АЙЫРБАС ШАРТЫ БОЙЫНША СУБЪЕКТІЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ Бизнес және құқық факультеті Құқықтану кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Азаматтық құқық
Тақырыбы: Айырбас шартының түсінігі, мазмұны

Орындаған: ЮП-18-01 тобы студенті Аяпберген Н.Ш.
Рецензент: з.ғ.к., доцент. Садуакасова Л.О.

Ақтау - 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. АЙЫРБАС ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Айырбас шартының жалпы ұғымы мен жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .6
1.2 Айырбас шарты бойынша баға мен шығындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2. АЙЫРБАС ШАРТЫ БОЙЫНША СУБЪЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.1 Тараптардың құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.2 Айырбес шарты бойынша сатып алынған тауарды алып қойғаны үшін жауапкершілігі және шартта туындайтын басқа да жауапкерлішіктері ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.3 Айырбасталатын тауарларға меншік құқығының ауысуы ... ... ... ... .14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .18

КІРІСПЕ

Курc - тық жұмыc - тың жa - лпы c - ипa - ттa - мa - c - ы.
Сатып алу - сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi. Сатып алу - сату шарты негізі 7 шарт бөліп қарастырылады. Осы жұмыстың тақырыбы болып айырбас шарты болып табылады. ҚР - ның АК - нің 501 - бабына сәйкес айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргiзудi, оралымды басқаруды басқа тараптың меншiгiне бiр тауарды екiншiсiне айырбасқа беруге мiндеттенедi. Яғни, бұл дегеніміз екі тараптарда өз иелігіндегі таураларды бір - біріне белгілі мерзім белгілеп айырбастайды. Осы айырбас шартында әрбір тарап сатушы да, сатып алушы да бола алады, яғни деңгейлері бірдей. Айырбас шарттар тек тауарлармен ғана емес, сонымен қатар бір тауарды белгілі бір қызметке немесе жұмысқа айырбастауға болады. Егер де зат қызметке немесе жұмысқа айырбасталса, онда мердігерлі қатынастарды және ақылы қызмет көрсету бойынша қатынастардың құқықтық реттелу ерекшелігіне туындайтын міндеттемелердің мәнісін ескеру керек. Айырбас шарт өзінің заңды табиғатына сәйкес консенсуалды, өзара және өтеулі (ақылы) шарт болып табылады. Айырбас шартының субъектілері болып азаматтар және заңды тұлғалар танылады. Айырбас шартының ерекшелігі, мемлекет және әкімшілік аумақтық бөліністер осы шарттарды жасау мүмкіндігі өте төмен болады. Бірақ та айырбас шартында мемлекеттік ұйымдар, қазыналық кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелердің қатысуымен олырдың иелігіндегі тұрған мүлікке шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы көлемінде шектеу қойылады. Және де азаматтардың өзінің менгішіндегі тұрғын үйлерді немесе жер учаскелерін мемлекет қажеттілігіне алу жағдайына байланысты болуы мүмкін.
Айырбас шартында өзгеше туындамаса, айырбастауға жататын тауарлар бiр - бiрiне тең деп ұйғарылады, ал оларды беру мен қабылдап алу жөнiндегi шығындарды әрбiр жағдайда тиiстi мiндет жүктелетiн тарап жүзеге асырады.
Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарлар бiр-бiрiне тең емес деп танылған жағдайда бағасы айырбастауға берiлетiн тауардың бағасынан кем тауарды беруге мiндеттенген тарап, егер шартта өзгеше тәртiп көзделмесе, тауар беру мiндетiн орындағанға дейiн немесе одан кейiн бағадағы айырманы тiкелей өзi төлеуге тиiс Айырбас шартының бағасын тараптардың әрқайсысы беретін мүліктің құнымен анықталады. Айырбас шарты бойынша бағасы көрсетілмеуі мүмкін. Курc - тық жұмыc - тың мa - қc - a - ты мe - н міндe - ттe - рі. Осы жұмыстың мақсаты айырбас шартының мазмұны, оның белгілерін, заңды табиғаты қанда шарттармен келетінін, жүйесін, шарттағы әрбір тараптардың құқықтары мен міндеттерін, олардың жауапкершілігін және айырбас шарты бойынша баға шығындар туралы мәселелеріне талдау жасай отырып, қарастырамыз. Қазіргі кезде айырбас шартының дұрыс жүйесінің қалыптасуының мақсатына жету үшін осы алға қойған міндеттерді шешілуі керек және тиісті түрде орындалуы қажет. Осыған байланысты мына міндеттерді қарастырамыз: 1)Айырбас шартының мазмұны мен осы шарттаға жүйесінің дұрыс жүзеге асырылуына түсігін беру; 2)Айырбас шартында қарастырылатын баға мен шығындардың қамтылуын талдау; 3)Айырбас шартында тараптарда пайда болатын құқықтары мен міндеттерін және осы айырбасталатын тауарларға меншік құқығының ауысуының қарастырылуы; 4)Айырбас шартындағы тараптарында туындайтын сатып алынған тауарды алып қойғаны үшін жауапкершілігі және шартта туындайтын басқа да жауапкерлішіктерінің қарастыруы. Курc - тық жұмыc - тың зe - рттe - луі дe - ңгe - йі. Шарт еркіндігінің қағидаты тараптарға өзіне қолайлы құқықтар мен міндеттерді таңдауға мүмкіншілік береді. Және заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған міндеттемеде шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берілмейді. Айырбас шартының мәнісі, яғни бұл белгілі бір тауардың орнына басқа тауардың берілу талабы маңызды болып келеді. Айырбас шартының әрбір тарабы тиісінше шығындалады, бұл оның тауарын берумен және қарсы тараптың қанағатандыруды қабылдаумен байланысты болады. Айырбасталатын заттардың саны, сапасы, түр түрі және де жиынтылығы туралы және тауарды салатын ыдыс және оны буып - түю жағдайлары сатып алу - сату туралы жалпы ережелер бойынша анықталады. Сатып алушы үшiншi тұлғалардың құқықтары жүктелген тауарды қабылдауға келiскен жағдайды қоспағанда, сатушы үшiншi тұлғалардың кез келген құқықтарынан тыс тауарды сатып алушыға беруге мiндеттi. Сонымен қатар, тауар өткізу кезінде мүліктің кездейсоқ бүлінуі немесе жойылу қаупі туралы мәселе жеке шешілуі мүмкін. Азаматтық құқықтық қатынастар субъектілеріне жүктелген мінідеттерді бұзғаны үшін бұзушылықпен келтірілген, тұлғаның мүліктік шығындарын өтеуге байланысты қолданылатын заңмен немесе айырбас шартта қарастырылатын, мүліктік өтеу немесе мүліктік ауыртпалық жауапкершілік болып табылады. Жауапкершілік шараларына келтірілген шығындарды өтеуі, айып төлеуі және басқа да санкциялық шараларын жатқызуға болады. Айырбасталатын тауарларға меншiк құқығының ауысуы, яғни егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, айырбасталатын тауарларға меншiк құқығы айырбас шарты бойынша сатып алушы болатын тараптарға тараптардың әрқайсысы тиiстi тауарларды беру мiндеттемелерiн орындағаннан кейiн бiр мезгiлде ауысады.
Курc - тық жұмыc - тың құрылымы. Тақырыптың жалпы сипаттамасы мен мақсат, міндеттеріне байланысты аталған тақырыптың зерттелу деңгейіне сәйкес курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, тиісті екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұратын құрылымы жасақталған.
1. АЙЫРБАС ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Айырбас шартының жалпы ұғымы мен жүйесі
Қорытындылай келенде алдымен, сатып алу - сату шартына тоқталып, қарастыруымыз керек. Себебі, айырбас шарты осы сатып алу - сату шартының ережелерімен жүргізіледі және осы шартың бір бөлігі. Сатып алу - сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi. Шарттың субъектілеріне азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет, субъект ретінде қарастырылатын әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.
Сатып алу - сату шарты консенсуалды шарт болып табылады. Екі тарап шартта көзделген барлық жағдайлар бойынша келісімге келгенде ғана аяқталған деп саналады. Сатып алу - сату шарты - ақылы шарт. Тарапдың өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы, бұл ақылы шарт болады.
Сатып алу - сату шартының элементтеріне субъект, объект және мазмұн болып табылады. Сатып алу - сату шартының нысаны оның бағасына, субъектілеріне және заңдық, шарттық талаптарға сәйкес анықталады. Оған ҚР АК - нің 152 - бабында бекітілген мәміле нысаны туралы жалпы ережелер қолданылады. Сатып алу - сату шартының негізгі түрлерінің бірі - айырбас шарты болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің 501 - бабына сәйкес айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргiзудi, оралымды басқаруды басқа тараптың меншiгiне бiр тауарды екiншiсiне айырбасқа беруге мiндеттенедi. Яғни, нақтырақ айтқанда, айырбас шартына сәйкес бірініші тарап өз иелігіндегі тауарын екінші (өзге) тараптың иелігіндегі тауарына айырбас жасайды. Екі тарап та бір - біріне айырбастаған тауарды меншігіне, шараушылық жүргізуіне, оралымды басқаруына берге міндеттенеді. [1, 152 бет] Кеңес Одағы кезінде азаматтық құқықта осы социалистік ұйымдардың қатысуларымен айырбас шарттардың қолданылуы өте шектеулі түрде болды. Қазақстан Республикасында қаржы және несие жүйесі құлдырағанда, заңды тұлғалар бірігіп, айырбас шартын жасайды. Бұл шарттық қатынастардың негізгі нысанының бірі болды. 1993 жылы Қазақстан Республикасының ұлтық валютасы енгізілгенге дейін осы шарттық қатынас айқын сезілді. Айырбас (бартерлік) қатынастар өз кезегінде қаржы қатынастарға кері әсерін тигізді. Соған сәйкес, айырбас (бартерлік) шарттарға тиым салынатын болды. Қазіргі кезде ҚР АК сәйкес мұндай шарттарға шектеу қойылуы мүмкін емес, себебі заңды тұлғалар, негізінен жеке меншіктегілер өздерінің әрекет қабілеттілігінде құқыққа сәйкес қатынастарға кіруге болады. Бірақ осы субъектілер іскерлік белсенділігін теріс мақсатта пайдалануға болмайды. Егер де кәсіпкерлер іскерлік белсенділігін жасыру мақсатта жаппай айырбасқа көшсе, онда заң шығарушы тарапынан теріс бағаланады. Айырбас шарттар тек тауарлармен ғана емес, сонымен қатар бір тауарды белгілі бір қызметке немесе жұмысқа айырбастауға болады. Егер де зат қызметке немесе жұмысқа айырбасталса, онда мердігерлі қатынастарды және ақылы қызмет көрсету бойынша қатынастардың құқықтық реттелу ерекшелігіне туындайтын міндеттемелердің мәнісін ескеру керек. Айырбас шарт өзінің заңды табиғатына сәйкес консенсуалды, өзара және өтеулі (ақылы) шарт болып табылады. [2, 54 бет] Консенсуалды шарт бойынша шарт жасаушы жақтардың келісімге келуі бұл шарттың жасалғандығын білдіреді және сол сәттен бастап күшіне енеді. (Мысалы, сату және сатып алу, мүлікті жалға алу, т.б.) Шарт бойынша тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе бір - біріне бір нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болады. [3, 219 бет] Шартта немесе заңнамада өзгеше көзделмесе айырбас шарты сатып алу - сату шартының ережесіне сәйкес жүргізіледі. Сондықтан мемлекеттік тіркеу бойынша талаптар сатып алу - сату шартында қойылатын талаптарға сай келеді. Айырбас шартының субъектілері болып азаматтар және заңды тұлғалар танылады. Айырбас шартының ерекшелігі, мемлекет және әкімшілік аумақтық бөліністер осы шарттарды жасау мүмкіндігі өте төмен болады. Бірақ, аталған көзқарас та айырбас шартына мемлекеттік қатысу мүмкіндігіне көңіл аударуы керек. Осы мәселе азаматтардың өзінің менгішіндегі тұрғын үйлерді немесе жер учаскелерін мемлекет қажеттілігіне алу жағдайына байланысты болуы мүмкін. Айырбас шарты мемлекеттік ұйымдар, қазыналық кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелердің қатысуымен олырдың иелігіндегі тұрған мүлікке шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы көлемінде шектеу қойылады. [2, 55 бет]
1.2 Айырбас шарты бойынша баға мен шығындар
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 502 - бабына сәйкес:
1. Егер шарттан өзгеше туындамаса, айырбастауға жататын тауарлар бiр - бiрiне тең деп ұйғарылады, ал оларды беру мен қабылдап алу жөнiндегi шығындарды әрбiр жағдайда тиiстi мiндет жүктелетiн тарап жүзеге асырады.
2. Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарлар бiр-бiрiне тең емес деп танылған жағдайда бағасы айырбастауға берiлетiн тауардың бағасынан кем тауарды беруге мiндеттенген тарап, егер шартта өзгеше тәртiп көзделмесе, тауар беру мiндетiн орындағанға дейiн немесе одан кейiн бағадағы айырманы тiкелей өзi төлеуге тиiс. [1, 152 бет] Айырбас шартының бағасын тараптардың әрқайсысы беретін мүліктің құнымен анықталады. Айырбас шарты бойынша бағасы көрсетілмеуі мүмкін. [2, 55 бет]

2. АЙЫРБАС ШАРТЫ БОЙЫНША СУБЪЕКТІЛЕРІ
2.1 Тараптардың құқықтары мен міндеттері

Айырбас шартында әрбір тарап өзі беретін заттың немесе тауардың сатушысы және осы тараптар алатын заттың немесе тауардың сатып алушысы болып табылады. Яғни, бұл деген әрбір тарап сатушының және сатып алушының да қызметін атқарады. [2, 55 бет] Сонымен қатар, шарт еркіндігінің қағидаты тараптарға өзіне қолайлы құқықтар мен міндеттерді таңдауға мүмкіншілік береді. Мысалы, АК - тің 380 бабына сәйкес азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерікті болып келеді. Және заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған міндеттемеде шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берілмейді. [4, 321 бет] Сондықтан айырбас шартында бір тараптың екіншісіне қарағанда құқығынан гөрі, міндеттерінің көп болуына ешқандай шек қойылмайды. Бірақ, бұл айырбас шартының түпкі негізгі мазмұнына айтарлықтай әсер етпейді. Себебі, айырбас шартының мәнісі, яғни бұл белгілі бір тауардың орнына басқа тауардың берілу талабы маңызды болып келеді. Айырбас шартының әрбір тарабы тиісінше шығындалады, бұл оның тауарын берумен және қарсы тараптың қанағатандыруды қабылдаумен байланысты болады. Айырбасталатын заттардың саны, сапасы, түр түрі және де жиынтылығы туралы және тауарды салатын ыдыс және оны буып - түю жағдайлары сатып алу - сату туралы жалпы ережелер бойынша анықталады. [2, 55 бет] Айырбасталатын тауарлардың саны АК - тің 418 - бабына сәйкес сатып алушыға берiлуге тиiс тауар саны шартта тиiстi өлшем бiрлiктерiне сәйкес немесе ақшалай түрде көзделедi. Тауарлардың саны туралы талап оны айқындау тәртiбiн шартта белгiлеу жолымен келiсiлуi мүмкiн. ҚР АК - тің 419 - бабы тауардың саны туралы шарт талаптарын бұзудың салдары: 1)Егер сатушы шарт талаптарын бұза отырып, сатып алушыға тауар санын шартта белгіленгенінен кемірек берсе, сатып алушы, егер шартта өзгеше көзделмесе, не тауардың жетiспейтiн санын берудi талап етуге, не берiлген тауардан және оған ақы төлеуден бас тартуға, ал егер ақысы төленiп қойған болса, оған төленген ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы; 2)Сатушы сатып алушыға тауарды шартта көрсетiлгенiнен артық мөлшерде берген жағдайда сатып алушы бұл туралы сатушыға хабарлауға мiндеттi. Айырбасталатын тауарлардың түр - түрі АК- тің 420 - бабына сәйкес егер шарт бойынша түрлерiне, үлгiлерiне, мөлшерiне, түстерi мен өзге де белгiлерiне (түр - түрi) қарай белгiленген тауарлар берiлуге тиiс болса, онда әрбір тарап тауарларды келiскен түр - түрi бойынша беруге мiндетті. ҚР АК - тің 421 - бабы тауарлардың түр - түрi туралы шарт талаптарын бұзудың салдары: 1)Сатушы шартта көзделген тауарлардың түр - түрiн шартқа сәйкес келмейтiн етiп берген кезде сатып алушы оларды қабылдаудан және ақы төлеуден бас тартуға, ал егер оларға ақы төленіп қойған болса, төленген ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы. 2)Егер сатушы сатып алушыға түр - түрi шартқа сәйкес келетiн тауарлармен қатар, олардың түр - түрi туралы шарттың талаптарын бұза отырып тауарлар берсе сатып алушы өз қалауы бойынша: 2.1)түр - түрi туралы шарттың талаптарына сәйкес келетiн тауарларды қабылдап, қалған тауарлардан бас тартуға; 2.2) берiлген барлық тауарлардан бас тартуға; 2.3) түр - түрi туралы шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн тауарларды шартта көзделген түр-түрiндегi тауарлармен алмастыруды талап етуге; 2.4) берiлген барлық тауарларды қабылдап алуға құқылы. 3) Түр - түрі шарттың талаптарына сәйкес келмейтін тауарлардан бас тартқан немесе түр - түрi туралы шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн тауарларды алмастыру жөнiнде талап қойған жағдайда сатып алушы бұл тауарларға ақы төлеуден бас тартуға да, ал егер ақы төленіп қойған болса, төленген соманың қайтарылуын талап етуге құқылы. 4)Егер сатып алушы түр-түрi шартқа сәйкес келмейтiн тауарлардан бас тартпаса, оларға сатушымен келiсiлген баға бойынша ақы төлеуге мiндеттi. Айырбасталатын тауардың сапасы АК - тің 422 - бабында әрбір тарап сапасы шартқа сәйкес келетiн тауар беруге мiндеттi. Шартта тауардың сапасы туралы талаптар болмаған жағдайда екі тарап тауарды пайдаланылатын мақсаттарда жарамды тауар беруге міндетті. Егер бір тарап шарт жасасу кезінде екінші тарапқа тауарды сатып алудың нақты мақсаттары туралы хабарламаған болса, онда тауарды пайдаланылатын мақсаттарға сәйкес пайдалануға жарамды тауар беруге міндетті. Тауарды үлгiсi бойынша және (немесе) сипаттамасы бойынша сатқан жағдайда сатушы сатып алушыға үлгіге және (немесе) сипаттамасына сәйкес келетiн тауар беруге мiндеттi. Егер сатылатын тауардың сапасына заң актiлерiнде белгiленген тәртiпке сәйкес, мiндеттi талаптар көзделсе, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға осы мiндеттi талаптарға сәйкес келетiн тауар беруге мiндеттi.
ҚР АК - тің 427 - бабы тауар сапасын тексеру: 1)Егер заңдарда немесе шартта тауардың сапасын тексеру көзделсе, ол соларда белгiленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
Ұлттық стандарттарда, стандарттау жөніндегі өзге де нормативтiк құжаттарда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЙЫРБАС ШАРТЫНЫҢ ТАРАПТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Сатып алу шарты
Сатып алу-сату шартының түсінігі және маңыздылығы
ЖЕТКІЗІЛІМІ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ОРЫНДАЛУЫ
Сыйға тарту шартының ұғымы
Айырбас шартының ұғымы
Нарықты сегменттеу амалы
Кəсiпорынды сатып алу-сату шарты
Ұдайы өндіріс
Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдарды бұзғаны үшін заңды жауапкершілік
Пәндер