ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН - ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ЖАРШЫСЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы кафедрасы


Кафедра меңгерушісі, профессор
Бердіғожин Л.Б.
___________________
___ ________ 2020 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: І.Есенберленнің Көшпенділер трилогиясындағы қазақ тарихының мәселелері

5В011400 - Тарих мамандығы бойынша

Орындаған: Аманжолова М.

Ғылыми жетекшісі:
қауымд.профессор Жұмабаева Ж.К.

Норма бақылау:

Атырау 2020

Мазмұны
1 ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН - ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ЖАРШЫСЫ
Ілияс Есенберлиннің өмірі мен қызметі, шығармашылығы ... ... ... ... ... ..

XX ғасырдың II- жартысындағы Қазақстан тарихнамасы мен
әдебиетінің жағдайы
1.3 Көшпелілер трилогиясының (Алмас қылыш, Қаһар. Жанталас романдары) - қазақ тарихын жаңғыртушы рөлі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 ТРИЛОГИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР
2.1
Алмас қылыш романындағы қазақ тарихының көріністері ... ... ... ... ... ..
2.2. Қаһар кітабындағы тарихи мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Жанталас романы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...

2.1 Алмас қылыш романындағы қазақ тарихы көріністер
2.2. Қвһар кітабындағы тарихи мәселелер
2.3 Жанталас романы -

Кіріспе
Тақырытың өзектілігі:
Зерттеу жұмысымыздың мақсаты:
Зерттеу міндеттері:
Зерттеу нысаны: Зерттеу барысында
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Дипломдық жұмысымды жазу барысында
Зерттеу жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.



1 ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН - ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ЖАРШЫСЫ
1.1 Ілияс Есенберлиннің өмірі мен қызмет, шығармашылығы
Ілияс Есенберлин 1915 жылы 10 қаңтарда Ақмола облысы Атбасар қаласында дүниеге келген. Оның балалық шағы 1920-1930 жылдардағы әлеуметтік толқулар, кедейлік пен аштықты басыннан өткерген қиын қыстау заманның оқиғаларына сәйкес келді.Әкесі Есенберлин кедей жатақтар қатарынан болған. Тіршілігін түзетемін деп жүріп, таршылық заман, ауыр бейнеттен әбден қиналған Есенберлі 1920 жылы дүние салған. Көп ұзамай 1924 жылы күнкөрістің қамы үшін әмеңгерлікпен қайнысына Шәкір Бітеубаев деген кісіге қосылады. Көп ұзамай шыққан анасы да қайтыс болады Анасы қайтыс болғаннан кейін өгей әкенің қарауында төрт бала қалады: үлкен әпкесі Назым, Ілияс, кіші інісі Раунақ және немере ағасы Ахметқали. Бұл 1924 жылдың төңірегі болса керек.
Сәбит Мұқановтың жазғандай жаз айларында Атбасар маңайында жәрмеңкелер болатын. Сол жәрмеңкелердің бірінде өзінен бойшаң келген балалармен күрестегі Ілиястың жеңіс жетеді. Алғашқы тапқан қаражат. Үлкен апалары Назымның соның құрметіне жасаған кішігірім той. Мұндай қуанышты жағдайларда әпкесі Назым барлық жинаған ақшаларын жұмсап мерекелік дастархан жайыпты. Балалар ет жеп, ән айтып, ойын ойнап бір көңілденіп қалыпты. Көптеген жылдар өткен соң, Ілияс Есенберлин алыстағы балалық шақты еске алып: Менің өмірімде әртүрлі дәрежедегі сан-алуан той-домалақтар болды, ең қымбат сыйлық апамыздың бізге ұйымдастырған жеңіс тойы болатын.
Өзі секілді жетімдермен ел кезіп жүргенде, арнаулы құрылған милиция ұстап алып, балалар үйіне өткізіп, Ілияс бір өлімнен аман қалады. Баласы Қозыкөрпештің айтуынша, әкесі осы үшін Кеңес үкіметіне өле-өлгенше риза болып өтіпті. Тірі қалуға, кедейге білім алуға, болашаққа үміт артатындай мүмкіндікке ие болғанын жиі айтып отыратын деп еске алады ұрпақтары.
Ілиястың жетімдер үйіне тап болуының тағы бір себебі үлкен апасы Назымның тұрмысқа шығып, інісі Раунақты туыстары асырап алады. Бірақ Ілияс балалар үйінде көп уақыт болмаған. Өгей әкесінің үйіне қайтып келіп, 4 жылдық мектепке барады. Кейін апасы мен жездесінің соңына ерген Ілияс Қарсақпайға көшіп кеткен.
Мектепті тәмамдаған соң, Қызылорда қаласына барып, интернат мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Кейін Қарсақпайдағы аудандық атқару комитетінде жұмыс істеді. Қарсақпай ауданының халқы мал шаруашылығымен айналысатын. Осыдан бұрын 1927 жылы желтоқсанда ірі феодал-байлардың шаруашылықтарын кәмпескелеу туралы заң жобасын әзірлеу үшін комиссия құрылған болатын. Ауданда аштық басталды. 1932 - 1933 жылдары Қарсақбайда нұсқаушы болып жүргенде, ауатком хатшысы Тилляевқа елде ашаршылық, неге қазақтар қырылып жатыр. Қарсақбайда жұмысшылардың дені орыстар, олардың тұрмысы тәуір. Олардың отбасыларына қосымша тамақ беріліп жатыр. Сол карточканы сәл ғана азайтып, аштан қырылған қазақтарға бөліп берсек деп хат жазған екен. Бұл деректі інісі Раунақ айтқан.
16 жасар Ілиястың аштан қырылып жатырған халыққа азық-түлікпен көмектесемін деген ұмтылысынан ештеңе шықпады.
Кеңес елінде ұжымдастыру, ауыр өнеркәсіпті игеру кезеңі жүріп жатырды. Осыған орай Ілияс Алматыдағы Қазақ тау-кен институтына түседі. Талантты да талапты бала тез көзге түсіп, 1937 жылы Қазақстан КСР-ның бірінші Конституциясын қабылдаған Қазақстан Советтерінің алғашқы Төтенше съездіне делегат болып сайланды. 1940 жылы институтты үздік бітіріп, Жезқазғанға жұмысқа жіберіледі. Сол жылы күзде Қызыл әскер қатарына шақырылады. Ұлы Отан соғысы жылдары жазушы Жауынгерлік еңбегі үшін, Ленинградты қорғағаны үшін медальдарымен марапатталады. 1942 жылы шайқаста аяғынан ауыр жараланып, мүгедек болып елге оралады. 1947 жылға дейін Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінде нұсқаушысы болып қызмет атқарады.
Сталиндік репрессияның әсері Ілияс Есенберлинге де тиді. Соғыс аяқталарда, 1937 жылы атылып кеткен әділет халық комиссары Хамза Жүсіпбековтың қызына үйленіп, қайын енесін АЛЖИР-ден алдырғаны үшін НКВД-ның назарына ілігеді. Филармониядағы ұрлық туралы қылмыстық іс қозғады. Ағайынды мүлкі тәркіленіп, 1949 жылы 10 жылға сотталды. Жазасын Сталиндік жазалау лагері Қарақұм каналы құрылысында жарылыс жұмыстары жөнінен тау инженері болып, ауыр жұмыс атқарды. Бес жылдан кейін Сталиннің өліміне байланысты, партиядағы қызметі қайта қалпына келтіріледі.
І.Есенберлин айдаудан келген соң Қазақ КСР-ның Геология министрлігінде, кейін Бершүгір шахта басқармасының (Ақтөбе облысы) бастығы болып қызмет атқарады.
Ілияс шығармашылық қызметін ақын ретінде бастады. Оның поэтикалық шығармаларына (Айша (1945 жыл) және Сұлтан (1949 жыл) поэмалары, Алғыс өлеңдер жинағы (1949 жыл), (Адам туралы повесть (1954 жыл), Өзен жағасында (1960 жыл), Біржан-Сара трагедиясы және Большевик туралы поэма, Қайырымдылық әндері өлеңдер жинағын шығарды. Есенберлин қазақстандық композиторлардың музыкасына 40-тан астам ән жазды. Олардың ішінде ең танымал: Жастар вальсі, Домбыра, Қыз арманы. 1977 жылы Жалын баспасынан Жұлдыздар атты өлеңдер кітабы жарық көрді.

Көп жыл қуғын көрген Ілияс Есенберлин 1955 жылы наурызда күтпеген жерден сол кездегі Министрлер кеңесінің төрағасының өнеркәсіп жөніндегі орынбасары қызметіндегі Д.Қонаевтың көмегімен Жазушы баспасының директоры болып тағайындалды. 1955 жылдан Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы, Қазақфильм киностудиясында сценарий редколлегиясының мүшесі, Жазушы баспасының директоры, Қазақстан жазушылар одағының екінші хатшысы болып қызмет етеді.
Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы қызметінде жүріп, Ілияс талантты, ерекше тұлғаларға жан-жақты көмегін көрсетті. Ол Әнуар Әлімжановтың көзқарастарын қалыптасуына өз әсерін тигізген. Олжас Сүлейменовке кеңестер берді, кейін Аз и Я атты кітабы Жазушы баспасынан жарық көрді.
Ілияс баспагер қызметін атқара жүріп әрдайым шынайы таланты бар, жаңадан таныла бастаған жазушыларға көмек қолын созды. Ол Мұхтар Мағауиннің, Қабдеш Жұмаділовтің, Сағат Әшімбаевтың, Әзілхан Нұршайықовтың дарынын бірден байқады.
1967 жылы И.Есенберлиннің Қауіпті өткел романы 1920 жж. қазақ зиялыларының қиын тағдырына, қудалаулар мен әділетсіздіктерге арналған. Романда Бернияз Күлеевтің, Мағжан Жұмабаевтың, Қабыш Шәкәрімұлының тірі бейнелері жеке-жеке көрінеді. Автор үшін басты міндет Алашордалықтар деп репрессияға ұшыраған адамдарды қалпына келтіру болды. Романды партия үнсіз қарсы алды. Геологтардың өміріне арналған Күрес романы жарық көрген кезде - өте өткір, қайшылықты, құмар, белсенді пікірталас басталды. Роман үлкен танымалдылыққа ие болып, автор Абай мемлекеттік сыйлығын алды және оның есімі қазақ әдебиеті өкілдерінің арасында танымал бола бастады. Жеңісті көтерілумен қатар, ол қаламгер жолдастарының арасында қызғаныш сезімін де тудырды.

Оның қаламынан Адамгершілік туралы жыр өлеңдер жинағы (1949), Толқиды Есіл (1965) повесі, Айқас (1966), Қатерлі өткел (1967), Ғашықтар (1968), Алтын құс (1972) романдары тамады. Қаһар (1969), Алмас қылыш (1971), Жанталас (1973) сынды туындылар романдары қазақ әдебиетіне косылған елеулі үлес болды. Олардың ағылшын тіліндегі нұсқасы 1998 жылы жарық көрді.
Ал, І.Есенберлин 1975 жылдан бастап толық шығармашылық жұмысқа көшіп, оның нәтижесі 15 роман болды. Өмірінің соңында ұлы жазушы Алтын Орда трилогиясын жазды (1982-83 жылдары).
Халықтың тарихи санасын оятқан қазақ әдебиетінің классигі 1983 жылғы 5 қазанда жүректің жарылуынан қайтыс болды. Сол күні баласы оған жаңа ғана жарық көрген ұлы жазушының бес томдығын қолына тапсырған екен.
Байқап қарап отырсаңыз, жазушының бүкіл өмірі бейне бір әдейілеп жасап қойған кедергілерді бар екпінімен секіріп өтуге бейімделген спортшының әрекеті сияқты.
Ілияс қазақтың тарихи жадысын ояту үшін күресті, жазушының қаламы ешқашан тыныс таппаған. Оның шығармаларына баға берген кабинетте отырған Жазушылар одағының мүшелері емес, қарапайым халық болып шықты. Тау-кен инженері, жазушы, майдангер, өз шығармаларының өміршеңдігі үшін күресті, сынға ғана алынбай, ұлтшыл деген атаққа ие болып, талай рет Кеңестік биліктің қанды қылышының жүзіне ілініп кете жаздады. Ілияс Есенберлин өзінің кейіпкерлері арқылы алғашқылардың бірі болып қазақ ұлтының бай тарихы туралы сөз қозғаған, ұлттық тұрғыдан бой көтеруге, қадір-қасиетін сезінуге шығармалары арқылы шақырды. Ілияс Есенберлин ғасырлар бойы бабаларымыз ешкімнің еншісіне бермеген жерімізді, Хрущев секілді басшылар жан-жаққа таратып әкетпек болғанда, бұл ойдың қазақ ұлтына байланысты қаншалықты теріс пиғыл екенін өз шығармалары арқылы көпшілікке жеткізген. Сол сияқты, жазушының 1960-шы жылдары жазықсыз жазаланған алашордашыларды ақтау туралы сөз қозғап қана қоймай, олардың аттарының өздері ел арасында үрей мен орасан зор қорқыныш тудырып тұрған уақытта, өзінің өмірлік жан жолдасы ретінде 1937 жылы халық жауы саналып, ату жазасына кесілген халық комиссары, Қараөткелде туған Хамза Жүсіпбековтың қызына үйленуі, одан кейін, күйеуі үшін репрессияға ұшырап, АЛЖИР-де қамауда отырған енесін қолына алуы, болашақта өзінің шығармаларына арқау болған тақырыпты - қанаушы билікке деген ел ішіндегі үнсіз болса да, түбегейлі наразылықты - замана талабынан тыс жатқан форма түрінде көрсетудің жаңа тәсілі деп қарастыру орынды болар.

1.2

XX ҒАСЫРДЫҢ II -ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫ МЕН ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ КӨШПЕНДІЛЕР ТРИЛОГИЯСЫ
Советтік идеология ұлтты ұлттың өзіне қарсы қойды. Нәтижесінде өз тарихын өзі жатсынған, өткеніне күмәнмен қарап, болашағын коммунизммен байланыстырған ұрпақ қалыптасты. Көшпенділер тарихты жасамаған, керісінше, отырықшы өркениеттердің материалддық құндылықтарын тұтынушы, оларды басып алушы, бүлдіруші, паразиттік қөшпелі өмір салтын ұстанған деген еуроцентристік пікір үстем болды. Сондықтан ХХ ғасырдың 30 жылдарына дейін көшпелі салтын бұзбаған қазақтардына дейін көшпелі салтын бұзбағанмодернизациялау арқылы, ақыры аштық туғызып, халқының тең жарымын құрбан етіп барып отырықшыландырды. Көшпенді халықтың ұрпағы болғандықтан, қазақтың тарихы, мемлекеті болмаған қоғамдық саяси пікір деген санаға сіңдірілді. Онымен келіспеген қазақ зиялыларының алдыңғы легі Алаш арыстары 1927-1929 жылдардан бастап ұлтшылық деген жаламен репрессияға ұшырады, ал 1937-1938 жылдардағы кең көлемдегі құғын - сүргіннен, саяси террордан ең көп жапа шеккені қазақтаркені дан баршаға мәлім[ Жұмабаева Ж.К. Проблематика казахстанской историографиии в советский период(1920-1990) Вестник юга России. Краснодар. РФ. 2010. № 10. С.___ ].
Кеңестік социализмнін қатаң бақылауындағы қазақ қоғамының элитасы, қаймағы осылайша жойылды. Дегенмен XX ғасырдың II- жартысында жаңа толқын ұлт зиялылары өсті. Солардың қатарында кейін Қазақстанның ғалымдары мен интеллигенциясын, ақын - жазушыларын құраған шоғыр қалыптасты. Солардың бірі - Ілияс Есенберлин болатын. Сол кезеңдерде қазақ тарихы мүлде оқытылмайтын. Қазақтың өткен өмірі туралы тарихи еңбек түгілі әдеби шығарма жазғандарды кеңестік қоғамға жат элемент санайтын. Мысалы , кезінде өзіміздің ұлы ақын, ойшыл Абайды феодализмнің, өткеннің жырын жырлаған деп , Шоқан Уәлихановты хан тұқымы деп айыптап, шығармаларына қолданыстан алып тасталған [Гурьевич А.Я. Интеллигенция Казахстана и политика тоталитарного государства в сфере науки и образования (1946-1985 гг.). Диссер., доктора ист., наук . Алматы 1993. Сс. 166-170].
Қазақтың хан, сұлтан, би, батырлары туралы жазу түгілі, айтуға ешкімнің аузы бармайтын. Мысалы, белгілі тарихшы Е.Бекмахановтың XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан атты монографиялық еңбегі 1948 жылы 14-19 шілдеде Қазақстан Ғылым академиясында талқыға түсіп, автор 25 жылға бас бостандығын айырылғанын бүкіл республикаға белгілі.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де, коммунистік идеология қоғамда ұлттардың жойылуы, олардың өзара араласып, кеңес ұлтының қалыптасуын жариялады. Қазақ тарихы жоққа шығарылды. Осыдан кейінгі 1950-1980 жылдары тарихшылардың бәрі дерлік Кеңестік дәуірден басталған тарихты жаза бастады. Осындай жағдайда халықтардың өткен тарихы емес, .кеңестік қайта құрулар туралы жазылды.Зерттеуші, профессор Ж.К. Жұмабаеваның пікірінше , 1960-1980 жылдар аралығында Қазақстанда тарихтан қорғалған диссертациялардың 80 % кеңестік тақырыпқа жазылды[Жұмабаева Ж.К. Общие тенденции развития казахстанской историографии в 1991-2002гг. Казанская наука. №9.2010. г.Казань. РФ. с. 242. Ал революцияға дейінгі қазақ тарихына арналған зерттеулер % болып, оның өзі археологиялық зерттеулер мен этногенез мәселесіне арналды[ Жұмабаева Ж К. Проблематика казахстанской историографиии в советский период(1920-1990) Вестник юга России. Краснодар. РФ. 2010. № 10. С.___]. Сондықтан амалсыздан социалистік партияны мадақтауға көшкен тарихнама жағдайында, тарихшылар атқара алмаған міндетті, яғни халықтың өткен тарихына деген қызығушылығын, тарихи жадын, тарихи санасын жаңғыртуды жазушылар, көркем әдебиет арқылы атқарды.
Қазақ тарихының ең даулы да қиын тарих беттеріне арнаған І.Есенберлиннің "Қаһар" романы - тарихты қайта қозғаудың басы болған, халықтың отаршылдыққа қарсы азаттық күрестері жайлы елдің есіне салып, оның санасын оятуға көмектескен көркем шығарма еді.

Қазақ халқының ХҮ ғасырдан бергі тарихы жайлы романдары -"Алмас қылыш", "Жанталас" осы тарихи романдар сериясына енді. Жазушының тарихи прозасы - алты романнан тұратын "Көшпенділер" мен "Алтын орда" трилогиясы еді. Ол туралы Р.Нұрғалиев: "...Тарихи романының жаңа бір ұлттық, жанрлық роман - шежіре үлгісін тудырды", - дейді[ Садыкова А.Ж. Қазақ әдебиетіндегі тарихи тақырыптар. Отан тарихының келелі мәселелері атты республикалық ғылыми-теориялық конференция жинағы Атырау 28-29 ақпан 2008 ж. 193 б.

Қазақ тарихы мен ХҮІІІ - ХІХ ғасырлардағы қазақ - орыс қарым - қатынасына арналған, Қазақстанның Ресей құрамына кіруі мен содан кейінгі дәуірді суреттейтін Ә.Кекілбаевтың "Үркер", "Елең - алаң" романдары, Ә.Әлімжановтың "Жаушы", "Махамбеттің жебесі", "Ұстаздың қайтып оралуы", С.Сматаевтың "Елім-ай", Ә.Сараевтың "Еділ - Жайық", Д.Досжановтың "Жібек жолы" т.б. романдары тарихымыздың әр кезеңіндегі қазақ халқының басынан өткен оқиғалар, тарихи адамдар, ұлы тұлғалар жайлы баяндай отырып, кейінгі ұрпаққа, бүгінгі адам санасына ой саларлық философиялық түйін жасайды.
Ілияс Есенберлин коммунизмнің қатаң цензурасына қарамай батыл қадамға барған қайраткер. Ол әдебиетке тарих арқылы келген, қазақ тарихының жоғын жоқтаған әдебиет өкілі. Оған дейін қазақ әдебиетінде тарихи тұрпатты романдар жазылмады. Халықтың тарихи жадын сақтауға мемлекеттілігін насихаттайтын көркем-әдеби формасы жасырылған, қазақ тарихының көптеген мәселелері қамтылған 3 томнан тұратын Көшпенділер осылайша дүниеге келді. Өз романдарында нақты тарихи тұлғаларды, нақты заманды көрсете отырып, көркемдік шешімін ұлттық азаттық идеяларға бағындырды. Тарихи оқиғаны бұндай жүйелі саралаған мұндай жүйе бұрын-соңды қазақ әдебиетінде болған емес. Бұл туынды тарихи нигилизмнің( тарихты жоққа шығарудың ) сеңін бұзды.
Замандастары Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқановтардың , сыни пікіріне қарамастан, жастардың арасында Көшпенділер кітабы танымал болды. Қазақтың танымына тарихи бетбұрыс әкелді. Оқушы қауым алғаш рет Қасым, Хақназар хан, Абылай, Кенесары хандармен өмір жолымен танысты. Қабанбай, Бөгенбай, Бұхар, Сыпыра жыраулардың өміріне үңілді. Бүгінге дейін аталған еңбек өз маңызын жойған емес. 3 млн тиражбен соңғы 30 жылдың ішінде 50 рет қайта басылды. Әлемнің 30 тіліне аударылды.
Геродотқа дейін де, Геродоттың кезінде де, Геродоттан кейін де тарих жазылды. Бірақ, тарихтың атасы Геродот болып қала береді деген сөз бар. Неге тарихтың атасы болып Геродот қалды? Себебі, Геродот жазған тарих арқылы сыни ойлау, талдау (анализ) жасау тәсілдерін білдік. Дәл сол сияқты Есенберленнің Көшпенділер романы да сабақтастық, үндестік, жүйелілік, өзектілік сияқты параметрлер сақталған. Есенберлиннен кейін тарихқа көптеген шығармалар келеді. Бірақ, Көшпенділердің тарихшылар үшін өзектілігі жойылмайды. Оның себебі - алғаш жазылғандығы және екіншіден деректік негіздері , арқауы қайталанбпікрлер мен тұжырымдарға толы, орысша айтсақ, уникальный .
Қандай деректер десеңіз, кітаптың бірінші бетін ашып қалғаннан-ақ Марко Полоның жазбаларын пайдаланды. Сонымен қатар, Вильгелм Рубруктің, Карпинидің жазбаларын пайдаланған. Одан кейін араб тарихшыларының ішінен бірінші кезекте Рашид-ад-диннің, Мұхамед Хайдар Дулатиді, одан бөлек, орта ғасырлардағы қазақ тарихына қатысты моңғол, қытай, мұсылман авторларының деректерін зерделеп пайдаланған.
Туынды әдеби болғанына қарамастан, автор тарихтан алыс кетпеді. Ойдан шығарылған кейіпкерлер де аз болды. Кітаптың жазу барысында Орталық партия комитетінде жұмыс істеп жүрген кезінде Омбы мен Орынбор архивтерінен соғыс кезінде көптеген материалдар жинаған. Ермұхан Бехмановтың өзі материал толықтыруға Орталық Партия комитетінің жәрдемдесуін сұраған. И. Есенберлиннің өзі Ж.Өмірбекке Бекмахановсыз Қаһарды жаза алмас едім деп естеліктерінде бөліскен[].
Көшпенділер трилогиясының бірінші кітабы - Алмас қылыш деп аталып, оның мазмұны - XV-XVI ғасырлардағы Алтын Орда мен қазақ хандығының қалыптасу процесінің көркем бейнеленуі болса, екінші кітап - Қаһар XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ хандығының ыдырауы арналып, тарихи тұлғалардың, халықтың осы мәселеге көзқарастарын әдеби негізде суреттейді. Ал үшіншісі кітап - Жанталастың мазмұны XIX ғасырдағы қазақ даласын патша өкіметі тапрапынан отарлауды тарихи роман түрінде ұсынған.

HYPERLINK "https:e-history.kzkzpublicatio nsview1807"

HYPERLINK "https:e-history.kzkzpublicatio nsview1807"

ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейін әлемдік ақыл-ой кеңістігінде көшпенділер өркениеті деген сөз ауызға алынбайтын. Көшпенділер тарихына еуроцентристік немесе азиялық центристік көзқараспен баға берілді. Еуропа мен Азия тарихын түбірінен өзгерткен ғұндар мен кейінгі түріктердің, монғолдардың тарихы туралы бір жақтылы қасаң көзқарастар ғылымда үстемдік құрып келді. Бақсақ, мейлі ғұн, мейлі түрік, мейлі монғолдар болсын, бәрі де жер бетіне көшпелі өркениеттің ұрығын сепкен, ұлан-ғайыр мәдени кеңістіктерді бір-бірімен жалғаушы, жаңалықтарды жеткізуші болған екен. Онымен қоймай, көшпенділер отырықшы өркениеттер аймағына құлашын кең жайған ірі мемлекеттерді, империяларды құру дәстүрін қалдырып кетті. Ғұндардың әсерінен Қытайдағы, Еуропадағы ұсақ бектіктер (князьдіктер) бірікті. Бірігіп аса қуатты, құлашын кеңге жайған іргелі мемлекеттер құрды. Егер атты ұлттардың соққысы болмағанда ол елдер көпке дейін жайбарақат күйі жатар еді. Тұтас адамзат өркениетінің аяқалысы талай ғасырға кешеуілдер еді.

Әрине, өз ұлтын сүйген, оның тарихын қастерлеген адам өзге хылықты да мағнада құрмет тұтады. Бүгінде ұлтты белгілі бір қатып қалған өлшемге салып бағалайтын заман келмеске кетті. Әлемде қайтадан көшпенділер өркениетіне, оның түп отанына деген қызығушылық оянды. Азияның апайтөс даласынан төрткіл дүниеге қанат жайған көне көшпенділер өркениеті адамзаттың ең мәнді, ең негізгі өркениеті болған және бола да бермек. Бүгінгідей біртектіленген, шексіз-шекарасыз ықпалдастық жағдайында адамзатты мәдени тексізденуден бір құтқарса көшпенділер мәдениеті құтқарады. Өйткені ол өміршең, дара. Онымен қоймай дүниежүзіндегі көптеген мәдениеттердің қайнар көзі. Біздің тәуелсіз мемлекетіміз бен оның басшысын әлемге танытып отырған да осы күш. Мемлекетіміз жас болғанымен, оның халқы интелектуалды, амбициялы және пассионарлы. Көне көшпенділерден қалған бұл ұлы күш-жігер бізді әлемнің алдыңғы легіне алып шығатынына сенеміз. Сол кезде төрткіл дүние көне көшпенділер өркениетінің өзінің түп отанында қалай мәнді дамуға жеткенін көретін болады. [Тұрсынхан Зәкенұлы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Шығыстану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы].

1.3 КӨШПЕНДІЛЕР ТРИЛОГИЯСЫНЫҢ ( АЛМАС ҚЫЛЫШ, ҚАҺАР. ЖАНТАЛАС РОМАНДАРЫ) - ҚАЗАҚ ТАРИХЫН ЖАҢҒЫРТУШЫ РӨЛІ
Алмас қылыш трилогиясы қазақ жерін мекендеген этностардың "ешқандай жоғалып кетулердің" болмағанын, ежелгі ғасырлардан бергі тарихта қазақ халқы өзінің ежелгі атамекенінде өмір сүріп, көшпенді өркениетін ұстағандығын көрсетеді. Автор өз естеліктерінде "Көшпенділерді" жазғандағы себебін: „...қазақ халқының өткенінің тарихи анықтығы, оның мемлекет болып құрылуын батылдықпен бейнелеп көрсету. Ең бастысы, бұл роман шаманизм философиясына қарсы қойылған. Көшпенді халықтар тарихтарынан айрылған сияқты. Көшпенділер - әр түрлі бұрмалауларға тура жауап. Қазақтың өз мемлекеті болған және біздің тарих өте көне әлемдік тарихтың бір бөлігі болып табылады"- деп, жан сырын ашады.
Алмас қылыш романы XV ғасырдың орта тұсынан XVI ғасырдың алғашқы он жылдығы аралығында қазіргі Қазақстан немесе бұрынғы Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде және Шығыс Түркістан мен Мауереннахр аумақтарында өткен тарихи процесстер жазылған. Кейіпкерлерінің дені тарихи тұлғалар. Трилогияда Дешті Қыпшақ ханы Әбілқайыр ханның озбырлығына шыдай алмаған Керей мен Жәнібектің қазақ мемлекеттілігінің негізін қалау кезеңіндегі тарихи шешуші оқиғаны көрсетеді. Шыңғыс ұрпақтарының тақ үшін күрестегі озбырлық саясаты, қазақ руларының бір тудың астында бірігу идеясы жатыр. Роман-хроника болғандықтан, тарихи оқиғалардық тізбегі сақталған.
Кей тұстарда автор тарихи шегіністер жасай отыра, XIII - XIV ғасырлардағы Шыңғыс хан, Жошы хан, Бату хан, Үгедей хан, Күйік хан, Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек хандарға қатысты оқиғаларды қосымша түрде баяндап өтеді.
Алмас қылыштың бірінші бетінен бастап І.Есенберлин XIII ғасырдағы Орта Азияда болған итальяндық жиһангез Марко Полоның моңғол әскерінің құрылымы, соғысу өнері мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ілияс Есенберлиннің өмірі және шығармашылығы
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы: Тарихи шындық және көркемдік шешім
Есенберлин романындағы алаш рухы
Алаш зиялылары
Тарихи романның ұлт тәуелсіздігі үшін күрес жолындағы рөлі
Есенберлин - көне тарихымыздың жиһангері
Ілияс Есенберлин туралы
Ілияс Есенберлиннің романдарын оқытудың әдістері
Шығарманың көркемдік ерекшеліктері
КӨШПЕНДІЛЕР ТРИЛОГИЯСЫ - ТАРИХИ РОМАН ЖАНРЫНЫҢ ЖАНДЫ ҮЛГІСІ
Пәндер