Қазақ зиялыларының көмегі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану факультеті
Физика кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: ХХ ғ. 20-30 жж. Аштықтар:тарихи
салыстырмалы анализ
Қабылдаған:Абдраманов Е.
Дайындаған:Зулханова А.
Тобы:ЖФИ-912

2020

Жоспар:
Кіріспе:
Ұлы жұт
I.тарау.1919-1922 жылдapындaғы aштық.
1.1.Қазақ зиялыларының көмегі.
1.2.1931-1933 жылдардағы аштық. Ф.И.Голощекин саясаты.
II.тарау.Зиялы қауым үні
2.1.Жaзықcыз жeр жaстaнғaн құрбaндар.
2.2.Aштықтың xaлыққа aлып кeлгeн зияндapы.
Қорытынды:
Пaйдaланылғaн әдeбиеттep тiзiмi:

ХХ ғ. 20-30 жж. Аштықтар: тарихи салыстырмалы анализ
Тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болып жатқан кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдық тұтқынына түскен санамыз қайта жанданып, даму үрдісін бастан өткізуде. Кеңес үкіметі кезіндегі айтылмаған, айтылуға тыйым салынған көптеген тарихи құнды деректерімізді зерттеуге бет бұрылуда. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ Қахақстанда ХХ ғасыр ірі тарихи оқиғаларымен ерекшеленеді. Соның бірі 20-30 жылдардағы ашаршылық апаты немесе Ұлы жұт қазақ тарихының ең қасіретті жылдары болатын. Қазақ жерінің халқы бір ғасырда екі бірдей ашаршылықты бастан кешкен. Олар:
- 1919-1922 жылдардағы аштық (1,5 млн адам)
- 1931-1933 жылдардағы аштық (2,5 млн адам)
Қазақстан тарихындағы ақиқат тұрғысынан баға беретін және сол кезде жіберілген зұлымдықтардың сырын ашатын кезеңдердің бірі - бүгінгі тарих ғылымының алдындағы жауапкершілікті, әрі абыройлы міндеттерінің бірі. Осы тарихи шындықты ашу үшін тарихи деректерге негіздеп, дәлелдеу қажет , конфеске, отырықшылыққа көшіру , ауыл шаруашылығын коллективтендіру кезеңі, аштық, босқындық сияқты проблемаларды жеке-жеке даралап, байланыстыра қарау керек.
Азамат соғысы жылдары (1918-1920 жж) қазақ өлкесінің экономикалық жағдайы көптеген жылдарға кері шегінген болатын. 1919 жылдан бұрын осы Азамат және І Дүниежүзілік соғысқа байланысты елімізде аштық орнаған болатын. Өндіріс орындары жұмыс істемеді, мыс рудасын өндіру мүлде тоқтатылды, мұнай және көмір өндіру істері кеміген болатын. Ауылшаруашылығы да өте күшті дағдарысқа ұшырады. Орал губерниясында егістік жерлер 2 есеге, ал Жетісу аймағында 3 есеге кеміді. Ұлттық байлықтың негізгі көзі болып саналатын мал шаруашылығы да құлдырады. Соғыс жылдарында мал саны 10,8 млн басқа кеміді. Оның 2 млн жылқы, 6,5 млн ұсақ мал болатын. 1917-1918 жылдардағы аштықта Түркістан өлкесі қатты зардап шеккен болатын. Бұл аштықты ауыздықтауға Тұрар Рысқұлов тәрізді зиялы қауым өкілдері белсене кірісіп аштыққа ұшырағандарға көмек ұйымдастырылды. 1918 жылы 28 қарашада Түрікатком (Түркістан Атқару комитеті) Т.Рысқұловтың талап етуімен республиканы жайлаған аштықпен күресу үшін ерекше ұйым - Аштықпен күресетін орталық комиссия құрылып, оның төрағасы болып өзі сайланды. Тұрар Рысқұлов өзінің сөзінде: Қазір ашаршылыққа жаны ауырмайтындар мен аштықтың ауыртпалығы иығына түспегендердің бәрі ашыққандарға көмек көрсететін орган құрдық деп ойлайды, бұл органның ашаршылық әбден шегіне жеткен кезде құрылғанын біреуі айтпайды. Сіздерге айтарым: аштарға адамдардың қалдығы деп қарамаңыздар, тек сонда ғана ашаршылыққа қарсы тұра аламыз,-деген еді. Өткір пікірталастан кейін , яғни Т.Рысқұловтың аса зор еңбегінің арқасында Түркістан Атқару комитетімен ХҚК-і бұл Орталық комиссия қорына ол кезде әбден құнсызданған 42 млн сом қағаз ақша бөледі. Ол ақшаға 1918 жылы күзде 3 млн адам, 1919 жылы 5 айы ішінде 25 млн адам тамақтандырылып . Төніп тұрған ажал тырнағынан статистикалық деректерге қарағанда 1 млн-ға жуық адам құтқарылған. Тұрар атамыздың бастауымен, талап етуімен ашыққан , ауруға шалдыққан, қорғансыз жетім балалар үшін мемлекеттің арнайы қамқорлығында болатын балалар үйлері ұйымдастырылды. Соған қоса 1919 жылдың қаңтар айында Жер шаруашылығы халық комиссариаты 137 520 жұмыссыз, аш адамдарды жұмысқа орналастырып, 3 ай бойы оларға қажетті тамақ өнімдерін беріп отырды. Аштықпен күрес комиссиясының жұмысы бойынша есеп берген баяндамасында Т.Рысқұлов Түркістан өлкесінің байырғы халықтарының сұрапыл аштыққа ұшырап, қатты қырылуына революциядан бұрынғы патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен әсіресе революциядан соң орнаған Кеңес үкіметінің шовинистік саясаты басты себепкер болғандығын ашық атап көрсетеді. 1917-1918 жылдардағы орасан зор құрбандықтарға ұшыраған Әулиеата халқына салынатын салықтың мөлшері 1917 жылы жүргізілген ауылшаруашыллығының санағы деректеріне сүйеніп белгіленді, ал бұл кезде халықтың жартысына жуығы қырылып, қалғаны қайыршыланып үлгерген болатын. Уезд халқына салынатын 5 млн сом үстеме салықтың жиналуы тұрғындарды ең соңғы күн көріс көзінен айырды. 1918 жылы 25 қарашада өткен Халық комиссарлар кеңесінің мәжілісі Т.Рысқұловтың талап етуімен бұл санақты заңсыз деп жариялауға мәжбүр болды. Зерттеушілердің пікірінше, 1917-1920 жылдардағы аштық кезінде Түркістанда 1-1,3 млн адам аштан қырылған. Аштықпен бірге сүзек, тырысқақ , оба, дінгене және басқа аурулар да келді. Жұқпалы аурулармен ауыоған адамдардың саны республикалық емдеу мекемелерінің мүмкіндіктерінен едәуір асып кетті.
Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдары ұзаққа созылған құрғақшылық тағыда нәубетке әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. Сол жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн адам аштыққа ұшырады. Ал,аштық жылдары мал басы 1917 жылмен салыстырғанда 75 пайызға кем болатын . 1921-1922 жылдары аштық Қазақстанның Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары мен Адай уезін шарпып, халықтың үштен бір бөлігі қырғынға ұшырап, ашыққандар тамақ іздеп Қытай, Моңғолия, Түркия, Ауған елдеріне қарай босса, ал Еділ бойындағы ашыққандар керісінше Орынбор мен Түркістанға қарай жосылды. Орталық үкіметтің 1920 жылы 20 шілдедегі Сібірдегі артық астықты алу туралы декретінің күші Қазақстанның солтүстік аудандары мен Семей губерниясына да таралды. Осы декретке сай 1921 жылы тамыз айларына дейін бүкіл елдегі шаруаларға 119 млн пұт төтенше салғырт төлеу жүктелсе , соның ішінде 35 млн пұтты тапсыру Солтүстік Қазақстанға міндеттелді. Тапсырманың 26 млн пұты Семей облысына жүктеліп, тек Қостанайдың өзінен 6 млн пұт астық жинап алынды. Астық салығы мал шаруашылығымен айналысып отқан аудандарға да салынып, мал щаруашылығымен күн көріп жүрген қарапайым халықты ауыл шаруашылығымен айналысуға күштеді, егін егіп көрмеген халық біріншіден құрғақшылық, екіншіден бұрын соңды істеп көрмеген ісі болғандықтан мол табысқа жете алмады. Оны ойламаған басшылар елден өзі жиған астығын , төрт түлік малдарын жиып алды. Әлихан Бөкейханов осы төтенще жағдайға байланысты болған бірінші съезде, уез халқы атынан : Біз қырғыздар, алдағы уақытта юізге дұрыс қарауларыңызды өтінеміз, бізге осы жылы болғандай , бізде болмайтын нәрселерді: тауық, жұмыртқа, сабын секілді заттарды тапсыруды жүктемесеңіздер екен- деген өтінішін білдірген болатын. Осы өтінішке қарап сол кезде орыс ченовниктері халықтан азық-түліктен басқа олардың қолында жоқ заттарды тауып беруін жүктегендігін көре аламыз. Кеңес үкіметінің осындай солақай саясатының нәтижесінде Республиканы сұрапыл аштық жайлады. Сонымен қатар 1921 жылы ҚазАКСР-дың жеті губерниясының бесеуінде құрғақшылық орын алды, астықтың жалпы түсімі 5 млн пұт деңгейінде ғана болды. Күн көрудің барлық көзінен айырылған халық аштан қырылған болатын. С.Меңдешев 1922 жылы 8 шілде күнгі ҚазЦИК-тің ІІІ сессиясында жасаған баяндамасында сол жылғы көктемнің ортасында толық емес мәліметтер бойынша Қазақ Республикасында 2. 832. 000 адам аштыққа ұшырағанын айтты .Аштар сапасы төмен, тамаққа жарамсыз өнімдермен қатар адам өліктерімен де тамақтанды. Яғни ашыққан дар арасында адам етін жеу фактілері де орын алды. Қазақт ьорталық атқару комитеті (ҚОАК) аштыққа ұшыраған аудандарға өз тарапынан көмек көрсету шараларын ұйымдастырды. Төрағасы С.Меңдешев болды. Соған қоса Халықаралық ұйым - Америкалық көмек ұйымы (АРА) тарапынан да көмек көрсетілді.
Қазақ зиялыларының көмегі.Ашаршылық басталған бетте-ақ қазақ зиялыларының халықты аман алып қалуды көздеп, жаңа билікті нақты шаралар қолдануға шақырғаны белгілі. Ашаршылық қасіретін Оралға және Орынборға барған сапарында көзімен көрген М.Әуезов алғашқылардың бірі болып дабыл қақты. Ол қазақ қайраткерлерін аштарға көмек комитетін құруға шақырды. С.Қожанов, Ғ.Бірімжанов, Семейдегі М.Дулатов пен Ж.Аймауытов бастаған зиялылар Ақжол, Қазақ тілі газеттерінде сауын жариялады. 1921 жылы желтоқсанның 10-да қазақ қызметкерлері қатысқан (М.Әуезов, А.Байтұрсынов, Ғ.Төлепов, М.Саматов, А.Кенжин және т.б) Ә.Жангелдин төрағалық еткен кеңесте М.Әуезовтың баяндамасы тыңдалып, сол баяндамады егер ашаршылыққа ұшыраған аудандарға шұғыл көмек көрсетілмесе қазақ даласы қазақ халқынсыз қалатындығы, адамдар аман қалу үшін көртышқан, суырмен және т.б сол сияқты ұсақ жәндіктермен тамақтанатындығы , мұның өзі көптеген жұқпалы аурулардың таралып адамдардың аураданда көз жұмып жатқандығын айтап көрсеткен болатын. С.Сәдуақасов : Ашаршылықтың белең алғандығын және де оларға көмек көрсетіліп жатқандығын, алайда көмекке алынатын азық-түліктің көпшілігі дерлік қазақ ұлтынан ғана алынып отырғандығын өз мақаласында ашына жазған болатын. Міне , осы қазақ зиялыларының мақаларынан біз қазақ жеріне нәубеттің әдейі қолдан жасалғанын да байқаймыз.Бөкей губерниясының кеңесі атқару комитетінің төрағасы Х.Д.Чурин өз естеллігінде: 1921-1922 жылдардың қысында уезд орталығы болған кенттің көшелерінде біз таңғы сағат 5-6- ларда кейде ондаған адам өліктерін жинайтынбыз. деп жазды. Ата-анасы көз жұмып, қараусыз қалған балалардың күн сайын 50-60-ын жергілікті үкімет органдары балалар үйлеріне апаратын. Егер 1921 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша қараусыз қалған балалар саны Қазақ АКСР-і бойынша 128 000 болса, осы жылдың соңында бұл көрсеткіш 158 000-ға, ал 1923 жылы 1 наурызға қарай 408 022-ге жетті . Мемлекеттің күштеу саясатына негізделген азық-түлік саясаты 1920-1921 жылдары халықтың кеңес үкіметіне қарсы стихиялық қарулы көтерілістің тууына әкелді. Әскери бөлімдерде де толқулар басталды. Алайда Қазақстанды қамтыған мұндай көтерілістердің бәрі ұйымдасуы және қару жарақпен қамтамасыз етілуі өте нашар болғандықтан Қызыл Армия әскерлерінің күшімен талқандалды. Жаппай жазалау басталмай-ақ, көтерілісшілердің кей бөліктері Қытайға өтіп кетті .Өлкенің өзіндік ерекшеліктерін білмей , ұлттық мүдделерді ескерудің маңыздылығын сезінгісі де келмеген басшылар халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салты мен дәстүрлерәне қарсы қасарыса , қатал саясат жүргізді. Ал бұл халықты қырғынға ұшыратты. Бұл нәубеттен аман қалған халықты, алда екінші үлкен қолдан жасалған ашаршылық күтіп тұрған еді.
ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда әкімшілік - командалық қысымшылдық - бюрократиялық, үркітіп қорқыту жұмыс стилі мен әдісі, регионалдық көсемшілдік қалыптаса бастады. экономикалық, қоғамдық, саяси өмірі күрт өзгерді . Себебі БКП(б) Қазақ Өлкелік Комитетінің бірінші хатшылығына 1925 жылдың қыркүйек айында жіберілген Сталин саясатын асыра орындаушы , кезінде жауыздығымен атағы жер жарған профессионал революционер Ф.И.Голощекиннің қазақ сахарасына келуімен байланысты республикада қоғамдық өмірде қысым жасау саясаты күшейіп , бұл ерекше қатаң сипат алды. Бүкілқазақстандық V БКП(б) конференциясы (1925 жылғы желтоқсан) ауылды кеңестендіру нығайту , олардағы байлардың үстемдігін , ықпалдарын жоюды көздеген ұйымдық идеологиялық шараларға, тап күресінің шұғыл шиеленісуіне түрткі болды. Ф.Голощекин 1917 жылдың қазанынан 1925 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстанда кеңес үкіметі болмаған, коммунистік партия ұйымы мұнда әлі жоқ дегендей солақай тұжырымдар айтып , 1927 жылдың өзінде - ақ Ф.Голощекин Казахстан на Октябрьском смотре және 10 лет Советской власти ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ұлттық педагогика ғылымының қалыптасуы
Г. И. Потанин және қазақ интелегенциясы
Алаш Орда (1917—1920)
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
Адам мен саясат жөніндегі қазақ ойшылдарының топшылаулары
Ә.БӨКЕЙХАН - ӘДЕБИЕТШІ ҒАЛЫМ
А. Кенжин
Алаш мұраты – отандық білім мен ғылымды негіздеуші күш
Қазақ зиялыларының большевиктермен жүргізген келіссөзі
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі
Пәндер