Қара бидай және бидай ұнынан


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы дипломдық жобада келесідей нормативтік құжаттардың сілтемелері пайдаланылады:

ҚР СТ 1. 0 - 2000 Қазақстан Республикасының МЕМСТ жүйесі. Негізгі ережелер.

ҚР СТ 1. 1-2000 Қазақстан Республикасының МЕМСТ жүйесі. Терминдер мен анықтамалар.

ҚР СТ 1. 5-2004 Қазақстан Республикасының МЕМСТ жүйесі. Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, рәсімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар.

ҚР СТ 3. 38 - 2003 Нан бөлке-нан, макарон бұйымдарын, ашытқыларды сертификаттау тәртібі

ҚР СТ 3. 0-94 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі ережелер.

ҚР СТ 3. 1-2001 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Сәйкестік белгісі. Техникалық талаптар.

ҚР СТ 3. 4-94 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жұйесі. Өнім сәйкестігінен растау жүргізу тәртібі.

ҚР СТ 3. 10 Қазақстан сертификатталу жүйесі.

ҚР СТ 3. 10 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Шағымдарды қарату тәртібі

ҚР СТ 50. 3. 19-96 Қазақстан Респубилкасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі . Міндетті сертификаттау кезде пайдаланатын үлгілермен жұмыс істеу тәртібі

ҚР СТ 3. 27 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі Тамақ өнеркәсібі және ауылшаруашылық өндірісі өнімдерін сертификаттау жүйесі

МЕСТ 13830-84 Ас тұзы.

МЕСТ 2874-82 Ас суы.

МЕСТ1129-73 Май, майлы заттар, күнбағыс майы.

МЕСТ2858-83 Жұмыртқа өнімдері.

МЕСТ13277-79 Сүт және сүт өнімдері.

ҚР СТ ГОСТ Р Қоршаған ортаны басқару жүйесі. Қолдану жөніндегі ИСО 14001-2000 талаптар мен басшылық.

АНЫҚТАМАЛАР

Осы дипломдық жобада келесідей анықтамалар қолданылады:

Стандарт - уәкілетті органмен көзделген тәртіппен бекітілген көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатын техникалық реттеу объектілеріне ережелерді жалпы принциптері мен сипаттарды белгілейтін құжат.

Стандарттау - ғылым, техника мен экономика саласында бір ізге келтіріліп, белгілі саладағы ең шекті деңгейіне дейін тәртіптелген жүйені айтамыз.

Стандарттау жүйесі - стандарттауға қатысушылардың, өнімге, процестерге, қызмет көрсетулерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы.

Өнім - бұл белгілі бір тауарды өндіруге жұмсалған қызмет пен жұмыстың нәтижесі.

Өнім сапасы - нақты қажеттіліктерге сәйкес талаптарды қанағаттандыру жарамдылығын белгілейтін өнім қасиеттерінің жиынтығы.

Өнімнің сапасын бағалау - бағаланатын өнім сапасының көрсеткіштерін таңдау номенклатураларынан, осы көрсеткіштердің мәнін анықтайтын және оларды негізгі көрсеткіштермен салыстыратын операциялар жиынтығы, яғни тұтынушының сапасы жағынан әлдеқайда жақсысын таңдауға шешім қабылдауға арналған өнімнің ұқсас түрімен салыстырудың негізінде жалпы өнімнің сапасын анықтау үшін жеке өнеркәсіптерді немесе олардың нақты қиюласуын қолданылу бойынша логикалық және математикалық операциялардың жиынтығы.

Сәйкестікті растау - өнімнің бекітілген талаптарға сәйкестігін растайтын процедуралардың нәтижесінде құжаттық куәлік беру.

Сәйкестікті міндетті растау - өнімнің, көрсетілген қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік - құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім.

Сәйкестікті ерікті растау- дайындаушының немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілген қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім.

Сәйкестік жөніндегі орган - сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға.

Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілген қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат.

Сәйкестік белгісі - өнімнің, көрсетілген қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі.

Сынау зертханасы - өнімнің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін сынау жүргізетін зертхана, соның ішінде мемлекеттік органдардың зертханалары.

Сынау - белгіленген процедураға сәйкес осы өнім, процесс немесе қызметтің бір немесе бірнеше сипаттамаларын белгілеуден тұратын техникалық операция.

Сынау әдісі - сынау жүргізудің белгіленген техникалық ережелері.

Органолептикалық көрсеткіш - адамның иіс сезу мүшелері бойынша анықталатын көрсеткіштер.

Сырттай қарау тәсілі - көру органымен өнімнің сыртқы түсі, ішкі құрылымы және басқа да көрсеткіштерін анықтауды айтады.

Дәмді тәсіл - тіл мен таңдайды дәмдік нүктелері бойынша өнімнің дәмін анықтауды айтады.

Физикалық-химиялық көрсеткіштері - физикалық және химиялық өлшеу құралдарының сынау тәсілдері мен анықталатын тағамдық өнімдердің физикалық және химиялық сипаттамасы.

Метрологиялық қамтамасыз ету - өлшеудің нәтижесі заңдастырылған шама өлшеміне келтірілген және өлшеу қателіктері белгіленген шамадан шықпайтын өлшеудің бірлігін қамтамасыз етуге арналған жұмыстар жиынтығы.

Өнімді сәйкестендіру - белгілі бір өнімді ерекшелейтін белгілері бойынша бірмағыналы тануды қамтамасыз ететін рәсім.

Өтінім беруші - сәйкестігін растау үшін өнімді, көрсетілетін қызметті, процестерді ұсынған жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ аккредиттеуге және аудитке (сәйкестікті растау саласында) өтінім берген занды тұлғалар.

Сапа - объектінің белгіленген және мүмкін деген қажеттілікті қанағаттандыратын сипаттарының жиынтығы.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Осы дипломдық жобада келесідей белгілер мен қысқартулар қолданылады:

СЗ - сынақ зертханасы;

СРО - сәйкестікті растау орталығы;

НҚ - нормативті құжаттар;

ҚР СТ - Қазақстан Республикасы стандарттары;

HACCP - азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін басқару жүйесі;

СМСО - стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы;

СМЖ - сапа менеджмент жүйесі;

ТШ - Техникалық шарт

ӘН - әдістемелік нұсқау

ҚР СТ - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Стандарты

ИСО - Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйым

ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік

АҚ - акционерлік қоғам

СанЕжН - санитарлық ережелер мен нормалар

МОЗМ - халықаралық заңдастырылған метрологиялық ұйым

МЭК - халықарлық электротехникалық комиссия

ТМД - тәуелсіздік мемлекеттік достастығы

ӨЦ - өмірлік циклі

СК - сапа көрсеткіші

мм - миллиметр;

мг - миллиграмм;

кг - килограмм;

г - грамм;

см - сантиметр;

л - литр;

% - пайыз;

°С - Цельсий градус;

°Т - Тернер көрсеткіші;

°А - градус Ареометр;

КІРІСПЕ

Нан өнімі ежелден келе жатқан тағам. Мыңдаған жылдар бұрын адамдар алғаш рет осыдан он бес мың жылдай бұрын жабайы дақылдардың дәндерін шикі тағам түрінде пайдаланған. Тас дәуірі кезінде жабайы дәндерді сабағынан ажыратып, таспен үгітіп, ұн жасап, оны сумен араластырып ботқа түрінде жеуді үйрене бастаған.

Нан - қара бидай және ұнынан, олардың қоспасынан, су, тұз, және қосымша шикізаттардан әртүрлі әдіспен дайындалып, ашытқы немесе сүт қышқылды бактериялармен қамырын қопсыту арқылы алынатын тағам өнімі. Нан өндіру - мыңдаған адамдардың еңбегі және шеберлігімен дайындалатын ең қажетті жұмыстың бірі.

Нан бүгінде көптеген халықтардың тамақтану рационында алдыңғы орындарды иемденеді.

Бір адам жылына орта есеппен 120-125 кг піскен нан және ұннан жасалған тағамдарды пайдаланады, нақтырақ айтқанда, біздің елімізде күніне 330 г нан өнімі пайдаланылады.

Нан - біздің Отанымыздың байлығы, халықтың негізгі тамақтану өнімі болып табылады. Нан - ас атасы. Ол бидай ұнынан жасалады. Нанды жерге тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне ешбір затты қоймайды. Нанды бір қолмен үзіп жемейді. Қазақтар нанды қасиетті санайды. Алғашқы нан жарма мен судан даярланған, сол сияқты су мен ұнды кездейсоқ немесе арнайы мақсатта тәжірибелеу қорытындысынан туындаған пісірме ботқаның түрінде болды.

Дәстүрлі қазақ қоғамында нан пісірілуіне, қоспасына қарай әр түрлі аталған. Әдетте пешке пісірілгендерін нан, отқа көміп пісірілгендерін күлше, табаға, тандырға пісірілгендерін бәтір, қазанға пісірілгендерін қарыма, майға пісірілгендерін бауырсақ, жайма деп атаған. Бұларды қамыр түрлеріне қарай ашыған, ашымаған деп те ажыратып атаған. Алайда жалпы тілдік ұғымда ұннан пісірген тағамдардың бәрін бір сөзбен нан деп атау қалыптасқан. Қазақтардағы ең ежелгі нан түрі ашытылмаған қамырдан жасалынған “қазақтың қара қатырмасы” болған. Қамырды ашытып, нан пісіру технологиясы үнді - еуропалық халықтарға тән. Қамырды илеу үшін жалпы қалыптасқан тәсіл бойынша жылы тұзды судан басқа шалап, қымыз, шұбат, сүт, сорпа, сондай - ақ ащы қосып илесе дәмді болады.

Нан сапасы егіс шаруашылығымен өте тығыз байланысты. Ал егістіктен біз астық аламыз. Алған астығымыздың сапасы неғұрлым жоғары болса, одан алған өнім сапасы да соғұрлым жоғары болады. Астық өндірілсе - ауыл шарушылығының ірі саласы. Астықтан ұн, нан, макарон, жарма, тәтті тағамдар сияқты адам баласына ең керекті өнімдер алынады. Астықты жер жүзінің түкпір - түкпіріне тасымалдауға қолайлы, ыстықтан да, суықтан да қорықпайды. Міне, осыдан барып барлық жер жүзіне кең тарап кеткен. Астық тамақ өнеркәсібінің шикізаты болғандықтан, ол ауыл шаруашылығынан тамақ өнеркәсібіне жақын. Астықтан алынатын ең маңызды өнімдердің бірі - нан және нан өнімдері. Нан және нан өнімдері тұрғындардың тамақтануында негізгі орын алады. Бұл өнімдері күнделікті қолданылып отырады, сондықтан да тағамдық құндылығы жоғары болып саналады. Нан адамға қажетті минералдық заттардың жеткізушісі.

Нанның құндылығын тек оның химиялық құрамына қарап қоймай, сонымен қатар оның дәмі, иісі, нанның жұмсақтығы, сыртқы пішініне де қарап бағалайды.

Халқымызды жоғары сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін шешудің басты жолы алатын шикізаттарды дер кезінде ысырапсыз, шығынсыз, ұтымды, тиімді пайдалану, ал жақсы өмір қозғалысын қамтамасыз ету үшін ортамызды үнемі қажетті энергиямен, яғни белокпен, амин қышқылдарымен, май қышқылдарымен, минералды заттармен, витаминдермен қамтамасыз етіп отыру. Бұл энергия көздері нанда көп кездеседі және организмге күнделікті түсіп отырады.

Қазіргі кездегі нан зауытттары жаңа технологиялар мен нан өнімдерінің ассортиментін кеңейту арқылы нан өндірісінің технологиялық процестерін жоғары деңгейде автоматизациялау және механизациялаумен сипатталады.

Қазіргі заманғы наубайхана кәсіпорындары - тағам саласындағы тұрақты дамып келе жатқан өндірістерінің бірі.

Халықты жоғарғы сапалы тағамдармен қамтамасыз ету ең негізгі кезек, күттірмейтін міндет. Сондықтан барлық тағамдар, оның ішінде астық және оны өңдегенде алынатын өнімдер барлық жағынан алға қойылған шартқа сәйкес болу керек. Ол шарт мемлекеттік стандарттарда (МЕМСТ-тарда) көрсетілген. Стандарт халық шаруашылығында маңызды орын алады. Сол арқылы халық шаруашылығының барлық салалары бірімен-бірі байланысады. Міне сондықтан мемлекет көлемінде нанның сапасы қатаң тексеріледі. Ол тексеру барлық мекемелерге бірдей құжат - стандарт арқылы жүргізіледі.


  1. БАСТАПҚЫ МӘЛІМЕТТЕРКонцерн «Цесна - Астық» кәсіпорынның сипаттамасы

«Цесна - Астық» Концерні ЖШС бұл Қазақстан Республикасында астықты қайта өндіру саласындағы ең ірі кәсіпорынның бірі болып табылады. 1993 жылы Ақмола облысындағы диірмен мен макарон цехының құрылысы «Цесна» Корпорациясының ұн ұсақтаушы өндірістің бастамасына негіз болды.

Кәсіпорын үшін әрі қарай кезеңдік дамуы келесі маңызды мерзімдермен байланысты:

- 5 наурыз 1997 жылы - «Ақмола - Астық» ЖШС, 1994 жылдан бастап нан қабылдау пункті, 1968 жылдан бастап нан өнімдерінің комбинаты негізінде құрылған.

- 28 шілде 1998 жылы - «Ақмола - Астық» ЖШС атауын «Цесна-Астық Концерні» ЖШС атауына өзгертті (Астрахан ауданының бірқатар шаруашылықтардың, сонымен бірге диірмендік кешеннің қосылуына байланысты) .

- 25 желтоқсан 2000 жылы - «Цесна - Астық Концерні» ЖШС Қаулысы Астана қаласының әділет органдарына тіркелді.

2003 жылдың 1 қаңтарында Концерн өнімдердің 80 түрін өндірген: ұнның барлық сорттары, жарманың көптеген түрлері, нан, нан және кондитерлік өнімдер, аралас жем және астық қалдықтары.

Бұл кәсіпорын республикалық және халықаралық нарықта «Цесна» саудалық таңбасын ұсынады және Қазақстанның астық өңдеуші, нан өндіруші Кеңесінің, Қазақстанның Астық Кеңесінің ұйымдастырушысы және белсенді қатысушыларының бірі болып табылады және Қазақстан Республикасының ірі астық өңдеуші ұжымдарымен, нан өңдеуші кәсіпорындарымен тығыз қарым - қатынас жасайды.

2002 жылы кәсіпорынға СМЖ енгізілді:

СМЖ-ң басқару шеңдерінде ИСО 9001:2000 сериялы халықаралық стандарттарға сәйкестігін жүзеге асыру үшін Концернда кәсіпорынның қызметі аумағында негізгі блоктың бөлінуіне негізделген ұйымдық құрылымы қайта қарастырылуда. Бұл ұйымдық құрылым қайта сапаны басқару үрдістерінің қолайлығына және өндірістің технологиялық схемаларын жеке бөлінуіне, әр жұмысшының соңғы нәтижеге жауапкершілігін анықтауға бағытталған. Бұл жүйе жеке бизнес - үрдістің қызмет етулерін қарастырады. Оны басшылық төрағасының орынбасары және құрылымдық бөлімшелер басшылары басқарады. Кәсіпорын ұжымдық басқарушылық органы Концерннің Басшылығы болып табылады. Қаржылық шаруашылық қызметті бақылау және басқаруды Басшы төрағасы атқарады.

Концерннің ұйымдық құрылымы 6 өзіндік блоктарға бөлінеді, олар өздеріне сәйкес аумақтағы жұмыстар жағдайына жауапты болып және келесі бағыттарда кәсіпорынның жұмысын толығымен қамтамасыз етеді:

- маркетинг және сауда;

- қаржылық - экономикалық;

- өндірістік - техникалық;

- cтандарттау - сапаны басқару;

- ұжымдық - кадрлық және құқықтық жұмыстар;

- ауылшаруашылық.

2001 жылы «Цесна - Астық Концерні» ЖШС қызметінің негізгі бағыттары 2002 жылға жетілдірілді. Бұнда кәсіпорынның қысқа мерзімдік және стратегиялық мақсаттар анықталады.

2002 жылы кәсіпорында Қазақстанда ұқсас өндіріс жоқ неміс «Фавема» фирманың ұнды бөлшектеу бағыты өндірісте орнатылды және қосылды. Бұл бағыттың өнімділігі 2-кг-нан 28-30 қапшық минутына немесе тәулігіне 50 тоннаны мөлшерлік дәлдікпен 2 грамға дейін бөледі. Халықаралық стандартқа сай бөлшектеу бағытының орнатылуы Концернға қапшықталған ұн шығаруды кәсіпорын дамуының жаңа дейгейіне шығуына, нарықты сенімді түрде меңгеруіне мүмкіндік береді.

Фортификатталған ұнды өңдеуден Қазақстанда бірінші болып, микроэлементтермен толықтырылған Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын жақсартатын өнімді шығара бастады.

Республика қалаларының ішінен дилерлерді іздеу арқылы дилерлік жүйені кеңейту және сапаны жақсарту, сонымен бірге Концерннің дилерлік жүйесі арқылы сатуды реттеу жұмыстары өткізілді. Ұнды бөлшектеп өндірудің көлемі артқандықтан нарықты игерудің жаңа кезеңі басталды.

Бүгінгі күні кәсіпорында республиканың әр аумағында 22 дилерлерді қамтитын кең дилерлік жүйе қалыптасты. Олармен әртүрлі шарттарда жұмыс істелінді: 100 % төлем, екінші деңгейлі банктің кепілдігімен өнімді жөнелту, жылжымайтын, жылжымалы мүлікті кепілге қою арқылы.

Сатуды реттеу, басқа ұйымдарды өзіне қарату және кең жарнамалық әрекет мақсатымен кәсіпорында дилерлерді оқыту өткізілді.

2004 жылы жаңа дилерлерді іздеу және өзіне қарату арқылы ұнды өткізу көлемі 2003 жылмен салыстырғанда 31, 3 % немесе 12, 5 мың тоннаға өсті және 877785 тонна құрды.

Концерннің наубайханалық және құрама жем өнеркәсіптерінде шығарылып жатқан өнім түрлері үнемі кеңейіп отырды.

Бөлшек сауданың өнімдер көлемінің кеңеюін жылдық суық мезгіліндегі оңтайлы сақтау температурасын қамтамасыз ететін сақтау бөлмелерінің ауданын үлкеюіне әкеп соқты.

Сатуды арттыру үшін өнімнің жаңа тұтынушыларын қарату, өз бөлшек - сауданы кеңейту, Концерн өнімдерін жеткізіп беру қызметін жетілдіру және өрлеу, соның ішінде соңғы тұтынушыға дейін, клиенттермен жұмыстарды жетілдіру, бюджеттік ұйымдармен іс - әрекет жасау, тендрлік бағдарламаға қатысу арқылы өнімді жеткізіп беру жұмыстары жүргізілді.

6 миллион теңгеге негізгі құралдар мен қондырғыларға ағымды жөндеу және 40 миллион теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді, оған қоса 166 миллион теңгеге негізгі құралдар сатылып алынды.

2004 жылы Концерннің өндірістік қуатын астықпен қамтамасыз ету үшін, үлкен ауыл шаруашылық өндірістермен осындай жолдармен жұмыс жүргізілді:

- Концерннің кепілдігімен банктер арқылы қарыздарды берумен;

-болашақ астықты кепілдеме ретінде алып, кәсіпорынның қаржы құралдарын ұсынумен;

- өсімдіктерді химиялық қорғау заттармен, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етумен;

- астықты тікелей сатып алу мен нарықта өздерін жақсы жағынан ұсынған «Цесна - Астық Концерні» ЖШС және «Жалтыр элеваторы» ААҚ элеваторлардың қуаттылығын пайдалана отырып астықты сақтаумен.

1999 жылдан бастап Концерн 17 халықаралық және республикалық байқауға қатысып 33 марапатқа ие болды, соның ішінде 21 алтын және 6 күміс жүлде. «Деловой человек - 2004» Республикалық байқауға «Цесна -Астық Концерні» ЖШС «Столичная марка» номинациясында жеңімпаз болып аталды.

Өндірістік техникалық база. Жалпы ауданы - 16, 091 га жететін «Цесна - Астық Концерннің» территориясы Астана қаласының солтүстік шығысында орналасады.

«Цесна - Астық Концерннің» ЖШС 4 диірмен, макарондық цех, жарма зауыты мен нан зауыты арқасында ұн, макарондық нан және кондитерлік өнімдерін өндіре алады.

Сыйымдылығы 48 мың тонна элеваторы 1964 жылы жұмысқа енгізіліп, бидайды қабылдау, сәйкес кондицияға жеткізу және оны қайта өңдеуге жіберу жұмыстарын жасайды.

Бидайды көліктен қабылдау 5 көліктүсіргіштер арқылы жасалады, олардың өнімділігі тәулігіне 1000 тонна бидай. Теміржол арқылы бидайды қабылдау және жіберу жүктеу және жүк түсіру нүктелері арқылы жүзеге асырылады, олардың өнімділігі тәулігіне 1500 тонна. «Целинная 50» маркалы 2 бидайкептіргіш бар, олардың өнімділігі тәулігіне 800 тонна.

Элеватордың құрамына автокөліктік таразы кіреді, ал ол 2 автомобильдік таразыдан тұрады: тензометрикалық - көтергіштігі 60 тонна, олар компьютерлік есебімен жабдықталған.

1971 жылы жұмысқа енгізіліп, ауыл шаруашылық малдар мен құстарға арналған толық рационды, балансталған, ұнтақты және түйіршіктелген түрде, өнімділігі тәулігіне 200 тонна құрама жем жасайтын құрама жем заводы 2001 жылдың қазанында қайта жұмыс істей бастады.

Дайын өнімді автомобильді және теміржол көлігі арқылы түйіршіктелген және қапталған түрде жіберіледі.

Диірмендердің жалпы өнімділігі тәулігіне 600 тонна ұн шығарады. Соның ішінде:

Алты қабатты ғимаратта орналасқан өнімділік қуаты тәулігіне 180 тонна ұн шығаратын №2 диірмен 1980 жылы жұмысқа енгізілген.

Диірменде «Нагима» герман фирмасының құрал-жабдықтары орнатылған. Сонымен қатар осында ұнды фортификациялауға арналған, АҚШ-та жасалған құрылғылар орнатылған.

Диірменге жармалау бөлімі жағынан екі қабатты сақтау қоймасы қосылып тұр. Оның сыйымдылығы 600 тонна. Сақтау қоймасында екі жүк арту нүктелері бар. Ол 1981 жылдың қаңтар айында жұмысқа енгізілген.

Бір қабатты ғимаратта, өнімділік қуаты тәулігіне 40 тонна ұн шығаратын, № 3 диірмен («Цесна» ЖШС) орналасқан. Өнеркәсіп құрамына өнімділігі тәулігіне 3000 тонна макарондық цех кіреді. Өнеркәсіп аумағында сыйымдылығы 260 тонна, автокөлік жүк арту нүктесі бар, дайын өнімді сақтау қоймасы орналасқан.

Бір қабатты ғимаратта, өнімділік қуаты тәулігіне 120 тонна ұн шығаратын, № 4 диірмен («Колутон-95») орналасқан.

Диірменде «Окрим» италиандық фирмасының құрал-жабдықтары орнатылған.

Диірменге, сыйымдылығы 1600 тонна, екі жүк арту нүктелері бар (темір жол және автокөлік), дайын өнімді сақтау қоймасының ғимараты қосылған. Осында сыйымдылығы 3200 тонна бидай шикізатын сақтау қоймасы бар.

Диірмендерде орнатылған құрал - жабдықтар көмегімен, белгіленген технологиялық мінездемелері бар, өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді.

Концерннің диірмендерінде ұнның жоғарғы, бірінші және екінші сорттары, макарон, кебек және тағы басқа өнімдер өндіріледі.

«Цесна - Астық» Концерні ЖШС диірмендерінде шығарылатын ұн мемлекетаралық стандарттардың талаптарымен салыстырғанда, (күлділігі және клейковина саны жағынан) сапалық көрсеткіштері әлдеқайда жоғары, өз алдына ол нарықта жоғары бағалануына мүмкіндік береді.

1971 жылы жұмысқа енгізілген жарма зауыты 6 қабатты ғимаратта орналасқан. Жарма зауытына сыйымдылығы 1000 тонна дайын өнімді сақтайтын қойма қосылған.

«Цесна - Астық» Концерннің ЖШС нан зауыты құрамына кіреді:

- пішінді нанды шығаратын сыйымдылығы 405 тонна/т нан цехы;

- қара бидай-бидай сортты нан өндіру желісі, өндіріс қуаттылығы 6т/тәулік;

- батондық желісі, өндіріс қуаттылығы 8т/тәулік;

- пряник жасау цех, өндіріс қуаттылығы 13 т/тәулік;

- булка жасайтын цех, өндіріс қуаттылығы 2 т/тәулік;

- кондитерлік цех, өндіріс қуаттылығы 2 т/тәулік.

Аталған ғимараттардың әр қайсысына өндірістік-техникалық зертханалары бар: астықтық, диірмендік, жармалық, құрама жемдік және нан.

Барлық зертханалық керекті сынауды өткізу үшін құралдар мен аспаптар кешенімен жабдықталған.

«Цесна - Астық» Концерні ЖШС-тің сауда жүйесі Концерн алағында орналасқан «Горячий хлеб» сауда орталығымен және бөлшек сауда өткізу бөлімдер жүйесімен ұсынылған. «Горячий хлеб» сауда орталығының ашылуы көтерме сатып алушылармен жұмыс деңгейін сапалы жақсартуға мүмкіндік береді.

Қаладағы сату бөлімдер жүйесіне келетін болсақ - үлкен сауда орталықтарда тұтынушыларға тиісті деңгейде өнімдерді ұсыну және түрлерін арттыру арқасында кішігірім сауда бөлімдердің санын қысқарту саясаты қабылданған.

Кәсіпорын құрамына қосалқы бөлімшелер де кіреді:

- Энергоқызмет;

- Механикалық - жөндеу цехы;

- Құрылыстық - жөндеу цехы;

- Автокөлік және темір жол қызметі;

- № 1 Қазандық;

- № 2 Қазандық;

- Күзет және қауіпсіздік қызметі.

Энергоқызмет кәсіпорынның үзіліссіз тоқпен қамтамасыз болуына және электро құралдар мен жабдықтардың жұмысына жауап береді. Кәсіпорын алаңында орнатылған барлық трансформаторлардың қуаттылығы 9460 кВт.

Концерн алаңында «Алкател 4200Е» маркалы АТС орнатылған, оның жұмыс көлемі: ішкі абоненттер 120 және қалалық 24.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нан және нан өнімдерінің жіктелуі
Нан өнімін өндіру
Нан - біздің отанымыздың байлығы ,халықтың негізгі тамақтану өнімі
Нан өндірісінің даму тарихы
Қарақұмық ұны қосылған нан әзірлеу технологиясы
Нан пісіру өндірісіндегі негізгі шикізаттар жайлы мәлімет
Нан және нан өнімдері
Бидай ұнының газ түзілу қабілеті
Нан пісіру
Қара бидай наны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz