Тұлғаны зерттеудегі теориялар мен ықпалдар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПОӘК 042-14. 05. 01. 20. 65
/03-2012
«Тұлға теориялары» пәні бойынша
оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Тұлға теориялары»
«050503» - «Психология» мамандығына арналған
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2012
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
4 Студенттің өздік жұмысы
1 ГЛОССАРИЙ
1. Істер (деяние) - субъектінің белсенділігінің көріну формасы.
2. Психологиялық қорғаныс - конфликтіні ұғынуға байланысты туындаған мазасыздану сезімін минимумға дейін апаратын немесе жоюға бағытталған тұлғаның тұрақтануының ерекше регулятивті жүйесі.
3. Индивидуалдылық - басқа адамдардан өзінің әлеуметтік мәнді айырмашылықтарымен сипатталатьш адам.
4. Интроспекция - адамның өзіндік бақылау жолымен психикалық құбылысты тану әдісі, яғни адамның өзі санасында әртүрлі тапсырмаларды шешуде не өтіп жатыр соған назарын салып зерттеуі.
5. Когнитивті психология - психологиядағы жаңа зерттеу бағыттарының бірі, адамның мінез- құлқын білімдердің динамикасы мен қалыптасу процесі негізінде түсіндіреді.
6. Тұлға - әлеуметгік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.
7. Тұлғалық мағына - қоршаған орта кұбылыстары мен объектілерге тұлғаның субъективті қатынасы.
8. Дүние таным - объективті әлем мен ондағы адамның орнына, адамның қоршаған болмысқа, өзіне қатынасына деген көзқарастардың жүйесі.
9. Психолингвистика - ғылым облысы, психология мен лингвистиканың арасындағы шекара (грань), адамның сөзін, оның туындауын, жұмыс жасауын зерттейді.
10. Тұлғаның өзіндік анықталуы - проблемді ситуацияда меншікті позицияны бекіту және табудың саналы актісі.
11. Өзіндік бағалау - тұлғаның өзін бағалауы, өз мүмкіндіктерін, садаларын, басқа адамдардың арасьшдағы орнын бағалауы.
12. Статус - адамның топтағы жағдай, оның құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
1З. Құрылым - объектінің тұтастығын және өзіне ұқсайтындығын қамтамасыз ететін объектілердің компонентерінің арасындағы орнықты байланыстардың жиынтығы.
14. Субъект - болмысты өзгертетін және танымның қайнар көзі болатын
индивид немесе топ.
15. Тұлғаның қырлары - индивидтің мінез-құлқының әртүрлі ситуациялардағы орнықты, қайталанатын ерекшеліктері.
16. Әуестену - ұғынылмаған немесе жеткіліксіз ұғынылған қажеттілік көрсететін психикалык күй
17. Диспозиция - адамның белгілі бір сыртқы немесе ішкі әрекеттерге дайындығы, бейімдігі
18. Қызығу - адамның қандайда бір объектіге эмоциялық жоғарғы зейіні 19. Мотив - субъектінің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекетке ояту
20. Мотивация - организмнің белсенділігін және оның бағытын анықтайтын бағытын шақыратын ояну
21. Ынталану - әлеуметтік рұқсат етілген көрсеткіштер аркылы әрекет себебін субъектінің рационалды түсіндіруі
22. Табысқа жету мотиві - әртүрлі іс-әрекетте табысқа жету қажеттілігі және ол тұлғаның орнықты қыры ретінде қарастырылады
23. Ниет - белгіленген прогаммаға сәйкес әрекетті аяқтауға саналы ұмтылу
24. Тұлғаның бағыттылығы - орнықты мотивтердің жиынтығы, тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайды.
25. Қажеттілік - организмнің, индивидтің, тұлғаның бір нәрсеге қатысты мұқтаждығы
26. Ұмтылу - біріншілей ояну, қажеттілікті сезімдік бастан кешіру
27. Жетістік тестері - сыналушының нақты білім, ептілік, дағдыларының деңгейін көрсететін психодиагностикалық әдістеме
2. «Тұлға теориялары» пәнінің дәрістік материалдары.
1 тақырып: Жеке тұлға психологиясы: пәнге кіріспе.
Тұлғаны зерттеудегі теориялар мен ықпалдар.
Тұлғаның психологиялық теорияларында тұлғаның табиғатын түсіндіретін өзара бір-бірін толықтыратын екі ықпал бар. Біріншісінде тұлға субъектінің мінез-құлық ерекшеліктері мен интрапсихикалық қасиеттердің автономды жүйесі, уникалды деп анықтайды, ол жүйеге мінезі, қабілеттері, түсініктері, құндылыққа бағдарлануы мен концепциялары кіреді.
Екінші ықпалда тұлға болу үшін интерперсоналды кеңістікке қосылуы керек, басқа адамдармен белсенді саналы әлеуметтік қатынастар құрады, яғни тұлға ол интерпсихикалық байланыстары мен адамның өзара қатынастары. Тұлғаның интерпсихикалық компонентіне шоғырланған Л. Хьел, Д. Зиглер оны ғылыми зерттеудің келесі аспектілерін көрсетеді:
Тұлға құрылымы ол тұрақты сипаттамалар, әртүрлі комбинацияларға түсе отырып бірыңғай, ұйымдасқан тұтастық құрайды және тестілеуде немесе экспериментте орнықты көрсеткіштерді табуды мүмкін ете алады; мотивация мінез-құлықтың процессуалды, динамикалық аспектілерін қосатын оның себептері мен факторларын шақыратын оятатын мотивтер.
Тұлғаның дамуы әртүрлі жас сатыларында нәрестеліктен қартайғанға дейінгі оның қасиеттері мен ерекшеліктерінің заңды өзгерістері; тұлғаның психопатологиясы тұлғаның биосоциалды қоршағандарға адаптациясында шарттанған қиындықтар, процестер, факторлар және психиканың жұмыс жасауынан ауытқуы; тұлғаның психикалық денсаулығының негіздемесі белгілі бір критерийлермен сәйкес бөлінгендер; тұлғаның писхологиялық әсерді коррекциялау процесіндегі трансформациясы эмоциялық ерік когнитивті, мінез-құлықтық сферадағы өзгерістер, психотерапевтік ықпалдар мен техникалар жасайтын жағдайларға жету үшін жасалатын трансформациямен байланысты болады.
Тұлғаның кез келген теориясы мына сұраққа жауап беру үшін жасалған. Тұлғаның құрылысы оны құрайтын элементтер қандай? Адамның істерін қандай мотивтер бағыттайды? Адамның тұлға болуын не детерминациялайды, оның өсуін не қамтамасыз етеді, не кедергі келтіреді? Тұлғалық дамуда қандай факторлар аномалияны шақырады? Психикалық денсаулықты бағалау критерийі мен шарты қандай?
Тұлғаның өзіндік тиімділігін көтеру үшін және позитивті өзгерту үшін оларды не камтамасыз етеді? Д. Мацумото әртүрлі теорияларды жалпылап, оларды біріктіретін жағдай ол сыртқы ситуациялардан тәуелсіз орнықтылық мәселесі деді. Альтернативті ықпал былай айтады: тұлға тек әлеуметтік байланыстары мен тұлға аралық қатынастардың жүйелері арқылы ғана адекватты түсініледі.
Тұлғалық белсенділік теориясы бойынша А. В. Петровский интраиндивидуалдымен қатар тұлға аралық өзара әрекеттің «индивидуалдылықтың айналасындағы кеңістік» ретінде белсенділіктің интериндивидуалды сферасы да бөлініп алынады. А. В. Петровский бойынша тұлғаның белгілі бір қырларын бекіту индивидтің сол бірлестікке қосылу механизміне бағынады.
Тұлғаның дамуын индивид аралық қатынастар субъектісі ретінде бағалау үшін негізгі критерийге әлеуметтік топтарға кіру сәттілігінің дәрежесі алынады, өзінің меншікті белсенділігін басқа адамдармен белсенділікпен интеграциялау қабілетінің деңгейі алынады. Тұлға үнемі қарым-қатынаста, басқаға арналған қатынаста беріледі және «ішкі тәуелсіз территориясы» болмайды, әлеуметтік қатынастардан автономдылығы жоқ деген идеяларды М. М. Бахтин және Л. С. Выготский жасады.
Олардың бірігулерінен ол кеңес психологиясының, қазіргі психологияның гуманитарлық білімдер жүйесінің негізі болып табылды. М. М. Бахтин оны келесі тезисте көрсетті: «Мен өзімді ұғынамын өзімді тек басқаға ашқанда ғана, басқаның көмегімен ғана өз өзім бола аламын». Адамның өз болмысы (сыртқы мен ішкі) терең қарым-қатынас. Бар болу ол қарым-қатынасқа түсу болып табылады. Бар болу ол басқа үшін бар болу сол арқылы өзім үшін бар боламын.
Тұлға аралық қатынастар субъектісі ретінде тұлға өзінде үш репрезентацияланған (сфералар) бірлікті табады:
1) интраиндивидтілік тұлға оның «интраиндивидті сапаларының» орнықты жиынтығы ретінде адамның индивидуалдылығын құрайтын психикалық қасиеттер (темперамент пен мінез ерекшеліктері, қабілеттері, мотивтері, тұлғаның бағыттылығы және басқалар) .
2) интериндивидті тұға индивидтің индивид аралық байланыстар кеңістігіне қосылуы ретінде қаралады, онда ішкі топтық өзара қатынас пен өзара әрекет оларға қатысушылардың тұлғалық сипаттамасы ретінде қаралады (мұнда тұлға аралық өзара қатынастарды түсінудегі жалған альтернатива жойылады, олар не топтар феномендері не тұлға аспектілері ретінде қаралады, мұнда тұлғалық топтық, ал топтық тұлғалық ретінде алынады.
3) метаиндивидті тұлға индивидтің басқа адамдармен тіршілік іс-әрекетіндегі «идеалды берілу» ретінде қаралады, сонымен қатар маңызды өзара әрекет шегінен шығады; мұнда адам интеллектуалды, эмоциялық немесе мотивациялық сферасындағы мағыналық құрылулардың субъектісі ретінде беріледі.
Индивид өзінің дамуында әлеуметтік детерминацияланған қажеттіліктерді, тұлға болуды бастан кешіреді, өзін басқа адамдардың тіршілік әрекетіне сеніп тапсырады, олардағы өзінің бар болуын сезінеді, мәнді әлеуметтік іс-әрекетте өзінде тұлға болу қабілетін көреді. Тұлға индивидтің интерперсонал байланыстары негізінде жасалатын іс-әрекеттің әртүрлі аспектілеріне қатысты қатынастардың ерекше жүйесі ретінде қарастырылады.
Ол қатынастар тұлғаның құрылымдық біріншілей элементтері болып табылады. Қатынастар психологиясының негізін орыс писхологы А. Ф. Лазурский салды, «Тұлғаны зерттеу программасы және оның ортаға қатынасы» деген еңбек жазды. А. Ф. Лазурский бірінші рет «тұлғаның сыртқы ортаға қатынасы» туралы категорияны айтты (табиғатқа, адамдарға, әлеуметтік топтарға, рухани құндылықтарға қатынас және басқа қатынастар), ол категория психологиялық талдаудың бірлігі ретінде алынды.
Кейінірек қатынастар психологиясы В. Н. Мясищевтің еңбектерінде дамытылды. Ол мына тезисті тұжырымдады: тұлғаның мәні оның болмысқа қатынасы болып табылады. Адамның дамыған психологиялық қатынас ол әртүрлі жағы бар болмысы бар тұлғаның индивидуалды, таңдамалы, саналы байланыстарының тұтастай жүйесін көрсетеді.
В. Н. Мясищевтің айтуынша психологиялык қатынастың құрамына үш компонент кіреді: танымдық (когнитивті), эмоциялық және ерік. Алайда бұл компоненттерді қатынастардың құрылымдық элементтері ретінде емес оны психологиялық талдаудың үш әртүрлі мағыналық ракурсы ретінде қарастырылады. Тұлғаның қатынастары орнықты немесе орнықсыз болуы.
Тұлғалық құрылымның жоғарғы қабатына кірген қатынастар өзгергіштікпен сипатталады. Қатынастар тұлға ядросына жақын болған сайын соғұрлым олар статикалы болады және ішкі мен сыртқы өтіп жатқан өзгерістерге ұшырамайды. Егерде бұл терең қатынастар өзгере қалса да онда тұлғаның психологиялық қатынастарының барлық жүйелері трансформацияланады.
Кеңестік психологиядағы тұлға теорияларының жалпы постулаттары:
Тұлғаның кеңестік концепциялары егер вариациялары болса онда келесі жалпы теориялық пункттерде қосылады:
1. Тұлғада биологиялық айналдырылған формада әлеуметтік ретінде өмір сүреді. Табиғи (органикалық) сипаттамалар тұлға құрылымында оның әлеуметтік шарттанған элементтері сапасында болады.
2. Тұлғаның белсенділігі ситуацияға алғашқы берілген шектеулерді түсіруге әкеледі. Мақсатқа жету жолындағы кедергілер мен шектеулер оларды жеңуге бағытталған ерекше іс-әрекетті оятады.
3. Тұлға деген ол индивидтің социумда алған жүйелік сапасы. Өзіндік ұйымдасудың осы арнайы формасы туа берілген индивидтік қасиеттердің үстінде орналасады.
4. Тұлға орнықты тұлғааралық байланыстар жүйесінде ғана түсінікті болады. Кеңестік психологияның базалық жағдайларының негізінде (А. Н. Леонтьев) бұл байланыстар бірлескен іс-әрекеттің мағынасымен, мазмұнымен, құндылықтарымен жанамаланады.
5. Максимализация постулаты: тұлға индивидтің максималды персонализацияға ұмтылуынан туады (А. В. Петровский) Осы постулаттан теориялық гипотезалар туындайды:
а) индивидуалдылығын белгілеу жоспарында құндылықтары бар индивид қабылдаған кез келген бастан кешірулер қажеттілікті персонализацияға маңыздандырады және басқаның мәнділігін іздеумен анықталады онда индивид идеалды түсініктерді алуы мүмкін;
b) индивид қарым-қатынастың кез келген ситуациясында өзінің индивидуалдылығын таратуға және анықтауға ұмтылады, осы нақты жағдайда персонализация мүмкін болады. Оны жүзеге асырудың мүмкін болмауы өзінде жаңа мүмкіндіктерді іздеуге апарады немесе заттық іс-әрекетте өзін табуға апарады;
с) қарым-қатынастың екі немесе оданда көп серіктестерінен субъект максималды адекватты персонализацияны қамтамасыз ететін адамды дұрыс көреді. Соған ұқсас ұзақ персонализацияны қамтамасыз ететін адамды артық көру табылады.
6. Тұлға дамуының индивид аралық қатынастар жүйесінде туындаған қайнар көздері қажеттілік пен персонализацияның арасындағы қайшылық ретінде өмір сүреді.
7. Тұлға онтогенездің сатыларында иерархиялық орналасқан топтарда қалыптасады. Тұлға дамуының сипаты ол қосылған топтың даму деңгейімен сипатталады.
Көптеген әртүрлі тұлға теориялары бар оларда тұлға мәселесі әртүрлі қарастырылады. Мысалы психоаналитикалық теория дамуды қоғамдағы өмірге адамның биологиялық табиғатының адаптациясы ретінде, қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсілдері мен қорғаныс механизмдерін жасау деп түсінеді.
Қырлар теориясы тұлғаның барлық қырлары өмірде қалыптасады, ал олардың туындау процесі, өзгеруі мен тұрақтануы биологиялық емес заңдарға бағынады деген тұлғаның дамуы туралы түсініктерге сүйенеді.
Әлеуметтік үйрену теориясы тұлғаның дамуы адамдардың тұлғааралық өзара әрекет тәсілін қалыптастыру ретінде түсінеді. Гуманистік және басқа феноменологиялық теориялар оны «Меннің» қалыптасуы процесі ретінде талдайды.
Алайда тұлғаның даму мәселесін қарастырған позициялар мен теориялардан басқа интеграцияланған, тұлғаны тұтастық ретінде қарастыратын әртүрлі теориялар мен ықпалдар тұрғысынан анықтайтын бағыт та бар. Осындай ықпалдың аясында бірнеше концепциялар қалыптасты, олар негізгі назарды даму барысында тұлғаның жан жақты өзара байланысқан өзгерулері деп бекітеді.
Осындай даму туралы осы бағытты ұстаған теориялардың бірі американдық психолог Э. Эриксонның концепциясы, яғни эпигенетикалық принцип: адам туғанынан өмірінің соңына дейін міндетті түрде өзінің тұлғалық дамуында өтетін сатылардың генетикалық негізін алдын ала анықтады. Э. Эриксон адам өз өмірінде басынан сегіз психологиялық дағдарысты өткізеді деп көрсетті:
1. Сену-сенбеу дағдарысы (өмірдің бірінші жылы)
2. Ұялуға қарсы автономия (2-3 жас айналасы)
3. Кінә сезіміне қарсы бастамашылдықтың көрінуі (шамамен 4-6 жас аралығы)
4. Өзін толық қанды сезінбеу комплексіне қарсы еңбексүйгіштік (7-12 дейін)
5. Конформизм, сұр индивидуалдылыққа қарсы жеке бастық өзіндік анықталу (12-18 жас) .
6. Жасқа байланысты психологиялық изоляцияға қарсы көпшілдік және интим (20 жас шамасы) .
7. «Өзіне кетуге» қарсы жаңа ұрпақты тәрбиелеу қамқорлығы (30-60 жас аралығы) .
8. Өкіну сезіміне қарсы өміріне қанағаттану (60 жастан жоғары) .
Э. Эриксонның концепциясында тұлғаның анықтамасы сатылардың алмасуы арқылы түсініледі, әрбір сатыда адамның ішкі әлемінде сапалы өзгерулер, қоршаған адамдармен қатынас радикалды өзгерістер өтеді. Соның нәтижесінде тұлға дамудың сол сатысына тән жаңа сапаларды игереді. Оның пікірінше тұлғалық қырлар алдыңғы даму негізінде пайда болады.
Тұлға ретінде дамып және қалыптасып адам тек жағымды сапаларды ғана емес кемшіліктерді де меңгереді. Бір теорияда әрі жағымды әрі жағымсыз өзгерулердің үйлесу варианттарын келтіру мүмкін емес. Сондықтанда Э. Эриксон өзінің концепциясында тек тұлғаның екі даму сызығын көрсетті: нормалды және аномалды. Әрине олар дәл сондай болып таза күйде өмірде кездеспейді, алайда нақты көрсетілген ол жағдайлардан аралық варианттарды адамның тұлғалық дамуында көруге болады.
2 тақырып: Классикалық психоанализ.
Психологияның әртүрлі мектептерінде тұлға табиғаты әртүрлі түсініледі, оның себебі, оны психологияның пәні ретінде анықтаумен, психологиялық зерттеулерге деген қатынаспен, зерттеулерде қалыптасқан пршциптермен байланысты болды. Сондықтанда фрейдизм аясында негізгі ұғым инстанциялар мен, өзбеттілі өмір сүретіндердің арасындағы конфликт ретінде қаралғандықтан, тұлға үнемі конфликт жағдайында қаралды.
Осы бағытқа негіздемені австриялық дәрігер, психиатр, психолог, философ, бейсаналық теориясын жасаушы З. Фрейд берді. Психика оның пікірінше санадан тұрады, ол адамға оның басынан өткізгендері ретінде беріледі, сана алды күйі жеңіл ұғынылатын бірақ дәл сол уақытта анық ұғынылмайтын, бейсаналық басынан кешкендер болады деп түсінілді.
Психиканы динамикада қарастыра отырьш, З. Фрейд сана, сана алды және бейсаналылықтың арасында үнемі қозғалыстар, өзара әрекеттер, конфликтілер болады деді. Санадан ыңғайсыз, қабылданбайтын тілектер, қабылданбайтын еске түсірулер ығыстырылады. Сана қоршағандар негативтің бағалаған ұмтылуларды басып тастайды, олар бейсаналыққа өтеді, санада көріну жағдайы туғанға дейін сонда өмір сүреді.
Сөйтіп бейсаналық ығыстырылған, сана үшін жарамайтын мазмұндарды (тілектер, ойлар т. б. ), алғашқы инстинктерді «орналастырушы» ретінде түсінілді. Сана мен бейсаналықтың арақатынасы айсбергтің судың асты мен үстінің арақатынасы ретінде қаралды. Су асты бөлігі үлкен және көрінбейді.
Тұлғаның құрылымы З. Фрейд бойынша басқаша берілді: «ид» төменгі инстанция, бейсаналы біріншілей қажеттіліктерді орналастырады, қанағаттану принципіне бағынады. Қанағаттану принципі психикалық өмірді реттеуші болып табылады, ол қанағаттануға ұмтылу мен қайғыларды жоюмен көрінеді.
«Супер эго» «үстіде» орналасады, жоғарғы инстанция болып табылады, біріншілей қажеттіліктерде көрінетіндерді шектейді. «Супер эго» бейсаналық инстанция, мінез-құлық цензурасы, бастан өткен әсерлер.
«Эго» психикалық өмірдің ұғынылған жағы, реалды өмір шарттарын бағдарлануды береді, «супер эго» талабын және «ид» тілектерімен келісуге ұмтылады. «Эго» негізінде жатқан реалдылық принципі тілектерді қанағаттандыру барысындағы реалды болмысты ескеретін бағдарлануды көрсетеді.
З. Фрейдтің негізгі ұғымы ол энергия. Либидо ол сексуалды энергия немесе жасампаз энергия. Бұзатын энергия өлімге, агрессияға ұмтылуда көрінеді. Энергия бейсаналықтан бөлінгісі келеді, ал әлеуметтік шек қоятын цензура энергияның тура өз міндетіне баруын шектейді. Конфликтіден қашу энергияның таралу мүмкіндігінің орындалмайтындығымен шақырылған күштену үшін «эго» сублимацияны пайдаланады.
Сублимация сексуалды ұмтылулар энергиясын әлеуметтік рұхсат етілген объектілерге ауыстыруды жасайды, сексуалды инстинкт энергиясын тікелей объектіден алып кетеді, оны әлеуметтік өнімді іс-әрекетке қолдануға жұмсайды. Егер «Эго» зорығуды конфликтіден түсірмесе, онда ол бастан кешірген зорығуды неврозға апарады. Невроз психоаналитиктердің айтуы бойынша ол мәселені шешуден кету деп санайды.
Ұғыну невроздан жазылуға мүмкіндік береді, невроз қорғанудың бейсаналық құралы болып табылады. Невротик психоаналитиктің интерпретациясымен белсенді қарсыласады, өзінің шынайы невротикалық конфликтісін түсінгісі келмейді. Фрейд бойынша конфликт табиғаты бойынша психикаға тән, ол жойылмайды.
Алайда «Эго» конфликтіні тиімді басқара алады, невроздан қашырады. Ол үшін «Эго» психологиялық қорғаныстарды қолданады, сол арқылы санадан шектеу қойылған қабылданбайтын өзінің меншікті импулсьтарын қабылдауды жояды.
Психологиялық қорғаныс бейсаналық механизмдердің жиынтығы, «Эгоны» сыртқы қауіптен, бейсаналықтан келетін «Супер Эго» үшін қабылданбайтын меншікті әуестенулерден қорғауды қамтамасыз етеді.
Психологиялық қорғаныс механизмдері әртүрлі формаларға ие болады, оның алпыстан аса түрі кездеседі, мысалы проекция, ығыстыру т. б. Бейсаналықты сыналушыньщ есебінсіз зерттеу мүмкін емес, сондықтанда түс көргендегі, қателескен әрекеттердегі, невротикалық симптомдардағы, еркін ассоцациялардағы бейсаналықтың нысанын, бұзылуын, көрінгендерін анализдеуді қолдануды ұсынады. Қате әрекеттер есімдерді ұмыту, естімей қалу, қателесу, жаңылысу, басқа нәрсені айта салу көріністерінде білінеді.
Комбинацияланған қате әрекеттер болады. Қате әрекеттер санадан ығыстырылған, көріну қабілетінен айырылған басып тасталынған психикалық материалдар әрекетімен шақырылады. Белгілі бір жағдайда әрекеттің ұғынылған бағытын, басылып қалған тілектер интерференциясы қате әрекетті, әрекет бағытын береді.
Түс көруді кейде «бейсаналықтағы патшалық қақпасы» деп атайды. Түс көру жұмысы, ауыстыру мен конденсация түс көру бейнелерін түсініксіз, анықсыз, санаға түсініксіз етіп жасайды. Фрейдтің идеяларының бірі символдар сөздігін жазу, көптеген психоаналитиктер оған қарсы болса да, оны, барлық бейнелерді ұғынылған тілге аудару болды.
Ең қызығы сол түс көру жұмысын талқылап оны қайта жасалған психикалық материалдарды меншікті бастапқы қабат деп қабылдау болды. Түс көру жұмыстарын талқылауда «әрекетті қайта жасау», яғни түс көру әрекетін қайта жасау болып табылады.
Ол реконтекстуализация (түс көрудегі ауысудан кейін) және деконденсация (түс көруден кейінгі жасалған жұмыс конденсациясы) . Түс көруді анализдеу барысында символдарды түсіну оларды өңдегеннен кейін ашылады.
З. Фрейдтің практикасында емес, теориясында бейсаналық пен сана деген дихотомия бар, бұл дихотомиялар басқада ғылыми дихотомияларда кездеседі: сыртқы мен ішкі, ырықты мен ырықсыз, рефлексивті емес пен рефлексивті. Интериоризация ұғымы осы дихотомиялар негізінде жасалған.
Психоанализ субъектіге анықталуды жапсырудан, проблемаға творчестволық шоғырланудан бас тарту мәселесі бойынша басқалардан айырмасы бар. Творчестволық адам творчество беретін анықталудан, мәселені шешуден қашу үшін психоанализден жиі бас тартады.
Фрейд психологияға, мәдениетке үлкен үлес қосты. Фрейдтің психоанализ практикасы мен теориясы пайда болғаннан кейін адам басқаша ойлай бастады, басқаша қорытынды жасады.
Сондай-ақ швейцар ғалымы, З. Фрейдтің бұрынғы шәкірті Карл Густав Юнгтің теориясы да өте атақты, өзі кейін меншікті адам психикасы жалы идеялар жүйесін жасады. Адам үшін барлық қоршағандар оның тәжірибесінде беріледі. Сондықтанда К. Юнгтің ойынша ең адал идеялар субъективті болып табылады.
Юнг фрейдизмнен кетті, бейсаналық биологиялыққа апарылмайды деп санады. Оның пікірінше, бейсаналық алдыңғы ұрпақтың психикалық тәжірибесінде беріледі, мінез-құлық типтер, эмоциялық реакциялар, спонтанды фантазия бейнелері, түс көрулердің қосындылары деп анықталды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz