Аралық қаржылық есептілік


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. АРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . . 5
1. 1 Аралық қаржылық есептілік түсінігі . . . 5
1. 2 Аралық қаржылық есептілігінің минималды компоненттері, формалары және мазмұны . . . 7
1. 3 Табыстар мен шығыстарды тану . . . 15
1. 4 Аралық қаржылық есептіліктегі ақпараттың ашып көрсетілуі . . . 17
2. АРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК . . . 19
2. 1 Аралық қаржылық есептілікті құру . . . 19
2. 2 «ҚазМұнайГаз» Акционерлік қоғамы Ұлттық компаниясының аралық қаржылық есептілігі . . . 20
Қорытынды . . . 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 26
Тіркемелер
Кіріспе
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары күнтізбелік жылмен сәйкес келетін және сәйкес келмейтін қаржылық жыл бойынша компанияның қызметі жөніндегі есептердің ұсынылу тарапынан құрылады. Алайда қаржылық ақпаратты қолданушылар нақтыланған шешімді қабылдау үшін жиі жаңартылып отыратын қаржылық ақпаратты алуға мүдделі болады. Ондай ақпараттың берілуін 34 ХҚЕС (IAS) «Аралық қаржылық есептілік» регламенттейді.
34 ХҚЕС (IAS) «Аралық қаржылық есептілік» ұйымнан міндетті түрде аралық есептілікті ұсынуды талап етпейді. Дегенмен, оның дайындалуын компаниядан акционерлері, қор биржалары, несиелік ұйымдар және т. б. талап етуі мүмкін. ХҚЕС бойынша комитет реттеуші органдарға бағалы қағаздары еркін айналыста жүретін компаниялардан есептілікті жылына бірнеше рет талап етуге тек қана ұсыныс жасай алады.
Курстық жұмыста 34 ХҚЕС (IAS) «Аралық қаржылық есептілік», аралық қаржылық есеп түсінігі, оның мақсаты және оны қолдау саласы қарастырылады. Сонымен қатар аралық қаржылық есептілігінің негізгі формалары мен құрамы, оны құру үдерісі, аралық қаржылық есептілігінің жылдық қаржылық есептіліктен айырмашылықтары ашып көрсетіледі. Оған қоса курстық жұмыста аралық қаржылық есептілікті құру реттілігі, оны рәсімдеу және ақпараттың ашып көрсетілуі туралы ой қозғалады.
Кәсіпорын жиі уақыттарда қаржылық есептілікті қолданушыларға бүкіл кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын және жылына бір рет ұсынылатын негізгі қаржылық есептермен қатар, одан сайын нақтыланған ақпаратты беруге мәжбүр болады. Әдетте, инвесторлар жылына бір рет жасалынатын жарты жылдық, тоқсандық, айлық есептілікті қажет етеді. Кейде кәсіпорынның қаржылық нәтижелері ғана емес, оның жеке бөлімдерінің қаржылық нәтижелері қызығушылық туғызуы мүмкін. Сондықтан да аралық қаржылық есептілікті құру бойынша мәселелерді реттеу үшін 34 ХҚЕС (IAS) «Аралық қаржылық есептілік» құрастырылған болатын.
34 ХҚЕС (IAS) «Аралық қаржылық есептілік» аралық қаржылық есептілікті міндетті түрде құруды талап етпей, тек қана бағалы қағаздарды еркін айналыста жүретін компанияларға оны ұсынуға кеңес бергенімен, көптеген компаниялар мүдделі қаржылық ақпаратты қолданушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ондай есептілікті құруға мәжбүр болады.
34 ХҚЕС (IAS) сәйкес, аралық қаржылық есептілік бір жылдан қысқа мерзімде жасалынатын қаржылық есеп формаларының толық пакеті немесе олардың ықшамдалған жиынтығы ретінде көрсетіледі. Толық әлде ықшамдалған қаржылық есептілікті дайындауды таңдау туралы шешімді компания өзі қабылдайды. Егер компания ықшамдалған қыржылық есептілікті дайындауға шешім қабылдаса, онда мұндай есептілік 34 ХҚЕС (IAS) талаптарына сәйкес болуы қажет. Егер толық қаржылық есептілікті дайындау туралы шешім қабылданса, онда мұндай есептілік 34 ХҚЕС (IAS) талаптарымен қатар, қосымша ашып көрсетулер мен бағалау бөлімі 1 ХҚЕС (IAS) «Қаржылық есептілікті ұсыну» стандартындағы ашып көрсетулер саласы бойынша бүкіл талаптарға сәйкес болуы керек.
Аралық қаржылық есептілікті құру міндетті болмағанмен, ол кәсіпорын үшін маңызды рөл атқарады. Сондықтан да мен бұл курстық жұмысты жазу барысында мынадай мәселелерді ашып жазуым міндеттімін:
- Аралық қаржылық есептілігінің түсінігі мен кәсіпорын қызметінде атқаратын рөлі;
- Аралық қаржылық есептілігінің құрамы, құру үдерісі мен әдістері;
- Аралық қаржылық есептілігінің ерекшеліктері, оның жылдық қаржылық есептіліктен айырмашылықтары.
- Аралық қаржылық есептілікті құрудың теориялық аспектілеріАралық қаржылық есептілік түсінігі
34 ХҚЕС (IAS) сәйкес, аралық қаржылық есептілігі терминіне мынадай анықтама беріледі:
Аралық қаржылық есеп деп құрамында аралық мерзім бойынша қаржылық есептіліктің толық пакеті (1ХҚЕС (IAS) «Қаржылық есептілікті ұсыну» ережелеріне сәйкес), не болмаса қаржылық есептіліктің қысқартылған жинағы (берілген стандарт ережелеріне сәйкес) болатын қаржылық есептілікті айтады.
Аралық қаржылық есептілік аралық мерзім бойынша ақпарат ұсынады, мұндағы аралық мерзім толық қаржылық жылдан қысқа болады.
Жалпы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін және соның ішінде аралық қаржылық есептілікті 2007 жылдың 28 ақпанында қабылданған ҚР «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы реттейді. [1, 1-3-беттер]
34 ХҚЕС (IAS) «Аралық қаржылық есептілік» сәйкес компания қаржылық жағдайын мен нәтижелерін бір жылдан қысқа мерзім аралығы бойынша сипаттайтын есептерді аралық қаржылық есептер деп атайды. Қолданушыларға аралық есептерді ұсыну арқылы олардың қабылдайтын шешімдерінің сапасын көтеруге, қысқа мерзімдегі салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді. Бұл есептерді ұсынудың осындай артықшылықтарына қарамастан, оларды құру кезінде жиі уақыттарда белгілі бір қиыншылықтар туындайды.
Қызметтің жеке түрлеріне маусымдық факторлар күшті әсер етеді, мәселен, жекелеген компаниялардың өткізу көлемі жыл ішінде өзгеріп отыруы мүмкін. Сондықтан да аралық есепті құру кезінде есепте есепті кезеңдегі нақты соманы немесе жыл бойынша болжанатын пайыз сомасын көрсету қажет пе деген сұрақ туындауы ықтимал.
Басқа да мысал келтіруге болады. Мысалы, компания белгілі бір мерзім аралығында көп шығын жұмсады және бұл шығындардан болатын экономикалық пайда келесі кезеңдерде келіп түседі. Осыған байланысты аралық есеп компанияның нақты жағдайын ашып көрсетуі үшін шығындарды уақыт бойынша дұрыс бөлу мәселесі пайда болады.
Аралық есептерді дайындау кезінде есепті кезең соңында есептілікте көрсетілуі тиіс баптарды көбінесе қайта есептеуге тура келеді. Бұл көп уақыт және ақша шығындарын әкелгендіктен, компаниялар, әдетте, бухгалтерлік бағалаудың көмегіне жүгінеді. Нәтижесінде, аралық есептер салыстырмалы түрде субъективті сипат алады.
Аралық есептерде ұсынылатын мәліметтерге төтенше пайда/зияндар, сонымен қатар жеке қызмет түрлерінің жүргізілуінің тоқтатылуы күшті әсер тигізуі мүмкін.
ХҚЕС бойынша есептілікті құру міндетті болып табылмайды, сондықтан да кәсіпорын аралық есептілікті құру қажет пе, қажет емес пе жөніндегі шешімді өзі қабылдауға құқылы.
Мысалы, «Ақбота» АҚ компаниясы аралық есептерді тоқсан ішінде бір рет жариялайды. Компанияның қаржылық жылы 1 қаңтарда басталады және 31 желтоқсанда аяқталады. Жылдың ортасында компания өзінің аралық қаржылық есептілігіне келесі ықшамдалған немесе толық қаржылық есептерді қосуы қажет (кесте 1. қараңыз) .
Кесте 1.
Аяқталатын 6 ай бойынша пайда мен зиян жөніндегі есеп
Аяқталатын 3 ай бойынша
30. 06. 2002 ж
30. 06. 2002 ж
30. 06. 2001 ж
30. 06. 2001 ж
Аралық есептілікті құрудың мақсаты - нақтыланған ақпаратты ұсыну, бұл акцияға келетін пайда мен бағаны анықтау үшін жасалынатын болжамдардың шынайылығын жоғарылатады.
Қазіргі қолданыстағы 34 ХҚЕС аралық қаржылық есептілік үшін мынадай талаптарды орнатады:
- мазмұн көлемінің минималдығы;
- тану мен бағалау қағидаттары.
Қолдану аясы. Толық қаржылық жылдан қысқа мерзімді қамтитын (мысалы, семестр немесе тоқсан) аралық қаржылық есептілікті жариялауға міндетті (заң немесе реттеуші орган тарапынан) немесе өз қалауымен жариялауға шешім қабылдаған барлық компаниялар бұл стандартқа сәйкес жұмыс істеуі қажет.
Сегменттер бойынша есептілік. Егер компанияның, холдингтің, қаржылық-өнеркәсіптік топтың қызметі әртараптандырылса (диверсификацияланса), онда оның түрлі басшылар топтарымен басқарылатын бөлімдерінің бір-бірімен сәйкес болмайтын пайда көрсеткіштері болуы мүмкін.
Әдетте, бұл бөлімдер формальді түрде бір ұйымға біріккен дербес компаниялар ретінде қызмет атқарады.
Бөлімдердің тәуекелділік деңгейінің, өсу және рентабельділік көрсеткіштерінің айырмашылықтары құрамдастырылып шоғырландырылған есептілік бойынша бағалануы мүмкін емес. Сондықтан да ХҚЕС бойынша комитет арнайы стандарт әзірледі, бұл стандарт бойынша әртараптандырылған компаниялар өзінің маңызды қызмет түрлері бойынша қосымша ақпарат ұсынуы қажет.
Сегменттік есеп дербес аудитормен расталған қаржылық есептілікке қосылуы немесе жеке ұсынылуы мүмкін.
Әдетте, сегменттік есептілікті дайындау мен ұсынуда мынадай мәселелер туындайды:
- Біріншіден, белгілі мәселелер нақты қандай қызмет түрлері сегменттік есептілікте көрсетілуі керек деген шешімді қабылдау кезінде пайда болуы мүмкін. Бірдей қызметпен айналысатын, бірақ түрлі ұйымдық құрылым бойынша жұмыс істетін компаниялардың сегменттік есептері бір-бірінен өзгешеленеді;
- Екіншіден, бір компанияның бөлімдері арасындағы сауда операциялары бойынша трансферттік баға құру кезіндегі қолданылатын әдістердің өзгешелігін есепке алып отыру қажет;
- Үшіншіден, жалпы шығындарды компанияның түрлі бөлімдері арасында бөлу кезінде түрлі мәселелер туындайды (мысалы, жалпы шаруашылық шығындарды бөлу) .
Жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша туындайтын қиыншылықтарға қарамастан, сегменттік есептер экономикалық шешімдерді қабылдау үдерісін едәуір жеңілдетеді.
Әдетте, тәуекелге негізінен бөлімнің айналысатын қызмет түрі мен оның географиялық аймаққа тәуелділігі әсер етеді.
Сондықтан да ХҚЕС сегменттердің екі тобын ажыратады: шаруашылық және географиялық. Сегменттің анықтамалары 14 ХҚЕС (IAS) «Сегменттік есептілік» берілген, оған сәйкес:
- Шаруашылық сегмент өнім өндірумен немесе қызмет көрсетумен айналысатын, тәуекелдері мен пайдалары басқа шаруашылық сегменттерінен (мысалы, өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, қаржылық сегменттер) өзгеше болатын кәсіпорынның жеке бөлінетін компоненті ретінде түсіндіріледі.
- Географиялық сегмент нақты экономикалық ортада өнім өндірумен немесе қызмет көрсетумен айналысатын, тәуекелдері мен пайдалары басқа экономикалық ортада жұмыс істейтін шаруашылық сегменттерінен мысалы, өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, қаржылық сегменттер) өзгеше болатын кәсіпорынның жеке бөлінетін компоненті ретінде түсіндіріледі. Географиялық сегменттер бойынша бөліну компания операцияларын жүзеге асыру орындарына немесе компанияның өткізу нарықтары мен тұтынушыларының орналасуына негізделеді. [4, 4-6 беттер] Аралық қаржылық есептілігінің минималды компоненттері,
формалары және мазмұны
Форма мен мазмұны аралық қаржылық есептілігінің ішкі мазмұнын және оның ұсынылуын сипаттайды.
Аралық қаржылық есептіліктің формасы мен мазмұны кем дегенде мынадай талаптарға сәйкес болуы қажет:
- Соңғы жылдық қаржылық есептілікке кіргізілген әр көрсеткіштер атауы мен аралық қорытынды көрсеткіштер;
- ХҚЕС бойынша талап етілетін таңдамалы түсіндірмелі ескертпелер;
- Акцияға келетін негізгі және ажыратылған пайда табыстар мен шығыстар есебінде көрсетілуі тиіс;
- Аналық компания құрамдастырылған қаржылық есептілікті дайындауы тиіс;
Стандарт бойынша аралық мерзім бойынша есептілік екі нұсқада дайындалуы мүмкін:
- Қаржылық есептіліктің толық жинағы (жылдық қаржылық есептілік сияқты) ;
- Ықшамдалған қаржылық есептілік.
Егер компанияның менеджмент бөлімімен аралық қаржылық есептілікті толық қаржылық есептілік жинағы ретінде ұсыну туралы шешім қабылданса, онда ол 1 ХҚЕС (IAS) «Қаржылық септілікті ұсыну» сәйкес болуы қажет. Яғни, осыған байланысты аралық есептілік, нақтылап айтқанда аралық қаржылық есептілігінің компоненттері жылдық қаржылық есептілік компоненттерімен сәйкес болады. [2, 6-8 беттер]
1 ХҚЕС (IAS) сәйкес, қаржылық есептердің толық жиынтығына мыналар кіреді:
- Бухгалтерлік баланс, қаржылық жағдай жөніндегі есеп;
- табыстар мен шығыстар туралы есеп;
- иеленушілер мен иеленушілерге бөліп беру бойынша операциялар нәтижесінде туындайтын өзгерістерден өзгеше болатын капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
- ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп; есеп саясаты мен есептілікке қатысты ескертпелер.
Егер есептілік ықшамдалған түрде ұсынылатын болса, онда ол кем дегенде мыналардан құралуы тиіс:
- Бухгалтерлік баланс;
- табыстар мен шығыстар туралы есеп;
- ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп;
- капитал қозғалысы жөніндегі есеп, және қаржылық есептілікке қатысты стандартты түсіндірмелер.
Қосымша баптар тек қана олардың болмауы қолданушылардың ұсынылған қаржылық есептілік негізінде қабылданатын шешімдерге әсер ететін жағдайда кіргізіледі.
Мұндай оңайлату мүдделі қолданушы жылдық есептілікпен таныс екендігін білдіреді. Ал аралық есептілік соңғы өткен жылда ұсынылған толық қаржылық есептер жинағымен салыстырғанда жаңартылған ақпарат беру үшін қолданылады. Сондықтан да аралық қаржылық есептілікті дайындау кезінде компанияның зерттелетін уақыт мерзімінде жүзеге асыратын жаңа қызмет түрлерін, жағдайлары мен шарттарын есепке алу үшін қажет.
Аралық қаржылық есептілікті құрған кезде міндетті түрде өткен мерзімнің салыстырмалы ақпараты ашып көрсетілуі тиіс және егер ол ақпарат компанияның ағымдық мерзімдегі қаржылық қызметін түсіндіруге қатысты болса, онда ол сипаттамалық ақпаратқа қосылуы керек.
Осыдан компанияның аралық қаржылық есептілігінің құрамында болуы тиіс минималды формалардың тізімін анықтауға болады.
Аралық қаржылық есеп кем дегенде мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
- Аралық мерзім соңындағы ықшамдалған (қысқартылған) бухгалтерлік баланс және өткен толық қаржылық жылдың бухгалтерлік балансының салыстырмалы ақпараты;
- Ағымдағы аралық мерзім бойынша және ағымдағы қаржылық жылдың басынан аралық мерзімге дейінгі жинақталған нәтижені қамтитын ықшамдалған табыстар мен шығыстары туралы есебі, сонымен қатар өткен қаржылық жылдың сәйкесінше мерзімінде дайындалған салыстырмалы ақпарат. Яғни, тоқсан сайын аралық қаржылық есептілікті дайындайтын кәсіпорын үшінші тоқсанның нәтижелерін үшінші тоқсан бойынша табыстар мен шығыстар туралы, ағымдық жылдың тоғыз айы бойынша жинақталған ақпарат, үшінші тоқсан бойынша ақпарат, өткен қаржылық жылдың сәйкес мерзімінде жасалған табыстар мен шығыстар туралы сияқты төрт есеппен ұсынуы тиіс;
- Ағымдағы қаржылық жылдың басынан аралық мерзімге дейінгі жинақталған нәтижесі бар ақша қаражаттарының қозғалысы жөнінде ықшамдалған есеп және өткен қаржылық жылдың сәйкес мерзімі бойынша салыстырмалы ақпарат;
- Ағымдағы қаржылық жылдың басынан аралық мерзімге дейінгі жинақталған нәтижесі бар капиталдағы өзгерістер жөнінде ықшамдалған есеп және өткен қаржылық жылдың сәйкес мерзімі бойынша салыстырмалы ақпарат;
- Есептілікке арнайы таңдап алынған таңдамалы түсіндірмелі ескертпелік мәліметтер.
Егер кәсіпорын өткен қаржылық жылда шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынса, онда аралық қаржылық есеп шоғырландырылған есептілік негізінде жасалады. Бас кәсіпорынның жеке қаржылық есептілігін шоғырландырылған қаржылық есептілікпен сәйкестендіруге және салыстыруға болмайды. Егер кәсіпорынның жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігінде бас ұйымның жеке қаржылық есептілігін біріктіру көзделсе, онда берілген стандарт бойынша аралық қаржылық есептілікте бас ұйымның жеке қаржылық есептілігін көрсету талап етпейді және тыйым салмайды.
Аралық қаржылық есептілікте берілген есептерді ұсынудың мысалдары:
Мысал 1. Компанияның қаржылық жылы 2007 жылдың жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Есепті мерзімнің күні 2007 жылдың 30 маусымы делік. Кестеде салыстырмалы ақпарат ұсынылуы тиіс күндер көрсетіледі:
- Компания жартыжылдық аралық есептілікті ұсынады (1 нұсқа) ;
- Компания әр тоқсан сайын аралық қаржылық есептілікті ұсынады (2 нұсқа) .
Жоғарыда атап өтілгендей, өткен жыл бойынша жылдық қаржылық есептілікте ұсынылған ақпаратты қайта аралық есептілікте ескертпе ретінде көрсету талап етілмейді. Аралық есептілікте өткен жылдың қаржылық есептілігінен кейін пайда болған қаржылық жағдай және ондағы өзгерістер жөніндегі мәліметтерді қамтитын ақпаратты ұсынудың маңызы жоғары болады.
1 нұсқа. Салыстырмалы ақпаратты жарты жылдық бойынша жасалынатын аралық қаржылық есептілікте ұсыну
31. 12. 2006/30. 06. 2007 мерзімге баланс
31. 12. 2006/30. 06. 2007 аяқталатын 6 ай бойынша табыстар мен шығыстар туралы есеп.
31. 12. 2006/30. 06. 2007 аяқталатын 6 ай бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп.
31. 12. 2006/30. 06. 2007 аяқталатын 6 ай бойынша капитал қозғалысы жөніндегі есеп.
2 нұсқа. Салыстырмалы ақпаратты тоқсан бойынша жасалынатын аралық қаржылық есептілікте ұсыну
31. 12. 2006/30. 06. 2007 мерзімге баланс
Табыстар мен шығыстар туралы есеп
- 31. 12. 2006/30. 06. 2007 аяқталатын 6 ай бойынша;
- 31. 12. 2006/30. 06. 2007 аяқталатын 3 ай бойынша.
31. 12. 2006/30. 06. 2007 аяқталатын 6 ай бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп.
31. 12. 2006/30. 06. 2007 аяқталатын 6 ай бойынша капитал қозғалысы жөніндегі есеп.
Аралық қаржылық есептілік кем дегенде соңғы өткен қаржылық жылдың қаржылық есептілігінде ұсынылған әр тақырыптың атаулары мен аралық мерзімдегі көрсеткіштердің жиынтық сомаларын қамтуы тиіс.
Мысал 2. Несие берушілердің талабына сәйкес, “Succes” 2009 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатын жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша аралық қаржылық есептілікті ұсынуы тиіс. 34 ХҚЕС талаптарына сәйкес 2009 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша салыстырмалы мерзім әр есептілік түрі үшін төмендегідей болады. (кесте 2) :
Кесте 2.
Егер несие берушілер компаниядан әр тоқсан сайынғы аралық қаржылық есептілікті ұсынуды талап еткен болса, онда компания 2009 жылдың 30 маусымына бірінші жағдайда сияқты ақпаратты ұсынар еді, тек қана жиынтық табыс жөніндегі есеп мынадай болар еді (кесте 3) :
Кесте 3.
Қысқартылған аралық қаржылық есептілігінде ұсынылатын ақпарат соңғы жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген бөлімдер шегінде берілуі тиіс және аралық көрсеткіштер нәтижелерін қамтуы керек.
Есеп саясаты.
Қысқартылған аралық қаржылық есептіліктің құрамында жылдық қаржылық есепте сияқты қолданылған есеп саясаты мен есептеу әдістері қолданылатыны туралы мәлімдеме болуы тиіс. Осындай жағдайда компания бүкіл есеп саясатын аралық қаржылық есептілікте көрсетуге еш қажеттілік болмайды.
Егер саясат пен есептеу әдістері өзгеретін болса, онда есептілік бұл өзгерістің сипатын және есептілікке көрсететін әсерін ашып көрсетуі керек. Есеп саясатындағы жаңа немесе қайта қарастырылған стандарттармен байланысты кез келген өзгеріс бұл стандарттармен талап етілетін өтпелі ережелерге сәйкес көрсетілуі қажет. Қалған жағдайларда есеп саясатының өзгертулер есеп саясатының өзгеруі жөніндегі жалпы ережелерге сәйкес ашып көрсетіледі.
Маусымдық түсім.
Кәсіпорынның маусым сайын алатын түсімін алдын ала немесе кейін тануға болмайды. Мұндай түсім оның пайда болу мерзіміне қарай танылады.
Мысал 3. «Independ» компаниясы балмұздақ өндірумен айналысады. Компаниның акциялары ашық нарықтағы айналымда жүр. Компанияның қаржылық жылы 31 тамызда аяқталады. 2008 жылдың желтоқсанында компания бірінші жарты жылдық бойынша есептілікті дайындай бастады. Компания басшылығын берілген есептілікте көрсетілетін нәтижелер алаңдатады, себебі, компания өзінің негізгі түсімін үшінші және төртінші тоқсандарда (жаз айларында) алады:
- Бірінші тоқсан - жылдық түсімнің 15%;
- Екінші тоқсан - жылдық түсімнің 10%;
- Үшінші тоқсан - жылдық түсімнің 30%;
- Төртінші тоқсан - жылдық түсімнің 45%.
Бірінші жарты жылдық бойынша компанияның түсімі 630 000 ш. б. құрады. Компания басшылығы жарты жылдық есептілікте түсім 1 260 000 ш. б. сомасы ретінде көрсетілетіні туралы шешімді қабылдады. Бұл түсім былай есептеледі:
630 000 ш. б. :0, 25*1/2=1 260 000 ш. б.
34 ХҚЕС талаптарына сәйкес маусымдық түсім ол нақты түскенде ғана танылады, сондықтан да «Independ» компаниясы бірінші жарты жылдық бойынша түсімді 1 260 000 ш. б. сомасы көлемінде көрсете алмайды, себебі бұл стандарт талаптарына қайшы келеді. Түсім 630 000 ш. б. сомасы көлемінде көрсетілуі тиіс.
Қаржылық жыл ішінде тең бөлінбеген шығындар
Кәсіпорынның маусымдық түсімін тануға қатысты талаптар есепті аралық кезеңнің соңында капиталға айнала алмайтын және шығындардың пайда болу мерзімінде есептен шығарылуы тиіс шығындарға (мұндай шығындар бойынша активтерді тану критерийлері қолданылмайды) да қолданылады.
Мысал 4. «Талап» компаниясы электрондық техниканы өндірумен айналысады және аралық есептілікті тоқсан сайын дайындайды. Қаржылық жылдың бірінші тоқсанында компания нарыққа бүкіл қаржылық жыл бойы сатылатын электрондық техниканың жаңа үлгісін шығарады. Жаңа үлгінің шығарылуына байланысты компания бірінші тоқсанда жарнаманы өткізу үшін шығындар жұмсайды. Жарнамаға кеткен шығындарды жаңа үлгіні сатудан түскен жалпы түсімге бөлу қажет пе, әлде берілген шығындарды бірінші тоқсан бойынша жиынтық табыс жөніндегі есепте есептен шығару керек пе деген сұрақ туады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz