Меншік құқығының тоқтатылу негіздері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Н ТарМУ 11/1-1. 53-2019

1 баспа 05. 05. 2019

Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Заң факультеті

Азаматтық және азаматтық іс-жүргізу құқығы кафедрасы

КУРСТЫҚ Жұмыс

Азаматтық құқық пәні бойынша

Тақырыбы: Меншік құқығының түсінігі және түрлері. Пайда болуы мен тоқтатылуы

Білімгер __ Убайдулла Ахмет __ Тобы: В18ЮП-5

/аты-жөні/ /қолы/

Жетекші аға оқытушы Бекенова Анар

/қызметі/ /аты-жөні/

Қорғауға жіберілді « » 2020ж.

/қолы/

Жұмыс қорғалды «»2020ж. бағасы

/жазбаша/

Комиссия мүшелері:

/аты-жөні/ /қолы/

/аты-жөні/ /қолы/

Тараз 2020

Курстық жобасын (жұмысын) орындауға арналған тапсырма

Н ТарМУ 11/1-1. 55-2019

1 баспа 05. 05. 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Азаматтық және азаматтық іс-жүргізу құқығы кафедрасы В 18 ЮП-5 тобының білімгері Убайдулла Ахмет курстық жоба (жұмыс)

/аты-жөні/

ТАПСЫРМА Азаматтық құқық пәні бойынша

1. Тақырыбы: Меншік құқығының түсінігі және түрлері. Пайда болуы мен тоқтатылуы

2. Тапсырманың арнайы нұсқауы:

Мазмұны, кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары)
Орындау кестесі: Орындау кестесі
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): Көлемі, %
Орындау кестесі: Орындау уақыты
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 1. 1. Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны
Орындау кестесі: 5
05-11. 02. 2020ж.
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 1. 2 Меншік құқығының нысандары мен түрлері
Орындау кестесі: 15
12-23. 02. 2020ж.
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):

1. 3 Меншік құқығына және өзге азаматтық құқықтарға

ие болу негіздері

Орындау кестесі: 20
01-06. 03. 2020ж.
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 2. 1 Меншік құқығының пайда болу негіздері
Орындау кестесі: 20
08-13. 03. 2020ж.
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 2. 2 Меншік құқығын қорғаудың азаматтық тәсілдері
Орындау кестесі: 5
15-22. 03. 2020ж.
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 2. 3 Меншік құқығының тоқтатылу негіздері
Орындау кестесі: 25
01-09. 04. 2020ж.
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 4. Графикалық материалдарының тізімі (сызулардың масштабы келтіріледі)
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары):
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 5. Жобаның (жұмысты) жинақтау мерзімі
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула­ры (жұмыстары): 6. Қорғау
Орындау кестесі:

Кафедра мәжілісінде бекітілген «»20___ ж. хаттама №

Жетекшісі:

Аға оқытушы Бекенова Анар

/қызметі/ /қолы/ /аты-жөні/

Тапсырманы орындауға қабылдадым « »2020ж.

/білімгердің қолы/

Жоспар

Кіріспе 4

1 Меншік құқығы 6

1. 1. Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны 6

1. 2. Меншік құқығының нысандары мен түрлері 8

1. 3. Меншік құқығына және өзге азаматтық құқықтарға

ие болу негіздері 13

2 Меншік құқығының пайда болу және тоқтатылу негіздері 16

2. 1. Меншік құқығының пайда болу негіздері 16

2. 2. Меншік құқығын қорғаудың азаматтық тәсілдері 19

2. 3. Меншік құқығының тоқтатылу негіздері 19

Қорытынды 26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27


Кіріспе

Меншік - экономикалық санат ретінде. Меншіктің экономикалық санатын ұғынудың негізі тіптен ХІХ ғасырдағы ғылыми жұмыстарда кездеседі. Ондағы ой меншік қоғамда, тек мемлекет ұйымдастырған қоғамда ғана болады дегенге тіреледі. Меншік, бұл- зат та емес, мүлік те емес. «Бұл- белгілі бір экономикалық қатынас».

Меншік дегеніміз тарихи қалыптасқан, белгілі бір қоғамдық қатынас, ол адамдар арасында затқа байланысты туындайды. Меншік ұғымы әрқашанда ұйымдасқан адамдар қоғамына тән. Адамзаттың алғашқы даму кезеңінің соңына қарай меншіктің туындауы мемлекеттің пайда болуына және қоғамның ары қарай екпінді дамуына әкеп соқты. Меншік қатынасы қоғамдық құрылыстың әлеуметтік- экономикалық мәнін білдіреді. Сондықтан да меншік мәселесі қоғам өміріндегі негізгі мәселе болып табылады. Қоғамның қалай ұйымдасатындығы және адамдар тұрмысы оның қалай тұрғызылғанына байланысты. Меншік пен өндірістік қатынастардың негізгі формалары қоғамның құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік сияқты типтерін тарихи анықтап берді. Сонымен қатар, меншікке дейінгі кезеңді- алғашқы қоғамдық және ғылыми жобаланған, бірақ толық іске аспай қалған социалистік кезеңді бөліп алуға мүмкіндік берді.

Меншік қатынастарының өзгеруі- қоғамның негізгі қозғаушы күші және барлық әлеуметтік сілкіністердің себебі. Ал, меншік қатынастарының өзгеруі қоғамды прогреске де, регреске де әкелуі мүмкін. Өзгерістердің тиімділігін анықтау қиын емес, ол үшін тиісті кезеңдердегі мемлекет пен азаматтың экономикалық және әлеуметтік дамуының статистикалық мәліметтерін салыстырса жеткілікті.

«Меншік» термині әртүрлі мағынада пайдаланылады. Күнделікті өмірде меншік, көбіне, мүлікпен немесе құқықпен теңестіріледі. Бірінші жағдайда «мынау менің (оның) меншігім (меншігі) » деуге болады. Екінші жағдайда- «меншік иемдендім (бердім) » дейді. Құқық тұрғысынан алғанда мұның екеуі де дәл емес. Меншікті меншік құқығынан айыру қажет. Меншік- экономикалық, ал меншік құқығы- заңдық санат. Біз келтірген бұл ұғымдарда меншіктің заңдық мәнін азаматтар меншіктің экономикалық санаты арқылы дұрыс білдірмейді. Сонымен қатар меншік нысанмен (мысалы, орындықпен, машинамен) теңестірілуге тиіс емес. «Мына зат маған меншік құқығы бойынша тиесілі» немесе «Ол сатып алу- сату шарты бойынша пәтерге меншік құқығын иемденді». Экономикалық және құқықтық санаттарды шатастырмау керек. Сонымен бірге меншік құқығы меншіктің экономикалық қатынастарының сипаты әрі көрінісі екенін білу керек. Сондықтан да меншік құқығын зерттеу меншіктің экономикалық санатымен танысудан басталады.
Ресейдің заң әдебиеттерінде «меншік, адамдар арасындағы мемлекеттік қатынастардан гөрі (қатынастардың бұл аспектісі көбіне міндетті құқық нормаларымен реттеледі), адамның заттарға өзінікі, өз меншігі ретіндегі қатынасы болып табылады» деген пікір айтылған. Бұл қағида қате. Ешқандай құбылыс тек өзі арқылы түсіндірілмейді. Адам өзіне ұнаған басқаның мүлкіне өз меншігіндей қарағанмен, егер заңды титулы болмаса ол оның меншік иесі бола алмайды (яғни оны иемдене алмайды) . Олай болған жағдайда қолына зат ұстағанның бәрі меншік иесі болар еді.


1 Меншік құқығы

1. 1 Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны

Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да болу керек, меншіктің азамат даму процесінде алатын орны ерекше.

Меншік ұғымын екі мағынада түсінуіміз қажет. Біріншіден, экономикалық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Меншік қоғам өмірінің негізгі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамда белгілі бір даму кезеңінде санатқа кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.

Оған бірден-бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне қатысуына тікелей ықпал жасап отырған біздің экономикалық заңдарымыз.

Меншік құқығы объективті мағына тұрғысында алғаңда, меншік құқығы осы институтты реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы субъективті мағынада белгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтық қатынасын айқындайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану, иелену және билік ету құқылары тиесілі. Меншік құқығын толығырақ түсіну үшін жоғарыда көрсетілген қағидаларға жеке - жеке тоқталып, олардың мазмұнын ашып көрсеткеніміз жөн болар.

Азаматтық Кодекстің 188-ші бабыда анықталғандай, меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын және оған билік ету құқығы.

Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс-жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заң түрінде қамтамассыз ету, яғни айтқанда тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізудің мүмкіншілігі. Мыс: азамат ұзақ командировкаға кеткенімен өз мүлкінің иесі болып қала береді. Ол мүлікке басқа біреудің қол сұғуға құқықтық меншігі жоқ. Сонымен қатар, мүлікті иелену құқығы басқа субъектіге берілуі де ықтимал. Мысалы: жалға беру және т. б. шарттар. Азаматтық заңдарында көрсетілгендей иелену заңды, заңсыз, адал және арам ниетті де болуы мүмкін.

Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамассыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де иелігіндегі мүліктен өзінің тұтынушылық және басқа да қажеттіліктерінін қанағаттандыру мүмкіншілігі. Мәселен, азамат өз автомобилін өзінің шаруашылығында немесе басқа біреуге жалға беру арқылы пайда болуға болады. Пайдалану құқығы да иелену құқығы секілді басқа субъектіге берілуі мүмкін. Мыс: жалға беру шарты. Негізінен пайдалану құқығы мен иелену құқығының арасында тығыз байланыс бар. Мәселен меншік иесі пайдалану құқығын басқа біреуге берместен бұрын ол субъектіге мүлікті иеленуге беруі тиіс, өйткені субъектіде иелену мүмкіншілігі болмаса, пайдалану құқығы мүлдем болмай қалуы да ықтимал.

Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамассыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің өз мүлкіне байланысты кез келген заңға қайшы келмейтін әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіншілік береді. Мыс: сату, айырбастау, сыйға беру, жойып жіберу және т. б. сонымен қатар, меншік иесінің өз мүлкіне байланысты өкілеттілігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауы тиіс. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.

Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы. Меншік құқығының мерзімі шексіз, яғни меншік иесіне уақыт кезеңімен анықталатын шектеулер қойылмауы тиіс.

Меншік және жеке меншік құқығы дегеніміз - әр түрлі ұғымдар. Меншік туралы айтылғанда еңбектің өнімдерінінің тиісті нысандарын иеленуді шартты түрде дәйектейтін өндірістің құрал-жабдықтары мен өнімдеріне иелік жасау жөніндегі белгілі бір қоғамдық қатынастар туралы болады.

Меншік дегеніміз - қоғам өмірінің шарты. Меншік базистік сипаттағы экономикалық санат, ал меншік құқығы дегеніміз қондырмалық тәртіптегі ұғым болып табылады.

Меншік құқығы объективті және субъективті мағыналарға байланысты бөлінеді. Объективті мағына тұрғысынан алғанда меншік құқығы өндіріс құрал-жабдықтары мен өнімдеріне иелік жасау, пайдалану және өкімдік жүргізу қатынастарын дәйектейтін құқықтық нормаларының жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы дегеніміз субъективті мағынасында - белгілі бір адамның нақты мүлікке қатынасты құқығы болып табылады. Меншік иесіне мүлікті иелену, пайдалану және оған өкімдігін жүргізу құқықтары тиесілі. Бұл құқықтар дәлірек айтқаңда, меншік иесінің өкілеттілігі адамның меншік құқығының мазмұнын құрайды.

Иелену құқықғы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету: Ие болу құқы деп -адамның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізуінің мүмкіндігін құрайтын мүлікке нақты ие болуды айтады. Мысалы, мемлекет жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне және т. б. ие болса, азамат жеке автомобильге, жиһазға және т. б. ие.

Ие болу құқы заңмен қорғалады. Мүлікке ие болу құқығы басқа адамға берілуі мүмкін. Мысалы, комиссия шарты бойынша берілген мүліктің сақтаушысы, комиссионер, заңдық негізде ие болу құқығын және т. б. жүзеге асырады.

Пайдалану құқығы дегеніміз - заттың пайдалы табиғи қасиеттерін шығарып, одан табыстар, сондай-ақ басқа да тиімді игіліктер көру мүмкіндігі. Пайдалану құқы кезінде меншік иесіне өзіне тиесілі мүлікті кәдеге жаратуы, өзнінің тұтынушылық сезінуін қанағаттандыру үшін одан пайда табуы қажет. Мысалы, адам кір жуғыш машинаны өзінің шаруашылық мақсаттарына пайдаланса, ал азық-түлік өнімдерін қоректену үшін пайдаланады және т. б.

Мүлікті, техниканы шаруашылық мақсатта пайдалану, сондай-ақ ұғымдарда жүзеге асырады. Олар өз алдарына қойылған мақсатты орындау үшін пайдаланады. Пайдалану құқығы да заңмен қорғалады.

Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеуін қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің мүліктін заңдық жағдайын анықтап, өзгерте отырып, мүлікке байланысты құқықтық қатынастарды белгілейді немесе тоқтатады (мысалы, сату, айырбастау, сыйлау, жойып жіберу, жедел басқармаға өткізу және т. б. ) . Билік ету құқығы тек меншік иесіне ғана тиесілі.

1. 2 Меншік құқығының нысандары мен түрлері

ҚР Конституциясының 6-бабының 1-тармағына сәйкес «ҚР-да мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады». Бұл меншіктің формалары. Әртүрлі әлеуметтік мақсат пен құқықтық режим оларды бөліп алуға негіздеме болады. Меншікті екі формаға бөлу Конституциясында олардың меншік құқығының субъектісі ретінде мемлекетке қатынасының нышандары бойынша жүргізіледі. Жеке меншікке жататындықты заң өте оңай анықтайды- мемлекетке тиесілі еместің барлығы солар. Яғни барлық мемлекеттік емес меншіктер жеке меншік болып табылады. Ресей Федерациясында меншік формаларының тізбесі жабылған жоқ. Жеке және мемлекеттіктен басқа оларда муниципалдық және басқа формалар бар. Меншік формаларына меншік құқығы формалары сәйкес келеді. Өз кезегінде формалар да түрлерге бөлінеді. Форма меншіктің арналған мақсаты мен әлеуметтік бағыттылығына қарай оның сапалық ерекшелігін бейнелейді, ал түр- меншік формалары ішіндегі субъективтік айырмашылық. Кез келген азамат немесе заңды тұлға, сондай-ақ мемлекет меншік құқығының субъектісі бола алады. Азаматтың әрекет қабілеттігі шектулі болған немесе тіптен, ол болмаған жағдайда оның мүддесін заң немесе шарт бойынша өкіл қорғайды. Мемлекеттің меншік құқығының субъектісі ретіндегі ерекшелігі сол- оның құқығы уәкілетті мемлекетті органдар немесе мемлекеттік заңды тұрғалар арқылы, ал, заң құжаттарында көзделген жағдайларда- мемлекеттік емес заңды тұлғалар және азаматтар арқылы жүзеге асырылады.

Конституцияға бағдар алып АК меншік формасы ретінде жеке (191-бап) және мемлекеттік (192-бап) меншікті бөліп қарастырады. Сонымен қатар қазақстандық заң шығарушы, ресейлікке қарағанда, топтастыру кезінде «форма» терминін пайдаланбады. Оған саналы түрде барды, себебі «форма» және «түр» ұғымдары өз мәндері жағынан көп мағыналы және меншік құқығына қатысты қолдануға онша келмейді. Бұл ұстаным дұрыс та шығар. Дегенмен, бұл мәселеге қатысты екі көзқарасты атап өткен жөн. Біріншісі бойынша меншік құқығы біртұтас және біртекті. Ол нарықтық экономиканың жалпы ережесіне бағындырылған. Бірақ мемлекеттік меншік құқығын бұған жатқызуға болмайды, ол мемлекеттік функциясын қолдау және жеке меншік құқығының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуде шектеулі ауқымда болады. Яғни, жеке меншік түрлік емес, меншік ұғымына келетін тектік ұғым.
Екінші көзқараста меншік құқығы тектік ұғым, ал жеке және мемлекеттік меншік құқығы- түрлік ұғым. Мүліктің жеке және мемлекеттікменшік үшін заңнамада белгіленген әртүрлі құқықтық режимі оған негіздеме болады. Бұл мемлекет функциясының айрықша сипатынан туындайды және субъектінің ерекшелігіне байланысты.

Заңды тұлғалар қатысатын қатынастардағы сияқты мемлекет өкілдері қатысатын қатынастарда абстрактылы субъектілердің- ҚР-сының немесе әкімшілік-аумақтық бөліністердің бар екендігі ескеріледі. Олардың атынан азаматтық айналымда құқық берілген тұлғалар- заңды немесе жеке тұлғалар қатысады. Әдетте заңды тұлғалар мекеме мәртебесі берілген мемлекеттік органдар болады. Бұл жағдайларда да мұндай мемлекеттік мекеменің қашан өз атынан, қашан мемлдекет немесе әкімшілік- аумақтық бөлініс атынан мүдде қорғайтынын білген дұрыс. Қай жағдайда болса да мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністің мемлекеттік заңды тұлға балансында бекітілмеген мемлекеттік мүлікке тікелей тікелей билік жасайтынын білу керек. Басқа жағынан алғанда, мемлекеттік меншікке құқығын мемлекеттік заңды тұлғалар (кәсіпорындар мен мекемелер) өздерінің шаруашылық жүргізуіндегі немесе роалымды басқаруындағы мүлікке қатысты жүзеге асырады.

АК-ның 191-бабында жеке меншіктің екі түрі белгіленген, олар- азаматтар меншігі және мемлекетті емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі. Өз кезегінде АК-ның 192-бабы мемлекеттік меншіктің екі түрін белгілейді, олар-республикалық және коммуналдық меншіктер.

Меншіктің кейбір объектілері меншіктің белгілі бір формалары мен түрлеріне ғана тән. Жер және оның қойнауы, су, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар меншіктің ерекше объектісі болып табылады. ҚР Конституциясының 6-бабының 3-тармағына сәйкес олар мемлекет меншігінде болады. Бірақ жер заңда белгіленген негіздерде, жағдайларда және шекте жеке меншікте де болуы мүмкін. Жерге қарағанда қойнаудың жеке меншікте болуы мүмкін емес, себебі жоғарыға шығарылған жыныс қойнау болудан қалады, яғни ол жеке меншік объектісі бола алады. Басқа объектілердің тиесілілігін анықтағанда әңгіме жалпы су, өсімдік және жануарлар әлемі жайында екенін ескеру қажет. Олар тек мемлекет меншігінде ғана болады. Ал, нақты бір ағашты немесе жануарды бөліп алсақ, олар ҚР-ныңзаңнамасына сәйкес жеке меншік объектісі бола алады.
Жеке және мемлекеттік меншіктің сандық арақатынасы бастапқы кеде мемлекеттік меншікті жекешелендіру қарқынымен анықталады. Бұл процесс ТМД-ның басқа елдеріне қарағанда Қазақстанда белсенді жүргізілді, ондағы мақсат мемлекеттік меншікті ең төменгі қажетті деңгейге жеткізу еді. Қазір бұл арақатынас мемлекеттік мүдделер бойынша анықталуда.

Меншік азаматтардың, заңды тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттің меншігі болып бөлінеді.

Азаматтардың меншігі. Азаматтардың меншік құқығы объектісінің ауқымы кең. Бұл зерделілік және материалдық қызметтің, кәсіпорындардың тұтыну заттарын қосқандағы материалдық объектілердін өнімдері, өндірістін құрал жабдықтары, патенттер, лицензиялар, ақшалар, соның ішінде шетел валютасы, акциялар, басқа да бағалы қағаздар мен басқа да мүліктер. Азаматтардың меншігі жеке түрде де болуы мүмкін.

Ол азаматтардың физикалық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған.

Азаматтардың жеке меншігі оларға пайда алу үшін қажет (мысалы, өндіріс құрал-жабдықтары) .

Азаматтардың меншік құқығының иайда болуына мыналар негіз болады:

Мемлекеттік немесе басқа да кәсіпорындарда, ұйымдарда жұмыс істеудің нәтижесінде алныған, қоғамның өндіріске қатысудан түскен еңбек табыстары;

Қолөнерлік, іскерлік өнеркәсіптін, ауылшаруашылығының, халыққа қызмет етудің аумақтарындағы және тағы басқа жеке шаруашылықты жүргізу, азаматтардың жеке еңбек қызметі;

Несиеге, сақтандыру және басқа да мекемелерге салынған қаражаттар, акциялар және басқа да бағалы қағаздардан жеке меншік ретінде түскен табыстар;

Мұрагерлік бойынша және заң рұқсат ететін басқа да негіздер бойынша мүлікке ие болу. Мысалы, еңбекшілер қажеттіліктерінің біраз бөлігі қоғамдық қорлар есебінен зейнетақы, жәрдемақы, тегін білім алу, медециналық қызмет көрсету және т. б. есебінен қанағаттандырылады.

Сөйтіп, меншік құқығының пайда болуының негізгі бастаулары деп азаматардың қоғамдық өндірістегі еңбегінен түсетін ақыларды айтамыз. Азаматтардың меншік құқығының пайда болуына азаматтар жасайтын әр түрлі азаматтық-құқықтық мәмілелер жатады.

Азаматтардың меншік құқығының субъектілері сол азаматтардың өздері болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер құқық қатынастары
Жерге меншік құқығының және өзге де құқықтардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері. Жермен жасалатын мәмілелердің ерекшеліктері
Еңбек құқығының қағидаттары
Жер құқықтық қатынастары
Табиғатты пайдалану құқығы түсінігі
Еңбек қатынастары
ҚР жерге жеке меншік құқығы
Жерді құқықтық қорғау
Азаматтық - құқықтық қатынастар
Табиғатты пайдалану құқығының тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz