзіндік бағалау, фрустрацияны, агрессивтілікті және регидтілікті бағалау методикасы пайдаланылды. Оқушылардың ағзасының бейімделу мүмкіндіктері жүрек-қантамыр жүйесінің (ЖҚЖ) келесі параметрлері бойынша бағаланды: жүрек жиырылу жиілігі (ЖЖЖ), систолалық (САҚ), диастолалық (ДАҚ), пульстік (ПАҚ) артериялық қысым және Р. М. Баевскийдің бейімделу потенциалы (БП) . Зерттеулер бөлімдік жиынтық бағалау (БЖБ) кезінде жүргізілді.
Нәтижелер:
Оқушыларға өткізілген психофизиологиялық бағылау көрсетті :
Гимназияда білім алатын оқушылардың жалпы білім беретін мектепке қарағанда бірқатар функциялық психологиялық көрсеткіштерінің деңгейі жоғарылады. Апталық жүктемесі көбейген жалпы білім беру мектептерінде экстраверсия және нейротизм көрінісі ұлдарға карағанда қыздарда жоғары болды.
Тәжірибелік қолданылуы: Оқушыларға күйзелісті жеңуге көмектесетін, оқушыларға және ата аналар үшін методикалық ұсынастар дайындау.
Қысқартулар мен белгілеулер
ЖРҚШ - Жеке және реактивті қобалжу шкаласы
ЖҚ - жеке қобалжу
СҚ - Ситуативті қобалжу
АҚ - Артериялық қысым
БКБ - биологиялық кері байланыс
БЖБ - бөлімдік жиынтық бағалау
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Жаңа экономикалық қатынастарға көшуге байланысты біздің қоғамда қарқынды болып жатқан өзгерістер білім берудің дамуына елеулі әсер етті. Оқу орындарының жаңа түрлері пайда болды, оқытудың дифференциациясы күшейе түсті, дамыту технологиялары кең таралды.
Білім беру жүйесінің инновациялық оқу орындарындағы педагогикалық процестің құрылымы өте күрделі. Олардың өздігінен мақсаттары мен міндеттерін анықтауға, оқытудың жаңа технологиялары мен әдістерін қабылдап енгізуге мүмкіндіктері бар. Бастапқыда психофизиологиялық ғылыми негіздемесіз енгізілген жаңа әдістер мен технологиялар балалардың денсаулығына кері әсерін тигізді. Ой еңбегінің шамадан тыс көп болуы ең алдымен жоғарғы жүйке қызметіне (ЖЖҚ) және оқушылардың жұмысқа қаблеттілігіне кері әсерін тигізеді. Оқу процесі окушылардың психофизиологиялық жағдайына әсер етуші стресс факторы ретінде қарастырылады.
Қазіргі әлеуметтік өмір жағдайында жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқу жүктемелерінің шамадан тыс күрделі болуы оқушылардың ой еңбегінің қаблеті төмендеп, тез шаршағыш, денсаулығының нашарлауына, депрессияға тез бейім болады. Оқу процессі барысында көптеген жағдайлар әсерінен ЖЖҚ функциясының бұзылуы пайда болады яғни психикалық дамудың тежелуі және ішкі мүшелер кызметінің бұзылу неврозға әкелүі мүмкін.
Оқушылардың жас ерекшеліктері жайлы накты ілімдер негізінде ой енбегінің тиімділігін арттыру міндетін іске асыру үшін жаңартылған оқу бағдарламасымен білім алатын оқушылардың өзіне тән психофизиологиялық функцияларын зерттеу қажет. Бейімделудің нәтижелілігін көрсететін өлшемдерді жан-жақты зерттеу керек. Сол себепті біз мектеп оқушыларына көңіл аудардық. Зерттеу топтарын қалыптастыру барысында биологиялық жетілу процесі аяқталмаған 12-13 жастағы ұлдар мен қыздар таңдап алынды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Алматы қаласындағы жалпы білім беру мектебінде және гимназияда білім алатын 12-13 жастағы оқышылардың жаңартылған оқу бағдарламасына психофизиологиялық бейімделу ерекшеліктерін зерттеу.
Жұмыстың міндеті:
- Жасына, жынысына қарай 12-13 жастағы оқушылардың морфо-функциялық күйіне баға беру.
- Жаңартылған бағдарламамен білім алатын 12-13 жастағы оқушылардың психофизиологиялық көрсеткіштерін зерттеу.
- Жалпы білім беру мектеп пен гимназиядағы зерттелетін топ оқушылардың жүрек-қантамыр көрсеткіштерін зерттеу.
- Зерттеу материалдары мен әдістері
Эксперименттік әдістер, мақсаттар, міндеттер, қайта құру процесінің зерттеу мәселесі қазіргі заманда өте өзекті болып табылады.
Білім берудің қазіргі заманғы реформасы балалардың және жасөспірімдердің физиологиялық және психологиялық оқылатын бағдарламалардың көлемі мен күрделілігін арттыру, білім беру
Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін орындау үшін Алматы қаласындағы №181 жалпы білім беретін мектеппен №176 гимназияның 12-13 жас аралыгындағы 56 оқушы тексерілді. Барлық топтарда оқитын жас өспірімдер организмінің морфофукциялық жай күйін сандық бағалау бойынша зерттеулермен катар кардиореспираторлық жүйенің функциялық қорын зерттеу өткізілді.
Қолданылған әдістер: оқушылардың психоэмоционалдық мәртебесін бағалау Спилбергер-Ханин мен САН (самочувствие, активность, настроение) тестілік сауалнамалардың көмегімен жүзеге асырылды. Оқушылардың стресске төзімділігі Горбов-Шульте әдістемесінің негізінде психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша (орнықтылық және назар аудару) анықталды, ШРЛТ (шкала реактивной (ситуативной) и личностной тревожности - реактивті (ситуативті) және жеке қобалжу шкаласы) тест методикасы және психологиялық жағдайы, көңіл күйі, cитуативті қобалжуды бағалау. Бейімделу қабілетін анықтау үшін Г. Маклаковтың "Адаптивность" көп деңгейлі жеке сауалнамасы негізінде тұлғалық бейімделу потенциалы анықталды. қобалжуды өзіндік бағалау, фрустрацияны, агрессивтілікті және регидтілікті бағалау методикасы пайдаланылды. Оқушылардың ағзасының бейімделу мүмкіндіктері жүрек-қантамыр жүйесінің (ЖҚЖ) келесі параметрлері бойынша бағаланды: жүрек жиырылу жиілігі (ЖЖЖ), систолалық (САҚ), диастолалық (ДАҚ), пульстік (ПАҚ) артериялық қысым және Р. М. Баевскийдің бейімделу потенциалы (БП) . Зерттеулер бөлімдік жиынтық бағалау (БЖБ) кезінде жүргізілді.
12 және 13 жастағы қыздардың сабақ кезіндегі үдерісінде оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану, шаршау мен созылмалы стрестің қалыптасуына әкеледі, сонымен қатар оқушылардың ұзақ гиподинамиясына жағдай жасайды. Осының барлығы өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығы мен физикалық дамуына жаңа факторлардың әсер етуі.
Балалар организмінің жүрек қантамырлар жүйесінің жағдайын зерттеу жүректің жиырылу жиілігін есептеу, артериалық кысымды өлшеу арқылы іске асырылды.
12 және 13 жастағы қыздардың сабақ кезіндегі қысым көрсеткіші және жүрек соғысы қалыпты жағдайда жасына байланысты тұрақты. Қалыпты жағдайда систолалық қысым 90 мм сынап бағанасынан 149 мм дейін ауытқиды. Диастолалық қысым 60 мм сынап бағанасынан 85 мм сынап бағанасына дейін.
Деректерді статистикалық өңдеу.
Алынған нәтижелер Microsoft Excel бағдарламасын пайдалана отырып, орташа арифметикалық параметрді, орташа квадраттық ауытқуды, орташа арифметикалық қатені есептей отырып, статистикалық өңделді. Фишер-Стьюдент критерийін ескере отырып жасалынды. Критерий қалыпты үлестірімі бар іріктемелердің орташа мәндерінің айырмашылықтарын бағалауға мүмкіндік берді.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы: Оқытуды өздігінен іздену жауабына мәжбүр етілетін зерттеу принципін пайдаланған кезде оқушылардың танымдық процесі мүлде басқаша өтеді. Оқушылардың танымдық әрекетін зерттеу сипаты өздігінен жұмыс істеу кезінде өте айқын байқалады.
Ғылыми жаңалығы: “Жаңартылған оқу бағдарламасына оқушылардың психо-физиологиялық бейімделу ерекшеліктерін зерттеу” атты тақырыптың магистрлік диссертация ретінде берілуі. Ғылыми зерттеу нәтижелері оқушылардың жаңартылған білім беру мазмұнына бейімделу ерекшеліктері ретінде Қазақстанның білім беру мекемелеріне ұсыныс ретінде беріледі.
Жұмыстың құрылымы
Диссертация кіріспе, үш тарау, қорытынды, библиографиялық тізім және қосымшалардың тізімін қамтиды.
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі негізделген, оның объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері тұжырымдалған; ғылыми іздестіру гипотезасы ұсынылған; диссертацияның әдіснамалық негіздері ашылған; оның ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы анықталған; зерттеу нәтижелерін апробациялау және енгізу туралы мәліметтер келтірілген; қорғауға шығарылатын ережелер ұсынылған.
НЕГІЗГІ БӨЛІГІ
1. Әдебиетке шолу.
- Қазақстан Республикасының мектептеріндегі биологиядан білім берудегі жаңартылған оқу
Қазіргі әлемнің дамуындағы басты міндеттердің бірі - сапалы және іргелі білім беру процесі. Қазіргі жаһандану жағдайында бұл мәселе білім беру жүйесін реформалау мен жетілдіруді шешуге мүмкіндік береді. Сапалы білім беру процесінің құрылысы халықтың кәсіби санасының кешенді дайындығын қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасы азаматтарының кәсіби санасының деңгейін сипаттайды, сондай-ақ олардың экономика кезеңдерінің заманауи талаптарына сәйкестігін сипаттайды.
Білім беру реформаларының қажеттілігі бүкіл қоғам үшін сапалы білімге қол жетімділікті кеңейту арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және еңбек өнімділігін арттыруға негізделген. Қазіргі әлемде білім беру процесін реформалау процестерінде ұқсастық бар, дегенмен, әр түрлі елдерде білім беру саясаты өздерінің ұлттық стратегиялық мақсаттарында көрінеді [1] .
Классикалық білім беру жүйесін негізгі теориялық білімді дамытумен қарастыра отырып, оларды бөлуге болады:
1) еуропалық;
2) дәстүрлі;
3) американдық;
4) жапондық [2] .
Білім беру сапасын дамытудың қазіргі заманғы саясаты аясында Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан реформалар әртүрлі әлемдік білім беру жүйелерінің жақсы жақтарын қабылдауға мүмкіндік беретін интеграциялық процестерге бағытталған.
Әлемдік білім беру кеңістігінде 12 жылдық орта білім беру әлемнің бәсекеге қабілетті 50 мемлекетінің қатарына кіретін Австралия, Канада, АҚШ, Франция, Жапония және басқа да 136 елде жүзеге асырылады.
1. 1. 1 Қазақстан Республикасының мектептеріндегі білім беру процесі және білімді бағалау
Спиральді оқу бағдарламасы Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады. Сонымен қатар, «жұмыс негізіне баланың бұрынғы өз тәжірибесі перне қоры, мағлұматы салынып, дәл айтқанда, балаға танымал жақын нәрседен басталғаны» [5] абзал. Джером Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп тұжырымдайды:
- белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу) ;
- бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу) ;
- таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу) . Бұл спиральді оқу бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған. Брунердің жұмысына негізделген спиральді оқу бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
- оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды;
- әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;
- жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады.
Жаңартылған бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі:
1. Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі, яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі.
2. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы.
3. Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі.
4. Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру.
5. Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру.
6. Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою.
7. Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы.
8. Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді ерекшелігі:
1. Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым) .
2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау) .
3. Шығармашылық ойлау дағдысы.
4. Логикалық ойлау дағдысы.
5. Сыни ойлау дағдысы.
6. Алгоритмдік ойлау дағдысы.
7. Критикалық ойлау дағдысы.
8. Проблемалық ойлау дағдысы.
9. Технологиялық ойлау дағдысы.
10. Тілдік құзіреттілік дағдысы.
11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Білім берудің жаңарту жолдары
Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұнындағы модульдер:
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық. [3]
«Блум таксономиясы» бойынша сабақты қорытынды жасағанда қойылған сұрақтарға топтар білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау аясында жауап береді. [3], [4] .
1. 1. 2 Стресс. Түсінігі, түрлері және факторлары
"Стресс" термині (ағылш. stress-қысым, қысым, кернеу, күш) бұл сөз физикалық объектіге қоса берілген және оның кернеулігін, яғни объектінің құрылымын уақытша немесе тұрақты өзгерту үшін қолданылатын техникадан алынған. Физиологияда, психологияда, медицинада бұл термин әртүрлі экстремалды әсерлерге жауап ретінде пайда болатын адамның кең ауқымын белгілеу үшін қолданылады.
Стресс қазіргі адамның өміріне берік енгеніне және әдеттегі нәрсе ретінде қабылданғанына қарамастан, оны бірнеше түрге бөлуге болады. Созылмалы стресс адамға тұрақты жүктемеге (физикалық немесе моральдық) жауап ретінде туындайды. Осының нәтижесінде ол күшті кернеуді бастан кешіреді. Жедел стресс әдетте оқиғаның нәтижесі болып табылады. Мысалы, жанжалдар, қақтығыстар. Физиологиялық стресс-шамадан тыс дене жүктемесінің, сондай-ақ сыртқы факторлардың (ауа температурасы, шу деңгейі және т. б. ) әсерінің көрінісі. ) Психологиялық стресс адамның психологиялық тұрақтылығының бұзылуынан туындайды (мысалы, жұмыстан босату немесе қорлау) . Ақпараттық стресс ақпараттың артық санының немесе керісінше, ақпараттық вакуумның салдары болып табылады. Бастапқыда стресс ұғымы ағзаның спецификалық емес реакциясын ("жалпы бейімделу синдромы") кез келген қолайсыз әсерге жауап ретінде белгілеу үшін физиологияда пайда болды. Стресс теориясын жасап, Селье одан үш фазаны бөлді. Біріншісі-дабыл реакциясы-ағзаның қорғаныс күштерін жұмылдыру кезеңі. Адамдардың көпшілігінде бірінші фазаның соңында жұмысқа қабілеттіліктің жоғарылауы байқалады. Физиологиялық ол әдетте келесідей көрінеді: қан қоюландырылады, онда хлор иондарының құрамы төмендейді, азоттың, фосфаттардың, калийдің жоғарылауы байқалады, бауырдың немесе көкбауырдың өсуі байқалады және т. б. [6]
Бірінші кезеңнен кейін екінші кезең - басталады ағзаның бейімделу резервтерін теңдестірілген жұмсау - тұрақтандыру. Бірінші фазадағы тепе-теңдіктен шығарылған барлық параметрлер жаңа деңгейде бекітіледі. Бұл ретте нормадан аз айырмашылығы бар әрекет ету қамтамасыз етіледі, барлығы қалпына келтірілетін сияқты, бірақ егер күйзеліс ұзақ уақытқа созылса, онда ағза резервтерінің шектеулігіне байланысты үшінші саты - сарқылуы- сөзсіз келеді.
Стресс - бұл әр адамның өмірінің ажырамас бөлігі. Стресс, Сельенің пікірінше, «өмірдің дәмін» жасайды. Бұл өте маңызды және оқыту мен тәрбиелеудің күрделі процестеріне оның қозғаушы, шығармашылық, қалыптастырушы әсері бар. Бірақ стресстік әсерлер адамның бейімделу мүмкіндіктерінен аспауы керек, өйткені мұндай жағдайларда әл-ауқаттың нашарлауы және тіпті аурулары болуы мүмкін - соматикалық немесе невротикалық.
Кейінірек ол жеке тұлғаның психикалық, биохимиялық, психологиялық, мінез-құлық деңгейлерінде экстремалды жағдайларда жағдайын сипаттау үшін қолданыла бастады.
Бұл термин қоршаған ортаның экстремалды әсерінің, қақтығыстардың, күрделі және жауапты өндірістік қызметтің, қауіпті жағдайлардың және т. с. с. пайда болуымен, көріністерімен және салдарымен байланысты көптеген мәселелерді біріктіреді. Стрестің әртүрлі аспектілері психология, физиология, медицина, әлеуметтану және басқа ғылымдар саласындағы зерттеу нысаны болып табылады. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде «стресс» термині кем дегенде үш мағынада қолданылады. Біріншіден, стресс деген ұғымды адамды стресстен немесе қоздырудан туындайтын кез-келген сыртқы ынталандыру немесе оқиға ретінде анықтауға болады. Қазіргі уақытта «стресс» және «стресс-фактор» терминдері осы мағынада жиі қолданылады. Екіншіден, стресс субъективті реакцияны білдіруі мүмкін, және бұл мағынада шиеленіс пен дірілдің ішкі психикалық күйін көрсетеді; бұл күй эмоциялар, қорғаныс реакциялары және адамның өзінде болатын процестер ретінде түсіндіріледі. Мұндай процестер функционалды жүйелердің дамуына және жетілуіне ықпал етеді, сонымен қатар психикалық стрессті тудыруы мүмкін. Үшіншіден, стресс ағзаның сұранысқа немесе зиянды әсерге физикалық реакциясы болуы мүмкін. Ғ. Н. Кассил, М. Н. Русалова, Л. А. Китаев-Смык және кейбір басқа зерттеушілер эмоционалды стрессті психикалық және мінез-құлық көріністеріндегі өзгерістердің кең спектрі ретінде түсінеді, олар биохимиялық, электрофизиологиялық параметрлердегі және басқа реакциялардағы айқын емес өзгерістермен бірге жүреді [7] . Психологиялық стресс - бұл эмоционалды күйге, психикалық белсенділік пен адамның мінез-құлқына (ақпараттық жүктеме, реніш жағдайлары, қауіп, белгісіздік) күшті, теріс әсер етуі мүмкін өте жоғары психологиялық стресс жағдайы. Психологиялық стрессті талдау жағдайдың адам үшін маңыздылығы, зияткерлік процестердің ерекшеліктері және жеке ерекшеліктері сияқты факторларды ескеруді қажет етеді. Бұл психологиялық факторлар жауаптардың ерекшелігін анықтайды. Сондықтан психологиялық стресстегі адамның реакциясы әрқашан жеке және әрдайым болжал бола бермейді.
Психологиялық стресстің өзіндік ерекшелігі - бұл қауіпті деп бағаланатын психологиялық ынталандыру нәтижесінде пайда болады. Психологиялық стресстің дамуы оның көзінің материалдық қатысуынсыз да мүмкін, ал адамның алдағы немесе мүмкін болатын оқиғаларды алдын алу қабілетінің арқасында ғана мүмкін болады. Бұл ретте стресстік реакцияның сипаты мен қарқындылығы субъектінің жағдайға немесе стресстік ынталандыруға жеке қатынасына байланысты. Р. Лазарус стрессті екі жеке ерекшелігімен байланыстырды:
- өзі туралы және әлем туралы және өзіне міндеттемелер алу қабілеті туралы ұғымдармен;
- салдарларға әсер ететін өз қабілеттері туралы түсініктер.
Ол бойынша әрекет етудің 2 түрі бар:
- Проблеманы ұтымды талдауға бағытталған проблемалық-бағытталған стиль қиын жағдайды шешу жоспарын құрумен және орындаумен байланысты және орын алған жағдайды дербес талдау, басқалардың көмегіне жүгіну, қосымша ақпарат іздеу сияқты мінез-құлықтың нысандарында көрінеді.
- Субъектілі-бағытталған стиль нақты іс-әрекеттермен сүйемелденбейтін жағдайға эмоциялық әсер ету салдары болып табылады; Мәселе туралы ойламау, ұйқы кезінде ұмыту, теріс эмоцияларды алкогольмен және тамақтанумен өтеу түрінде көрінеді.
Жауап беру стилдері стрессті оқиға мен оның салдары арасындағы аралық байланыс болып табылады.
Жағымсыз оқиға - әрекет ету стилі- қорғану - мазасыздық - дезадаптация.
Жағымсыз оқиға - әрекет ету стилі - қуаныш - табыс.
Осылайша, бір стрессорлар психика құрылымының жеке ерекшеліктеріне байланысты жеке тұлғаларға әсер етудің әртүрлі түрлерін көрсете алады [37] .
Қазіргі ғылыми әдебиеттерде стресс келесідей қарастырылады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz