ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ Бизнес және құқық факультеті Құқықтану кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Қылмыстық құқық
Тақырыбы: Зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерімен ұштасқан адам өлтіру

Орындаған: ЮП-18-01 тобы студенті Аяпберген Н.Ш.
Рецензент: з.ғ.к., доцент. Алибеков С.К.

Ақтау - 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Жыныстық қылмыстардың мазмұны мен жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 5
1.2 Жыныстық қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы ... ... ... ...6
2. ЗОРЛЫҚ - ЗОМБЫЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРМЕН ҰШТАСҚАН АДАМ ӨЛТІРУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.1 Зорлау түсінігі мен жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Сексуалдық сипаттағы зорлық - зомбылық әрекеттері ... ... ... ... ... ... . 14
2.3 Зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы әрекеттерімен ұштасқан адам өлтіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...20

КІРІСПЕ

Курc - тық жұмыc - тың жa - лпы c - ипa - ттa - мa - c - ы. Жыныстық қолсұғылмаушылыққа және жыныстық бостандыққа қарсы қылмыстар дегеніміз 16 немесе 14 - жасқа толмаған тұлғалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына, қалыпты түрдегі тәндік және психологиялық дамуына және ересек адамдардың жыныстық бостандығына немесе жыныстық қатынастардың қоғамда қалыптасқан салтына қол сұғатын, қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтар болып табылады. Қылмыстардың объектісі жыныстық бостандық және жыныстық қолсұғылмаушылық деп танылады. Жыныстық қылмыстардың объективтік жағы, яғни Қылмыстық кодекстің тиісті баптарында айқындалған кінәлі тұлғалардың заңға қарсы әрекеттерімен сипатталады. Қылмыстардың субъективтік жағы барлығы тікелей қасақаналықпен сипатталады.
Қылмыстардың субъектісі 16 - жасқа толған, есі дұрыс еркек немесе әйел адамдары болып табылады. Криминологиялық талдау жасағанда зорлық көрсететін қылмыскер көптеген қылмыспен жазаланатын іс - әрекеттерді қамтиды. Қылмыстық Кодексте зорлық көрсетіліп жасалатын қылмыстарға 50 - ден астам баптар бар. Осы жыныстық қылмыстарының көпшілігін қасақана адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, азаптау, зорлық және де басқа бөлігін қамтиды. Зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық - зомбылық әрекеттерімен ұштасқан адам өлтіру ретінде көрсетілген қылмыстарды жасау үдерісінде немесе оларды жасыру мақсатында, сондай-ақ осынау қылмыстарды жасау кезінде көрсеткен қарсылықтары үшін кек алу түрткі болған адам өлтіруді түсіну қажет.
Курc - тық жұмыc - тың мa - қc - a - ты мe - н міндe - ттe - рі. Осы жұмыстың мақсаты зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы әрекеттерімен ұштасқан адам өлтіру қылмысының құрамына талдау жасай отырып, саралау мәселелерін қарастыру. Аталған мақсатқа жету үшін алға қойған міндеттерді шешілуі керек және тиісті түрде орындалуы қажет. Осыған байланысты мына міндеттерді: 1)Адамның жыныстық мызғымастығы мен жыныстық боастандығына қарсы қылмыстарға түсінің беру; 2)Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын сәйкес зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы әрекеттерімен ұштасқан адам өлтіру құрамын заңды талдау; 3)Зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы әрекеттерімен ұштасқан адам өлтірудің объектісін, объективтік жағын және субъектсі мен субъективтік жағын қарастыру қажет; 4)Аталған қылмыстардың ауырлататын және аса ауырлататын жағдайлардағы қылмыстық жауаптылығын қарастыру. Курc - тық жұмыc - тың зe - рттe - луі дe - ңгe - йі. ҚР Жоғарғы Сотының 2007 жылы 11 мамырдағы Зорлау және өзге де сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттерімен байланысты қылмыстардың саралаудың кейбір мәселелері туралы №4 нормативтік қаулысында атап көрсетілгендей, жыныстық қылмыстардың қоғамға қауіптілігі өте зор және ол кең өріс алған қылмыстардың бірі. Осығын байланысты зорлау және өзге де сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттерімен байланысты қылмыстардың алдын алуымыз керек. Жыныстық қылмыстардың криминологиялық алдын алудың негізгі бағыттарына: 1)Бірінші рет жасалатын жыныстық қылмыстардың алдын алуы; 2)Бұрын жыныстық қылмыстарды жасаған айыпкерлерге болашақта жаңа қылмыстарды жасамауына бағытталған тәрбилік алдын алу шарасы; 3)Жыныстық қылмыстарды жасағаны үшін ұсталған қылмыскерлердің әр түрлі шаралармен алдын алуы; 4)Жазасын өтеп болған қылмыскерлердің қайталап жасамаудың алдын алуы; 5)Жыныстық қылмыстарды жасауға бейім адамдарды анықтап және олардың есепке алудың қатаң жүйесін орнату, яғни мұндай есептерді полиция органдарында және психоневрологиялық диспансерлер жүргізуі тиіс; 6)Қауіпті жыныстық қылмыстарды жасауы мүмкін деген психикалық кемшілігі бар тұлғаларды анықтап, оларға алдын алу шараларын ұйымдастыру. Курc - тық жұмыc - тың құрылымы. Тақырыптың жалпы сипаттамасы мен мақсат, міндеттеріне байланысты аталған тақырыптың зерттелу деңгейіне сәйкес курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, тиісті екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұратын құрылымы жасақталған.
1. ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Жыныстық қылмыстардың мазмұны мен жүйесі
ҚР Жоғарғы Сотының 2007 жылы 11 мамырдағы Зорлау және өзге де сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттерімен байланысты қылмыстардың саралаудың кейбір мәселелері туралы №4 нормативтік қаулысында атап көрсетілгендей, жыныстық қылмыстардың қоғамға қауіптілігі өте зор және ол кең өріс алған қылмыстардың бірі. [1] Оның қоғамға қауіптілігі сол мұндай қылмыстарды істеу азаматтардың заң қорғайтын жыныстық бостандығына және жыныстық бостандығына қол сұғылмаушылыққа қасақана қол сұғу арқылы, оларға моральдық, рухани, адамгершілік тұрғысынан зиян келтіре отыры, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына зор қатер туғызады. [2, 288б]
Жыныстық қолсұғылмаушылыққа және жыныстық бостандыққа қарсы қылмыстар дегеніміз 16 немесе 14-жасқа толмаған тұлғалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына, қалыпты түрдегі тәндік және психологиялық дамуына және ересек адамдардың жыныстық бостандығына немесе жыныстық қатынастардың қоғамда қалыптасқан салтына қол сұғатын, қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтар болып табылады.
Бұрынғы әрекет еткен қылмыстық заңнамаларда (ҚазКСР 1959 ж. ҚК) ауырлатылған мән-жайларда жасалған зорлау үшін өлім жазасы көзделген болатын.
Қылмыстардың берілген тобының объектісі жыныстық бостандық және жыныстық қолсұғылмаушылық, кейбіреулерінің қосымша объектісі ретінде (ҚК 120-122, 124 бб.) балалар мен жасөспірімдердің қалыпты түрдегі тәндік және өнегелік дамуы танылады. Жәбірленушілердің сипаттамасын әрбір бап бойынша бөлек беру қажет болады. Заңның мәнісі бойынша, жас шамаларына тәуелсіз түрде әйелдер сондай-ақ еркектер де болуы мүмкін, қай жыныста болмасын, тұлғалар тең түрде қылмыстық құқықтық қорғауға алынған.
Жыныстық қылмыстардың объективтік жағы, яғни Қылмыстық кодекстің тиісті баптарында айқындалған кінәлі тұлғалардың заңға қарсы әрекеттерімен сипатталады. [3, 63б] Қылмыстардың барлығы белсенді әрекет арқылы жзеге асырылады. Және қылмыс құрамдары формальдық болып келеді. [2, 288б]
Бұл қылмыстардың субъективтік жағы барлығы тікелей қасақаналықпен сипатталады. Қылмыстардың себептері көбінесе, нәпсіқұмарлықпен болады, алайда кейбір кездерде өзгедей себеппен болуы мүмкін.
Қылмыстардың субъектісі 16 - жасқа толған, есі дұрыс еркек немесе әйел адамдары болып табылады. Зорлау (ҚК 120 б.) және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер (ҚК 121 б.) үшін қылмыстық жауаптылық 14 - жастан басталады. [3, 63 б] Негізінен алғанда көптеген авторлар, яғни нақты айтқанда Я.М.Яковлев, Н.Д.Дурманов осы жыныстық қылмыстардың толық жүйесін заңға сәйкес құрастырған болатын. Бірінші кезекте, Я.М.Яковлев өзінің жүйесінде 4 - ке бөліп қарастырған: 1)Жыныстық бостандығына қарсы қылмыстар; 2)Кәмелет жасқа толмаған тұлғалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар; 3)Кәмелет жасқа толмаған балалардың дұрыс жыныстық тәрбиесі мен дамуына және жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар; 4)Әйел адамдары мен еркек адамдарының арасындағы дұрыс жыныстық қатынасқа қол сұғылмаушылық қылмыстары. Екінші кезекте, Н.Д.Дурманов өзінің жыныстық қылмыстар жүйесін 3 - ке бөліп қарастырды: 1)Әйел адамдарының жыныстық бостандығы мен денсаулығына қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар; 2)Кәмелет жасқа толмаған тұлғалардың жыныстық бостандығына қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар; 3)Еркек пен еркек адамдарының арасындағы мәжбүрлі жыныстық қатынасы. [7, 21 б] Менің ойымша жыныстық қылмыстарды мынадай жүйеге топтастырған жөн: 1)Ересек тұлғалардың жыныстық бостандығына (яғни, бұған зорлау, нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану, жыныстық қатынас жасаудағы өзге әрекеттерге мәжбүрлеу) қарсы қылмыстар; 2)Кәмелетке толмаған адамдардың жыныстық қол сұғылмауына қарсы қылмыстар.

1.2 Жыныстық қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы

Криминологиялық талдау жасағанда зорлық көрсететін қылмыскер көптеген қылмыспен жазаланатын іс - әрекеттерді қамтиды. Мысалы, ҚК - те зорлық көрсетіліп жасалатын қылмыстарға 50 - ден астам баптар бар. [5, 40б ] Осы жыныстық қылмыстарының көпшілігін қасақана адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, азаптау, зорлық және де басқа бөлігін қамтиды. [4, 57 б] Қылмыстардың осы түріндегінің негізгі белгісіне - қылмыскер тарапынан жәбірленушіге заңсыз күш қолданады. [5, 40 б] Жыныстық қылмыстар туралы С.В. Познышев былай деген болатын: қылмыскерлердің ішіндегі ең импульсивтілері бұл - жыныстық қылмыс жасаушылар, зорлау жасағандар және жас балаларды азғырушылар. Бұл тұлғалардың жыныстық құмарлығы өте күшті болады, олар тек жеке бастың құмарлығын қанағаттандырдығысы келеді. Олар өзінің әрекеттерінің көңіл бөлмейді, тек қылмысты жасаудан кейінгі жауаптылықтан ғана корқады. Зорлау қылмысын жасайтын кейбір ер адамдарда әйелдерге деген қатігездік көзкарас қалыптасқан. Олар әйелдердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлап, өзінің дене күшінің олардан артық екендігін әрқашан дәлелдегісі келіп тұрады. Ғалымдардың зерттеулері бойынша жыныстық қылмыстарды көп жағдайларда өзінің жыныстық құмарлығын жиі қанағаттандыруға мүмкіндігі бар тұлғалар көп жасайтыны анықталған болатын. Бұл айтылғандардың барлығы жыныстық қылмыстардың жасаудың себептері әлеуметтік - психология тұрғысынан қарастырады. Криминология ғылымында осы жыныстық қылмыстардың себептерін шетелдік ғалымдар бірнеше теория негіздеген: 1) Символдық интеракцонистік теориясында әлеуметтік қарым - қатынас белгілері, символдар, қимылдар арқылы жүзеге асырылады. Адамдар бірін - бірін бақылап, басқалардың іс - әрекетіне еліктеуі мүмкін. Бұл теорияда жәбірленушінің мінез - қылқына, зорлаушының әрекетіне назар аудару керек. Себебі, жәберленуші іс - әрекеті, айтқан сөздері, арсыз қимылдары жыныстық қатынас жасауға, яғни зорлауға итермелуі мүмкін. Осы теория зорлаушының ойна негізделеді, содан кейін істеген әрекетінің нәтижесінде әйелді зорлаған жоқпын, ол өзінің әрекеттерімен жыныстық қатынасқа түсуге ұсыныс жасады деген сөздермен түсіндіреді. Яғни, қысқаша айтқанда бұл теорияда жыныстық қылмыс жасаудың басты себебі жәбірленушінің өзінің іс - әрекеттерімен жасалған деп түсіндіреді. 2)Психоаналитика лық теорияға сәйкес, жыныстық қылмыстарды жасаушыларда бала кезінен бастап әйелдерді жек көреді не олар еркектердің мәртебесі жоғары отбасыларда дүниеге келген. Олар әйелдердің жағдайы жоғары ортада болғанда, өзінің мәртебесін одан да жоғарлату үшін зорлау қылмысын жасауы мүмкін. 3)Құрылымдық мүмкіндік теориясы. Бұл теорияны Л.Кларк және Д.Левис ойлап тапқан. Бұл теорияда әйелдерді еркек адамдар тауар ретінде қарастырады. Яғни, олар әйелді тауар ретінде қарастырғанда, өзіне тиесілі нәрсені алу белгілі бір қаражат сомасын жұмсайды. Ал, ондай қаржылық мүмкіндіктері жоқ еркектерде, әйелдерді жыныстық қатынасқа күштеп алуға тырысады. Сондықтан жыныстық қылмысын жасайды. Қылмыстық әрекеттерді криминологиялық топқа біріктіруге болады. Және оларға: 1)Қылмыскер әрекетті жүзеге асыратын тәсілі - яғни, жеке тұлғаның физикалық тұрғыда күштеуі, оны зорлаймын деп қорқытуы; 2)Қасақаналық ниетпен жасалады; 3)Объектісіне - жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығы; 4)Субъектісі - 14 , 16, 18 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға. Жыныстық қылмыстар қоғамдық қауіптілік дәрежесіне және келтірілген зардаптың ауырлығына қарай басқа криминалдық құбылыстардан асып түседі. Осы жағдайға сәйкес, қоғамға зор зардап келеді. Жыл сайын осы жыныстық қылмыстан зардап шегушілердің саны көбейіп келе жатыр. Жыныстық қылмыстарының себептері мен жағдайлары ретінде мынадарды қарастырамыз: 1)Агрессивті әрекеттерді тудыратын жағымсыз материалдық және өмір сүру жағдайлары; 2)Зорлық - зомбылық әрекеттеріне жол берушіліктің көп таралуы; 3)Қылмыстық ортаның әсер етуі; 4)Қылмыс жасауға негіз болған жәбірленушінің виктимдік (жеңіл оймен, құқыққа қайшы) мінез-құлқы; 5)Отбасындағы, көршілермен, жұмыстастарымен өзара қарым-қатынасы; 6)Жыныстық қылмыстарға алғышарт болатын жәбірленуші мен өзге де адамдарға қауіп төндіруі, ұрып - соғуы, денеге зақым келтіруі, азаптауы, бұзақылық әрекеттерге құқық қорғау органдарының дұрыс қадағаламауы; 7)Криминалдық рецидивпен кұрес барысында құқық қорғау органдары қызметіндегі кемшіліктері; 8)Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, ішкі істер органдарының алдын алу қызметіндегі кемшіліктері; 9)Жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың көпшілігінің латенттігі және олардың жазаланбауы; 10)Психикалық ауруға шалдыққан адамдарды анықтаудағы кемшіліктері мен жетіспеушілігі; 11)Қоғамға жат топтарының құрылуымен олардың іс - әрекеті жастарымызға кері әсерін тигізетін жағдайлар; 12)Күштеу, бұзақылық, өзге моральға не құқыққа жат әрекеттердің орын алу фактісіне адамдардың араласпауы; 13)Елімізге тәрбиелік шаралардың дұрыс ұйымдастырылмағандығы мен осындай шаралардыңаз болуы және халыққа мәдени қызмет көрсетудегі кемшіліктер және т.б. Жыныстық қылмыстылығының алдын алуы осы мемлекеттегі әлеуметтік - экономикалық өзгерістерге және әділеттік қағидаларының жүзеге асырылуымен байланысты болып келеді. Осы жалпы әлеуметтік мәселелерді шешу жыныстық қылмыстылығымен нәтижелі күрес жүргізуге алғышарт болып табылады. Жыныстық қылмыстардың алдын алу үшін, бірінші кезекте осы қылмыстардың жиі жасалатын орындар мен уақытын анықтап және сол жерлерде қоғамдық қауіпсіздікті күшейту керек. Мысалы, осындай қылмыстардың көп жасалатын орындарға бұзылған, құрылысы аяқталмаған, ешкім тұрмайтын және ақалның жет жерлері жатады. Жыныстық қылмыстармен күресудің басты шарты - қылмыс жасайтын адамдардың жек басын анықтау. Мұндай адамдардың қатарына бұрын жыныстық қылмыстарды жасағаны үшін сотталғандар, қылмысын өтеп босатылғандар, сондай - ақ қоғамдық орындарда әйелдерге тиісіп, ескерту алғандар жатқызамыз. Психикалық кемшілігі бар немесе өзге психикалық науқастар жыныстық қылмыстарды көп жасайды. Сондықтан да оларға ерекше бақылауда ұстап, көптеген алдын - алу шараларын қолдану керек. Мұндай шараларға жедел - іздестірушілік, психологиялық, медициналық жатқызуға болады. Осы айтылған шаралар жныстық қылмыстарды жасауы мүмкін деген адамғарға көп бағытталуы тиіс. Жыныстық қылмыстардың криминологиялық алдын алудың негізгі бағыттарына: 1)Бірінші рет жасалатын жыныстық қылмыстардың алдын алуы; 2)Бұрын жыныстық қылмыстарды жасаған айыпкерлерге болашақта жаңа қылмыстарды жасамауына бағытталған тәрбилік алдын алу шарасы; 3)Жыныстық қылмыстарды жасағаны үшін ұсталған қылмыскерлердің әр түрлі шаралармен алдын алуы; 4)Жазасын өтеп болған қылмыскерлердің қайталап жасамаудың алдын алуы; 5)Жыныстық қылмыстарды жасауға бейім адамдарды анықтап және олардың есепке алудың қатаң жүйесін орнату, яғни мұндай есептерді полиция органдарында және психоневрологиялық диспансерлер жүргізуі тиіс; 6)Қауіпті жыныстық қылмыстарды жасауы мүмкін деген психикалық кемшілігі бар тұлғаларды анықтап, оларға алдын алу шараларын ұйымдастыру. Егер де психикалық ауытқуы бар белгілі бір тұлғалардың жыныстық қылмыс жасаған деген ақпараттар құқық қорғау органына түссе, онда жедел түрде алдын алу шарасын қолдану керек. Қылмыстың алдын алғаннан кейін, тұлға жауатылыққа тартылмаса, онда оны міндетті түрде бақылауда ұстауы тиіс. Себебі, олардың қайталап қылмыс жасауы мүмкін. Негізінді алдын алу шараларын ұйымдастырған кезде мына белгілерге қатты көңіл бөлуі тиіс: 1)бұрын жыныстық қылмыс жасағанына не жасамағанына; 2)жыныстық қылмыс жасауына қандай себеп болғаны; 3)еңбек қызметінің таңдауына; 4)балалық шағында жыныстық қылықтарды жасаумен көзге түскені; 5)бұрын жыныстық сипаттағы моральға жат әрекет жасағанына көп көңіл бөлуі тиіс. Жыныстық қылмыс жасаған тұлғаның психикалық ауытқуы бар немес жоқ екенін анықтау өте маңызды. Оларды тек психиатрдың және сексопатолгтың құзіретінде болады. Кәмелет жасқа толмаған балалардың психикалық ауруға ұшырағанын, яғни соның ішінде жыныстық сипаттағы аурудың бар немесе жоқ екенін анықтау маңызды. Өйткені болашақта жыныстық қылмыстың субъектісіне айналуы мүмкін. Келесі алдын алуға қатысты маңызды мәселенің бірі - бұл еліміздегі халыққа көмек көрсететін психиатрлардың аз болуы. Және осы саладағы мамандардың көп еместігі. Жыныстық қылмыс жасаған тұлғалардың көпшілігі өзін кінәлі санамайды, соған байланысты сот барысында қылмыскерлер осы 7 позицияның бірін ұстанады: 1) жыныстық қатынас ешкімнің мәжбүрленуінсіз жасалды; 2) жыныстық қатынастың болғанын және жәбірленушімен кездескенін жоққа шығару; 3) жәбірленушімен кездескенін жоққа шығармайды, бірақ жыныстық қатынастың болмағанын мойындамайды; 4) жыныстық қатынасқа жасауға ұсынғанын мойындайды, бірақ екінші жақтың келіспеуіне байланысты жыныстық қатынас болмағанын айтады; 5) оқиға орнында болғанын растап, бірақ жәбірленушімен ешқандай қатынастың болмағанын түсіндіреді; 6) өзінің бұндай іске қатысы жоқ екенін дәлелдейді; 7) айыпкерлер жауап беруден бас тартады. Жыныстық қылмыстармен күрес шаралары жүйесінде жалпы, топтық және жеке алдын алу шараларына бөлінеді: 1)Ұйымдастырушылық - алдын алу қызметін ұйымдастырумен байланысты. Ұйымдастырушылық шараларының қатарына: а) жыныстық қылмыстарының деңгейі, құрылымы, динамикасы туралы мәліметтерді зерттеу және талдау; б) криминологиялық бағдарлама; в) жекелеген аумақтар мен обьектілерді алдын ала тексеру жатады. 2)Функционалдық - оны жүзеге асырумен байланысты. Функционалдыққа тиісінше коғамдағы бақылау мен әсер ету шараларын жүзеге асырумен байланысты шаралар жатады: а) жеке тұлғаға және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар жиі жасалатын орындарды жүйелі тексеріп тұру; б) көптеген қылмыстардың орны мен уақытын ескере отырып, сол жерлерде полиция қызметкерлерін орналастырылуын қамтамасыз ету; в) арнайы рейдтер мен тексерістерді жүргізіп тұру; г) азаматтарды құқықтық тәрбиелеу және т.б.[4, 59 б]

2. ЗОРЛЫҚ - ЗОМБЫЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРМЕН ҰШТАСҚАН АДАМ ӨЛТІРУ
2.1 Зорлау түсінігі мен жүйесі

Зорлау - әйелдің жыныстық еркіндігіне және жыныстық дербестігіне қол сұғудың ең ауыр түрлерінің бірі болып табылады. [3, 65 б] Қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңнама бойынша зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас болып табылады (ҚК 120 б). [6, 120 б] Басқа да күш қолданып жасалатын жыныстық актілер нәпсіқұмарлық сипаттағы басқада іс әрекеттер жатады. Мысалы, табиғи еместүрде жыныстық қатынас жасау, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің зорлық жасалатын жыныстық қатынастары және тағы сол сияқты. [2, 289 б]
Қылмыс объектісі айтарлықтай негізде қылмыстық қол сұғушылықтың бір түрін басқаларынан ажыратуға мүмкіндік береді. Қылмыс объектісін дұрыс анықтаудың теориялық және практикалық маңызы өте жоғары. [3, 65 б]
Зорлаудың тікелей объектісі әйелдің жыныстық еркіндігі және бостандығы, ал қосымша тікелей объектісі әйелдің денсаулығы, ар - намысы болып табылады. Қылмыстың жәбірленушісі тек қана әйел жынысты адамдар болады.
Жыныстық бостандық - адамның жеке бостандығының құрамдас бөлігі болып табылады, ол сексуалдық қажеттіліктерін қалай қанағаттандыруды тұлғаның жеке өзі анықтайды. [3, 65 б] Қылмыстың объективтік жағының белгілері баптың дипозициясында барынша анық сипатталған. Яғни, жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыныстық қылмыстардың ұғымы
ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ
ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жыныстық сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы түсінігі
Жыныстық қылмыстар
Жыныстық қылмыстар үшін жауаптылық мәселелері
Жыныстық бостандыққа және жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы өзге де қылмыстар
Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар
Жеке адамға қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы
Зорлаумен күрестің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
Пәндер