Қазақтың спорт журналистикасының көш басында ұстазымыз


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Досымбек Амина Досымбеккызы

Описание: http://upload.wikimedia.org/wikipedia/ru/0/00/Logotip_KazNU.gif

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СПОРТТЫҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

диплoм жұмыcы

Мaмaндығы 5B050400-«Жуpнaлиcтикa»

Aлмaты, 2020

ҚAЗAҚCТAН PECПУБЛИКACЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНE ҒЫЛЫМ

МИНИCТPЛIГI

ӘЛ-ФAPAБИ AТЫНДAҒЫ ҚAЗAҚ ҰЛТТЫҚ УНИВEPCИТEТI

Қopғayғa жiбepiлдi

«___» 2019 жыл

Бacпacөз жәнe элeктpoнды

БAҚ кaфeдpacының

мeңгepyшici, с. ғ. д., пpoфeccop Cұлтaнбaeвa Г. С

ДИПЛOМ ЖҰМЫCЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СПОРТТЫҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

5В050400 - Жypнaлиcтикa

Opындaғaн: толық аты жөні

Ғылыми жeтeкшi:

aғa oқытyшы Aқынбековa A. Б.

Нopмa бaқылayшы : толық аты жөні

aғa оқытушы

Aлмaты, 2020

РЕФЕРАТ

Диплом жұмысының тақырыбы: Қазақстанның спорттық журналистикасының қалыптасуы және жаңа тенденциялары

Дипломдық жұмыстың көлемі: 68 бет

Дипломдық жұмыста пайдаланылған әдебиеттер саны: 63

Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан, сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың алғашқы тарауында көгілдір экран әлеміндегі кейіпкер табиғатын ашуда маңызы зор сұхбат жанрының теориясы мен қалыптасу тарихы, ақпарат ғылымының талаптарына сай теориялық сипаты нақтыланады. Ал жұмыстың екінші тарауында қазақ журналистикасындағы сұхбат тағлымы мен сұхбат құрудың жаңа трендтері талданады. Оның мүмкіндіктері талқыланып, қоғамдық пікір қалыптастырудағы ерекшеліктері қарастырылады.

Жұмыстың нысаны: Журналистика саласындағы сұхбат жанрына анықтама берген әлемдік еңбектер мен отандық ғалымдар Х. Бекхожин, Т. Қожакеев, С. Әшімбаев, К. Қамзин, Намазалы Омашев, Құдайберген Тұрсын, С. Масғұтов т. б. ұстаздардың еңбектері. Сонымен қатар, сұхбат жанрын кәсіби қызметінде жиі қолданған журналистер Сұлтан Оразалин мен Тыныс Өтебаев т. б. қазіргі телехабар жүргізушілерінің туындылары, пікірлері.

Қазіргі тележурналистикадағы сұхбат жанрының ерекшеліктерін сипаттайтын BBC, СNN, әл-Жазира, МИР телеарналарындағы ақпараттық өнімдер, қазақ телевизиясындағы сұхбат жанрының даму өрісі айқындалған бағдарламалар.

Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

Қазіргі тележурналистикадағы сұхбат жанрының ерекшеліктері мен жаңа мүмкіндіктерін, әдіс-тәсілдерін анықтау, оны ғылыми-теориялық жіктеп, жаңа заман талаптары тұрғысынан бағалау.

Сұхбат жанры қолданылған телебағдарламаларға талдау жүргізіп, сұхбаттың сандық технологиялар мүмкіндігін қолдану. Ақпарат тарататын «digital journalism», әлеуметтік желі арналарындағы контенттер, телевизия телехабарларындағы формасы мен форматын айқындау.

Диплом жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер: мәліметтер жинақтау, зерттеу барысындағы саралау, сараптау, талдау және анализдік жүйеге сүйену, компоративті сараптау, мазмұн және жанр ерекшеліктерін анықтау, еңбектерге теориялық баға беру әдістері пайдаланылды.

Диплом жұмыстың дерек көздері: Ұлттық кітапхананың арнайы және сирек қолжазбалар қорларында сақталған материалдар, сұхбат жанрына қатысты ғалымдардың әр жылдары баспадан жарық көрген еңбектері, газет-журналдардағы мақалалар, телесұхбаттар, зерттеу еңбектері, оқу құралдары, ресми сайттар, электронды басылымдар, ғылыми зерттеулер.

РЕФЕРАТ

Тема дипломной работы : Особенности жанра интервью в современной тележурналистике

Объем дипломной работы: 68 страниц

Количество использованной литературы в дипломной работе: 63

Структура работы: Дипломная работа состоит из введения, двух основных разделов, заключения, ссылок и списка использованной литературы. В первой главе работы уточняется история формирования и теории жанра важнейшего в интервью и раскрытия природы героя в тележурналистике, теоретический характер в соответствии с требованиями информационной науки, во второй главе работы анализируются опыт интервью в казахской журналистике и новые тренды построения интервью на телевидении. Обсуждаются его возможности, рассматриваются особенности формирования общественного мнения.

Объект работы: Труды мировых ученых, давших определение жанра интервью в области журналистики, Х. Бекхожин, Т. Кожакеев, Какен Камзин, Намазалы Омашев, Кудайберген Турсын, С. Ашимбаев, С. Масгутов и др. Кроме того, произведения отзывы современных телевещателей Султан Оразалин и Тыныс Утебаев, которые часто использовали жанр интервью в профессиональной деятельности.

Информационные продукты на телеканалах BBC, CNN, Аль-Жазира, МИР, отражающие особенности жанра интервью в современной тележурналистике, программы, в которых отражены сферы развития жанра интервью на казахском телевидении.

Цель и задачи дипломной работы:

Определение новых возможностей, методов и особенностей жанра интервью в современной тележурналистике, их научно-теоретическая классификация и оценка требований нового времени.

Провести анализ телепрограмм с использованием жанра интервью, использовать возможности цифровых технологий интервью. Новостной «digital journalism», контента социальных сетей в каналах, определения формы и формата телевидения.

Использовались методы и приемы, используемые в дипломной работе: Сбор данных, анализ и опираясь на аналитическую систему, компаративный анализ, определение особенностей содержания и жанра, теоретическая оценка трудов.

Источники дипломной работы : Материалы, хранящиеся в фондах специальных и редких рукописей Национальной библиотеки, труды ученых, изданные в разные годы в жанре интервью, статьи в газетно-журнальных изданиях, газеты, газеты, журналы, исследовательские труды, учебные пособия, официальные сайты, электронные издания, научные исследования.

ABSTRACT

Topic of the thesis: Features of the interview genre in modern TV journalism

Volume of the thesis: 68 pages

The number of references in the research paper: 63

Structure of the work : The Thesis consists of an introduction, two main sections, conclusion, references, and a list of references. In the first Chapter of the work specified history and theory of the genre the most important in the interviews and the revelation of the nature of the hero in television journalism, theoretical in accordance with the requirements of the information science, the second Chapter of the study analyzes the experience of an interview in the Kazakh journalism and new trends build a TV interview. Its possibilities are discussed, and the peculiarities of forming public opinion are considered.

The object of the work: The Works of world scientists who defined the genre of interviews in the field of journalism, H. Bekhozhin, T. Kozhakeev, kaken Kamzin, Namazaly Omashev, Kudaibergen Tursyn, S. Ashimbayev, S. Masgutov, and others. in addition, the works of contemporary TV broadcasters Sultan Orazalin and Tynys Utebaev, who often used the genre of interviews in their professional activities.

Information products on the BBC, CNN, al-Jazeera, MIR TV channels that reflect the features of the interview genre in modern TV journalism, programs that reflect the areas of development of the interview genre on Kazakh television.

Purpose and objectives of the thesis:

Definition of new opportunities, methods and features of the interview genre in modern TV journalism, their scientific and theoretical classification and assessment of the requirements of the new time.

Analyze TV programs using the interview genre, and use the capabilities of digital interview technologies. News "digital journalism", content of social networks in channels, definition of the form and format of TV.

The methods and techniques used in the thesis were used: Data Collection, analysis and relying on an analytical system, comparative analysis, determining the features of the content and genre, and theoretical evaluation of works.

Sources of the thesis: Materials stored in the collections of special and rare manuscripts of the National library, works of scientists published in different years in the genre of interviews, articles in newspaper and magazine publications, Newspapers, Newspapers, magazines, research papers, textbooks, official websites, electronic publications, scientific research.

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . .

І. ҚАЗАҚСТАННЫҢ СПОРТТЫҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

1. 1. ҚАЗАҚ СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ТҮБІ ӘРІДЕ ЖАТЫР

1. 2. ҚАЗІРГІ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ СӨЗ САПТАУЫ ЖӘНЕ ІЗДЕНІСІ ТУРАЛЫ

II. СПОРТ САЛАСЫН НАСИХАТТАУҒА МЕМЛЕКЕТТІК КӨЗҚАРАС

2. 1. СПОРТТАҒЫ КӘСІПҚОЙЛЫҚ ЖУРНАЛИСТКЕ ДЕ КЕРЕК

2. 2. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ТАРИХИ-РУХАНИ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы: Журналист шеберлігі мен оның маман есебіндегі миссиясын аудитория алдында айқындайтын негізі категорияның бірі - сұхбаттасу өнері. Сұхбат жанры өзінің қалыптасу, даму тарихында тікелей адамзаттық білімге, коммуникацияға, көңіл-күй, мінез-құлыққа, «Сұрақ пен жауап» формуласына негізделіп келеді. Сондықтан, журналистика тарихында сұхбаттасудың формасы ұдайы өзгеріп, жаңарып отыратыны сөзсіз. Әлемдегі болып жатқан саяси, мәдени қозғалыстар, әдеп пен этика ақпарат саласының қай арнасында болмасын сұхбат жанрының шырқау шегіне жетуіне ықпал етті. Ол ақпараттану үрдісіндегі жетекші жанрға айналды. Әсіресе, телевизия саласындағы «бейне мен әңгіме-дүкен», «бейне мен сұхбат» арақатынасы мүлдем жаңарып, өзіндік даму жолына түсті.

Сұхбат жанры қаншалықты дамығанымен, тақырып төңірегінде жарық көрген барлық еңбектерді зерттеу қажет. Сұхбат жанрын талдауда ғылыми еңбектердің теориялық мәнінің нақтылығын жоққа шығара алмаймыз. Себебі, күнделікті қоғамдық өмірімізде жаңа бір құбылыс орын алып, жаңалық пайда болып жатса, екінші бір аудиторияны елең еткізген оқиғалар ел жадынан жойылып жатады. Бұл - адамзат қоғамының ілгері басуының, дамуының айғағы. Дамудың барысында талай мәселелер күнтәртібіне шығатыны белгілі. Ал осы проблемалар турасында, мамандардың арнайы көзқарасын білу үшін, тіпті, үгіт пен насихатты бұқаралық ақпарат құралдары көмегімен кеңінен насихаттау үшін журналист сұхбат жанрын қолданады.

Журналист өз қызметі негізінде сұхбат алу үшін көтерілген мәселені терең білетін тәжірибелі мамандармен, қоғам қайраткерлерімен, өнер саңлақтарымен, еңбекшілермен өз сауалдарына кеңінен түсінік алу мақсатында арнайы жолығып, кездеседі. Бұл тұрғыда журналистика теоретигі, ғалым, профессор Тауман Амандосов: «Кездесулерде журналист пен әңгімелесуші адам арасында жарасымды әңгіме болады. Олар пікір алысады. Өздерінің осы пікірлері туралы сол мәселе мен проблема жөнінде белгілі бір қорытындыға келеді [1] дейді. Демек, сұхбат жанрының миссиясы - ой қорыту болып саналады.

Негізінен алғанда, журналистика тек шығармашылық қана емес, саясат алаңы, өнер биігі. Ондағы телевизия саласы көз алдыңа бейне мен ақпаратты қатар әкеліп, соған сені иландырады. Телевизиядағы жанрларды нақты өмір шындығын бейнелеудің қалыптасқан түрі ретінде қарастыруға болады. Көгілдір экран әлеміндегі заманауи жанрлық құрылым тәжірибелік бағытта да мол мағлұмат ұсынады. Оның салыстырмалы түрде шығармашылық өнімдерді жіктеу мақсатында пайдаланылатын және аудитория үшін кеңестер тізбегін ұсынатын[2] белгілері бар.

Теледидар контентін жанрларға бөлу мазмұнды ғана емес, сонымен қатар техникалық тұрғыдан да маңызды. Себебі өндіріс технологиясы осыған байланысты құрылады.

Телевизиядағы сұхбаттасудың тақырыбы мен нысаны, объектісі өте кең. Ондағы публицистика жанрларының табиғаты аса бай. Cұхбатта негізгі бейнелеу - мәнерлі сөз, мақам, техникалық құралдар, жанды кейіпкер сөзі, диалог (қарым-қатынас), монолог болуы мүмкін. Бұл нысандар тележурналистика үшін өте маңызды. Өйткені, әлеуметтік жүйедегі коммуникативтік(өзара қарым-қатынас) процесс жоғарыда аталған ұғымдар көмегімен жүзеге асады. Соның ішінде, сұхбат жанры - теледидардың негізгі ажары. Телевизиядағы журналист пен мейман арасындағы қарым-қатынастың мәндік белгілері сұхбат жанрында көрінеді.

Телевизиядағы сұхбаттасу тек жаттанды сұрақтар мен таптаурын, жауыр болған пайымдардан, жауаптардан тұрмауы тиіс. Қазіргі телевизиядағы сұхбат жанры заманауи трендтердің көмегімен өзгеріске ұшырап, реформаға ұшырады. Сұхбат - аудиторияда қоғамдық пікір туғызудың жаңа сатысына көшті. Бұл ретте, қазіргі талаптарға сәйкес, журналист тек кез келген тұлғамен жолығып, оның айтқанын бұлжытпай жазып алуға ғана назар аударып қоймауы қажет.

Телевизиядағы бұл жанрдың жарасымды шығуына ықпал ететін факторлар өте көп. Олардың қатарына: сұхбат құратын орын (location), заманауи сәндегі киім үлгілері (fachion), cоңғы трендтегі аудио-видео (media) құралдар және тікелей-онлайн (life) байланыс жатады. ХХІ ғасырдағы дәстүр бойынша телевизиядағы сұхбат жанрының басты ерекшелігі техникалық құралдар көмегімен жүргізілетіндігінде екендігін айтқымыз келеді. Әлемге танылған тележурналистердің дені: Орпа Уинфри (OWN), Роберт Фиск (The Independent), Кейт Ади (BBC), Кристиан Аманпур (СNN International), Ху Шули (Caiхіn Media), Дайан Сойер (АВС World News) тағы да басқаларын танымалдыққа тек кәсібилік пен ізденіс, қабілет қана жеткізіп қойған жоқ. Олардың есімі телеконтенттердің визуализациялануы, тарқатып айтқанда, телебағдарламалардың ғаламторға түсуі, таратылуы арқасында жүзеге асты. Сол себептен, ақпарат ғасырындағы мол мүмкіндіктер сұхбат жүргізетін тележурналистер үшін аса оңтайлы кезең болып саналады.

Журналистің сұхбаттасу шеберлігі телекейіпкер мен маманның өзара түсінісуінен, журналистің көтерілген мәселе төңірегінде хабары мол болуымен айқындалады. Журналист өзінің телекейіпкері айтқан ақпаратты саналы түрде ұғынуы тиіс. Бұл, өз кезегінде, тұшымды сұхбат жасауға ықпал етеді. Сұхбат барысында маман мен кейіпкер ойының бір арнаға тоғысуы сұхбатты жанды, шынайы ететін басты фактор. Өзара түсінісу мен кемел білім нәтижесінде сұрақтар туындап, жақсы байланыс орнайды. Қандай да бір дайындыққа құрылған, алдын-ала екшеленген cұрақтар кейде кейіпкер ойымен үйлеспей, телехабар көрерменге ұнамсыз болып шығуы мүмкін. Тыңдау мәдениетінің жоғарылығымен және дөп сұрақ қоя білу шеберлігімен заманауи телеконтенттерде сұхбат жүргізуге болады. Сауатты сұрақ пен ұтымды жауап ойға қонымды шықса, телехабардың да ғұмыры ұзақ болады. Бүгінгі күні интернеттегі сұхбатты қайтара көру мүмкіндігіне аудитория сандық медиа арқылы қол жеткізе алады. Сұхбатқа құрылған бағдарламада мораль, этика құндылықтары ешқашан бұзылмауы қажет. Қоғамға жат қылықтар, тұрпайы, анайы әдеттер көгілдір экран этикасына нұқсан келтіреді. Жеке адамның бойындағы мінез-құлықты тап басу, телекейіпкерді өзара сауатты әңгіме құру шешіміне жетелеу - қазіргі телевизиядағы сұхбат жанрының басты ерекшелігі. Журналистің шығармашылық шешімі ақпараттың дәйектілігі мен дәлдігіне қол жеткізу мақсатына құрылса, ол телеаудитория арасында үлкен резонанс, сілкініс туғызады. Журналистке деген аудиторияның құрметі артады. Дегенмен, соңғы кездері болып жатқан манипуляциялар, сес көрсету пен үрейлі контенттер көмегімен ақпарат тарату - телесұхбатқа деген көрермен ілтипатының жоғалуына әкеліп соғуда. Сондықтан ақпараттар қақтығысы кезеңіндегі сұхбат сапасын бағдарлау - журналистикадағы басты міндеттердің біріне айналып отыр.

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі тележурналистикадағы сұхбат жанрының ерекшеліктерін журналистиканың жана тенденциялары және трендтерімен байланыстыра қарастыру - телекөрермен мен журналистік қызметке аяқ басқан жас мамандар үшін, кәсіби журналистер үшін де аса құнды. Дегенмен, сандық мүмкіндіктер көрініс тапқан жаңа тележурналистика саласының жанрларына бай, теориялық сауатты қисынға құрылған орнықты әрі толыққанды талдау жұмысы жоқтың қасы. Сол себептен, атаулы диплом жұмысында қазіргі телевизиядағы пішіндердің, жанрлардың анықтамасы зерделеніп, оған қатысты жарық көрген материалдар талқыланады. Телевизиядағы сұхбат жанрының қалыптасу, даму хроникасы, заңдылықтары мен ақпараттық формасы көрсетіліп, ондағы дерек пен дәйек ұсыну канондары зерттеледі.

Соңғы жылдары журналистика саласында академиялық білімді игермеген азаматтық журналистердің көбеюі салдарынан болып жатқан құбылыстарға диплом жұмысында талдау жасалады. Журналист шеберлігінің сұхбат жанры арқылы көрсетудің басты детальдарын талдау - сұхбат жанрының ғылыми анықтамасын кеңейтетін басты шешім. Бейнелі экранда сұхбаттасу, телеарналардың әлеуметтік желілер арқылы хабар таратудағы сұхбаттың рөлін жаңаша зерттеуді қажет етеді. Бұл ғана емес, постиндустриалды құндылықтар басты қажеттілікке шыққан ХХІ ғасырдағы сұхбат тақырыптары, аудиториялық жанрлық бағдарламаларға деген ықыласына зерттеу жүргізу журналистік сауатты шешім шығаруға көмектеседі. Сондай-ақ, камера алдындағы психологиялық әрі лингвистикалық шеберліктің артуы - телекейіпкер болмысын ашудағы сұхбаттасу тәсілін жіктеуді міндеттейді. Ал қазақ сұхбатының тағлымы ең алдымен жас ұрпақтың қалыптасуына қажет деп топшылауымызға болады. Сондықтан, қазіргі тележурналистикадағы сұхбат жанрының ерекшеліктеріне толыққанды сараптама жүргізіп, жаңа тұжырымдар жасау өзекті мәселе.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Журналистикадағы сұхбат жанрының табиғатын, сұхбатқа құрылған телебағдарламалардың ауқымы мен функцияларын бір жүйеге келтіріп, ашып көрсету, айқындау әзірге орындала қойған жоқ. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін жүргізілген зерттеу жұмысының басты мақсаты - қазіргі тележурналистиканың жаңа ребрендинг(жаңару) кезеңін бақылып, ондағы сұхбат жанрының ерекшеліктері мен сипатын талдау, теориялық-өндірістік мән-маңызын ашу болып саналады. Мақсат негізінде туындайтын дипломдық жұмыстың басты міндеттеріне:

  • Телевизиядағы сұхбат жанрына компоративті-талдамалы зерттеу

әдістерін жүргізу;

  • Қазіргі әлем және қазақ журналистикасының телеөнімдерін талдау,

оларды сұхбат жанрының формаларына жіктеу.

  • Қоғамдық мәселелерді, әлеуметтік тақырыптарды, тұлғалық

болмысты ашу міндеттерін, тағы да өзге мақсаттарды көздеген телесұхбат хабарларын толыққанды қарастыру;

- Жас, кәсіби журналистердің машығы мен шығармашылық жолын қарастыру, сұхбат алудағы әдіс-тәсілдерін талдау.

- Сұхбат жанрының қазіргі телереформасын дәйектермен көрсетіп,

оған ғылыми баға беру;

- Журналистік өнімдердің азаматтық көзқарас пен қоғамдық

игіліктерге ықпал ету үрдістерін бақылау;

- Сұхбаттасу кезеңдерін, заманға сай ерекшеліктерін, талаптарын

ашып көрсету;

- Тележурналистика бойынша жазылған шетел ғалымдарының және Отандық зерттеушілердің еңбектерін саралап, кітаптардағы ақпаратты тақырыпқа сай тізбектеу;

- Сандық журналистика, инфографика, мультимедиалық құралдар

көмегімен өңделген сұхбат бағдарламаларына баға беру;

- Сұхбат жанрының әр алуандығын, журналистің стильдік, тілдік

тапқырлығы мен образ жасаудағы шеберлік тәсілдерін саралау сияқты талаптар жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шындығында қазақ спорт журналистикасының тарихын тереңнен іздеген дұрыс
Қазақ спорты газеті туралы
Қазақ спорт журналистика мәселелері
Қазақ телевизиясындағы спорт тақырыбы
Асқар Егеубаев - публицист
Спорт комментаторы мен спорттық комментарий
РЕПОРТАЖ - СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЖАНРЫ
«Ана тілі» газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы бітіру жұмысы
СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ
Интернет – ақпарат құралдарының қайнар көзі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz