Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

РЕФЕРАТ

Пәні: ҚР-ның Қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)
Тақырыбы: Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу ұғымы.

Орындаған: Ермекова А.
Тексерген: Қайырлы Б.

АТЫРАУ 2020
Жоспар
1. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысудың түсінігі және белгілері.
2. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлері.
3. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу нысандары.
4. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың қылмыстық
жауаптылығының негізі мен шектері.
5. Қылмыстық құқық бұзушылыққа жанасушылық.
6.Пайдаланған әдебиеттер

1. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысудың түсінігі және белгілері.

Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу институты қылмыстық құқық теориясында ең күрделi және маңызды мәселелердiң бiрi болып табылады. Бұл күрделiлiк көптеген факторларға байланысты түсiндiрiледi. Олардың iшiнде ерекше мәнге ие болатындары - қатысушылықты құрайтын адамдар шеңберiн анықтау, қатысушылардың жауаптылығының ерекшелiктерiн және қылмыстық құқықтағы қатысушылыққа қатысты көптеген теориялық және заңнамалық концепцияларды зерттеу.
Қылмыстық әрекет адамның кез келген әрекетi сияқты жалғыз жасалуы немесе бiр топ адам болып жүзеге асырылуы мүмкiн. Әрине, бiр адамның жасаған қылмысына қарағанда бiр топ адамның жасаған қылмысының қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дәрежесi өзгешiлiгiмен сипатталады.
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылықтың түсiнiгi туралы норма ҚР ҚК-ң 27- бабында қарастырылған: Екi немесе одан да көп адамның қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қасақана бiрлесе қатысуы қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу деп танылады. Осы анықтамадан көрiп отырғанымыздай, қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу бiр қылмыстық құқық бұзушылыққа кемiнде екi адам қатысқан ретте ғана танылады. Жалпы алғанда бiрнеше адамның жасаған қылмыстық құқық бұзушылығының қоғамға қауiптiлiгi бiр адамның жасаған қылмыстық құқық бұзушылығының қауiптiлiк дәрежесiне қарағанда едәуiр жоғары болатыны белгiлi. Себебi, бiрнеше адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасау күштерiн бiрiктiруi ойластырылған қылмыстық ниеттi ұтымды жүзеге асыруды жеңiлдетедi, қол сұғушылық обьектiсiне ауыр зиян келтiруге және қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың жетiк амал-тәсiлдерiн қолдануға мүмкiндiк бередi. Ондай қылмыстық құқық бұзушылықты ашу да қиындық тудырады.
Қылмыстық әрекеттiң ерекше нысанын құрай отырып, қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылық бiрқатар обьективтiк және субьективтiк белгiлермен сипатталады немесе кейде оларды сандық және сапалық белгiлер деп те атайды.
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылықтың обьективтiк белгiлерiне мыналар жатады:
а) қылмыстық құқық бұзушылыққа кемiнде екi немесе одан да көп адамның қатысуы,
б) қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың әрекеттерiнiң бiрлескен түрде болуы немесе бұл әрекеттердiң бiр-бiрiмен себептi байланыста болуы.
Бiрiншi обьективтiк белгi бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты сыбайлас қатысушылықпен жасалған деп тану үшiн қылмыстық құқық бұзушылыққа кемiнде екi есi дұрыс және қылмыстық жауаптылық жасына толған адамның қатысуы қажет.
Қылмыстық жауаптылыққа қабiлетсiз, яғни, есi дұрыс емес немесе қылмыстық жауаптылық жасына жетпеген адаммен бiрлесiп қылмыс жасау қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылықты құрамайды. Мысалы, егер ересек адам 10 жасар жасөспiрiмдi пәтер тонауға пайдаланса, мұнда жауаптылыққа қылмыстың орындаушысы ретiнде тек ересек адам ғана тартылады, ал жасөспiрiм қылмыстың құралына айналады.
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылықтың екiншi обьективтiк белгiсi қатысушылардың арасындағы бiрлестiктiң болуын бiлдiредi. Бұл бiрлестiк белгiсi қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудың басталу кезеңiнен соңғы кезеңiне дейiн түгел орын алады. Бiрлестiк белгiсi мына элементтерден құралады:
а) қылмыстық құқық бұзушылыққа әрбір сыбайлас қатысушының әрекетi басқа қатысушылардың әрекет жасауының қажеттi шарты болып табылады. Яғни, бiрiнiң белгiлi бiр әрекеттi жасауы екiншiлерiнiң нақты бiр әрекеттердi жүзеге асыруына себеп болады;
б) қылмыстық құқық бұзушылықтан келген қоғамға қауiптi зардап не қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалу оқиғасы әр қатысушының әрекеттерiмен себептi байланыста болады;
в). қылмыстық құқық бұзушылықтың нәтижесi, зардабы барлық қатысушыға ортақ болады.
Жоғарыда аталған бiрлестiк белгiсiн құрайтын элементтердiң iшiнде себептi байланыс ұғымының ерекше маңызы бар. Себебi, егер қылмыстық құқық бұзушылықтың зардабы немесе қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалу оқиғасы қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың әрекеттерiмен себептi байланыста болмаса, онда себептi байланыста әрекет жасамаған адамға қылмыстық жауаптылық туындамайды. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылықтағы себептi байланысты, қылмыстық құқық бұзушылық жасау оқиғасының мынадай тұстарында, бiрiншi - қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың арасындағы байланыста, екiншi - қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысқан әрбiр адам әрекетiнiң қылмыстық құқық бұзушылықтың зардабымен себептi байланыста болуын анықтау қажет.
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылықтың обьективтiк белгiлерi қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың iшкi ойын немесе психикалық бағытын бiлдiретiн субьективтiк белгiлермен тығыз байланысты.
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылықтың субьективтiк белгiлерiне мыналар кiредi:
а). Сыбайлас қатысушылардың қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қасақана бiрiгуi;
б). тек қасақана жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтарды орындауға бiрiгуi.
Белгiлi бiр қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға қасақана бiрiгу деген әрбiр сыбайлас қатысушы өз iс-әрекетiнiң және басқа қатысушылардың iс-әрекетiнiң қоғамға қауiптi екендiгiн ұғынатындығын, сонымен бiрге бiрлескен әрекеттен туындайтын қылмыстық зардаптың болатынын алдын ала бiлуi және зардаптың болуын тiлеуi немесе саналы түрде оған жол беруiн бiлдiредi. Сонда қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылықтың субьективтiк жағы тiкелей немесе жанама түрдегi қасақаналықпен сипатталады деген сөз.
Бiрлесiп әрекет еткен адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтарындағы психикалық қатынасты табу олардың қылмыстық құқық бұзушылыққа қосқан үлесiн, қатысушының жауаптылығын даралауға көмегiн тигiзедi. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың қасақана түрде әрекет етуi, олардың қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына деген ой - ниет бiрлестiгiн бiлдiретiн бiрден бiр себеп болып табылады.
Субьективтi белгiлердiң екiншiсi - қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылықтың тек қасақана қылмыстық құқық бұзушылықтарда ғана орын алады дегендi бiлдiредi. Қылмыстық жауаптылық туралы заң абайсыз жасалған қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылықтың орын алмайтындығын айтады, себебi бұл жағдайларда бiрнеше субьектiлер бiр қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесіне қол жеткiзуi үшiн өздерiнiң ерiктi күштерiн бiрiктiрмейдi. Сонымен бiрге, егер адам басқа адаммен бiрiгiп қылмыстық құқық бұзушылық жасап жатқандығын ұғынбаса, бiрақ оны ұғынуға тиiс және ұғынуға мүмкiндiгi болса, бұл жағдайда да сыбайлас қатысушылық орын алмайды.

2. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлері.

ҚР қылмыстық заңы қатысып жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасау кезiнде атқаратын әрекеттердiң сипаты мен орындайтын рөлдерiн ескерiп қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың мынандай түрлерiн қарастырады:
1) қылмыстық құқық бұзушылықтың орындаушысы;
2) қылмыстық құқық бұзушылықтың ұйымдастырушысы;
3) қылмыстық құқық бұзушылыққа айдап салушы;
4) қылмыстық құқық бұзушылықтың көмектесушiсi.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың орындаушысына ҚК 28-бабының 2-бөлiгiнде мынадай анықтама берiлген: Қылмыстық құқық бұзушылықты тiкелей жасаған не оны жасауға басқа адамдармен (бірге орындаушылармен) бiрлесіп тiкелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есiнiң дұрыс еместiгiне немесе осы Кодексте көзделген басқа да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты іс-әрекеттi абайсызда жасаған адамдарды пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам орындаушы деп танылады.
Сонымен мынадай үш жағдайда қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтың орындаушысы деп тануға болады:
1) Қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға тiкелей қатысқан адам, яғни, белгiлi бiр қылмыстық құқық бұзушылықтың обьективтiк жағын тiкелей өзi толық немесе iшiнара орындаған есi дұрыс және қылмыстық жауаптылық жасына толған адам орындаушы деп танылады. Мысалы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобында С. деген азамат адам өлтiру қылмысының обьективтiк жағын құрайтын әрекеттердi жалғыз өзi орындаса.
2) Қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға басқа адамдармен бiрге қатысқан адам орындаушы деп танылады. Бiр қылмыстық құқық бұзушылықта екi немесе одан да көп орындаушы болса оны қоса орындаушы деп атайды. Қоса орындаушылықта орындаушы деп танылған адамдардың әрекеттерi техникалық жағынан әртүрлi, бiрақ қылмыстық құқық бұзушылықтың обьективтiк жағын тiкелей құрайтын заңдық әрекеттерi бiркелкi болуы керек. Егер заң бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамы тек арнаулы субьектiмен орындалуы мүмкiн болса, онда қоса орындаушы ретiнде тек арнаулы субьектiлер танылуы қажет. Мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтарға қызметтiк, әскери және т.б қылмыстық құқық бұзушылықтарды жатқызуға болады. Бұндай қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушы өзге тұлғалар айдап салушы немесе көмектесушiлер ретiнде қарастырылуы тиiс. Қоса орындаушылықпен жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарда орындаушы деп танылған субьектiлердiң жауаптылығы ҚК Ерекше бөлiмiнiң нақты бiр қылмыстық құқық бұзушылықты қарастырған бiр бабымен сараланады.
3). Жасына, есiнiң дұрыс еместiгiне немесе қылмыстық заңда көзделген өзге де мән-жайларға байланысты қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайтын басқа да адамдарды пайдалану жолымен қылмыстық құқық бұзушылыққа жасаған адам да орындаушы деп танылады. Қылмыстық құқық теориясында мұндай орындаушылықты бiреу арқылы орындаушылық деп атайды. Қылмыстық құқық бұзушылықтың орындалу тәсiлiне қарай бiреу арқылы орындаушылық әртүрлi жолдармен жасалады. Өзiнiң қылмыстық мақсатына қол жеткiзу үшiн жоғарыда аталған жауаптылыққа қабiлетсiз немесе қарсы тұруға дәрменсiз адамдарды пайдаланып қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдардың қоғамға қауiптiлiгi жоғары болуымен сипатталады, себебi олардың әрекетi қылмыстық заңмен қорғалатын екi бiрдей қатынасты бұзуға бағытталған.
Субьективтiк жағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың орындаушысы деп тануға негiз беретiн кез келген әрекет кiнәнiң тiкелей немесе жанама қасақаналығымен сипатталады. Орындаушы өзi iс-әрекетiнiң басқа қатысушыларымен бiрге жасаған iс-әрекетiнiң қоғамға қауiптiлiк сипатын ұғынады, өз әрекетiне қатысты не ортақ қылмыстық зардаптың болатынын және болмай қоймайтынын алдын ала бiледi және сол зардап тың тууын тiлейдi немесе тiлемесе де саналы түрде оған жол бередi.
Сонымен, қылмыстық құқық бұзушылықтың орындаушысы қатысушылықпен жасалатын кез келген қылмыстық құқық бұзушылықтың мiндеттi қатысушы тұлғасы. Басқа қатысушысыз қылмыстық құқық бұзушылық жасалуы мүмкiн, ал орындаушысыз қылмыстық құқық бұзушылық жасалмайды. Сонымен бiрге, сыбайлас қатысушылықпен жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың аяқталу деңгейi де осы орындаушының әрекеттерiмен анықталады. Егер орындаушы қылмыстық құқық бұзушылықты ақырына дейiн жеткiзбесе, басқа сыбайлас қатысушылардың әрекетi аяқталмаған қылмыс ретiнде сараланады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың ұйымдастырушысы - бұл:
1) Қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам,
2). Қылмыстық топты құрған не оған басшылық еткен адам.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың ұйымдастырушысы қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың iшiнде ең қауiптiсi, өйткенi ол қылмыс жасау ниетiн тудырушы, жасалатын қылмыстың түрiн, жасалу орнын, уақытын, тәсiлiн және зардаптың мөлшерiн белгiлеушi тұлға болып есептеледi.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың ұйымдастырушысы қылмыстың жасалуына басқа адамдарды тартып, қылмыстық топ құру немесе оларға қатысушыларға жетекшiлiк жасай отырып, қылмыстың бастапқы сатыларынан аяғына дейiн басқару әрекеттерiн жасайды. Жоғарыда аталғандай, ұйымдастырушының рөлi негiзiнен үш әрекет: қйымдастырудан, топты құрудан және топқа жетекшiлiк етуден құралады. Өз қызметiн ұйымдастырушы жеке өзі немесе басқалармен бiрге қоса орындаушы ретiнде жүзеге асыруы мүмкiн. Егер тұлға тек ұйымдастырушының қызметiн атқарса, онда ол қылмыстық құқық бұзушылық құрамын орындауға тiкелей қатыспайды. Мысалы, басқа адамды жалдау арқылы қылмыс жасау кезiнде оның әрекетi ҚК Жалпы бөлiмi нормаларының негiзiнде жауаптылықты көздейдi. Егер тұлға бiр уақытта ұйымдастырушылықпен бiрге қылмыстық құқық бұзушылықтың орындаушысы болып табылса, онда оның жауаптылығы ҚК Ерекше бөлiмiнiң нормаларымен анықталады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың орындаушысына қарағанда ұйымдастырушы тек тiкелей қасақаналықпен ғана әрекет етедi. Ұйымдастырушы деп танылған тұлға өз iс-әрекеттерiнiң қоғамға қауiптi екендiгiн ұғынады, сол iс-әрекеттердiң нәтижесiнде қандай да бiр қоғамға қауiптi зардаптардың болатынын және болмай қоймайтындығын алдын ала бiледi және сол зардаптардың тууын тiлейдi.
Сонымен, ұйымдастырушының қызметi қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың барлық жиынтық әрекеттерiн бiрiктiредi. Ол өзi ұйымдастырған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылыққа тартылады.
Қылмыстық құқық бұзушылыққа айдап салушы деп басқа адамды азғыру, параға сатып алу, қорқыту жолымен немесе басқа да тәсілмен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға көндiрген адам танылады. Айдап салушы қылмыстық құқық бұзушылық жасауға өзi тiкелей қатыспайтын қылмыстың интеллектуалды қатысушысы болып танылады. Оның мiндетi басқа адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасауға азғыру мақсатында сол адамның санасы мен еркiне әсер ету. Егер айдап салушы қылмыстық құқық бұзушылық жасауға өзi тiкелей қатысса, онда ол қылмыстық құқық бұзушылықтың қоса орындаушысы деп танылып, оның алдыңғы айдап салуға бағытталған әрекеттерi жауаптылықты ауырлататын жағдайлар ретiнде ескерiледi.
Адамға әсер етудiң түрлi тәсiлдерi мен әдiстерiн қолдана отырып, айдап салушы екiншi адамды адастыруға емес, керiсiнше, оның санасында қылмыстық құқық бұзушылық жасау туралы шешiмдi қалыптастыруға ұмтылады. Егер адам екiншi адамға жалған мәлiметтер беру арқылы оны алдап не адастырып қылмыстық құқық бұзушылыққа тартса, онда бұл айдап салу әрекетi емес, басқа бiреу арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасау ретiнде қарастырылады.
Айдап салу қылмыстық құқық бұзушылық жасауға басқа адамды қылмыстық құқық бұзушылықтың қатысушысы ретiнде тартуды бiлдiредi және қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатын ұғынуға қабiлеттi адамға қатысты жасалады. Көрiну нысанына қарай айдап салу сөздермен, iс-қимылдармен, жазбаша белгiлермен жасалады және мiндеттi түрде нақты адамға қатысты болуы тиiстi.
Айдап салушының әрекетi барлық уақытта қасақаналық ниетпен жасалады. Айдап салушы нақты бiр адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасауға азғырып жатқандығын ұғынады және орындаушының әрекеттерiнiң нәтижесiнде қоғамға қауiптi зардаптардың болатынын алдын ала бiледi. Айдап салушы әрекетiнiң ерiктiлiк кезеңi көбiнесе орындаушының iс-әрекеттерi нәтижесiнде туындайтын қоғамға қауiптi зардаптарды тiлеуiмен, ал жеке жағдайларда бұл зардаптардың тууына саналы түрде жол берiп немқұрайлы қарауымен сипатталады.
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың дербес бiр түрi - көмектесушi. ҚР ҚК-ң 28-бабының 5-бөлiгiнде көрсетілген ережеге сәйкес кеңестерiмен, нұсқауларымен, ақпарат, осы іс-әрекетті жасайтын қару немесе құралдар беруімен не оны жасауға кедергiлердi жоюымен қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ орындаушыны, қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруын немесе өзге де құралдарын, осы іс-әрекеттің iзiн не құқыққа қарсы жолмен қол жеткізілген заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды иемденуге немесе өткiзуге күні бұрын уәде берген адам көмектесушi деп танылады.
Қылмыстық құқық бұзушылыққа көмектесушiнiң заңдық анықтамасында қылмыстық құқық бұзушылық жасауға көмек беретiн әдiстер мен құралдар жөнiнде айтылған. Бұл әдiстер мен құралдар физикалық (материалдық) және интеллектуалдық (психикалық) түрде болуы мүмкiн.
Осы ерекшелiктi ескерiп көмектесушiлiктi 2 түрге бөледi:
1. Физикалық көмектесушiлiк;
2. Интеллектуалды көмектесушiлiк.
Физикалық көмектесушiлiкке орындаушыға қылмыстық құқық бұзушылықтың обьективтiк жағын орындауға ықпал ететiн әрекеттер жатады. Мұндай әрекеттер ретiнде орындаушыға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қажеттi құралдарды жеткiзу және қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға кедергiлердi жоюмен байланысты әрекеттердi тануға болады. Егер орындаушы физикалық көмектесушiнiң көмектерiн қолданбаса, онда көмектесушi адам оның әрекетi мен жасалған қылмыстық құқық бұзушылық арасында себептi байланыстың болмауы себептi қылмыстық құқық бұзушылықтың сыбайлас қатысушысы деп танылмайды.
Интеллектуалдық көмектесушiлiк орындаушыда қылмыстық құқық бұзушылықты жасау шешiмiн бекiту мақсатында оның санасы мен еркiне психикалық әсер етумен сипатталады.
Көмектесушiлiктiң интеллектуалдық тәсiлдерiне мыналар жатады:
а. Кеңестер беру, яғни қылмыстық құқық бұзушылықты жасау механизмiн тиiмдi әрi қауiпсiз жүзеге асыру бойынша ұсыныстар беру,
б. Нұсқаулар беру - нақты жағдайда қалай әрекет ету керектiгi туралы орындаушыға бағыт беру;
в. Ақпараттар беру - орындаушы үшiн маңызды болып табылатын жаңа мәлiметтердi жеткiзiп отыру;
г. Қылмыскердi, қаруды немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың өзге құралдарын, қылмыстық құқық бұзушылықтың iзiн не қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күнi бұрын уәде беру;
д. Осындай заттарды сатып алуға немесе өткiзуге күнi бұрын уәде беру.
Интеллектуалдық көмектесушiлiктiң соңғы екi нысанынан ҚР ҚК 432-бабы Қылмысты жасырып қалу және ҚК 196-бабы Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу қылмыстық құқық бұзушылықтарын ажырата бiлу қажет. Бұл қылмыстық құқық бұзушылықтарда кiнәлi белгiлi бiр әрекеттердi жасауға күнi бұрын уәде бермейдi. Интеллектуалдық көмектесушiден қылмыстық құқық бұзушылықтарға айдап салушыны да ажырата бiлу қажет. Айдап салушының әрекетi екiншi адамда қылмыстық құқық бұзушылық жасау ниетiн тудыруға бағытталса, ал көмектесудiң аталған түрiнде орындаушыда пайда болған ниеттi одан әрi нығайтуға бағытталады.
Субьективтiк жағынан қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылардың басқа түрлерi сияқты көмектесушiнiң әрекеттерi де кiнәнiң тек қасақаналық түрiмен жасалады.

3. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысудың нысандары

Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысудың нысанын белгiлеу бiрлескен қылмыстық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас катысып жасалған кылмыстық кұкык бұзушылык үшін жаза тағайындау
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу ұғымы
Қылмысқа қатысу түсінігі
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу нысандары
Қылмыстық құқық бұзушылыққа тағайындалатын жаза түрлері
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың жауаптылығы
Қылмысқа қатысудың объективті белгілері
Сыбайлас жемқорлықтың өсуін зерттеу
Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының қылмыстық-процесуалдық қызметінің теориялық проблемалары
Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Пәндер